rus | ua | other
Home
Random lecture
|
Міндеттері
Date: 2015-10-07; view: 566.
Миссиясы
Биржа ұсынатын қызметтер тізімін үнемі кеңейтіп және олардың халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ете отырып, отандық және шетелдік инвесторлар мен эмитенттерге, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына тартымды сауда-саттық алаңы болуы тиіс.
Мақсаты
2014 жылға дейін Биржа сауда-саттық ұйымдастырудың халықаралық стандарттарына сай, отандық және шетел инвесторларына, эмитенттеріне және бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушыларына қаржы құралдарының тартымды және бәсекелеске қабілетті ұлттық нарығының замани инфрақұрылымдық институты, ұлттық экономиканы қорландыруға арналған тиімді сауда-саттық алаңы болуы тиіс.
Дамуының негізгі стратегиялық бағыттары
- Биржалық нарықтың капиталға айналуын және Биржа айналысындағы бағалы қағадардың өтімділігін көтеру, Биржа көрсететін қызметтер және қаржы құралдар тізімін кеңейту.
- Биржа брендін күшейту, оның акцияларының құнын өсіру және халықаралық мойындалуына қол жеткізу мақсатында, Биржа қызметінің барлық аясында халықаралық стандарттарды енгізу.
Дамуының стратегиялық бағыттарын жүзеге асыру мақсатында, Бижа өз алдына төменде берілген негізгі міндеттерді қояды.
Листингілік компаниялардың тізімін кеңейту
- "Самұрық-Қазына" ҰӘАҚ" АҚ Тобы компанияларын Қазақстандағы IPO-ға шығару бойынша Биржа және "Самұрық-Қазына" ҰӨАҚ" АҚ келісілген өзара әрекеттерін активизациялау.
- Шетел эмитенттерінің бағалы қағаздарын Биржаға шығару үшін қажетті жағымды жағдайлар жасау үдерісіне белсене қатысу.
- Негізгі активтері Қазақстанда орналасқан компаниялардың бағалы қағаздарын Биржада орналастыруды ынталандыру.
- Жаңа листингілік компанияларды тартуға бағытталған және ең үздік шетелдік тәжірибеге негізделген маркетингілік қызметті күшейту.
- Компаниялармен кері байланысты арттыру арқылы Биржаның листингілік компаниялармен қарым-қатынасын нығайту.
- Биржалық аукциондарды ұйымдастыру, өткізу және бағалы қағаздардың бастапқы орналастыру кезіндегі процедураларды жетілдіру.
- Биржа листингіне инфрақұрылымдық облигацияларды енгізу арқылы борыштық бағалы қағаздардың ұлттық нарығын кеңейту және оларды ұйымдастырылған қор нарығында орналастыру үшін жағдай жасау.
- Биржаның сауда-саттық жүйесі арқылы орналастырылған, листингілік облигациялардың үлесін арттыру үшін жағдай жасау.
Инвесторлық базаны кеңейту
- Жаңа бөлшектік инвесторларды тарту және инвесторлардың белсенділігін арттыру бойынша Биржа мен "АӨҚО" АҚ күш-жігерлерін біріктіру.
- Бөлшектік және институциялық инвесторларды оқытуда Биржаның рөлін арттыру.
- Биржаның өз мүшелеріне қатысты клиенттерге бағытталу қызметін күшейту.
- Биржаның сауда-саттық алаңына шетел инвесторларының қол жеткізу мүмкіндігіне жағымды жағдайларды қалыптастыру бойынша Биржа мен "АӨҚО" АҚ және "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ күш-жігерлерін біріктіру.
- Шетел ақпараттық провайдерлермен жасалатын индекстер арқылы ұлттық қор нарығын алға бастыру.
- Инвесторлар мен сауда-саттыққа қатысушылары үшін жағымды жағдайлар қалыптастыруға бағытталған, Биржаның тарифтік саясатын жетілдіру.
- Қазақстандық бағалы қағаздар нарығында жұмыс істейтін жоғары білікті мамандарды даярлау және қайта даярлау үдерісіндегі Биржа белсенділігін арттыру.
Саудаланатын қаржы құралдарының тізімін ұлғайту және олардың өтімділігін арттыру.
- Биржалық маркет-мейкерлер институтын әрі қарай жетілдіру.
- Туынды қаржы құралдарының биржалық нарығын дамыту.
- Биржада саудаланатын бағалы қағаздардың (басымдылық – акциялар мен туынды қаржы құралдары) айналымдылығының (өтімділігінің) деңгейін жоғарылату.
- Шетел валюталарының биржалық нарығын әрі қарай дамытуды қамтамасыз ету.
- ETF (Exchange-Traded Funds) бағалы қағаздарының Биржадағы айналысына қажетті жағдайлар жасау.
- Қазақстандағы ұйымдастырылған қор нарығына шетелдік беймемлекеттік бағалы қағаздарды тартуға себептесу.
Биржалық нарықтың айқындылығын арттыру.
- Бағалы қағаздар эмитенттері беретін ақпараттардың толықтығы мен сапасына қойылатын талаптарды күшейту жағынан, Биржада ақпараттар ашу бойынша халықаралық тәжірибені енгізу.
- Листингілік компаниялар және/немесе бағалы қағаздарды рұқсат ету бастамашыларымен электрондық құжатайналымы жүйесін енгізу.
- Ағылшын тілінде ақпарат ашатын эмитенттердің тізімін кеңейту.
- Биржаның интернет-сайтында бағалы қағаздар эмитенттерінің құжаттар мұрағатын құру және олардың тиімділігін қамтамасыз ету.
- Аффилиирленген тұлғалар және инсайдерлер туралы ақпараттар ашу бойынша талаптарды енгізу.
- Нақты уақыт тәртібінде сауда-саттықтар туралы биржалық ақпараттарды ақылы негізде берудің сапасын және сенімділігін арттыру, биржалық ақпараттарды сату көлемін ұлғайту.
- Инвесторларға және бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушыларына Биржа ұсынатын есептік мәліметтердің сапасын арттыру (нарықтық бағалау, индикаторлар, өтімділік класы).
- Биржалық ақпаратты мемлекеттік тілде ұсыну.
Инвесторлар мүддесін қорғау деңгейін арттыру.
- Контрагенттердің тәуекелін бақылау және шектеу мақсатында Биржа мүшелерінің қаржылық жағдайына мониторинг жасау және тәуекелдерін үнемі бағалау жұмыстарын ұйымдастыру.
- Биржаның ресми тізіміне бағалы қағаздарды шығарғандағы қаржылық кеңесшілердің (Биржа мүшелерінің) жауапкершілігін арттыру.
- Облигация ұстаушылар өкілдерінің рөлін арттыру.
- Ұйымдарға Биржа мойындайтын аудиторлық ұйымдар тізіліміне кіруге рұқсат ету жүйесін жетілдіру, және аудит сапасына мониторинг жасау.
Технологиялық даму
- Бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында тиімді клирингілік жүйесін және халықаралық стандарттарға сай есеп айырысудың замани жүйесін енгізу.
- Биржаның бағдарламалық-техникалық кешенін, соның ішінде сауда-саттық жүйесі мен сауда-саттықтан кейінгі инфрақұрылымын, өнімділігі, сенімділігі, функционалдығы, интерфейсі, масштабталуы және мэтчингінің замани деңгейін қамтамасыз етуімен, модернизациялау.
- Биржа қызметінің үздіксіздігін және мәліметтерді қорғау жүйесінің сенімділігін қамтамасыз ету.
Халықаралық ынтымақтастық
- Халықаралық қаржы ұйымдарымен және шетел биржаларымен ынтымақтастық аясын кеңейтіп, ұзақмерзімді серіктестік қатынастарды орнату.
- Әлемдік биржалар федерациясына толық мүшелік алу (WFE).
- Биржалық ақпараттарды, Қаржылық ақпараттарды таратушылары және тұтынушыларының халықаралық Ассоциациясы (FISD) нұсқаған, стандарттарға сәйкес тарату.
Корпоративтік құрылым және басқаруды жетілдіру.
- Биржаның стратегиялық мақсаттары мен дамуының негізгі бағыттарына сәйкес, биржалық топтың оңтайландырылған құрылымын қалыптастыру.
- Қаржылық тұрақтылықты, Биржаның даму тұрақтылығын қамтамасыз ету, оның бәсекелеске қабілеттілігін арттыру.
- Биржалық топтың қызметіне корпоративтік басқарудың халықаралық стандарттарын әрі қарай енгізу.
- Биржаның бизнес-үдерістерін ұйымдастыру жүйесін жетілдіру, Биржа қызметінің ортамерзімдік бизнес-жоспарлау жүйесін енгізу.
- Ұлттық және халықаралық деңгейде тартымды Биржа брендін қалыптастыру.
- Стратегиялық мақсаттарға, жұмыс тиімділігінің көрсеткіштеріне және Биржаның қаржылық тұрақтылығына қол жеткізуге байланыстырылған, кадрлық саясатты және персоналды басқару жүйесін дамыту, еңбекті бағалаудың адекватты жүйесін енгізу.
- Биржаның ақпараттық, инвестициялық, есептік және дивиденділік саясаттарын жетілдіру.
Толық атауы
| "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамы
| Қысқартылған атауы
| "Қазақстан қор биржасы" АҚ
| Аббревиатурасы
| KASE
| Заңды тұлға түрі
| Коммерциялық ұйым
| Ұйымдастырушылық-құқықтық формасы
| Акционерлік қоғам
| Мекен-жайы
| Қазақстан Республикасы, 050040, Алматы, Байзақов көш., 280, Almaty Towers, солтүстік мұнара, 8-ші қабат
| Тіркелген мекен-жайы
| Қазақстан Республикасы, 050040, Алматы, Байзақов көш., 280, Almaty Towers, солтүстік мұнара, 8-ші қабат
| Пошталық мекен-жайы
| Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы, а/ж 140
| Эл. пошта
| kase@kase.kz, info@kase.kz
| Телефондары
| (+7 727) 237 53 00, 237 53 11, 250 94 55
| Факс
| (+7 727) 296 64 02, 250 77 79
| Ресми сайты
| www.kase.kz
| Телекс
| 612748 KICEX RU
| SWIFT BIC
| KICE KZ KX
| КҰЖК коды
|
| БСН
|
| СТН
|
| Бастапқы мемлекеттік тіркеудің күні мен нөмірі
| 30 желтоқсан 1993 жыл, № 3980
| Бастапқы мемлекеттік тіркеу органы
| Алматы қ. Алатау аудандық әкімшілігі
| Соңғы қайта тіркеудің күні мен нөмірі
| 07 қаңтар 2004 жыл, № 1952-1910-01-АО
| Соңғы қайта тіркеу органы
| Алматы қ. Әділет Басқармасы
| Қолданыстағы лицензиялары
| Бағалы қағаздар нарығында қызмет етуге берілген 2012 жылдың 19 шілдесіндегі № 4.2.3/1 лицензия. Лицензия бағалы қағаздар нарығында мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыру құқығын береді:
- бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауданы ұйымдастыру қызметі;
- бағалы қағаздар нарығында қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметі.
2012 жылдың 29 маусымындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінің ұлттық және шетелдік валютада банктік операцияларды жүргізуге рұқсат беретін № 5.3.3 лицензиясы. Лицензия келесідей банктік операцияларды жүргізуге құқық береді:
- банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыратын банктер мен ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;
- ақша аудару операциялары: жеке және заңды тұлғалардың төлем жасау және ақша аудару бойынша өкімдерін орындау;
- заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу.
| Алдындағы танымал атаулары
| 1993 жылдың 30 желтоқсанынан бастап 1994 жылдың 03 наурызына дейін – "Қазақ Банкаралық Валюта Биржасы" акционерлік қоғамы 1994 жылдың 03 наурызынан бастап 1995 жылдың 12 шілдесіне дейін – "Қазақстандық Банкаралық Валюта Биржасы" акционерлік қоғамы 1995 жылдың 12 шілдесінен бастап 1996 жылдың 12 сәуіріне дейін – "Қазақстандық банкаралық валюта-қор биржасы" акционерлік қоғамы 1996 жылдың 12 сәуірінен бастап 1997 жылдың 06 наурызына дейін – "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамы 1997 жылдың 06 наурызынан бастап 2004 жылдың 07 қапңтарына дейін – "Қазақстан қор биржасы" жабық акционерлік қоғамы
| 2013 жылдың 01 желтоқсанына төленген жарғылық капиталы
| 2 366 256,2 мың теңге
| 2013 жылдың 01 қазандағы меншікті капиталы (шоғырландырылмаған есеп берушілігінің мәліметтері бойынша)
| 4 620 951,9 мың теңге
| Шығарылған акциялар саны
| 5 000 000
| 2013 жылдың 01 желтоқсанына орналастырылған акциялардың саны
| 942 013
| Шығарылған акциялардың түрі
| Жай
| Басқару принциптері
| Акционерлер "бір акция - бір дауыс" принципі бойынша дауыс беруге құқылы
| Саудаланатын қаржы құралдары
| Беймемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар Мемлекеттік бағалы қағаздар Репо нарығының құралдары Шетел валюталары Мерзімдік келісімшарттар
| 2013 жылдың 01 желтоқсанына санаттар бойынша биржа мүшелерінің саны
| "Валюталық нарық мүшесі" (шетел валюталарының сауда-саттығына қатысу құқығымен) – 34 "Қор нарығының мүшесі" (Биржада айналысқа (сауда-саттыққа) жіберілген, бағалы қағаздардың сауда-саттығына қатысу құқығымен) – 52 "Мерзімдік нарық мүшесі" (өндірістік қаржы құралдардың биржалық сауда-саттығына қатысу құқығымен) – 18
| 2013 жылдың 01 желтоқсанына биржа мүшелерінің жалпы саны
|
| Сауда-саттық өткізудің негізгі әдісі
| Ашық сауда-саттық әдісі
| Есептеулердің қысқаша сипаттамасы (толығырақ ақпараттар сайттың "KASE ережелері" бөлімінде)
| Беймемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар:Т+0 шартында "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) арқылы Мемлекеттік бағалы қағаздар: Т+0 шартында "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) арқылы. Шетел валюталары: TOD, TOM, SPOT шартында теңгемен – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі биржаның корреспонденттік есеп-шоттары арқылы; шетел валюталарымен – шетел банк-корреспонденттері арқылы.
|
|