Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Кеуде сарайын сипап тексеру


Date: 2015-10-07; view: 1924.


Status praesens communis

 

 

Науқастың жалпы жағдайы – қанағаттанарлық, санасы айқын, төсектегі қалпы активті.

Дене құрылысы гиперстениялық типті,жүріс- тұрысы екпінді, эмоциясы сақталған,келбеті қалыпты. Бойы – 162см., салмағы – 80 кг. Күйлілігі – семіздік белгілері байқалады. Беті қызыл шырайлы, Тері жамылғысы: күлгін – қызғылт, терінің пигменттенуі, тері серпінділігі мен ылғалдылығы қалыпты,таза. Сарғаюлар, бөрітпелер жоқ. Аппендэктомиядан және Кесарь тілігінен кейінгі тыртығы бар. Денеде ісіктер байқалмайды. Шаш пен тырнақ жағдайы қалыпты

 

Дене мүшелерін жекелеп қарау

Басты қарау: Тыртықтар, шаштың ішінде жаралар,ісіктер жоқ.Қалыпты

Бетті қарау: Жаралар, ойықтар жоқ. Терінің түсі қалыпты, акроцианоз байқалады.

Ауыз ішін қарау: Ауыз ішінде бөртпелер, ісіктер жоқ.

Мойында қарау: Тыртықтар,жаралар жоқ,қасыған жерлер жоқ Перифериялық лимфа түйіндерінде (жақ асты, бұғана үсті, бұғана асты,қолтық асты, шап аймағы) патологиялық өзгерістер жоқ..Дене қызуы қалыпты.

 

Кеудені қарау: Кеудесінде түктер бар,жаралар, бөртпелер жоқ.

Қол-аяқты қарау: Қолда қасыған іздер, жаралар жоқ.Аяқты варикоздық, кеңеюлер жоқ,тыртықтар жоқ.

Тыныс мүшелерін қарау

Кеуде сарайын қарау:

-Түру гиперстеникалық, қос симметриялы

-екі жағының тыныс алуғы қатысы бірдей

-ішпен дем алады

-тыныс алу жиілігі қалыпты 18 рет

Кеуденің ауыратын жері байқалмайды. Кеуде сарайының серпімділігі иілгіш. Дауыс дірілі күші бірдей. Плевра беттерінің үйкелісі қалыпты.

Өкпе перкуссиясы

Өкпенің төменгі шегі

Белгі сызықтар Оң жақ Сол жақ
Төс жанындағы сызық Бұғана орта сызығы Қолтықтың алдынғы сызығы Қолтықтың ортанғы сызығы Қолтықтың артқы сызығы Жауырын сызығы Омыртқа жанындағы сызық 6 қабырға 6 қабырға аралығы 7 қабырға   8қабырға   9 қабырға   10қабырға 11 кеуде омыртқасы - - 7 қабырға   8қабырға   9 қабырға   10қабырға 11 кеуде омыртқасы  

Өкпе ұшының биіктігі: бұғанадан 3-4 см жоғары, оң жақ өкпе ұшы сол жақ ұшынан 0,5-1 см төмен.Арт жақта өкпе ұшының биіктігі 7мойын омыртқасына сәйкес келеді.

 

 

Өкпенің төменгі шетінің эккурсиясын анықтау:

Кеудедегі сызықтар Оң жақтан (см) Сол жақтан(см)
Бұғана орта сызығы Ортаңғы қолтық сызығы Жауырын сызығы 4-6 6-8 4-6 - 6-8 4-6

Кренинг кеңістігінің ені 4-8см, ол сол жақта оң жақпен салыстырғанда кеңдеу.

Өкпенің салыстырмалы перкуссиясы

-өкпе ұшы екі жақта салыстырғанда қалыпты

-қабырға арасы кеңістігін салыстырғанда,өкпе дыбысы қалыпты

-өкпенің бүйір жағын перкуссиялағанда өкпе дыбысы қалыпты

-өкпенің арқа бетін перкуссиялағанда қалыпты

Өкпе ауыскультациясы

-Кеуде сарайын тыңдағанда тыныс визикулалық тыныс

Демді ішке алудың ұза бойында және демді сыртқа шығарудың бірінші үштен бір ұзақтығында визикулалық тыныс естіледі.

-Қосымша тыныстар, яғни сырылдар,крепитация, плевра үйкелісінің дыбысы естілмейді

 

Жүрек –тамыр жүйесін тексеру

 

Қарау: Бетті қарағанда қызылшырай тартқан,мойын аймағында «каротид биі» байқалмайды, оң мәнді вена пульсі және вена тамырларының ісінуі жоқ. Эпигастрий аймағында бауырдың пульсациясы жоқ. Іш қуысында сұйықтық жиналмаған, вена тамырларының ісінуі жоқ.


<== previous lecture | next lecture ==>
Anamnesis morbi | Аускультациясы
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.825 s.