![]() |
Есім хан (1598-1628) 9 pageDate: 2015-10-07; view: 5280. 1905-1907 жылдардағы революцияның алғышарты – патша үкіметінің аграрлық саясаты болды. 20 ғасырдың басында Қазақстанға орыс шаруаларын қоныстандыру бұрынғыдан күшейді. 1853-1905 жылдары көшпенді қазақтардан 4 млн. десятина жер, ал 1906-1907 жылдары 17 млн. десятина жер тартып алынды. Келімсек шаруалардың арасында мүліктік айырмашылық болды. Батырақ - 1 десятина жері бар, өте кедей шаруа - 4 десятинаға дейін жері бар, кедей - 5-8 десятинаға дейін жері бар, шамалы орта шаруа - 10 десятинаға дейін жері бар, ауқатты орта шаруа - 15 десятинаға дейін жері бар, кулак - 15 десятинадан астам жері бар шаруа. Қазақстанның жеке аудандарында келімсек шаруалар арасындағы жікшілдік әр дәрежеде қалыптасты. Шымкент уезінде батырақтар мен кедейлер орыс шаруаларының 40%-ын құраған. Жетісу өңірінде батырақтар мен кедейлер - 28,3%, ал кулактар үлесі - 25% болған. 19 ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік жағдайы патша өкіметінің ұлттық езуі мен ққанау саясатына қарсылықтың басталуы үшін алғышарттарды қалыптастырды. Конспект сұрақтар 1.15 десятинаға дейін жері бар шаруа: 2.1853-1905жылдары қазақтардан тартып алынған жер көлемі: 3.1902 жылғы Қазақстандағы өндіріс орындарының саны: 4.1902-1904 жылдары Орынбор-Ташкент темір жолына жұмысқа тартылған жұмысшылар саны қаншаға дейін жетті: 5.1906 жылы Орынбор-Ташкент темір жолының қай бөлімдері пайдалануға берілді: 6.1906-1907 жылдары көшпенді қазақтардан қанша жер тартып алынды: 7.Келімсектер арасында мүліктік айырмашылық болды. 15 десятина жері бар шаруа қай топқа жатты: 8.Успен кенішінде 20 ғасырдың басында құрылған ұйымды белгілеңіз: 9.Жетісу өңіріндегі кулактар үлесі: 10.Орынбор-Ташкент темір жолы пайдалануға берілді: 11.Қазақстанның солтүстік-шығыс бөлігінің жаңа экономикалық қатынастарға тартылуын тездетті: 34. Қазақстан Ресейдегі 1905-1907 жылдардағы революция кезінде
Қазақ ауылы орталықта болып жатқан оқиғалардан тікелей тысқары тұрса да, қалаларда революция қарсаңындағы жасырын ұйымдар қалыптасқанын біліп отырды. 1902 жылы Орынборда тұңғыш маркстік құпия ұйымның бірі құрылды. М.В.Фрунзенің, В.В.Куйбышевтің революциялық қызметі Қазақстанда жалғасты. Отарлық ұлт аудандарының “ұйқыдан оянуына” негіз болған оқиға - “Қанды жексенбі” Петербургте 1905 жылы 9 қаңтарда болды. 1905 жылы ақпанда Түркістанда, Перовскіде, Жосалыда, Шалқарда ұйымдасқан қарсылықтар болып өтті. Торғай, Семей, Орал облыстарындағы қазақ шаруаларының бой көтеруі- патша үкіметінің қоныстандыру саясатына қарсылығының көрінісі болды. Семей, Ақмолада құрылған социал-демократиялық ұйымдар, Орал мен Торғайдағы астыртын топтар еңбекшілердің әлеуметтік құрамын кеңейтті. 1905 жылғы мамырда Верныйда, Перовскіде, Қостанайда еңбекшілердің бірлігін қуаттайтын саяси ереуілдер өткізілді. Қарқаралыда өткен осындай халықтық жиынға Міржақып Дулатұлы белсене қатысты. Еңбекшілердің саяси көзқарасының өсуіне Бүкілресейлік қазан саяси ереуілі ерекше əсер етті. Перовскіде (Қызылорда), Қостанайда, Оралда, Успен кенішінде стачкалық комитеттер құрылды. 1905 жылы17 қазандағы патша манифесінің халықты алдау екенін “Алаш” қозғалысы өкілдері əшкерелеп, сынады. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатұлы, М.Тынышпайұлы сияқты демократиялық жолды ұстаған зиялылыр ұлт мерейі үшін күресті. Орынбордағы 18-19 қазанда өткен шеру “Демократиялық республика жасасын”, “Самодержавие жойылсын” деген саяси ұрандармен өтті. Перовскідегі саяси шеру қазақ- орыс жұмысшыларының бірлесуімен өткізілді. Жұмысшы өкілдерінен құралған комитет Петербург темір жол жұмысшыларымен байланыс орнатты. 1905 жылы 25 қазанда Омбыдағы ұйымшылдықпен өткен саяси бой көрсету Батыс Сібір əкімшілігін қатты сескендірді. Қазақ-орыс еңбекшілерінің интернационалдық бой көрсетуінің ең ірісі – Успен (Нілді) кенішіндегі ереуіл. 1905 жылғы желтоқсанда 12 күнге созылған бұл ереуілге 360 (265 қазақ) жұмысшы қатысты. Кеніш француз президентінің жиені Карноның меншігі болатын, іс басқарушысы - ағылшын Фелль еді. Жалақының тапшылығы, жұмыс істеу шарттарының ауырлығы, ағылшын капиталистері Мессен мен Гиббердің қатыгездіктері ереуілге себеп болды. Ереуілге «Капиталға қарсы орыс-қырғыз одағы» ұйымы басшылық етті. Ұйымның құрамына Топорнин, Л.Байшағыров, С.Невзоров кірді. Талаптары - азық-түлік бағасын төмендету, жалақыны 15, 25%-ға көтеру, үш сыныптық орыс-қазақ учлищесін ашу, жұмысшылардың тұрғын жайларын жақсарту, фельдшер Е.Костенконы, қызметкер М.Ивченконы жұмыстан шығару, жұмысшыларды су өтпейтін киіммен қамтамасыз ету. Кеніштің шетелдік иелері жұмысшылардың талаптарын ішінара қанағаттандыруға мəжбүр болды. Қарағанды көміршілері ереуілшілерді барынша қолдады. 1905 жылғы 16-28қарашада Семейдегі пошта-телеграф қызметкерлерінің ереуілін басу үшін облыс губернаторы Қарқаралыдан əскери күш шақыртты. 1905 жылы 6-7 қарашада Верныйдағы Батыс Сібір батальонында, 21 қарашада Жаркент гарнизонында əскери қарсылықтар болды. 1905 жылы 6 желтоқсанда Өскемендегі жұмысшылар жиынында социал- демократ Крушеев патша үкіметіне қарсы күресте ынтымақтасуға шақырды. 1905 жылы 13 желтоқсанда Павлодарда Ертіс бөлімі жұмысшыларының митингісі өтті. 1906 жылғы басты саяси оқиға - Семейдегі шілде айында 500 жұмысшы қатысқан жаппай ереуіл. Басты талаптары - жұмыс күнін 10 сағатпен шектеу, балалар үшін – 8 сағат, ауырған күндерге ақы төлеу, жалақыны өсіру, күштеп қосымша еңбек еткізуге тыйым салу, әйелдердің құқығын қорғау. Жергілікті құпия большевиктік топ мүшелері Брудневский,Соловников ереуілшілердің күшін топтастыруға күш салды. 1906 жыл Қазақстан шаруалар қозғалысының өрістеген кезі.1906 жылы Қарқаралы уезінде (Семей облысы), Жаркент уезінде (Жетісу облысы), Əулиеата, Шымкент уездерінде (Сырдария облысы), Орал, Торғай облыстарында шаруалар қарсылықтары болып өтті. Қазақ шаруаларының қарсылығы туралы “Орынбор өлкесі”, “Орал күнделігі”, “Орал' басылымдарында жарияланды. Саяси толқулардың жиілеуінен шошынған патша өкіметі шаралар қолдана бастады. 1906 жылы 10 қаңтарда ішкі істер министрі Дурнов өлкедегі қарсылықтарды жаныштауға арнайы тапсырма берді. Осындай ауыр жағдайға қарамастан, зиялы ұлттық демократиялық қауымның белгілі өкілдері қазақ еңбекшілерінің заңды мүдделерін қорғауда, талаптарын түсіндіруде аянбай күресті. Олардың қатарына Ə.Бөкейханов (Семей облысы), А.Байтұрсынұлы (Торғай облысы), Б.Қаратаев (Орал облысы), М.Тынышпайұлы, Б.Сыртанов (Жетісу) жатады. Саяси топтардың, партиялардың арасындағы өзара талас, патша үкіметіне қарсы күрес екінші Мемлекеттік Думаға сайлау кезінде күшейді. Ақмола облысынан большевик А.Виноградов, Торғай облысынан Космодемьянский, Жетісу облысынан ірі көпестің ұлы, еңбекшілер тобының өкілі, Қазан университетін бітірген М.Гаврилов сайланды. Семей облысынан социал-демократ, көрнекті зерттеуші Н.Я.Коншин, Сырдария облысынан еңбекші Колендзян сайланды. Патша үкіметінің заңына сәйкес “түземдік” халық арасынан депутаттыққа сайланғандар: Ақмола облысынан –молда, мұсылмандық оқу жүйесін сақтап қалуда еңбек сіңірген Ш.Қосшығұлов, Жетісудан–федералист М.Тынышпайұлы,Оралдан – кадет А.Бірімжанұлы, Семейден – ауқатты топтан шыққан Х.Нұрекенұлы. Мемлекеттік Думаға казак әскері өкілдерінің сайлауы да өткізілді. Жетісу казактарынан Я.И.Егошкин, Сібір казак әскерінен И.П.Лаптев Думаға мүше болды. Семейден сайланған "Семипалатинский листок" газетінің редакторы, қазақ өлкесінің тарихы туралы еңбектің авторы Н.Я.Коншин сайлаушыларға берген уəдесінен бас тартты. Ол Мемлекеттік Думада “Сібір автономияшылары” деп аталған,Сібірдің дербес дамуын жақтаған топқа қосылып кетті. 1905-1907 жылдардағы революцияның жеңілу себептері - қазақ жұмысшыларының аздығы, қазақ ауылдарының басты оқиға орталықтарынан алыста болуы, революциялық күресті ұйымдастыруда ұлттық демократиялық топтардың тəжірибесінің жеткіліксіздігі. Бұл революцияның Қазақстанның кейінгі саяси қоғамдық дамуына әссері терең болды. Отаршыл саясатқа қарсы тəжірибе жинақталды, ереуілдерді ұйымдастырудағы кемшіліктер кейін ескерілді. Күрес барысында революционерлердің Бәкен Серікбайұлы, Әлімжан Байшағырұлы, Жүсіп Бабайұлы, Мақсұтт Бекметұлы, Тәшен Өтепұлы, Ысқақ Қосқабайұлы секілді белсенді ұрпақтары тəрбиеленді. Конспект сұрақтар 1.1905 жылы ақпанда ұйымдасқан қарсылықтар болған қалалар: 2.1905 жылы Торғай, Семей, Орал облыстарында бой көтерді: 3.1905-1907 жылдардағы революцияның жеңілу себептері: 4.1906 жылы Əулиеата, Шымкент уездерінде болды: 5. 1905-1907 орыс революциясы жылдары қазақ шаруалары отаршыл жер саясатына ашық қарсылық көрсеткен Қарқаралы уезді қай облыста орналасқан: 6.Екінші Мемлекеттік Думаға Торғай облысынан сайланды: 7.Орынбордағы шеруде көтерілген саяси ұрандар: 8.Патша үкіметіне қарсы әскери қарсылықтар болды: 9.Петербург темір жол жұмысшыларымен байланыс орнатты: 10.Сайлаушыларға берген уəдесінен бас тартқан депутат: 11.Саяси толқуларды жаныштауға арнайы тапсырма берілді: 12.Семейдегі жаппай ереуіл болған мерзім: 13.Успен кенішіндегі ереуілді қолдады: 14.Қазақ-орыс еңбекшілерінің интернационалдық бой көрсетуінің ең ірісі: 15.Қарқаралыдағы халықтық жиынға белсене қатысты: 16.Өскемендегі жұмысшылар жиынында ынтымақтасуға шақырған социал- демократ: 17.“Түземдік” халық арасынан Оралдан депутаттыққа сайланды: 35. Қазақстан саяси реакция және I дүниежүзілік соғыс жылдарында
1906 жылғы қараша жəне 1910 жылы Столыпин үкіметі қабылдаған аграрлық саясат революцияны тұншықтыруға бағытталды және қоныстанушылар арасынан кулак топтары арқылы тірек табуды ойластырды. Қоныстанушылардың жиі орналасқан ауданы Ақмола, Семей, Орал, Жетісу облыстары болды. 1917 жылы Қазан революциясының қарсаңында 45 млн. десятинадан астам жер тартып алынды. 1913-1915 жылдары Еділ бойындағы аштық салдарынан Қазақстанға келіп қоныстанушылар саны көбейді.1914 жылы қоныстанушы əр тілдес халық санының 211 есеге көтерілуі, негізінен Ресей шаруаларының есебінен өскен. Столыпиннің аграрлық саясаты қазақтар санының кеміп кетуіне тікелей əсер етті. Ақмола облысында - 36,6% (1897ж.- 61,1%), Семейде - 73% (1897ж. - 87,9%), Сырдарияда - 62,3% (1897ж. - 64,4%), Жетісуда - 60,5% (1897ж. - 80,4%), Торғайда - 58,7% (1897ж. - 90,6%) Орал облысында - 56,9% (1897ж. - 71,3%). Ал қоныстанушылар саны керісінше артып отырды. 1870-1906 жылдары далалық Қазақстанда 521023 қоныстанушы болған. 1907-1914 жылдары 714395 қоныстанушыға көбейді. Орыс тұрғындарының үлесі: Ақмолада-56,7%, Оралда-40,8%, Торғайда-37,5%, Семейде-24%, Жетісуда-23,5%, Сырдария облысында-6,2%-ға теңелді. Революциялық толқулардың белсенділігі байқалған өңірлер - өлкенің солтүстік-батыс жəне шығыс аудандары. Өскемен уезіндегі алтын өндіретін “Николай” және “Основательный” кеніштеріндегі ереуіл тегеурінді болып, жұмысшылардың талаптарын талқылау үшін комиссия құрылды. 1911жылы мамырда "Атбасар мыс кендері" акционерлік қоғамы өндіріс жұмыскерлерінің ереуілі отарлық басқару əкімдерін шошындырды. 1912 жылы сəуірдегі Лена қырғыны Қазақ өлкесінде ереуілдің қайтадан кең таралуына əсер етті. “Туркестанский курьер”, “Омский вестник” газеттері Лена оқиғасының Қазақстандағы саяи ахуалға əсер еткенін жазды. 1912 жылы 2-6 қазанда Байқоңыр көмір өндірісінде, Семейдегі су диірменінде, Торғай уезіндегі Шоқпаркөл көмір шахтасында ереуілдер болып өтті. Бұл ереуілдер жалпыимпериялық саяси қозғалыстың құрамдас бөлігі болды. 1914 жылғы көктем мен жаздағы Ресей демократиялық қозғалысының өрлеу кезеңі Қазақ өлкесіне тарады. Доссордағы Орал- Каспий мұнай қоғамының жəне Ембі өндірісіндегі ереуілдер табысты болды. Жұмысшылар жалақыны 26%-ға көбейтуге мүмкіндік алды. I дүниежүзілік соғыстың басталуы шикізат қоры саналатын Қазақстанның экономикалық маңызын арттырды. 1915 жылғы 25 маусымда “Бұратаналарды мемлекеттік қорғаныс ісіне пайдалану жөніндегі” Ереже жұмысшыларды өндіріс иелеріне байлап берді. Өндіріс орындарындағы жұмысшылардың үстінен полициялық бақылау күшейді. Соған қарамастан ереуілдер үдей берді. 1915 жылғы мамырда Екібастұз көміршілерінің ереуілі талабы жағынан саяси болды. 1916 жылғы тамызда Қарсақбай мыс кенішіндегі ереуілдер саяси күрестің өрлеуінің көрінісі болды. Қазақ халқының қоғамдық-саяси өміріне белсене араласқан өкілдердің бірі - Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1937). 1909 жылғы шілде айында Ахмет Байтұрсынұлы Қарқаралыда мұғалім болып жүргенде патша өкіметінің саясатына қарсылық білдіргені үшін Семей түрмесіне қамалды.1910-1917 жылдары Орынборға жер аударылды. 1913 жылғы наурызда “Қазақ” газетін ұйымдастырып, оның редакторы ретінде патшалық Ресейдің отарлық саясатын әшкерелеуде белгілі рөл атқарды. 1905-1907 жылдардағы революциялық қозғалысқа қатысқан Міржақып Дулатұлының (1885-1935) шығармалары саяси бағытта жазылған. “Бақытсыз Жамал” романы (1910ж. Қазан), “Азамат” өлеңдер жинағы (1913ж. Орынбор), “Оян, Қазақ!” (1909ж.Уфа, 1911ж.Орынбор),“Терме”əдеби-публицистикалық туындысы (1915ж). М.Дулатұлы патша үкіметінің аграрлық саясатын өткір сынағандықтан қуғынға ұшырап Семейде, Омбыда, Қарқаралыда болып, қазақ еңбекшілерінің саяси бағытын анықтауда ерекше рөл атқарды. I дүниежүзілік соғыс жылдары өлкенің майданды және елді шикізат, азықпен қамтамасыз етудегі рөлі күшейді. 1914-1916 жылдары Түркістан өлкесінен майдан қажетіне 300 мың пұт ет, 2089 мың тонна мақта, 70 мың жылқы, 13 мыңға жуық түйе, 14 мыңға жуық киіз үй алынды. Жетісу облысынан соғыстың бірінші жылында 34 млн. сом мөлшерінде мал жəне мал өнімдері əкетілді. Шаңырақ салығы көбейді. 1914 жылы салық мөлшері 600 мың сом болса, 1917 жылы 1 млн. 200 сомға ұлғайды. Ақмола, Семей, Торғай, Орал облыстарында майданға әскер қатарына шақырудың жаппай сипат алуынан жүздеген қоныстар ер азаматтардан айырылды. Өндірістегі мамандығы бар жұмысшылар үлесі күрт азайды. Кен өндірісі, көмір, мұнай өндіру құлдырап кетті. Ембі (Жем) өңірінде мұнай өндіру 1914 жылы 265560 тоннадан 1915 жылы 80 мың тоннаға кеміді. Соғыс жылдары жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Жұмыс күнінің ұзақтығы – 12-14 сағат. 12-14 жастағы жеткіншектердің еңбегін қанау үйреншікті іске айналды. Бір күндік жалақысы 20 тиын болды. Қымбатшылық артты: ұн -70%, қант-50%, сабын 200% - ға өсті. Соғыс жылдары Австрия-Венгрия, Германия тұтқындарының қазақ жеріне əкелінуі өлкенің қоғамдық-саяси жағдайына əсер етті. Әскери тұтқындар Қазақстанның солтүстік-шығыс және оңтүстік аудандарына көптеп жіберілді. Омбы, Ақмола, Семей, Павлодар, Қазалы қалалары Австрия-Венгрия, Германия тұтқындарын қабылдаған басты ошақтарға айналды. 1914 жылдың тамызында Омбыда 20000 əскери тұтқын болған. 1915 жылғы ақпанда Зайсан, Павлодар, Өскемен, Семейде 7490, Ақмола облысында 8612 тұтқын болды. . Әскери тұтқындардың басым көпшілігінің 97,8%-ының қатардағы әлеуметтік топтан шығуы отаршылдық әкімшілікті қауіптендірді. Əскери тұтқындардың ұлттық құрамы әркелкі болды. Славян тектес тұтқындар басым болған. Сонымен қатар түрік, румын, итальян, неміс, венгрлер де болды. Әскери тұтқындардың басым көпшілігінің 97,8%-ының қатардағы әлеуметтік топтан шығуы отаршылдық әкімшілікті қауіптендірді. Əскери тұтқындардың ұлттық құрамы әркелкі болды. Славян тектес тұтқындар басым болған. Сонымен қатар түрік, румын, итальян, неміс, венгрлер де болды. 1916 жылы Ақмола облысының Петропавл уезінде жалдамалы жұмысқа тартылған тұтқындар көбейе түсті. Ақмола облысында 14 мың тұтқын ауыл шаруашылық жұмысына тартылды.Әскери тұтқындарды шаруашылықта пайдалану туралы ережеде олардың еңбегіне ақы төленуге тиісті болды. Большевиктердің, солшыл-социалистердің үгіті, әскери тұтқындардың өз араларында құпия партия бөлімшелерінің ұйымдасуы жалпы революциялық жағдайды тездетті. Конспект сұрақтар 1.1906, 1910 жылдары Столыпин үкіметі қабылдаған саясат: 2.1911 жылы жұмысшылардың талаптарын талқылау үшін комиссия құрылды: 3.1914 жылы қоныстанушы халық саны көтерілді: 4.1915 жылғы қазан айында болған ереуіл: 5.1916 жылы саяси күрестің өрлеуінің көрінісі болған ереуіл: 6.1917 жылы алынған шаңырақ салығының мөлшері: 7.Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде қазақ жеріне әкелінген әскери тұтқындардың ішінде қай ұлт өкілдері басым болған: 8.Аграрлық саясаттан кейінгі Торғай облысындағы қазақтар үлесі: 9.Ахмет Байтұрсынұлы “Қазақ” газетін ұйымдастырған мерзім: 10.Ақмола облысында ауыл шаруашылық жұмысына тартылған тұтқындар саны: 11.Жеткіншектердің бір күндік жалақысының мөлшері: 12.Жұмысшылар жалақыны 26%-ға көбейтуге мүмкіндік алған ереуілдер: 13.Лена қырғынының Қазақстандағы саяяси ахуалға əсер еткенін жазған басылымдар: 14.М. Дулатұлының “Терме” атты туындысы жарық көрді: 15.Орынбор өлкесінен майданға шақырылған жұмысшылар үлесі: 16.Соғыс жылдары құлдырап кеткен шаруашылық саласы: 17.Тұтқындардың ұлттық құрамында басым болғаны: 18.Қоныстанушылардың санының 714395-ға жеткен уақыты: 19.Әскери тұтқындар көп жіберілген аймақ: 20.“ Бұратаналарды мемлекеттік қорғаныс ісіне пайдалану жөніндегі” Ереже шықты: 36.20 ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті 20 ғасырдың басындағы Қазақстанның мәдениеті империализм жағдайында өзіне жаңа сапа, басқа бағыт алған өткен мұраның жалғасы болды. 20 ғасырдың басынан Қазан революциясына дейін Семейде, Оралда, Омбыда, Орынборда кітап басып шығару нақты қолға алынды. Орыс географиялық қоғамының Батыс Сібір, Түркістан бөлімдері, Семейдегі, Орынбордағы бөлімшелері басылымдардың шығуына қамқорлық жасады. Қазақ кітаптарын басып шығару ісін жолға қоюда Петербург, Ташкент, Қазан қалаларындағы баспалар үлестерін қосты. 20 ғасырдың басында Ш.Құдайбердіұлының, М.Дулатұлының, С.Дөнентайұлының, А.Байтұрсынұлының, Д.Тынышпаевтың, Ә.Бөкейхановтың шығармалары жарық көрді. 1909 жылы Абай Құнанбайұлының шығармалар жинағы ресми баспадан шықты. Демокартиялық бағытта дами бастаған С.Торайғыров,С.Дөнентайұлы, Т.Ізтілеуов, М.Көпеевтің мұралары шығыс əдебиетінен ерекше орын алды. С.Торайғыровтың “Шəкірт ойы”, “Алты аяқ”, “Бір адамға”, “Адасқан өмір” шығармаларында қазақ ауылының өміріндегі өзгерістер сипатталады. Б.Майлиннің “Шұғаның белгісі”, С.Көбеевтің “Қалың малы”, С.Торайғыровтың “Қамар сұлуы” өмір шындығын, халық тағдырын сипаттаған. А.Байтұрсынұлының “Қазақ салты”, “Қазақ қалпы”, “Жиған-терген” өлеңдері қазақ халқының саяси санасын оятуға арналды. 1900 жылы Петербургте “Қырық мысал” деген кітабы, 1911 жылы Орынборда “Маса” атты жинағы шықты. Абайдың талантты шəкірті –Шəкəрім Құдайбердіұлы (1858-1931) араб, парсы, түрік, орыс тілдерін меңгерген. Орыс географиялық қоғамының Батыс Сібір бөлімінің Семей бөлімшесіне мүше болып сайланған белгілі қайраткер. 1911 жылы жарыққа шыққан “Түрік, қырғыз, қазақ һəм хандар шежіресі”, “Мұсылмандық шарты” кітаптарында, “Қазақ айнасы”өлеңдер жинағында, “Қалқаман-Мамыр”, “Еңлік-Кебек” поэмаларында Шəкəрімнің мазмұнды ойлары, сырлары орын алды. Патша үкіметінің 1906 жылы қабылдаған оқу-ағарту ісіндегі ережелері ұлттық аймақтарда орыс-қазақ мектептерінің кеңеюіне жағдай жасады. Ал діни мектептерге, медреселерге кедергілер келтірді. Ағарту ісін дамытуда жəне насихаттауда негізгі орын алған басылымдар: “Айқап” журналы, “Қазақ” газеті, “Киргизская степная газета”, “Сибирская жизнь”, “Степной край”, “Сибирский телеграф” газеттері. Ауыз əдебиетінің алыбы Жамбыл Жабаев (1846-1945) байлар мен ақсүйектердің жемқорлығын мінеп, оларды, халық алдында əшкереледі. Қазақ халқының ұлы ақындарының бірі Нұрпейіс Байғанин халық дастандарын ел арасында уағыздап, жыршылық өнерді жаңа тарихи жағдайда дамытты. Халық арасында кең тараған батырлар жырының түп нұсқаларын насихаттауда шеберліктің тамаша деңгейіне көтерілді.
|