![]() |
Anamnesis morbiDate: 2015-10-07; view: 771. (Қазіргі ауру тарихы) Науқас өзін 58 жасынан жоғарғы қан қысымы ауруымен, сонмен қатар 35 жасынан бүйрек ауруымен яғни созылмалы пиелонефритпен ауыратынын айтты..Ауруының салдарынан 2000жылы анасының қайтыс болуына байланысты қатты стресстен қан қысымы көтеріліп, есінен танып,ауа жетіспей құлаған.Сол ауруы 2010 жылы қайталанды.Науқас 15 қыркүйек айында жедел жәрдем көмегімен орталық ауруханаға жеткізілді. Соңғы 3 жылда дәрігерге қаралмаған, стационарда жатып емделмеген, қосымша тексерулерден өтпеген. Дәрі-дәрмектерді қабылдауы ретсіз.Науқас өзі дәріханадан мынадай дәрілер алып қолданған: - Коптаприл - Энам - Аспирин Науқастың айтуы бойынша дәріні толық ішпеген. Ем нәтижесіз аяқталған. Аурудың соңғы асқынуы мамыр айының басында басталған. Науқастың айтуы бойынша аурудың басталуын баласының машина авариясымен байланыстырады. Қан қысымы көтерілгенде –Энам , Каптаприл таблеткаларын ішкен,бірақ қолданған дәрі-дәрмектердің нәтижесі болған жоқ. 05 – ші Мамыр күні науқас Қатты басының ауруымен және қан қысымының 220/120 м.см с.б.б көтерілгеннен жедел жәрдемнің көмегімен ауруханаға жеткізілген.
Науқастың өмір тарихы (Anamnesis vitae): Сенкеевич Валентина Карповна1933 жылы 17 желтоқсанда Ақтөбе қаласында, қызметкер отбасында 1-ші бала болып дүниеге келген. Анасы уақытында босанған, ана сүтімен қоректенген. Өсуі мен дамуы жасы мен жынысына сәйкес. Бала кезде қызылша, қазамық, безгек, соқыр ішек болған. Бала кезінде жасына сай қалыпты өсіп-дамыды, ешқандай аурулар мен ауырмаған. Мектепке 7 жастан барып, орта мектепті 1948 жылы аяқтаған. Мектеп қабырғасында дене шынықтыруға қатысқан. Өзінің құрдастарынан ақыл –ой жағынан қалмаған,дене шынықтырумен айналысқан. Мектеп бітірген соң ущилищеде білім алды. Еңбек тарихы: 1955 жылдан бастап фермер болып жұмыс жасаған. Анасы мен ағасы қант диабетінен зиян шекті.Осынын салдарынан анасы қайтыс болды.Науқас 4 операциядан өтті.Олар:1969 жылы жатырдан тыс миома, 1973 жылы кесрь,2003жылы матка миомасы, 2006жылы аппендецит.Тұрмыс құрған.5рет жүкті болып,5-ші баласын бүйрек давлениесіне байланысты кесрьмен алды.Етеккірі 2003жылы тоқтаған.Оборт жасатпаған.Ешқандай затқа аллергиясы жоқ..Әлеуметтік жағдайы жақсы.Жұқпалы аурулармен ауырмаған. Туберкулезбен, вирусті гепатитпен, тері-венерологиялық аурулармен ауырмаған. Аллергоанамнез: ерекшеліксіз. Темекі шегеді, алкогольды ішімдікті сирек қабылдайды. Көлемді жарақат алмаған.
ЖАЛПЫ ҚАРАУ
|