ГЛОССАРИЙ 6 page
Date: 2015-10-07; view: 1380.
Өтінім.Тапсырмалар:
1. Денешынықтыру және спорт кафедрасы меңгерушісінің атынан спорттық жарысқа қатысатын студентті сабақтан босату туралы Оқу ісі жөніндегі проректордың атына өтінім жазыңыз.
2. Денешынықтыру және спорт кафедрасы меңгерушісінің атынан тиісті орынға спорт жабдықтарын сұрап өтінім жазыңыз.
3. Студенттердің конференция материалдарын шығару үшін баспаханаға өтінім жазыңыз.
Сөздік және сөз тіркестері:
өтінім – заявка
мекеме ішінде – внутри учреждения
тауардың атауы – наименование товара
тауардың саны – количество товара
жиһаздар – мебель
біржақты – односторонний
1- үлгі
БЕКІТЕМІН:
ХБА ӘҚД директоры
______________
Т.Ермекұлы
Өтінім беруші:Тілдер кафедрасы
Қызметі: Кафедра меңгерушісі
Аты-жөні: К.С.Құрманбай
Кеңсе заттарын алуға
№10 ӨТІНІМ
р/с
№
| Атауы
| Қажетті саны
| Бекітілген саны
| Берілген саны
|
| А-4 форматты қағаз
| 3 қорап
|
|
|
| Қайшы
| 3 дана
|
|
|
| Желім
| 2 дана
|
|
|
| Қалам
| 10 дана
|
|
| Тілдер кафедрасының меңгерушісі __________ К. Құрманбай
(қолы)
Өтінім толтырушы: ___________ менеджер Ж.Жомартова
(қолы)
05.10.09
(күні, айы, жылы)
Ішкі тел: 555
| Тапсырыс. Тапсырмалар:
1. Тапсырыстың құрылымына қарап, әскери салаға қажетті тауарларға тапсырыс үлгісін дайындаңыз.
2. Тапсырыстың құрылымына қарап, медицина саласына қажетті тапсырыс үлгісін дайындаңыз.
3. Тапсырыстың құрылымына қарап, спорт саласына қажетті тауарларға тапсырыс үлгісін дайындаңыз.
4. Тапсырыстың құрылымына қарап, құрылыс саласына қажетті тауарларға тапсырыс үлгісін дайындаңыз.
5. Жатақханаға қажетті тауарларға тапсырыс үлгісін дайындаңыз.
Сөздік және сөз тіркестері:
№..... тапсырыс – заказ – .....
мекенжайы – адрес
алмастыру – замена
коммерциялық ұсыныс – коммерческое предложение
сатып алу – покупать
тапсырыстың мәтіндік сипатталуы – текстовое описание заказа
мемлекеттік тапсырыс – государственный заказ
тапсырыс шарттары – условия заказа
тапсырысты орындау мерзімі – срок исполнения заказа
тапсырысқа сәйкес
орындалған жұмыс – работа выполненная в соответствии с заказом
тапсырыс беруші – заказчик
тапсырыс түрі – виды заказа
тауардың атауы – наименование товара
тауардың бағасы – цена товара
тауардың саны – количество товара
жеткізілім шарты – договор поставки
төлем шарты – условия оплаты
жеткізілім мерзімі – срок доставки
төлем қабілеттілігі – платежеспособность
есепшот арқылы – через счет
қолма-қол төлеу – оплачивать наличными
кепілдік – гарантия
өзгерістер туралы – об изменении
өндірістік-коммерциялық
орталық – производственно-коммерческий центр
мекемеаралық – межучрежденческий
келісімшарт негізінде – на основе контракта
екі жақты келісім – двустороннее соглашение
1-үлгі
Мекеменің атауы:
Мекенжайы:
Телефоны:
Факс:
|
«Логиком» компьютерлік орталығы
Алматы қаласы, Абай даңғылы, 72
+7 (727) 2-71-77-20
+7 (727) 2-71-88-88
| ТАПСЫРЫС
|
| Тапсырыс түрі
| сатып алу
|
| Тапсырыстың мәтіндік сипатталуы
| техникалық құрал-жабдық
|
| Тауардың атауы
| CANON сканер-принтері
|
| Тауардың бағасы
| 17 мың теңге
|
| Тауардың саны
| 15 дана
|
| Жеткізілім шарты
| сатып алушы өзі жеткізеді
|
| Төлем шарты
| қолма-қол, теңгемен төленеді
|
| Жеткізілім мерзімі
| 5 қазан 2010 жыл
|
| Ұсынысқа қосымшалар
| жоқ
| №159 орта мектеп директоры: _______________ А. Миразова
Тапсырыс толтырушы: Нарысбекова Жансая
Байланыс телефондары:+7 (727) 2-61-50-45
Факс: +7 (727) 2-61-50-23
| Еңбек келісімі. Тапсырмалар:
1. Сіздің мекемеңіз – кілем фабрикасы. Фабрика көрме ұйымдастыруда. Көрмежайды безендіру үшін суретші-дизайншы З.Құрманұлымен еңбек келісімін толтыруыңыз керек.
2. Сіз «Техника» шағын кәсіпорнының офисіне жөндеу жүргізуге келісім бердіңіз. Еңбек келісімін толтырыңыз.
3. Сіз өз мекемеңіз «Әділет» банкі қызметкерлеріне арнап семинар өткізуге маман-экономист Л.Мақсатқызын шақырып отырсыз. Еңбек келісімін толтырыңыз.
Сөздік және сөз тіркестері:
келісімшарт – контракт
еңбек шарты – трудовой договор
еңбек келісімі – трудовое соглашение
жұмыс беруші –работадатель
жұмысшы – рабочий
міндет – обязанность
ерікті түрде – по собственному желанию
еңбек міндеттері – трудовые обязанности
еңбек өтілі – трудовой стаж
қызметкер – сотрудник, служащий
еңбек дауы – трудовой конфликт
іссапар – командировка
өтемақы – возмещение
жалақы – заработная плата
қауіпті – опасный
зиянды – вредный
ауыр дене жұмыстары – тяжелый физический труд
еңбек құқығы қатынастары – трудовые правоотношения
жеке – индивидуальный
жеке еңбек келісімі – индивидуальное трудовое соглашение
негізгі жұмыс орны – основное место работы
қоса атқарушылық – совместительство
бұдан әрі қарай – далее
ұзарту – продлить
ажырамас бөлік – неотъемлемая часть
еңбек демалысы – трудовой отпуск
еңбек тәртібі – трудовая дисциплина
еңбекақы төлеу – оплата труда
еңбекақы төлеу туралы
ережеге сәйкес – в соответствии с положением об оплате труда
жұмыс берушінің құқығы – право работодателя
жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері – права и обязанности работодателя
жұмысқа шықпау – невыход на работу
қатаң сөгіс – строгий выговор
қолайлы жағдай жасау – создание благоприятных условий
қосымша демалыс – дополнительный отпуск
1-үлгі
№7 Еңбек келісімі
Алматы қаласы, 7 сәуір, 2009 жыл
«ВЕН» ААҚ-ның директоры, Мамыров Қуанышбекұлы Дәулетқожа, бұдан былай қарай келісімде «жұмыс беруші» деп аталады, екінші жақтан Бизнес экономикасы факультетінің аспиранты Бейсеев Жәнібекұлы Хамит, бұдан былай келісімде «жұмысшы» деп аталады.
Жұмысшы Бейсеев Жәнібекұлы Хамит қазіргі «ВЕН» ААҚ-ның бас экономисі болып қабылданды.
Бұл еңбек келісімі – негізгі жұмыс келісімі.
Жұмысшы уақытша бос тұрған орынға қабылданып отырғандықтан, келісім шектеулі мерзімге жасалады.
Келісім (18.05.2008) екі мың сегізінші жылдың он сегізінші мамырында күшіне енеді, (18.05.2010) екі мың оныншы жылдың он сегізінші мамырында өз күшін жояды.
Жұмысшыға екі апта сынақ мерзімі белгіленеді.
Жұмысшы:
ü Өз міндеттерін мезгілінде және сапалы атқаруға;
ü Еңбек және өндірістік тәртіпті сақтауға;
ü Техника қауіпсіздігі талаптарын сақтауға;
ü Мемлекеттік құпияны жария етпеуге;
ü Ішкі тәртіп ережесіне бағынуға міндетті.
Жұмыс беруші:
ü жұмысшының осы келісім бойынша белгіленген міндеттерін атқаруы үшін қалыпты жағдай жасауға;
ü қазіргі күші бар еңбек заңдары актілерінің орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.
Жұмысшыға алты күндік жұмыс күні белгіленеді. Толық емес жұмыс күніне көшіру қосымша өзара келісім негізінде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заң кодексіне сәйкес, жұмысшы өз міндетін атқаруға демалыс, мейрам күндері де шақырылуы мүмкін.
Жұмысшы еңбегі үшін «компания» бірыңғай тариф кестесі негізінде жүз елу мың (150000) теңге көлемінде әр айдың штат кестесіне сәйкес еңбекақы белгілейді.
Жұмысшыға жылына бір рет, ұзақтығы он сегіз жұмыс күн мөлшерінде ақылы демалыс беріледі.
Келісім мынадай жағдайда тоқтатылады:
ü Екі рет келісім мерзімін ұзартудан бас тартқанда;
ü Кәсіпорын я мекеме таратылған жағдайда;
ü Компанияда қысқарту болған жағдайда;
ü Жұмыс көлемінде қысқарту болған жағдайда;
ü Заңда көрсетілген басқа да жағдайлар негізінде.
Екі жақ келісімнің барлық шарттарымен келісті. Екі дана етіп жасалған еңбек келісімінің әрқайсысының заң күші бірдей. Екі жақтың әрқайсысына бір данадан беріледі.
Жұмыс беруші: Жұмысшы:
«ВЕН» ААҚ-ның директоры Х.Бейсеев
Д.Мамыров
________________ _____________
Алматы қаласы, Гагарин даңғылы, 36
| Хаттама. Тапсырмалар:
1. Жатақхананы күрделі жөндеуден өткізу туралы МжСҮ тұрғындары жиналысының хаттама мәтінін құрастырыңыз.
2. ХБА Тәуелсіздік күніне дайындық туралы топ жиналысының хаттама мәтінін құрастырыңыз.
3. ХБА М.Мақатаевтың туылған күніне орай ұйымдастырылған «Нұр» ұйымы мәжілісінің хаттама мәтінін құрастырыңыз.
4. Студенттер басқармасы президенттігіне үміткерлер дебатын ұйымдастыру туралы Студенттік басқарма өткізген мәжілісінің хаттама мәтінін құрастырыңыз.
5. ХБА-дағы «Балалар күліп жүрсін» атты қайырымдылық қорын ұймдастыру туралы Студенттік басқарма өткізген мәжілістің хаттама мәтінін құрастырыңыз.
Сөздік және сөз тіркестері:
хаттама – протокол
хаттамадан үзінді – выписка из протокола
мәжіліс, отырыс – заседание
жиналыс – собрание
төраға – председатель
хатшы – секретарь
тізім – список
күн тәртібі – повестка дня
күн тәртібіндегі мәселе бойынша –по вопросу повестки дня
баяндама – доклад
қысқаша жазба – краткая запись
мәселе – проблема, вопрос, задача
ұсыныс – предложение
ұсыну – предлагать
бірауыздан – единогласно
қатысу – участвовать, присутствовать
қатысқандар – присутствовали
қатыспағандар – отсутствовали
дәлелді себеппен – по уважительной причине
дәлелсіз себеппен – по неуважительной причине
хабарлама – сообщение
ақпарат – информация
сөйлеу – выступать
сөйлегендер – выступили
тыңдау – слушать
тыңдалды – слушали
жарыссөз – прения
жарыссөзге шығып сөйлеу – выступление в прениях
мақұлдау – одобрить
бекіту – утвердить
енгізу – внести
шешім – решение
жалпы – общий
бірлескен – совместный
кеңейтілген – расширенный
сұрақ беру – задать вопрос
сұраққа жауап беру – ответить на вопрос
талқылау – обсудить
таныстыру – ознакомить
дайындау – подготовить
рәсімдеу – оформить
қарау – рассмотреть
қолдау – поддержать
қалыс қалу – воздержаться
қол қою – подписать
дауыс беру – голосовать
атап көрсету – подчеркнуть
жүктеу – возложить
орындау –выполнить
толықтыру – дополнить
бақылау комиссиясының отырысы – заседание контрольной комиссии
қабылдау комиссиясының отырысы – заседание приемной комиссии
баяндамада атап көрсету – подчеркнуть, выделить в докладе
бірінші мәселе бойынша – по первому вопросу
бірлескен мәжіліс – совместное заседание
кеңейтілген отырыс – расширенное заседание
қаулы етті – постановил
құрылтайшылар жиналысы – собрание учредителей
талқыланған мәселелер бойынша – в соответствии с обсужденными проблемами
хаттамаға енгізу – занести в протокол
хаттамаға қол қою – подписать протокол
хаттамалық шешім – протокольное решение
хаттамамен таныстыру – ознакомить с протоколом
хаттаманы бекіту – утвердить протокол
шешімді жүзеге асыру – реализовать решение
хаттаманы жүргізу – вести протокол
хаттаманы іске тігу – подшить протокол к делу
хаттаманы қарау – рассмотреть протокол
хаттамадан көшірме – выписка из протокола
хаттаманың нөмірі – номер протокола
Үлгі
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті баспа ісі және редакциялау кафедрасы мәжілісінің
№2 ХАТТАМАСЫ
Астана қаласы 2005 жыл 18 қазан
Қатысқандар:
Филология ғылымдарының докторы, профессор М.Бердібаев;
филология ғылымдарының докторы, профессор С.Әддібеков;
филология ғылымдарының докторы, профессор А.Оспан;
филология ғылымдарының кандидаты, доцент С.Әділжанов;
филология ғылымдарының кандидаты, доцент Л.Есболатова;
филология ғылымдарының кандидаты, доцент міндетін атқарушы А.Мамыров;
филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы М.Айтжанов;
филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Ж.Өмірбекова;
филология ғылымдарының кандидаты А.Мұхтарова;
филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы М.Садықов;
кафедраның аспиранттары мен ізденушілері.
Мәжіліс төрағасы – баспа ісі және редакциялау кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор М.Бердібаев.
Күн тәртібі:
1.Баспа ісі және редакциялау кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты М.Садықовтың «Редакциялаудың теориясы мен практикасы» атты оқу құралын баспаға ұсыну туралы.
2.Баспа ісі және редакциялау кафедрасының доценті міндетін атқарушы, филология ғылымдарының кандидаты А.Мамыровқа 10.01.00 – әдебиеттану мамандығы бойынша доцент ғылыми атағын беруге ұсыныс жасау.
1.Тыңдалды:
Садықов Мамыржан Тілеуұлы «Редакциялаудың теориясы мен практикасы» атты оқу құралының жалпы мазмұны, құрылымы, мақсаты мен міндеттері, теориялық, методологиялық негіздері, практикалық құндылығы туралы баяндама жасады.
Сұрақтар:
М.Бердібаев – филология ғылымдарының докторы, профессор.
1.Оқу құралын жазуда қандай теориялық еңбектерді басшылыққа алдыңыз?
2.Баспа ісі мамандығының мемлекеттік білім беру стандарты мен типтік және оқу жоспарларына сәйкестендіріп оқу құралын келешекте оқулық ретінде жазып шығу жоспарыңызда бар ма?
3.Оқу құралында редакциялаудың қандай әдістері ұсынылады?
Жауап:
1.Оқу құралын жазу барысында баспа ісіне қатысты жарық көрген... (жауаптың толық нұсқасы жазылады).
2.Баспа ісі мамандығының мемлекеттік білім беру стандарты мен типтік және оқу жоспарларына сәйкес... (жауаптың толық нұсқасы жазылады).
3.Оқу құралында редакциялаудың... (жауаптың толық нұсқасы жазылады).
С.Әддібеков – филология ғылымдарының докторы, профессор.
1.Оқу құралында қазіргі баспа ісінде кездесетін қандай өзекті мәселелер атап көрсетілді?
2.Оқу құралының қосымшасында берілген материалдарн студенттердің өз бетімен істейтін жұмысына негізделген бе, әлде аудиториялық жұмысқа негізделген бе?
Жауап:
1.Оқу құралында қазіргі баспа ісінде кездесетін төмендегідей өзекті мәселелер атап көрсетілді. Олар:.. (жауаптың толық нұсқасы жазылады).
2.Оқу құралының қосымшасында берілген материалдар студенттердің өз бетімен істейтін жұмысына негізделген.
М.Айтжанов – филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы.
Оқу құралында берілген функционалдық стильдерді айырудың әдіс-тәсілдеріне қатысты мәселелерді теориялық және практикалық тұрғыдан жетілдіру қажет деп есептемейсіз бе?
Жауап:
Функционалдық стильдерге қатысты берілген... (жауаптың толық нұсқасы жазылады).
М.Бердібаев – мәжіліс төрағасы баспа ісі және редакциялау кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор.
Сұрақтардың барлығына толық жауап берілді. Басқа сұрақтарыңыз болмаса, оқу құралын талдауға көшсек, ресми бекітілген рецензенттер: филология ғылымдарының докторы, профессор А.Оспан;
Филология ғылымдарының кандидаты, доцент С.Әділжанов; филология ғылымдарының кандидаты, доцент Л.Есболатова.
1.Жарыссөз:
А.Оспан – филология ғылымдарының кандидаты, профессор.
Садықов Мамыржан Тілеуұлының «Редакциялаудың теориясы мен практикасы» атты оқу құралы... (пікірде айтылған негізгі ойлар мен ұсыныс ескертпелер, толық жазылады).
Оқу құралын журналистика факультетінің студенттеріне қажетті еңбек ретінде бағалап, баспаға ұсынуға болады деп есептеймін.
С.Әділжанов – филология ғылымдарының кандидаты, доцент.
Баспа ісі мамандығы бойынша білім... (пікірде айтылған негізгі ойлар мен ұсыныс, ескертпелер толық жазылады). Мамыржан Тілеуұлының талданып отырған оқу құралын теориялық және практикалық талаптарға жауап бере алатын еңбек ретінде бағалап, баспаға ұсынуға болады деген қорытынды жасаймын.
Л.Есболатова – филология ғылымдарының кандидаты, доцент.
Редакциялаудың теориясы мен практикасына, әдіс-тәсілдеріне қатысты... (пікірде айтылған негізгі ойлар мен ұсыныс, ескертпелер толық жазылады). Қорыта келгенде, М.Садықовтың, «Редакциялаудың теориясы мен практикасы» атты оқу құралын баспаға ұсынуға болады.
М.Бердібаев – мәжіліс төрағасы, баспа ісі және редакциялау кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор.
Оқу құралына қатысты негізгі ой-пікірлер мен сын-ескертпелер, ұсыныстар айтылды. Енді талдауды қорытындыласақ... Пікірлердің барлығы оң. Әріптесіміздің аталған еңбегін студенттерге қажетті құрал ретінде баспаға ұсынуға болады. Осы ұсынысты ащық дауысқа салайық.
Дауыс беру нәтижесі: «қарсы емес» – бірауыздан, «қарсы» – жоқ, «қалыс қалғандар» – жоқ.
2.Тыңдалды:
Баспа ісі және редакциялау кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор М.Бердібаев филология ғылымдарының кандидаты А.Мамыровқа 10.01.00 – әдебиеттану мамандығы бойынша доцент ғылыми атағын беруге ұсыныс жасау жөніндегі хабарлама жасады.
А.Мамыров баспа ісі және редакциялау кафедрасында доцент міндетін атқарушы болып 1 жыл қызмет істеді. Университетте 2000 жылдың тамыз айынан бері істейді. Ғылыми-педагогикалық стажы – 16 жыл. 2001 жылы кандидаттық диссертация қорғаған. Кандидаттық диссертация қорғағаннан кейін 9 ғылыми еңбегі жарық көрді. Оның ішінде 2 оқу құралы, біреуі серіктес авторлықта, біреуі жеке авторлықта жарық бойынша өткізген ашық лекция сабағы оқытушының теориялық және әдістемелік бағыттағы ізденістерін қолдай отырып, А.Мамыровты 10.01.00 – әдебиеттану мамандығы бойынша доцент ғылыми атағына ұсыну жөнінде факультеттің Ғылыми кеңесіне кафедра атынан өтініш білдіргеніміз дұрыс деп санаймын.
2.Жарыссөз:
М.Бердібаев – филология ғылымдарының докторы, профессор.
А.Мамыров төмендегі пәндер мен арнайы курстар бойынша жоғары талапқа сай дәріс оқиды.
Қазіргі кітап ісінің проблемалары – күндізгі бөлім студент-теріне – 36, Публицистика өнері – күндізгі бөлім студенттеріне – 36 сағат, сырттай бөлім студенттеріне 18 сағат; Редакциялаудың теориясы мен әдістемесі – күндізгі бөлім студенттеріне – 72 сағат; сырттай бөлім студенттеріне – 18 сағат; Бұқаралық ақпарат құралдары және нарықтық экономика – күндізгі бөлім студенттеріне – 36 сағат; сырттай бөлім студенттеріне – 18 сағат. Сондай-ақ факультет магистранттарына ақпараттар жүйесі пәні бойынша 18 сағат лекция оқып, арнайы курстар жүргізеді. А.Мамыровтың жүргізетін дәрістерінің деңгейін, ғылыми-әдістемелік бағытта істеген жұмыстарын ескере отырып, оны 10.01.00 – әдебиеттану мамандығы бойынша доцент ғылыми атағына ұсыну жөнінде факультеттің Ғылыми кеңесіне өтініш білдірудің қолдаймын.
Л.Есболатова – филология ғылымдарының кандидаты, доцент.
А.Мамыров журналистиканың өзекті мәселелеріне қатысты университетте өткізілген ғылыми-теориялық, ғылыми-тәжірибелік конференциялардың, семинарлардың ұйымдастырулына ұйытқы болды. Сонымен қатар баспа ісі мамандығының мемлекеттік білім беру стандарты мен типтік оқу жоспарларын түзуге автор ретінде қатысты. А.Мамыровтың авторлығымен жарық көрген оқу құралын студенттерге қажетті көмекші құрал деп есептеймін. Қазір мерзімді баспасөздегі қоғамдық-саяси мәселелер жөнінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп жүр. А.Мамыровты 10.01.00 – әдебиеттану мамандығы бойынша доцент ғылыми атағына ұсыну жөнінде факультеттің Ғылыми кеңесіне өтініш жасауға болады деп есептеймін.
Кафедра мүшелері бұл ұсынысты ашық дауысқа салды. Дауыс беру нәтижесі «қарсы емес» – бірауыздан, «қарсы» – жоқ, «қалыс қалғандар» – жоқ.
Қаулы:
1.Баспа ісі және редакциялау кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты М.Садықовтың «Редакциялау-дың теориясы мен практикасы» атты оқу құралы баспаға ұсынылсын.
2.Баспа ісі және редакциялау кафедрасының доценті міндетін атқарушы, филология ғылымдарының кандидаты А.Мамыровты 10.01.00 – әдебиеттану мамандығы бойынша доцент ғылыми атағына ұсыну жөнінде факультеттің Ғылыми кеңесіне өтініш жасалсын.
Мәжіліс төрағасы,
Баспа ісі және редакциялау кафедрасының меңгерушісі,
Филология ғылымдарының докторы, профессор М.Бердібаев
Мәжіліс хатшысы,
Баспа ісі және редакциялау кафедрасының әдіскері К.Жұбанова
|
Қызметтік хаттар.Тапсырмалар:
1. Көшірме орталығының директоры Б.Омаровқа Алматы облыстық мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасының қызметкерлеріне визит карточкаларын жасап беруді өтінетіндігіңіз туралы өтініш хат жазыңыз.
2. «Гамма» көркемсурет фирмасының басшысы атынан «Жанна» жиһаз жасау кәсіпорнының президентіне қажетті жиһазды жасауға өтініш хат жазыңыз.
3. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен қалалық оқу-әдістемелік бірлестік жетекшісі ретінде мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру институты директорының атына «Орта білім және білім берудің жаңа технологиялары» деген тақырыпта семинар ұйымдастыруды өтініп хат жазыңыз.
4. «Полиглот» жекеменшік кәсіпорны басшысы атынан жергілікті телеарнаның жарнама бөлімінің редакторына жарнамалық сюжет дайындауды өтініп хат жазыңыз.
|