ГЛОССАРИЙ 4 page
Date: 2015-10-07; view: 2374. 20. Сөздерді мағынасына қарай байланыстырыңыз.
1.Қаулы 2. Заң 3. Бұйрық 4. Іске 5. Жұмыстан
Шығару, асыру, шығу, қабылдау, беру.
Тексерген:_________________________________________ Ұпайы: __________
БЕЛСЕНДІ ҮЛЕСТІРМЕЛІ МАТЕРИАЛ
Стилдің түрлері. Тапсырмалар:
Ауызекі сөйлеу стилінде Аружан анықтама алды десек, іс қағаздары стилінде Бектаева Аружанға анықтама берілді деп жазылады. Мысалы, тілдің бірнеше стилінде дерлік қолданылатын өмірбаянға тоқталайық. Төменде көрсетілген өмірбаянның ерекшеліктеріне қарай қайсы нұсқасы қандай стилге жататынын табыңыз.
А нұсқасы
Мен ескіше жыл басы деп есептелетін «Наурыз күні» киіз үйде туыппын. Қазақ даласының ең суық жағын жайлайтын біздің елдердің бірсыпырасы ХХ ғасырдың бас кезінде де қыс айларын киіз үйде өткізеді екен.
Ол күні жер сілкінбеген, күн түгіл ай да тұтылмаған, есте қаларлық боран да болмаған, ең аяғы қалжа сүйегіне иттер де таласа алмаған. Менсіз де үбірлі-шүбірлі бір қора үйде тағы бір бала туа салған да басқа балалардың атына ұйқастыра ат берілген.
Әрине, ол күннен менің есімде қалған еш нәрсе жоқ. Болысым кім, патшам кім... табым кім, онда менің жұмысым болмауы керек. Кейін ондайды ұнатпасам да ол кезде тістеген мен шаққанға да енжар болған сияқтымын, жылауық болмаппын.
| Ә нұсқасы
Шыңғыс Айтматов 1928 жылы 12 желтоқсанда қырғыз жеріндегі Шекер ауылында дүниеге келген. Әкесі Төреқұл өте парасатты, пайымды адам болған екен. Төреқұл ел басқару қызметінде болып, 1937-1938 жылдардағы «халық жауы» деген жазықсыз жазаның құрбаны болды. Кішкентай Шыңғыс бауырларымен бірге көп қиындық көріп өседі.
Ш.Айтматовтың шын мамандығы – табиғат сыйлаған жазушылық өнер. Ол осы өнерін жетілдіру үшін М.Горький атындағы Әдебиет институтында оқиды. Шыңғыстың 1956 жылы жазылған «Жәмила» хикаясы бірден жұрт назарын аударып, көп ұзамай орыс тіліне, іле-шала Парижде француз тілінде жарық көріп, жас суреткердің есімін әлемге паш етті.
Бұл күнде Шыңғыс Айтматовтың есімі дүниежүзіне мәшһүр. Шыңғыс ең көп аударылған қаламгерлердің бірі. Жазушы бейнелеген кейіпкерлер, тек қырғыз халқының перзенттері емес, әлем халықтарына тән мінезбен, адамзаттық болмыспен бірігіп жатқан бейнелер. Сондықтан да оны ешбір халық жатсынбайды.
| Б нұсқасы
Мен, Сұлтанова Әлия Айханқызы, 1964 жылы 20 сәуірде Талдықорған облысы Ақсу ауданының Қызылтаң ауылында туылдым. Ұлтым – қазақ. Әкем – Сұлтанов Айхан, орта мектепте мұғалім, шешем – Омарова Гүлсім, ауылдық ауруханада дәрігер.
1981 жылы Ақсу ауданы І.Жансүгіров атындағы орта мектепті бітіріп, Қыздар педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түстім. 1986 жылы үздік бітіріп, қазақ тілі мамандығы бойынша аспирантураға қабылдандым. 1989 жылы оқытушылық қызметке аталған институтқа қалдырылдым.
1995 жылы «Шырай категориясы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғадым.
Тұрмыстамын, жолдасым – Омаров Серік Бекұлы, 1961 жылы туған, «Алматықұрылыс» акционерлік бірлестігінде бөлім меңгерушісі. Ұлым – Омаров Нұрлан Серікұлы, 1992 жылы туылған, №34 гимназия оқушысы.
Мекенжайым: Алматы қаласы, Манас көшесі, 21 үй, 2 пәтер. Үй тел: 2-40-41-47.
| Түйіндеме. Тапсырмалар:
1. Салық полициясы комитетіне «программист» ретінде жұмысқа орналасуға үміткер ретінде түйіндеме жазыңыз.
2. «Каспий» банкіне «қаржыгер» болып орналасу үшін түйіндеме жазыңыз.
3. «Алматы қаласының «Алматы ақшамы» газетінің редакциясына «тілші» қызметіне үміткер ретінде түйіндеме жазыңыз.
4. Балабақшаға «тәрбиеші» болып орналасу үшін түйіндеме жазыңыз.
5. М.Мақатаевтың «Менің анкетам» өлеңін жаттау.
МЕНІҢ АНКЕТАМ
Туған жерің?
Ұланымын, Қарасаз деп аталатын ауылдың.
Туған жылың?
1931. Құрдасымын Шәмілдің.
Жынысың кім?
Еркекпін ғой, еркекпін!
Және-дағы тәуірмін...
Партияда барсың ба?
Жоқпын.
Бірақ коммунистік көзқараспен қараймын.
Шыққан тегің?
Шаруамын.
Бар тірліктен бағалы оны санаймын.
Білімің ше?
Орташа ғой.
Алайда өзім жоғарыға балаймын.
Ана тілің?
Қазақша.
Қысылғанда орысша да, немісше де, тағы бар.
Қайда істедің?
Мынау «Еңбек кітапшамнан» танып ал.
Оқымаған, дипломсыз демесең,
Бір басымнан бар мамандық табылар.
Міндеттісің бе әскерге?
Міндеттімін.
Біздің әлі жас кеуде.
Жауынгердің ұлымын ғой,
Жанын қиған Мәскеуге.
Сөгіс алып көрдің бе?
Ол жағынан періште едім дей алмаймын
Мен мүлде.
Ойлы-қырлы бұл өмірде болады ғой мүлт кету,
Ол өзі бір еншісі ғой ездің әрі ердің де...
Шетелдерде болдың ба?
Болғамын жоқ.
Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап.
Қалсам болды, өлсем болды жәйіммен,
Осы отырған орнымда-ақ.
Мекенжайың?
Мекенжайым – жер менің.
Жерде жүрген ақын деген пендемін.
Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған,
Мен өмірді жырлау үшін келгемін! (М.Мақатаев.)
Үлгі-1:
ТҮЙІНДЕМЕ
Аты-жөні: Асанова Болатқызы Арай
Туған жылы, күні, айы.11.09.1990.
Туған жері:Алматы қаласы
Ұлты: қазақ
Жынысы: әйел
Отбасы жағдайы: тұрмыс құрмаған
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Мекенжайы, телефоны, e-mail: Алматы қаласы, С.Сейфуллин
даңғылы, 179 үй; 87015559577; asanova@mail.ru
Үміттеніп отырған орны:АТФ банкі. Менеджер
Білімі: жоғары
Бітірген оқу орындары: 2005-2009 ж.ж. Алматы қаласы,
Қазақстан-Британ техникалық университеті, ҚЭФ
Мамандығы: экономика
Еңбек өтілі, жұмыс тәжірибесі:жоқ
Ғылыми атағы, дәрежесі:жоқ
Жетістіктері: 2002 ж. Алматы қаласы,
Математика пәнінен Облыстық олимпиада, 1 орын.
2003 ж.ж. Алматы қаласы, Математика пәнінен
Республикалық олимпиада, 2 орын
Тілдерді білуі: қазақ тілі – ана тілі,
орыс тілі – жетік,
ағылшын тілі – орташа
Компьютерді білуі: Microsoft Word, Exell,
Adobe Photoshop
Жеке қасиеттері: жауапты, тиянақты, ұқыпты
Қызығушылығы: кітап оқу, музыка тыңдау, сурет салу
Қосымша ақпараттар: автокөлік жүргізе алады
Ұсыным хат немесе кепілдеме: Ұсыным хат қосымшада тіркелген
|
Өмірбаян. Тапсырмалар:
1. 3-жаттығудағы сұрақтарды пайдалана отырып, өз өмірбаяныңызды жазыңыз.
2. Ағаңыздың «Қазақ тілі» пәні бойынша республикалық олимпиадаға қатысуы үшін құжат дайындауы керек. Осыған байланысты өмірбаян жазуға ағаңызға көмектесіңіз.
3. Орыс тілінде жазылған «Өмірбаянды» қазақ тіліне аударыңыз (Үлгіден алыңыз).
Сөздік және сөз тіркестері:
туу
ұлты
білімі
жоғары білім
орта білім
арнайы орта
оқу
оқу орны
түсу
бітіру
үйлену
тұрмысқа шығу
жұмыс істеу
ауысу
ата-ана
мұғалім
оқытушы
отбасы
жұбайы
ажырасқан
міндетті
әскери қызметке міндеттімін
әскери қызмет
қызметі
қызметкер
маман
мамандық
бөлім
бірлестік
әкімшілік
акционерлік
коммерциялық
қосымша мәліметтер
| – родиться
– национальность
– образование
– высшее образование
– среднее образование
– средне-специальное
– учиться
– учебное заведение
– поступать
– закончить
– жениться
– выйти замуж
– работать
– перейти
– родители
– учитель
– преподаватель
– семья
– супруг (супруга)
– разведен
– обязан
– военнообязанный
– воинская служба
– должность
– сотрудник
– специалист
– специальность
– отдел
– объединение
– администрация
– акционерный
– коммерческий
– дополнительные сведения
|
Үлгі
Өмірбаян
Мен, Егінбаева Есенғалиқызы Ақжан 1990 жылы 11 қарашада Павлодар қаласында тудым.
Ұлтым – қазақ. Қазақстан Республикасының азаматымын.
1997 жылы Павлодар облысы, Павлодар ауданының Кенжекөл жалпы орта білім беру мектебіне 1-ші сыныпқа бардым. Мектепте әртүрлі қоғамдық жұмыстарға қатысып, өзімді өнер жағынан жақсы көрсете білдім. «Қазына» би ансамбліне қатыстым.
2007 жылы географиядан оқушылардың облыстық пән олимпиадасында І орын алдым.
2008 жылы географиядан республикалық пән олимпиадасына қатысып, ІІ орынның жүлдегері атандым.
2008 жылы аталған мектепті «Алтын Белгімен» бітіріп, Алматы қаласындағы Қазақстан-Британ техникалық университетінің Қаржы-экономика факультетінің «Экономика» мамандығына оқуға түстім. Қазір 2 курс студентімін.
Ата-анам және екі әпкем бар. Әкем – Егінбаев Есенғали Досымұлы, 1956 жылы туған, Павлодар облысының Салық комитетінде қызмет етеді. Анам – Рахимова Шолпан Қантемірқызы, 1955 жылы туған, Павлодар қаласының Кенжекөл жалпы орта білім беру мектебінде «Қазақ тілі» пәнінің мұғалімі болып қызмет етеді. Үлкен әпкем – Райхан, 1984 жылы туған, тұрмыста. Ортаншы әпкем – Айгүл, 1985 жылы туған, Павлодар мемлекеттік университетінде «Мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізу» пәнінің оқытушысы.
Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жақсы білемін. Бос уақытымда әдеби кітаптар оқығанды ұнатамын. Компьютердің бірнеше бағдарламасын меңгердім.
Қазіргі мекенжайым: Алматы қаласы, Тұрғыт Озал көшесі, 70 үй.
8 қыркүйек, 2009 жыл
|
Өмірбаян. Тапсырмалар:
1. 3-жаттығудағы сұрақтарды пайдалана отырып, өз өмірбаяныңызды жазыңыз.
2. Ағаңыздың «Қазақ тілі» пәні бойынша республикалық олимпиадаға қатысуы үшін құжат дайындауы керек. Осыған байланысты өмірбаян жазуға ағаңызға көмектесіңіз.
3. Орыс тілінде жазылған «Өмірбаянды» қазақ тіліне аударыңыз (Үлгіден алыңыз).
Сөздік және сөз тіркестері:
туу
ұлты
білімі
жоғары білім
орта білім
арнайы орта
оқу
оқу орны
түсу
бітіру
үйлену
тұрмысқа шығу
жұмыс істеу
ауысу
ата-ана
мұғалім
оқытушы
отбасы
жұбайы
ажырасқан
міндетті
әскери қызметке міндеттімін
әскери қызмет
қызметі
қызметкер
маман
мамандық
бөлім
бірлестік
әкімшілік
акционерлік
коммерциялық
қосымша мәліметтер
| – родиться
– национальность
– образование
– высшее образование
– среднее образование
– средне-специальное
– учиться
– учебное заведение
– поступать
– закончить
– жениться
– выйти замуж
– работать
– перейти
– родители
– учитель
– преподаватель
– семья
– супруг (супруга)
– разведен
– обязан
– военнообязанный
– воинская служба
– должность
– сотрудник
– специалист
– специальность
– отдел
– объединение
– администрация
– акционерный
– коммерческий
– дополнительные сведения
|
Өмірбаян. Тапсырмалар:
1. 3-жаттығудағы сұрақтарды пайдалана отырып, өз өмірбаяныңызды жазыңыз.
2. Ағаңыздың «Қазақ тілі» пәні бойынша республикалық олимпиадаға қатысуы үшін құжат дайындауы керек. Осыған байланысты өмірбаян жазуға ағаңызға көмектесіңіз.
3. Орыс тілінде жазылған «Өмірбаянды» қазақ тіліне аударыңыз (Үлгіден алыңыз).
Сөздік және сөз тіркестері:
туу
ұлты
білімі
жоғары білім
орта білім
арнайы орта
оқу
оқу орны
түсу
бітіру
үйлену
тұрмысқа шығу
жұмыс істеу
ауысу
ата-ана
мұғалім
оқытушы
отбасы
жұбайы
ажырасқан
міндетті
әскери қызметке міндеттімін
әскери қызмет
қызметі
қызметкер
маман
мамандық
бөлім
бірлестік
әкімшілік
акционерлік
коммерциялық
қосымша мәліметтер
| – родиться
– национальность
– образование
– высшее образование
– среднее образование
– средне-специальное
– учиться
– учебное заведение
– поступать
– закончить
– жениться
– выйти замуж
– работать
– перейти
– родители
– учитель
– преподаватель
– семья
– супруг (супруга)
– разведен
– обязан
– военнообязанный
– воинская служба
– должность
– сотрудник
– специалист
– специальность
– отдел
– объединение
– администрация
– акционерный
– коммерческий
– дополнительные сведения
|
Өтініш. Тапсырмалар:
1. Жатақханадан орын сұрап, ХБА-ның Магистранттар және Студенттер үйінің директоры Жомарт Қанапияновтың атына өтініш жазыңыз.
2. Отбасы жағдайыңызға байланысты кезектен тыс демалыс сұрап, өтініш жазыңыз.
3. Кезекті еңбек демалысын алу туралы өтініш жазыңыз.
4. Денсаулығыңызға байланысты академиялық демалыс сұрап, өтініш жазыңыз.
5. І. Жансүгіров атындағы орта мектептің директоры Т.С. Дәу-летованың атына бір айлық сессияға баруыңызға байланысты ақылы демалыс беру туралы өтініш жазыңыз.
6. Халықаралық Бизнес Академиясы ректорының атына «Шоқан тағылымы» атты ғылыми-практикалық конференцияға қатысатын-дығыңыз туралы өтініш жазыңыз.
7. Факультет деканының атына спорттық жарысқа қатысуға байланысты 1-5 ақпан аралығында сабақтан босату туралы өтініш жазыңыз.
Сөздік және сөз тіркестері:
өтініш
| – заявление
| сұраймын
| – прошу
| өтінемін
| – прошу
| тұратын
| – проживающий
| өтінеміз
| – просим
| отбасы жағдайына байланысты
| – в связи с семейным положением
(по семейным обстоятельствам)
| денсаулық жағдайына байланысты
| – по состоянию здоровья
| растауыңызды сұраймыз
| – просим подтвердить
| салып жіберуіңізді сұраймыз
| – просим выслать
| қабылдауыңызды сұраймын
| – прошу принять
| босатуыңызды сұраймын
| – прошу освободить
| тапсыруыңызды сұраймын
| – прошу поручить
| рәсімдеуіңізді сұраймын
| – прошу оформить
| бекітуіңізді сұраймын
| – прошу утвердить
| рұқсат етуіңізді сұраймын
| – прошу разрешить
| ..... бойынша жұмысқа қабылдауыңызды сұраймын
| – прошу принять меня на работу .....
|
1-үлгі
ҚР Ұлттық кітапханасының
Бас меңгерушісі
А.Бағдатоваға
Алматы қаласы,
Қастеев көшесі, 12 үй,
7 пәтердің тұрғыны
Жайлаубаева Құралайдан
Өтініш
Менің сізге өтініш беру себебім, оқу талабына байланысты сирек кездесетін «Құнды кітаптар» қорына мүше етіп алуыңызды сұраймын.
03.07.10. (Қолы)
|
2-үлгі
Халықаралық Бизнес
Академиясының Президенті
А.Қожахметовке
Қаржы-экономика факультеті
«Менеджмент» мамандығының
1 курс студенті
Елтай Жәнібектен
өтініш
Менің сізге өтініш жазу себебім, Атырау қаласынан келуіме байланысты Магистранттар және Студенттер үйінен орын алуға рұқсат беруіңізді сұраймын.
15.07.10. (Қолы)
|
Арыз. Тапсырмалар:
1) Асхана тамағының сапасының төмендігі туралы арыз жазыңыз.
2) Петропавл қаласы сүт зауытының директоры Т.С. Пірімбетовтің атына дүкендегі сүт өнімінің нашарлығы туралы арыз жазыңыз.
3) Қалалық санэпидстанция бастығы атына ауладағы санитарлық жағдайдың нашарлығы туралы арыз жазыңыз.
4) Өмірде кездесетін әртүрлі жағдайға байланысты арыз үлгісін жазыңыз.
Сөздік және сөз тіркестері:
арыз – заявление (жалоба)
өтініш – заявление
шара қолдану – принять меры
өтінемін – прошу
азамат – гражданин
тұратын – проживающий
тұрғыны – житель
жылу – отопление
ыстық су – горячая вода
суық су – холодная вода
апта бойы – в течение недели
бөлім бастығы – начальник отдела
зейнеткер – пенсионер
төраға – председатель
арыз жазу – написать жалобу
арыз беру – подать жалобу
арыздың мазмұны – содержание жалобы
арыздың мәтіні – текст жалобы
арыз бойынша – в соответствии с жалобой
осыған байланысты – в связи с этим
белгіленген тәртіпте – в установленном порядке
төмендегілер туралы мәлімдеу – сообщать о нижеследующем
заңға байланысты – согласно закону
заң күшіне ие – имеющий силу закона
заңдық күші бар – имеющий силу закона
заңдық күші бірдей – имеющий одинаковую законную
силу
1-үлгі. Өтініш түрі
Халықаралық Бизнес Академиясының
Оқу ісі жөніндегі проректоры
Ж.Нүсеновке
ҚЭФ, 2 курс студенті
А. Ахметовадан
арыз
Менің сізге арыз жазу себебім, көктемгі семестрдегі сабақ кестемнің қолайсыздығы өз кезегінде маған зиянын тигізіп, уақытымды тиімді пайдалануға қолайсыздық тудыруда. Осы мәселеге байланысты сабақ кестесін оңтайлы құруға көмектесуіңізді сұраймын.
22 мамыр, 2010 жыл. (қолы)
| , 2-үлгі: Шағым түрі
ХБА-ның
Жалпы мәселелер
жөніндегі проректоры
Е.Т. Жарлықасымовқа
ҚЭФ, 2 курс студенті
А. Әділханұлынан
Арыз
Менің сізге арыз беру себебім, уақытымның басым бөлігі университетте өтуіне байланысты асханадан тамақтануыма тура келеді. Бірақ №1 асхананың қызмет көрсету дәрежесі төмен, тамақтарының сапасы нашар, бағасына сай емес, аспаздар өз қызметін дұрыс атқармайды. Асхана басшысына ауызша және жазбаша түрде де шағымдандық. Бірақ еш нәтиже болмады. Осы мәселелерді ескере отырып, шара қолдануыңызды сұраймыз.
28 қаңтар, 2009 жыл.
|
Анықтама. Тапсырмалар:
1. Халықаралық Бизнес Академиясы Қаржы-экономика факультетінің 1-курсында оқитын Қойшыбеков Бөгенбай Нәбиұлына Ұлттық кітапханаға тіркелу үшін оқитын жерінен алған анықтама үлгісін жасаңыз.
2. Ақшабаев Серіктің Өскемен қаласы, Сәкен Сейфуллин көшесі, 18 үй, 47 пәтерде тұратынын растап анықтама жазыңыз.
3. Әскери комиссариатқа өткізу үшін Халықаралық Бизнес Академиясы, Қаржы-экономика факультетінің 1 курс студенті Омаров Олжасқа анықтама жазыңыз.
Сөздік және сөз тіркестері:
анықтама – справка
анықтама алу – взять (брать) справку
анықтама беру – дать (давать) справку
анықтама сұрау – просить (спросить) справку
осы анықтама – настоящая справка
жұмыс орнынан анықтама – справка с места работы
анықтама бюросы – справочное бюро
растау үшін берілді –дана для потверждения
растайды, дәлелдейді – подтверждает
қорытындылау – сделать вывод
берілді – выдана
болып табылады – является
берілген күннен бастап – со дня выдачи
көрсету үшін – для предъявления
... айлық жалақымен – с окладом
... болып жұмыс істейтіндігін – в том, что он (она) работает
... мекенжайы бойынша – по адресу
талап етілген орынға – по месту требования
тіркелгенін растайды – подтверждает регистрацию
ұлттық кітапханаға – в национальную библиотеку
үш айға дейін жарамды – действителен до 3-х месяцев
1-үлгі
Анықтама
20 қараша 2009 жыл №59 Алматы қаласы
Қожабергенова Ғарифоллақызы Жанарға оның Халықаралық Бизнес Академиясының Қаржы-экономика факультетінің күндізгі бөліміндегі 2-курс студенті екендігін растау үшін беріліп отыр.
Анықтама Атырау қаласының салық инспекциясына тапсыру үшін берілді.
Анықтама 2009 жылдың 30 желтоқсанына дейін жарамды.
ҚЭФ декан орынбасары (қолы) Р. Жаппасова
(МӨР)
|
2-үлгі
Анықтама
9 қараша 2009 жыл №107 Алматы қаласы
Жомартова Ақанқызы Өміргүлге Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің ғылыми диссертация залына «Қазақ тіліндегі көсемшенің мағынасы мен қызметінің дамуы» атты тақырыпта жазылған кандидаттық диссертацияның 1 (бір) данасын, авторефераттың 2 (екі) данасын 2009 жылдың 2 ақпанында тапсырды.
Анықтама диссертациялық кеңеске тапсыру үшін берілді.
Кітапханашы: (қолы) Ермекова Жанар
(МӨР)
|
Жеке іс парағы. Тапсырмалар:
1. Кадрлар жөніндегі жеке іс парағын бланкіде толтыру.
2. Әскери атақтарды рет-ретімен жазыңыз.
3. ҚР мемлекеттік марапаттарын атап-атап жазыңыз.
Керекті тілдік бірліктерді қойып, көшіріп жазыңыз.
1. Ана тілім – ... . 2. Орыс тілін ... . 3. «Парасат» орденімен ... . 4. «Даңқ» ... марапатталдым. 5. Әскери қызметке ... . 6. Әскери қызметке ... . 7. Физика-математика ғылымдарының ... .
Керекті тілдік бірліктер:докторымын, міндеттімін, міндетті емеспін, жетік білемін, қазақ тілі, орденімен, марапатталдым.
Есте сақтаңыз!
білімі
| жоғары
орта
аяқталмаған жоғары
| азаматтығы
| Қазақстан Республикасының азаматы
Түркия азаматы
қос азаматтығы бар
азаматтығы жоқ
| отбасы жағдайы
| үйленген
үйленбеген
тұрмыс құрған
тұрмыс құрмаған
ажырасқан
| әскери міндеті
| запастағы әскери қызметте
әскери міндетті
әскери міндетті емес
лейтенант
аға лейтенант
запастағы майор
|
Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңыз.
1. Қазақ / атындағы / ұлттық / әл-Фараби / университеті.
2. Еуразия / атындағы / университеті / М.Л. Гумилев / ұлттық.
3. ұлттық / С.Д.Асфендияров / Қазақ / университеті / атындағы медицина.
|