Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






ГЛОССАРИЙ 7 page


Date: 2015-10-07; view: 1298.


5. Мектеп директоры атынан орталық емхананың меңгерушісіне мектептің мұғалімдері мен қызметкерлерін кезекті медициналық тексерістен өткізуге өтініш білдіріп, хат үлгісін жазыңыз.

6. Сіздің фирмаңыздың тұсаукесер тойына байланысты, маңызды сәтті «Қазақстан» арнасынан көрсетілуін өтініп, телеарна директорының атына өтініш хат үлгісін дайындаңыз.

 

Сөздік және сөз тіркестері:

қызметтік хат – служебное письмо

қызмет – служба

ақпарат, хабар, мәлімет – информация

тізім – список

танысу – ознакомление

мүмкіндік – возможность

бас редактор – главный редактор

лауазым – должность

мәтінін жариялауды өтінеді – просить опубликовать текст

хабарландыру мәтіні – текст объявления

Ақпараттық хат - информационные письмо

Кепілдік беру хаты - гарантийные письма

Сұраныс хат – письма- запросы

Коммерциялық хат – коммерческие письма

Шақыру хат – письма-приглашение

Өтініш хат – письма-просьбы

Құттықтау хат – письма поздравления

Ресми хат – официальное письма

Деректемелер – реквизиты

Сілтеме – сноска

 

 

Ақпараттық хат. Тапсырмалар:

1. М.Әуезов атындағы қазақ драма театры Жеңіс күнінің 65 жылдығы мерейтойына арналған концерт өткізетіндігі туралы ақпарат хат құрастырыңыз.

2.Студенттердің ғылыми-практикалық конференциясы болатын-дығы туралы ақпарат хат құрастырыңыз.

3. Мұғалімдердің білімін жетілдіру институтының ұйым-дастыруымен 2010 жылдың наурыз айында «Қазіргі білім беру және оқытудың жаңа технологиялары» тақырыбында аймақтық семинар өткізілмекші. Осы жағдайға орай ақпарат хат үлгісін жазыңыз.

4. Облыстық іскер әйелдер қоғамының ұйымдастыруымен «Әйел және іскерлік әлемі» атты дөңгелек үстел өткізілмекші. Осы жағдайға байланысты күнін, өткізілетін орнын, қарастырылатын мәселелерін көрсетіп, ақпарат хат үлгісін жазыңыз.

5. «Жұлдыз» республикалық дарынды балалардың орталығында нақты ғылымдардан республикалық олимпиада өткізілмекші. Осы жағдайға байланысты олимпиаданың күнін, орнын, пәндердің тізімдемесін көрсетіп, ақпарат хат үлгісін жазыңыз.

6. «Атамұра» республикалық баспасынан осы жылы жоспарланған әдебиеттерді көрсетіп, ақпарат хат үлгісін жазыңыз.

 

Сөздік және сөз тіркестері:

ақпарат – информация

ақпарат беру туралы – о представлении информации

ақпарат бірлігі – единица информации

акпарат көлемі – массив информации

ақпараттық хабар – информационное сообщение

ақпарат жазып алу – запись информации

ақпаратты жеткізуші – носитель информации

ақпаратты жинау – сбор информации

ақпаратты жинау, өңдеу,

сақтау және пайдалану – сбор, обработка, хранение и

использование информации

ақпаратты растау – подтвердить информацию

ақпараттық қажеттілік – информационная потребность

ақпараттық құжат – информационный документ

ақпараттық сұрау салу – информационный запрос

бейресми ақпарат – неофициальная информация

қажетті ақпарат – нужная информация

толық ақпарат – подробная информация

статистикалық ақпарат – статистическая информация

уақытында хабарлау – своевременно информировать

 

 

1-үлгі

 

Алматы қалалық әкімшілігі   Алматы қаласы, Сәтпаев көшесі 15 үй Тел. 2-72-39-62 Факс. 2-72-45-12 03.07.2010. №45   Алматы қалалық техникалық оқу орындарына   ақпарат хат Саяхат бойынша Алматы қалалық әкімшілік Қазақстан Республикасының әртүрлі аймақтарына «Шарын каньоны», «Есік қорғаны», «Түрген сарқырамасы» бағдарлары бойынша сапарлар өткізеді. Қазіргі кезде шілде–тамыз айларына саяхаттық жолдамалар бар. Жолдаманың құнына кіретіндер: жолақы, тамақ және саяхаттар. Саяхат бойынша жолдамалар Алматы қалалық әкімшілігінде рәсімделеді.   Байланыс телефондары: 2-72-26-13, 2-72-55-95 Саяхат бөлімі (117 бөлме).   Алматы қалалық әкімшілігі, саяхат бөлімінің орынбасары(қолы) А. Мықтыбекова  

 

 

Ресми хат.Тапсырмалар:

1. Алматы қаласындағы мектептерге 2010 жылдың 20 мамырында қалалық «Жыл мұғалімі» мұғалімдер сайысы өтетіндігі туралы ресми хат жолдаңыз.

2. Қалалық Ішкі істер басқармасының Жасөспірімдердің ісі инспекциясының инспекторы атынан мектеп директорларына қаладағы криминогенді жағдайды ескеріп, 2-ауысымның оқушыларын сабақтан қараңғы түспей босатуын сұрап, ресми хат үлгісін жазыңыз.

3. Сіздің фирмаңыз туралы жалған ақпарат берген жергілікті газеттің бас редакторының атына айтылған фактілерді жоққа шығаратын деректер келтіріп, келесі газет санында кешірім сұрауын талап етіп, ресми хат үлгісін жазыңыз.

5. Әскери бөлім басшысы атынан үлгілі азамат тәрбиелеп өсірген Ұланның ата-анасына ресми түрде алғыс білдіріп хат үлгісін жазыңыз.

6. «РАДиАЛ» жекеменшік баспасының бас редакторының атынан сұранысы жоғары әдебиеттерді қайта басатынын мәлімдеп, авторларға ресми хат үлгісін жазыңыз.

7. «Үздік іскер адам» сайысын ұйымдастырған Қазақстан Республикасы Іскер адамдар бірлестігі президентінің атынан жеңімпаз атанған «Алматы маргарин зауыты» АБ-ның директорына сайыс қорытындысының салтанатты кешінің күнін хабарлап, ресми хат үлгісін жазыңыз.

 

Сөздік және сөз тіркестері:

ресми хат – официальное письмо

жіберілсін – отправить

өткізілсін – проводить

осыған орай – в связи с этим

жеңімпаз туралы – о победителе

толық ақпарат – подробная информация

білім департаментіне – в департамент образования

қатысуға міндетті – должен присутствовать

 

Белгілі бір мекемеден атқаратын қызметіне лайық мәселелерді шешуге тілек-өтініш білдіретін хат.

Берілген үлгі бойынша жұмыс істеңіз.

1-үлгі

Халықаралық Бизнес Академиясы Международная Академия Бизнеса  
Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Розыбакиев к-сі, 227 Тел.: +7 727 302 22 22, Факс: +7 727 302 21 21 e-mail: info@iab.kz www. iab.kz   Республика Казахстан г. Алматы, ул. Розыбакиев, 227 Тел.: +7 727 302 22 22, Факс: +7 727 302 21 21 e-mail: info@iab.kz www. iab.kz
         

№ __________________

«___» _________ 20 ___ ж.

Қазақстан Республикасы

Ғылым академиясының


<== previous lecture | next lecture ==>
ГЛОССАРИЙ 6 page | Кітапхана директоры
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.077 s.