Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Кіріспе


Date: 2015-10-07; view: 2124.


Қазіргі кезде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге байланысты көптеген іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Солардың бірі құжаттарды мемлекеттік тілде жүргізу. Осыған орай 1999 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» негізінде жоғары оқу орындарда «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» курсы оқытыла бастады. Кез-келген Қазақстан азаматының мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізе білуі қазіргі заман талабы болып отыр.

«Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу курсы» құжаттарды толтырудың мемлекеттік ережелері мен стандарттарына сүйене отырып оқытылады. Бұл курсытың мақсаты – суденттерді мемлекеттік тілде іс қағаздарын саутты жазуға үйрету; құжаттардың дұрыс безендірілуін меңгерту; іс қағаздар стилінің өзінідік ерекшеліктерімен таныстыру; құжаттарды толтырудың жалпы ережелерін меңгерту.

Кез-келген кәсіпорын, мекеме т.б. басқару аппаратының жұмысы құжаттарды жасау орындау және рәсімдеу арқылы жүргізіледі. Басқару аппаратындағы қызметкерлердің жұмысы құжаттаумен байланысты. Біреулері құжаттарды жасайды,екіншілері олардың рәсімделуін және жіберілуін қамтамасыз етеді, үшіншілері осы құжаттарды басшылыққа алып, солардың негізінде жұмыс істейді, шешімдер қабылдайды.

Мекемелер мен кәсіпорындардың күнделікті жұмысында өндірістік, шаруашылық, қаржылық және қоғамдық қызметтің әр түрлі мәселелері бойынша көптеген құжаттар жасалады. Сан алуан мәселелер бойынша бұйрықтар шығарылады, шешімдер қабылданады, келісім шарттар жасалады т.б. «Құжаттардың жасалуына, олардың тіркелуіне, жіктелуіне қозғалысына, есепке алынуы мен сақталуына байланысты жұмыстардың жиынтығы іс қағаздарын жүргізу деп аталады» (Скала В.И.).

Іс қағаздарын жргізуге байланысты шыққан оқулықтарда іс қағаздарын жргізудің екі кезеңнен тұратындығы айтылады – құжат айналымы және құжаттау.

«Құжат айналымы мекменің өзі жасаған және сырттан келген дайын құжаттармен жұмыс істеуді қамтамасыз етеді. Олар: қабылдау, орналастыру, тіркеу, орындалуын бақылау, анықтау, іс құру, оларды сақтау, жүзеге асыру, құжаттарды мекемелерге жіберу. Құжаттардың түрін жасау процесінің біртұтастылығымен мекеме, ұйым және өндіріс қызметі бейнеленеді.

Құжаттау ісіне – құжатты дайындау, құру, келісу, толтыру және оны жасау операциялары кіреді. Құжаттау жүйесінің мақсаты белгілі бір талаптардан және құжат жасау нормаларынан тұрады.

Бұл нормалар заң актілерімен белгіленген. Оларға нұсқаулар мен іс қағаздарын жүргізу жөніндегі ведомстволық нормативтік құжаттар жатады» (Т.Дүйсебаева).

“Ресми іс қағаздары” термині мекемелер мен ұйымдардың басқару қызметін құжаттау, құжаттарды ұйымдастыру дегенді білдіреді.

Іс қағаздарын зерттейтін ғылым салалары,

қызметтері, сипаттары

Іс-қағаздарының қызметтері: - жеке тұлғалар арасындағы қатынасты реттеуші; - жеке адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеуші; - әр түрлі мекеме, ұйымдардың өзара байланысын реттеуші; - мекеме, ұйым жұмысын ұйымдастыру тәртібін негіздеуші; - жеке адам мен қоғам өміріне қатысты оқиғаларды айғақтаушы; - мемлекеттік басқару ісін жүйелеуші; - тарихи құбылыстарды зерттеудің қайнар көзі; - мекеме мен ұйымның атқарған істерінің көрсеткіші; - мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты көрсеткіші.
Іс қағаздарының сипаттары: - саяси (мемлекетішілік, мемлекетаралық, халықаралық қатынастарда); - әлеуметтік(қоғамдық-әлеуметтік қатынастарда); - ұйымдастырушылық (басқару қызметі жүйесінде); - құқықтық(заңдық және жеке тұлғалар арасындағы қатынастарда); - тарихи (әр дәуірдің, қоғамдық сатының өзіндік ерекшеліктеріне сай қатынастарда). - ресмилік(міндетті түрде заңдық тұрғыда тіркелуінде).
Құжаттау үрдісі элементтері: 1.құжаттарды дайындау; 2.құжаттарды жолдау, тіркеу; 3.сырттан келген құжаттарды қабылдау, тіркеу; 4.құжаттарды қолдануға дайындау; 5.құжаттардың жүзеге асырылуын бақылау; 6.құжаттарды мұрағат қорына дайындау.  

 

Іс қағаздарын зерттейтін ғылым салалары
тіл білімі педагогика тарих саясаттану мұрағат ісі  

 

 

Қазақ ресми іс қағаздарының тарихы

І. Хан жарлықтарына:хандар мен би, болыстардың жазған хаттары жатады.Олар:

1. «Жеті жарғы».

2. 1856 ж. Қарқаралы округіндегі Шаншар болысының жүзбасы Қазанғапов бидің өзіне алтын кенішінен кен өндірумен айналысуға рұқсат ету туралы Батыс Сібір генерал-губернаторы Гасфорт мырзаға өтініші.

3. Кіші жүз ханы Әбілхайырдың қол астындағы адамдармен бірге Ресей бодандығына алуды сұрап әйел патша Анна Иоанновнаға жазған хаты (ХVIII ғасыр).

4. 1716 жылғы 13 қыркүйек. Қайып хан елшілерінің қазақтардың Ресеймен тату тұру тілегі туралы мәлімдемесі (ХVIII ғасыр).

5. 1718 жылғы 10 желтоқсан. Қайып ханның жоңғарларға қарсы бірлесіп аттану үшін әскер жіберу туралы өтініш жасап император І Петрге жазған хаты (ХVIII ғасыр).

6. 1718 жылғы 10 желтоқсан. Қайып ханның жоңғарларға қарсы бірлесіп аттану үшін әскер жібсру туралы өтініш жасап император I Петрге жазған хатынан

7. Ұлы мәртебелі патша Сізден өтінемін, Сіздің жауыңыз қоңтайшыға аттанғым келеді және қазір одан басқа ешкіммен соғысқым жоқ. Ал егер, ұлы мәртебелі Сіз, әмір берсеңіз, Бізге рұқсат етсеңіз, Сіз өзіңіз оған, қоңтайшыға қарсы және бізге көмек етіп әскери адамдар жіберуге нұсқау берсеңіз және ол әскери адамдардың қандай уақытта жіберілетіні туралы бізге тездетіп ведомость жіберсеңіз, сол мерзімде біз де бәрін алып шығамыз және ондай жауды, құдайдың рақымымен, тас-талқан еткіміз келеді...

«XV–XVIII ғ. қазақ-орыс қатынастары», құжаттар жинағы, 29-бет.

 

«Жеті жарғы» туралы түсініктеме

Ғалымдардың айтуынша, бұл құжат Тәуке ханның тұсында 1684-1685 жылдары құрастырылған.

«Жеті жарғы» – Төле, Қазыбек, Әйтеке сынды данагөй билердің қатысуымен жазылған көшпелі қазақтардың ел билеу заңы.

Бұл заңдық құжатта – жер дауы, жесір дауы, бала тәрбиесі және неке, қылмыстық жауапкершілік арасындағы дау, ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз ету сияқты үлкен мәселелер қаралады.

«Жеті жарғы» кісі өлтіру, ұрлық, тонау, бүлік шығару, денеге зақым келтіру, зорлау, әйелді алып қашу, тәңірге тіл тигізу, христиан дініне өту сияқты әрекеттерді жауапқа тартуды көздейді. Қылмыстық жауапқа тарту 13 жасқа толған кезден басталған.

Қазақтың қылмыстық құқығы: мақау, есі дұрыс емес адамдарды жауапқа тартпаған.

Қазақ халқы – «Жеті жарғыны» – ХІХ ғасырдың ортасына дейін қолданылып келді.

.

Қазақ ресми іс қағаздарының қалыптасу кезеңі

Қазақ ресми іс қағаздарының тарихына келетін болсақ, ресми іс қағаздар стилі осы хан жарлықтарынан бастау алады. Осыған байланысты тарихқа аздап тоқтала кететін болсақ: Жоңғар шапқыншылығының салдарынан халықты, елдік дербестікті сақтау мақсатында қазақ елі біртіндеп Ресей патшалығының қол астына ене бастады. ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Қазақстанның Россияға қосылу процесі толық аяқталды.

1868-69 жылдардағы патша өкіметінің қыр облыстарын басқару жөніндегі ережелері: Қазақстанда ел билеу, әкімшілік жүйесінің жаңа түрін енгізді.

Қазақстан территориясы 3 генерал-губернаторға бағынған 6 облысқа бөлінді. Орал және Торғай облыстары Орынбар генерал-губернаторына, Ақмола және Семей облыстары Батыс Сібір генерал-губернаторына, Жетісу және Сырдария облыстары Түркістан генерал-губернаторына қарады. Патша өкіметі бұл кезде татар тілмаштарының «көмегінен» бас тартты.

Патша әкімшілігінің бұйрық-жарлықтарын жергілікті әкімдерге өз тілінде жеткізу, отаршылдық саясатты күшейте түсу, өкілеттік құжаттарды жергілікті халықтардың ана жариялап, сөзсіз орындаттыру, патша өкіметінің ресми көзқарастарын халық арасына кең тарату мақсаты қазақ тілінде шығатын газетті қажет етті. Сөйтіп, алғашқы газеттер жергілікті әкімдердің қазақ елін басқару ісін жеңілдету ниетімен шығарыла бастады.

1. Ташкентте 1870-1882 жылдар – «Түркістан уәлаятының газеті»,

2. Омбыда 1882-1902 жылдар – «Дала уәлаятының газеті».

3. 1895 жылдан бастап Троицкіде – «Торғай газеті» шығып тұрды.

Бұл газеттер ресми орган болуына қарамастан қазақ әдеби тілін дамытуға, жазба нормаларын қалыптастыруда, оның бір тармағы ресми іс қағаздар стилін жетілдірудеүлкен роль атқарды.

Газеттің негізгі бағдарламасы – үкіметтің бұйрық-жарлықтарын, сот орындарының үкімдерін, сауда хабарларын, Россия және басқа мемлекеттердің өмірінде кездесетін оқиғаларды, шаруашылық хабарларын жазып тұру болды. Сонымен қатар мұнда қазақ халқының тарихы, мәдениеті, әдебиетіне қатысты материалдар да жарияланды. Материалдар мазмұнына қарай негізгіекі топқа бөлінді: ресми және ресми емес. Ресми материалдарға үкімет бұйрықтары, кейбір саяси-экономикалық мәселелер. Ресми емес бөлімге: жай корреспонденциялар, тарихи мақалалар мен көркем әдебиет үлгілері жатты. Газет материалдары публицистикалық, ғылыми, көркем әдебиет және ресми іс қағаздар стилінде жазылды.

Ресми іс қағаздар мазмұны мен адресаттарына қарай 3 топқа бөлінді.

1-ші топ. Патша үкіметі тарапынан жазылған: бұйрық-жарлықтар (указы, распоряжения, приказы), ережелер (положения) терминологиясы, стильдік құрылымы және қалыптасқан сөз орамдарымен өзге ресми құжаттардан біраз ерекшеленеді.

2-ші топ. Заң, сот істеріне байланысты ереже, бұйрық, анықтама т.б. құрайды. Бұлардың да өздеріне тән термин жүйесі, сөз орамдары бар.

3-ші топ. Жеке адамдардың ресми органдарға жазған арыз, өтініштері жатады.

ІІ.Кеңес үкіметі құрылған кезең

1920 жылы және одан кейінгі кезеңде қазақ тіліне деген көзқарасты төмендегі қабылданған құжаттардан байқауға болады:

  • 1920 жылы Қазақ АССР-і кеңестерінің бірінші құрылтай съезінде республикадағы әр ұлт барлық мекемелер мен мектептерде ана тілін қолдануда тең құқылы деген шешім қабылданды.
  • Қазақ АССР Халық комиссарлар комитетінің 1921 жылы 2 ақпанда жарық көрген «Республиканың мемлекеттік мекемелерінде қазақ және орыс тілдерін қолдану туралы» декреті;
  • Қазақ АССР ОАК-нің 1923 жылғы қарашадағы «Қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізуді ендіру туралы» декреті;
  • Қазақ АССР ОАК Президиумының 1923 жылғы «Қазақ тілінде іс қағаздарын енгізу жөніндегі орталық комиссия туралы ережені бекіту туралы» қаулысы;
  • 1924 жылы қабылданған Қазақстанның бірінші Конституциясы бойынша қазақ және орыс тілдері республикада мемлекеттік тіл болып танылған.
  • Қазақ АССР ХКК-нің 1924 жылғы 23-сәуірдегі өлкелік мекемелерді қазақ тіліндегі жазу машинкасымен қамтамасыз ету жөніндегі өкімі;

Бірақ көп ұзамай-ақ қазақ тілін мемлекеттің негізгі қарым-қатынас құралына айналдыру мүмкіншілігіне бұғалық салына бастады. Оны төмендегі құжаттардан көруге болады:

· 1938 жылғы 5 сәуірдегі «Қазақ мектептерінде орыс тілін мәжбүрлі оқыту» туралы арнайы қаулысы;

· 1989 жылғы Қазақ ССР-інің Тіл туралы Заңы;

· 1990 жылғы «Қазақ тілін және Қазақ ССР-індегі басқа да ұлт тілдерін дамытудың 2000 жылға дейінгі кезеңдерге арналған мемлекеттік бағдарлама».

ІІІ. ҚР Тәуелсіздік алған кезеңнен

Еліміздегі қазақ тіліне қатысты белсенді қозғалыс 1980 жылдардың соңы мен 1990 жылдардың басында етек алды:

· 1993,1995 жылдардағы ҚР Конституциясы;

· 1989 жылы құрылған Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы;

· 1993 жылы Қазақстан Үкіметі жанынан құрылған Тіл комитеті.

· «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі №151 Заңы:

4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi – қазақ тiлi.

Мемлекеттiк тiл – мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi.

Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы.

Үкiмет, өзге де мемлекеттiк, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар:

Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға;

Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға;

Қазақ диаспорасына ана тiлiн сақтауы және дамытуы үшiн көмек көрсетуге мiндеттi.

 

 

Іс қағаздарын топтастыру

Іс қағаздарының түрлері өте көп, олардың негізгі түрлерін мақсаты мен мазмұнына, жасалған орнына, жасалу сатысына, қызметіне, формасына т.б. ерекшеліктеріне қарап топтастыруға болады.

Іс қағаздары мазмұны мен қызметіне қарай үш топқа бөлінеді.

1-ші топ. Жеке адам өміріне қатысты іс құжаттар.

2-ші топ. Азаматтық қарым-қатынасты реттейтін құжаттар.

3-ші топ. Басқару ұйымдастыру қызметіне қатысты құжаттар.

Жеке адам өміріне қатысты іс қағаздары Азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін іс қағаздары Басқару, ұйымдастыру қызметіне қатысты іс қағаздары
  Түйіндеме Өмірбаян Жеке іс парағы Визит карточкасы Өтініш Арыз Мінездеме Кепілдеме Анықтама Жеделхат   Қолхат Кепілхат Сенімхат Өтінім Тапсырыс Келісімшарт Шарт Еңбек шарты Еңбек келісімі   Хаттама Қызметтік хаттар Хабарландыру Бұйрық Жарлық Үкім, Өкім Жарғы Ереже Қаулы Шешім

Формасына қарай:

· Типтік;

· Трафареттік;

· Еркін мәтіндіболып бөлінеді.

 

1. Типтік іс қағаздары деп қалыптасқан мәтін-үлгі бойынша жазылатын іс қағаздарын айтамыз. Мысалы: арыз, өтініш т.б.

 

2.Трафареттік іс қағаздары деп мәтіннің белгілі бір бөлігі алдын-ала типографиялық әдіспен басылып дайындалған құжаттарды айтамыз. Мәтіннің алдын-ала дайындалған бөлігінде өзгермейтін ақпарат жазылады. Мысалы: студенттің белгілі бір оқу орнында оқитынын растайтын студенттік билет, анықтама т.б. Мұнда студенттің аты-жөні, фамилиясы, оқитын бөлімі мен курсы жазылатын арнайы орын қалдырылып, қалған бөлігі типографиялық әдіспен басылып, алдын-ала дайындалады.

 

3. Еркін мәтінді іс қағаздарына қалыптасқан үлгі бойынша емес, оны жазушы адамның еркінше жазылатын құжаттар жатады. Мысалы: пікір. Еркін мәтінді іс қағаздарын безендіруде де жалпы іс қағаздарына қойылатын талаптар сақталады.

 

Қолданылу орнына қарай:

· Мекемеішілік;

· Мекемеаралық;

· Мемлекеттік;

· Халықаралықболып бөлінеді.

 

Шығу, жасалу сатысына қарай:

· түпнұсқалық;

· көшірмелікболып бөлінеді.

Түпнұсқалық іс қағаздарына кез келген құжаттың бірінші рет жасалған нұсқасы (оригинал) жатады.

Ал көшірмелік іс қағаздарына түпнұсқаның мәтіні сол күйінде, өзгеріссіз сақталып алынған толық нұсқасы немесе белгілі бір бөлігі жатады. М: Көшірмелік іс қағаздарына кез келген құжаттың көшірмесін (диплом көшірмесі, бұйрықтың көшірмесі т.б.), үзіндісін (хаттамадан үзінді, бұйрықтан үзінді т.б.), дубликатын жатқызуға болады.

Үзінді – құжаттың қажетті бөлігінің мәтіні өзгертілмей жазылған, қолға берілетін нұсқасы.

Дубликат – құжат жоғалған кезде берілетін құжаттың түпнұсқасымен күші бірдей көшірмесі.

 

Кез-келген мекеме тек өзінде жасалған құжаттың ғана көшірмесін беруе құқы бар. Құжат көшірмелерінің көшірме екендігі расталып қол қойылып мөр басылғанда ғана заңды күші бар.

РЕСМИ ІС ҚАҒАЗДАР СТИЛІ

«Стиль» латын сөзі, қазақ тіліне аударғанда «жазу мәнері» дегенді білдіреді. Стилистика – тілдің қолданылу заңдылықтарын зерттейтін ғылым, ол тілдік белгілердің дұрыс қолданылу нормасын көздейді.

Қазақ әдеби тіл стильдері:

1. Ауызекі сөйлеу стилі

2. Көркем-әдебиет стилі

3. Публицистикалық стиль

4. Ресми іс қағаздар стилі

5. Ғылыми стиль

1. Ауызекі сөйлеу тілі стилі

Орны: күнделікті қарым-қатынас
Мақсаты: тіл табысу
Сипаты: қарапайым
Тілдік құралы: одағай, оқшау сөз

2. Көркем әдебиет стилі

Орны: көркем шығарма, айтыс, спектакль
Мақсаты: адамның сезіміне әсер етеді, образды ойлауға үйрету
Сипаты: образды, көркем.
Тілдік құралы: ауыспалы мағыналы сөздер, троптар, теңеулер, эмоционалды-экспрессивті сөздер.

3. Ресми іс қағаздары стилі

Орны: ресми іс қағаздары, ресми кездесулер.
Мақсаты: іскерлік қарым-қатынасты дамыту, нақты мағлұмат беру.
Сипаты: қысқа да нұсқа.
Тілдік құралы: ресми сөздер, тура мағыналы сөз, кәсіби сөздер, терминдер, қалыпты тіркестер.

4. Публицистикалық стиль

Орны: газет, журналдар, телевидение, радио. (БАҚ құралдары)
Мақсаты: ақпарат, хабар тарату, қоғамдық пікір туғызу.
Сипаты: пафосты, ұранды, экспрессивті.
Тілдік құралы: термин, кәсіби сөздер, тұрақты тіркестер, әдеби орамдар, экспрессивті сөздер.

5. Ғылыми стиль

Орны: ғылыми еңбектер, конференциялар, диссертациялар, монографиялар.
Мақсаты: білім беру, білім тарату.
Сипаты: дәлелді, дәйекті.
Тілдік құралы: терминдер, тура мағынадағы сөздер, кәсіби сөздер.

 

Ресми немесе іс қағаздар стилінің ерекшелігіонда факті дәл көрсетіліп, бір ізбен жүйелі жазуға айрықша мән беріледі.

Іс қағаздарындағы мәлімет – қысқа, нақты және белгілі бір ізбен жүйелі жазылуы тиіс.

Ресми құжат стильдеріне тән белгілер: · мазмұныныңқысқа әрі тұжырымдыбаяндалуы; · тұжырымдардың дәл, нақты болуы; · сөздер мен терминдердіңнақты, тура мағынасындапайдаланылуы; · терминдер мен тұрақты орамдардың бірегейлігі; · терминнің ең қолданылужиілігі жоғары,Мемлекеттік терминология комиссиясы бекіткен нұсқасыныңпайдаланылуы; қалыптасқанмазмұндық-құрылымдықнормалардыңқатаң сақталуы.

Көптеген сөздер белгілі стильге телулі болады, қолданылу жағынан шектеліп отырады. Мысалы: тағайындалсын, міндеттелсін, осы анықтама берілді, қаулы етеді, жарлық етеді т.б.

Ресми іс қағаздарында кейде бір заттың я ұғымның атауы қолданылу орнына қарай әр түрлі аталады. Мысалы, «адам» деген сөзді алатын болсақ:

Ресми құжаттарда – азамат, жолдас.

Телефон станциясында – абонент.

Ательеде – тапсырыс беруші.

Шаштаразда – клиент.

Ауруханада – науқас.

Шипажайда (санаторийде) – демалушы, тынығушы.

Көлікте (транспортта) – жолаушы т.б. болып табылады.

ТҮЙІНДЕМЕ

 

Қазіргі нарық заманында жұмысқа тұру, жұмысқа қабылдану кезінде құжаттың жаңа түрі жазылады. Жұмысқа қабылдаушы сізден түйіндеме талап етеді. Түйіндемеде өмірбаян мәліметтері ықшам, әрі толық түрде беріледі. Жұмысқа қабылдануыңыздың белгілі бір кепілі саутты жазылған түйіндеме болып саналыды.

Резюме француз тілінен алынған термин. “Айтылған не жазылған мәселенің қысқаша түйіні” деген мағына береді.

Түйіндемеде белгілі-бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі, икемділігі, жайлы нақты, қысқа мәлімет беріледі.

Жазылған түйіндемеде жеке басыңыздың қасиеттерін атап көрсеткен жөн. Оның сіздің таңдап отырған жұмысыңызға орналасуға септігі тиетіндігі басты назарда болуы керек. Өзіңіз туралы толық мәлімет беру үшін, түйіндемеде сіздің біліміңіз, біліктілігіңіз, жеткен табысыңыз, жұмыс тәжірибеңіз, не нәрсеге икемділігіңіз бар екені жазылуы керек.

Өз еңбегінде Л.Дүйсембекова жиналған мәліметтерді түйіндемеге берудің екі жолы бар екенін көрсетеді:

1. Хронологиялық тәсілі. Алдымен қазір істеп жүрген жұмысыңыз көрсетіледі де, ары қарай хронологиялық ретпен жазылады. Яғни, соңғы орнында сіздің бірінші жұмыс орныңыз, я бірінші аяқталған оқу орны жазылады. Егер сіздің жұмыс стажыңыз көп болса, алдымен кәсіптік жолыңызды көрсеткеніңіз дұрыс. Ал оқу орнын жаңа аяқталған, қызметті бастағалы тұрған адам оқыған оқу орны, алған мамандығы жайлы мәселені басты назарда ұстайды.

2. Функционалдық тәсіл. Бұл білімі мен біліктілігі жұмыс тәжірибесі мол адамға лайықты. Мұнда жұмыс стажы кері хронологиялық ретпен беріледі де, одан кейін білімі жайлы мәліметтер көрсетіледі.

3. Күрделі түйіндеме –хронологиялық және функционалды түйіндемелерден іріктеліп алынған мәліметтер беріледі

4. Типтік түйіндеме - қарапайым және қысқа формада жазылады.

 

Типтік түйіндеменің құрылымы мынандай болады:

1. Құжат аты;

2. Ізденушінің жеке басы туралы мәлімет (аты-жөні, туған күні, жылы, туған жері);

3. Ізденушінің мекен- жайы, телефоны;

4. Түйіндеме авторы үміттеніп отырған ваканция;

5. Істеген жұмыс орны мен оқыған оқу орны, атқарған қызметі, мамандығы көрсетілген негізгі мәтін;

6. Қоғамдық, кәсіптік т.б. жұмыстары туралы қосымша мәлімет;

7. Кейбір қосымша мәліметтер (шет тілдері, шетел сапарлары, автомобиль жүргізе білетіндігі т.б.);

8. Ғылыми дәрежесі, марапаттары туралы мәлімет;

9. Үміттенген ваканцияға қатысты кейбір жеке бас қасиеттері, икемділігі;

10. Қосымша ақпарат (ізденуші қалауынша жазылады);

11. Кепілдеме;

12. Түйіндеменің жазылған күні;

13. Ізденуші қолы;

 

Өмірбаян

Өмірбаянжеке адамның өмір жолы мен қызметі хронологиялық тәртіпте жазылған ресми құжат.

Өмірбаян, әдетте, оқуға түсу, жаңа қызметке орналасу кезінде жазылады. Онда азаматтың аты-жөні, туған жылы, күні, айы және туған жері, ұлты, отбасы жағдайы, білімі, бітірген оқу орындары, қызметі мен жұмыс тәжірибесі туралы және т.б. қосымша мәліметтер көрсетіледі.

Өмірбаян азат жолдан «Мен» деген сөзден басталып, бірінші жақта, жекеше түрде баяндалады.

Тәжірибеде өмірбаян 3 түрлі болып жазылады.

Өмірбаянның бірінші түрі – адамның өз өмірі мен қызметі туралы баяндауы. Бұл көбінесе қызметке орналасу кезіндегі жеке ісқағазына қоса тігілу үшін жазылады. Онда адам өзінің аты-жөнін, туған күнін толық көрсетеді. Одан кейін жаңа жолдан нақты деректермен санамалап жазады. Өмірбаянның бұл түрі көбінесе ресми түрде жазылады да, көлемі жағынан шағын болады.

Өмірбаянның бұл түрінің ерекшелігі:

1) хронологиялық тәртіппен жазылады;

2) ресми стильде мәтін түрінде жазылады.

Өмірбаянның екінші түрі– мемуарлар, яғни ақын, жазушылардың, өнер, қоғам қайраткерлерінің өз өмірін қоғам өмірімен байланыстыра баяндауы.

Өмірбаянның бұл түрі көркем шығармаға жақын, әдеби тілмен, шебер жазылғандығымен оқырманды тартады және ол оқырманды жеке адам өмірімен ғана емес, қоғам дамуымен таныстырады. Мұндай шығармалар қай тілде болмасын өте көп және қара сөзбен де, өлең сөзбен де жазылады.

Өмірбаянның бұл түрінің ерекшелігі:

1) жеке адам өмірімен ғана емес, сол кездегі қоғам дамуымен де таныстыруы; 2) көркем әдеби стильде жазылады.

Мысалы:

1. Д.А. Қонаев. «Өтті дәурен осылай». Естелік-эссе. 1992, 443 бет. «Дәуір» баспасы.

2. Ш.Жиенқұлова. «Өмірім менің – өнерім». 1983, 214 бет. «Жазушы» баспасы.

3. С.Сейфуллин. «Тар жол тайғақ кешу» роман. 1977, 392 бет. «Жазушы» баспасы.

4. Ғ.Мұстафин. «Көзкөргендер». 1958.

Өмірбаянның үшінші түрі – қоғамға белгілі қайраткерлердің өмірі мен шығармашылық, саяси қызметтері өз тарапынан емес, басқа біреулер тарапынан баяндалады.

Өмірбаянның бұл түрінің ерекшелігі:

1) жеке адамды зерттеу барысында жазылады;

2) ғылыми стильде жазылады.

Мысалы:

Ұлы ойшыл, ақын А.Құнанбаев өмірі туралы М.Әуезовтің ғылыми-зерттеу еңбектерін атап айтуға болады.

Күнделікті өмірде ең жиі қолданылатын өмірбаянның түрі – ресми түрі. Өмірбаян бірінші жақта жазылады, көлемі шағын болады.

Өмірбаянның мазмұны автордың өмір жолын, іскерлік қасиеттерін жан-жақты баяндап беруге тиіс.

Құрылымы:

1. Құжаттың атауы.

2. Аты-жөні (толық жазылады), туған күні, айы, жылы, туған жері.

3. Ұлты. Азаматтығы.

4. Білімі, оқыған оқу орындары.

5. Жетістіктері.

6. Отбасы (ата-анасы, жұбайы, балалары) туралы мәлімет.

7. Қосымша мәліметтер (тіл білуі, қызығушылығы) т.б.

8. Қазіргі жұмысы, мекенжайы туралы мәлімет.

9. Құжаттың жазылған күні, айы, жылы.

10. Қолы.

 

 

Өтініш

 

Өтініш дегеніміз – азаматтардың жеке құқықтары мен мүдделерінің жүзеге асырылуы мазмұндалатын, ресми түрде жазбаша баяндалатын, өтіну, өтініш білдіру, сұрау туралы лауазымды тұлғаға бағытталған ресми құжат.

 

Өтініш құжат ретінде кеңсе бөлімінің (канцелярия) арнайы жорналына тіркеліп, нөмірленгеннен кейін ғана ресми құжат болып есептелінеді.

Өтінішке мекеме басшысы бұрыштама қойғаннан кейін, сол өтініш негізіндебұйрық шығарылады. Өтініш мекеме басшысына келіп түскеннен кейін, өтінішке лауазымды тұлға «бұрыштама» қояды. Мысалы: «Қарсы емеспін», «Келісемін», «Бекітілсін» т.б.

Демалыс алу туралы өтініште міндетті түрде демалыс түрі (кезекті еңбек демалысы, кезектен тыс демалыс, ақысыз демалыс) мерзімі көрсетілуі тиіс.

Өтініш, негізінен, мынандай жағдайларда жазылады:

ü оқуға түскен кезінде;

ü басқа оқу орнына ауысқанда;

ü бір факультеттен басқа факультетке ауысқанда;

ü жатақханадан орын сұрағанда;

ü жұмысқа қабылдау кезінде;

ü басқа жұмысқа ауысқанда;

ü жұмыстан босату кезінде;

ü кезекті демалыс сұрау кезінде;

ü кезектен тыс демалыс сұрағанда;

ü материалдық көмек сұрағанда;

ü денсаулығына байланысты академиялық демалыс алғанда т.б.

Өтініштің жазылу тәртібі:

Өтініш А-4 қағазының оң жақ шетіне, бір бағанның бойына кімге жазылғаны, одан кейін бір жол тасталып, кімнің жазғаны және қағаздың ортасына қою қара әріптермен құжаттың атауы жазылады. Одан кейін тағы да бір жол тасталып, азат жолдан бас әріппен мәтін басталады.

 

Құрылымы:

1. Кімге жазылғаны (мекеменің толық атауы, лауазымы, аты-жөні, дәрежесі / атағы).

2.Кімнің жазғаны: (мекенжайы, қызметі, лауазымы, аты-жөні).

3. Құжат атауы (өтініш).

4. Негізгі мәтін.

5. Жазылған мерзімі.

6. Өтініш иесінің қолы.

 

Ескерту!

· Демалыс алу туралы өтініш арнайы бланкіге толтырылады; мерзімі туралы ақпарат қолмен жазылады. Өтініштің бұл түрінде беттің артқы жағында демалысқа бөлінген айлықтың есебі жазылады.

· Қызметтен босату туралы өтініш деректемелердің құрамы мен толтырылуы жағынан басқа жұмысқа ауысу туралы өтінішке ұқсас.

· Оқу демалысын алу туралы өтініш және жүкті болуына немесе босануына байланысты т.б. өтініш түрлерінің мәтінінде соны растайтын құжаттардың (оқу орнынан анықтама, ауырғаны туралы анықтама қағазы және т.б.) бар екендігі көрсетіледі. Бұл құжаттар өтінішке қоса тіркеледі.

· Кезекті еңбек демалысын алу мәселесі, не бекітілген демалыс кестесі арқылы, не жеке өтініш бойынша шешіледі.

 

Есте сақтаңыз!

Кімге:

- А.К. Айдароваға

- «Адал» АҚ-ның басшысы А.Темірбековке

- «Қайнар» университетінің ректоры А.Қарабаеваға

- Қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д. Г.С. Құрманбайға

- Қаржы-экономика факультетінің деканы Ә.М. Вильмурға

Кімнен:

· Оқытушы Н.Досановтан

· Тіркеу бөлімінің басшысы К.Омаровадан

· Орыс тілі пәнінің оқытушысы А.Б. Тұмановадан

 

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Өтініш кімнің атынан жазылады?

2. Қандай жағдайларда жазылады?

3. Өтініш негізінде қандай құжат дайындалады?

4. Өтініш қандай жағдайда ресми құжат болып есептелінеді?

 

 


<== previous lecture | next lecture ==>
Кіріспе | Мінездеме
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.168 s.