Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Есім хан (1598-1628) 5 page


Date: 2015-10-07; view: 5585.


1849 жылы М.В. Петрашевский ісі бойынша тұтқындалған жазушы Ф.М.Достоевский “Белинскийдің идеясын” таратқаны үшін Сібірге жер аударылды. Семейде археологиялық ескерткіштер жинаумен айналысып, жергілікті өлке тарихын зерттеуге көңіл бөлді. Семейде Ш.Уəлихановпен кездесіп, Омбыда басталған таныстық жалғасты.

А.Макшеев Арал экспедициясында өлкенің тарихи-географиялық бейнесін сипаттаған. Cонымен бірге Райым бекінісінен Қосарал аралына дейінгі саяхатты сипаттап, қазақтардың ауыр жағдайын суреттеді. Петрашевшіл ақындар А.П.Баласогло, Д.Д.Ахшарумов Қазақ өлкесі тақырыбымен шұғылданды. Петрашевшілдер қазақ халқының озық ойлы ұлдарының орыс демократиялық қозғалысы идеяларын түсінуіне септігін тигізді.

Конспект сұрақтар

1.1826-1828 жылдары П.Коновницин және М.Лаппа айдауда болды:

2.1831 жылы Орынборда ашылған мұражайды жабдықтады:

3.«Кіші жүз руларының картасын» жасаған кім:

4.Бұқтырма комендантынан жергілікті тұрғындарды емдеуге рұқсат алған декабрист:

5.И.Завалишиннің «Батыс Сібірді сипаттау» еңбегі қашан жарыққа шықты:

6.Ф.Достаевский не үшін жер аударылды:

7.Қазақстанда болып қазақ халқының әдет-ғұрпы, билер соты жөнінде құнды мәліметтер жинаған поляк азаттық қозғалысының өкілін көрсетіңіз:

8.Г.С.Карелин қатысқан экспедиция зерттеді:

9.Райым бекінісінен Қосаралға дейінгі саяхатты сипаттап жазды:

10.Ф.М.Достоевский өлке тарихын зерттеуде айналысты:

11.Қазақ елін аралап, халықтың өмірімен танысқан декабрист:

15. 19 ғасырдың I жартысындағы Қазақстанның Қытаймен сауда-экономикалық байланыстары

19 ғасырдың басында Пекин сарайының басқа елдерден өзін оқшау ұстау саясатын өзгертпеуі, ресейлік көпестердің қытайлықтармен сауда айналымын кеңейтуге кедергі жасады. Ресей үкіметі экономикалық байланыстарды Қазақ шекарасы арқылы дамытуға ұмтылды. 19 ғасырдың басында Бұқтырма, Кереку, Өскемен бекіністері Шыңжаң мен Қазақстанда сауда айналымдарын дамытуда ерекше рөл атқарған. 1809 жылы көпес Нерпин Тара қаласынан 5000 сомға тауар жеткізіп, Бұқтырманы басып өтіп, Қытайдың Шəуешек қаласында тауарын сатып, Бұқтырмаға қайтып оралды. 1812 жылы Ташкент көпестері Ниязов пен Аширов керуені құны 1 млн. сомға жуық тауарды Құлжа базарында сатты.

Шығыспен экономикалық байланыстың орталықтары Семей, Петропавл қалалары болды. Петропавл – Орта Азиямен саудада ең маңызды елді мекен. Ал Семей – Қазақстан мен Қытай арасындағы ірі сауда орталығы. Ресейлік сатылатын тауарлар - өнеркəсіптік дайын бұйымдар, маталар. Қазақтар негізінен мал жəне мал өнімдерін айырбастады.

Грузин көпесі Семен Мадатов ресейлік бұйымдарын Ақсу, Құлжа, Қашғар, Қытайлық Жаркент қалаларында сатып, “Үлкен Тибетке” дейін жетті. Ол Кашмирде болып, тұңғыш рет 250 кашмирлік шəліні Қазақ еліне жеткізді. Кабулдық ауған көпесі Мехти Рафаилов Семейден Қашғарға тікелей апаратын жаңа жолды ұсынды. 1824 жылы Ташкент көпесі Муминов Қазақстан арқылы Цин империясымен сауда жүргізудің пайдалылығына жергілікті басқарушылардың көзін жеткізуге тырысты. 19 ғасырдың 30-жылдарынан шекаралық бекіністер арқылы өтетін керуендерге баж салығы көбейді. Салықты төлеуден қашқан көпестердің бұйымдары ресейлік заңдар негізінде тəркіленді. Ресей мен Қытай арсында шекаралық сауданы реттейтін мемлекетаралық келісімнің жоқтығы сауда қатынастарына кедергі болды. Шекаралық өңірде арнайы жəрмеңкелердің болмауы да қазақтар тарапынан сауданың айырбас сауда шеңберінде қалуына себеп болды. Орыс-қазақ сауда қатынастарының кеңеюі, Ресейдің Қазақстанмен және Орта Азия халықтарымен байланыста болуы бүкіл Орталық Азиядағы халықаралық жағдайға әсер етті.

Конспект сұрақтар

1.1805-1806 жылдары Патша үкіметі Қытаймен арадағы қарым-қатынасты реттеу үшін Пекинге жіберген елшілікті кім басқарды:

2.1812 жылы керуені 1 миллион сом құрайтын тауарын Құлжа базарында сатқан Ташкенттік көпестер:

3.Қай жылы Бағдат көпестері Стамбулдан қымбат тауарлармен шығып, Иранды, Ауғанстанды, Үндістанды аралап, Семейге келді:

4.Ауған көпесі Мехти Рафаилов ұсынған жол:

5.Сұлтан Құдаймендінің баласы Ғабдолланы Петербургке жібергендегі мақсаты:

6.Тара қаласынан 5000 сомға тауар жеткізген көпес:

7.Шекаралық бекіністерде баж салығы көбейтілді:

8.Шығыспен экономикалық байланыстың орталықтары:

9.Шыңжаң мен Қазақстанда сауда байланысын дамытуда ерекше рөл атқарған бекініс:

10.“Үлкен Тибетке” дейін жеткен грузин көпесі:

16. 19 ғасырдың II жартысындағы Қазақ-Қытай сауда қатынастары

Ресей мен Цинь империясы арасындағы сауда – экономикалық байланыстар 1851 жылға дейін Кяхта қаласы арқылы жүргізілді. Шығыс Қазақстан және Шыңжанмен сауда айналымы жүйелі жолға қойылмады. 1851 жылғы 25 шілдеде Құлжа сауда келісімі жасалды. Осы шартқа сай Батыс Қытайда Ресейдің елшілік орталықтары, орыс көпестерінің сауда орындары ашылды. Троицк, Орынбор, Семей, Өскемен кедендерінің сауда құқықтары кеңейтілді. Жаркент, Ақсу, Шəуешек қалаларының сыртқы саудасында қазақтарға аса қажет шай, қант, жібек сияқты тауарлар көлемі көтерілді. 1855 жылы Шəуешектегі орыс көпестерінің сауда орындарын жергілікті халықтың талан - таражға салуы сауда байланыстарын уақытша тоқтатты. Ресей көпестерінің саудасы Құлжа қаласымен шектелді. 1856 жылғы 25 наурызда I Александр сауда байланыстарын кеңейтуге жол ашуды талап еткен нұсқау шығарды. 19 ғасырдың 60 жылдарының екінші жартысында орыс-қытай саудасы құлдырап, саяси байланыстарда өзгерістер байқалды. 1864 жылғы Шыңжандағы көтерілістің барысында дербес Іле өлкесінде - Іле сұлтандығы, Қашғарияда – Жетішар мұсылман мемлекеттерінің құрылуы орыс-қытай, қазақ-қытай байланыстарына өзгеріс енгізді.

1871 жылы Ресей əскері Іле өлкесіне енгізіліп, Іле сұлтандығы Түркістан г енера л - гу б ерна т о р лығына бағындырылды. Бұл Жетісу өлкесі мен Батыс Қытай арасындағы керуен саудасын күшейткенімен, ресейлік отарлық тәртіптің орнауына да жол ашты.

1881-1883 жылдары орыс үкіметінің келісімімен ұйғыр, дүнген және қазақтардың бір бөлігінің Жетісу мен Қырғыз өлкесіне қоныс аударуы халық санының өзгеруіне, шаруашылық ынтымағының тереңдеуіне жол ашты. 1860 жылғы Пекин шарты, 1864 жылғы Шəуешек хаттамасы Ресейдің Қырғыз елі мен Жетісуды өзіне қаратып алғаннан кейін қалыптасқан ахуалды ресми түрде тануды негіздеді.

1881 жылғы Петербург сауда шарты жасалды. Шекаралық аудандардағы керуен саудасын көтеру, орыс-қытай шекарасынан 60-65 шақырым жерге дейінгі қашықтықта шайды баж салығынсыз сатуға рұқсат беру, су жолын ашу мәселелері қарастырылды. Ресей мен Қытайдың Қазақстан арқылы сауда байланыстарына кең жол ашылды.

1882 жылы Верный көпесі Вали Ахун Юлдашев пен инженер Поклевский Колпаковскийдің қолдауымен Англиядан су кемесін сатып алды. 1883 жылғы 4 мамырда 20 мың пұт астық тиеген кеме Іле өзені арқылы Қытайдың Сүйдін бекінісіне жіберілді. Қытаймен тікелей Іле су жолының ашылуы 19 ғасырдың 2-жартысындағы орыс- қытай қатынасындағы белді оқиға болды.

19 ғасырдың 80 жылдары сауда байланыстарында Ресейдің Ірбіт, Крестовск жəрмеңкелері жəне Жетісу өлкесіндегі Қарқара, Орталық Қазақстандағы Қоянды (Ботов) жəрмеңкелері ерекшеленді.

1890 жылғы 14 маусымда Шыңжаңмен сауданы ұйымдастыру үшін Түркістан округімен қатар Семей сауда округі құрылды. Бүкіл Қазақстан және Оңтүстік Сібір арқылы өтетін шекарадағы кедендердің қызметін бақылау, баж салығының қазынаға өткізілуін қадағалау жолға қойылды. 1894 жылғы 30 тамызда Сібір теміржолының іске қосылуы Қазақстанның Қытаймен саудасын жаңа сатыға көтерді. Сібір өлкесінің экономикалық дамуына үлесін қосты. Қытайға жақын аудандарға тауарлар жылдам жеткізілетін болды. 19 ғасырдың II жартысында Қазақ өлкесі арқылы дамыған сауда байланыстары өзара тиімді болды, екі елдің арасында тығыз шаруашылық байланыс орнады.

Конспект сұрақтар

1.1851 жылғы 25 шілдедегі сауда келісімі:

2.1856 жылғы 25 наурыздағы I Александр нұсқауы:

3.XIX ғасырдың II жартысындағы қай елдердің экономикалық қатынасының нәтижесінде «Іле су жолы» ашылды:

4.Қай жылы Қоянды жәрмеңкесі ашылды:

5.Іле су жолы ашылды:

6.Іле сұлтандығы бағындырылды:

7.Мал сатуда үлкен рөл атқарған жәрмеңке:

8.Пекин шарты жасалған мерзім:

9.Сібір теміржолы іске қосылған мерзім:

10.Семей сауда округінің қызметі:

11.Су жолын ашу мәселесі қарастырылды:

12.Шəуешектегі орыс көпестерінің сауда орындары талан- таражға салынды:

17. Қазақстан – Ресей империясының отары (19 ғасырдың II жартысы). Ұлы жүздің Ресейге қосылуы

18 ғасырдың cоңы мен 19 ғасырдың басында Кіші жəне Орта жүз аймағының Ресей құрамына өтуі аяқталғанымен, бірқатар қазақ жерлері Орта Азия хандықтарына тəуелді болды. 19 ғасырдың 20 жылдары Ұлы жүздің бір бөлігі, Орта, Кіші жүздердің оңтүстік аймақтары Хиуа жəне Қоқан хандықтарының иелігінде болды. Орта Азия хандықтары ағылшын үкіметінің жасырын қолдауына сүйенді. Хиуа ханы Мұхаммед-Рахымның 1812, 1816, 1820 жылдардағы шабуылдары жойқын болды. 1820 жылғы ақпанда 10 мың əскерімен 2 мыңға жуық қазақ ауылдарын талқандады.

1821 жылы Орта Азия хандықтарына қарсы Тентектөре бастаған

қазақ шаруаларының азаттық қозғалысы басталды. Көтерілісшілер саны 10 мыңнан асып Түркістан, Шымкент, Əулиеата, Сайрам өңірін қамтыды. Көтерілістің халықтық сипатынан шошынған феодалдар опасыздықпен Қоқан жағына шығып кетті. Көтеріліс қатыгездікпен жаншылды. 19 ғасырдың 20-30 жылдары қазақтар мен қырғыздардың Қоқан үстемдігіне қарсы көтерілістері Түркістан, Шымкент, Сайрам, Əулиеата, Пішпек аудандарын қамтыды.

Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қазақтарының Ресеймен сауда жəне саяси байланыста болуы Жетісу өлкесінің оның құрамына кіруіне алғышарттар дайындады. 1817 жылы сұлтан Сүйік Абылайханұлы қарамағындағы жалайыр руының 66 мың адамы қоныстанған аймақ Ресей құрамына алынды. 1825 жылы Жетісудың 50 мың адамдық Үйсін болысындағылар өз жерлерінде Ресейлік округті ашуға келісім берді.

Қазақтардың біртіндеп Ресей қол астына өтуі Қоқан билеушілерінің қарсылығын тудырды. 19 ғасырдың 20-30 жылдары Ресей сыртқы Оңтүстік Қазақстанда Ресей ықпалы күшейіп, әскери бекіністер салынды. Орта жүз бен Ұлы жүз аумағы жапсарында Ақтау, Алатау, Қапал (1847ж.), Сергиополь (Аягөз), Лепсі (1855ж.) бекіністері салынды. Бұл бекіністер Ресейдің Іле аймағын отарлауына қызмет етті. 1847 жылы Қапал бекінісінің салынды. 1848 жылғы 10 қаңтарда Ұлы жүзге ресейлік пристав тағайындалып, резиденция Қапалда болды.

Бұл оқиғалар Лепсі мен Іле аралығындағы қазақтардың және 40 мың қырғыз отбасының Ресейге өз еріктерімен мойынсұнуын жеделдетті. Орыс әскерінің Жетісуға тереңдеп енуі Орта Азия және Кіші жүз жерлері арқылы іске асырылды.

Конспект сұрақтар

1.1821 жылы Орта Азия хандықтарына қарсы шаруалар көтерілісін басқарды:

2.1825 жылы Қаратал өзеніне келген орыс әскерінің тобы:

3.19 ғасырда ағылшын үкіметінің қолдауына сүйенді:

4.«Түркістан өлкесін басқару Ереже» қашан қабылданды:

5.Қай жылы Абылайханның ұлы Сүйік сұлтан өзіне қарасты рулардың Ресей үкіметінің құрамына кіретіндігін жариялайды:

6.Қай жылы Ресей сыртқы істер министрлігінің жанынан «Азия комитеті» құрылды:

7.Қапал бекінісі салынды:

8.Ресей құрамына алынған Сүйік сұлтан қарамағындағы ру:

9.Қазақ ауылдарына жойқын шабуыл жасаған хандық:

10.Ұлы жүзге ресейлік пристав тағайындалды:

11.“Азия комитеті” құрылған мерзім:

18.Верный бекінісі негізінің салынуы

Ұлы жүздің оңтүстік аймақтары Қоқан билігінде болды. Қоқан хандығының басты тірегі Қаскелең өзені сағасында тұрған Таушүбек бекінісі еді. 1851 жылы 7 шілдеде Таушүбек бекінісі қантөгіссіз берілді. 1853 жылы Орынбор генерал-губернаторы В.А.Перовскийдің басшылығымен Қоқан билеушілерінің Ақмешіт бекінісі Ресейдің қол астына қарады. Орыс əскерлерінің Іле

бойымен жылжуына жол ашылды. 1853 жылы Ұлы жүз приставы майор М.Д.Перемышельскийй отряды Талғар өзенінің Ілеге құяр жерінде Іле бекетін тұрғызды. 1854 жылғы көктемде М.Д.Перемышельскийй отряды Алматы қонысының орнына Верный бекінісін салды. 1854 жылғы күзде Верныйға Іле отрядының 470 əскері əкелінді. 1855 жылы Сібірден 400 отбасы келіп қоныстанды. Олар Үлкен Алматы станицасын мекендеді. Верный кейін Іле қонысы деп аталды.

Верный бекінісі Шу мен Талас алабына Ресей империясының экономикалық-саяси ықпалын жүргізетін басты тірекке айналды.

1855 жылғы жазда Ұлы жүз приставы резиденциясы Қапалдан Верныйға ауыстырылды. 1856 жылы Верныйда Орталық Ресей губернияларынан және Воронежден келген қоныстанушылар көбейді. 1857 жылы тұңғыш су диірмені салынып, ал 1858 жылы сыра зауыты іске қосылды. Белгілі ғалым–саяхатшылар П.П.Семенов-Тяньшанский, Н.М.Пржевальский, И.А.Северцев, XІX ғасырдың 60 - жылдары Ш.Уəлиханов Верныйда болған. Верный бекінісінің салынуы 19 ғасырдың 50-жылдарында Қазақстанның оңтүстік аудандары мен қырғыз жерінің Ресейге қосылуын тездетті.

Конспект сұрақтар

1.1853 жылы Ресейдің қол астына қараған бекініс:

2.1854 жылы іргесі қаланған Верный бекінісі кейін аталды:

3.1854 жылы Верный бекінісіне Іле отрядының қанша солдаты мен офицері келіп қоныстанды:

4.1855 жылы Сібірден келген 400 отбасы қай жерде тұрды:

5.Вали Ахун Юлдашев қай уездің ауқатты ұйғыр көпесі болған:

6.Қай жылы Верный бекінісінің негізі қаланды:

7.Қай жылы Верный бекінісіне Сібірден 400 отбасы қоныс аударды:

8.Қай жылы Верныйдағы алғашқы су диірмені салынды:

9.Қай жылы қырғыздың бұғы руы Патша үкіметінің билігін мойындады:

10.Таушүбек бекінісі алынған уақыт:

11.Қапалдағы Ұлы жүз резиденциясы Верныйға ауыстырылды:

19. Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы және оның салдары

Патша үкіметі Қоқан хандығын ығыстырып, өзінің жергілікті қазақтар арасындағы саяси билігін нығайту үшін бірқатар шараларды іске асырды. Іле өңіріндеәскери күштерді молайтып, керуен жолдарын бақылауға алуға, сауда-саттыққа зер салуға ерекше мін берілді. 800 орыс және 100 қазақтан тұратын күшті басқарған подполковник Шайтанов Шу алқабына қарай бағыт алды. Сұраншы, Шаян батырлар, Жайнақ би Ресей әскерін қоқандықтар озбырлығынан құтқарушы ретінде қарсы алды. 1859 жылы Ұлы жүз бен қырғыз елінің солтүстігінде тұрғызылған Қастек бекінісі Ресей тірегі саналып, Қоқан ханының шабуылдарына тосқауыл болды. Орыс əскерінің Шу аңғары арқылы Қоқан бекіністері Əулиеата, Шымкент, Ташкентке қарай жүруі осы жерден басталды. 1860 жылы 26 тамызда Тоқмақ, 4 қырқүйекте Қоқанның Жетісудағы тірегі Пішпек алынды. Қоқан ханы Верный бекінісіне 22 мыңдық əскер жіберді. Қазақ феодалдары екіге бөлініп, Кенесарының баласы сұлтан Сыздық тобы Ресейге қарсы шықты. Феодалдардың көпшілігі Қоқан ханына қарсы шықты.

1860 жылғы 19-21 қазанда болған Ұзынағаш шайқасында Алатау округінің билеушісі Г.А.Колпаковский əскері қоқандықтарды жеңді. Қоқандықтар - 400 адамнан, орыстар – 2 адамнан айрылды. 1863 жылы Ресей құрамына 4 мың шаңырақ қоңырат, 5 мың шаңырақ бестаңбалы рулары кірді.

Ресей мен Англия арасында Орта Азия үшін алауыздықтың күшеюі орыс әскерінің соғыс қимылдарын жеделдетуіне түрткі болды. 1864 жылғы көктемде Қоқан хандығына қарсы жіберілген патша əскері Шу алқабын, Мерке, Əулиеата, Түркістан бекіністерін алды. Полковник М.Черняев әскері Шымкент бекінісіне бет алды. Қоқан билеушісі Әлімқұл Хиуа, Бұхар хандықтарымен одақ жасауға тырысты. 1864 жылғы 22 қырқүйекте Шымкент алынды. 1865 жылғы шілдеде орыс әскері Ташкентті басып алды.

1866 жылдың басында Бұхар хандығының жеріне орыс əскерлері басып кіріп, хандық иеліктері Түркістан генерал-губернаторлығының құрамына кірді. Бұхар хандығының солтүстігінде қоныстанған қазақтар өзбектермен қатар Ресейдің билігін мойындады. 1868жылғы қаңтардағы келісім бойынша Қоқан хандығына қарасты бірқатар жер, оның ішінде Қоқан хандығына тəуелді қазақ жерлері Ресей құрамына еніп, Түркістан генерал- губернаторлығына бағындырылды. Ал 1873 жылғы Хиуа хандығының жеңілісі қазақтардың оларға тəуелділігін жойды.

Ресейдің сыртқы саясатында Қазақстан жері 15 ғасырдың орта кезінен бастап ерекше мәнге ие болған. Қазақ-орыс байланыстарының жолға қойыла бастауы IY Иван билік құрған кез болып есептеледі. 18 ғасырдағы князь А.Бекович-Черкасскийдің, И.Д.Бухгольцтің, И.М.Лихаревтің, П.Ступиннің әскери барлау экспедициялары қазақтарды Жоңғария шапқыншылықтарынан қорғауда елеулі орын алды. Қазақ елінің Ресей құрамына қосылу процесі 18 ғасырдың 30 жылдарынан басталып, 1,5 ғасырға созылды.

Конспект сұрақтар

1.1860 жылы қоқандықтар мен орыс əскерлерінің шайқасы өткен жер:

2.1866 жылдың басында Ресейдің билігін мойындады:

3. 1864 жылы Әулиеатаны басып алған полковник:

4. 19 ғасырдың 60-жылдары полковник Циммерман қандай бекіністерді басып алды:

5. 1916 жылғы 20 шілдеде Түркістан генерал-губернаторлығына генерал-губернатор болып кім тағайындалды:

6. «Ереже» бойынша Дала генерал-губернаторлық қай жылы құрылды:

7. Аға сұлтандар қанша жылға сайланды:

8. М.Черняев басқарған орыс әскері Түркістанды қашан басып алды:

9. Қай жылы орыс әскерлері Ташкент қаласын басып алды:

10. Қай жылы Патша әскері Бұхар хандығының жеріне кірді:

11. Қай жылы Ресей үкіметі Пішпек бекінісін басып алды:

12. Қай жылы Ресей әскері Әулиеата, Шымкент, Түркістан қалаларын басып алды:

13. Қоқан ханы Құдиярға қарсы қыпшақтарды басқарған көтеріліс басшысы кім:

14.М. Черняев пен Лерхе тобы Шымкентті алды:

15.Орыс әскерін құтқарушы ретінде қарсы алған батырлар:

16.Ресей мен Англия арасында Орта Азия үшін алауыздықтың күшеюі түрткі болды:

17.Ресейдің саясатында Қазақстан ерекше мәнге ие болған кез:

18.Қастек бекінісі салынды:

19.Қоқан хандығының жері Ресей құрамына енгізілді:

20. 19 ғасырдың I жартысындағы Қазақстан мәдениеті. Халық ағарту ісінің дамуы

Қазақ жерінің Ресей құрамына қосылуы ағарту саласының кеңеюіне, жергілікті халық дəстүрі мен мəдениетінің жаңа сипат алуына әсер етті. Ірі медреселерде араб тілінен сабақ беруге негізінен “мұғалімдікке” куәлігі бар адамдар тартылды.

Қазақстанда жаңа оқу жүйесінің дамуы Омбы, Орынбор, Семей, Орал қалаларында орысша білім беретін мектептердің ашылуынан көрініс тапты. Қазақ жерінде 1789 жылы Азиялық училище ашылып, монғол, маньчжур, қытай, парсы тілдерін оқытты. 1813 жылы Омбыда, 1825 жылы Орынборда əскери училищелер ашылып, ресейлік əкімшілік үшін шенеуніктер дайындады. Олар кейін 1837 жылы Сібір кадет корпусы, 1844 жылы орынборлық Неплюев кадет корпусы болып қайта құрылды. 1841 жылы Кіші Ордада Жəңгір ханның ұйымдастыруымен татар, орыс тілінде оқытатын мектеп ашылды. Орынбор губернаторының ықпалымен ашылған бұл мектеп қазақ жастарына білім беру ғана емес, отаршылдық әкімшілікке берілген қызметкерлер даярлауды мақсат еткен. 1831 жылы Омбы облысының қоныстарында орысша білім беретін училищелер ашу ұйғарылды. 1831 жылғы 18 қыркүйекте Семейде орысша оқытатын училище ашылды. 1836 жылы Өскеменде интернаты бар училище ашылды. 1850 жылы Орынбор шекаралық комиссиясының жанынан орыс мектептері ашылды. Мұғалімдердің, қаражаттың жетіспеушілігі, мектеп үйлерінің талапқа сай келмеуі Қазақстанда орыс тілді мектептердің дамуына мүмкіндік бермеді.

В.И.Даль 1833-1841 жылдары Орынбор әскери губернаторының жанындағы шенеунік қызметте жүргенде Орынбор өлкесіндегі түркі тілдес халықтардың жазбаларын, ауыз əдебиетінің үлгілерін жинастырды, әңгімелер жазды. 1839-1840 жылдары Хиуа жорығына қатысқан. 1836-1838 жылдардағы шаруалар көтерілісінің басшылары И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлына жанашырлық білдірді. “Бикей мен Мəулен” повесінде Орынбор өлкесіндегі қазақтардың тұрмысын сипаттады.


<== previous lecture | next lecture ==>
Есім хан (1598-1628) 4 page | Есім хан (1598-1628) 6 page
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.195 s.