Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






З.К. Аюпова – профессор.


Date: 2015-10-07; view: 553.


7. Серік Қожа-Ахметұлы Мырзалы –профессор.

8. Ғ.А. Жайлин – з.ғ.к, доцент, профессор

9. Ғ.О. Тажина – б.ғ.к., доцент

10. Ә.З. Камалиденова – философ.ғ.к., доцент

11. Н.Ә. Әміреев – п.ғ.м., аға оқытушы.

12. Г.К. Өтебаева – п.ғ.м., аға оқытушы.

13. Б.Р. Бекенова – аға оқытушы.

 

Мәжіліске қатысушылардың ішінде басқа ұйымнан келіп отырғандар болса, олардың аты-жөні, лауазымымен қоса ұйымның ресми атауы да жазылады. Мысалы,

А.Байтұрсынов атындағы Тіл білім институтының ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Г.Көбденова.

Мәжіліске қатысушылардың саны көп болған жағдайда оларға жеке тізім жасалып, ол хаттамаға қосымша ретінде беріледі. Тізімдегі аты-жөндер әліпби тәртібімен немесе лауазым, дәрежесіне қарай иерархиялық тәртіппен жазылады. Қатысқандар тармақшасында олардың жалпы саны ғана көрсетіледі. Мысалы,

ҚАТЫСҚАНДАР: Жалпы саны – 14.

Немесе:

ҚАТЫСҚАНДАР:

Дәлелді себептермен келмегендері – 1.

Дәлелсіз себеппен келмегендері – жоқ.

Қатысқандардың жалпы саны – 14.

 

«Қатыспағандар» туралы жазғанда мәжіліске олардың қаншауы дәлелді себептермен келмегені немесе дәлелсіз себептермен келмегендігін аты-жөнімен қоса нақты саны көрсетілуі қажет. Мысалы,

ҚАТЫСПАҒАНДАР:

А.Мүсірәлиева (себепті – іссапарға кетуіне байланысты).

6.Күн тәртібі. Күн тәртібінде сол күнгі мәжілісте қаралатын негізгі мәселелер жазылады. Күн тәртібіндегі мәселелер маңыздылығына қарай нөмірленіп беріледі. «Күн тәртібі» деген сөз жолдың ортасына үлкен, қоюлатылған әріптермен жазылады. Мысалы,

КҮН ТӘРТІБІ:

1. Кафедра оқытушыларының ғылыми жобаға қатысуы туралы.


<== previous lecture | next lecture ==>
Хаттама | Эдвайзерлік туралы.
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.18 s.