![]() |
Есім хан (1598-1628) 2 pageDate: 2015-10-07; view: 6198. 8.Қазақ халқының музыкалық аспаптарының саны: 9.Қазақ халқының саз аспаптарының ішіндегі үрмелі аспабы: 10.Қаңлы елінің музыканттары туралы хабарлайтын дерек: 11.Үмбетейдің жыраулық жолға түсуіне әсер етті: 12.“Бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді” деп жазды: 47.16-17 ғасырлардағы тарихи шығармалар Мұхаммед Хайдар Дулатидің 1541-1546 жылдары Кашмирде парсы тілінде жазылған еңбегі “Та'рих-и-Рашиди”. Бұл еңбек Моғолстан мен оған іргелес аймақтардың тарихы жөнінде жазылған құнды шығарма. Мұхаммед Хайдар Дулатидің арғы атасы Жетісуды билеген әмірші Поладшы Дулати. Хайдар Дулати оның жетінші ұрпағы болатын. Мұхаммед Хайдар Дулати араб, парсы тілдерін жетік білген. Ол Жамал Қаршидің, Рашид ад-Диннің, Жувейнидің, Əбдіразақ Самарқанидің еңбектерін зерттеп, тарихи шығармаларына арқау етті. Өтеміс қажының “Шыңғыснама” еңбегі 16 ғасырдың ортасында жазылған. “Шыңғыснамада” Жошы хан əулетінің тарихы баяндалады. 16 ғасырдың 40-жылдары Масуд ибн Усман Кухистанидің “Тарих-и-Абулхайр- хани” еңбегі жазылды. Онда көшпелі өзбектер ханы Әбілхайырдың тарихы айтылады. Шах Махмұд Шорастың “Тарих” (“Хроника”) шығармасында Бұйдаш, Хақназар, Тəуекел, Есім, Жəңгір хандар туралы тарихи деректер келтірілген. Əбілғазы Бахадур хан 1661 жылы "Түрікмен шежіресі", 1665 жылы "Түрік шежіресін" жазған. Еңбектері шежірелік сипатта жазылған. Түрік дәуірінен бастап, Шыңғыстың ұрпақтарының тарихын баяндайды. Кейінгі дәуірлерде Орта Азия мен Қазақстан, Таяу Шығыс елдерінде болған ірі тарихи оқиғаларды қамтыған. Қадырғали Жалайыри тұтқында отырып жазған “Жылнамалар жинағы” еңбегін орыс патшасы Борис Годуновқа сыйға тартып, қамқорлық жасауын өтінеді. Бұл тарихи шығармада қазақ халқының қоныс тепкен жерлері, қалалары мен қала мәдениеті, Қазақ хандығы мен қазақ хандарының өмірбаян шежірелері айтылады. Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайы, заң ережелері туралы ғылыми құнды деректер берілген. Конспект сұрақтар 1.16-17 ғасырлардағы қазақ-моғол қатынастарының тарихы баяндалған шығарма: 2.1643 жылы Әбілғазыны хан етіп жариялайды: 3. Əбілғазы Баһадүр жақсы меңгерген өнер: 4.Моғолстан мен оған іргелес аймақтардың тарихы жөніндегі құнды шығарма: 5.Мұхаммед Хайдар Дулати мына тілдерді жетік білген тілдер: 6.Мұхаммед Хайдар Дулатидің арғы атасы: 7.Қадырғали Жалайыридің Орда сарайындағы қызметі: 8.Қадырғали Жалайыридің тұтқында отырып жазған еңбегі: 9.Әбілғазы бастаған "Түрік шежіресін" жазуды аяқтады: 10.“Тарих-и-Абул хайр-хани” еңбегін жазды: 11.“Түрік шежіресі” еңбегі жазылды: 12.“Шыңғыснама” еңбегінде баяндалатын дерек:
8 - сынып. ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ 18 ҒАСЫР - 1914 ЖЫЛ 1. Қазақстанның 18 ғасырдағы әлеуметтік – экономикалық және саяси дамуы. 18 ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Орыс мемлекеті ортаазиялық хандықтармен сауда-экономикалық, дипломатиялық қатынастарын кеңейткеннен кейін, 16 ғасырдың соңы – 17 ғасырдың басында Қазақстанға қызығушылығы арта түсті. 16 ғасырдың соңы мен 17 ғасырда орыс мемлекетінен қазақ даласы арқылы Бұхар мен Хиуаға 44 елшілік пен орыстың 9 дипломатиялық желілері өткен. 1613 жылы 300 адамнан тұратын Ходжа Наурыз елшілігінің сауда керуені қазақ даласы арқылы Орта Азиядан Астраханға, Еділ өзенімен Саратовқа, Самараға, Қазанға барған. Орыс үкіметі Қазақстанмен шекарада қорғаныс бекіністерін салуға кірісті. Обск ,Түмен,Тобыл ,Тара , Томск әскери-бақылау қоныстары Қазақ хандығының солтүстік-шығысын отарлауда тірек болды. Жоғарғы Ертіс бойына салынған Жәміш , Омбы , Железинск , Семипалатинск , Павлодар, Өскемен әскери бекіністері қазақ жеріне Ресей әскерінің ішкерілеп енуін жеңілдетті. Қазақ-жоңғар қайшылықтарының шиеленісуі, И.Д.Бухгольц, В.Чередов, П.Ступин, И.Н.Лихаревтің қазақ өлкесіне әскери жорықтары Ресейдің Қазақстандағы ықпалын күшейте түсті. Ресей Қазақ хандарының ойрат жаулаушыларымен күресін өз мақсатына шебер пайдаланды. Қазақ жерін біріктірушілердің бірі Тәуке хан Ресеймен қарым-қатынасты ушықтырмай, шыдамдылық көрсетіп, елдің басты күшін жоңғарларға қарсы жорыққа бағыттады. Тәуке ханның орнын басқан Қайып сұлтан хандықты әлсіретіп алды. Кіші жүзді Әбілқайыр, Орта жүзді Сәмеке, Күшік, Ұлы жүзді Жолбарыс басқарып, үш жүздің бірлігі әлсіреді. Ішкі саяси жағдайға Нұралы мен Ералы, Орта жүзде Барақ сұлтан, шақшақ руынан Жәнібек Қошқарұлы, қанжығалы Бөгенбай, Ұлы жүзде Төле би мен Бөлек, Хангелді батырлар айтарлықтай ықпал етті. Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресін ұйымдастыруда белгілі қолбасшы және мемлекет қайраткері Әбілқайыр ерекше көзге түсті. 18 ғасырдың басында қазақ феодалдық мемлекетінің ішкі және сыртқы саяси ахуалы күрделі жағдайда қала берді. Конспект сұрақтар 1.1604 жылы салынған бекініс - қоныс: 2.16-ғасырдың соңы мен 17-ғасырдың Қазақстан арқылы Бұхар мен Хиуаға қанша Ресей елшілері өтті: 3.Жәміш (Ямышевск) бекінісі қай жылы салынды: 4.Обск қалашығы қайда орналасқан: 5.Орыстың қай патшасы «Барлық Азия елдері үшін Орда кілт пен қақпа» деп айтқан: 6.Тобыл бекінісі қай жылы салынды: 7.Тәуке ханнан кейін болған хан: 8.Ішкі саяси жағдайға ықпал еткен Ұлы жүз қайраткерлері: 9.Павлодар, Өскемен бекіністері салынды: 10.Ходжа Наурыз елшілігінің Қазан қаласына барған мерзімі: 2. Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі 1715 жылдың күзінде Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін қазақ жерінің бірлігі ыдырай бастады. Тәуке ханның мирасқоры Қайып елдің басын құрай алмады. Қазақ хандығында жүздер арасындағы тұрақты саяси жəне экономикалық байланыстардың болмауы, қазақ феодалдарының өзара тартысы көрші мемлекеттердің шабуылдауына жол ашты. Қазақ жеріне əсіресе қауіп төндіргені жоңғар мемлекеті болды. 1718 жылы Аягөз өзені бойында жоңғарларға қарсы шайқас болды. Қаракерей Қабанбай мен Жауғашар (Шақантай) батырлардың басшылығымен жау талқандалды. Алайда бұл жеңіс қазақ елінің ауыр жағдайын жақсарта алмады. 1723жылы жоңғар əскері Қазақ өлкесіне басып кірді. Жетісуды, Қаратауды басып өтіп, Талас алқабындағы қазақ ауылдарын ойрандады. Бұл “Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама, ақ мешін”апатының басы болатын. Қазақ ауылдары туған жерлерін тастап, іргелес аудандарға үдере көшті. Жетісу өңірі қатты ойрандалды. 1725 жылы жоңғарлар Түркістан мен Ташкентті басып алды . Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Есет, Саурық, Малайсары, Баян, Жəнібек, Райымбек, Наурызбай, Қарасай, Жауғашар батырларымыз туған жерді азат етуге бірікті. Біртұтас əскер ұйымдастыруда Қанжығалы Бөгенбай батыр ерекше көзге түсті. Үш жүз жасақтарының біріккен қимылдары 1726 жылдан басталды. 1726 жылы “Бұланты” шайқасы болды. 60 мыңдық қазақ-қырғыз əскері қалмақтарды талқандады. Бұл жер кейін «Қалмақ қырылған» деп аталды. Қазақстанның солтүстік – батысы азат етілді. 1726 жылы Түркістанның оңтүстік-шығысында Ордабасы жиынында үш жүз жасақтары жауға бірігіп, соққы беру жөнінде келісімге келді. Əбілқайыр бас қолбасшы болып сайланды. 1730 жылдың көктемінде (1729ж.) Балқаш көлінің оңтүстігінде Аңырақай шайқасы болды. Əбілқайыр ханның басшылығымен үш жүздің əскері қалмақтарға күйрете соққы берді. “Аңырақай” шайқасының кейін жоңғарлар Іле өзенін бойлап, еліне қарай шегініп, Кіші жүз бен Орта жүз жерлерінің көп бөлігі азат етілді. Алайда осындай халық тағдырының жауапты кезеңінде қазақ хандары Əбілқайыр мен Сəмеке аға хандыққа таласып, алауыздық пайда болды. Ұлы жүз əскері қайта оралған қалмақтардың жаңа күшіне қарсылық көрсете алмады. Оңтүстік Қазақстан өңірі уақытша жоңғар өктемдігінде қалып қойды Конспект сұрақтар 1.1725 жылы жоңғарлар басып алған қалалар: 2.18 ғасырда Қазақ хандығына солтүстіктен шабуылдады: 3.18 ғасырдың бас кезінде жоңғарлардың жеткен жері: 4.«Аңырақай шайқасында» барлық қазақ жасақтарына қолбасшылық жасаған кім: 5.«Елім-ай» әні қай ғасырда дүниеге келген: 6.Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте қазақ әскерінің қолбасшысы, қазақ батырын көрсетіңіз: 7.Қай жылғы жоңғарлардың қазақтарға қарсы жорығы «Ақтабан шұбырынды» оқиғасымен ұласты: 8.«Қалмақ қырылған» шайқасынан кейін азат етілген өңір: 9.Аякөз шайқасы болған мерзім: 10.Біріккен халық жасағы құрылған жиын: 11.Жоңғар шапқыншылығынан қашқан Ұлы жүз рулары беттеді: 12.Жоңғарларға қарсы біртұтас əскер ұйымдастыруда ерекше көзге түскен батыр: 13.Түркістанның оңтүстік-шығысында болған жиын: 14.Тәуке ханның мирасқоры: 15.Тәукеден кейін аға хандыққа таласқан хандар: 16.Шапқаншылық жылдары қатты ойрандалған қазақ өлкесі: 17.Үш жүз жасақтарының біріккен қимылдары басталды: 18.“Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама” оқиғасы басталды: 19.“Аңырақай” шайқасы болған жер: 20.“Аңырақай” шайқасының маңызы: 3. Кіші жүздің Ресей империясы құрамына кіруі Жоңғар қаупінің жойылмауы билеушілерден сыртқы қауіптен құтқаратын жол іздеуді талап етті. Кіші жүз ханы Әбілқайыр (1680-1748) Ресейдің құрамына енуді ойластырды. Әбілқайыр ханның мақсаттары қазақ ауылдарының шаруашылық мұқтажымен де байланысты болды. Петербург билеушілеріне арқа сүйеп, аға хандыққа таласта қарсыластарын жеңуді де ойлады. Қазақ жері арқылы өтетін керуен жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету- оның мақсаттарының бірі болды. Кіші жүз ақсүйектерінің талабы Ресеймен əскери одақ құру болды. Əбілқайыр хан Петербургке аттанған елшілері - Сейітқұл Қойдағұлұлы мен Құтлымбет Қоштайұлына Ресейдің қол астына кіру туралы құжат тапсырды. 1731 жылғы 19 ақпанда Кіші жүзді империя құрамына қабылдау туралы хан ұсынысын императрица Анна Иоанновна қабылдады. 1731 жылғы 10қазанда Кіші жүздің 29 старшыны Ресейдің қол астына кіруге ант берді. Патша үкіметі қазақ- жоңғар соғысын пайдаланып, бекіністер салу арқылы Қазақ өлкесін біртіндеп жаулап алу мақсатын көздеді. 1734 жылы мамырда Сенат хатшысы И.К.Кириллов басқарған экспедиция жабдықталып, Қазақстанға жіберілді. 1735 жылы Ор өзені бойында Ор бекінісінің негізі қаланды. 1738 жылы тамызда Орынбор комиссиясының басшысы, тарихшы В.Н.Татищев Орынборда қазақ сұлтандарының сьезін өткізді. Кіші жүз бен Орта жүзден барлығы 60-қа жуық старшын Ресейге берілгендігін қуаттап екінші рет ант берді. 1740 жылы тамызда Əбілмəмбет хан мен Абылай сұлтан Ресейге ант берді. Алайда Орта жүз дербестігін әлі де сақтады. 1741-1742 жылдары қонтайшы Қалдан- Серен (Галдан Цэрэн) Орта жүз бен Кіші жүзге екінші “ақтабан шұбырынды” жорықтарын жасады. Орта жүз қазақтары Ор бекінісіне дейін ығыстырылды. 1742 жылы 20 мамырда Ресей Сенаты қазақтарды жəне шекаралық бекіністерді қорғау жөнінде жарлық шығарды. 1742жылы 2 қыркүйекте Орынбор комиссиясының төрағасы И.Н. Неплюев Қалдан Серенге жолдаған хатында Ресейдің қарамағындағы қазақтарға қысым жасамауды талап етті. Ресей үкіметі Əбілқайырдың дара билігінің күшеюіне қарсы болды. Империяның қысымына шыдамаған Əбілқайыр Ресейден қайтадан бөлініп кетуді ойластырды. 1748 жылы Əбілқайыр Барақ сұлтанның қолынан қаза тапты. Əбілқайыр ханның 1731жылы Ресей билігін мойындауы Қазақстан тарихындағы өзекті оқиға. Бұл қадамның жоңғарлардың қазақ жеріне шапқыншылығына белгілі дәрежеде шек қойғаны мәлім. Конспект сұрақтар 1.1714-1720 жылдары патша өкіметінің Ертіс бойына əскери бекіністер салудағы басты мақсаты: 2.1731 жылы Ресейдің қол астына кіруге ант берген Кіші Жүз старшындарының саны: 3.1738 жылы Орынборда қазақ сұлтандарының съезін өткізген Орынбор комиссиясының басшысы: 4.1747 жылы Хиуа тағын иеленді: 5.18 ғасырдың 40 жылдары Хиуаны талқандап, Сырдария өңіріне жақындады: 6.Қай жылы «Қырғыз-қайсақ» экспедициясы Ресейде құрылды: 7.Қай Ресей помещиктері Каспий жағалауының құнарлы жерлерін иемденген: 8.Əбілмəмбет хан мен Абылай сұлтан Ресейге ант берді: 9.Əбілқайыр ханның басты мақсаты: 10.Екінші “ақтабан щұбырынды” жорығы бағытталды: 11.Жоңғарлардан Ресейдің қарамағындағы қазақтарға қысым жасамау талап етілді: 12.И.К.Кириллов басқарған экспедиция жабдықталды: 13.Кіші жүз ақсүйектерінің талабы: 14.Кіші жүз ханы Әбілқайыр қайтыс болды: 15.Кіші жүз ханының Петербургке елшілік жібергендегі мақсаты: 16.Кіші жүздің дербестігін сақтап қалуға тырысқан табын руынан шыққан батыр: 17.Ор бекінісінің негізі қаланды: 18.Орта жүздің кейбір рулары аға хан ретінде мойындады: 19.Орыс үкіметінің әскери бөлімдері орналасқан өңір: 20.Ресей императрицасы Анна Иоанновнаның Кіші жүз елшілігін қабылдаған жылы 21.Әбілқайыр ханның шаруашылық мұқтаждыққа байланысты көздеген мақсаты: 4. Қазақстан 18 ғасырдың ортасында Әбілқайыр қазасынан кейін Кіші жүзде екі хандық орнады. Оңтүстік-шығыс бөлігінде–Батыр сұлтан, солтүстік-батыс бөлігінде Нұралы. Бұл жағдай патша үкіметінің Каспий теңізінің солтүстік – шығыс аудандарын отарлауы үшін қолайлы болды. Патша əскерінің қуғынына ұшыраған 50000 башқұрт Қазақ хандығына қашып, қазақ ауылдарынан қорғаныш тапты. Бұл жағдай Ресей билеушілері тарапынан Кіші жүз қазақтарына өшпенділікті күшейтті. 18 ғасырдың 20-жылдары Алтайды патша үкіметінің отарлауы барысында пайда болған кен орындары мен зауыттарға қауіп төнді. 1747 жылы патшайым Елизавета Петровна үкіметі Демидовтар əулетінің қолында болған Алтай тау-кен кəсіпорындарын орыс патшалары отбасыларының меншігі деп жариялады. 1745 жылы күзде қалмақтардың билеушісі Қалдан Серен қайтыс болды.Таққа талас басталып, Орталық Азиядағы саяси жағдай шиеленісіп кетті.1755 жылы жоңғар тайпалары арасындағы талас нəтижесінде Жоңғар хандығы əлсіреді. Бұл жағдайды Пекин сарайы өз мүддесіне пайдалануға тырысты. 1755 жылы 19 шілдеде жоңғар мемлекетінің иелігі Цин өкіметінің меншігі деп жарияланды. Əмірсана Цин билігіне қарсы шығып, қазақ сұлтандары Абылай мен Əбілпайызға арқа сүйеді. Маньчжур – Цин əулеті Əмірсананың қарсылығын жаныштай отырып, Жоңғарияны түбегейлі талқандауға кірісті. 1758 жылы Жоңғария толық талқандалды. 1761 жылы империялық əкімшілік бірлестік – Шыңжан (жаңа шекара) құрылды. 18 ғасырдың 40-50 жылдары Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірі бекініс шептермен қоршалып, Горькая, Ертіс, Колыван, Есіл немесе Пресногорьковск шептері пайда болды. Қамалдар қыспағында қалған қазақтардың көшіп - қонатын жерлері тарыла бастады. 18 ғасырдың 60 жылдары қазақ - орыс сауда байланыстарының кеңейген кезеңі. Сауда айналымының орталығы Орынбор қаласы болды. Шыңжаңмен сауда байланысының орталықтары - Семей, Өскемен, Бұқтырма қоныстары. Ташкент, Бұхар, Қоқан жəне Қашғар көпестерінің жиі келетін сауда орталығы - Қызылжар (Петропавл) қаласы. 1756 жылғы қыркүйекте Жайық жағасына жақын жерлерде қазақтарға мал жаюға алғаш рет ресми шек қойылды. Ал 1757 жылғы желтоқсанның соңында Кіші жүз ханы Нұралыға Жайықтан мал айдап өтуге қазақтарға тыйым салынғандығы жөнінде шешім тапсырылды. Кіші жүздегі Нұралы хан мен Батыр сұлтан арасындағы кикілжіңді пайдаланған Петербург билеушілері Каспий теңізі мен Жайық өңіріндегі шұрайлы жерлерді казактарға тартып əперді. Ертістің оң жағасындағы шұрайлы жерлерді бекініс коменданттары иеленіп алды. Бекіністерден алғашында 10 шақырым, кейін 50 шақырым жерге дейін қазақтардың мал жаюына тыйым салынды. 1760 жылы Ертіс өңіріне Ресейдің əр түкпірінен жерсіз шаруалар, қылмыскерлер, Доннан, Башқұрт жерінен казактарды əкеліп қоныстандырды. 1799 жылғы 21 қарашада император I Павел жарлығымен Орта жүз қазақтарының 45000 отбасына Ертістің оң жағасына мал жаюға, қайтадан қоныстануға рұқсат етілді. Патша үкіметінің қазақтардың өз жерін пайдалануына шек қоюы, орыс-казак шаруаларын қоныстандыра бастауы қазақтардың жерін басып алу шараларының бастамасы болды. Конспект сұрақтар 1.1752 жылы салынған ең ірі бекініс: 2.18 ғасырдың 40 жылдары Орталық Азиядағы саяси жағдайдың шиеленісу себебі: 3.Алтайдағы тау-кен кəсіпорындарын орыс патшаларының отбасыларының меншігі деп жариялаған патша: 4.Батыс Сібір, Орта Азияны сапалы ас тұзымен қамтамасыз ететін орталықтар: 5.Бекініс шептермен қоршалған Қазақстан өңірі: 6.Ертістің оң жағасындағы жерлерді иеленді: 7.Жайық бойында қазақтарға мал жаюға алғаш рет ресми шек қойылды: 8.Жоңғар мемлекеті меншігі болып жарияланды: 9.Жоңғар хандығы әлсіреді: 10.Жоңғария толық талқандалды: 11.Жәміш бекінісіне Қазыбек би мен Абылай жіберген саудагерлер саны: 12.Кіші жүзде Батыр сұлтанды хан деп таныған ру: 13.Патша қуғынына ұшырап, Қазақстанға қашқан башқұрттар саны: 14.Ресей өкіметі Каспий теңізі мен Жайық өңірін отарлауда пайдаланды: 15.Шыңжаңмен сауда байланысының орталықтары: 16.Қазақ - орыс сауда байланыстарының кеңейген кезеңі: 17.Қазақ керуендерін Семей, Жəміш бекіністерінде шек қоймай қабылдауға рұқсат алды: 18.Қазақтарға Ертістің оң жағасына қоныстануға рұқсат етілді: 19.Қазақтарға Жайықтың оң жағасына өтуіне 1757-1758 жылдары рұқсат берді: 20.Қытай әскері Қазақстан шекарасына дейін жетті: 5. Абылай хандығы Абылай хан (Əбілмансұр, Сабалақ)1711–1781 жылдары өмір сүрген. Ол қазақ хандығының бұрынғы шекарасын қалпына келтіріп, елдің саяси – экономикалық дамуына өзгерістер енгізген мемлекеттік қайраткер. Абылай қаракерей Қабанбай, шапырашты Наурызбай, қанжығалы Бөгенбай, тарақты Байғозы, Малайсары, Баян батырлардың күшін біріктіре білді. 1745 жылғы қонтайшы қазасынан кейін таққа таласушылардың бірі - Əмірсана Абылайды паналап, Орта жүзге қашты. Әмірсананың қазақ жерін паналауын Маньчжур – Цин әулеті шабуыл жасау үшін пайдаланды. 1757 жылы маусымда қытай қолбасшылары Фу Дэ, Чжао Хой бастаған əскер Қазақ шекарасына басып кірді. 1757-1760 жылдары Қазақ елінің дербестігін, жерінің бірлігін қамтамасыз ету мақсатында Абылай Пекинде Қытай билігін мойындады. 18 ғасырдың 20-30 жылдары жоңғарлар басып алған шекаралық аймақтағы жайылымдар дипломатиялық жолмен қайтарылып алынды. 1760 жылы қытайлар Тарбағатай таулары маңайында көшіп жүрген қазақтарды қудалағанда, оны келіссөздер арқылы шеше білді. Жоңғария жойылғаннан кейін, оның жерін басып алған Маньчжур-Цин билеушілері Абылаймен келісе отырып жаңа шекара белгіледі. Абылай Орта Азия хандықтарымен байланысын дамытуға көңіл бөлді. 1771жылы үш жүз өкілдері Абылайды барлық қазақтың билеушісі деп таныды. Оның Жоңғарияға қарсы азаттық күрестегі, халықтың басын біріктірудегі рөлін, Ресей мен Қытайдың қыспағына қарамастан, іс жүзінде елдің дербестігін сақтап қалғандығын мойындады. 1778 жылы 24 мамырда II Екатерина Абылайды тек Орта жүздің ханы етіп бекітті. Абылай хан Ресеймен қарым-қатынаста бейбіт жағдайда болу қажеттігін ескеріп, ресми түрде бодандықты мойындады. Ал іс жүзінде тəуелсіздігін сақтады.
|