rus | ua | other
Home
Random lecture
|
ГЛОССАРИЙ 5 page
Date: 2015-10-07; view: 1813. 4. техникалық / Қ.И. Сәтбаев / Қазақ / ұлттық / атындағы университеті.
5. Қызылорда / Қорқыт ата / мемлекеттік / университеті / атындағы.
6. атындағы / мемлекеттік / Ш.Уәлиханов / университеті / Көкшетау.
7. Қазақ-Түрік / атындағы / Халықаралық / Қ.А. Яссауи университеті
Түсініктеме. Тапсырмалар
Түсініктеме – ұйым, мекеме басшысының атына жазылып, белгілі бір жағдайлардың, оқиғалардың, фактілердің себебі туралы түсінік беретін іс қағазының түрі. Түсініктеме күнделікті өмірде қандай да бір оқиғаларға, жағдайларға, қызметкерлер мен жұмысшылардың тәртібі мен іс-әрекеттеріне байланысты жазылады. Мұндай түсініктемелердің мәтіні қысқа және дәлелді болуы керек.
Түсініктеменің деректемесі:
· Мекеме, ұйымның аты
· Мекеме, ұйым басшысының аты-жөні, лауазымы
· Кімнен екендігі
· Тақырыбы
· Мәтіні
· Күні, айы,жылы
· Түсініктеме жазушының аты-жөні, лауазымы, қолы
Сөздік:
Мекеме басшысының атына – на имя руководства
Оқиға – проишествие
Түсінік – обьяснение
Күнделікті өмір – повседневная жизнь
Тәртібі – поведение
Дәлелді – обоснованный
Бөлім бастығы – начальник отдела
Бас маман – глав. специалист
Жетекші маман – веду. спец.
Халықаралық бизнес академиясы,
оқу бөлімінің бастығы Е. Калкенов
мырзаға тілдер кафедрасының аға
оқытушысы Естаев Дидардан
ТҮСІНІКТЕМЕ
Экономика факультетінің орыс бөлімі 1-курсында 21.03.09 ж. 2,3- пар қазақ тілі сабағы болмай қалған себебі, 1-курс студенттері наурыз мерекесіне дайындалу үшін деканат тарапынан сабақтан босатылған. Өтілмеген сабақтар келесі аптада сәрсенбі, жұма күндері сағат 11.30-да өткізіледі.
Тілдер кафедрасының
аға оқытушысы: (қолы) Естаев Д.
21.03.08ж.
Мінездеме.Тапсырмалар:
1. Ұйымдастыру комитетінің талап етуімен конференцияға қатысуы үшін ХБА, ҚЭФ деканы Үсіпов Сәби Сейітқазыұлының атынан осы факультеттің 2008 жылғы түлегі, үздік студент Нүсіпбеков Мақсат Ахметұлына мінездеме құрастыр.
2. Мекеменің белгілі бір қызметкерін «Іскер адам» атағына ұсыну үшін бөлім басшысы атынан мінездеме дайындаңыз.
3. Жұмысшыңыздың «Еңбек келісімін» ұзарту үшін мінездеме беріңіз.
4. Оқушыңызға оқуға түсу үшін мінездеме беріңіз.
5. Беделді компаниядан өндірістік практикадан өту үшін бір студентке декан атынан мінездеме құрастырыңыз.
6. Жұмысшыңыздың қызметін жоғарылату мақсатында мінездеме беріңіз.
7. Қызметкеріңіздің кәсіби білімін көтеру мақсатында мінездеме беріңіз.
8. Мектепте педагогикалық тәжірибеден өткендігі үшін мінездеме беріңіз.
Сөздік және сөз тіркестері:
мінездеме
| – характеристика
| аттестациялық мінездеме
| – аттестационная характеристика
| жұмыс орнынан мінездеме
| – характеристика с места работы
| азамат
| – гражданин
| жоғары білім
| – высшее образование
| орта білім
| – среднее образование
| жетік білу
| – знать в совершенстве
| беделді
| – авторитетный
| әріптес
| – коллега
| үлгілі
| – образцовый
| мекеме
| – учреждение
| ұйым
| – организация
| басшы
| – руководитель
| қазір
| – сейчас, данное время
| тәжірибелі
| – опытный
| сауатты
| – грамотный
| білікті, өз ісін жетік білетін
| – квалифицированный
| маман
| – специалист
| әлденеше рет сөгіс алған
| – неоднократно получал(а) взыскания
| әріптестеріне, азаматтарға мейіріммен қарайды
| – доброжелательно относится
к коллегам, к гражданам
| әріптестерінің арасында беделді
| – среди коллег пользуется
авторитетом
| байсалды адам
| – уравновешанный человек
| білікті маман
| – квалифицированный
(компетентный) специалист
| білімді маман
| – образованный специалист
| ешқандай сөгіс алмаған
| – дисциплинарное взыскание не налагалось
| жауапкершілігі жоғары және тәртіпті қатаң сақтайды
| – проявляет высокую ответственность
и дисциплинированность
| жоғары педагогикалық білімі бар
| – имеет высшее педагогическое
образование
| жұмыс істеген уақыты ішінде
| – за весь период работы
| компьютер бағдарламаларын жетік біледі
| – знает в совершенстве компьютерные
программы
| кішіпейіл, көпшіл, адал, өнегелі адам
| – вежливый, общительный, честный,
примерный человек
| қазақ тілін білу деңгейі жоғары
| – обладает высоким уровнем знания
казахского языка
| қарапайым адам
| – скромный человек
| мәдениетті жігіт (қыз)
| – культурный(ая) парень (девочка)
| мінездеме директор лауазымына ұсыну үшін берілді
| – характеристика дана для
рекомендации на должность
директора
| мінезі сабырлы
| – сдержанный (спокойный) характер
| мінезі салмақты, орнықты
| – имеет спокойный, уравновешанный характер
| оқу барысында бірнеше конференцияларға қатысты
| – во время обучения участвовал
в нескольких конференциях
| өзін жақсы жағынан көрсетті
| – показал себя с лучшей стороны
| республикалық олимпиаданың жеңімпазы болып табылады
| – является победителям республиканской олимпиады
| тәрбиелі адам
| – воспитанный человек
| тез тіл табысқыш, кәсіби деңгейін ұдайы арттырып отырады
| – коммуникабельный (на), постоянно
повышает свои профессиональный
уровень
| тындырымды, батыл, белсенді адам
| – исполнительный, решительный,
инициативный человек
| іскер адам
| – деловой человек
|
1- Қызметтік түрі
Мінездеме
Әлиханов Өмірбекұлы Қуаныш 1981 жылы 5 қаңтарда Семей облысы, Аягөз ауданы, Баршатас ауылында туған. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. Қазақстан Республикасының азаматы.
1998 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін, Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетіне түсіп, оны 2003 жылы үздік дипломмен бітірген. 2003 жылы Қазақстан-Британ техникалық университетінің қазақ тілі кафедрасының оқытушысы болып қабылданды.
Қ.Ө. Әлиханов – оқу әдістемесін жақсы игерген, білікті маман. Сабақтарын жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде өткізеді. Қазіргі сабақ жүргізудің әртүрлі әдіс-тәсілдерін практика жүзінде белсене қолданады. Ол кафедраның тәрбиелік іс-шараларына үнемі қатысады, сонымен қатар студенттермен жеке оқу-тәрбиелік жұмыстарын жүйелі түрде өткізіп тұрады. Алматы қаласында өткен «Абай тағылымы» атты ғылыми конференцияға қатысты. Мақалалары бар.
Қ.Ө. Әлиханов – өз ісін жетік білетін, тәжірибелі маман. Берілген тапсырмаларды жауапкершілікпен орындайды. Мінезі ашық. Студенттер мен әріптестерінің арасында беделді. Сынды дұрыс түсінеді. Ол қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік біледі. Компьютермен жұмыс істеуде тәжірибесі мол.
Мінездеме оқытушылықтан аға оқытушылыққа өту үшін беріліп отыр.
Мінездеме беруші:
Қазақ тілі кафедрасының
меңгерушісі, п.ғ.д., профессор
К. Құрманбай
25 мамыр, 2010 жыл _________________________
(қолы)
| 2-үлгі. Аттестациялық түрі
Мінездеме
Сыздықов Бақытұлы Болат 1967 жылы 15 ақпанда Шымкент облысы, Түркістан қаласында туған. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. Қазақстан Республикасының азаматы.
Болат Бақытұлы 1985 жылы Түркістан қаласындағы Сейфуллин атындағы орта мектепті бітіргеннен кейін 1985 жылы Алматы қаласындағы қазіргі Ұлттық техникалық университетінің компьютерлік техника факультетіне оқуға түсіп, оны 1990 жылы бітірген.
1990-1992 жылдар аралығында Ғылыми-жобалау институтының аға ғылыми қызметкері. Қазіргі уақыттаҚазақ ұлттық техникалық университетінің «Металлургия» факультетінің аға оқытушысы болып істейді.
1993-1997 жылдар аралығында ҚазҰТУ-дың өндірістен қол үзбей оқитын аспирантурасында оқып, 1998 жылы кандидаттық диссертация қорғады.
Б.Б. Сыздықов – өз ісін жетік білетін, тәжірибелі маман. Ол – бірнеше ғылыми еңбектердің авторы. Б.Б.Сыздықовтың «Металлургия өнеркәсібінің терминдері» деп аталатын еңбегі Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлыққа ие болды.
Б.Б. Сыздықов қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік біледі. Компьютер бағдарламаларын жетік меңгерген.
Б.Б. Сыздықов студенттер мен әріптестерінің арасында беделді. Мінезі ашық, адамдармен тез тіл табысады. Үйленген. Үлгілі отбасы иесі.
Б.Б. Сыздықов қызмет бабында жоғары қызметке ұсынуға лайық.
Мінездеме ҚазҰТУ-дың Ғылыми-техникалық орталығының бас маманы қызметіне ұсыну үшін берілді.
Мінездеме беруші:
Металлургия факультетінің
деканы, т.ғ.д., профессор
А. Өмірбеков
8 сәуір, 2009 жыл ________________________
(қолы)
|
1-үлгі
Кепілдеме
Оңғарбаева Әсем 1989 жылы, 16 наурызда Алматы қаласында туған. Білімі – жоғары. Ұлты – қазақ. ҚР азаматы.
2006 жылы Қазақстан-Британ техникалық университетінің Қаржы-экономика факультетіне оқуға түсті. Қазір екінші курста оқиды.
Оңғарбаева Әсемнің адамгершілік қасиеті, адамдармен тіл табысу қабілеті, жауапкершілігі өте жоғары. Әсем өзіне тапсырылған қандай жұмысты да шығармашылықпен атқарады. Өзінің таңдап алған мамандығын жақсы көреді. Қазақ тілі сабағында «Менің мамандығым Отаныма қандай пайда әкеледі?» деген тақырыпта «тұсаукесер» жасады. Осы жұмысты атқару барысында әлемдік экономиканың тарихына, бүгінгі күніне шолу жасап, өз еліміздің экономикасын дамыту үшін қандай іс-шаралар жасауға болатынын, әр азаматтың оған қосар үлесін, кейін маман болып шыққанда нақты қандай жұмыстарды атқаратынын дәлелдер келтіру арқылы баяндады.
Әсем – өз Отанын жанымен сүйетін патриот. Өз елінің мемлекеттік рәміздерін, яғни Елтаңбасын, Туын және мемлекеттік тілін қадірлейді. Қазақ халқының тарихын, мәдениетін, әдебиетін жақсы білуді азаматтық парызым деп санайды. Әсемнің ұлы жазушы М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы бойынша жасаған «өздік жұмысы» топтастарының көңілінен шығып, үлкен баға алды. Осы шағын ғылыми жұмысын қорғау барысында Әсемнің азаматтық тұлғасы айқын көрінді. Әлеммен Қазақстанды теңестіретін күш – рухани мұра екенін, қазіргі жастардың ұлттық құндылықтардан алыстап бара жатқандығының аяғы үлкен қиындыққа апаратынын жан-тәнімен сезініп, жастарды ізгілікке шақырды. Әсем өз ойын қазақша, орысша, ағылшынша еркін жеткізе алады. Жұрттың алдына шығып сөйлеу мәдениеті қалыптасқан, өзін еркін ұстайды.
Қорыта айтқанда, Оңғарбаева Әсемді Қазақстан үшін жан-тәнімен еңбек ете алатын, тәуелсіз еліміз үшін, оның экономикалық, рухани дамуына үлес қосатын студент деп бағалаймыз.
Оңғарбаева Әсемнің келешекте Қазақстан экономикасын өркендетуге үлес қосатынына, ел сенімін ақтайтынына кепілдік беремін.
Кепілдеме беруші:
ҚБТУ, Қазақ және орыс
тілдері кафедрасының
ассоциативтік профессоры, п.ғ.д.
1 маусым, 2013 жыл _____________________________
К.Құрманбай
| 2-үлгі
Ұсыныс хат
Мұстағұлова Нардосқызы Әсия 1989 жылы 27 сәуірде Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында туған.
1996 жылдан бастап Алматы қаласындағы №132 ағылшын тілін тереңдетіп оқытуға арнайы мамандандырылған мектеп-гимназиясында өте жақсы үлгеріммен білім алды. Сондай-ақ осы мектеп аясындағы «Балалардың музыкалық-хор студиясын» бітірген. Бұған Әсияның үздік білім көрсеткіштері үшін алған «Мақтау қағаздары» дәлел бола алады. 2002–2003 оқу жылынан бастап Алматы қаласындағы Ораз Жандосов атындағы №105 халықаралық лингвистикалық гимназияда орта білімін жалғастырып, бұл оқу орнында да ағылшын тілі, математика, география пәндерін оқып-үйренуде ерекше жетістіктер көрсетті. Мектеп қабырғасында жүргенде Абылай хан атындағы «Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің» аясындағы «Полиглот» білім беру орталығында, Сүлеймен Демирел атындағы университетте ағылшын тілі бойынша өз білімін жетілдіріп, сертификаттарға ие болды.
Қазір ҚБТУ, Қаржы-экономика факультетінің 2-курс студенті. Университет қабырғасында білім алу барысында Әсия өзін өте салмақты, ойлы, талапты да жинақы студент ретінде таныта білді. Мінезі біртоға, сабырлы, барлық нәрсеге сын тұрғысынан қарайды, жас та болса өзіндік көзқарасын белсенді түрде байқата алады. Өз курстастары арасында бедел мен құрметке ие.
Әсияның жауапкершілік сезімі өте жоғары, өзіне тапсырылған істі жан-жақты ойластырып, шығармашылық қатынаспен атқаруға тырысады. Оны «Іскерлік қазақ тілі» сабақтарындағы өздік жұмыстарды орындау барысында байқатты. Еңбекқорлығы талмай ізденгіштігі, табандылығы арқасында орындаған жұмыстары топ алдында жоғары бағаланды. Университет қабырғасында 24.11.2006 ұйымдастырылған «Competitiveness in Kazakhstan on Contemporary Stage of Market Reforms' Realization» тақырыбындағы конференцияға белсене қатысып, сертификатқа ие болды.
«Іскерлік қазақ тілі» пәні бойынша практикалық сабақтарды жүргізген оқытушы ретінде, Мұстағұлова Әсияның алға қойған мақсатына қол жеткізуге барлық күш-жігерін салатындығына, келешекте еліміздің экономикалық өрлеуіне өзіндік үлесін қосатындығына сенемін. Сондықтан, Елбасының ұсынысымен тағайындалған «Болашақ» стипендиясы бойынша шетелде білім алуға лайық деп сенім білдіремін.
Тілдер кафедрасының
ассоциативтік профессоры, п.ғ.д.
1 маусым, 2009 жыл _____________________________
К. Құрманбай
| Сенімхат. Тапсырмалар:
1. Ініңіз Е. Болатұлына «Мерседес» маркалы машинаңызды бір жылға жүргізуіне сенімхат беріңіз.
2. Жандос Айтбайұлына өзіңіз тұратын үйді сатуға және сіз үшін барлық құжаттарға қол қоюға сенетіндігіңіз туралы сенімхат беріңіз.
3. Талғар күре жолы бойындағы саяжайыңызды балаңыздың сатуына және сіз үшін қол қоюына рұқсат беретіндігіңіз туралы сенімхат беріңіз.
4. Ініңізге өз атыңыздан қол қойып, үйіңіздің техникалық құжатын (техпаспортын) жасатуға сенім білдіретіндігіңіз туралы сенімхат беріңіз.
5. «Атамұра» баспасынан шыққан кітаптарды ініңізге өзіңіздің атыңыздан алуға рұқсат беретіндігіңіз туралы сенімхат беріңіз.
Сөздік және сөз тіркестері:
сенімхат – доверенность
куәландыру – удостоверять
адамның жеке басын анықтау – установить личность
іс-әрекетке қабілеттілігі – дееспособность
шәкіртақы – стипендия
зейнетақы – пенсия
тұрғын үй – жилой дом
пәтер – квартира
сыйлау – подарить
сату – продать
айырбастау – обменять
мұрагерлікке қалдыру – оставить в наследство
.....дейін өз күшінде – действителен по .....
ағама сеніп тапсырамын – доверяю своему брату
барлық әрекеттерді жүргізуге – на совершение всех действий
жалға беруге сенім білдіру – оказать доверие на аренду
келісімшартқа сәйкес несие – ссуда, кредит в соответствии с договором
қажетті анықтамалар мен – получать необходимые
құжаттарды алу документы и справки
құқықтық іс-әрекет – правовые действия
маған тиесілі мүлікті алу – получить причитающееся
мне имущество
маған тиесілі ақшаларды алуға – на получение принадлежащих мне денег
мемлекеттік баж салығы – государственная пошлина
менің атымнан өтініш беру – подать заявление от моего имени
менің орныма қол қою – расписываться за меня
1- үлгі. Пәтерді сату туралы
СЕНІМХАТ
1997 жылғы 7 қаңтар, Алматы қаласы
Мен, Алматы қаласы, С.Дөнентаев көшесі, 19 үй тұрғыны, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі 1993 жылы 25 қазанда берген, №0136197836 жеке куәліктің иегері Өскенұлы Жандос,
Алматы қаласы, С.Дөнентаев көшесі, 21 үй, 28 пәтерде тұратын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі 1995 жылы 19 ақпанда берген, №0136197836 жеке куәлік иегері азамат Рақымбайұлы Өтегенге, Алматы қаласы, С.Дөнентаев көшесі, 19 үй мекенжайдағы үйімді сатуға сенім білдіремін.
Бұл үшін азамат Рақымбайұлы Өтегенге менің атымнан:
– өтініш жазуға;
– қажетті құжаттар мен анықтамаларды алуға;
– сатуға қажетті құжаттарды толтыруға;
– оларды мемлекеттік органдарға тіркеуге;
– мүлік иесі ретінде мені салық инспекциясына белгілеуге;
– осы аталған тапсырмаларды орындауға қатысты барлық іс-әрекеттерге менің орныма қол қою құқығын беремін.
Сенімхат 6 ай өз күшінде.
1997 жылғы 7 қаңтар (қолы) _________________
Осы сенімхатты мен, 1991 жылы 3 ақпанда ҚР Әділет министрлігі берген №0004577 лицензия негізінде әрекет жасаушы Алматы қаласының «Іскер» нотариалдық кеңсесінің нотариусы Әміреев Әденұлы Нұрлан 1997 жылғы 7 қаңтарда куәландырдым. Сенімхатқа менің қатысуым кезінде азамат Өскенұлы Жандос қол қойды.
Сенім білдірушінің жеке басы анықталды, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілігі тексерілді. Сенімхаттың мәтінін нотариус дауыстап оқыды. №97/41 тізбеге тіркелді. 650 (алты жүз елу) теңге мемлекеттік салық алынды.
Нотариус _______________ (Қолы) _________________
(Мөрдің орны)
| Қолхат. Тапсырмалар:
1. Өзіңіз жұмыс істейтін мекемеден уақытша пайдалануға компьютер алғандығыңыз туралы қолхат жазыңыз.
2. Наурыз айындағы шәкіртақыны балалар қорына аудар-ғандығыңыз туралы қолхат беріңіз.
3. Өзіңіздің көршіңіз А.Е. Еркіновтен 10 күнге 20000 (жиырма мың) теңге алғандығыңыз туралы қолхат беріңіз.
Сөздік және сөз тіркестері:
қолхат – расписка
пайыз төлеу – выплачивать проценты
қайтарып беру – вернуть, возвращать
қарыз – долг
мерзім – срок
уәде – обещание
алу – брать
уақытында – вовремя
алынған ақшаны көрсетілген
уақытта қайтаруға міндеттенемін – обязуюсь вернуть полученные
деньги в указанный срок
жоғалған жағдайда – при утере
қайтаруға міндеттенемін – обязуюсь вернуть
келіп түскен күннен бастап
бір ай ішінде – в течение месяца со дня ее поступления
қолхат беру – дать расписку
растау – подтверждать
уақытша пайдалану үшін алдым – получил для временного пользования
берілген – выданы
ҮЛГІ:
Қолхат
Мен, Алматы қаласы, Шәкәрім көшесі, 47 үй, 10 пәтер тұрғыны Жандосұлы Жасұлан, азамат Арман Мұхитұлынан 50000 (елу мың) теңге алдым.
Ақшаны 2010 жылдың 13 қыркүйегіне дейін қайтаруға уәде беремін.
Жеке куәлік №123456789.
13 шілде 2010 жыл Жандосұлы Жасұлан ----------------
Куәгерлер: Берік Дәлелханұлы ----------------
Жарас Ахметжанұлы ----------------
Келісімшарт.Тапсырмалар:
1. Тұрғын үйді сатып алу – сату туралы келісімшарт жасаңыз.
2. Тұрғын үйді сыйға беру туралы келісімшарт жасаңыз.
3. Тұрғын үйді ауыстыру туралы келісімшарт жасаңыз.
4. Жер учаскесін сыйға беру туралы келісімшарт жасаңыз.
5. Жер учаскесін ауыстыру туралы келісімшарт жасаңыз.
6. Жер учаскесін сатып алу – сату туралы келісімшарт жасаңыз.
7. Автомашинаны сатып алу – сату жөніндегі келісімшарт жасаңыз.
8. Автомашинаны залогқа беру жөніндегі келісімшарт жасаңыз.
9. Автомашинаны сыйға беру жөніндегі келісімшарт жасаңыз.
10. Пайыз төлеу арқылы ақша алу туралы келісімшарт жасаңыз.
11. Айып төлеу арқылы ақша алу туралы келісімшарт жасаңыз.
Сөздік және сөз тіркестері:
келісімшарт – контракт
сатушыға тиесілі – принадлежащий продавцу
ешкімге сатылған жоқ – никому не продан
қарыз өтеу – уплата долгов
менің қатысуым кезінде – в моем присутствии
тұтқынға алынған жоқ – под арестом не состоит
«Тұрғын үй қарым-қатынастары – Закон «О жилищных
туралы» заң отношениях»
төменде қол қоюшылар – нижеподписавшиеся
сату-сатып алу – купля-продажа
маған тиеселі – принадлежащий мне
анықталды – установлен
тіркелді – зарегистрирован
мәміле – сделка
жекеменшік құқығы бойынша –по праву собственности
келісімшарттың негізінде –на основании контракта
жалпы пайдалы ауданы –общая полезная площадь
кұрайды составляет
осы уақытқа дейін –до настоящего времени
бағалау – оценивать
жеткізу – довести, донести
болып табылады – является
бұдан әрі – в дальнейшем
екінші жақтан – с другой стороны
..... бастап ..... дейін жарамды – действительно с ..... по .....
жеке басы – личность
кепілге берілмеген – не заложен
Үлгі
Пәтерді сату – сатып алу туралы келісімшарт
15 қазан, 2010 жыл_ Алматы қаласы
Алматы қаласы, Достық даңғылы, 88 үй, 77 пәтер тұрғыны 12 мамыр 2004 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ берген №5487962131 жеке куәлік иегері Әміреев Елдосұлы Ерлан;
Алматы қаласы, Бағанашыл ықшамауданы, 56 үй, 15 пәтер тұрғыны 2 ақпан 2002 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ берген №25082005 жеке куәлік иегері азамат Әбішев Сәлімжанұлы Дінислам;
төмендегі осы келісімшартты жасадық.
1. Мен, азамат Әміреев Ерлан Елдосұлы, мекенжайым: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 23 үй, 30 пәтерді саттым;
Мен, азамат Әбішев Дінислам Сәлімжанұлы, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 23 үй, 30 пәтерді сатып алдым.
2. Көрсетілген пәтер:
- 2005 жылы 24 қазан айында жасалған сату-сатып алу келісімшартының негізінде;
- келісімшарт №9 тізбеде тіркеліп, Алматы қаласының №9 нотариалдық кеңсесінің нотариусы куәландырған;
- ТИБ-те тіркелген (Тіркеу инвертаризация бөлімі, жылжымайтын мүлікті тіркеу). Жекеменшік құқығы бойынша азамат Әміреев Елдосұлы Ерланға тиесілі. Пәтердің жалпы пайдалы аумағы: 120 шаршы метр, 4 бөлмеден тұрады.
Пәтердің инвентарлық құны: ТИБ – 2005 жылғы 5 қазанда №6 бланкіде көрсетілген анықтамасы бойынша жүз жиырма мың (120000) доллар тұрады.
3. Мен, азамат Әміреев Елдосұлы Ерлан, көрсетілген пәтерді (Алматы қаласы, Абай даңғылы, 23 үй, 30 пәтерді) азамат Әбішев Сәлімжанұлы Дінисламға осы келісімшартқа қол қою кезінде төленетін жүз жиырма мың (120000) долларға саттым.
4. Осы уақытқа дейін көрсетілген пәтер ешкімге сатылған жоқ, қарыз өтеуге, салыққа берілген жоқ және дау-таласта болған жоқ, тұтқынға алынған жоқ.
5. Пәтерді пайдалануды Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қарым-қатынастары туралы» Заңында белгіленген, тұрғын үйді пайдалану ережелеріне сәйкес азамат Әбішев Сәлімжанұлы Дінислам жүргізеді.
6. Сатылған пәтерді азамат Әміреев Елдосұлы Ерлан беруі және оны азамат Әбішев Сәлімжанұлы Дінислам қабылдап алуы екі жақ қол қоятын беру актісінің негізінде жүзеге асырылады.
7. Қолданылып жүрген заңның.....-бабының мазмұны түсіндірілді.
8. Келісімшартты ресімдеуге байланысты шығынды азамат Әміреев Елдосұлы Ерлан төлейді.
9. Келісімшарт 3 дана етіп жасалды, оның бір данасы – нотариалдық кеңсенің №4 тізбесінде сақталады, екінші данасы – сатушыда, үшінші данасы – сатып алушыда сақталады.
Тараптардың қолы: Сатып алушы/
Сатушы/
Осы келісімшартты мен, ҚР Әділет министрлігімен 4 ақпан 2000 жылы берілген №0001546 лицензия негізінде әрекет жасаушы Алматы қаласы «Бақыт» нотариалдық кеңсесінің нотариусы Бекболатов Мақсатұлы Дидар 2010 жылы 15 қазанда куәландырдым.
Осы келісімшартқа менің қатысуым кезінде Тараптар қол қойды.
Тараптардың жеке басы анықталды, олардың құқықтық іс-әрекетке қабілеттілігі және сатылатын пәтердің Әміреев ЕлдосұлыЕрланға тиесілі екендігі тексерілді.
Келісімшарт техникалық инвентаризация бюросында тіркелді.
Сату-сатып алу жөніндегі келісімшарттың мәтіні дауыстап оқылды.
Нөмірі №65 тізбеде тіркелді. Тариф бойынша 500 (бес жүз) теңге мемлекеттік салық алынды.
Нотариус(қолы)(Мөр)
|
|