Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Кітапхана тарихы


Date: 2015-10-07; view: 947.


Кітап- білім қазығы, өмір азығы болса, кітапхана – халықты әлемдік өркениетпен таныстыратын, ұлттық болмысымызды әлемдік руханиятпен табыстыратын қасиетті орда, сана мен ойдың шамшырақ сарайы.

«№1-қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесінің тарихы 1944 жылдан бастау алып, төрт штаттық бірлікпен ашылған. Сол уақыттағы кітапхананың кітап қоры -504 дана болған.

1968 жылы Гурьев қаласы бойынша 10 кітапхана жұмыс жасап, кітапхана қоры «Облкнигторг»және оның дүкендері арқылы толықтырылған. Қала кітапханалары Гурьев Атқару Комитетінің 1975 жылғы №111 шешімімен орталықтандырылған кітапханалар жүйесі болып қайта құрылды.

1980 жылы қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің құрамында 1 қалалық орталық балалар кітапханасы, 9 қалалық кітапхана- филиалы, 4 балалар кітапханасы филиалы болды. Кітапхана саны -14, Кітап қоры – 213897, оқырман саны – 13187 болды.

1996 жылы жүйеде 15 кітапхана халыққа қызмет көрсетсе, 1997-1998 жылдары оңтайландыру кезінде 6 кітапхана қысқарып 2000- жыл «Мәдениетті қолдау жылында» №1-қалалық орталық кітапхананың жанынан №4-қалалық жылжымалы, №3-қалалық балалар кітапханалары қайта ашылды.

Атырау қаласы әкімінің 2008 жылғы 2 сәуір №289 қаулысына, 30 қыркүйектегі Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің №85-ші бұйрығына сәйкес «№1-қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесі болып құрылды.

Бүгінгі таңда Атырау қаласы тұрғындарына 11 кітапхана 4-қалалық кітапхана, 4-балалар кітапханасы, 1-қалалық орталық кітапхана, 1-селолық кітапхана, 1-орталық балалар кітапханасы қызмет көрсетеді. Қазіргі таңда кітап қоры -184978 дана, оқырман саны – 10418.

- №1-қалалық орталық кітапхананың 7 бөлімі бар. Оның 4-уі оқырмандарға қызмет көрсетеді.

2. Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі – кітапханадаға ең ірі бөлім, оқу залы мен абонементтен құрылған. Мұнда:

· Үйге кітаптар беріледі.

· Жоғары сұраныстағы әдебиеттер.

· Оқу залындағы әдебиеттермен жұмыс

· Мерзімді басылымдар

· Оқу әдебиеттері

· Оқырмандармен көпшілік жұмыстар, шаралар (кітап көрмелері, әдеби кештер, әңгіме, шолулар)

2. Балалар бөлімі оқу залы мен абонементтен құрылған. Мектеп жасына дейінгі ең кішкене балалардан бастап

9-сынып оқушыларына дейінгі жастағыларға қызмет көрсетеді. Мұнда:

· Ертегілер

· Ең кішкене балаларға арналған кітаптар

· Балаларға арналған мерзімді басылымдар

3. Бірыңғай қорды ұйымдастыру және пайдалану бөлімі:

· Қорды сақтау, ұйымдастыру

· Қорды үйрену және үлестірумен шұғылданады

· Айналмалы почта арқылы жұмыс жасайды (оқырманға керек кітапты кітапхана қорында болмаған жағдайда басқа кітапханалардан сұрату)

4. Әдістеме-библиографиялық бөлімде:

· Анықтама, ақпараттар беріледі

· Түрлі тақырыпта оқырмандар сұраныстары орындалады

· Зерделі-кеңес, тренингтер ұйымдастырылып, өткізіледі.

· Әдістеме-библиографиялық құралдар шығарылады.

· Мақалалардың жүйелік картотекасымен жұмыс жүргізіледі.

5. Кітап қорын толықтыру және ұйымдастыру бөлімі:

· Каталогтармен жұмыс жасау

· Жаңа түскен кітаптарды өңдеу

· РАБИС бағдарламасымен жұмыс жүргізу

- Кітапханалар жұмысының негізгі бағыттары:

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынған стратегиясындағы негізгі бағыттарын басшылыққа ала отырып, кітапханада әр сала бойынша өткізілген көпшілік шаралар, кітап көрмелері арқылы оқырмандарымыздың білімін, ой –өрісін, мәдениетін байытып, рухын көтеріп, қиялына қанат бітіретін әдебиеттермен қауыштырып, жастарды тәрбиелеу жұмысына елеулі үлес қосу;Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын, егеменді еліміздің қоғамдық–саяси дамуының бағдарламаларын оқырман қауымға насихаттап, жастарды Отансүйгіштік Елжандылық қасиеттерге тәрбиелеу;

- Қазақ халқының сан ғасырлар бойы сақтап келген рухани қазынасын, қазақ әдебиетінің түп – төркінін, әдеби мұраларды жас ұрпақ ұғымына ендіріп, санасына жеткізуге ат салысу, тәрбие шаралары арқылы халқымыздың мәдени мұрасын, салт-дәстүрлерді, тілді, ұлттық ұғымдарды, ұлылар өнегесін насихаттау, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу;

- Оқырмандар арасында ана тілімізді құрметтеп, мәртебесін көтеруге арналған көпшілік шаралар өткізіп, кітап қорын көркем және білім салалары бойынша әдебиеттермен, мерзімді басылымдармен толықтырып отыру;

Кітапханада өткен шаралар

 


<== previous lecture | next lecture ==>
Кіріспе | Аллергоанамнез: теріс
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.161 s.