![]() |
Есім хан (1598-1628) 6 pageDate: 2015-10-07; view: 3414. 1833 жылы А.С.Пушкин Орынборда болып, 1773-1775 жылдардағы Е.И.Пугачев көтерілісі туралы мəлімет жинақтады. “Пугачев бүлігінің тарихы”, “Капитан қызының” баспадан шығуы орыс демократиялық өкілдерінің Орта Азия мен Қазақстан туралы құнды мәліметтердің тарауына септігін тигізді. А.С.Пушкин Оралда “Қозы Көрпеш-Баян сұлу” поэмасымен танысқан. 19 ғасырдың 20-40 жылдары Қазақстанды зерттеудің жаңа кезеңі басталды. 1848-1849 жылдары Г.С.Карелиннің Каспий теңізіне, А.Бутаковтың Арал теңізіне жасаған экспедициялары қазақ даласын зерттеудегі үлкен бетбұрыс болды. Олар Сырдария өзенінің жағалауларын картаға түсірді. Арал теңізі мен Сырдарияның тереңдігін анықтап, картада белгіледі.Саяхатшылар Е.П.Ковалевский, Н.А.Северцев, П.И.Небольсин қазақ жерін топоргафиялық зерттеумен шұғылданып, табиғи байлықтарын анықтады. Ғалымдар А.Левшин, Э.Мейер, И.Завалишин, Н.Красовский, В.Витевский қазақ халқының өмірін зерттеп, тарихи еңбектер жазды. Конспект сұрақтар 1.1831 жылы орысша білім беретін училищелер ашылды: 2.1848-1849 жылдары капитан-лейтенант А.Бутаков Қазақстанның қай аймағына экспедиция жасады: 3.19 ғасырдың I жартысындағы қазақ жері туралы құнды еңбектер жазған орыс ғалымы: 4.«Азиялық училище» қай жылы ашылды: 5.Тарбағатай тауларын, Қалба жотасын 19 ғасырда кім зерттеген: 6.Қай жылы Омбыда әскери училище ашылды: 7.Өскемен училищесі қай жылы ашылды: 8.А.С.Пушкин болған Қазақстан қалалары: 9.Алғашқы сауатты мамандар дайындаған оқу орны: 10.Кіші Ордадағы мектепті ұйымдастырды: 11.Орысша білім беретін мектептер ашылған қалалар: 12.Қазақстанды зерттеудің жаңа кезеңі басталды: 13.“Бикей мен Мəулен” повесінде сипатталады: 21. 19 ғасырдың I жартысындағы қазақ әдебиеті мен мәдениеті
19 ғасырдың I жартысында қазақ әдебиетінде екі идеялық ағым қалыптасты. Еңбекші бұқара мүддесін көздеген және ірі ақсүйектер мүдделерін жақтаушылар. Махамбет Өтемісұлы (1804-1846) Батыс Қазақстан облысының Орда ауданында туды. 20 жасынан Жəңгір ханның ұлы Зұлқарнайынмен бірге 1824-1829 жылдары Орынборда тұрды. 1829 жылы шаруалар толқуына қатысқаны үшін Махамбет Калмыков түрмесінде отырды. Ақын өз шығармаларында үстем таптың озбырлығын айыптады. Ол поручик Аитовқа Есет батырдың қолына түскен орыс солдаттарын азат етуіне көмектескен. Махамбеттің өлеңдері 1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісінің себептерін, мақсаттарын айқындайды. Ол шығармаларында езілген еңбекшілер өмірін, билеуші таптың озбырлығын суреттейді. 1846 жылы 20 қазанда Баймағамбет сұлтанның жендеттерінен қаза тапты. Шернияз Жарылғасұлы (1807-1867) – Ақтөбе облысы, Ойыл ауданында туды. 1836-1838 жылдардағы Кіші Ордадағы көтеріліске қатысты. Шернияздың əдебиет саласына қосқан жаңалығы–суырып салма өнерді жетілдіруі. Өлеңдерінде феодалдардың оғаш мінездерін əжуалап, əшкереледі. Шөже Қаржаубайұлы (1808-1895) – Көкшетау облысының Қызылту ауданында туып өскен. Жастай екі көзінен айрылып, ақындық өнері күн көрудің негізі болды. Шөже – ірі эпик ақын, “Қозы Көрпеш-Баян сұлу” жырының ең көркем нұсқасы оның айтуымен тараған. Шоқан Уəлиханов Шөженің суырып салма өнерін жоғары бағалады. Сүйінбай Аронұлы (1822-1895 ) – Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қаракəстек ауылында дүниеге келді. Тілге жүйрік Сүйінбай 14-15 жастан ақындық өнерге машықтана бастады. Оның өлеңдерінде өмір шындығы, еңбекшілердің ой-арманы айқын сезіледі. Сүйінбай – Жетісу ақындарының алтын діңгегі атанып, Жамбылдың ұстазы болған. 19 ғасырдың музыкалық мəдениетінде елеулі із қалдырған көтеріліс - 1836-1838 жылдардағы Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс. Әр түрлі музыкалық аспаптардың ішінде халық арасына кең тарағаны – домбыра. Өнерімен халыққа жағымды болғандарға сал, сері деген құрметті атақтар қосылып айтылатын болған. Ауқатты қазақтар айбалта, жебесі мен қорамсағы бар садақ ұстады. Белгілі әскербасылар мен батырлардың сауыты, қалқаны, қылышы, металмен ұшталған найзасы болды. Қазақ жасақтарының ішінде мылтық ұстайтындары да кездесетін. Мылтықты негізінен Орта Азия саудагерлерінен малға немесе шикізатқа айырбасқа алатын. Қазақтың киіз үйлері өлкеге келген орыс және шетел жиhангездерін таң қалдырды. Ал орманды өңірде алты қырлы ағаш құрылыстар мен орыс қонысы типтес бір бөлмелі үйлер кеңінен тарады. Хан, сұлтандар ортасынан шыққан дәулетті ақсүйектер кептірілген бөренеден бірнеше бөлмелі үйлер салдырған. Ресейге қосылу барысында көшпелі өмірден отырықшылыққа ойыса бастауының әсері қазақтардың тұрғын-жайларынан көрінген. Конспект сұрақтар 1.19 ғасырдың музыкалық мəдениетінде елеулі із қалдырған көтеріліс: 2.Бөкей Ордасындағы көтеріліске қатысқан суырып салма ақын: 3.Дулат Бабатайұлы қай жерде дүниеге келген: 4.Жәңгір хан өз ұлы Зұлқарнаймен бірге Махамбетті қай қалаға оқуға жібереді: 5.Қазақтың атақты «Желдірме», «Тартыс» күйлерінің авторын көрсетіңіз: 6.Ауқатты қазақтардың қарулары: 7.Жəңгір хан ұлы Зұлқарнайынмен бірге Орынборға жіберді: 8.Сүйінбай Аронұлының дүниеге келген жері: 9.Шернияздың əдебиет саласына қосқан жаңалығы: 10.Шөженің суырып салма өнерін жоғары бағалады: 11.Қазақ жерінде орыс және шетел жиhангездерін таң қалдырды: 22. 19 ғасырдың II жартысындағы қазақ қоғамының саяси және әлеуметтік – экономикалық жағдайы. 1867-1868 жылдардағы Қазақстандағы реформалар
1822, 1824 жылдардағы жарғылар жаңа капиталистік қарым-қатынастарға, өрістей бастаған өлкенің шаруашылық даму талабына қайшы келді. 19 ғасырдың 60 жылдары қазақтарды басқару жүйесін өзгерту үшін И.И.Бутков басқарған комиссия құрылды. Қазақ даласын Батыс және Шығыс облыстарға бөлу көзделді. Бұл ұсыныстар қабылданбады. Қазақ өлкесін басқару ісін өзгертуді дайындау Ішкі істер министрлігі кеңесінің мүшесі Гирс басқарған “Дала комиссиясына” жүктелді. Ғалым Шоқан Уәлиханов Қазақстанды билеуді халықтың өзін-өзі басқару негізінде қайта құруды талап етті. Алайда комиссия феодалдық топ өкілдері ірі бай Мұса Шорманұлы, сұлтан Шыңғыс Уəлиханұлы, аға сұлтан Сейдəліұлынан жиналған мəліметтерге сенім артты. 1867 жылғы 11 шілдеде “Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша Ереже” бекітілді. 1868 жылғы 21 қазанда “Орынбор жəне Батыс Сібір генерал- губернаторлығындағы Дала облыстарын басқару туралы уақытша Ереже” бекітілді. Қазақ жері үш генерал-губернаторлыққа бөлінді: Түркістан - орталығы Ташкент, Орынбор – орталығы Орынбор, Батыс Сібір – орталығы Омбы. 1872 жылдан бұрынғы Бөкей хандығының жері Астрахан губерниясына, ал Маңғыстау приставтығы 1870 жылдан Кавказ әскери округінің басқаруына, кейіннен Закаспий облысына енгізілді. Түркістан генерал-губернаторлығына Қытай және Иранмен дипломатиялық келіссөз жүргізуге рұқсат етілді. 1867-1868 жылдардағы реформаның түйінді жері әскери және азаматтық биліктің генерал-губернатор қолында шоғырлануы болды. Генерал-губернаторлықтар жеке облыстарға жіктелді. Орынбор генерал-губернаторлығына Орынбор және Торғай облыстары, Түркістан генерал-губернаторлығына Жетісу және Сырдария облыстары, Батыс Сібір генерал-губернаторлығына Ақмола және Семей облыстары біріктірілді. Облыс басында тұрған әскери губернатор сонымен қатар, сол аймақтағы казак әскерінің үкімет тағайындаған атаманы болып есептелді. Әскери губернатор жанында іс жүргізумен айналысатын облыстық басқармалар ұйымдастырылды. Ол шаруашылық, сот істері, жарлықты жүзеге асыру бөлімдерінен тұрды. Облыстық басқарма істерін қадағалау вице-губернаторларға тапсырылды. Уездер аумақтық принципке негізделген болыстарға, ал болыстар 100 -200 шаңырақтан тұратын ауылдарға бөлінді. Сұлтандар үкіметтен өмірлік зейнетақымен қамтамасыз етіліп, салықтардан босатылды. Реформаның таптық мазмұнын, отаршылдық бағытын осыдан көруге болады. Сырдарияның отырықшы елді мекендерінің басқару билігі ақсақалдар қолына берілді. Облыстық әскери губернаторлар бекіткен ақсақалдар өкілдер жиынында 3 жылға сайланатын. Болыстық және ауылдық старшындар сияқты ақсақалдарға да қоладан құйылған арнайы белгі мен мөр тапсырылатын. Сот ісін басқару құрылымы үшке бөлінді. Əскери – сот комиссиялары, уездік соттар, билер мен қазылар соты. Сырдария облысында қазылар соты сақталса да, әскери уездік соттардың дауларды шешудегі әсері басым болды. Әскери губернатор бекіткен билер мен қазылар соты патша үкіметінің Қазақстандағы отаршылдық сот жүйесінің төменгі буыны болды. 1867-1868 жылдардағы реформалар Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуында белді орын алды. Өлкенің табиғи байлықтарын игеруге қолайлы жағдайлар қалыптасты. Феодалдық - патриархалдық қатынасты əлсіреткен капиталистік құбылыстар ене бастады. Таптық жіктелу салдарынан жатақтар қалыптаса бастады, яғни кедейленген қазақтардың өндіріс орындарына шоғырлануы. Реформа арқылы отарлық басқару, билік нығайтылды. Абай Құнанбайұлы, Ыбырай Алтынсарыұлы реформаның теріс жақтарын өз шығармаларында мысқалдап, сынады. Конспект сұрақтар 1.1867-1868 жылдардағы реформа бойынша уезд бастықтарын тағайындады: 2.1867-1868 жылдардағы қазақ жеріндегі генерал-губернаторлықтар: 3.«Далалық комиссия» қай жылы құрылды: 4.Кәстек бекінісі қай жылы салынған: 5.Қай жылғы реформаға сәйкес басқарудың ең төменгі екі сатысындағы болыстар мен ауылнайлар жергілікті ақсүйектерден іріктеліп сайланды: 6.Əскери губернаторлар басқарды: 7.Батыс облысының орталығы: 8.Билер мен қазылар сотын бекітті: 9.Ереже бойынша уездер бөлінді: 10.Орынбор генерал-губернаторлығына біріктірілген облыстар: 11.Таптық жіктелу салдарынан қалыптаса бастады: 12.Қазылар соты сақталған аймақ: 13.Қоладан құйылған белгі мен мөр тапсырылды: 14.Өзін-өзі басқару негізінде қайта құруды талап етті: 15.“Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы Ереже” бекітілген мерзім: 23. 19 ғасырдың 60-70 жылдарындағы қазақ халқының отарлық езгіге қарсы азаттық күресі
1867-1868 жылдардағы реформалар отаршылдық езгіні тереңдетті. Жерді патша үкіметінің мемлекеттік меншігі етіп жариялады. Жаңа бекіністер салуға шаруалардың жері тартып алынды. Шаңырақ салығы 1 сомнан 3 сомға дейін өсірілді. Земство салығын қосқанда 3 сом 50 тиынға көтерілді. Осы ауыртпалықтар қазақ шаруаларын азаттық күреске көтерді. 1868 жылдың желтоқсаны мен 1869 жылдың қазаны аралығында болған Орал мен Торғай облыстарындағы көтеріліс отаршылдыққа қарсы жəне антифеодалдық сипатта болды. Көтерілісті басқаруға артықшылықтарынан айырылған ру басылары қатысып, кейін көтерілістің бұқаралық, таптық бағытынан сескеніп ауытқыды. 1869 жылғы 6 мамырда Ойыл өзенінен 20 шақырым жердегі Жамансай көлі маңында фон Штемпельдің 200 атты және бір рота жаяу әскер тобына көтерілісшілер шабуылдады. 20000 көтерілісші фон Штемпельдің тобын 7 күн бойы қоршап, жазалаушылар шайқаспай əскери шепке қайтып кетті. 1869 жылғы наурыз, маусым айларында 3 мың шаруа феодалдарға қарсы 41 рет шабуылдады. Орал облысындағы азаттық күресті басуға ірі әскери күш жіберілді. Ақсүйектер опасыздығынан, нашар қаруланған, ауыз бірлік болмаған, түпкі мақсаттарын жете түсінбеген көтеріліс талқандалды. 1870 жылы Маңғыстау түбегінде шаруалар көтерілісі басталды. 40 мыңдық шаңырақтан тұратын адай руы екі жылда 160.000 сом салық төлеуге тиіс болды. Бұл адайлықтардың қарсылығын туғызды. Жазалаушылардың адайлықтардың мекендеріне жақындауы көтеріліске түрткі болды. 1870 жылы наурыздың ортасында Маңғыстау өлкесінің приставы подполковник Рукин тобы “Ережелерге” қарсылық білдіріп көшуге бел байлаған адайлықтарды күшпен тоқтатуға тырысты. Бозащы түбегінде Досан, Тəжіұлы, Иса Тіленбайұлы бастаған 200-ге жуық көтерілісші жазалаушыларды қоршап алып талқандады. Подполковник Рукин атылып өлді. Жеңіс көшпелілерді рухтандырып, қозғалыс бүкіл Маңғыстауға тарады. Шаруалардың көтерілісін басқа да әлеуметтік топтар қолдады. Николаевск станицасы мен Александровск форты cлободкосының балық аулау кəсіпшілігіндегі ауқаттылардан тартып алынған қайықтардан “флотилия” құрған көтерілісшілер тобы 10 мыңға жетті. 1870 жылғы 5 сəуірде қазақ шаруалары мен жалдамалы жұмысшылар тобы Алексанровск фортына шабуылдады. 1870 жылғы мамырда Маңғыстауға Кавказдан Апшерон полкі , Терек казактарының тобы жеткізіліп, көтеріліс талқандалды. Əскери министр Милютиннің “бұларды келістіріп жазалау керек” деген нұсқауына сəйкес Орынбор генерал-губернаторы Н.А.Крыжановский көтерілісшілерді 3 ай бойы қудалады. Қозғалыс басшылары И.Тіленбайұлы, Д.Тəжіұлы, И. Көлұлы бастаған 3000- ға жуық шаңырақ жазалаушылардан ығысып, Хиуа хандығына өтіп кетті. Кавказ әкімшілігінің талап етуімен Маңғыстау қазақтарынан 57.901 сом қосымша салық жиналды. Адайлықтар соғыс шығыны ретінде өкіметке 90 мың қой өткізуге міндеттелді. Маңғыстау көтерілісінің ерекшелігі қазақтың жалдамалы жұмысшыларының тұңғыш рет күреске белсене қатысуы болды. Көтерілістің антифеодалдық сипаты əлсіз болу себебі, адайлықтардың өзге аймақтардан алшақ орналасуына байланысты рулық- патриархаттық құбылыс әлі де болса күшін сақтап қалған болатын. Көтерілістің жеңілуі халықтың жағдайын бұрынғыдан да шиеленістіріп жіберді. Конспект сұрақтар 1.1868 - 1869 жылдар аралығында болған көтеріліс: 2.Қай жылы Досан Тәжіұлы, Иса Тіленбайұлы Бозащыда Маңғыстау көтерілісі кезінде қарулы қол жинады: 3.Қай жылы желтоқсанда Жанқожа батыр бастаған көтерілісшілер Қазалы бекінісін қоршап алды: 4.Қай жылы шаруалар мен жалдамалы жұмысшылар Александровский фортына шабуыл жасады: 5.Бозащы түбегінде Рукин тобын талқандаған көтерілісші саны: 6.Жазалаушылардан ығысқан көтерілісшілер тобы өтіп кетті: 7.Жамансай көлі маңындағы ұрыстың нәтижесі: 8.Көтерілісшілер феодалдық топқа қарсы шабуылдады: 9.Маңғыстау көтерілісінің басты ерекшелігі: 10.Маңғыстаудағы шаруалар көтерілісі болды: 11.Маңғыстаудағы көтеріліс талқандалды: 12.Маңғыстаудағы көтерілісшілер тобына қосылды: 24.Қазақстанның экономикалық дамуы 19 ғасырдың 60-жылдарының ортасынан Ресейдің орталық аудандарынан шаруаларды Қазақстанға қоныс аударту басталды. 19 ғасырдың 70-жылдарынан Ақмола,Семей, Жетісу, Орал, Сырдария, Торғай облыстарына орыс-украин шаруаларын жаппай қоныстандыру жүзеге асырылды. Ресей үкіметі, біріншіден, ішкі губерниялардағы әлеуметтік толқуларды әлсірету және жер мәселесін шешуді көздеді. Ал екіншіден, шаруалардың бір бөлігін ұлттық аудандарға көшіре отырып, патша үкіметі өзіне әлеуметтік тірек жасамақ болды. Жетісу облысының губернаторы Г.А.Колпаковскийдің ұсынысымен 1868 жылы “Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы” Ереже қабылданды. 1883 жылға дейін күшін сақтаған бұл Ережеге сәйкес жан басына 30 десятина жерберілді. 1883 жылы Жетісу облысына Шығыс Түркістаннан қоныс аударған ұйғырлар мен дүнгендерді орналастыру туралы жаңа Ереже бекітілді. Жан басына 10 десятина жер берілді және орыс шаруалары салықтар мен міндеткерліктен үш жылға босатылды. 1889 жылы 13шілдеде “Село тұрғындары мен мещандарының қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аударуы және олардан бұрынғы қоныс аударғандар жағдайын қарастыру” туралы заң қабылданды. Бұл заңда Тобыл, Том губерниялары, Жетісу, Ақмола, Семей обдыстары қоныс аударатын басты аймақ ретінде белгіленді. Бұрын қоныстанған шаруаларға жан басына 15 десятина жер берілді. Қоныс аударушылардың шұбырған басты аймағы – Жетісу өлкесі. Қоныстандыру саясаты Сырдария облысын да қамтыды. Шымкент, Ташкент, Әулиеата уездерінде 1884-1892 жылдары орыс, украин шаруалары 37 қоныс орындарын құрды. 1855- 1893 жылдары Ақмола облысында 24 село ұйымдастырылды. Қазақстанның солтүстік аудандарында егіншілік басым болды. Жылқы санының азайып, сиыр санының көбеюі де ауыл өміріне ене бастаған капитализмнің белгісі болды. Cырдария, Жем, Ырғыз, Сарысу өзендері алқаптарында да егін шаруашылығы маңызды орын алды. 19 ғасырдың 70-80 жылдарынан бастап кедейленген қазақтар күнкөріс үшін тау-кен орындарына, кәсіпорындарға тартыла бастады. Қазақ жатақтары ауылдық пролетариаттың әлі қалыптасып үлгірмеген тобына жатты. Орыс жұмысшы шаруаларымен, қалалық нарықпен байланыстылығы олардың таптық көзқарастары мен мүддесі ортақтығын сезіндірді. 19 ғасырдың соңғы жылдары 300-400 жұмысшылары бар ірі өндіріс орындары пайда болды. Успен кеніші, Қарағанды көмір алыбы, Екібастұз, Риддер өндіріс орындары бүкіл ел көлемінде белгілі болды. Тау-кен орындарымен қатар тұз өндірісі ұлғайды. Қазақстан жұмысшы табының негізгі шоғырланған саласы тау-кен өнеркәсібі болды. 19 ғасырдың соңында 19 мыңдай жұмысшы, ал 1902 жылға қарай 30 мыңға жуық болған. Ұлттық құрамы жағынан қара жұмысшылардың басым көпшілігі қазақтар еді. Ресей Мемлекеттік банк бөлімшелері шаруашылық және мәдениет ошақтарында – Оралда (1876), Петропавлда (1881), Семейде (1887), Омбыда (1895), Верныйда (1912) ашылды. Сібірлік 57 сауда бөлімшесінің жетеуі Қазақстанда қызмет етті. Ресейлік кәсіпкерлер өз қаражаттарын Қазақстанға өндірістік орындар салуға жұмсай бастады. Ауыл шаруашылығы шикізаттарын өңдейтін тері, май кәсіпорындары іске қосылып, балық аулау кәсіпшілігі пайда болды. Қазақ жерінің табиғи байлығы шетел капиталистерінің көңілін де аударды. Спасск мыс кеніші акционерлік қоғамының акциялары АҚШ, Германия, Бельгия, Швеция өнеркәсібі иелерінің қолына көшті. 1832 жылы Бөкей Ордасында ашылған тұңғыш жәрмеңке осы өңірдегі ірі сауда орталығына айналды. Жәрмеңкенің басты дамыған өңірі Ақмола облысы болған. Ірі жәрмеңкелер – Тайыншакөл (Петропавл уезі), Константиновка (Еленецкая), Ақмола, Петровка (Атбасар станицасы), Қарқара (Жетісу уезі). Шығыс Қазақстанда 19 ғасырдың 80 жылдары 70- тен астам жәрмеңкелер ашылған. Айырбас саудасында қазақтардың есебі “ тоқты ” немесе бір жасар “ ісек ” қой болды. 19 ғасыр мен 20 ғасырдың басында Қазақ жерінде 19 жаңа қала пайда болды. Ақмола облысындағы ұсақ қалалардың саны 20-ға дейін жетті. 1897 жылы Ресейде тұңғыш өткізілген халық санағына қарағанда ірі қоныстар бойынша, Оралда – 36446, Верныйда – 22744, Семейде – 20216, Қостанайда – 14175 адам тұрған. Ал кіші қоныстар бойынша, Атбасарда (1846) – 3038, Көкпектіде (1827) - 2830, Торғайда (1845) - 896 адам тұрған. Қала халқының саны түрлі жолдармен қоныс аударған шаруалар, ауылдан қол үзген қазақтар, ішкі демографиялық өсім есебінен қалыптасып отырды. Конспект сұрақтар 1.1868 жылы қабылданған “Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы” Ережеге сәйкес жан басына берілетін жер мөлшері: 2.1876 жылы банк бөлімшесі ашылған қала: 3.1883 жылы Жетісу облысына қоныстандырылды: 4.19 ғасырдың 80 жылдары Шығыс Қазақстанда ашылған жәрмеңкелер саны : 5.19 ғасырдың соңғы жылдарындағы ірі өндіріс орындарындағы жұмысшылар саны: 6.Егіншілік басым болған өңір: 7.Жұмысшы табының негізгі шоғырланған саласы: 8.Кедейленген қазақтар тау-кен орындарына тартыла бастаған кез: 9.Көпес Варкав Ботовтың есімімен аталатын жәрмеңке: 10.Орыс шаруаларын Қазақстанға қоныс аударту басталды: 11.Қоныс аударушылардың көшкен басты аймағы: 12.Құны 6-7 сомдық самаурынға қазақтар берді: 13.Ұсақ қалаларының саны 20-ға жеткен өңір: 14.Өз қаражаттарын Қазақстанда өндірістік орындарын салуға жұмсай бастады: 15.“Село тұрғындары мен мещандарының қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аударуы және олардан бұрынғы қоныс аударғандар жағдайын қарастыру” туралы Ереже қабылданды: 25. 19 ғасырдың соңындағы Қазақстанның саяси-әлеуметтік дамуы
|