Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Есім хан (1598-1628) 8 page


Date: 2015-10-07; view: 4691.


19 ғасырда Қазақстанда қалыптасқан ағарту ісінің жүйесі: Бастауыш оқу орындары - приход мектептері, толықтырылмаған гимназиялар, орыс-қазақ аралас мектептері, ауылдық сауаттылықтың негізін үйрететін мектеп. Орта оқу орындары – реалдық училищелер, гимназиялар, мұғалімдер семинариялары. Арнайы маман аярлайтын оқуорындары - қазақтың мұғалім даярлайтын мектептері, ауылшаруашылық, мал дəрігерлік, Торғайдағы қолөнер мектебі, Оралдағы қолөнер кəсіпшілігіне дайындайтын арнайы мектеп, Омбыдағы механикалық- техникалық училище, Атыраудағы теңізде жүзу ісін үйрететін мектеп.

1870 жылғы 26 наурызда "Бұратана халықтар арасында сауаттылықты ашу туралы арнайы ережеге" сəйкес мешіттердің жанында ашылған мектептерде орыс тілін оқыту міндетті деп танылды.

Пантюркизм мен панисламизмнің орын тебуіне қарсы күрес дегенді желеу еткен облыстың губернаторлары мұсылмандық оқу орындарының оқытушыларды қуғындап, әкімшілік шаралармен жазалап отырды. Торғай мен Орал облыстарындағы оқу орындары Орынбор оқу округіне бағындырылды. Ақмола мен Семей облыстарындағы оқу орындары Батыс Сібір оқу округіне қарады. Сырдария мен Жетісу облыстарындағы оқу орындарының қызметін қадағалау Түркістан генерал-губернаторлығына тапсырылды. Оқу орындарындағы өзгерістерді ретке келтіріп отыру кеңсесі Томск қаласындағы шенеуніктерге бағындырылды.

Шыңжаңнан Жетісуға ұйғырлар мен дүнгендердің көптеп келуі, Оңтүстік Қазақстанда қазақтардың басымдылығы орыс - “түземдік” мектептердің көбірек ашылуына əсер етті.

19 ғасырдың аяғында Қазақстанда ағарту ісінде жан басына шағылған шығын өте төмен болды. Торғай облысы - 19,5 тиын, Орал облысы - 16,2 тиын, Ақмола облысы - 11,3 тиын, Сырдария облысы - 9,7 тиын, Семей облысы - 7 тиын, Жетісу облысы - 5,5 тиын. Қазақстанда ағарту ісінің дамуына кедергі болған негізгі себеп – оқу орындарының барлық буындарында білімді ұстаздардың жетіспеуі. Оқу ісін ұйымдастырудағы олқылықтар, жалақының аздығы, оқу құралдарының, оқулықтардың жетіспеуі, қаржының тапшылығы халық ағарту ісінің дамуына кедергі болды.

Конспект сұрақтар

1.1868, 1878 жылдары статистикалық комитеттер құрылған қалалар:

2.Ағарту ісінің дамуына кедергі болған негізгі себеп:

3.Мектептерде оқыту міндетті деп танылды:

4.Механикалық-техникалық училище ашылған қала:

5.Мешіт жанында мектептер ашу үшін рұқсат алынды:

6.Оқу орындарындағы өзгерістерді ретке келтіріп отыру кеңсесі бағындырылды:

7.Семей облысында ағарту ісінде жан басына бөлінетін шығын:

8.Семей,Торғай, Орынборда ашылды:

9.Тұңғыш қазақ мұғалімдік мектебі ашылды:

10.Қазалы және Перовскідегі мектептер қайта құрылып-

11.Қазақстанда халыққа білім берудің басты бағыттары айқындалған Ереже:

30.Мұсылмандардың ағарту жүйесі

19 ғасырдағы Қазақстанда мұсылмандық білім алу көптеген жасанды кедергілерге тап болды. Мұсылмандық оқу орындарын аралаған патша шенеуніктері көшпелі халық арасында сауаттылықтың таралу мүмкіндігіне сенімсіздікпен қарады. Патша үкіметінің мақсаты орыс жəне орыс-қазақ зиялы мектептерін ашу жəне кеңейту болды. Сонымен қатар мына міндеттерді шешуге тырысты:

орыс қоныстанушыларының бастауыш білім алуға деген талабын қанағаттандыру, табиғи байлықты игеру үшін білімді мамандарды даярлау, отарлау жүйесінің басқармасы, болыстық, уездік, облыстық əкімшілік үшін сауатты адамдар даярлау. Патша үкіметі ағартушылықпен ғана емес, сонымен бірге көшпелі халықты орыстандырумен айналысты. 1870 жылы 26 наурызда “Бөтен христиандар мен татар магометандар туралы арнайы Ереже” бекітілді. Бұл Ережеде мемлекет қаржыландыратын қалалық және ауылдық бастауыш мектеп, орыс тілін білетін оқытушы молда не татарша білетін орыс мұғалімі болуы, өз қаржысы есебінен мұсылман заңдарын оқытатын мұғалімдерді тарту көзделді. Сонымен бірге жаңа ашылған мектеп немесе медресе орыс мұғалімін алуға міндетті болды. Орыс сыныптардың болуынан бас тартқан ұстаздар қудаланды. 1887 жылы Семей облысында 13 қалалық мектеп болған, онда 605 ер бала оқыды. 1912 жылы Торғай облысының Қостанай уезінде 9 ер балалар (494 оқушы) жəне қыздар мектебі жұмыс істеген. Бұл мектептерде әліппені оқытып, арифметикалық төрт амалды үйретті және құран сүрелерін жаттатты.

Медреселер жан – жақты білім беруге негізделді. Құранды оқытумен қатар, мүлікті мұраға қалдыру жəне бөлу туралы заң, мұсылман заңдары, тарих, философия, жаратылыстану энциклопедиясы, юриспруденция, араб тілінің грамматикасы, догматика, логика, математика, орыс тілі оқытылды. Медресені бітіргендер өз білімдерін Бұхара мен Ташкенттегі діни оқу орындарында жалғастырған. Қазан, Орынбор, Орта Азиядағы діни семинарияны, медресені бітірген мұғалімдер адамгершілік қасиетті жоғары қойды. Далалық облыстарда медреселерде бала саны 70- тен аспайтын. Оқушылар жасы 8-20 жас, кейде 30-40 жастағы адамдар да оқыған. "Ереже" бойынша 16 жасқа дейін қабылдау керек болатын. Оқу бағдарламасы 3, 4, 5, 10 жылға созылды. Оқу жылы мамырда басталып, тамызда аяқталды. Оқу кестесі 7.00-ден 11.00-ге дейін және 13.00-ден 16.00-ге дейін жоспарланған.

Петропавлдағы қалалық мұсылмандар кітапханасы думаның

қаржыландыруымен 1910 жылға дейін жұмыс істеді. Кейін Петропавл қоғамы тек бір ғана мұсылмандардың мүддесін көздейді деген жаламен жауып тастады. 1905 жылғы 17 қазандағы манифестен кейін тегін кітапханалар ашылды.

Түркістан өлкесінің генерал-губернаторы Розенбахтың 1888 жылғы 8 қыркүйектегі мәліметінде өлкеде 206 медресе, 3660 мектеп, 4000 мұғалім, 49 мыңдай оқушы бар деп көрсетілген. Ал 1896 жылғы мәлімет бойынша мұсылман мектептерінде 77711 шәкірт оқыған.

Қазақ жастары Орынбор мұғалімдер институтында, Омбыда, Қазанда, Томскіде және Петербург университетінде оқыған.

1896 жылы Ресей оқу орындарында Торғай облысынан 50-ге жуық қазақ студенттері білім алды. Петербург университетінің стипендиаты, Семей облысынан шыққан Жақып Ақбаев алғашқы кəсіпқой қазақ заңгері болды.

Қазақстандағы білім саласындағы үкімет саясаты ең алдымен отаршылдық ниеттерін іске асыруға кедергі болып отыр деп есептеген мұсылман мектептерінің ықпалын әлсіретуді мақсат етті.

Конспект сұрақтар

1.1887 жылы Семей облысындағы қалалық мектептер саны:

2.1888 жылы Түркістан өлкесіндегі мектептер саны:

3.1896 жылы Торғай облысынан Ресейде қанша қазақ студенттері білім алды:

4.1897 жылғы санақ бойынша қазақтың қанша пайызы хат таниды:

5.Далалық облыстардағы медреселердегі бала саны:

6.Думаның қаржыландыруымен 1910 жылға дейін жұмыс істеген кітапхана орналасқан қала:

7.Медресені бітіргендер білімдерін жалғастырды:

8.Патша үкіметі ағартушылықпен ғана емес, сонымен бірге айналысты:

9.Петербург университетінің стипендиаты Жақып Ақбаевтың мамандығы:

10.“Бөтен христиандар мен татар магометандар туралы арнайы Ереже” бекітілді:

31.Қазақ халқының өнері мен музыка мәдениеті

Прогресшіл бағыттағы орыс суретшілері қазақ халқының тұрмысы мен табиғатын бейнелеуде зор үлес қосты. Б.Смирнов, О.Федченко, П.Кошаров қазақ халқының өмірін бейнеледі. В.Верещагиннің “Лепсі алқабын қоршаған таулар” картинасы қазақ жерінің сұлулығын көрсетеді. Н.Хлудовтың өнері негізінен Қазақстан тақырыбымен байланысты. “Мал айдау”, "Көш", “Отынға бару” шығармаларында қазақ елі аса сүйіспеншілікпен бейнеленген.

Қазақтың қолөнерлік, зергерлік өнер туындылары Ресей мен шетелдерде де белгілі болды. 1868 жылы Париждегі дүниежүзілік көрмеде қазақ зергерлік бұйымдары мен ұлттық киімдері қойылды. 1872 жылы Мəскеу көрмесінде қазақ музыка аспаптары көрсетілді. 1896 жылы жергілікті шеберлер мен зергерлер дайындаған бұйымдар Петропавлдағы, Көкшетаудағы көрмелерде көрсетілді.

19 ғасырдың екінші жартысы – халық сазгерлері мен классикалық сипатта қалыптаса бастаған музыка өнерінің негізі қаланған кез.

Құрманғазы Сағырбайұлы (1818-1889) – күйші, сазгер, аспапты музыканың (күйдің) классигі. Туған жері – Бөкей ордасының Жиделі деген жері. Алғашқы ұстазы – Ханбазар, күйші - Ұзақтан Байбақты, Байжұма, Баламайсаң, Соқыр Есжан, Шеркештің күйлерін үйренген. Құрманғазының бүкіл өмірі мен шығармашылығы əлеуметтік əділетсіздік пен озбырлыққа қарсы күрес жолында өтті.

Алғашқы күйлерінің бірі - “Кішкентай” Исатайға арналды. Би күйлері – “Қызыл қайың”, “Балбырауын”. Ал “Ақбай”, “Ақсақ киік”, “Көбік шашқан”, “Түрмеден қашқан”, “Кісен ашқан”, “Адай” күйлерінде азаттықты аңсаған халықтың үміті, езушілерге қарсы өшпенділігі суреттелген. “Сарыарқа” туындысы арқылы туған жерді, кең даланы, еркіндікті аңсаған халықтың кейпін сипаттады. Құрманғазы үстем тап өкілдерінің ұры, қарақшы деген жаласымен Орал, Орынбор абақтысында отырып, Иркутск түрмесіне қамалды. 1880 жылдардың аяғында күйші Астрахан маңындағы Сахмаға қоныс аударды. Құрманғазының 60-тан астам күйлері сақталған. Шəкірттері - Дина, Ерғали, Меңдіғали,Сүгірəлі, Көкбала, Шора.

Тəттімбет Қазанғапұлы (1815-1862) – шертпе күйдің негізін қалаушылардың бірі, лирик сазгер. Домбыра тартуды əкесінің інісі Əлиден үйренген. 40-тан астам күй шығарған. “Саржайлау”, “Былқылдақ”, “Балбырауын”, “Сал қоңыр”, “Алшағыр” күйлерінде негізінен өмір тартысы, сұлулыққа құштарлық байқалады. Тәттімбет шығармаларында əлеуметтік теңсіздікке қарсы əуен байқалады. Сазгердің “Бестөре” күйі халықты қыспаққа алып, жәбірлеп жатқан төрелерді түйреуге арналған. Сазгер-күйші 1855 жылы Петербургте өнер көрсетіп, күміс медальға ие болды.

Дəулеткерей Шығайұлы (1820-1887) – күйші, сазгер, домбыра өнеріндегі лирикалық бағыттың негізін салушы. Күйші

көзқарасын қалыптастыруда 1836-1838 жылғы көтеріліс əсері мол. Дəулеткерей Бөкей Ордасын басқару жөніндегі Уақытша Кеңестің төрағасы Г.В.Ващенконың көмегімен далалық əкімшілік құрамына сайланды. Сазгердің орыс зиялыларына жақын болуы, Орынбор, Мəскеу, Петербургке барып, мəдени мұралармен танысуы оның талантын ұштай түсті. Орыс музыкасының əскери марш əсерімен шығарған күйлері: “Ващенко”, “Қос ішек”, “Топан”, “Қоңыр”. Тұрмыстық саланы бейнелейтін күйлері: “Желдірме”, “Қосалқа”, “Ақбала қыз”, “Тартыс”, “Ысқырма”, “Құдаша”, «Жұмабике».

Сазгердің 40-қа жуық күйлері сақталған.

Біржан Қожағұлұлы (1834-1897 ) – сазгер, əнші, ақын. Көкшетау маңында кедей шаруа отбасында туған. 20 жасынан əн шығара бастаған. 1865 жылы Абаймен кездесуі оның сазгерлік, əншілік, ақындық өнерінің дамуына əсер етті. Біржан патриархалдық-феодалдық қоғамның озбырлығына қарсы тұрды. “Жанбота” өлеңі cол заманның азулы өкілдерін түйреуге бағытталды. Біржанның Сарамен айтысы оның суырып салма ақындық талантын елге танытты. Шоқтығы биік туындылары – “Ғашығым”, “Біржан сал”, “Айтбай”. 40-қа жуық əндері бізге жетті. Біржан мектебінен тəлім алған дарындылар – Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ.

Жаяу Мұса Байжанұлы (1835-1929) – сазгер, əнші. Баянауылдағы Жасыбай көлінің жағасында туған. 4 жасында əкесінің ағасы Тайжан қолына алып, арабша оқытқан. 1851 жылы Петропавлда орысша оқып, гармоньда, скрипкада ойнауды үйренді. “Кел балалар, оқылық” өлеңіне əн шығарды. Шоқанмен бірге жүріп, Абайға өлең арнады.

Жаяу Мұса 1852 жылы Омбыға келіп, 1854 жылы орыс мектебіне оқуға түседі. Желтоқсаншылар мен петрашевшілер тарихы оның əлеуметтік көзқарасының қалыптасуына əсер етеді. 1856 жылы ауылына қайтып, ел ішіндегі дауларға араласады. Баянауыл дуанының аға сұлтаны Мұса мен інісі Мұстафа Шорманұлдары Байжанның балалары өздерімен аттас болмасын деп, Мұсаны – “Жаяу”, інісі Мұстафаны – “Жалаң аяқ” атандырды. 1860 жылы Шорман балаларының жаласымен Тобылға жер аударылды. Жаяу Мұса 1862 жылы өз еркімен əскерге алынды. Генерал М.Г.Черняев тобының құрамында Шымкент, Əулиеата жорықтарына қатысты. Өзін қуғынға ұшыратқандарға шағымданып, қолдау таба алмай, жиһан кезіп кетеді. Польша, Латвияда болып, Қазанда тұрақтайды. Оның сазгерлік талабы жаңа сатыға көтерілді. “Ақсиса”, “Хаулау”, “Шорманұлына”, “Толғау”, “Баянауыл”, “Сұршақыз” осы кезде туған. Жаяу Мұса – ақын-публицист. Өзі шығарған 70-ке жуық əннің сөздерін өзі жазған.

Ақан сері (Ақжігіт) Қорамсаұлы (1843-1913) – ақын, сазгер, күйші. Көкшетаудағы Үлкен Қоскөлдің маңында шаруа отбасында туған. 16-17 жасынан өнер жолына түскен. Оның шығармашылық қалыптасуына негіз болған қазақтың халық музыкасы жəне орыс шаруалары, қала тұрғындарының əндері. Ақан сері 1905-1907 жылдардағы Ресей революциясының лебімен сықақ өлеңдер шығарды:“Шоғырмаққа”, “Сұрағанға”, “Смағұлға”. Сазгердің “Маң-маң кер”, “Сырымбет”, “Балқадиша” əндері халықтық музыка мəдениетінде ерекше орын алады. “Құлагер” өлеңінде ақынның көңіл- күйі, ашу-ызасы, үміт-сезімі жырланады.Ақан серінің жақын серіктері – Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Естай.

Ықылас Дүкенұлы (1843-1916) – күйші, қобызшы, сазгер. Алғаш қобыз үйретуші және күй шығаруға бейімдігін қолдаған әкесі болды. Аса белгілі туындылары – “Ықыластың күйі” мен “Қоңыр күйі”. Эпикалық аңыздар негізінде шығарған күйлері – “Қорқыт күйі”, “Қамбар күйі”, “Қазан күйі”. Патша шенеуніктері мен байларды келекелейтін “Жарым патша” күйін шығарған. Баласы Жүсіпбек оның “Қорқыт” күйін кеңінен насихаттап, кейінгі ұрпаққа жеткізді.

Конспект сұрақтар

1.1868 жылы қазақ зергерлік бұйымдары мен ұлттық киімдері қойылған көрме өткізілді:

2. Атақты «Қазақ халқының 1000 әні» және «Қазақ халқының 500 әні мен күйі» жинақтарының авторын көрсетіңіз:

3.Аспапты музыканың классигі:

4.Ақан сері Қорамсаұлының өмір сүрген жылдары:

5.Ақан серінің 1905-1907 жылдардағы революция лебімен шығарған сықақ өлеңдері:

6.Біржанның сазгерлік, əншілік, ақындық өнерінің дамуына əсер етті:

7.Біржанның Сарамен айтысы елге танытты:

8.Дəулеткерей Г.В.Ващенконың көмегімен cайланды:

9.Дәулеткерейдің әскери марш əсерімен шығарған күйлері:

10.Жаяу Мұсаның Генерал Черняев тобы құрамында қатысқан жорықтары:

11.Жаяу Мұса жер аударылды:

12.Жаяу Мұса Байжанұлының туған жері:

13.Суретші В.Верещагиннің картинасы:

14.Тәтімбеттің халықты жәбірлеуші ақсүйектерді түйреуге арналған күйі:

15.Шертпе күйдің негізін қалаушылардың бірі:

16.Ықыластың күй шығаруға бейімдігін қолдады:

17.Құрманғазының би күйлері:

18.Үстем тап өкілдерінің Құрманғазыға жапқан жаласы:

32. Ресей азаттық қозғалысының өкілдері Қазақстанда

19 ғасырдың II жартысында Қазақстанның қоғамдық өміріндегі түбірлі өзгерістердің бірі - азаттық қозғалыс өкілдері қазақ жерінде айдауда болуы. 1863-1864 жылдардағы Польшадағы ұлт- азаттық қозғалыс барысында 10000- нан астам поляк революционерлері Батыс-Сібір генерал-губернаторлығына, бірқатары Орынбор өлкесіне жіберілді.

Польша азаттық күресінің өкілдерінің бірі Густав Зелинскийдің “Қырғыз” (Қазақ) поэмасы демократияшыл қауым арасында кең тарады. 19 ғасырдың 40-жылдары жазылып, ағылшын, итальян, неміс тілдеріне аударылған бұл поэма 19 ғасырдың 60-жылдары қазақтарды Ресейге танытудағы белгілі шығарма болды. Польша азаттық күресінің 60-жылдары Қазақ өлкесінде болған өкілдерінен ерекше танымалы–Петербург университетінің заң факультетінің түлегі С.С.Гросс. Оның ағартушылық қызметі де ерекше. Ұлы Абаймен шынайы достық байланыста болды. Абайдың Шыңғыс болысындағы жайлауында жиі болып, қазақ халқының тарихы, мəдениеті, əдет-ғұрыптары

жөнінде құнды мəліметтер жинады. С.С. Гросс Семей облыстық статистикалық комитеті арқылы “Қырғыздардың заң əдет-ғұрыптары үшін материалдар” тақырыбында зерттеу жариялады. Бұл – қазақтардың мүліктік құқығының көшпелі қоғам жағдайындағы ерекшеліктерін көрсететін тұңғыш еңбек. 19 ғасырдың 40-жылдары Адольф Янушкевич Абайдың əкесі Құнанбаймен кездескенін жазған. С.И.Тэраевич, Я.С.Домашевич жергілікті халықты емдеумен

айналысты. А.Бяловский Өскемен уезінің геологиялық картасын жасады.

19 ғасырдың 80-жылдары - Ресей азаттық қозғалысының жаңа сатыға көтерілу кезеңі. Батыс Сібірге, Қазақстанға жер аударуға кең жол ашылды. 1881жылғы 29 тамызда патша үкіметі саяси жер аударылғандарды Дала өлкесіне жіберу туралы шешім қабылдады.

Саяси жер аударылғандардың шоғырланған өңірі – Шығыс жəне Орталық Қазақстан. 19 ғасырдың 80-жылдарында халықшылдарды Қазақ даласына жер аудару “ұйқыда жатқан” өлкенің қоғамдық өмірін жандандырды. Семей жəне Ақмола облыстарында ағартушылық дамып, ғылыми ұйымдар ашылды. Бай өлкені зерттеуде 19 ғасырдың 80- жылдары құрылған облыстық статистикалық комитеттер ерекше орын алды. 1878 жылы Семейде облыстық статистикалық комитет ашылды. 1884 жылы саяси жер аударылғандардың ұсынысымен Абай Семей облыстық статистикалық комитетіне мүше болып қабылданды. 1900 жылы Абай “Орта жүз қазақ ордасы руларының шығу тарихы туралы

жазбалар” деген еңбегін статистикалық комитет басылымында жариялады.

Cаяси жер аударылғандар Қазақстандағы тұңғыш өлкелік баспасөздің қалыптасуына көмек берді. Жергілікті баспа ісін алға бастыруда азаттық қозғалыс өкілдері – Ф.И.Зобнин, М.Зенков, əсіресе Н.Я.Коншин үлкен еңбек сіңірді. Жер аударылғандардың бастамасымен 19 ғасырдың 80-90 жылдары Верный, Орал, Омбы, Семейде көпшілікке арналған кітапханалар ашылды.

Азаттық қозғалысының көрнекті өкілі ФедорАндреевич Щербинаның бастауымен Қазақстандағы жер мәселесінің жағдайын анықтау мақсатында топ құрылды. Оның құрамында Н.Ф.Дмитриев, В.А.Владимирский, К.А.Вернер болды. 1898 жылы “Қырғыздардың жер иеленуі бойынша мəліметтер” атты зерттеу еңбегі жарық көрді. Бұл зерттеу еңбегіне қажетті деректерді жинап, мəтінін жазуға белгілі қазақ ғалымы Ә.Бөкейханов белсене қатысты. “ Қырғыздардың жер иеленуі бойынша мəліметтер” атты зерттеу еңбегі өте құнды еңбек. Экономикалық мәселелер бойынша – Н.Я.Коншин, Л. Чермак, В.Р.Кочаровский, ал заң, əдет-ғұрып мəселелері бойынша – А.Леонтьев, А.Блек, Тарбағатай таулары мен Қалба жотасын зерттеу бойынша Е.П.Михаэлис еңбек етті.

Азаттық қозғалыс өкілдері жергілікті халықтың тілін үйреніп, тарихын зерттеді, қазақ жастарын саяси белсенділікке бағыттады. Олар отарлық өлкеде қоғамдық сана қалыптастырды, отаршылдық езгіге қарсы күрестің алғышартын жасады.

Конспект сұрақтар

1.19 ғасырдың 80-жылдарында Қазақстанның қоғамдық өмірін жандандырған жағдай:

2.Азаттық қозғалыс өкілдерінің қазақ жерінде айдауда болған кезі:

3.Жергілікті баспа ісін дамытуда еңбек еткен қайраткерлер:

4.Заң, əдет-ғұрып мəселелерін зерттеді:

5.Саяси жер аударылғандарды Дала өлкесіне жіберу туралы шешім қабылданды:

6.Саяси жер аударылғандардың шоғырланған өңірі:

7.Семей облысы қазақтарының рулық құрамын алғаш рет зерттеді:

8.Қазақ халқының мүліктік құқығының ерекшеліктерін көрсететін тұңғыш еңбек:

9.Өскемен уезінің геологиялық картасын жасады:

10.“Қырғыздардың жер иеленуі бойынша мəліметтер” атты зерттеу еңбегін жазуда белсене қатысқан қазақ ғалымы:

11.“Қырғыз” (Қазақ) поэмасының авторы:

33. 20 ғасырдың басындағы Қазақстан. 20 ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік- экономикалық дамуы

 

19 ғасырдың басында Қазақстанның шаруашылық дамуында түбірлі өзгерістер қалыптасты. Теміржол құрылысы Қазақстанның солтүстік-шығыс аудандарының жаңа экономикалық қатынастарға тартылуын тездетті. 1893-1895 жылдары салынған ұзындығы 3138 км Сібір темір жолының 178 км Қазақстан шекарасын басып өтті. 1893-1897 жылдары салынған Рязань-Орал темір жолының 194км Қазақстанның батысын басып өтті. Ұзындығы 1656км Орынбор-Ташкент темір жолын салу патша үкіметінің шығыс аудандардағы ірі экономикалық шарасы болатын.

Оның Орынбор-Кубек, Ташкент-Кубек бөлімдері 1906 жылдың қаңтарында пайдалануға берілді. Магистраль өтетін өңірлерде орналасқан қазақ шаруалары ығыстырылды. Қазақстанда 1902 жылы 8887 өндіріс орындарында 25392 жұмысшы еңбек етті. Соның ішінде 197 кен өндірісінде 18695 жұмысшы, ал 690 өңдеу өнеркәсібінде 7297 жұмысшы болған. Успен кеніші, Қарағанды көмір шахтасы, Риддер түсті металлургия өнеркәсібі, Спасск мыс қорыту зауыты сияқты ірі өнеркәсіп орнында 300-400 жұмысшы шоғырланды. 1902-1904 жылдары Орынбор-Ташкент темір жолында 30 мың адам жұмысқа тартылған.


<== previous lecture | next lecture ==>
Есім хан (1598-1628) 7 page | Есім хан (1598-1628) 9 page
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.035 s.