![]() |
Есім хан (1598-1628) 4 pageDate: 2015-10-07; view: 4893. 1.1812 жылғы соғыс қарсаңында Орынбор губерниясында құрылды: 2.Жанжігітұлы мен Байбатырұлы қай жылғы Ресей әскерінің шетелдегі жорықтарына қатысқан: 3.Əмен Байбатырұлы В.А.Перовскийдің жорығына қатысып, азат етті: 4.Бородино шайқасындағы ерлігі үшін күміс медальмен марапатталды: 5.Денсаулығына байланысты туған ауылына қайтаруды сұраған: 6.Елтон тұз өндіру орнынан майданға жөнелтілген тұз мөлшері: 7.Наполеон армиясымен соғыста ерекше рөл атқарды: 8.Парижге құрметті жеңімпаздар ретінде кірген қазақтар: 9.Ресей жеріне Орта жүзден қоныс аударған щаңырақ саны: 10.Сағит Хамитұлы марапатталды: 11.Қазақ ауылына соғыстың басталғандығы туралы хабар жетті: 11. 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс.
19 ғасырдың 20-жылдары Ұлы жүздің бір бөлігі мен Кіші жүздің оңтүстігі Қоқан билігінде болып, қазақтардан салық жинады. 19 ғасырдың 20-30-жылдары Хиуа хандығы шекті,төртқара,табын, байұлына қысым көрсетіп, Сыр өзенінің төменгі ағысында бекіністер тұрғызды, сауда керуендерін тонады. 1822 жылғы Жарғы бойынша жаңа округтерді ұйымдастыру қазақтардың шаруашылығын құлдыратты. Отаршылдыққа қарсы күресті Абылай ханның немерелерінің бірі – Кенесарының ағасы сұлтан Саржан Қасымұлы басқарды. Көкше және Ұлытаудың маңындағы шаруалар патша үкіметінің жазалау қысымына төтеп бере алмай, Орта жүздің оңтүстігіне көшіп кетті. 1836 жылы Саржанды Қоқан ханы өлтіртті. Кенесарының саяси көзқарасының қалыптасуына əсер еткен əкесі – Қасым. Сұлтан Қасымның 40 шаңырақты ертіп Көкшетау бойынан Қоқан шекарасына көшуінің басты себебі - патша үкіметінің округтік приказдарды құруына қарсылығы. 1836 жылы Қасым сұлтан және балалары Ташкент билеушісінің қолынан қаза тапты. 1837-1847 жылдардағы көтеріліс басшысы – Қасым төренің баласы, сұлтан Кенесары (1802-1847ж.ж.). Көтерілістің басты мақсаты: Қазақ елінің патшалы Ресейдің құрамына қосылып үлгермеген өңірлерінің дербестігін сақтау, қазақ жерлерін бекіністер мен округтік билеу арқылы отарлауды тоқтату, Қоқандықтардың тепкісіндегі қазақтарды азат ету. Көтеріліс бүкіл Қазақстанды қамтып, ұлт-азаттық сипат алды. Көтерілістің басты қозғаушы күші қазақ шаруалары болды. 80-нен астам би, старшын, сұлтандар көтеріліске қатысты. Ақсүйектер мақсаты – көтерілісті пайдаланып, бұрынғы артықшылықтарын қайтарып алу және көшпелі феодалдық дербес мемлекеттің бостандығын қалпына келтіру. Көтеріліске əртүрлі ұлттардың өкілдері қатысты - орыс, өзбек, қырғыз. Кейде көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. 1838 жылғы мамырда Кенесары сарбаздары Ақмола бекінісіне шабуыл жасап, өртеп жіберді. Бұл көтерілісшілерге рух берген ірі жеңіс болды. 1838 жылдың күзінде қозғалыс Кіші жүзді шарпып, оған би Жоламан Тіленшіұлы тобы қосылды. 1841 жылы көтерілісшілердің қоқандық əскерлер орналасқан Созақ, Жаңақорған, Жүлек, Ақмешіт бекіністерін қоршауы жəне бірнеше қоқан бекіністерін алуы сарбаздарды рухтандырды. Қоқан ханы Кенесарыға одақ жасауды ұсынып, бірақ батыр оны қабылдамады. 1844 жылғы шілденің 20-нан 21-не қараған түнінде көтерілісшілер сұлтан Жантөреұлы тобын қоршап, 44 сұлтанды мерт қылды. Сарбаздардың рухы көтеріліп, қазақ ауылдарының жаңадан Кенесары маңына жиналуына түрткі болды. Орынбор əкімшілігін Кенесарымен келіссөз жүргізуді бастауға мəжбүр етті. 1845 жылғы сəуірде Кенесары ауылына орыс елшілері Долгов пен Герн келіп, патша əкімшілігінің талаптарын жеткізді. Кенесарыға басқа елдермен дипломатиялық байланыс жасауына тыйым салынды. Көтеріліске қатысқан қазақ руларына үкімет межелеген жерлерде ғана көшіп- қонуға рұқсат берілді. Кенесарының Орынбор қазақтарының иелігін Ресей империясының бір бөлігі ретінде мойындағанда ғана көтерілісшілерге кешірім берілетіндігі басты шарт ретінде қойылды. Екі ай бойы Кенесары ауылында болған елшілер талаптарын орындата алмай Орынборға қайта оралды. Кенесары Ресейдің билігін мойындауы үшін өзінің талаптарын қойды. Қазақ жеріндегі барлық патша бекіністерін жою, жазалаушы топтардың бассыздығын тыю, салық жинауды тоқтату. Екі жақ бір-біріне талаптарын мойындата алмағандықтан, келіссөздер тоқтатылды. Кенесары тобы Сарыарқадан оңтүстік аудандарға ығысуға шешім қабылдады. Сарыарқадан Ұлы жүзге қарай бет алуының себебі - Қоқан езгісіндегі қазақтардың дербестік алуына көмектесіп, өзіне тірек жасау болды. Кенесары əскерін Жетісу қазақтарының бəрі бірдей қабылдамады. Абылайдың баласы сұлтан Сүйік Ресей билігін мойындаса, үйсін, жалайыр, дулат руларының көпшілігі көтерілісшілерді жақтады. Кенесарының соңынан ермеген ауылдарды ойрандауы Жетісудағы белді рулардың Ресейден көмек сұрауға мəжбүр етті. 1847жылғы сəуірде Кенесары 10 мың əскерімен қырғыз жеріне басып кірді. Көтерілістің бастапқы сипаты өзгерді. Кенесары əскерлерінің қырғыз ауылдарын шабуылдауы Кенесарыға қарсы өшпенділікті туғызды. Кенесарының өзін қолдамаған ауылдарға озбырлық көрсетуі көтерілісшілер қатарын сиретті. Қазақ рулары көтерілісті өз жерінде қолдап, Қоқан жəне қырғыздармен күресуден өздерін алшақ ұстады. Ресей империясынан жеңілдіктер алған ақсүйектер орталықтанған феодалдық мемлекетті қалпына келтіруге мүдделі болмады. Ақырында 1847 жылы Тоқмаққа жақын Майтөбе түбіндегі шайқаста (Кекілік сеңгір) Кенесары қырғыз манаптарынан жеңіліс тапты. 1841 жылы тамызда Кенесары хандық билікті қалпына келтірді. Билер сотын жойып, хандық сотты енгізді. Билік тізгіні Кенесарының өз қолында болды. Хандық кеңестің құрамы Кенесарының жақын туыстарынан, би, батыр, сұлтандардан тұрды. Хандық кеңеске негізінен ұрыста ерлік көрсеткен немесе дипломатиялық қасиеттерін көрсете білген өкілдер кірді. Кенесары жер шаруашылығын дамытуды қолдап отырды. Барымтаға, жиі қайталанып тұратын тартыстарға қатаң шек қойды. Алайда Кенесары сарбаздары сауда керуендерін шабуылдап, экономикалық байланыстарға нұсқан келтірді. Бұл көтеріліс үш жүзді қамтыған, отршылдық езгіге қарсы бағытталған 19 ғасырдағы ең ірі көтеріліс болды. Конспект сұрақтар 1.1838 жылы мамырдағы Кенесары сарбаздарының әрекеті: 2.1841 жылы тамызда Кенесары сарбаздары аттанды: 3. Кенесары Қасымұлы қай жылы туылған: 4. Қай жылы Долгов пен поручик Герн Кенесары ауылына келді: 5.XІX ғасырдың 20 жылдары Ұлы жүздің бір бөлігі мен Кіші жүздің оңтүстігін билеген хандық: 6.Жетісудағы руларды Ресейден көмек сұрауға мəжбүр етті: 7.Жоламан Тіленшіұлы көтерілісінің басталу себебі: 8.Жоламан Тіленшіұлы тобының көтерілісшілерге қосылған уақыты: 9.Кенесары ауылына келген орыс елшілері: 10.Кенесары көтерілісіне қатысқан би ,сұлтан, старшындар саны: 11.Кенесары мен патша үкіметі арасындағы келіссөздің тоқтау себебі: 12.Кенесары хандығының өзіндік ерекшелігі: 13.Кенесары хандық билікті қалпына келтірді: 14.Кенесары Қасымұлы көтерілісі қамтыған аймақ: 15.Кенесары қырғыз жеріне басып кіргендегі әскер саны: 16.Кенесарыны қолдаған Ұлы жүз батырлары: 17.Кенесарының ағасы Саржанды өлтіруге бұйрық берді: 18.Кенесарының Сарыарқадан көшкен бағыты: 19.Кенесарының саяси көзқарасының қалыптасуына əсер етті: 20.Кенесарының қырғыз манаптарынан жеңілген жері: 21.Кенесарыға қарсы құрылған одақ: 22.Көтеріліске қатысқан ұлт өкілдері: 23.Көтерілісшілердің әскери күшін басқарды: 24.Орыс әкімшілігіне Кенесары алғашқы елшілігін жіберді: 25.Старшина Лебедевтің қызметінен алынып, сотқа берілу себебі: 26.Хан Кенесары қатаң шек қойды: 27.Ырғыз, Торғай өзендері, Ұлытау маңына бекіністер салынды: 28.Қазақ жасағының жеңілісіне әсер етті: 12. 1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі
1801 жылғы 11 наурызда император І Павелдің жарлығымен Кіші жүз қазақтарының Жайық пен Еділ аралығында көшіп-қонуы заңдастырылып, Бөкей Ордасы (Ішкі орда) құрылды. Бөкей Нұралыұлы Кіші жүздің белді сұлтаны. Саяси күреске 18 ғасырдың соңынан араласа бастаған. 19 ғасырдың басында Хан кеңесіне төраға болды, тәкаппарлығы оның бағыныштылығына жол бермеді. Бөкей орыс өкіметіне жағымды болды. Баласы Жəңгір Астрахан губернаторының үйінде тəрбиеленді. Орыс, парсы, араб тілдерін білді. Патша үкіметі қаражатына 1827 жылы Жасқұс деген жерде хан сарайын салғызды. Хандықтағы шұрайлы жайылым жерді хан өз туыстары мен сарай ақсүйектеріне бөліп берді. 1827 жылы 12 биден құралған хандық кеңес ұйымдастырылды. Хан тапсырмаларын орындайтын 12 старшын баж салығының жиналуын қадағалады. Бөкей Ордасындағы қауымдық жерлерді орыс помещиктерінің, хан туыстарының иемденіп алуы, феодалдардың озбырлығы жəне Жəңгір билігінің халық мүддесіне қайшы келуі хандықтың басқару жүйесін шайқалтты. Салықтың ауыртпалығы да әлеуметтік қарсылықтың тереңдеуіне себепші болды. 1833 жылы Жəңгір ханның қайынатасы Қарауылқожа Бабажанұлын Каспий теңізі өңіріндегі қазақ руларына билеуші етіп тағайындауы көтеріліске түрткі болды. Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі 1836-1838 жылдары болды. Көтерілістің негізгі қозғаушы күші – шаруалар, сонымен бірге оған старшын, билер де қатысты. Көтеріліс басшылары –Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы. Көтерілістің басты мақсаты - хан озбырлығына шек қою, шаруалар жағдайын жақсарту, жер мəселесіндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатын өзгерту болды. 1836 жылы ақпанның басында басталған көтеріліс халық-азаттық сипатта болды. Көтеріліс басшылары Қарауылқожаны биліктен тайдыруға, ханның жарлықтарын мойындамауға шақырды. 1836 жылғы қазанда Исатай маңына қосымша 20 ауыл көшіп келді. 1836 жылдың соңында Бөкей Ордасындағы оқиға Петербург сарайына əбден белгілі болды. I Николай “ бүлік “ басшыларын қатаң жазалауды тапсырды. 1837 жылғы 15 қазанда Теректіқұм шайқасында көтерілісшілер Жәңгірдің сыбайласы, хан кеңесшісі Балқы бидің ауылын ойрандады. Бұл жеңіс сарбаздар қатарының өсуіне əсер етті. 1837 жылғы қазанның аяғында саны 2 мыңға жеткен көтерілісшілер хан сарайын қоршады. Қоршауды бұзуға 600 адамдық тобымен подполковник Геке жəне Меркулов топтары талпынды. Старшындар мен билердің бір бөлігі Гекенің үндеуіне сеніп, көтеріліс қатарынан кетті.1837 жылғы 15 қарашада Тастөбе шайқасында 3000-нан астам адамнан тұратын көтерілісшілер өздерінен қаруы басым күшпен тайынбастан шайқасты. Исатай 500 сарбазымен кенеттен шабуылдап, жазалаушыларды шегіндіруді жоспарлады. 60 сарбаздан айырылған Исатай тобы бірнеше топқа бөлініп кетті. Казактардан 3 адам жараланды. Қазақ шаруалары өз ауылдарына тарап кетті. Губернатор В.А.Перовский жарлығымен Исатайды тірідей ұстағандарға 1000 сом, басын алғанға 500 сом тігілді. 1837 жылғы 13 желтоқсан - батыр Жаманқала бекінісі маңында жазалаушылардың торын бұзып, Жайықтан шығысқа қарай өтіп кетті. Исатайдың Кіші жүзге өтуі осы өңірде Кенесары көтерілісі әсерімен тарала бастаған халық қозғалысымен тұспа-тұс келді. Жоламан Тіленшіұлы жасақтары Кенесарыға қосылды. Кенесары көтерілісінің Кіші жүзді шарпуы Исатай көтерілісін басу қажеттігін тездетті. Кіші жүздің батысында Хиуа ханымен байланысты болған сұлтан Қайыпқали Есімұлы көтерілісінің кең таралуы да Исатай қозғалысын тездетіп басуды күн тәртібіне қойды. Байбақты руының старшыны Жүніс Жантелин тобы Исатаймен байланыста болды. 1838 жылғы 12 шілдеде Ақбұлақ шайқасында зеңбіректер оғынан шегінген көтерілісшілер екі жақты қоршауда қалды. Ауыр жараланған Исатайды казактар қылышпен шауып, атып өлтірді. Көтерілісшілерден 80-дей сарбаз өліп, 6 адам тұтқынға түсті. Айшуақұлынан бірнеше жүз, казактардан 4 адам жарақаттанды. Бас сауғалап қашқан көтерілісшілер, Ақбұлақ шайқасында Исатайға көмекке келмеген сұлтан Қайыпқали тобына қосылудан бас тартты.
Исатай көтерілісі бойынша жазалау ісін басқару негізінен Гекеге тапсырылды. Көтерілісті қанға бояған қазақ феодалдары жəне казак офицерлері мен солдаттары марапатталды. 1836-1838 жылдардағы көтерілістен кейін де шаруалардың ауыр жағдайы өзгермеді. Бұл жағдай 1842 жылы жаңа қозғалыстың басталуына себеп болды. Қозғалыс жетекшілері – ноғай руынан Аббас Қошайұлы жəне масқар руынан Лаубай Мантайұлы. Қозғалыс антифеодалдық бағытта болды. Олар хан мен сұлтандарға бағынбау, алым-салықты төлемеу, жер тапшылығын шешу, Жайықтан Кіші жүзге өтуге рұқсат алу талаптарын көтерді. Жəңгір ханға қарсы наразылығын білдіру мақсатында көтеріліс жетекшілері патша шенеуніктеріне барып жолықты. 1844 жылы наурызда екеуі де Жəңгірдің талабымен тұтқынға алынып, Оралда əскери сотқа берілді. 1847 жылы Лаубай түрмеде қайтыс болып, Аббас Лифляндияға қара жұмысқа айдалды.
1836-1838 жылдардағы көтерілістен кейін салық мөлшеріне шек қойылды. Патша үкіметі қазақ старшындарымен санасатын болды. Бұл оқиға Ішкі Ордадағы хандық биліктің əлсірегендігін дəлелдеді. Ал көтерілістің жеңілу себептері үстем тап өкілдерінің опасыздығы, көтеріліс басшыларының Кіші жүздегі жəне Ішкі Ордадағы көтерілістерді біріктіре алмауы болды. Бұл қозғалыс 19 ғасырдың 30 жылдарындағы әлеуметтік езгіге де, отаршылдыққа да қарсы бағытталған көтеріліс болды. Конспект сұрақтар 1.1791-1838 жылдары өмір сүрген беріш руының старшыны: 2.1837 жылғы 15 қазанда болған шайқас: 3.1838 жылғы Ақбұлақ шайқасының салдары: 4.1838 жылы қаңтарда Исатай тобы қауіп төндірді: 5.Бөкей Ордасындағы көтеріліс қай жылдары болды: 6.Исатай Тайманұлы қай жылы қаза тапқан: 7.Қай жылдары Махамбет, Шернияз Ішкі Ордадағы шаруалар көтерілісіне қатысқан: 8.Аббас Қошайұлы мен Лаубай Мантайұлы әскери сотқа берілді: 9.Бөкей Ордасы құрылған мерзім: 10.Бөкей Ордасында хан сарайы салынған жер: 11.Бөкей Ордасындағы жаңа қозғалыс басталды: 12.Бөкей Ордасындағы көтеріліс Петербургке белгілі болды: 13.Бөкей Ордасындағы көтерілістің нәтижесі: 14.Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі болған мерзім: 15.Бөкей Ордасындағы қауымдық жерлерді иеленді: 16.Еңбекшілер арасында үндеу таратқан ақын: 17.Жəңгір хан көтеріліс басшыларын тұтқындауды тапсырды: 18.Жиделі түбіндегі Исатай жасағының саны: 19.Жыл сайынғы ақшалай салық мөлшері: 20.Исатай тобы Жайықтан шығысқа қарай өтті: 21.Кіші жүздің батысында кең таралған көтеріліс басшысы: 22.Кенесары топтарын қолдаған Кіші жүз рулары: 23.Көтеріліске түрткі болған жағдай : 24.Көтерілісшілер жеңіліске ұшыраған Тастөбе шайқасы болды: 25.Көтерілісшілерді жазалау ісін басқару тапсырылды: 26.Орыс өкіметіне жағымды болған Кіші жүз сұлтаны: 27.Хан саясатын іске асыратын өкілдік мекеме: 28.Шаруалар көтерілісі басталды: 13. 19 ғасырдың 50 жылдарындағы қазақ шаруаларының азаттық күресі
19 ғасырдың ортасы Ресейдің Сырдарияның оңтүстігін және Оңтүстік Қазақстанды отарлауын кеңейтуіне қарсы, Хиуа хандарының өктемдігіне қарсы бағытталған антифеодалдық ірі көтерілістермен белгілі.19 ғасырдың ортасында болған Сырдария бойындағы көтерілістің себебі: Хиуа ханы Мұхаммед-Рахым Аллақұлдың Жаңадария мен Қуаңдария аудандарында қамалдар тұрғызуы. Көтеріліс жетекшісі–Жанқожа Нұрмұхамедұлы. Көтеріліске Арал маңындағы ірі рулар қатысты. 1843 жылы Жанқожа Нұрмұхамедұлының бастауымен Төменгі Сыр қазақтары хиуалықтардың Қуаңдария бойындағы бекінісін талқандады. 1845 жылғы көктемде Жанқожа тобы хиуалық 2000 əскерді жойып жіберді. 1847 жылы Хиуа ханының Райым бекінісін жойып жіберуге тырысқан əрекеті сəтсіз аяқталды. Жаңақала ауданы көтеріліс ошағы болды. 1856 жылдың жазында Жанқожаның жанына 2 мыңдай қарулы топ жиналды. 1856 жылы желтоқсанның аяғында көтерілісшілер Қазалы портын қоршауға алды. Жанқожа бірігіп соғысу үшін қозғалыс басшыларының бірі Есет Көтібарұлына сенімді өкілін жіберді. Күштерді біріктірмеу үшін генерал-майор Фитингов тобы жіберілді. 1860 жылы Жанқожа көтерілісі талқандалды. Патша әскерінің қуғындауынан Жанқожа Арал маңынан шегінуге мәжбүр болды. Арал теңізінің солтүстігінде Есет Көтібарұлы бастаған көтеріліс жалғасын тапты. Орынбор әкімшілігі Есет батырды ұстауды сұлтан Арыстан Жантөринге тапсырды. 1855 жылғы 8 шілдеде Есет тобы сұлтан Арыстан Жантөрин лагеріне шабуылдап, сұлтанды сыбайластарымен қоса мерт қылды. 1857 жылы наурызда тұтқынға түскен 3 қазақ атылып, 18-і Сібірге жер аударылды. 1858 жылғы қыркүйекте Есет батыр Орынборға барып, патша билігін лажсыздан мойындады.
Конспект сұрақтар 1.19 ғасырдың 30-40 жылдары Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның бір бөлігін иеленді: 2.Есет тобы сұлтан Жантөрин лагеріне шабуылдады: 3.Есет Көтібарұлы бастаған көтеріліс қамтыған аймақ: 4.Жанқожа Нұрмұхамедұлы көтерілісінің болу себебі: 5.Жанқожа көтерілісі талқандалды: 6.Көтерілісшілер ошағы: 7.Көтерілісшілер Созақ, Мерке, Шолаққорғанды алды: 8.Төменгі Сыр қазақтары Қуаңдария бойындағы бекіністі талқандады: 9.Қоқан хандығының қарсы ең ірі көтеріліс болған жер: 10.Қоқандықтар шабуылынан қазақ ауылдары көшуге мәжбүр болды: 14.Қазақстандағы саяси жер аударылғандар 1825 жылға дейін Қазақ өлкесінде болашақ декабристер қызмет бабымен болған немесе жер аударылған болатын. Жергілікті ресми мекемелерде қызмет істегендер - Г.Батеньков, А.Жемчужников, М.Муравьев, В.Вольховский, А.Янушкевич. Декабристер көтерілісінің жеңілуі азаттық қозғалыс өкілдерінің шеткі аймақтармен танысуына себеп болды. 1826-1828 жылдары П.Коновницин және М.Лаппа Ертіс бекіністерінде айдауда болды. Орынбордағы желтоқсаншылардың жасырын ұйымының мүшесі прапорщик Г.Карелин, Г.Батеньков “Сібір Қазақтарының Жарғысын” дайындауға көмектесті. Жер аударылған декабристерден ерекше көзге түскені С.М.Семенов болды. Айдауда жүріп, Омбы облыстық басқармасы шешімімен Өскеменде қызмет атқарып, кейін дəрігер болды. Ол саяхатшы - ғалымдар Гумбольдт, Эренберг, Розе басқарған саяхатқа қатысып, Қазақ елін аралап, жергілікті халықтың өмірімен танысты. Ал М.И.Муравьев – Апостол Бұқтырма комендантынан жергілікті тұрғындарды емдеуге рұқсат алып, халықты емдеген. Орынбор қаласындағы тұңғыш мұражай тарихы да декабристер есімімен байланысты. Мұражайды экспонаттармен жабдықтауға Жəңгір хан көмектесті. Орал қаласындағы мұражайда Г.С.Карелин есімімен байланысты көрмеліктер бар. Г.С.Карелин Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауын зерттеуге арналған экспедицияға қатысты. В.Вольхосвкий 1825 жылы Бұхарға ұйымдастырылған экспедицияға қатысып, “Кіші жүз руларының картасын” жасады. 1867 жылы Мəскеуде жарық көрген И.Завалишиннің “Батыс Сібірді сипаттау” еңбегінің бір бөлімі қазақтардың өміріне арналған. А.Д.Коровковтың “Іле бекінісіне бару” очеркі қазақ жері мен шексіз даласы туралы жазылған.
|