Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Эдвайзерлік туралы.


Date: 2015-10-07; view: 1087.


3. Ашық сабақтар туралы.

7. Тыңдалған мәселелер туралы мәлімет. Бұл тармақ азат жолдан басталып «Тыңдалды» деген сөзден басталады. Бұл сөз үлкен, қоюлатылған әріптермен жазылып, қос нүкте қойылады. Егер күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралатын болса, олар күн тәртібіндегі нөмірлермен сәйкес нөмірленіп көрсетіледі. Мысалы,

1. ТЫҢДАЛДЫ:

2. ТЫҢДАЛДЫ:

3. ТЫҢДАЛДЫ:

 

Егер күн тәртібінде бір ғана мәселе болса, онда нөмірленбейді. Мысалы,

ТЫҢДАЛДЫ:

 

Әдетте күн тәртібінде қаралатын негізгі мәселе бойынша баяндама жасалатын болса, баяндама туралы қысқа ғана мәлімет үшінші жақ, жекеше түрде жазылып, баяндама мәтіні хаттамаға қосымша ретінде тігіледі. Мысалы,

1.ТЫҢДАЛДЫ:

Жиналыс төрағасы, Гуманитарлық тілдер кафедрасының меңгеру-шісі, философия ғылымдарының докторы, профессор Г.Ж. Нұрышева-ның баяндамасы. (Баяндама мәтіні қосымша тіркелді).

 

Сұрақтар туралы мәлімет азат жолдан бастап беріледі. Азат жолдан СҰРАҚТАР: деген сөз қоюлатылған, үлкен әріптермен жазылып, қос нүкте қойылады, одан кейін азат жолдан сұрақ қоюшының аты-жөні, қызметі немесе лауазымы жазылады. Егер бірнеше адам бірнеше сұрақ қоятын болса, әр сұрақ нөмірленеді. Барлық сұраққа жауап беретін баяндамашы болғандықтан, ол адамның аты-жөні қайталанып жазылмайды. Мысалы,

СҰРАҚТАР:

Н.Ә. Әміреев: ---------------------------------------------------------

Жауап: ---------------------------------------------

А.Б. Тұманова: --------------------------------------

Жауап: ---------------------------------------------

8. Жарыссөзде сөйлегендер туралы мәлімет.«ЖАРЫССӨЗ:» деген сөз азат жолдан, үлкен, қоюлатылған әріптермен жазылады. Жарыссөз күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша болса, 1.ЖАРЫССӨЗ: деп, ал екінші мәселе бойынша болса, 2.ЖАРЫССӨЗ: деп, ал күн тәртібінде бір ғана мәселе болса, нөмірленбейді ЖАРЫССӨЗ: деп қана беріледі. Бұл бөлімде сөз сөйлеушілердің айтқан нақты пікірлері мен тұжырымдары жазылады. Мысалы,

ЖАРЫССӨЗ:

Бұл жерде мәжіліске қатысушылардың айтқан ұсыныс, пікірлері жазылады.

 

9. Дауысқа салу. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе қаралып болғаннан кейін, сол мәселе бойынша жиналысқа қатысушылар қаулы қабылдау / шешім шығару үшін қаралған мәселені дауысқа салады. Мысалы,

«Иә» деп дауыс бергендер саны – 14

«Жоқ» деп дауыс бергендер саны – 0

«Қалыс қалғандар» саны – 0.

 

10. Қабылданған қаулы / (шығарылған шешім) туралы мәлі-мет. Жиналыста (мәжілісте, отырыста) күн тәртібіндегі қарастырылған мәселелер бойынша шешім шығарылады немесе қаулы қабылданады.

Қажет болған жағдайда: қаулы немесе шешім мәтінінде нақты не істеу керектігі, яғни оған жауапты қызметкердің аты-жөні және орындау мерзімі көрсетіледі. «Қаулы» және «Шешім» деген сөз үлкен, қоюлатылған әріптермен жолдың ортасына жазылады.

 

 

Мысалы,

ШЕШІМ:

Эдвайзерлік жұмысты қадағалау Нұрлан Әденұлы Әміреевке жүктелсін.

 

Хаттаманың шешімі «жүктелсін», «ұсынылсын», «қаралсын», «қанағаттандырылсын», «қабылдансын», «шығарылсын» деген бұйрық райда жазылады.

11. Төрағаның және хатшының қолы. Хаттамаға мәжілісті жүргізуші төраға мен мәжіліс барысын хаттамаға жазып, рәсімдеген хатшы қол қояды. Мысалы,

Төраға: _________________ Г. Нұрышева.

(қолы)

Хатшы: _________________ Ә. Қалығұлова.

(қолы)

 

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Хаттама дегеніміз не?

2. Хаттама мазмұн-мақсатына қарай құжаттың қай түріне жатады?

3. Хаттаманың қанша түрі бар?

4. Хаттаманың мәтіні неше бөліктен тұрады?

 

 

Қызметтік хаттар

 

Қызметтік хат – мекемелер арасында байланыс орнату, ақпарат алмасу т.б. ресми мақсаттарда қолданылатын ісқағазының бір түрі.

Хаттар басқа мекемелермен және кәсіпорындармен әртүрлі сұрақтар бойынша жедел байланыс орнату үшін жазылады.

Қызметтік хаттар өзіне тән ресми, кеңселік стилімен ғана емес, тұрақты қолданылатын, қалыптасқан сөз тіркестерімен және өзіне тән терминдердің жиі қолданылуымен ерекшеленеді.

Қызметтік хаттар:

— Сенімді;

— Қысқа;

— Нақты жазылуы керек.

— Бір сөз максимум ақпарат беру керек.

Функционалды белгісіне қарай 2-ге бөлінеді:

— Жауап қайтаруды қажет ететін хаттар.

— Жауап қайтаруды қажет етпейтін хаттар.

Жауап қайтаруды қажет ететін хаттар:

Өтініш хат, ұсыныс хат, үндеу хат, талап хат.

Жауап қайтаруды қажет етпейтін хаттар:

Бұйрық хат, ескерту хат, алғыс хат, дәлел хат, шақыру хат, жарнама хат, ақпараттық хаттар т.б.

Қызметтік хаттар 3 бөлімнен тұрады.

Кіріспе бөлім. Дәлелдеме бөлім. Қорытынды бөлім.

— Кіріспе бөлімде хатты жазуға түрткі болған негізгі себептер жазылады.

— Дәлелдеме бөлімде хатты алушыға сұрақтың дұрыс қойылғандығын дәлелдейтін және оның оң жауап қайтаруына түрткі болатын сандық мәліметтер, логикалық қорытындылар және т.б. дәлелдемелер жазылады.

— Қорытынды бөлімде сұрақтың мәні, негізгі ойы айтылады: келісу немесе бас тарту, ұсыну немесе сұрау және т.б.

 

Рәсімдеу:

— Хаттар бланкіде толтырылады немесе А-4 форматты қағазға жазбаша жазылады.

— Хат тек бір сұрақ бойынша құрылады.

— Хаттың ұсынылатын көлемі – 1 бет (мүмкіндігінше хатты бір бетке сыйдырған дұрыс. Егер хат бірнеше беттен тұратын болса, бет нөмірі қағаздың оң жақ жоғарғы бұрышына қойылады).

— Хат 2 данадан жасалады, хаттың түпнұсқасын кәсіпорын бланкісінде, ал көшірмесін таза стандартты қағазға (А-4) жазады.

— Хат кәсіпорынға, кәсіпорын бөлімшесіне, лауазымды тұлғаға немесе жеке тұлғаға жіберіледі.

 

Мәтінді құрастыруда мынадай тірек сөздер пайдаланылады:

Өтінемін, кәсіпорын өтініш жасайды, басшылық пен еңбек ұжымы өтініш жасайды, ұсыныс енгіземіз, ұсынамыз, хабарлаймыз, түсіндіреміз, мәлімдейміз, т.с.с.

 

Қызметтік хаттардың түрлері:

— Өтініш хат — Ресми хат — Ұсыныс хат — Сұраныс хат — Жолдама хат — Баяндау хат — Ақпарат хат — Циркуляр хат — Шағым хат — Бас тарту хат — Хабарлама хат — Жауап хат — Ілеспе хат — Ескертпе хат — Талап ету хат — Түсінікхат т.б.

 

Қызметтік хаттардың құрылымы:

1. Кәсіпорынның атауы.

2. Кәсіпорын бөлімшесінің атауы (кейбір жағдайларда).

3. Кәсіпорын туралы анықтамалық деректер.

4. Күні, айы, жылы.

5. Тіркелім нөмірі.

6. Хатты алушы.

7. Мәтінге тақырып.

8. Негізгі мәтін.

9. Хат жіберушінің аты-жөні, қолы.

 

Ақпарат хат

 

Белгілі бір ортада атқарылатын жұмыстарға байланысты ақпаратты

басқа мекемелерге тарататын жазбаша құжат.

Ақпараттық хат - өз мекемеңізде, ұйымыңызда болатын іс-шаралар туралы

басқа мекемелер мен ұйымдарға алдын-ала хабар беру туралы іс қғазының түрі.

Ақпараттық хатта іс-шараның тақырыбы, мекенжайы, өтілетін күні нақты

көрсетіледі. Егер ақпараттық хатта ғылыми конференциялар, семинарлар өтілетіні

туралы айтылса, онда сол туралы жазылған мақалаларға қойылатын талаптапр

қоса көрсетіледі.

1-үлгі

 
Халықаралық Бизнес Академиясы Международная Академия Бизнеса
Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Розыбакиев к-сі, 227 Тел.: +7 727 302 22 22, Факс: +7 727 302 21 21 e-mail: info@iab.kz www. iab.kz   Республика Казахстан г. Алматы, ул. Розыбакиев, 227 Тел.: +7 727 302 22 22, Факс: +7 727 302 21 21 e-mail: info@iab.kz www. iab.kz

№ __________________

«___» _________ 20 ___ ж.

Алматы қалалық

жоғары

оқу орындарына

Ақпарат хат

Халықаралық Бизнес Академиясының Философия кафедрасының ұйымдастыруымен, 2010 жылғы 8 сәуір күні сағат 10.00-де («Конференция залында») «ХХ ғасырдағы қазақ философиясының даму кезеңдері» атты ғылыми-әдістемелік семинар өткізіледі.

Ғылыми-әдістемелік семинардың қарайтын мәселелері:

• ХХ ғасырдағы қазақ философтары;

• ХХІ ғасырдағы философия туралы;

• Қазақша философия кітаптарының шектеулілік проблемасы;

• Философиялық талдау.

Байланыс телефондары: 2-72-26-13, 2-72-55-95

Философия кафедрасы (328 бөлме).

 

Ректор(қолы) Т. Балықбаев

 

Өтініш хат

Белгілі бір мекемеден атқаратын қызметіне лайық мәселелерді шешуге тілек-өтініш білдіретін хат.

1-үлгі

Халықаралық Бизнес Академиясы Международная Академия Бизнеса
Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Розыбакиев к-сі, 227 Тел.: +7 727 302 22 22, Факс: +7 727 302 21 21 e-mail: info@iab.kz www. iab.kz   Республика Казахстан г. Алматы, ул. Розыбакиев, 227 Тел.: +7 727 302 22 22, Факс: +7 727 302 21 21 e-mail: info@iab.kz www. iab.kz

№ __________________

«___» _________ 20 ___ ж.

Қазақстан Республикасы

Ғылым академиясының


<== previous lecture | next lecture ==>
З.К. Аюпова – профессор. | Ресми хат
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.219 s.