Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Стратегия


Date: 2015-10-07; view: 479.


"Қазақстан қор биржасы" АҚ (бұдан әрі – Биржа) 2011–2013 жылдарға даму стратегиясы Биржаның аталмыш кезеңдегі негізгі даму бағыттарын анықтап, Биржа өз алдына қойған мақсаттардың тізімін белгілейді.

2011–2013 жылдарға негізгі стратегиялық даму бағыттарын анықтауда, Биржа төменде берілген қағидаларға жүгінеді.

  • Қазақстандық қор нарығын дамыту мемлекет масштабындағы мәселе болып табылады және дамудың негізгі позициялары бойынша барлық уәкілетті мемлекеттік органдар мен қаржылық ұйымдардың, соның ішінде Биржаның, өзара келісімін талап етеді.
  • Биржа қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік мақсаттарды жүзеге асыруға, қаржылық сектордың тұрақтылығын арттыруға, дағдарыстан кейінгі кезеңдегі инвестициялық белсенділікті ынталандыруға, еліміздің қаржылық секторына инвесторлар мен қаржылық қызметтерді тұтынушылардың сенімін нығайтуға барынша себепші болуды көздейді.
  • Биржа, диверсификациялау және бәсекелеске қабілеттігін арттыру арқылы, экономиканың тұрақты және баланстандырылған өсуінің мемлекеттік стратегиясын жүзеге асыруға, жағымды инвестициялық климатты қалыптастыруға, капитал нарығы арқылы экономикаға инвестициялардың өсуіне, ұлттық қор нарығына қазақстандық "көгілдір фишкаларды" табысты шығаруға барынша себепші болады.
  • Биржа Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының сауда-саттық алаңының операторы болып табылады, оның көздеген мақсаты 2020 жылға дейін азиялық өңірдегі жетекші халықаралық аймақтық қаржы орталықтарының ондығына кіру.
  • Биржа инвесторлық базаның өсуіне, тұрғындардың инвестициялық мәдениетін және қаржылық сауаттылығын арттыруға, еліміздің қор нарығына жинақтарды тартуға себепші болуды көздейді.
  • Биржа өзінің мәртебесін жоғарылатуға және ұлттық сауда-саттық ұйымдастырушысынан аймақтық деңгейдегі халықаралық биржаға өсіп, 2020 жылға дейін азиялық өңірдегі жетекші биржалардың қатарына қосылуға ұмтылады.
  • Тарихи қалыптасқандай, Биржа еліміздің жалғыз және әмбебап қаржылық биржасы болып табылады, еліміздің қаржылық нарығының аса маңызды инфрақұрылымдық интситуттарына жатады және стандартталатын барлық қаржы құралдардың сауда-саттығын ұйымдастыруға ұмтылады.
  • Биржа "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ ірі акционері болып табылады және осы мәртебесін, қазақстандық қор нарығында есеп айырысудың интеграцияланған және тиімді жүйесін құру мақсатында, әлі де сақтауды көздейді.
  • Биржа коммерциялық ұйым болып табылады, сондықтан қаржылық тұрақтылықты және бизнестің үздіксіздігін сақтай отырып, пайда табысын максимизациялауды мақсат етеді.
  • Биржа, қызметтері Қазақстан қор нарығын дамытуға бағытталған мемлекеттік мекемелермен, жеке ұйымдармен және қоғамдық бірлестіктермен біріге отырып, қаржылық секторды дамытуға жұмсалатын күш-жігердің тиімділігі мен келісімділігін арттыру мақсатында, осы күш-жігерлерді біріктіруге ниеттенеді.

 

Көзқарасы


Биржа, Қазақстан қаржы нарығы инфрақұрылымының маңызды элементі бола тұрып, ұлттық капитал нарығына қатысушылардың талаптарына сәйкес болуға, қаржылық жүйенің тұрақты дамуына себепші болуға, соның ішінде мемлекеттің осы бағыттағы стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыруға белсенді қатысуға ниеттенеді.

 


<== previous lecture | next lecture ==>
Спіс літаратуры | Міндеттері
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.03 s.