Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Есім хан (1598-1628) 3 page


Date: 2015-10-07; view: 4974.


Хан билігіне қойылған шектеулерді Абылай хан мойындамады. Ірі ұлыстарды билеуге өзіне жақын сұлтандарды тағайындады. Билердің қызметіне шек қойды. Өз сарайында топтасқан халық батырларының қолдауына сүйеніп, жоспарларын қиындықсыз іске асырып отырды. Абылай хан қазақтардың Ертіс, Есіл бойы, Көкшетау, Тарбағатай өңіріне егін шаруашылығын дамытуын қолдады. Абылай хан төңірегіне белгілі жыраулар, ақындар топтасты:Үмбетей жырау,Тəтіқара ақын , Бұқар жырау. 1781 жылы Абылай хан дүние салды. 1781 жылы Абылайдың бас мирасқоры Уəли хан болып сайланды. Уәли сұлтанды Ресей мемлекеті Орта жүз ханы ретінде танығанымен, ол мемлекет басқаруға қабілетсіз болды. Қазақ хандығының бірлігін Абылай сияқты қамтамасыз ете алмады.

Конспект сұрақтар

1.18 ғасырдың 70 жылдары Абылай соққы берді:

2.Қай жылы Орта жүз ханы Әбілмәмбет пен Абылай сұлтан Ресей мемлекетіне ант берді:

3.Қай көрші елмен Абылай хан өзара қарым-қатынасында тату-тәтті саясат ұстануға тырысты:

4.Абылай жоңғар тұтқынына түсті:

5.Абылай сұлтанның мақсаты:

6.Абылай хан болып сайланды:

7.Абылай хан ел басқаруда сүйенді:

8.Абылай хан төңірегіне топтасқан ақын- жыраулар:

9.Абылай ханның өмір сүрген жылдары:

10.Абылай Қытай билігін мойындады:

11.Абылайды Орта жүздің ханы етіп бекіткен билеуші:

12.Абылайды паналап, Орта жүзге қашқан жоңғар билеушісінің мұрагері:

13.Абылайдың бас мирасқоры:

14.Тарбағатай маңайында көшіп жүрген қазақтарды қудалады:

15.Хан егін шаруашылығын дамытуды қолдады:

16.Қытай шабуылына қарсы Кіші жүзден жасағымен келген сұлтан:

6. Қазақтардың 1773-1775 жылдардағы Е.И.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы

Е.Пугачев басқарған 1773-1775 жылдардағы орыс шаруалар соғысына Еділ мен Жайық бойындағы башқұрт, татар, Орта жəне Кіші жүз қазақтары қатысты. Қазақтардың қарсылығын туғызған жағдайлар: Патша үкіметінің Каспий теңізінің солтүстік-батысындағы шұрайлы жерлерді орыс помещиктеріне бөліп беруі. Петербург билеушілерінің осы аймақты жазалаушы топтармен ойрандатуы. Жайық бойында патша үкіметінің бекіністерді көптеп салуы. Кіші жүздің ірі ақсүйектері – Ералы, Досалы, Айшуақ сұлтандар, Нұралы хан көтерілісті қолдады. Алайда Жайық бекінісін қоршаудағы Пугачевтің сəтсіздігі Нұралы ханның көмек беруге асықпауына себеп болды. Досалы сұлтан өзінің ұлы Сейдалы басқарған топты көмекке жіберді. Қазақ жігіттері Жайық бекінісін қоршауға табан тіресе қатысты. Кулагин бекінісін алуда басты күш қазақтардан құралған топ болды. Орынборды қоршауға 200-ге жуық қазақ қатысты. 1773 жылдың қарашасында Пугачевтің манифесіне арқа сүйеген қазақтар Жайықтың оң жағасына өтіп, малдарын жайды. Нұралы хан бастаған ақсүйектер екі жақты бағыт ұстанды-соғысты пайдаланып, жер тапшылығын жою, өзіне бағынышты қазақтарды қазақтарды тəуелділікте ұстау жəне жеңілсе патша алдында ақталу.

Орынборды қоршаудағы сəтсіздік Пугачев күштерінің Троицк бекінісіне шегінуіне себеп болды. Орта жүзден Дəуітбай би Пугачевтің үндеуіне қолдау білдіріп, старшындармен бірігіп, соғысты қолдайтын шешімге келді. 1774 жылғы күзде Сібір шептеріне шабуылдаған қазақтар патша əскерінің қысымымен Сырдария бойына ығысты. Бұхар хандығына дейін барған Орта жүз қазақтары Тобыл мен Есіл өзендері бойына қайтып оралды.

1774-1775 жылдары Сібір шегінде орналасқан патша əскері 3500 болса, 1775 жылы қосымша 626 адам, кейін 409 солдат әкелінді. 1775 жылы Жайық бойындағы шаруалар соғысы əлсіреді. А.В.Суворов бастаған күш Пугачев көтерілісінің басты орталықтарын талқандады. 1773-1775 жылдардағы шаруалар соғысына қазақ халқының белсене қатысуы орыс-қазақ байланысындағы маңызды оқиға.

Конспект сұрақтар

1.18 ғасырдың 70 жылдары қазақтардың жер тапшылығын бәсеңдеткен жағдай:

2.Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысы болған мерзім:

3.Е.Пугачевтің Нұралы ханға үндеу жолдаған мерзімі:

4.Жайық бойындағы шаруалар соғысы әлсіреді:

5.Кіші жүз қазақтары қозғалысының кезеңдері бөлінді:

6.Кіші жүз қазақтарын рухтандырған жағдай:

7.Орта жүз қазақтары қозғалысының кезеңдері:

8.Орынборды қоршаған қазақтар саны:

9.Пугачев тығылып жүр лақабы тараған аймақ:

10.Пугачевке жолыққан Нұралы ханның өкілі:

11.Сібір шептеріне шабуылдаған қазақтар ығысты:

12.Соғысты қолдауға шешім қабылдаған Орта жүз биі:

7. Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының 1783-1797 жылдардағы көтерілісі

1773-1775 жылдырдағы шаруалар соғысына қазақтардың жаппай қатысуы Нұралы хан бағытының әлсірегенін көрсетті. Кіші жүзде билігін күшейту үшін патша үкіметі әкімшілік басқаруға өзгерістер енгізді. Неплюевтің кезінде 1744жылы құрылған Орынбор губерниясы таратылды. Кіші жүздің көп бөлігі Сібір және Уфа басқармасына бағындырылды. Қазақтардың Жайықтың сол жағасына өтуін бақылайтын Орал шекаралық басқармасы құрылды. 1783-1797 жылдары болған көтерілістің басты қозғаушы күші шаруалар, старшындар, билер, ру басшылары болды. Көтеріліс аумағы Еділ жағалауынан Арал теңізіне дейінгі жерлерді қамтыды. Көтерілістің мақсаты патша үкіметінің отарлауына шек қою, Орал казак əскерлерінің қазақ жерлерін басып алуын тоқтату, Нұралы хан мен сыбайластарының озбырлығына шек қою болды. Көтеріліс басшысы – байбақты руының старшыны, батыр жəне шешен Сырым Датұлы.1783 жылдың күзінде батырдың Орал казак əскерімен ашық түрде арпалыс жолына түсуі басталды. 1785 жылғы 17 ақпанда көтерілісті басу үшін аттандырылған генерал-майор Смирновтың тобында 300-ге жуық Орынбор қазағы, 2000-нан астам башқұрт, бірнеше зеңбірек болды. 1785 жылғы наурызда көтірілісшілерге қарсы 1000-нан астам казак тобымен старшина Колпаков жəне Пономарев аттанды.

Жем өзені бойында шоғырланған көтерілісшілер саны 7 мыңға жетті. Сырым тобы Сахарная бекінісіне шабуылдағанда сұлтан Айшуақтың баласы Атақ шайқаста қаза тапты. Сұлтан Айшуақтың өзі Орал қаласында тұтқындалды. Жазалаушылардың Нұралы ханның туыстарына қол көтеруі көтеріліс сипатын өзгертті. 1785 жылғы жазда болған Кіші жүз старшындарының съезі Нұралыны хандықтан тайдыру жөнінде шешім қабылдады. Орынбор өлкесінің губернаторы барон О.A.Игельстром Кіші жүзде хандық билікті жоюға негізделген жоба ұсынды. Көтерілістің қайта жандануын тездеткен жағдай 1791 жылы Орск маңында Ералының хан (1791-1794 ж.ж.) болып сайлануы болды. 1794 жылы Ералы хан қайтыс болып, 1795 жылы Есім хан (1795-1797) болып сайланды. Нұралы ұрпағының хандық билікке келуі Сырымның қарсылығын өршітті. 1796-1797 жылдардағы қысқы жұт, ханның салықты көбейтуі көтерілістің қайтадан күшеюіне түрткі болды. 1797 жылы Сырым тобының хан сарайына шабуылы кезінде Есім хан өлтірілді. 1797 жылыТөменгі Жайық бойындағы феодалдық топтар Нұралының ұлы Қаратайды хан көтерді. Барон Игельстром ұсынысымен Айшуақ сұлтан төрағасы болып белгіленген хан кеңесі құрылды. Кеңес құрамына Нұралы ханның ұрпағы енгізілмеді. Осы арқылы патша үкіметі Сырымды өзіне жақындатуға тырысты. 1797жылы күзде патша үкіметі Айшуақты хан етіп бекітті.

1797 жылы Қаратайдың қуғынынан құтылу үшін Сырым Датұлы Хиуа хандығына өтіп кетіп, 1802 жылы Хиуада қайтыс болды. 1801 жылы 11 наурызда патша үкіметі қазақ руларына Жайықтың өтуге, мал жаюға рұқсат берді. Көтерілістің жеңілуіне әсер еткен жағдайлар: феодалар мен старшындық топтар арасындағы алауыздық, руаралық қайшылықтар, көтерісшілердің нашар ұйымдасуы, Сырымның көтерілістің əр кезеңінде мақсаттарын өзгертуі.

Конспект сұрақтар

1.1785 жылдың наурызында Орал казактары шабуылдаған ру:

2.1785 жылы жазда старшындар съезі қабылдаған шешім:

3.1785 жылы күзде Кіші жүз билерінің мəжілісіне қатысқан ру өкілдері:

4.18 ғасырдың соңында патша үкіметінің Кіші жүзде енгізген өзгерістері:

5.Есімнің хандық билікке келген мерзімі:

6.Жазалаушыларға қосылған 800 адамдық топты басқарды:

7.Жем өзені бойында шоғырланған көтерілісшілер саны:

8.Игельстром жобасына Сырымның көзқарасы:

9.Кіші жүз қазақтарының көтерілісі болған мерзім:

10.Көтеріліс басшысы Сырым Датұлының лауазымы:

11.Көтерілістің басты мақсаты:

12.Көтерілістің қайта жандануын тездетті:

13.Орынбор губернаторы Игельстромның мақсаты:

14.Сахарная бекінісін алуда қаза тапқан Айшуақ сұлтанның баласы:

15.Сырым Датұлы қайтыс болған жер:

16.Сырым көтерілісінің қайта өрлеуіне түрткі болды:

17.Сырым мен Нұралы хан арасындағы араздық:

18.Сырымның кескілескен күресі басталды:

19.Табын жəне Кердері рулары көшкен бағыт:

20.Феодалдық топ хан етіп жариялады:

21.Хандық кеңестің төрағасы:

22.Шекаралық комиссия құрылған мерзім:

23.Қазақтарға Жайықтың оң жағасына өтуге рұқсат берілді:

8.18 ғасырдағы Қазақстан мәдениеті

Қазақстанның Ресей құрамына енуі әлеуметтік-экономикалық, саяси өмірге өзгерістер әкелді. Қазақстанды орыс және шетел ғалымдары зеттей бастады. Князь Александр Бекович-Черкасский экспедициясы саяси қатынас тұрғысынан сәтсіз аяқталғанымен, Батыс Қазақстан аумағын игеруде ғылыми жағынан маңызды болды. И.Д.Бухгольцтің әскери жорық экспедициясы I Петрдің “Азияға жол іздеу” талабымен құрылған жеке тапсырмасы болды. Экспедиция құрамында болған тұтқындағы швед И.Г.Ренат “Жоңғария картасын” жасады. Г.Ф.Миллер Қазақ хандығы туралы мағлұматтарды оқып, зерттеп жүйеге келтірген. “Сібір тарихы” еңбегінде Орта жүз туралы жазған мәліметі ерекше бағалы. Г.Миллердің жазбаларында орын алған ерекше мәлімет, жоңғар тұтқынынан Абылай сұлтанды босатуға қатысқыны туралы жазғаны. П.И.Рычков Қазақ өлкесінің этнографиясы туралы терең ғылыми мұра қалдырды. “Орынбор өлкесінің топографиясы”, “Орынбор тарихы” еңбектерінде қазақ тарихының даму кезеңдері мен қиыншылықтарын атап өткен. П.И.Рычковтың баласы капитан Н.П.Рычковтың “Қырғыз-қайсақ даласы туралы күнделік жазбалар” атты еңбегінде Еділ қалмақтарының қазақ даласы арқылы Қытайға қашуы туралы мәліметтер, Кіші жүз қазақтарының өмірі туралы қызықты бақылаулар бар. Әбілқайыр ханның сол кезде жақсы сақталған бейітін суреттеп жазған. Неміс саяхатшысы, натуралист П.С.Палластың “Россия мемлекетінің әр түрлі аймақтарына саяхат” еңбегінде халықтың жағдайы, орналасуы, әскери бекіністердің салынуы суреттеледі. И.Муравин, Д.Галдышев, Я.Гуляевтер Әбілқайыр, Нұралы хандардың ордасында бірнеше рет болған. Орск маңында хандар мен сұлтандардың съезіне қатысып, өлкедегі саяси жағдайды суреттеп жазған.

Қазақ мәдениетінің тарихында 18 ғасыр ерекше орын алады. Халық ауыз әдебиеті шығармашылығының өкілдерінің бірі -Ақтамберді жырау шығармаларын Қаракерей Қабанбайға, Қанжығалы Бөгенбайға арнаған. Тәтіқара ақын шығармаларында шақшақ руынан Жәнібек, дулат руынан Бөкей мен Сағыр, Дербісәлі, уақ руынан Баян, Бөгенбай ерліктерін шабытпен жырлады. Сонымен бірге Абылайдың керемет қасиеттерін жырлаған. Үмбетей жырау Абақкерей руының батыры Жауғашарға, Бекболат биге арнап жыр шығарған. Бөгенбай батырға арналған жоқтауында Абылайдың өмірін, қызметін, көрнекті қолбасшы Бөгенбайды мақтан етті. Бұқар жырау өмірінің соңғы жылдары Абылайдың кеңесшісі болған. Жанақ ақынның шығармашылығының ең басты жетістігі “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” поэмасының ерекше бір нұсқасын таратуы.

Конспект сұрақтар

1.1706-1778 жылдары өмір сүрген жырау:

2.Абылай сұлтанды тұтқыннан босатуға қатысты:

3.Ақтамберді жырау шығармалары арналды:

4.Жанақ ақын шығармашылығының ең басты жетістігі:

5.И.Д. Бухгольцтің экспедициясы құрылды:

6.И.Муравин, Д.Гладышев, Я.Гуляевтер болған хан ордалары:

7.Князь Александр Бекович-Черкасский экспедициясы зерттеді:

8.Неміс саяхатшысы П.С.Палластың еңбегінде суреттеледі:

9.Тәтіқара ақын шығармаларының гүлденген уақыты:

10.Қалқаман батырдың баласы, қазақ халқының тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі:

11.Әбілқайыр ханның бейітін суреттеп жазған тарихшы:

12.“Орынбор тарихы” еңбегінде баяндалады:

13.“Сібір тарихының атасы” атанған ғалым:

9. 19 ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы. Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы

19 ғасырдың I жартысында жергілікті өнеркәсіп пен кәсіпшіліктің жаңа салалары қалыптасты. Ертіс, Жайық, Каспий, Зайсан көлі маңайында қазақтар балық аулауды тұрақты кәсіпке айналдырды. Қазақстанның батыс, солтүсті к-шығыс аудандарында тұз өндіру және оны сату жолға қойыла бастады. Шығыс, орталық аймақтарында түсті металдар, тас көмір өндіретін кен орындары ашылды.

19 ғасырдың I жартысы - Қазақ елінің Орта Азия хандықтарымен, Сібірмен, Цинь империясымен сауда байланыстарын кеңейте түскен кезең. 1803 жылғы 19 мамырда Ресей үкіметі керуендер қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көпестерге өздерін қорғайтын қарулы топ ұстауына рұқсат берді. Ірі сауда орталықтарыПетропавл (Қызылжар), Ақмола, Орал, Семей, Бұқтырма, Орынбор, Омбы. Қазақстанның батыс өңіріндегі ірі сауда орталығы Кіші Орда (хан Ордасы) болды. Орта Азиямен сауда байланысын дамытуда Петропавл қаласы ерекше болды.

Халық арасында ықпалы кеміген хандар патша өкіметінің билеп-төстеу саясатына қарсылық көрсете алмады. 1781-1819 жылдары Орта жүзді басқарған Уəлидің қатігездігі халықтың наразылығын туғызды. Патша үкіметі 1815жылы екінші хан етіп Бөкейді тағайындады. Бөкей – 1817 жылы, Уəли – 1819 жылы қайтыс болғаннан кейін Орта жүзге хан тағайындалмады. 1822 жылы “Сібір қырғыздарының жарғысы” шықты. Авторы – Сібір генерал-губернаторы М.М.Сперанский. 1822 жылғы “Жарғының” басты мақсаты - Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірінде əкімшілік, сот, саяси басқаруды өзгерту, рулық-феодалдық тəртіптерді əлсірету. Орта жүз әкімшілік жағынан ауыл, болыс, округ болып бөлінді. Ауыл 50-70 шаңырақтан, болыс 10-12 ауылдан, округ 15-20 болыстан құралды. Округтер Омбы облыстық басқармасына бағынды. Оларды басқару округтік приказдарға жүктелді. Cөз жүзінде округті билеу аға сұлтанға берілсе де, істі шешуде көпшілік пікір алысу жүйесін енгізу олардың рөлін әлсіретті. Орта жүз жəне Ұлы жүздің бір бөлігінің территориясы “Сібір қырғыздарының облысы”деп аталды.

Батыс Сібір генерал- губернаторлығына Тобыл, Том, Омбы,Сібір қырғыздарының облыстары кірді. Орталығы – Тобыл, кейін Омбы (1839 жылдан бастап). Округтер- Қарқаралы, Көкшетау (1824ж), Баянауыл (1826 ж), Аякөз (1831ж), Ақмола (1832ж), Үшбұлақ (1833ж), Аманқарағай (1834ж), 40-50 жылдары құрылған Көкпекті, Құсмұрын, Алатау. Болыс сұлтандары өмірлік мерзімге сайланып, билік мұрагерлікпен берілді. Ауыл старшындары мен аға сұлтандар 3жылға сайланды. Аға сұлтандарды тек сұлтандар ғана сайлады. Оларға майор əскери шені, ал 10 жылдан кейін дворяндық атақ берілді. Сот ісі 3-ке бөлінді: қылмыстық істер, талап ету,шағым айту. 1822 жылғы реформа Қазақстанды басқаруды жеңілдетіп, өзара рулық қырқыстарға соққы берді. Орта жүзде хандық билік жойылды. 1824 жылы Орынбор губернаторы П.К.Эссеннің “Орынбор қазақтарын басқару жөніндегі Жарғысы” қабылданды. 1824 жылы Кіші жүздің соңғы ханы Шерғазы Орынборға қызметке шақырылып, Кіші жүздегі хандық билік жойылды.

Бөкей Ордасындағы хандық билік 1845 жылға дейін сақталды.

Конспект сұрақтар

1.1781-1819 жылдары хан болған Орта жүз билеушісі:

2.1822 жылғы Жарғы бойынша мұрагерлікпен берілетін билік:

3.1822 жылғы Жарғы бойынша округтер бағындырылды:

4.1822 жылғы «Сібір қырғыздарының Жарғысының» авторы:

5.1822 жылғы Жарғы бойынша қылмыстық істер қайда қаралды?

6.1822 жылғы “Жарғының” басты мақсаты:

7.1822 жылғы “Жарғыға” сəйкес Орта жүздегі əкімшілік-басқару сатысы:

8.«Сібір қазақтарының жарғысына» сәйкес Орта жүздегі билік қандай әкімшілік бірлікке бөлінді:

9.Бөкей Ордасындағы қай жылы құрылды:

10.«Орынбор қазақтарын басқару жөніндегі Жарғысын» дайындады:

11.Аға сұлтанды сайлады:

12.Жергілікті өнеркәсіп пен кәсіпшіліктің жаңа салалары қалыптасқан кез:

13.Кіші жүздің соңғы ханы:

14.Көкшетау округі құрылды:

15.Көпестерге қарулы топ ұстауға рұқсат берілді:

16.Орта жүзде хандық билік жойылды:

17.Сібір қазақтарының округінің аумағы:

18.Шетелдермен келіссөз жүргізуге құқылы болды:

19.Қазақстанның батысындағы ірі сауда орталығы:

10. Қазақтардың 1812 жылғы Ресейдің Отан соғысына қатысуы

Қазақ, орыс халықтарының байланыстары шаруашылық және мәдени салалармен ғана шектеліп қалған жоқ. Бұл байланыс Ресей халықтарының француздардың шапқыншылығына бірлесе тойтарыс беруінде де көрінді. Наполеон орнатқан континенттік блокаданы əлсіретуде, қазақтардың мал жəне мал өнімдерін Орынбор өлкесіндегі сауда орталықтарына жеткізуінің маңызы зор болды. Наполеон армиясымен соғыста атты əскер ерекше рөл атқарды. Бұл қазақтардан жылқы сатып алу мөлшерін арттырып отырды. Соғыс қарсаңында Орынбор губерниясында 40 кавалериялық полк құрылды. Қазақтар Орынбор полктерінде, əсіресе Орал казактарының əскери топтарында көп болды. 1812 жылғы қазан - қараша айларында Орынбор губернаторы Г.С. Волоконскийдің соғыс басталғандығы туралы манифесі қазақ ауылдарына жетті. Қазақтарды жауға қарсы күш жұмылдыруға шақырған – старшын Байсақал Тілекұлы.

Елтон тұз өндіру орнының жұмысшылары Батыс майданға 1млн. пұт тұз жөнелтіп, 22000 сом жинап берді. Риддер, Зыряновск, Белоусовка кен орындарының жұмысшылары мыс, қорғасын балқытуды көбейтіп, соғыс қажетіне 239 сом жинады.

Соғыс туралы хабардан кейін жүздеген қазақ жігіттері бүкіл ел бойынша ұйымдастырылып жатқан халық жасақтары мен тұрақты әскери бөлімдерге тіркеліп, майданға аттанды. 1812 жылғы қыркүйекте ерлігі үшін Майлыбайұлы күміс медальмен, Зындағұлұлы көгілдір ленталы медальмен марапатталды. 1812 жылғы 27 шілдеде Малаево Болото, Левия ұрыстарында Мұрат Құлшоранұлы мен Еріш Азаматұлына хорунжий атағы берілді. Вязьма түбіндегі ұрыста 1-тептяр полкінің жасауылы Сағит Хамитұлы ерлігі үшін 3-дəрежелі "Қасиетті Анна" орденімен марапатталды. Рамоново шайқасында атты әскер жауынгері Боранбай Шуашбайұлы, жасауыл Ықсан Əубəкірұлы ерлікпен шайқасты. Башқұрт полкы құрамында ақын Нарынбай Жанжігітұлы "Георгий" орденінің толық кавалері болды. Жанжігітұлы мен Байбатырұлы Лейпциг, Глогау, Веймар, Ганау, Франкфурт шайқастарына қатысты. 1814 жылғы 14 наурызда император І Александрдың бұйрығымен Парижге құрметті жеңімпаздар ретінде кірген əскер арасында Əмен Байбатырұлы мен Нарынбай Жанжігітұлы болды.

Шоқынған қазақ Яков Беляков жасауыл болған 3-Орынбор қазақ полкі 1813 жылы Беннигсеннің, Польша əскерінің авангардында болып, кейін Сеславиннің партизан корпусы құрамында шайқасты. Лейпциг, Веймар, Ганау, Мезьере, Ла Ротьере ұрыстарына қатысты. Ол1830жылы Орынбор өлкесінің билеушісі П. Эссенге хат жолдап, денсаулығына байланысты əскерден босатуды, туған ауылына қайтаруды сұраған.

Ақын Əмен Байбатырұлы Орынборға оралып, 1853 жылы Орынбор губернаторы В.А.Перовскийдің қоқандықтарға қарсы жорығына қатысып, Ақмешітті алуға, Сыр бойы қазақтарын Қоқан езгісінен азат етуде үлес қосты. Қазақтардың 1812 жылғы соғысқа қатысуы екі халықтың әскери бауырластығын нығайтқан ерекше оқиға болды.

Конспект сұрақтар


<== previous lecture | next lecture ==>
Есім хан (1598-1628) 2 page | Есім хан (1598-1628) 4 page
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.118 s.