![]() |
Кітапхана директорыDate: 2015-10-07; view: 1570. А. Құсайыновқа
өтініш хат
Құрметті Арман Нұрланұлы!
Халықаралық Бизнес Академиясының ректораты Сізден қазақ тілі кафедрасының оқытушысы Сұлтан Ержанқызы Ақнұрға кітапханадағы кандидаттық және докторлық диссертациялармен танысуға жағдай жасауыңызды өтінеді.
Ректор /қолы/ Т. Балықбаев |
Хабарландыру. Тапсырмалар:
1. Бос орындарға байланысты хабарландыруға: газет бетінде берілетін хабарландырулардан өз мамандығыңа байланысты үлгісін тауып дайындаңыз.
2. Мәжіліс, жиналыстарға байланысты хабарландыруға жағдаят: Жылдық есепті талқылау, келесі жылға арналған жылдық жоспарды бекіту жөнінде өткізілетін бөлім мәжілісіне хабарландыру дайындаңыз.
3. Мәдени шараларға байланысты хабарландыруға жағдаят: Студенттердің жетім балаларға көмек ретінде «Тәттілер жәрмеңкесі» іс-шарасының ұйымдастырылатыны туралы хабарландыру дайындаңыз.
4. Жылжымайтын мүлікті, құнды заттарды сатуға байланысты хабарландыруға: бір қаладан екінші қалаға пәтеріңізді ауыстыру туралы хабарландыру үлгісін дайындаңыз.
Сөздік және сөз тіркестері:
хабарландыру – объявление
хабарландыру бойынша – по объявлению
хабарландыру жазу – писать объявление
хабарландыру жапсыру – приклеить объявление
хабарландыруды ілу – вешать объявление
хабарландыруды оқу – читать объявление
газетке хабарландыру беру – подать объявление в газету
жұмыс орны – место работы
қабырғадағы хабарландыру – объявление на стене
кездесу өткізіледі – проводится встреча
байқау жариялау – объявлять конкурс
байқау өткізетіндігін хабарлау – объявить о проведении конкурса
байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар – требования к участникам конкурса
байқаудың негізінде – на конкурсной основе
мәжіліс болады – будет заседание
мәжіліс туралы хабарландыру – объявление о заседании
ресми хабарландыру – официальное объявление
салтанатты жиналыс туралы хабарландыру – объвление о торжественном собрании
құлақтандыру – оповещение, объявление
бос қызмет орны – вакансия
жылжымайтын мүлік – недвижимость
құнды заттар – ценные вещи
үміткер – кандидат
өтетін орны – место проведения
жалпылама хабарландыру – общее объявление
жазбаша хабарлау, ескерту – уведомление
алқа – коллегия
1-үлгі. Бос орынға хабарландыру
ХАБАРЛАНДЫРУ! Жұмысқа орналастыру жөніндегі агенттіктер мен бюролар, сондай-ақ телекоммуникация саласында инженерлік мамандығы бар жеке тұлғалардың назарына. “Қазақтелеком”АҚ Мамандық деңгейін көтеру орталығы (МДКО) жанынан Қоғам мұқтаждығы үшін ведомстволық нормативті-техникалық құжаттар әзірлеумен және дамытумен айналысатын бөлім құрылмақшы. Бөлімнің штаттық кестесінде мынадай бос орындар бар: – бас маман; – жетекші маман; – I санатты маман; – II санатты маман. Кандидаттарға қойылатын негізгі талаптар: · Бос орындарға мамандық бойынша жоғары техникалық білімі не ұжымды техникалық жағынан басқару жөнінде мол іс-тәжірибесі бар, ғылыми, жобалық, нормативті-техникалық немесе басқа да құжаттама түрлерін әзірлеумен айналысатын білікті инженерлер шақырылады. · Кәсіби білімі және нормативті-техникалық құжаттамамен (НТҚ) жұмыс істеу дағдысының болуы, телекоммуникация саласының қалыптасу және даму негіздерін білуі қажет. · Қарым-қатынасқа бейімділіктің болуы. · Microsoft Office (Word, Excel, Autocad) бағдарлама пакеттерін, ЭҚА (электронды құжат айналымы) білу. · Құжат айналымы және ісжүргізу негіздерін білу. Жұмысқа орналасу мәселелері жөнінде мына телефондарға хабарласуға болады: 2-58-48-51, факс: 25-63-81. |
Құттықтау хат. Тапсырмалар:
1. Жазушылар Одағы атынан ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевты Тәуелсіздік күнімен құттықтаңыз.
2. «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының президентінің атынан Қазақстан-Британ техникалық университетінің ректоры, профессор Е.Қ. Бейсембетовті университеттің құрылғанына 10 жыл толуымен құттықтаңыз.
3. Досыңызды наурыз мерекесімен құттықтаңыз.
4. Досыңызды туылған күнімен құттықтаңыз.
Сөздік және сөз тіркестері:
құттықтау – поздравлять
жіберу –отправить
құрметті – уважаемый, почетный
шын жүректен – от всего сердца
тілек – пожелание
мерейтой – юбилей
марапаттау – наградить
жетістік – достижение
ұжым – коллектив
іскер – деловой
бедел – авторитет
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Құттықтаухат қандай жағдайларда жолданады?
2. Құттықтаухат қандай сөздермен басталады?
3. Құттықтаухаттың құрылымы қандай?
4. Құттықтаухат қандай сөздермен аяқталады?
1- үлгі. Ресми
Құттықтаухат! Құрметті Мұхтарқызы Мөлдір! Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сізді кандидаттық диссертация қорғауыңызбен шын жүректен құттықтайды. Біз Сізді білікті маман, тәжірибелі заңгер ретінде зор құрмет тұтамыз. Ұжымда істеген 15 жыл ішінде Сіз заң кеңесшісі қызметінен бөлім бастығы қызметіне дейін көтерілдіңіз, жас мамандарды даярлауға үлес қостыңыз. Қазақстандағы қаржы және экономика мәселелері бойынша байыпты еңбектер жарияладыңыз. Құрметті Мұхтарқызы Мөлдір, әріптестеріңіз Сізді кандидаттық дәрежеге жеткен жетістігіңізбен құттықтайды. Сізге еңбекте табыс, отбасыңыздың амандығын тілейді. Шынайы ниетпен: әріптестеріңіз. Алматы қаласы, 11 қараша 2009 жыл |
2-үлгі. Бейресми
Құттықтаухат! Жамбыл облысы, Шу ауданы, Далақайнар ауылында тұратын біріміздің асқар таудай ағамыз, енді біріміздің ізетті ініміз, ұлағатты ұстаз, өнегелі отбасы Әбілхан Тоқтыбековты ердің жасы 50-ге келген мерейтойымен ақкөңіл, шын жүректен құттықтаймыз! Зайыбыңыз Сәуле апай екеуіңіздің отбасыларыңыз әрдайым аман болып, мәпелеп өсіріп отырған ұл-қыздарыңыздың қызығын көріңіздер. Ағамызға алдағы өмірде мықты денсаулық, қажымас қайрат, мол-мол жақсылықтар мен қуаныштар тілейміз. Ізгі ниетпен, бауырлары |
Бұйрық. Тапсырмалар:
1. Өз өтініші бойынша оқудан шығару туралы бұйрық дайындаңыз.
2. Келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты бұйрық дайындаңыз.
3. Зейнеткерлікке шығуына байланысты бұйрық дайындаңыз.
4. Жасалған жаңа еңбек келісімшартына сәйкес бұйрық дайындаңыз.
5. Отбасы жағдайына байланысты бұйрық дайындаңыз.
6. Бала күтіміне байланысты бұйрық дайындаңыз.
7. Полковник әскери атағының берілуіне байланысты бұйрық дайындаңыз.
Сөздік және сөз тіркестері:
бұйырамын – приказываю
өкім – распоряжение
нұсқау – инструкция, указание
қаулы – постановление
шешім – решение
жарлық – указ
қабылдансын – принять
қаралсын – рассмотреть
жүктелсін – возложить
тағайындалсын – назначить
дайындалсын – подготовить
тапсырылсын – поручить
рәсімделсін – оформить
босатылсын – освободить
рұқсат етілсін – разрешить
баяндалсын – доложить
жүзеге асырылсын – реализовать
штаттық кесте – штатное расписание
шаттық кестеге сәйкес – согласно штатному расписанию
штаттан тыс оқытушы ретінде – в качестве внештатного преподавателя
жеке құрам бойынша – по личному составу
міндет жүктеу – возложить обязанность
өкілеттік жүктеу – возложить полномочия
комиссия құрылсын – создать комиссию
жұмысқа қабылдансын – принять на работу
белгіленген тәртіпте – в установленном порядке
жұмысқа қабылдау туралы – о приеме на работу
кезекті демалыс туралы – об очередном отпуске
кезектен тыс демалыс туралы – о внеочередном отпуске
ақшалай сыйлық беру туралы – о денежном вознаграждении
ескерту жариялау туралы – об объявлении замечания
материалдық көмек беру туралы – о материальной помощи
күшіне енеді – вступает в действие
қалпына келтірілсін – восстановить
жарамсыз деп танылсын – считать недействительным
жауапкершілік жүктелсін – возложить ответственность
жәрдем көрсетілсін – оказывать помощь
бұйрықпен танысу – ознакомиться с приказом
марапаттауға ұсынылсын – представить к награждению
іссапарға жіберілсін – командировать
тексеру актісі негізінде – на основании Акта проверки
кадрлармен жұмыс кезіндегі
1-үлгі
Ақылы негізде оқитын студентті оқудан шығару туралы №75 БҰЙРЫҚ Оқу ісі жөніндегі проректор Ж.С. Қапалбеков қол қойған, ҚЭФ деканы А.Ә.Өмірбековтің өтініші негізінде БҰЙЫРАМЫН: 1) «Ақпараттық технологиялар» факультеті «09705114» (бакалавриат) бойынша ақылы негізде оқитын 2 курс студенті Жанболатов Беріксабақ үлгерімінің төмен болуына байланысты 10.01.2010 жылдан бастап университеттен оқудан шығарылсын. 2) 16.08.2009 жылғы №665 келісімшарт бұзылсын. 3) Келісімшарттың 3.4-тармағына сәйкес төленген ақшалай қаржы кері қайтарылмайды.
Келісілді:
Ректор ____________________ Т. Балықбаев (қолы) Бірінші проректор ___________________ Ж. Нүсенов (қолы) Бас есепші ___________________ К. Жұмабаева (қолы) Заң кеңесшісі ___________________ А. Досымова (қолы)
|
2-үлгі
Логистика мамандығының 3 курс студенті Е.С. Асқаровты академиялық үзілістен кейін қайта қабылдау туралы №280/с БҰЙРЫҚ
Студенттің өтініші негізінде БҰЙЫРАМЫН: 1. Логистика мамандығы бойынша ақылы негізде оқитын Асқаров Сапарұлы Елдосакадемиялық үзілістен кейін 3 курсқа қабылдансын. 2. 2010-2011 оқу жылының көктемгі семестрінен (17.01.2011) бастап сабаққа кірісуге рұқсат етілсін. 3. Аталған бұйрықтың орындалуын қадағалау Оқу ісі жөніндегі проректор А.А. Қарабаеваға жүктелсін.
Ректор Т. Балықбаев
|
Өтінім.Тапсырмалар:
1. Денешынықтыру және спорт кафедрасы меңгерушісінің атынан спорттық жарысқа қатысатын студентті сабақтан босату туралы Оқу ісі жөніндегі проректордың атына өтінім жазыңыз.
2. Денешынықтыру және спорт кафедрасы меңгерушісінің атынан тиісті орынға спорт жабдықтарын сұрап өтінім жазыңыз.
3. Студенттердің конференция материалдарын шығару үшін баспаханаға өтінім жазыңыз.
Сөздік және сөз тіркестері:
өтінім – заявка
мекеме ішінде – внутри учреждения
тауардың атауы – наименование товара
тауардың саны – количество товара
жиһаздар – мебель
біржақты – односторонний
1 - үлгі
БЕКІТЕМІН:
ХБА
ӘҚД директоры
______________
Т.Ермекұлы
Өтінім беруші:Тілдер кафедрасы
Қызметі: Кафедра меңгерушісі
Аты-жөні: К.С.Құрманбай
Кеңсе заттарын алуға
№10 ӨТІНІМ
Тілдер кафедрасының меңгерушісі __________ К. Құрманбай (қолы)
Өтінім толтырушы: ___________ менеджер Ж.Жомартова (қолы) 05.10.09 (күні, айы, жылы)
Ішкі тел: 555
|
2-үлгі
БЕКІТЕМІН: ХБА ӘҚД директоры ______________ М.Жәбішев Кафедраға жиһаздар және техникалық құрал-жабдықтар алуға №5 ӨТІНІМ №381-б кабинетке 1.үлкен үстел – 1 2.орындықтар – 3 3.компьютер үстелі – 1 4.сейф – 1 №380 кабинетке 1.компьютер үстелі – 3 2.орындықтар – 16 3.айна – 1 №383 кабинетке 1.орындықтар – 7 (ескімен ауыстыруға) 2.айна – 1 №384 кабинетке (профессорлар кабинеті) 1.тумба – 1 2.айна – 1 №387 кабинетке 1.кітап сөресі – 1 2.орындықтар – 5 Кафедра меңгерушісі С. Ақанаева 12.09.12 |
Өкім
Үлгі:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ӨКІМІ
Қазақстан Республикасының тіл саясатының
тұжырымдамасы туралы
1. Қазақстан Республикасының тіл саясатының тұжырымдамасы (қоса беріліп отыр) мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат істері жөніндегі Ұлттық агенттігі Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты тұжырымдамасының мәтінін «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияласын, сондай-ақ жеке басылыммен мемлекеттік және орыс тілдерінде шығарылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Алматы, 1996 жылғы 4 қараша
№3186
РАСПОРЯЖЕНИЕ
ПРЕЗИДЕНТА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
о концепции языковой политики Республики Казахстан
1. Одобрить Концепцию языковой политики Республики Казахстан (прилагается).
2. Национальному агенству по делам печати и массовой информации Республики Казахстан опубликовать текст Концепции в газетах «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», а также выступить отдельным изданием на государственном и русском языках.
Президент Республики Казахстан
Н. Назарбаев
Алматы, 4 ноября 1996 года
№3186
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛДАРМЕН
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУ КАРТАСЫ
Пәннің оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілу кестесі
Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
№ | ХБА кітапханасында бар оқулықтар тізімі | Сатып алу туралы шешім | ||
Атауы | саны | Атауы | саны | |
Дүйсенбекова Л. «Қазақ тілі: іс қағаздарын жүргізу». Алматы – 2011. | ||||
Шоқанова Р. Қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізу | ||||
А.Алдашева,З.Ахмеджанова,Қ.Қадашева,Э.Сүлейменова Ресми-іскери қазақ тілі. Алматы- 2002 | ||||
. В.И. Скала, Б.В. Скала. Делопроизводство в Республики Казахстан. Алматы 2002 г. | ||||
Алматы-2010СалагаевВ.,Шалабай Б. Ісқағаздарынжүргізу.Составление деловых бумаг.Алматы – 2004. |
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІНІҢ
МАЗМҰНЫ
Жұмыс бағдарламасы ....................................................................................
Силлабус .........................................................................................................
Дәрістердің қысқаша конспектісі .................................................................
Глоссарий .......................................................................................................
СӨЖ-ді орындау және ОБСӨЖ-ді жүргізу бойынша әдістемелік
нұсқау ............................................................................................................
Бірінші аралық бақылау жұмысының сұрақтары .......................................
Екінші аралық бақылау жұмысының сұрақтары ........................................
Емтихан сұрақтары ........................................................................................
Белсенді үлестірмелі материал ......................................................................
Пәннің оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілу картасы ...............
<== previous lecture | | | next lecture ==> |
ГЛОССАРИЙ 7 page | | | АСТАНА - 2012 |