![]() |
Ресми хатDate: 2015-10-07; view: 1418. Кітапхана директоры А. Құсайыновқа
өтініш хат
Құрметті Арман Нұрланұлы!
Халықаралық Бизнес Академиясының ректораты Сізден қазақ тілі кафедрасының оқытушысы Сұлтан Ержанқызы Ақнұрға кітапханадағы кандидаттық және докторлық диссертациялармен танысуға жағдай жасауыңызды өтінеді.
Ректор /қолы/ Т. Балықбаев |
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Өтініш хат қандай құжат?
2. Ол қандай жағдайда жазылады?
3. Өтініш хаттың қандай бөліктері бар?
Белгілі бір мекеменің атқаратын жұмыстарына байланысты мәселелердің жазбаша хабарлануы.
Ресми хат-хабар жазысу” термині – ресми тұлғамен бағытталатын хат немесе хат-хабар алмасудың кез-келген түрін қамтиды.
Барлық ресми хат-хабар жазысу алуандығын негізгі екі түрге бөлуге болады:
а) әртүрлі елдердің мемлекеттік ұйымдары, шет елдік өкілдіктер және лауазымды тұлғалар арасындағы (ноталар, меморандумдар, жадынамалық жазбалар). Хат-хабардың бұл түрі негізінен дипломатиялық тәжірибеде қолданылады;
ә) көбінесе жартылай ресми сипаттағы және фирмалар, ұйымдар арасында іскерлік байланыстар ұйымдастыруда кең қолданылатын іскерлік (коммерциялық) хаттар.
Ресми хат-хабар дайындаудағы жалпы ережелер
Ресми хат-хабар жазысу стилі тіл және әртүрлі елдер дәстүрлеріне қарай өзгеруі мүмкін, бірақ ол халықаралық тәжірибеге және шарттылықтармен анықталатын бірқатар жалпы ережелерге бағынады.
Ресми хат-хабар жазысуға жіберуші және хат алушы арасында дәрежелер арақатынасын сақтай отырып, хат алушыға құрмет белгілерін көрсету мақсатында қойылатын протоколдық талаптар, сонымен бірге, теңдік, сыйластық және өзара сыпайылық қағидаттарына негізделеді.
Вербальді нота немесе коммерциялық хат болсын, кез-келген құжат бірнеше міндетті бөліктерден тұрады:
Қаратпа сөз – хат алушының ресми және құрметті атағы көрсетіледі, мысалы : Сэр , құрметті елші мырза, т.б.
Қошемет – бұл хаттың соңында ілтипаттылық білдіру. Бұл хат-хабар жазысу сипатына тәуелді, мысалы : Зор құрметпен, шын ниетпен, т.б.
Қол қою – қол қою осы құжатты күәландырады. Қол қоюға өкілетті тұлға тегі әдетте құжат соңында басылады.
Мерзім – айы, күні, жылы және хаттың жазылу орны көрсетілуі керек. Бұл мәліметтер қысқартылған түрде жазылмауы керек.
Мекен-жай – толық тегі, лауазымы және мекен-жай құжаттың бірінші бетінде, оның сипатына қарай төменде немесе жоғарыда орналастырылады.
Сонымен қатар, ресми және іскер хат-хабарларды ресімдеу кезінде келесі жалпыға танымал ережелерді ұстану қажет:
1. Халықаралық тәжірибеде ұзақ мәтінді хаттар жазу қабылданбайды, бірақ егер хат бір беттен көбірек болса, онда соңында “жалғасы бар” (“continued over”) сөз тіркесі жазылады.
2. Бірінші бетті қоспағанда, әрбір бет араб цифрларымен нөмірленеді.
3. Қызметтік хаттар техникалық құрал арқылы басылады: сол жағы – 3 см; оң жағы – 1,5 см; жоғарғы жағы – 2 см; төменгі жағы – 2 см.
4. Мәтінде түзетулер, тазартуларға рұқсат етілмейді.
5. Конверттер тиісті көлемге сай болу керек. Қаралы конверттерді (ішінде қара астары бар) тек тиісті жағдайда қолдану керек.
6. Хат мәтіні ішке қаратылып бүктеледі. Маңызды іскер хаттарды бүктемей-ақ, үлкен тығыз конверттермен жіберу керек.
7. Егер сіздер құттықтау ашық хаттарын жіберсеңіз, жалғыз қол қою тек ресми құттықтауларда рұқсат етіледі. Жеке ашық хатта ең аз дегенде бірнеше жол қамтылуы тиіс.
8. Телеграфты сауалға 3 күн ішінде жауап беру қажет. Хат үшін – 10 күн. Егер сауалды терең талдауды талап етсе, онда 3 күн ішінде хаттың есепке алынғанын хабарлап, 30 күн ішінде ақырғы жауап беруге болады.
Хабарландыру!
Хабарландыру дегеніміз – мекемелердің, ұйымдардың атынан оның мүшелеріне алдағы болатын іс-шаралар туралыхабарлап жеткізетін ісқағазының бір түрі.
Хабарландыру қандай да бір іс-шараның өту мерзімін, уақытын, мекенін хабарлау үшін беріледі. Хабарландырулармен теледидар, радио, газет және хабарландыру тақталары арқылы танысуға болады.
Хабарландыруда хабарланғалы отырған нәрсенің мерзімі, күні, айы, жылы және уақыты мен мекенжайы міндетті түрде көрсетілуі тиіс.
Хабарландырудың соңында хабарландыру беруші мекеме, ұйым, әкімшіліктік атауы жазылады. Хабарландыру көлемі жағынан әртүрлі және еркін мәтінді болып келеді.
Хабарландырудың басты мақсаты – көпшілікке нақты бір мәліметті жеткізу. Бұл мәлімет әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, егер тұлға өз мүлігін сатса, ол хабарландыруда оның сипаттамасын міндетті түрде жазу керек. Ал егер мекеме ішінде бір шара өткізілсе, онда оның уақыты мен өткізілетін орны жазылуы керек.
Қазіргі нарық заманында баспасөз беттерінде жұмысқа шақыру, бос қызмет орындарына конкурс жариялау үшін де хабарландырулар жарияланады. Хабарландыруларда қызметке алынатын кандидатураға қойылатын талаптар мейлінше тұжырымды, нақты жазылады
Хабарландырулармен теледидар, радио, газеттерден және хабарландыру тақталары арқылы танысуға болады. Хабарландыру әртүрлі жағдайлар, мысалы, бос қызмет орны туралы, жылжымайтын мүлікті сату, сатып алу және қандай да бір қызмет түрлерін ұсыну туралы, сондай-ақ қандай да бір шараның өту мерзімін, уақытын, мекенін хабарлау үшін беріледі. Ресми хабарландырулардың белгілі тәртібі болады.
Мысалы, бос қызмет орны туралы хабарландыруда бірінші – қандай мекеме конкурс жариялайтыны, екінші – қандай қызмет орнына жариялайтыны, одан кейін үміткерлерге қойылатын талаптар мен конкурсқа қатысуға қажетті құжаттардың тізімі, конкурс мерзімі, мекеменің мекенжайы көрсетіледі.
Хабарландыру хабарландырылатын мәселенің мазмұнына қарай 6 түрге бөлінеді:
1.Бос орындарға хабарландыру.
2.Мәжіліс, жиналыстарға хабарландыру.
3.Мәдени шараларға хабарландыру.
4.Тендерге хабарландыру.
5.Жылжымайтын мүлікті, құнды заттарды сатуға хабарландыру.
6.Жалпылама хабарландыру.
Хабарландыруға тән белгілер:
· Ресмилік
· Қысқа
· Нақты
· Анықтық
· Хабарландыру
· Көпшілікке арналған
Хабарландырудың берілу жолдары:
· Теледидар
· Радио
· Газет
· Афишалар
· Интернет
· Жүгіртпе жол
· Телефон және т.б.
Хабарландыру түрлерінің өзіндік ерекшеліктері:
Бос орынға хабарландыруда | Жұмысорнына тиісті «талаптар» болады. | |
Мәжіліс, жиналыстарға хабарландыруда | «Күн тәртібі» толық жазылады. | |
Мәдени шараларға хабарландыруда | «Бағдарламасы» ұсынылады. | |
Тендерге хабарландыруда | «Шарттары» ұсынылады. | |
Жылжымайтын мүлікті, құнды заттарды сатуға хабарландыруда | «Сипаттамасы» жазылады. | |
Жалпылама хабарландыруда | «Жалпылама әртүрлі мәселелер» көрсетіледі. |
Құрылымы:
1.Құжат атауы.
2.Негізгі мәтін.
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Хабарландыру дегеніміз қандай құжат?
2.Хабарландырумен қалай танысамыз?
3.Хабарландырудың қандай түрлері бар?
4.Хабарландырудың ерекшелігі неде?
Құттықтау хат
Құттықтау хат үкімет наградасымен марапатталғанда, маңызды мерекелерде, мерейтойларда және тағы басқа жағдайларда жолданады. Кейбір құттықтау хаттарды күнделікті баспасөз беттерінен де көруге болады.
Құттықтау хатта марапатталушының жеткен жетістіктері мен елге, отанға сіңірген еңбектері, табыстары туралы айтылады. Осыдан кейін ізгі тілектері жазылады. Соңында құттықтаушының аты-жөні жазылып, «аса құрметпен, ізгі тілекпен, шын жүректен» деген сөздермен аяқталады.
Құттықтаухатты қолданылуына қарай екі түрге бөлуге болады.
<== previous lecture | | | next lecture ==> |
Эдвайзерлік туралы. | | | Ресми. 2. Бейресми. |