![]() |
МінездемеDate: 2015-10-07; view: 2828. Арыз
Арыз – азаматтардың заң арқылы қорғалатын жеке құқықтары бұзылған жағдайда оны қалпына келтіру туралы талап-тілек айтылып, заңдық тұрғыда өз құқығын қорғау мақсатында жазылатын ісқағазы. Дәлірек айтсақ, арыз –бұл жеке адамның қандай да бір ұйым басшысына, лауазымы жағынан жоғары тұрған адамның атына немесе заңды тұлғаға өзінің құқықтары мен мүдделерін іске асыру немесе қорғау үшін жазылатын құжат түрі. Арыздың негізгі мақсаты – азаматтардың бұзылған құқықтарын заңдық тұрғыда қалпына келтіруді талап ету. Арызда деректер нақты көрсетілуі керек. Арыз, көбінесе, жеке адам атынан жазылады. Сондай-ақ ұжымның мүддесін көздейтін ұжымдық арыз түрлері де болады. Арыз белгілі бір себеппен ғана жазылады. Әдетте онда бір ғана мәселе көтеріледі. Арыз онда айтылған мәселені шешуге құқы бар лауазым иесіне жазылады. Өтініш құжат ретінде кеңседе тіркеліп, тіркеу нөмірін алғаннан кейін ғана ресми құжат болып есептелінеді. Арызда да өтініштегі сияқты мекеме басшысының бұрыштамасы қойылады (Арыз тиісті орынға келіп түскеннен кейін, оған бұрыштама қойылады. Мысалы: «Қаралсын», «Комиссия құрылсын» т.б.). Арыздың 3 түрі бар: · өтініш түрінде жазылатын арыз; · шағым түрінде жазылатын арыз; · түсініктеме түрінде жазылатын арыз. Өтініш түріндегі арыз – белгілі бір тұлғаның бір нәрсеге риза болмай арыздануы. Бірақ арызданушы шара қолдануды емес, өзінің талап-тілегінің орындалуын сұрайды. Мысалы: №377 дәрісхананың суық болуына байланысты бірнеше студент суықтап ауырып, сол себепті басқа дәрісханаға ауыстыруды сұрады. Шағым түрінде жазылатын арыз – құқығының бұзылуына байланысты шағымданып, шара қолдануын сұрау. Мысалы: Көрші бөлмедегі Жұлдыз деген қыз музыканы түнгі 12-ден кейін дауысын өте қатты шығарып қояды. Бізге сабақ оқып, демалуға кедергі жасайды. Бірнеше рет ескертілді. Бірақ тыңдамады. Осы мәселеге байланысты шара қолдануыңызды сұраймыз. Түсініктеме түрінде жазылатын арыз – белгілі бір оқиғаға байланысты мәселенің дұрыс шешілмей, жәбірленушінің болған оқиғаны нақты түсіндіре отырып қарсы арыздануы. Мысалы: Көліктердің соқтығысуына байланысты, болған оқиғаға куәгерлерді тарту арқылы нақты деректермен дәлелдеу. Арыздың жазылу тәртібі: Арыз А-4 қағазының оң жақ шетіне, бір бағананың бойына кімге жазылғаны, одан кейін бір жол тасталып кімнің жазғаны және қағаздың ортасына қою қара әріптермен құжаттың атауы жазылады. Одан кейін тағы да бір жол тасталып, азат жолдан бас әріппен мәтін басталады.
Құрылымы: 1. Кімге жазылғаны (мекеменің толық атауы, лауазымы, аты-жөні, дәрежесі / атағы). 2. Кімнің жазғаны: (мекенжайы / қызметі, лауазымы, аты-жөні). 3. Құжат атауы (арыз). 4. Негізгі мәтін. 5. Жазылған мерзімі. 6. Арыз иесінің қолы немесе арыз мазмұнымен келісушілердің қолы. Негізгі мәтінкіріспе сөзден басталады. Мысалы, «Менің сізге арыз беру себебім». Ары қарай құжаттың мәнін ашатын, арыз жазуға себеп болып отырған негізгі мәселе сөз болады. Мәтін соңында күнделікті қызмет этикасын сақтау сөздерін қолдана отырып, адресаттан қандай шешім күтетіндігі жазылады. Мысалы, «Айтылғандарды ескере отырып, шара қолдануыңызды сұраймын», «мәселені шешіп беруіңізді сұраймын» т.с.с. Ескерту! Ұжымдық арызда арыз мазмұнымен келісушілердің аты-жөні, қолдары иерархиялық тәртіппен, я болмаса әліпби тәртібімен жазылады. Қол қоюшылар өте көп болатын болса, онда арызға қол қою парағы тіркеледі. Арыз мазмұнымен келісуші қолы қойылғанда, келісім туралы қысқаша ақпарат та жазылады. Мысалы, «Келісемін», «Қарсы емеспін». Бұл жерде де күні жазылып, атқаратын қызметі көрсетіледі.
Анықтама Анықтама –мазмұны белгілі бір фактіні немесе оқиғаны дәлелдейтін, растайтын ісқағазының бір түрі. Анықтаманың құқықтық дәрежесі жоғары, заңдық күшке ие. Себебі біздің жеке басымызды куәландыратын құжатымызды жоғалтып алған жағдайда, оның орнын уақытша анықтама ауыстыра алады. Сондай-ақ, перзентханаларда сәбидің өмірге жаңа келгендігін растау үшін де анықтамалар беріледі. Анықтаманың түрлері: 1. Жеке адамға қатысты анықтама. 2. Қызметтіканықтама. 1. Жеке адамға қатысты анықтама Анықтама көп жағдайда жеке адамға байланысты нақты бір ақпаратты растау үшін беріледі. Мысалы: тегі, аты-жөні, туған күні, туған жері, еңбек өтілі, атқаратын қызметі, мамандығы, білімі туралы мәлімет, т.б. Анықтамада берілген мәлімет әр кез мұқият тексерілуі қажет. Мәліметтің дәлдігін тексерумен кадр бөлімінің қызметкері немесе ұйым жетекшісі, өкілдік берген хатшы айналысады. Анықтама беру журналындағы рет санының өсу тәртібіне орай, әр анықтамаға нөмір қойылады және бірнеше дана берілсе, ол да көрсетіледі. Мысалы, “422/2”. Берілген анықтаманың көшірмесі мекемеде қалдырылмайды. Кейбір ерекше жағдайда көшірмесі қалдырылатын болса, ол жеке іс бумасына немесе қызметкердің жеке ісіне тігіледі. Анықтама А5 форматты параққа дайындалады. Кейбір көлемі үлкен анықтамалар үшін А4 форматты қағаз парағы пайдаланылады. Мекеме жетекшісі өз билігі мен өкілеттілігінің шеңберінде ғана анықтама беруге және оны растап қол қоюға құқы бар. Анықтама беруші жауапты адамның қолы ұйым мөрімен расталады. Анықтамадағы қызметтік сипаттағы мәліметті тиісті бөлім қызметкері тексереді. Мысалы, еңбекақы туралы мәліметті бухгалтерия бөлімінің қызметкері, белгілі бір мекемеде жұмыс істейтіндігі туралы мәліметті кадр бөлімінің қызметкері тексеріп, дайындайды. Кез келген анықтаманың тіркелген нөмірі, жауапты адамның қолы, мекеме мөрі болғанда ғана заңды күші бар. Құрылымы: 1. Құжат атауы. 2. Берілген күні, айы, жылы; нөмірі; орны. 3. Негізгі мәтін. 4. Анықтаманың қай ұйымға арналып берілгендігі туралы мәлімет. 5. Анықтаманың жарамдылық мерзімі жайлы мәлімет. 6. Анықтама мәтінінде жазылған мәліметтің растығына жауапты ұйым жетекшісінің лауазымы; аты-жөні, қолы. 7. Анықтаманы беріп отырған ұйымның мөрі.
1. Құжат атауы.Құжат атауы үлкен әріптермен парақтың ортасына жазылады. Мысалы: АНЫҚТАМА 2. Берілген күні, айы, жылы; нөмірі; қала атауы. Мысалы, 10 қаңтар, 2010 жыл №115 Алматы қаласы 3. Негізгі мәтін.Негізгі мәтін анықтаманың берілу мақсатына қарай, жүйелі түрде жазылады. Мысалы, “Осы анықтама Бияров Бердібекке оның Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Қазақ филологиясы факультеті күндізгі бөлімінің 3 курсында оқитынын растайды”. 4. Анықтаманың қай ұйымға арналып берілгені туралы мәлімет.Бұл мәлімет негізгі мәтіннен төмен, азат жолдан басталып жазылады. Мысалы: “Анықтама Алматы қаласы Алмалы аудандық әскери комиссариатқа көрсету үшін берілді”.
5. Анықтаманың жарамдылық мерзімі туралы мәлімет.Бұл мәлімет те жаңа жолдан жазылады және берілген анықтаманың қай мерзімге дейін күші бар екендігі көрсетіледі. Мысалы: “Анықтама 2010 жылдың 31 желтоқсанына дейін жарамды”. Немесе: “Анықтама берілген күннен бастап 6 айға дейін жарамды”. (Кейбір өзгермейтін фактілер жазылатын немесе болған оқиғаның датасы көрсетілетін анықтамалардың жарамдылық мерзімін көрсету міндетті емес. Мысалы, полицияда болғандығы туралы немесе белгілі бір құжатты, затты өткізгендігі туралы).
6. Анықтама беруші адамның қолы.Бұл мәлімет анықтаманың жарамдылық мерзімінен кейін жаңа жолдан 2 см-дей орын қалдырылып барып жазылады. Анықтама беруші тұлғаның лауазымы жазылады, қолы қойылады және аты-жөні жазылады. Мысалы, Қазақ филологиясы факультетінің деканы _______________ Т. Сағымбеков (қолы) Анықтама беруші жауапты адамның қолы ұйым мөрімен расталады. Егер анықтама жоғары тұрған ұйымға берілсе, онда ол арнайы бланкте дайындалып, оған ұйым жетекшісі қол қояды. 2. Қызметтік анықтама Қызметтік анықтамалар бекітілген комиссия мүшелері жүргізген қандай да бір тексерудің жиынтық нәтижесінен тұрады: · Белгілі бір мекемедегі материалдардың болуы туралы анықтама. · ЖОО ішкі бақылау комиссиясының анықтамасы. · Белгілі бір мекемелердегі, ұйымдардағы немесе олардың бөлімшелеріндегі жұмыс түрлерін тексеріп қорытындылау, бағалау мақсатында да жазылған анықтама т.б.
Осындай анықтамалар арқылы белгілі бір өкілдігі бар адамдар тобы тексерілген істер бойынша (мысалы оқу орнының оқу-тәрбие жұмысын тексеру, өндіріс орындарының міндеттемелерін орындау жөніндегі іс-шараларын тексеру т.б.) өз пікірлері мен қорытындысын жоғарғы ұйымға, басшыларға жеткізеді. Анықтамада тексерудің мақсатына қарай барлық фактілер мен оқиғалар рет-ретімен жүйелі түрде жазылуға тиіс.
Жеке адамға қатысты анықтама мен қызметтіканықтамалардың айырмашылықтары: · қызметтік анықтамада адресат деректемесі рәсімделеді, · жеке анықтамада адресат рәсімделмейді.
Жеке іс парағы Кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы дегеніміз – белгілі бір тұлға туралы толық мәлімет беретін, арнайы бланкіге толтырылатын іс қағаздарының бір түрі. Кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы – жұмысқа қабылдану, магистратураға тапсырған кезде, кандидаттық және докторлық диссертация қорғайтын кезде, сайланбалы органдарға сайлану кезінде, сондай-ақ ұйымдар, мекемелер талап еткен жағдайларда толтырылатын арнаулы бланк түріндегі ресми құжат.
Жеке іс парағын толтыру кезінде қажет болатын құжаттар: · Жеке куәлік, · СТТН (салық төлеушінің тіркеу нөмірі), · ӘЖК (әлеуметтік жеке коды), · Диплом (нөмірі), · Еңбек кітапшасы, · Әскери билеті. Жеке іс парағы – визит карточкасы, өмірбаян, түйіндемеде берілетін мәліметтемен дәлме-дәл сәйкес жазылуы керек. Жеке іс парағында адамның білімі, кәсібі мен мамандығы, отбасы жағдайы, қоғамдық қызметі мен еңбек жолы толық көрсетіледі. Жеке іс парағының ерекшелігі: 1) жеке адам туралы толық мәлімет береді; 2) арнайы бланкіде толтырылады; Қорыта айтқанда жеке адам туралы нақты және толық мәлімет беріледі. Құрылымы: 1. Аты-жөні 2. Жынысы 3. Туған күні, айы, жылы 4. Туған жері (ауыл, аудан, қала, облыс, республика) 5. Ұлты, азаматтығы 6. Білімі 7. СТТН (РНН) 8. ӘЖК (СИК) 9. Жеке куәлік нөмірі 10. Мекенжайы 11. Телефоны 12. Оқу орнының атауы, орналасқан жері. Түскен жылы. Бітірген немесе шыққан жылы. Бітірмесе, қай курстан кетті. Қандай мамандық бойынша білім алды. Оқу орнын бітірген соң кім болып шықты, диплом не куәлік нөмірі 13. Қандай шетел тілдерін және ТМД халықтарының тілдерін білесіз (қандай дәрежеде) 14. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы 15. Ғылыми еңбектері және жаңалықтары (өнертабыстары) 16. Еңбек жолы (келген уақыты. Кеткен уақыты. Күні, айы және жылы. Қызметі, мекеме, ұйым, кәсіпорын, министрлік). Мекеме, ұйым, кәсіпорынның тұрған жері 17. Сайланбалы орындарға қатысуы (Сайланбалы органнның тұрған жері. Сайланбалы органның атауы. Кім болып сайланған. Сайланған жылы. Шығарылған жылы). 18. Мемлекеттік марапаттары 19. Әскери қызметке қатысы, әскери атағы (Құрамы. Әскер түрі) 20. Жеке іс парағын толтырған кездегі отбасы жағдайы (Отбасы мүшелерінің туған күні, айы, жылы) 21.Толтырылған мезгілі 22. Қолы Бұл мәліметтерді төмендегідей тәртіпте толтыруға болады. 1. Тегі, аты, әкесінің аты: қысқартусыз толық жазылады. Мысалы, Жаңабаева Бөлекбайқызы Балауса. 2. Жынысы: ер немесе әйелдеп көрсетіледі. 3. Туған күні, айы және жылы: ай аты толық көрсетіледі. Мысалы, 24 қазан 1980 жыл. 4. Туған жері: құжатта көрсетілген мәліметпен бірдей, сол кездегі ресми атауы өзгеріссіз көрсетіледі. Мысалы, Талдықорған облысы, Ақсу ауданы, Қызылтаң ауылы. 5. Ұлты: жеке куәлікте, төлқұжатта көрсетілген мәліметпен сәйкес жазылады. Мысалы, қазақ. 6. Білімі: Тек орта мектепті бітірген болса, орта, техникум, училище, колледж бітірген болса арнаулы орта, инситут, университет бітірген болсажоғары деп көрсетіледі. Бітірген мектеп, арнаулы немесе жоғары оқу орны және оның тұрған жері туралы мәлімет толтырылған кезде қазіргі атауы емес, сіз бітірген кездегі ресми атауы жазылады. Мысалы, сіз Қазақ ұлттық университетін 1986 жылы бітірген болсаңыз, С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті, Алматы қаласы деп сол кездегі атауын көрсетіңіз. Қандай мамандық бойынша білім алғаны диплом немесе куәлік нөмірі құжатқа сәйкес көрсетілуі тиіс. Мысалы, филолог, қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы, диплом МВ №114366. 7. Тіл білу дәрежесі: бұл пунктте алдымен ана тілі, содан кейін барып меңгерген қосымша тілдері туралы мәлімет жазылады. Мысалы, ана тілім – қазақ тілі, орыс тілінде еркін сөйлеймін, неміс тілінде оқып, түсінісе алу деңгейінде білемін немесе қазақ және орыс тілдерін жетік білемін, ағылшын тілін ауызекі сөйлеу деңгейінде меңгергенмін. 8. Ғылыми дәрежеңіз, атағыңыз: ресми атауын жазасыз. Мысалы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент. 9. Ғылыми еңбектеріңіз бен жаңалықтарыңыз: бұл пунктте техника, өнер т.б. салада ашқан жаңалығыңыз немесе қомақты еңбегіңіз жазылады. Мысалы, 2002 жылы «Рауан» баспасынан шыққан «Қазақша-орысша сөздіктің» авторымын. Көлемі 10 баспа табақ. 10. Еңбек жолы тармағында: жоғары және арнаулы оқу орындарында оқыған жылдары, Қарулы күштер қатарында болған жылдары және негізгі жұмысы мен қосымша істеген жұмыстары көрсетіледі. Оқу орнын көрсеткен кезде түскен бітірген уақыты, қарулы күштер қатарында болған уақыты толық және жұмысқа орналасқан уақыты мен одан шыққан немесе басқа жұмысқа ауысқан уақытыңыз күні, айы және жылы жазылады. Мекемелер, ұйымдар мен кәсіпорындар, жоғары және арнаулы оқу орындары, сол кезде қалай аталса сол атауы жазылады. Әскери қызметі мен атағы, әскери округ сол кезде қалай аталса сол бойынша жазылады. Мысалы, 30 тамыз, 1981 ж. – 30 шілде, 1986 ж. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті Филология факультетінің студенті. 1 қыркүйек, 1986 ж. – 30 желтоқсан, 1989 ж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті Қазақ тілі кафедрасының аспиранты. 3 қаңтар, 1990 ж. – 1 шілде, 1992 ж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті Қазақ тілі кафедрасының оқытушысы. Немесе, 5 қазан, 1981 ж. – 5 қараша, 1983 ж. Совет Армиясы қатарында болдым. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласындағы №115 әскери округте қатардағы жауынгер, кіші сержант, сержант қызметін атқардым. Еңбек жолы тармағындағы мәліметтер еңбек кітапшасындағы мәліметпен немесе толтырушының еңбек жолын айғақтайтын басқа да құжаттарда көрсетілген мәліметпен бірдей болуы керек. 11. Сайланбалы органдарға қатысуы: бұл тармақта егер жеке іс парағын толтырушы республикалық, облыстық, қалалық, аудандық т.б. сайланбалы органдарға депутат болып сайланған жағдайда толтырылады. Қатыспаған болса, қатысқан жоқпын деп жазылады. 12. Мемлекеттік наградалар: бұл тармақты марапатталғандар ғана толтырады. Бұл тармақта қашан және немен марапатталғаны көрсетіледі. Марапатталмаған болса, марапатталғам жоқ деп жазылады. 13. Әскери қызметке қатысы: бұл пунктте ең алдымен әскери қызметке міндетті немесе міндетті еместігі жазылады. Мысалы, әскери қызметке міндеттімін, әскери қызметке міндетті емеспін. Егер әскери қызметке міндетті болса, бұдан кейін әскери атағы, командалық, саяси, әкімшілік, техникалық құрамы, әскер түрі жазылады. Мысалы, Алматы қаласы Калинин аудандық әскери комиссариаттан берілген әскери билет НС №3361048. Құрамы: сержант. Әскер түрі: командалық. 14. Жеке іс парағын толтырған кездегі отбасы жағдайы: бұл пунктте әйел адамдар сол кездегі жағдайына сәйкес тұрмыстамын, тұрмыста емеспін деп, ал ер адамдар: үйленгенмін, үйленбегенмін деп көрсетеді. Отбасы мүшелері туралы жазылатын тармақта өз отбасы болса, жолдасының, балаларының аты-жөні және туған жылы, ал жеке іс парағын толтырушы қызметкер үйленбеген немесе тұрмысқа шықпаған болса, ата-анасының, туған бауырларының аты-жөні, туған жылы жазылады. Мысалы, Жолдасым – Асқаров Оралұлы Жәнібек 1962 жылы туған, Ұлым – Асқаров Жәнібекұлы Айдын 1990 жылы туған, Қызым – Асқарова Жәнібекқызы Айсәуле 1992 жылы туған т.б. 15. Жеке іс парағының соңына да толтырушының мекенжайы, үй телефоны, толтырылған күні көрсетіліп, қолы қойылады. Мысалы, Алматы қаласы, Ақсай-1 ықшамауданы, 4 үй, 34 пәтер. Үй телефоны: 2-24-54-68. 15 наурыз 2010 жыл.
Ескерту! Жеке іс парағы жылма-жыл толықтырылып жаңаланып отыруына байланысты, кейбір жеке іс парағында: азаматтығы, жеке куәлік нөмірі, ӘЖК және СТТН нөмірлерін көрсетіңіз деген пункттер де кездеседі. РНН – СТТН (Салық төлеушінің тіркеу нөмірі) СИК – ӘЖК (Әлеуметтік жеке код)
Сұрақтарға жауап беріңіз. 1. Кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы қай уақытта, қандай жағдайда толтырылады? 2. Кадрлар жөніндегі іс парағын толтыру үшін өзіңіздің қандай құжаттарыңызды пайдалана отырып толтырасыз? Атап өтіңіз? 3. Кадрлар жөніндегі іс парағының ерекшелігін атаңыз. Түсініктеме Түсініктеме – ұйым, мекеме басшысының атына жазылып, белгілі бір жағдайлардың, оқиғалардың, фактілердің себебі туралы түсінік беретін іс қағазының түрі. Түсініктеме күнделікті өмірде қандай да бір оқиғаларға, жағдайларға, қызметкерлер мен жұмысшылардың тәртібі мен іс-әрекеттеріне байланысты жазылады. Мұндай түсініктемелердің мәтіні қысқа және дәлелді болуы керек. Түсініктеменің құрылымы : · Мекеме, ұйымның аты · Мекеме, ұйым басшысының аты-жөні, лауазымы · Кімнен екендігі · Тақырыбы · Мәтіні · Айы, күні, жылы · Түсініктеме жазушының аты-жөні, қызметі, қолы Сөздік: Мекеме басшысының атына – на имя руководства Оқиға – проишествие Түсінік – обьяснинение Күнделікті өмір – повседневни жизнь Тіртібі – поведение Дәлелді – обасновный
Халықаралық бизнес академиясы, оқу бөлімінің бастығы Е. Калкенов мырзаға тілдер кафедрасының аға оқытушысы Естаев Дидардан
ТҮСІНІКТЕМЕ Эканомика факультетінің орыс бөлімі 1-курсында 21.03.08 ж. 2,3,- пар қазақ тілі сабағы болмай қалаған себебі, 1-курс студенттері наурыз мерекесіне дайындалу үшін деканат тарапынан сабақтан босатылған. Өтілмеген сабақтар келесі аптада сәрсенбі, жұма күндері сағат 11.30-да өткізіледі. Тілдер кафедрасының аға оқытушысы: (қолы) Естаев Д. 21.03.08ж. Халықаралық бизнес академиясы, ЖКББ деканы С.Н.Дүйсенғұлова ханымға Қаржы факультетінің 1-курс студенті А. Сердалиевтен ТҮСІНІКТЕМЕ Менің 2008 жылдың 24 наурыздан 29 наурызға дейін сабақта болмау себебім – ауруханада емделдім. Дәрігердің анықтамасын қоса тапсырып отырмын. Қаржы факультетінің 1-курс студенті: (қолы) А. Сердалиевтен 31.03.08ж. Мінездеме дегеніміз – белгілі бір адамдыөмірбаяндық, біліктілік, кәсіптік, адамшылық тұрғыда мінез-құлқын сипаттай отырып жазылатын ісқағазының бір түрі. Мінездеме басқа мекеме талап еткен жағдайда, оқуға, аспирантураға түскен кезде, сондай-ақ қызметкердің, маманның кәсіби біліктілігін арттыру барысында беріледі. Мінездеме нақты, объективті және толық болуы керек. Мінездеме беруші туралы мәліметке мінездеме берушінің аты-жөні, ресми қызметі, дәрежесі жазылады. Мінездеме 2 дана етіп дайындалады. Біріншісі талап етуші мекемеге жіберіледі, екіншісі мінездеме иесінің жеке ісіне немесе мінездемелер тіркелетін іске тігіледі. Барлық мінездемелерге мекеме мөрі басылады. Мінездеме ресми стильде, еркін түрде жазылады. Мінездемеде талап етуші ұйымның ресми атауы толық көрсетіледі. Жалпы тәжірибеде мінездеменің 3 түрі бар. Олар: 1. Қызметтік мінездеме. 2. Аттестациялық мінездеме. 3. Жеке (функционалды) мінездеме. 1. Қызметтік мінездеме – мінездеменің айрықша кең тараған әмбебап формасы. Мінездеменің бұл түрі қызметкерді объективті әрі нақты мінездеу қажет болған жағдайда жазылады. Негізінен, бос орынға, оқу орнына, жоғары қызметке ұсынылғанда т.б. беріледі. Қорытынды бөлімі құжат мазмұнын түйіндейді. 2. Аттестациялық мінездеме белгілі бір қызметкерді қызмет орнын тексеру барысында комиссия құрамының жүргізген аттестация қорытындысына орай жазылады. Мұнда мінездеме беріліп отырған адамның перспективалық қызметіне байланысты бір-екі нақты ұсыныс енгізіледі. Негізгі мәтіннен кейін қорытынды сөзін азат жолдан, бас әріптермен жазып, негізгі түйінді немесе ұсынысты атап көрсетуге болады. Мысалы, ҚОРЫТЫНДЫ: Атқарып отырған қызметіне лайық. ҚОРЫТЫНДЫ: Атқарып отырған қызмет орнына лайық емес. ҚОРЫТЫНДЫ: Қызмет бабында жоғары қызметке ұсынуға лайық. ҚОРЫТЫНДЫ: Кәсіптік дайындық деңгейін, басшылық қызметтегі тәжірибесін ескере отырып, Н.С.Нұртазаевты конкурстық негізде Статистика бөлімінің бастығы қызметіне ұсынуға болады – деген түйінді сөздер жазылады. 3. Жеке (функциональды) мінездемеадамның жеке басының мінезін, білімін, кәсіби шеберлігін, икемділігін т.б. сипаттай отырып жазылады.Қорытынды бөлімінде мінездеме не мақсатпен жазылғандығы атап көрсетіледі. Мысалы, «Еңбек келісімін ұзарту үшін». Жауапты адамның, яғни мінездеме иесі қызмет істейтін мекеме басшысының қолы қойылғаннан кейін, қажет болған жағдайда мөр басылады. Кей жағдайда мінездеме алушы адам парақтың соңына мінездемемен таныстым деп жазып, қол қояды. Аты-жөнін, танысқан күнін де жазады.
Мінездеменің мақсаты:
Мінездеменің ерекшеліктері:
Мінездеме 2 дана етіп дайындалады. Біреуі талап етуші мекемеге жіберіледі, екіншісі мінездеме иесінің жеке ісіне я мінездемелер тіркелетін іске тігіледі. Мінездеменің көлемі шағын, 1 беттен аспауы керек.
Құрылымы: Құжаттың атауы. Мінездеме берілетін адам туралы қысқаша мәлімет: а) аты-жөні; туған жері; туған күні, айы, жылы; ұлты; азаматтығы; ә) білімі, бітірген оқу орындары; б) қызмет істеген жылдары, орны; Негізгі мәтін: а) кәсіби біліктілігі (өз міндетіне, қоғамдық тапсырмаларға қатысы); ә) жеткен жетістіктері; б) отбасы жағдайы; в) жеке басының адамгершілік қасиеттері; г) сын көтеру қабілеті. Қорытынды. Мінездемені талап етуші ұйымның атауы. Мінездеме беруші туралы мәлімет. Мінездеме берілген күн, ай, жыл. Қосымша.
Бұл құжатты төмендегідей тәртіпте толтыруға болады. 1. Құжат атауы. Құжат атауы парақтың жоғарғы жағын ала, орта тұсына үлкен қоюлатылған әріптермен жазылады. Мысалы,
|