Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Есім хан (1598-1628) 1 page


Date: 2015-10-07; view: 6179.


Тәуекелдің інісі Есім қазақтың көп санды әскерін басқарған, Ташкент, Түркістан аймағын билеген көрнекті сұлтан болды. Cондықтан қазақ әскері мен сұлтандардың көпшілігі Есімнің хан болуын қалаған. 17 ғасырдың алғашқы кезінде Қазақ хандығын екі хан билеп, елде саяси бытыраңқылық орын алды. Тәуекелдің інісі Есім хандық билікті алған тұста, Тұрсын Мұхаммед сұлтан 1613-1614 жылдар шамасында өзін хан етіп жариялады. Есім ханның астанасы – Түркістан болды, ал Тұрсын Ташкент қаласында өзін тәуелсіз хан деп жариялады. Есім хан Бұхар ханымен бітім жасасып, Орта Азия қалаларымен экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды. Алайда Бұхар ханы қазақ хандығының бытыраңқылығын пайдаланып, бітім шартты бұзып, қазақ жеріне жорықтар ұйымдастырды. Алғашқы қазақ-бұхар шайқасы 1603 жылы Самарқан маңындағы Айғыржар жерінде болды. Бұхар әскері жеңіледі. 1611 жылы Ташкент түбіндегі ұрыста Имамқұли хан басқарған бұхар әскерін Есім хан жеңеді. Бұхар ханы келісімге келуге мәжбүр болды. Алайда Есім мен Тұрсын арасында қайшылықтар шиеленісе түсті. 17 ғасырдың алғашқы кезінде Қазақ хандығы мен Моғол хандығы арасында одақтық қарым-қатынастар орнады. Бұл қатынастар екі хандықтың қарама-қарсы топтары арасында құрылды. Бұл жағдай қазақ хандары арасындағы қайшылықтарды тереңдете түсті. 1627 жылы Есім хан қалмақтарға қарсы жорыққа аттанады. Осыны пайдаланған Тұрсын хан Түркістанды шауып кетеді. Есім хан бейбіт елді ойрандауға белсене қатысқан Қатаған руы мен Тұрсын ханды жазалады. Тұрсын ханның бұл бүлігі тарихта “Қатаған қырғыны” атанды. “Есім ханның ескі жолы” деген сөз Есім ханның тұсында жасалған далалық заңдарға байланысты айтылған. Жаугершілік заманда елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға бағытталған заңдары Есім ханның шын мәнінде мемлекет тұрғсындағы ірі қайраткер екенін көрсетті.

Конспект сұрақтар

1.17 ғасырда Қазақ хандығымен одақтық қарым-қатынас орнатқан ел:

2.Алғашқы қазақ-бұхар шайқасы өткен жер:

3.Есім хан жеңіске жеткен Ташкент түбіндегі шайқастың болған мерзімі:

4.Тарихтағы Тұрсын ханның бүлігі:

5.Қазақ хандығын екі хан билеп, саяси бытыраңқылық орнаған кез:

6.“…кешегі еңсегей бойлы ер Есімді де білемін…” деп жырлаған әйгілі жырау:

42.Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы

Есім ханның баласы Жәңгір 1628-1652 жылдары хан болған. Қазақ халқы оның жоңғарларға қарсы күрестегі ғажайып ерліктері үшін Салқам Жәңгір атады. 1643 жылы жоңғардың қалың қолы қазақ жеріне басып кіріп, Орбұлаққа бекінген Жәңгір ханның 600 cарбазы жоңғардың 50 мың әскеріне қарсы тұрды. Көмекке Самарқан қаласының әкімі Жалаңтөс батыр 20 мың қолмен келеді. Орбұлақ шайқасы халқымыздың тарихындағы өшпес жарқын беттердің бірі. Жәңгірдің баласы Тәуке хан 1680-1715 жылдары ел басқарып, көреген саясаткер, ақылды дипломат, құдіреті күшті хан болды. Ол ішкі феодалдық тартыс пен бытыраңқылықты жоюға тырысты. Бір орталыққа бағынған Қазақ хандығын құруға күш салды. Тәуке хандық билікті күшейту мақсатын көздеп, билерге арқа сүйеуге, сұлтандардың билігін шектеуге тырысты. “Хандық кеңесте” билер негізгі рөл атқара бастады. Билер хандықтың ішкі өмірі мен сыртқы саяси істердің аса маңызды мәселелерін шешіп отырды. Тәуке хан билігінің бір бөлігін билерге беру арқылы ықпалды билерді мемлекеттік істерді шешуге, елді басқаруға тартты. Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің қатысуымен “Билер кеңесінің” құрылтайын сәтті ұйымдастырып отырды. Тәуке ханның басты мақсаты – ыдырай бастаған хандықтағы саяси жағдайды реттеуге күш салу. Құқықтық тәртіп пен мемлекеттік құрылымның негізгі белгілерін айқындайтын “Жеті жарғы” нормалар жиынтығын үш бидің қатысуымен жасады. “Жеті жарғыда” қарастырылған мәселелер: Жер дауы. Үй-іші мен бала тәрбиелеу. Ұрлық-қарлық, барымта. Бір халық пен басқа ру арасындағы дау. Ұлтын жаудан қорғау. Құн дауы. Жесір дауы. “Жеті жарғы” рулар мен тайпалар арасындағы алауыздықтарды, үш жүз арасындағы қайшылықтарды бәсеңдетті. Ел бірлігін сақтауға, хандық биліктің заң негізінде күшеюіне үлес қосты. Төле Әлібекұлы (1663-1756) Жамбыл облысы, Шу ауданы, Жайсаң жайлауында дүниеге келген. Төле би өз өмірін елінің бірлікте, ынтымақта болуына арнаған. Қазыбек Келдібекұлы (1667-1764) Сырдария жағасындағы бір ауылда дүниеге келіп, жастық шағын Қаратау, Ұлытау атырабында өткізген. Қазыбек би Тайкелтір бимен бірге қалмақ ханына барып, алмастай өткір сөзімен оны жеңіп, малын да, жанын да түгел алып қайтқан. Әйтеке Бәйдібекұлы (1682-1766) атақты Жалаңтөс батырдың ұрпағы. Шын есімі – Айтық. Кіші жүзден шыққан қазақтың атақты шешен биі. 1710 жылы жоңғар шабуылын тойтару мәселесін талқылау үшін Қарақұм маңында қазақ жүздерінің өкілдері бас қосты. Хандық жасақтары құрылды. Қазақ жасақтары жоңғарларды талқандап, шығысқа қарай ығыстырды. Қазақ хандығындағы ірі шонжарлар арасындағы алауыздық пен енжарлық жаудан қорғану үшін халықты жұмылдыруға кедергі келтіріп отырды. 1715 жылы Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін жағдай қайтадан ауырлап кетті.

Конспект сұрақтар

1.1680 жылы жоңғарлар басып алған қалалар:

2.1710 жылғы Қарақұм жиынында талқыланған мәселе:

3.Атақты Жалаңтөс батырдың ұрпағы:

4.Битөбе мен Күлтөбеде өткізілді:

5.Ерлік істері көрші елдерге аңыз болып тараған қазақтың ханы:

6.Жоңғар феодалдарының Оңтүстік Қазақстанға шабуылдаған уақыты:

7.Жәңгір ханға Самарқаннан көмекке келген батыр:

8.Орбұлақ шайқасы болған жер:

9.Соттық мансапты атқарды:

10.Тәуке ханның басты мақсаты:

11.Тәуке ханның ел басқарған кезі:

12.Төле би өз өмірін арнады:

13.Хандық кеңесте негізгі рөлді атқарды:

14.Қазыбек бидің жастық шағы өткен жер:

15.“Жарғы” сөзінің қазақша ұғымы:

43. Қазақ мемлекетінің 16-17 ғасырлардағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Қазақ хандығының мемлекеттік-әкімшілік құрылымы

Қоғамның дамуына байланысты басқару жүйесі күрделене түсті. Ұлттың қалыптасу барысында ұлттық басқару жүйесінің қажеттілігі туындады. Қазақ хандығының басқару жүйесі 7 тармақтан тұрады. Ауылдық басқару, ата – аймақ, рулық басқару, ұлыстық билік, жүздік билік, хандық билік, құрылтай немесе мәслихат. Ауылдық басқару туыстас жақын адамдардың бірнеше отбасынан құралады. Ауылды ауылнай немесе ауылбасы басқарған. Ата-аймақ бір атадан тарған, жеті атаға дейінгі бірнеше ауылдан құралды. Бұл ұйымды ақсақал басқарған. Ру он немесе он бес аймақтан құралған. Ру басшысын ру биі немесе рубасы деп атаған. Ұлыс бірнеше рудан құралды. Әр ұлыс өз жерінен жаугершілік жағдайда он мыңдық жасақ шығара алды. Ұлыстың бас билігі ұлыс сұлтанының немесе ханның қолында болды. Жүз бірнеше ұлыстардан құралды. Жүздің басшысы, қызметі би атағының ең биік деңгейі болып есептеледі. Жүздің биі ордаби деп аталған. Хандық үш жүзден құралды. Ұлы жүз аумағы - Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан. Орта жүз аумағы - Орталық жəне Солтүстік - Шығыс Қазақстан. Кіші жүз аумағы - Батыс Қазақстан. Қазақ хандығының билігі Ұлы ханның қолында болды. Бүкіл қазақ ұлтының бас қосқан кеңесі - Құрылтай(Мəслихат). Ел басына ауыр күн туғанда күрделі мәселені талқылауға үш жүздің азаматтары түгел қатысады. Хан тағына малы көп шонжар-сұлтандар сайланды. Сонымен бірге хан болып сайлану үшін Шыңғыстың ұрпағы болу басты талап болды. 16-17 ғасырларда қазақ халқының құрамы негізгі екі топтан тұрды. Олар ақсүйектер мен қарасүйектер. Қазақ қоғамында бас бостандығы жоқ құлдар мен күңдер де болған. Оларда ешбір құқық болмаған

Конспект сұрақтар

1.Атақты Орбұлақ шайқасы қай жылы болды:

2.Орбұлақ шайқасын кезінде қазақтың қай батыры жоңғар әскерінің сыртынан шабуыл жасаған:

3.Қай жылы Арал өңірінің қазақтары Әбілғазыны хан сайлады:

4.Бүкіл қазақ ұлтының бас қосқан кеңесі:

5.Жеті ата арасындағы дау-жанжалды реттеп, кінәлы жағын жазалап отырды:

6.Жүздік ұйым құралды:

7.Кіші жүз рулары:

8.Туыстас жақын адамдардың бірнеше отбасынан құралады:

9.Төре тұқымының ішкі әулеттік дауларын шешті:

10.Хан болып сайлану үшін қойылатын басты талап:

11.Ханның жасағы:

12.Қазақ хандығын басқару жүйесінің тармақтары:

13.Қазақ қоғамында ешбір құқығы болмағандар:

14.Қазақ қоғамындағы ақсүйектер тобы:

15.Ұлы жүз құрамына кіретін рулар:

16.Әр ұлыстың жаугершілік жағдайда шығаратын жасағы:

17.Өз қасиетімен немесе аталарынан мұрагерлікпен жеткен адам билік етті:

44.Қазақ халқының 16-17 ғасырлардағы шаруашылығы

Қазақ халқының көшіп-қонуында белгілі бір бағыт, әрбір ру-тайпаның өз көші-қоны болған. Маусымды көші-қон дегеніміз, жыл мезгілінің ерекшелігіне қарай мал басын аман сақтау үшін көшіп-қону. Маусымды көші-қон 4 мезгілге бөлінеді. Қысқы көш, көктемгі көш, жазғы көш, күзгі көш. Қыстауда 6 ай қозғалмай бір жерде отырған. Көктеу, жайлау, күздеуде 2 айдан тұрақтаған. Қыста мал бағатын қазақ ауылдары үшін ең қауіптісі жұт болды. Жұтдеген жем-шөптің таусылып, қыстың ұзарып, қатты суық болудан, қар қалың түсіп бетінің мұз басып қатуынан жəне түрлі жұқпалы аурулардан малдың қырылуы. Малдың жұқпалы аурулары: кебенек– ешкіде, қарасан – сиырда, топалаң– қойда, маңқа, жамандат– жылқыда, ақшелек– түйеде болған. Көктеуге көшудегі басты мақсат – мал төлдету, жүн қырқу. Жайлауға көшудің басты міндеті – малды семірту. Себебі малдың қыстан аман шығуы жайлаудағы қоңдануына байланысты болған. Күздеуде қойдың күзем жүнінқырқады. Әйелдер күзем жүннен киіз басып, киіз үйлерінің қажетті бұйымдарын дайындаған. Күздік көш жүгін қысқа дайындаған азық-түліктері, киіз-төсеніштері, киімдері ауырлатқан. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан өте ертеден егіншілік мəдениеттің өркендеген жері болып есептеледі. Қазақтар аңшылықпен, үй кəсіпшілігімен, қолөнермен де айналысқан. Көшпелілер үй кəсібінде мал шаруашылығы шикізаттарын өңдеумен айналысты. 17 ғасырдағы деректерге қарағанда алтындап, қымбат тастармен әшекейлеп жасаған сәукелелердің құны бір үйір жылқымен бағаланған. Оңтүстік Қазақстандағы қалалар 15 ғасырдың аяғынан Қазақ хандығының қол астына қарай бастады. Ал 16-17 ғасырларда ол қалалар толық қазақтардың қолына өтіп, төңірегінде елді мекендер қалыптасты. Қалалар шығыстан батысқа қарай Ұлы Жібек жолының бойына орналасқан.

Сығанаққаласықазақтар үшін сауда орталығы, 13 ғасырдан қыпшақтардың орталығы, 15-16 ғасырлардан Қазақ хандығының астанасы болған. Түркістан қаласы 16 ғасырдың соңында қазақ хандығының астанасына айналды. Қазақ халқының ұлттық негізі Түркістанда бекіген. 18 ғасырдан бастап ортағасырлық қалалар экономикалық жағынан əлсірей бастаған. Бұған жоңғар-қалмақ шапқыншылығы, қазақ-өзбек хандықтары арасындағы жүз жылға жуық болған соғыстар, Ұлы Жібек жолының сауда жасау қуатының əлсіреуі басты себеп болды.

Конспект сұрақтар

1.15-16 ғасырлардағы Қазақ хандығының астанасы:

2.Астық сақтайтын орын:

3.Ерте заманнан егіншілік кәсібі дамыған аймақ:

4.Күздеуге көшу басталатын мезгіл:

5.Көктеуде жас төлге арнап жасалған жылы күрке:

6.Малынан айырылып, егіншілікпен айналысқан кедейлер:

7.Маусымды көші-қон мезгілі:

8.Ортағасырлық қалалар экономикалық жағынан әлсірей бастады:

9.Оңтүстік Қазақстандағы қалалардың Қазақ хандығына толық өткен кезі:

10.Қазақ халқының ұлттық негізі бекіген қала:

11.Қазақтардың жайлауға көшудегі басты мақсаты:

12.Қыста қазақ ауылдары үшін ең қауіпті жағдай:

13.Құны бір үйір жылқымен бағаланған қымбат таспен әшекейленген бұйым:

45.Қазақ халқының мәдениеті

Қазақ халқының қалыптасуына байланысты оның өзіне тән материалдық және рухани мәдениеті жетіліп отырды. Қазақтарда тұрғын үйдің екі түрі болды. Жазда киіз үйде, ал қыста шымнан, балшықтан, тастан салынған жылы үйде тұрған. Жазғы үйлері - киіз үй және арба үстіне орнатылған жылжымалы үй-күйме. Киіз үйдің ағаш сүйегі 3 бөліктен тұрады: кереге, уық, шаңырақ. Киіз үйдің бауы - басқұр негізгі бекіту, біріктіріп байлау қызметін атқарды. Үйді жауып тұратын киіздер - түндік, үзік, туырлық. Қысқы киімдер: құлын терісінен тігілген жағалы жарғақ шекпен, қойдың немесе түйенің жабағысын қалың матамен тыстап тігілген күпі, шидем ішік, тон. Қысқы бас киімдері елтіріден, түлкі терісінен тігілген тымақ болды. Жазда ыстық өткізбейтін жұқа киізден жасалған қалпақ киді. Бойжеткен қыздардың бас киімі бағалы аң терісінен тігілген бөрік болды. Жас келіндердің бас киімі – сəукеле. Кейін сәукеле орнына желек жамылды. 30-40 жастағы əйелдің бас киімі кестеленген кимешек деп аталды. Орта жастағы əйел – жаулық, жасы келген əйел күндік киген. Қазақтардың өте бағалы тағамының бірі - жент. Жылқы сүтінен - қымыз, сиыр мен қой сүтінен - айран, қатық, құрт, ірімшік, май, түйе сүтінен шұбат жасаған. Қарқаралы көш деп көш керуеніндегі түйелерге қырғауылдың қауырсынынан төрт басты қарқара тағуды атайды. Көш кезінде тіл- көз қарқараға ауады деген сенім болғандығын көрсетеді.

Күннің алғашқы күркіреуі ағарғанның көбеюінің, өсімдіктердің жетілуінің хабаршысы болған . Қымыз ашытып “қазық майлау”, “бие мұрындық” деп аталатын той-томалақ жасаған. Қазақ келіндері “ат тергеу” ғұрпы бойынша, үйдің үлкен-кішілерінің аттарын атамай, оларға басқаша ат қояды. Лирикалық-эпостық жырларда халық тұрмысы, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлері кең көлемде көрініс тапқан. Батырлар жыры – халқын жат жерліктердің шапқыншылықтарынан қорғап, ауыр азаптардан құтқарған ғажайып күш иесі, батырлардың жауынгерлік ерліктері туралы дастан. Қазақ ертегілері халық тұрмысының түрлі жақтарын, қоғамдық өмірін, арманын айқын көрсетеді. 15 ғасырда қазақ тілі өзіне тән ерекше белгілері бар, дербес тілге айналды. 15-17 ғасырларда Алтын Орда, Ақ Орда дəуірінде көне қыпшақ тілі ресми, əдеби тіл ретінде қолданылды. 16-17 ғасырларда қазақ тілінде тарихи шығармалар жазыла бастады. 15-17 ғасырларда қазақтар арасында уақыт есебімен шұғылданатын, ауа райын зерттейтін тəжірибелі білгірлер шыққан. Бұлар – халық күнтізбесін жасаушылар. Олар жұлдызды аспан картасын жатқа білген. Ежелгі түркілер мүшел күнтізбесін жақсы білген. 16-17 ғасырларда қазақтар ресми түрде ислам дінін ұстанды. Зират құрылысы қайтыс болған кісінің әлеуметтік жағдайын байқатты. Халқымыздың мәдениеті ғасырлар тереңінен жалғасып, қоғамның дамуына байланысты біртіндеп дамып, жетіліп отырған.

Конспект сұрақтар

1.16-17 ғасырларда тарихи шығармалар жазыла бастады:

2.Киіз үйдің «басқұр» бауы қандай қызмет атқарды:

3.Ешкі терісінен тігілген жұмсақ аяқ киім:

4.Жас келін сәукеле орнына жамылды:

5.Киіз үйдің негізгі бекіту қызметін атқаратын бөлігі:

6.Күйдірілген кірпіштен өрнектеліп қаланған мазарларға жерленді:

7.Көш керуеніндегі түйелерге қарқара тағу дәстүрі:

8.Мүшел күнтізбесінің дәлелі ретінде табылды:

9.Түнде жүріс бағытын бағдарлайтын жұлдыз:

10.Халық арасына кең тараған ертегілер:

11.Қазақ келіндерінің үйдің үлкен-кішілерінің аттарын атамау ғұрпы:

12.Қазақ тілінің өзіне тән ерекше белгілері бар, дербес тілге айналған кезі:

13.Қазақтар балаларын медреселерде оқытқан деп жазды:

14.Қазақтарды “Ислам дініне сенетін халықтар” деп жазды:

15.Қазақтардың жазғы үйлерінің екі түрі:

16.Қазақтардың өте бағалы тағамының бірі:

17.Құлын терісінен тігілген қысқы киім:

46. Қазақ халқының шығармашылық дәстүрі

Қазақ халқының ауыз әдебиетінде жыраулар поэзиясы ерекше орын алады. Әйгілі Сыпыра жырау Қазақстанның батысында өмір сүрген қазақ пен ноғайға ортақ тұлға. Ауыз әдебиетінде Асан Қайғының Жәнібек ханмен бірге болғандығы айтылады. Аңыз бойынша Дешті Қыпшаққа әйгілі Қотан ақынның ұлы Дайырқожа Әбілхайырдың атақты билерінің бірі болған. Оны әділ билік жүргізгені үшін халық Ақжол би атап кеткен. Доспамбет жырау өлеңдерінен жерін жаудан қорғауға шақырған жалынды насихат сарыны сезіледі. Қазтуған Сүйінішұлының белгілі жыры “Алаң да алаң, алаң жұрт”. Шалкиіз Тіленшіұлы жырынан асқан дарынды ақынның асқақ бейнесі мен асыл текті жауынгер-батырдың құдіретті тұлғасы бар болмысымен көрінеді. Жиембет жырау Бортоғашұлы Есім ханның əскербасы және кеңесшілерінің бірі болған. “Əмірің қатты, Есім хан” толғауын жырлаған. Марғасқа – Есім ханның ең жақын жорық жырауы болған. “Еңсегей бойлы ер Есім” атты жеті мың жолдық тарихи жырды шығарған. Ақтамберді Сарыұлы “Ақтабан шұбырынды” оқиғаларының куəгері. Жырау Доспамбет, Шалкиіз дәстүрлерін жалғастырушылардың бірі болды. Үмбетей жырау Жырау батырларды мадақтап, елге таныстырып отырған. Оның “Бөгенбай өліміне”, "Ей Ақтамберді, Қабанбай", "Бекболат биге" атты жырларының тарихи танымдық жағы басым. Бұхар жырау Қалқаманұлы ел билеу ісіне араласып, Абылай ханның ақылшысы болған. Қазақ халқының саз өнері халық болып қалыптасқанға дейінгі ру-тайпалардың музыкалық өнерінің тікелей жалғасы. Қазақ халқының өмірінде музыканың айрықша орын алатынын 13-15 ғасырларда Қазақстан жері арқылы өткен саяхатшылар: Плано Карпини, Вильгельм Рубрук, Марко Поло, Рузбихан, Якуб жазып кеткен.

 

Қазақ халқының бүгінгі таңда 40- тан астам музыкалық аспаптары бар. Жау шапқанда дабыл, дауылпаз, ұран, керней арқылы елге хабар беріліп отырған. Бақсы-балгерлер зікір салғанда даңғара, асатаяқ, шаңқобызды пайдаланған. Балшықтан, қамыстан, мүйізден үрмелі аспаптар – сазсырнай, сырнай, сыбызғы, адырна, ұран, керней жасалады. Ішекті музыкалық аспаптар – жетіген, шертер, домбыра, қобыз. Cоқпалы аспаптар – даңғыра, дауылпаз, шыңдауыл, дабыл, асатаяқ.

Конспект сұрақтар

1.14 ғасырда өмір сүрген қазақ пен ноғайға ортақ тұлға, әйгілі жырау:

2.Абылай ханның ақылшысы болған жырау:

3.Ақтамберді жыраудың өлім жазасына бұйырылып, қашып құтылған жылы:

4.Доспамбет жыраудың қайтыс болған жері:

5.Жиембет жыраудың шығармасы:

6.Кавказдың терістігі, Қырым, Дон бойында әскери жорықтарға қатысқан жырау:

7.Марғасқа жыраудың өмір сүрген кезеңі:


<== previous lecture | next lecture ==>
Есім хан (1598-1628) | Есім хан (1598-1628) 2 page
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.049 s.