Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Алтын Орда. 7 page


Date: 2015-10-07; view: 892.


2. XV- XVIII ғғ. қазақтардың рухани мәдениетi.

Ауыз әдебиет – қоғам өмірінің айнасы. Халық арасында көп тараған батырлық эпостар:”Қобыланды”,”ЕрТарғын”,”Қамбар”,”Алпамыс”, “Ер Қосай” т.б

15-17ғасырларда өмір сүрген жыраулар:

1.Доспамбет жырау-шешен және батыр.Қырым, Ноғайлы, Қазан хандықтары арасындағы ұрыстарда қол бастаған.

2.Шалкиіз Тіленішұлы. Едіге ұрпағынан тараған білімді жырау. Оның 30-ға жуық туындылары бізге жеткен.

3.Марғақса-Есім ханның жорық жырауы, 1627 жылы Тұрсын ханның бүлігін басуға қатысқан. Еңсегей бойлы ер Есім атты тарихи жырды шығарған.

Жиембет жырау Бортоғашұлы-16 ғасырдың соңғы ширегі17 ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүрген жырау.Есім ханның Кіші жүздегі ел басқарушы биі, әскербасы болған.

Ақтамберлі Сарыұлы- ол 17 жасынан бастап Орта Азия хандықтарымен, қалмақтармен соғыста қолбасшылық қабілетімен көзге түскен. “Ақтабан шұбырынды” оқиғаларының куәгері.

Бұқар Қалқаманұлы-ұлы жырау, халық арасында көмекей әулие атанған.Бұқар Тәуке хан тұсында ел билеу ісіне араласып, кейін Абылай ханнаң ақылшысы болған

Үмбетей жырау Тілеуұлы. Әкесі –шебер қобызшы, жыршы. Жорықтарға қатысып, батырлардың ерліктерін көріп, оларды мадақтап өлеңдер шығарды. Оның “Бөгенбай өліміне” және “Бөгенбай өлімін Абылай ханға естірті” шығармалары ерекше.

16-18 ғ.ғ шешендік өнерінің шеберлігі жағынан ерекшеленетін өкілдер болды.Олар қазақ елінде ғана емес,Ресейде,Хиуада,Жоңғарияда,Цин империясында танымал болды.

Әйтеке би Бәйдібекұлы- мемлекет және қоғам қайраткері. Әбілхайырға дейін ол Кіші жүздің барлық руларын басқарған. Тәукенің хан кеңесіне еніп,” Жеті жарғыны” жасауға, мемлекеттік істерді, жүздер арасындағы ірі дауларды шешуге қатысқан.

Төле би Әлібекұлы-Тәуке, Болат, Жолбарыс, Әбілмәмбет, Абылай хандар тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан қоғам қайраткері,ойшыл дана,шешен. Тәуке хан тұсында хан қеңесшісі болып, “Жеті жарғы” заңдар жинағын жасауға қатысады.Тәуке ханнан кейін Ұлы жүзді басқарды.

Қазыбек би Келдібекұлы-мемлекет және қоғам қайраткері. Мемлекет басқаруға араласқан, “Жеті жарғыны” жасауға қатысқан. Абылай тұсында дипломатиялық өкілдік атқарып, жоңғарларға қарсы күресті ұйымдастырған. Қазыбек би жүз жастан астам жасаған. Қожа Ахмет Йассауи кесенесіне жерленген.

15-17 ғасырларда ислам дінінің таралуына суфистік миссионерлер елеулі үлес қосты. Суфизмнің түркі дәстүрін Қожа Ахмет Йассауи таратты:

“Диуани хикмет”- еңбегінде исламның негізгі қағидалары қарастырылады.Көшпелілер арасында тәңірге, табиғатқа, ата-баба аруағына табыну сақталды. Отқа табыну ерекше болып, От-Ана үйдің қамқоршысы деп саналды. Ата-баба аруағын құрметтеп,көптеген әулиелер атымен қоғамның топтарын байланыстырды.

Әрбір мал түліктерінің пірлері болған деп санаған:

Ø Шопан Ата-қойдың пірі.

Ø Зеңгі Баба-сиырдың пірі.

Ø Қамбар Ата-жылқының пірі.

Ø Ойсыл Қара-түйенің пірі.

Ø Сексек Ата-ешкінің пірі.

Обалар-кедейлерге арнап жай кірпіштен және тастан жасалды.

Мазарлар-байларға арнап күйдірілген кірпіштен өрнектеліп салынды.

Халықтың әдеп-ғұрыпты айқындайтын ерекше дәстүр-үйлену тойы. Қызға құда түсудің жолдары:

ü Қарын құда-бала анасының құрсағында жатқанда атастыру.

ü Бесікқұда-бесікке жатқанда уәделесу

ü Айттыру құдалығқыз бойжеткенде құда түсу.

ü Сүйек жаңғырту құдалығы-ескі жекжаттардың қыз алысуы.

Қалыңдықтың туған-туыстарына көрсетілетін сый рәміздері:

§ Қалың мал-47 жылқы

§ Сүтақы-қалыңдықтың анасына

§ Той малы-қалыңдықтың әкесіне

§ Тарту-қалыңдықтың аға-інілеріне

§ Кәде-қалыңдықтың туыстарына берніледі.

Қазақ халқының саз өнері бірнеше салаға бөлінеді - айтыс,терме,толғау,ән,күй,би өнері.

Саз аспаптары:

o Домбыра-шертіп ойналатын аспап.

o Қобыз-ысқышты аспап

o Сыбызғы-қуыс қамыстан немесе жұмсақ ағаштан жасалып,үрлеп ойналатын аспап.

o Дабыл, дауылпазұрып ойналатын аспап.

o Асатаяқ, қоңырау-сілкіп ойналатын аспап.

3. Қазақстан Республикасының Конституциясы.

1991-ші жылдың 16-шы желтоқсанында ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды. Ал 1993 ж. 28 қаңтарында 1-ші конституциясы қабылданды. 4 бөлімнен, 21 тараудан, 131 баптан құралды. Бірақ ол заң жаңа мемлекеттегі барлық проблемаларды шеше алмады, басқару мәселесі шешілген жоқ болатын. Ал бұның өзі оны президенттің үкіметтің істеріне араласуына әкеліп соқты. Көптеген ескертулер айтылды. Соның нәтижесінде 1995 жылдың 30-шы тамызында ҚР жоғарғы кеңесі жазда конституцияны қабылдады. Мемлекет пен қоғамның негізгі заңы ретінде конститутция бүкіл заң шығару ісінің қайнар көзі болып табылды. Ол 9 бөлімнен 98 баптан тұрады: 1. Жалпы ережелер, 2. Адамзат және азамат, 3. Президент, 4. Парламент, 5. Үкімет, 6. Конституциялық кеңес, 7. Соттар және сот тірлігі, 8. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару, 9. Қорытынды және өтпелі ережелер. Конституцияны Қазақстан халқы қабылдады. Конституцияны қабылдау бүкіл халықтық дауыс беру арқылы жүзеге асырылды. Конституцияның ерекшелігі ол бір жағынан екінші жағынан қоғамның негізгі заңы. ҚР конституциясының ең жоғарғы заңдық күші бар. Конституцияда оның ережелері, нормалары тікелей қолданылады деген нұсқау бар. Мұның мәнісін әрбір азамат өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін мемлекеттік органдарға әсіресе сотқа өтініш білдіре алады. Конституцияны, оның нормаларын пайдалана алады. Конституция Назарбаев басшылығымен әзірленген.

2007.21.05. берілген өзгерістер мен толықтырулары.

1. Моңғол жорықтарының саяси және экономикалық нәтижелерi.

Шағатай ұлысы өзара талас тартыстан 2-ге бөлінді. 1.шығ. Моғолстан 2. Бат. Мәуренахр. Моғолстан алғашқы билеушыісі Тоғылық Темір (1347-1362) 15 жыл билік құрды. Оның құрамында дулаттар, жалайырлар, үйсіндер, керейлер, арғындар, қаңлылар т.б. 1361ж Тоғылық темір Мәуренахрға шапқыншылық жасап оны өзіне қаратады да, Мәуренахрға билеуші етіп баласы Илияс Қожаны отырғызады. 1362 ж Тоғылық темір қайтыс болып, оның орнына Илияс Қожа билікке келеді. 16ғ басында ыдырайды. Ақ Орда мемлекеті ыдырап 2-ге бөлінеді. 1. Ноғай ордасы 2. Әбілқайыр хандығы немесе Көшпелі Өзбек хан. Ноғай кісі аты, Шыңғыс ханның ұрпағы Алтын Орданың әскер басшысы Ноғайдың атымен аталған. Мемлекеттің негізін қалаған Едіге. Едігенің баласы Нұрадиннің кезінде Ноғай ордасы ыдырайды. 2-ге бөлінген. Үлкен ноғайлы және кіші ноғайлы. Олар ұлыстарға бөлінген. Ұлыстарды мырзалар басқарған. Сібірдің ұлан байтақ жерінде көптеген түркі тайпалары ежелден тұрған. Моңғол шапқыншылығынан кейін батыс сібір жошы ұлысына кірді де Шайбани әулетінің жері деп есептелді. Елді басқару керейлерден шыққан Тайбұғаның қолында болды. Ол Шыңғыс әулетінен шыққан хан атағын ала алмады. 1398 ж Алтын Орда бил-е Едіге жеңілген. Тоқтамыс Б.С. қашып келген. Едігенің ұлы Махмұд Қожа ноғайдың қолдауымен батыс сібірге хан болды. Батыс Сібір хандығының астанасы Тұра қаласы болды.1428ж Әбілхайыр хан Батыс Сібірге жорыққа аттаныт жеңді. Махмұд Қожаны өлтірді. Батыс Сібірге Әбілхайыр хан болды. 1468ж Әбілхайырдан соң батыс сібірге шайбани ұрпағы Ибақ хан болды. Ол орыс мемлекетімен байланыс орнатты. Оның басқаруына ...........болған феодалдар оны өлтірді. Ибах орнына Мұхаммед хан болып жарияланды.

2. 1822-1824 жж. реформалар. Әкiмшiлiк-территориялық бiрлестіктердiң құрылуы.

ХІХ ғ І жар Шығыс және Орталық аймақтарда түсті металл, тас көмір өндіретін тұңғыш кен орындары игеріліп, тау кен орындарына кедейленген қазақтар жұмысқа келе бастады. ХІХ ғ І жар Петропавл, Семей, Бұқтырма, Орынбор, Омбы, Батыс Қазақстанда – Хан ордасында ірі сауда орталықтары болды.

1817 ж О.ж. ханы Бокей, 1819 ж о.ж, ханы Уәли өайтым болған соң орта жүзге хан сайланбады. І Александр патшаның тұсында Сібір генерал губернаторы ММ Сперанскийдің басшылығымен Сіьір қазақтарының жарғысы жасалды. (О.ж. қазақтарының жарғысы). Жарғының мақсаты: 1. Қаз сол шығыс өңірінде әкімшілік, сот, саяси жағынан басқаруды өзгерту.2. рулық феодалдық тәртіптерді әлсірету. 3 буындық басқару жүйесі енгізілді: ауыл (50-70 шаңырақ, басқ: ауыл старшыны. 3жға сайланды.), болыс (10-12 ауыл, басқ: болыс сұлтаны, өмірлік мерзімге сайланды, билік мұрагерлікпен берілді. 12 кластық дәрежедегі чиновникке теңестірілді. Шыңғыстың тұқымы болды), округ ( 15-20 болыс, басқ: аға сұлтан, 3ж сайланды. 9-10ж болса дворян атанды. Майор мөрі берілді. Қасында 2 ресейлк көмекшісі болды. Болыс рудың атамен аталды. Болыстан болысқа көшуге тыйым салынды).

Сібір қырғыздарының обл 8 округке бөлінді. Б,Сібір генерал‐геб‐на бағындырылды→ Омбы обл (орт Омбы) → Қарқаралы, Көкшетау, Аягөз, Ақмола, Атбасар, Баянауыл, Көкпекті округтері. Б.Сіб ген губна шет елдермен дипломатикалық қарым қатынас орнатуға рұқсат берілді.

Сіб қазақтарының жарғысы бойынша сот істері бөлінді: қылмыстық істер, талап ету, болыстық басқармаға шағым айту. Қылмыстық істер империя заңдарымен округтық пиказда қаралды. Жылы О,жде хандық билік жойылды. Жарғының Қаз үшін мағызы: рулық алауыздықтарды реформа біраз уақытқа тоқтатты. Басқару жүйесін оңайлатты. Шаруашылықтың дамуына әсер етті. Ғасырлар бойы билеп келген Шыңғыстың тұқымдарының артықшылықтарына шектеу қойылды.

Ресейдің жылғы «Сібір қырғыхдары туралы» және 1824 жылғы «Орынбор қырғыздары туралы» жарғысы қазақ даласындағы хандық билікті жойып, басқарудың әкімшілік жаңа түрі – отаршылдық әкімшілікті орнықтырып қазақ жерін одан әрі отарлауын мақсат етті. Далалық аудандарды басқару құрылымы түгелімен өзгеріліп, басқарудың округтық жүйесі енгізілді. Бұл қазақ даласын отарлауды тереңдетті. Әкімшілік құрылым қазақтардың дәстүрлі көшіп қонатын аудандарынан ығыстырып, онда казактарды орнықтырды. Казактар патша өкіметінің отарлаудағы әскери күш тірегі болды. Бұны сезінген Абылай хан ұрпақтары пашта үкіметіне қарсы ашық қарсылықтарға шыға бастады. 1824 ж орта жүзде сұлтан Саржан Қасымұлы бастаған, кіші жде Жоламан тіленшіұлы бастаған көтерілістер бас көтерді. Патша үкіметінің Жаңа елек бойына әскери шеп сала бастауы Орынбор әкімшілігіне жазған жазбаша өтініштерінен ештене шықпаған кіші жүздің биі Жоламан батыр 1823 жылы п өне қарсы әрекеттерін бастайды. Патша өкіметінің тұтқынында отырған кіші ждің бірнеше сұлтаны мен арынғазы ханды босатып алуға және отаршылдық өкіметтін иелігіне көшкен жерлерді қайтаруды талап еткен Жоламан шекаралық бекіністерге шабуыл жасайды.

Стихиялы түрде дайындықсыз басталған Абылай ханның немересінің бірі, Кеңесарының ағасы Саржан Қасымұлының көтерілісі 12 жылға созылды. Патша өкіметінің жақсы қаруланған ірі әскери отрядтарынан жеңілуге мәжбүр болған Саржан сұлтан Қоқан хандығына Ресейге қарсы бірлесіп соғысуға ұсыныс жасайды. Алғашында бұны қабылдаған қоқан хандары Саржанның ықпалының оңтүстік қазақстанда күшеюінен сескенген қоқан билеушілері 1836 жылы оны опасыздықпен өлтірілді. Бұл қазақ даласындағы ұлт азаттық көтерілісті тоқтата алған жоқ. 1840 жылы әкесі, бауырлары қайтыс болады.

3. Қазақстан Республикасы тәуелсiздiк кезеңiнде.

2. ХІХ ғ. бірінші жартысындағы батырлар мен сұлтандардың қозғалыстары (Қаратай, Арынғазы, Жоламан, Саржан, Есенгелді).

3. ХХ ғ. Қазақстандағы мәдениет пен ғылымның дамуы (Кеңес кезеңінде).

«Алтын Орда» мемлекетінің құрылуы.

Қазақстан аумағы үш монгол ұлысының кұрамына енді: үлкен (далалық) бөлігі Жошы ұлысына, Оңтүстік жөне Оңтүстік-Шығыс Казакстан Шағатай ұлысына, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі Үгедей ұлысына карады. Жошы ұлысы Ертістен батысқа қарайғы ұлан-ғайыр жерді, Жетісудың солтүстік бөлігі мен бүкіл Дешті-Қыпшақты, Еділдің төменгі бойын қоса алып жатты. Шағатай ұлысы жоғарыда аталған жерге қоса, Шығыс Түркістан мен Мәуереннахрды қамтыды. Үгедей Батыс Монғолияны, Жоғарғы Ертіс пен Тарбағатайды биледі. Шыңғыс ұлдары өз ұлыстарын тәуелсіз иеліктерге айналдыруға тырысты. 1227 ж. Шыңғыс хан өлгеннен кейін бұл ұмтылыс күшейе түсіп, империя бірнеше тәуелсіз мемлекеттерге ыдырап кетті.

1227 ж. Жошы өлген соң орнына ұлы Батый отырды. Ол Батыс Дешті-Қыпшақ даласына, Еділ бұлғарлары жеріне, одан әрі батысқа шапқыншылық жорықтар ұйымдастырды. Ірі орыс князьдіктері талқандалды, Польша, Венгрия, Чехия және басқа көптеген елдер тонауға ұшырады. Жеті жылға созылған жорықтарынан кейін Батыйдың қол астына Қырымды қоса, Еділден Дунайға дейінгі жер, Солтүстік Кавказ, Батыс қыпшак (половецтер) даласы қосылды. Осыдан кейін Батый Еділдің төменгі аясында Алтын Орда атты жаңа монғол мемлекетін құрды. Оған Жошы ұлысының жері — Шығыс Дешті-Қыпшақ, Хорезм мен Батыс Сібірдің бір бөлігі және батыстағы жаңадан жаулап алынған жерлер карады. Батый әскерінен жеңілген орыс князьдіктері бағынышты тәуелділікте болды. Орыс князьдері Алтын Ордаға тәуелділіктерін мойындап, ұлы ханның қолынан князь атағын алып, алым-салық төлеп тұрды.

Батый құрған мемлекет шығыс деректерінде Жошы ұлысы деп, сондай-ақ Жошы ұрпактары — хандардың атымен (Батый ұлысы, Берке ұлысы, т. б.) аталды. Астанасы Сарай-Бату (Астрахань маңында), кейіннен Сарай-Берке қаласында болды.

Алтын Орда көп ұлтты мемлекет. Оның құрамына бір-бірінен коғамдық-экономикалык даму деңгейі жағынан айырмашылығы бар, өзіндік мәдениеті мен салт-дәстүрлері сақталған көптеген ұлттар мен халықтар кірді. Көшпелілер негізінен түркі халықтары — ен көбі кыпшактар, сондай-ақ қаңлылар, наймандар және т. б. болды. Отырыкшылардан бұлғарлар, мордвалар, орыстар, черкестер, хорезмдіктер, т. б. кірді. Мұнда монголдар азшылык болды. XIII ғ. аяғы мен XIV ғасырда монғолдар толығымен түркілсніп, Алтын Орданын халқы «татарлар» деген атау алды.

XIX ғ.Бірінші жартысындағы батырлар мен сұлтандардың қозғалыстары

Қазақстанның хандық үкіметі қайта құруға ұмтылған әрекеті Қаратай сұлтанның1797-1814 ж көтерілісі болды ,1797 ж Кіші жүз ханы Есім өлгеннен кейн ,Жантөрені қойды.1806 Каратай хан етип жарияланып ,1808 Ішкі ордага жорык БОКЕй ордасына шабуыл жасады.1803 Жанторени олтирди . Арал онири мен Сырдын томенги бой-ы қазақтар саяси окшауланып Қайпы ханның баласы арынгазының басшылыгымен ,Хиуа мен Кокан ханд-нын басшылыгына карсы 1816-1821 ж курес жург-і.1816ж Сәу-де Арт-р хан болып сайланды . бирак сырткы істер минитрлері Арынгазыны кауіпті адам деп санап ,Бектңігей койды Амалсыздан арынгазы Хиуанын басшылыгына той-с беру ушин Ресеймен келиссозге барды.Казактар отр хандык билікті жойганан кейн ,абылайдын немересі Саржан сұлтан орта жуздин кокшетау ,улыьау онирин-е патша укиметине карсы карулы котеріліс жасады ,ол ресейден болинип казақ хандыгын калпына келтируге тырысты,Каркаралы округине шабуыл жасады.1825 ж орсытар Саржанды ушыратты.

XX ғ. Қазақстанның мәдениет пен ғылымының дамуы.

• 1920 жыл - Қазақстанды зерттеу қоғамы құрылды. Ол өлкенің тарихын, этнографиясын, экономикасын зерттеудің жэне жаратылыстану ғылымының ірі орталығына айналды. Қоғамның филиалдары Петропавл, Көкшетау, Орал, Орда қалаларында ашылды. Қазақ АКСР Халық ағарту комиссариатының Академиялық орталығы құрылып, біршама жұмыстар аткарылды. Негізінен:

- Қазақша жазуды жетілдірді.

- Қазақ тіліндегі алғашқы оқулықтарды кұрастырды.

- Қазақ халкының тарихы, этнографиясы жөнінде еңбектер басып шығарды.

1926 жыл - М.Е. Массон Әулиеатада (Тараз) қазба жұмыстарын жүргізді.

• 1926-1927 жылдар - КСРО Ғылым Академиясының кешенді экспедициясы өлкеде статистикалық-экономикалық, топырақ-ботаникалық, геологиялық, гидрогеологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді.

• 1932 жыл- КСРО Ғылым Академиясының Қазакстандағы базасы кұрылды. Оның алғашқыда екі секторы болды:

- Зоология жэне ботаника секторлары.

- Алматыдағы Ботаника бағы.

• 1935 жылы геология жэне тарих секторлары қосылды. Кейін Қазақ үлттық өнер ғылыми-зерттеу институты қосылды. 1935 жылғы караша - Алтай-Ертіс, Жезқазған-Ұлытау аудандарының табиғи байлығын кешенді зерттеуге арналған жэне Орал-Ембі ауданын барлау проблемаларына арналған сессиялар өткізілді. Нәтижесінде:

• Республика одақ бойынша түсті металдар, барит, сурьма қорынан-бірінші;

• Мұнай корынан- екінші;

• Көмір қорынан-үшінші орынға шықты.

• 1935 жыл- «Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы» (1 бөлім, авторы С. Асфендияров) жарыққа шықты

Ұлы Отан соғысы қарсаңында 57 ғылыми мекемеде 1700-ден астам ғалым еңбек еткен. Ғылыми-зерттеу мекемелеріне жұмсалған каржы көлемі:1933 жыл- 1,2 млн. сом,

1939 жыл- 14,4 млн. сом (12 есе өсті)

Бұл жылдардағы мэдени мұра арасында қазақ эдебиеті ерекше орын алады. Қазақ кеңестік эдебиетінде елеулі прозалық шығармалар дүниеге келді:

• "Тар жол, тайғақ кешу" - С. Сейфуллин (1927ж.).

• "Азамат Азаматыч"- Б. Майлин.

• "Қартқожа"- Ж. Аймауытов.

• "Жұмбак жалау"-С. Мұқанов.

• "Менің құрдастарым"- С. Ерубаев.

• "Өмір мен өлім" -Ғ. Мұстафин.

1913 жылы М. Жұмабаевтың «Шолпан» жыр жинағы жарыққа шыкты. Мағжанның эпикалық дастандары - «Батыр Баян», «Ертегі», «Қойлыбайдың қобызы», «Жүсіпхан». С. Сейфуллин-жаңа қалыптаса бастаған қазақ эдебиетінің туын ұстап, Абай дэстүрін жалғастырып, поэзияға, эдебиетке екпінді қарқын беруі тұлға.

Қазақ кеңестік поэзиясы толыға түсті:

• "Көкшетау" - С. Сейфуллин.

• "Сұлушаш" - С. Мұқанов.

• "Құлагер" -1. Жансугіров

• "Құралай сұлу" - И. Байзақов.

Қазақ драматургиясы жанрына бірегей туындылар қосылды:

• "Айман-Шолпан", "Түнгі сарын" - М. Әуезов.

• "Жалбыр" - Б. Майлин.

• "Қыз Жібек", "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" -Ғ. Мүсірепов

• "Мансапқорлар", "Ел қорғаны" - Ж. Аймауытов

20- жылдардың аяғы мен 30-жылдарда қазақ эдебиетіне дарынды өнерпаз жастар келіп косылды. Олар: Ғ.Орманов, Ә. Тәжібаев, Ж. Саин, Ж.Сыздықов, Ә. Сэрсенбаев, Қ. Аманжолов, Т. Я Жароков, А. Жұмағалиев, Д. Әбілев, Қ.Бекхожин.

Қазақ ақындары - Н. Байғанин, Ш. Қошқарбаев, И. Байзақов, Ж. Жабаев шығармалары революция, Кеңестік Отан, бостандық, адамгершілік, махаббат туралы жырланды.

Аударма ісі дамыды:

• М. Жұмабаев - Гете, Гейне,М. Горький, В. Иванов, Д.Мамин- Сибиряк шығармаларын,

• А. Байтұрсынов - И.А. Крылов шығармаларын;

• Ж. Аймауытов - А. С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, Ф. Шиллер, Г. Тоқайдың шығармаларын жэне «Интернационалды» қазақ тіліне аударды.

• Ә. Бөкейханов шебер аудармашы ретінде белгілі болды.

Қазақстанның көп ұлтты кеңес эдебиетінде «Ащы өзек» және «Өшпенділік» романдарымен танымал И.П. Шухов шығармаларын М. Горький жоғары бағалады.

• 1934 жылғы 12-18 маусым - Қазақстан жазушыларының I сьезі өткізілді.

29 Билет

1. Ақ Орда.

Алтын Орда бірнеше дербес мемлекеттерге бөлінді. Ақ Орда пайда болды. Территориясы Сырдария алқабы., Аралдың солтүстік шығыс Есіл Сарысу өзендеріне дейінгі жерлер кіреді. Астанасы-Сығанақ. Халқы-өзбек-қазақ деп аталды. Алғашқы ханы Сасы Бұға өлген соң баласы Ерзен хан б. Сауда дамып, ислам діні қанат жаяды. Ол шекараларын белгілеп басқаруға өз руынан шыққан сұлтандарды қояды. Ерзеннің баласы Мүбәрак Қожа хан б. Ақ Орданы Алтын Ордадан бөлінуге әрекет жасады, одан түк шықпады. 1354-....ж. феодалдық қақтығыстың 8 ханы қаза тапты. Ақ Орда бірігіп күшейді. Орыс ханы тұсында Ақ Орда тәуелсіздігін жариялады. Ол енді Алтын Ордаға қарсы жорықтар жасалды. 14ғ. 70ж. Орыс хан Астраханды, 1374-75ж. Сарай Беркені жаулап алды. Осы кезде Мауренахр билігі Темір күшейіп алған еді. Орыс ханның қол астында қаза тапқан феодалдықтардың баласы Тоқтамыс қашып Самарқанға барады. Осыны пайдаланған Темір Тоқтамысқа әскер беріп Ақ Ордаға аттандырады. Соғыста Орыс хан өліп, Ақ Орда тағына Тоқтамыс отырады. 14ғ. 80жылдарында Тоқтамыс Ақ Орда мен Алтан Орданы түгел дерлік жаулап алып, Темірге өздерін тәуелсізбіз деп жариялайды. Екеуінің арасында соғыс жүрді. 1391ж. 200 мың әскерімен шабуыл бастаған Темір 1395ж. Тоқтамыс әскерін жеңіп, Тоқтамыс қашып кетеді. Ол Алтын Ордадағы билікті Едігеге береді.

2. Бөкей Ордасындағы 1836-1838 жж. көтерiлiс.

Бөкей ордасында (Жайық- еділ арасында болды. Себебі Феодалдар қанауының күшеюі жайылым жері пайд-ы үшін төлен-н алым-салықтар Жайылымының пайдалану үшін шектеу жасау сылтау малшылар Каспий обылысының басқарушысы.Қарауыл Қожа арас салық жинау кезінде туған дау. Көтер-ң барысы 1-кезең 1936-37 жыл 1-жартысында чиновниктерге қарсы ханның көмек сұрап. Онысы сәтеу аяқталады. Қозғалыс кенейе түседі 2-кезен 1837ж. 2-жартысында Қарауыл Қожаның ауылын көтерілістер талқантап кетеді. Феодалдық наз-ақуын хан ордасына қауіп төнеді. 1837ж. қарашада көтерілістер Тастөбеде босған соғыстарда жеңіліске ұшырап қақтығытар қатан жазаланады. 2 кезен 1838ж. 1 жартысында көтеріліс сенімсіз Ресейге қарсы деген сипатқа ие болады. 1888ж. шілдеде Исатай отряды Ақбұлаққа дейін жерде патша әскерін женеді Исатай өледі ал Махамбет 1846ж. өлтіріледі. Маңызы:Феодалдарға қарсы халық көтерілісі Бөкей ордасындағы аса ірі оқиға. Бұл ру тәртібін шиелінстірді


<== previous lecture | next lecture ==>
Алтын Орда. 6 page | Алтын Орда. 8 page
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.182 s.