![]() |
Есім хан (1598-1628) 7 pageDate: 2015-10-07; view: 2997.
19 ғасырдың 60- жылдарында қабылданған реформалар бірден іске аса қоймады. Қазақ шаруаларының көтерілістері салдарынан бұл Ережелерді заңдастыру 20 жылдан артық уақытқа созылды. 1886 жылы 2 маусымда “ Түркістан өлкесін басқару және онда жер-салық өзгерістерін енгізу туралы ” Ереже бекітілді. Түркістан өлкесінде Ресей үлгісімен жаңа сот жүйесі құрылды. “Халық соты” деген атпен мұсылман тұрғындардың ісін жүргізетін төменгі сот буынын ұйымдастыру көзделді. Соттардың төтенше съезі уездік және болыстық тұрғындарға қатысты мәселелерді шешті. Бұл сот жиыны тек әскери губернатордың рұқсатымен шақырылды. Бітістіруші сот облыстық, уездік билеушілердің мүддесін қорғады. Билердің соттары жеңілдіктерін сақтап қалуға тырысқан билеуші топтардың мүддесін қорғаштады. 1891 жылы 25 наурызда “Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару” туралы Ереже қабылданды. Қазақстанды әкімшілік-аумақтық жағынан басқару жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізілді. 1867-1868 жылдардағы әкімшілік-сот саласындағы өзгерістер 1886-1891 жылғы жарлықтарда заң жүзінде бекітілді. 17 баптан тұратын бұл 1891 жылғы заң отарлаушы әкімшілік пен жергілікті ақсүйек топтардың мүддесін қорғады. 1891 жылғы Ережедегі өзгерістер генерал-губернаторға шексіз билік берді. Қазақстандағы облыстық басқару сатылары Ресейдің орталығындағы губерниялық басқармаларға теңестірілді. Жетісу және Орал облыстық әскери губернаторлары, сонымен қатар осы өңірдегі казак әскерінің үкімет тағайындаған атаманы болып есептелді. Верный, Орал, Петропавл, Семей сияқты ірі облыстық орталықтарда қалалық полиция басқармалары құрылды. Ал басты уездік қалаларда полицейлік приставтық тәртіп бақылау мекемелері құрылды. Сайланып қойылған болыс басқарушылары мен ауыл старшындарын бекіту облыстық әскери губернатордың қолында болды. Түркістан өлкесінде үш облыс құрылды: Сырдария, Ферғана, Самарқан. Негізгі басқару орталығы – Ташкент. Дала генерал-губернаторлығының құрамына үш облыс кірді: Ақмола, Семей, Жетісу. Негізгі әкімшілік орталығы – Омбы. Өндіріс орындарында жұмыс қолының 60-70 пайызын құраған қазақтар ауыр еңбектерге тартылды. Алтын өнеркәсібінде әйелдер үлесі жалпы жұмысшылар санының 1-ден 4-ке дейінгі пайызын құрады. 1873 жылы әйелдердің үлесі 12% болса, 1893 жылы 17,8%-ға жетті. 19 ғасырдың 90 жылдарынан бастап кен орындарында балалар еңбегі кеңінен пайдалана бастады. 16 жасқа дейінгі жасөспірімдердің жұмысшылар арасындағы үлесі 14%- ға дейін көтерілді. Жұмысшылардың таптық қарсылықтарының бірі өндіріс орнын тастап кету болды. 1880 жылы Семей облысында жұмысшылардың 2,7%-ы, 1890 жылы 4,7%-ы, 1896 жылы 6,4-ы ауыр жағдайға шыдамай өндіріс орындарынан қашып кетті. 19 ғасырдың соңынан бастап өндіріс орындарын өз еркімен тастап кеткен жұмысшыларды 3айға дейін абақтыға қамау жазасы қолданылды. 1888 жылы Өскемен уезіндегі кен өндірісінде қазақ жұмысшыларының ереуілі болды. Кен иесі ереуілді басу үшін Зайсанға жазалаушы әскери күш шақыртты. Ереуілшілер жалақыларын арттырып, мақсаттарына жетті. 1891жылы Өскемен уезінің Владимирск алтын кенішіндегі ереуіл біршама ұйымдасқан түрде өтті. Ереуілге басшылық еткен Жағалтайұлы, Жанғазин, Төлегенұлы жергілікті халықтан шыққан алғашқы жұмысшы өкілдері болды. 1890 жылы Алтайдағы Асташево кен орнында қақтығыс кезінде кен орнының басқарушысы өлтірілді.1893, 1895, 1899 жылдары Батыс Сібір темір жолының жұмысшылары, Омбы теміржолшылары ереуілге шықты. Өндіріс орындарының ұсақтығы, жұмысшылар санының аздығы, олардың арасында бірліктің жетіспеуі осы қозғалыстардың саяси әлсіздігін байқатты. Алғашқы өлке жұмыскерлерінің әлеуметтік күресі біртіндеп тәжірибе жинай бастады. Конспект сұрақтар 1.1891 жылы 25 наурызда қабылданған Ереже: 2.1891 жылғы Ереже бойынша Дала генерал-губернаторлығының әкімшілік орталығы : 3.1891 жылғы Ереже бойынша шексіз билік берілді: 4.Алтайдағы Асташево кен орнындағы қақтығыс салдары: 5.Алтын өнеркәсібіндегі 1893 жылғы әйелдер үлесі: 6.Алғашқы бас көтеру болған жер: 7.Зайсандағы ереуілді басу үшін кен иесінің қолданған шарасы: 8.Кен орындарында балалар еңбегі пайдалана бастаған уақыт: 9.Полиция басқармалары құрылды: 10.Соттардың төтенше съезі шақырылды: 11.Сырдария облысындағы уездер саны: 12.Өндіріс орындарын өз еркімен тастап кеткен жұмысшыларға қолданылатын жаза: 13.“ Түркістан өлкесін басқару және онда жер-салық өзгерістерін енгізу туралы ” Ереже бекітілді: 26.Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы Қазақстан тарихындағы белгілі оқиғалардың бірі – ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісу өлкесіне қоныс аударуы. Маньчжур-Цин әулетіне қарсы 1862-1877 жылдары ұйғырлар мен дүнгендер азаттық күреске шықты. Бұл күреске қырғыз, өзбек, қазақ және торғауыттар да қатысты. Қоқан әскери басшысы Якуб бек жеңіске жетіп, Қашғар, Үрімші қалаларының дүнгендік одағы басшылық еткен ұйғыр мемлекеті (Жетішар) құрылды. Көтеріліс басылғаннан кейін Жоңғария мен Шығыс Түркістан Цин империясының жаңадан құрылған провинциясы – Шыңжан болды. Ұйғыр мен дүнгендерге қысым күшейтілді. Қоныс аударудың басты себебі осыған байланысты болды. 1881-1884 жылдары ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісу өлкесіне қоныс аударуы ірі миграциялық құбылыс болды. Алғашқыда 45 мыңнан астам ұйғыр, 5 мыңдай дүнген Жетісу мен Солтүстік Қырғыз өңіріне қоныстанды. Қазіргі Алматы облысының жерінде алты ұйғыр болысы ұйымдастырылды. Ұйғырлар негізінен егін шаруашылығына қолайлы Шелек, Талғар, Үсек, Шарын өзендерінің бойында орналасты. 1897 жылғы санақ бойынша, ұйғырлар – 55999, дүнгендер – 14136 адамға көбейді. Қоныстанушы әрбір дүнгенге берілген жер көлемі 3 десятинадан аспады. Оларға қолмен суландырылатын жерлер бөліп берілді. Үстем топтар кедейлердің жерін арзан бағамен сатып алып, олардың жағдайын тіпті қиындатты. Верный уезінің Жаркент болысында ауқатты ұйғыр Вали Ахун Юлдашев кедей ұйғырлардың 10 мыңнан астам десятина жерін өзіне жалға пайдалануға алды. Ұйғыр халқының музыка өнері, әні мен биі жөнінде ғалым-саяхатшылар ШУәлиханов, В.И.Роборовский, Н.М.Пржевальский секілді Ресей мәдениетінің белгілі өкілдері терең ой-пікірлерін айтты. Дүниежүзілік мәдениет қорына жататын “Он екі мұқам” деп аталатын Мусса бен Айса Сайрамидің еңбегі 1905 жылы Қазан қаласында басылып шықты. Ұйғыр, дүнген халықтарының Ресей құрамында өркендеп, дамуы осынау көне мәдениетке жаңа мазмұн берді. Конспект сұрақтар 1.1862-1877 жылдары азаттық күреске шықты: 2.1881-1884 жылдары Жетісуға қоныс аударған ұйғырлар саны: 3.1862-1877 жылдары ұйғырлар мен дүнгендер кімдерге қарсы көтеріліске шықты: 4.1881-1884 жылдар аралығында Жетісуға жер аударған дүнгендер саны: 5.1881-1884 жылдар аралығында ұйғырлар мен дүнгендердің жер аудару себебі: 6.Алматы облысында қанша ұйғыр болысы ұйымдастырылды: 7.Қай жылдары ұйғырлар мен дүнгендер Қазақстанға жер аударды: 8.Қай жылғы санақ бойынша ұйғырлар саны – 55 999, ал дүнгендер – 14 136 болды: 9.Ұйғырлардың ұлттық музыкалық өнері, биі жайында жазған саяхатшы ғалым: 10.Ұйғыр халқының музыка өнері жөнінде ой-пікірлерін айтқан ғалым-саяхатшылар: 11.Әрбір дүнгенге берілген жер көлемі: 27. 19 ғасырдың II жартысындағы Қазақстан мәдениеті. Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов 19 ғасырдың II жартысы – орыс демократиялық мәдениетінің көтерілген кезеңі. Қазақстанды игерудің барысы және орыс-қазақ қатынастарының тереңдеуі өлкені зерттеуді кеңейту қажеттігін туғызды. П.П.Семенов - Тяньшанский (1827-1914) Алтайға, Жетісу мен Орта Азияға саяхат жасады. Оның басшылығымен дайындалған “Ресей. Отанның толық географиялық сипаттамасы” деген еңбектің “Қырғыз өлкесі”, “Түркістан өлкесі” атты екі томы Қазақ өлкесі мен Орта Азияға арналған. Саяхатшы ғалым Верный, Семей қалаларында болды. Көрнекті зерттеуші Л.Мейер “Орынбор ведомствосының қырғыз даласы” еңбегінде Кіші жүз тарихын жан-жақты сипаттады. М.Красовский “Сібір қырғыздарының облысы” еңбегінде қазақ халқының шығу тегіне көңіл бөлді. А.Н.Добросмыслов Қазақ жерлерінің Ресей құрамына қосылу дəуірін толық зерттеді. Оның “Торғай облысы. Тарихи очерк” еңбегінде Қазақстанның саяси дамуы жөнінде сирек кездесетін мәліметтер сақталған. Шығыс зерттеушісі,академик В.В.Радлов (1837-1918 ж.ж.) Іле алқабын, Жетісуды зерттеді, халық ауыз əдебиетінің үлгілерін жинақтады. Украин ақыны Т.Г. Шевченко 1847-1857 жылдары Қазақ өлкесінде айдауда болып, шығармаларын қазақ тақырыбына арнады. “Қазақ шаңырағы”, “Атқа мінген қазақ”, “Байғұстар” суреттерінде қазақ халқының тұрмысын бейнелеген. “Менің ойларым” өлеңінде қазақ және украин халқының өмірін салыстыра жырлайды. Қазақ тарихын зерттеуді ғылыми жолға қоюда 1845 жылы ашылған орыс геогафиялық қоғамының Орынбордағы, Омбыдағы және Семейдегі бөлімдері үлкен орын алды. Қазан, Петербург университеттерінің шығыстану бөлімдері Орта Азия мен Қазақстанды зерттеді. 19 ғасырдың соңғы ширегінде облыстық статистикалық комитеттер ұйымдастырылып, өлкенің тарихы, этнографиясы, рухани-материалдық мəдениеті туралы мəліметтер жинастырылды. Шоқан (Мұхаммед-Қанапия) 1835 жылы қарашада Құсмұрын бекінісінде туып, Сырымбетте өсті. 1847 жылы күзде 12 жасында Омбыдағы Сібір кадет корпусына оқуға түсті. 1853 жылы 18 жасында оқуды бітіріп, корнет деген офицерлік атақ алды. Шоқанның орыс ғалымы И.Н.Березинмен, ұстазы Н.Ф.Костылецкиймен байланыста болуы ғылымға деген бағытын дұрыс анықтауына себеп болды. Ол Пушкин мен Лермонтовтың, Батыс Еуропа жазушыларының шығармаларымен таныс болды. Ғалым П.П.Семенов – Тяньшанский, Г.Н.Потанин және ақын С.Ф. Дуров Шоқанның білімділігін жоғары бағалаған. 1855 жылы генерал Гасфорт сапарына қатысып, Жетісу, Тарбағатай, Орталық Қазақстан, Іле Алатауында болды. Шоқан сапарларында тарихи аңыз, өлеңдерді жинай жүрді. 1856 жылы Ыстықкөлдің көлемін топографиялық және картографиялық деректерде сипаттады. П.П.Семенов-Тяньшанскиймен 1856 жылы Құлжаға барды. Қытаймен сауда байланысын жақсартуға үлесін қосып, Қытай ұлықтарымен келіссөз жүргізді. Шоқан 1857 жылы Алатау қырғыздарына барып, қырғыздың “Манас” шығармасына көңіл аударды. 1858-1859 жылдары өзін əлемге əйгілі еткен Қашғар саяхатына барды. Шоқан Марко Поло мен Иезуит Гоестен кейін бұл елге тұңғыш барған шетелдік болып есептеледі. Орыс жазушысы Ф.М.Достоевскиймен алғаш 1854 жылы Омбыда танысып, Семейде, Петербургте қайта кездеседі. 1861 жылдан кейінгі кезеңдері бұрынғы бағытынан өзгере бастаған Ф.М.Достоевскийдің көзқарасына Шоқан сын көзбен қарай бастады. 1861 жылы Шоқан ауруға шалдығып, ауылына қайтады. Омбыда қазақтың сот реформасындағы мəселелерді шешуге ат салысты.“Даладағы мұсылмандық туралы”, “Көшпелі қырғыздар туралы”, “Сот реформасы туралы” еңбектерін жазды. 1864 жылы Шоқан генерал Черняевтің əскери экспедициясы құрамында Əулиеата бекінісін алуға қатысады. Алайда генералдың əділетіз істеріне наразы болып, 1864 жылдың маусымында Верныйға қайтады. 1865 жылы "Русский инвалид" газетінің 51 санында Қытайдағы дүнгендер көтерілісі туралы ақырғы еңбегі жарияланды. 1865 жылғы сəуірде Алтынемел жотасы етегіндегі Көшен тоғаны деген жерде сұлтан Тезектің ауылында қайтыс болды. Конспект сұрақтар 1. Халықтың өзін-өзі басқару негізінде Қазақстандағы билікті қайта құруды талап еткен кім: 2. Ш.Уәлиханов Қазақстандағы ислам діні жайындағы пікірін жазған мақаласының атаңыз: 3. Шоқан Уәлиханов 1864 жылы Черняевпен қай бекіністі алу жорығына қатысады: 4.Кіші жүз тарихын жан-жақты сипаттаған көрнекті зерттеуші: 5.Көрнекті шығыс зерттеушісі, академик В.В.Радлов зерттеді: 6.Орыс геогафиялық қоғамының Қазақстандағы бөлімдері ашылды: 7.П.П.Семенов - Тяньшанскийдің еңбектері: 8.Шоқан генерал Черняевтің əскери экспедициясы құрамында қатысты: 9.Шоқан оқыған оқу орны: 10.Шоқан П.П.Семенов-Тяньшанскиймен Құлжаға барды: 11.Шоқан қайтыс болды: 12.Шоқанды әлемге әйгілі еткен саяхат: 13.Шоқанның білімділігін жоғары бағалады: 14.Шоқанның орыс жазушысы Ф.М.Достоевскиймен алғаш кездескен қаласы: 28.Ыбырай Алтынсарыұлы және Абай Құнанбайұлы Ыбырай Алтынсарыұлы(1841-1889) – ағартушы, жаңашыл педагог, ғалым-этнограф, қоғам қайраткері. 1844 жылы əкесі қайтыс болып, атасы Балқожа биден тəрбие алған. 1857 жылы Орынбор шекаралық комиссиясы жанындағы мектепті алтын медальмен бітірді. Мектепте орыс, араб, татар, парсы тілдерін меңгеріп, үздік оқыды. Орынбор шекаралық комиссиясының төрағасы, шығыстану ғылымының көрнекті өкілі В.В. Григорьевпен жақын танысып, оның бай кітапханасын пайдаланды. Ыбырай мектепті бітіргесін атасы Балқожа бидің хатшысы ретінде тілмаштық қызмет атқарды. 1864 жылы Орынбор бекінісінде ашылған қазақ балаларына арналған мектепте оқытушы болды. Жаңа мектеп ашуға қаржы жинауда, мұғалімдермен қамтамасыз ету барысында Ыбырайдың педагогтік көзқарастары қалыптасты. 1879 жылы Торғай облысындағы мектептердің инспекторлығына қызметке тағайындалды. Бұл қызметінде ол облыстық губернаторға тікелей тәуелді болды, ағартушылық қызметіне шек қойылды. Ыбырайдың жарқын істерінің бірі - қолөнер, ауылшаруашылық мектептерін ұйымдастыруы. Ол өсиетінде өзіне қарасты жерді Торғайдағы ауыл шаруашылық мектептің қарамағына қалдырған. Ыбырай - қазақ өлкесінде қыздарға білім берудің негізін салушы. 1887 жылы Ырғызда қыздарға арналған мектеп-интернат ашты. Ұстаздар дайындайтын арнайы оқу орындарын ұйымдастырды. Алғашында Троицкіде негізі салынған, кейін Орынборға көшірілген мұғалімдер даярлайтын мектеп алдыңғы қатарлы оқу орындарының бірі болды. Ыбырайдың ауылдық, облыстық мектептерді жиілетіп ұйымдастыруы, мұғалімдерді қалауы бойынша сараптап таңдап алуы облыстық шенеуніктердің наразылығын туғызды. Орыс - қазақ мектептеріне арнап оқу құралдарын жазды: “Қырғыз хрестоматиясы”(1879 ж), “Қырғыздарды орыс тіліне үйретуге негізгі басшылық”. Орыс алфавитінде құрастырылған бұл оқу құралы мектептерде пайдаланылды. Миссионерлік қозғалыстың рухтандырушысы Н.И.Ильминскиймен тығыз байланыста болуы Алтынсарыұлының педагогикалық көзқарасына əсер етті. Ыбырай Алтынсарыұлы– ғалым-этнограф. Әсіресе оның көңіл аударған саласы– қазақ халқының әдет-ғұрпы. Ағартушы шығармаларында рулық- патриархаттық тұрмыстағы жағымсыз қылықтарды, əдепсіздікті сынады. Қазақ халқының ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап, жариялап отырды. Қазақ халқының тарихы жөнінде де мәліметтер жинаған. Отырықшылдықты, жер шаруашылығын дамытудың жаршысы болды.“Қыпшақ Сейітқұл”әңгімесінде Торғай өзені бойындағы егіншілікпен айналысқан қазақтар өмірін уағыздады. “Талаптың пайдасы”, “Байлық неде” шығармаларында жаңа өмірді, шаруашылықтағы өзгерістерді суреттейді. Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) - қазақ халқының жазба əдебиетінің негізін салушы,ойшыл, ұлы ақын, сазгер. 1845 жылы Семей облысының Шыңғыстау өңірінде дүниеге келді. Абай Семейдегі Ахмет Ризаның медресесінде оқып жүргенде ақындық талабын көрсете бастады. Ел билеу ісіне баласын тартқысы келген аға сұлтан Құнанбай Абайдың оқуын аяқтатпады. Ру тартыстарынан көп нəрсені байқаған Абайдың əкесімен көзқарастары бір болмады. Абайдың маңайына топтасқандар ірі ру басылары, белді ақсүйектер емес, қарапайым топтан шыққан қазақ жастары еді. Семейде айдауда болған азаттық қозғалыс өкілдері Е.П.Михаэлис, А.В.Леонтьев, С.С.Гросс, Н.И.Долгополов оның ақындық шығармашылығының демократиялық бағытта қалыптасуына əсер етті. Абай орыс демократиялық мəдениетінің өкілдері А.С.Пушкинге, М.Ю.Лермонтовқа, М.Е.Салтыков - Щедринге, Л.Толстойдың шығармашылығына бас иді. Абай Пушкиннің “Евгений Онегинінен” өзі аударған бөлімдеріне əн шығарды. Əкесінің əсерімен ақындығы толысқан ұлдары Ақылбай, Кəкітай, Мағауия орыс мəдениетіне көңіл қойып, поэзиялық туындылар жазды. Əбдірахман Петербургте Михайлов артиллерия училищесін бітірді. Патша әкімшілігі ақынның халық мүддесін қорғауына наразылық білдірді. Полицейлік қарауыл қойып, ақын шығармашылығына губернатор қысым жасады. Рулық-патриархаттық дәстүрге мойынсұнған топтар Абайға оның туыстарын қарсы қоюға әрекеттенді. Ұлы ойшылды күндеп, ақындық шабытын уландыруға тырысты. Білімді, талантты ұлы Əбдірахманның (1895), сүйікті баласы Мағауияның (1904) құрт ауруынан дүние салуы Абайды науқасқа шалдықтырды.1904 жылы ұлы ақынның өзі қайтыс болды. Абай өз заманының ұлы кемеңгері еді. Оның шығармалары ұрпақтарға өшпес мұра болып қалды. Конспект сұрақтар 1.«Қырғыз (қазақ) хрестоматиясы» кітабының авторын көрсетіңіз: 2.Абайдың «Орта жүз қазақ ордасының руларының шығу тарихы туралы жазбалар» еңбегінің қай жылы жарық көрген: 3.Абайдың өмір сүрген жылдарын көрсетіңіз: 4.Абайдың дүниеге келген жері: 5.Абайдың маңайына топтасты: 6.Абайдың сүйікті баласы Мағауия қайтыс болды: 7.Абайдың ұлы Əбдірахман оқыған қала: 8.Алтынсарыұлының көңіл аударған саласы: 9.Ыбырай Алтынсарыұлы жазған оқу құралы: 10.Ыбырай инспекторлық қызметке тағайындалған облыс: 11.Ыбырай мектепті алтын медальмен бітірді: 12.Ыбырайдың 1864 жылы Орынборда атқарған қызметі: 13.Қыздарға арналған мектеп-интернат ұйымдастырылды: 29.Қазақстандағы халық ағарту ісі 1867-1868 жылдардағы реформалар, біртіндеп қарқын ала бастаған қоғамдық қозғалыс Ресей империясының алшақ жатқан аудандарында да ағарту ісінің дамуына әсерін тигізді. Қазақстанда халыққа білім берудің басты бағыттары “Орал, Семей, Торғай, Ақмола, Сырдария, Жетісу облыстарын басқару туралы” Ережеде” айқындалды. Ағарту ісін дамыту үшін қазақтарға өз еріктерімен қаржы жинауға құқық берілді. 1861жылы Троицкіде, Орынбор бекінісінде, Қазалыдағы № 1 фортта орыс-қазақ мектептері ашылды. Қазақ жастарын орыс мектептерінде оқытуда патша үкіметінің мақсаты тек сауат ашу емес, отаршылдық пиғылын іске асыру болды. 1868 жылы Түркістанда, 1878 жылы Семейде құрылған статистикалық комитеттер ғылым мен білімнің, сауаттылықтың негіздерін таратуда белгілі рөл атқарды. Орыс географиялық қоғамының Түркістан, Батыс Сібір бөлімдері, Семей бөлімшесі қазақ жерінде ғылыми экспедициялар ұйымдастырды. Абай Құнанбайұлы Семей облыстық статистикалық комитетінің мүшесі болды. 1883 жылы Семейде 260 кітап қоры бар қоғамдық кітапхана ашылды. Ақысыз пайдаланатын қоғамдық кітапханалар Торғайда, Орынборда ашылды. 1876 жылы Ташкентте халықтың сауатын көтеруді мақсат еткен арнайы комиссия ұйымдастырылды. Қазалы және Перовскідегі мектептер кейін қалалық училищелер болып қайта құрылды. Бұл училищелерде Қазанда, Петербургте білім алған ұстаздар сабақ берді. Отаршылдық басқару жүйесіне тілмаштар даярлау, шаруашылық жəне шенеунік қызметкерлердің жетіспеуі аралас орыс-қазақ мектептерін көбейтуді қажет етті. Мұсылман дін өкілдері мешіт жанында мектептер ашу үшін уездік басқармадан ерекше рұқсат алуы қажет болды. 1867 жылы Орынбор губернаторы Крыжановскийдің “Ресейдің шығыс бөлігінде мұсылмандықпен күресу жөніндегі шаралары” исламдық мектептерге шек қоюға бағытталды. 1879 жылы 11 желтоқсанда Н.Крыжановский халық ағарту министріне жолдаған хатында Орал, Торғай облыстарында сауаттылық дəрежесін көтеру, қазақ мектептері үшін арнайы оқытушылар даярлайтын оқу орындарын ашу, оқу орындарын бітіргендерді ауылдық старшын, болыстық іс жүргізуші, молда қызметіне тағайындауды ұсынды. 1872жылы Омбыда,1879 жылы Ташкентте мұғалімдер институттары ашылды.1883 жылы тұңғыш қазақ мұғалімдік мектебі Орынбор губерниясының Орск қаласында ашылды.Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне ағартушы Ы.Алтынсарыұлы тағайындалды.
|