Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Есім хан (1598-1628) 10 page


Date: 2015-10-07; view: 2901.


 

20 ғасыр басындағы халық мəдениетіндегі жан-жақты дамыған сала – музыкалық мəдениет. Қазақ музыкасын дамытуға үлес қосқандар: Кенен Əзірбаев, Балуан Шолақ Баймурзин, Дина Нұрпейісова, Үкілі Ыбырай Сандыбаев, Сүгір, қазақтың бұлбұлы Майра Шамсутдинованың музыкалық өнерді дамытудағы орны ерекше. Әншілер Қали Байжанов, Манарбек Ержанов, Əміре Қашаубаевтың орындаулық шеберліктері айрықша. Халық сазгерлері Естайдың “Майдақоңыры”, Үкілі Ыбырайдың “Гəккуі”, Динаның “Көңіл ашары” қазақтың музыкалық мәдениетінің дамуына үлкен әсер еткен туындылар. Патша үкіметінің отаршыл саясатына қарамастан, қазақ халқының өзіндік мәдениет үлгілері тамаша нәтижелерге жетті.

Конспект сұрақтар

1.20 ғасырдың басында қазақ кітаптарын шығаруда үлес қосқан баспалар:

2.«Маса» өлеңдер жинағының авторы:

3.Қай жылы «Қазақ» газеті «Алаш» партиясының ресми басылымына айналды:

4.Қандай апталық газет 1913 жылы шыға бастады:

5.А.Байтұрсынұлының1911 жылы Орынборда шыққан жинағы:

6.Абайдың шығармалар жинағы баспадан шықты:

7.Жыршылық өнерді жаңа тарихи жағдайда дамытқан ұлы ақын:

8.“Адасқан өмір” шығармасын жазды:

9.“Айқап” , “Қазақ” басылымдары насихаттады:

10.“Гəкку” әнін шығарған сазгер:

11.“Түрік, қырғыз, қазақ һəм хандар шежіресінің” баспадан щыққан мерзімі:

9 - сынып. Қазақстан тарихы. 1914 - 2004 жылдар.

1. Қазақ халқының отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық қозғалысы. Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың басталуы

1914 жыл 1 тамызда 38 мемлекет қатысқан I дүниежүзілік соғыс басталды. Соғысты бастаушы бәсекелес әскери-саяси блоктар: үштік одақ (Германия, Австро-Венгрия) және Антанта (Англия, Франция, Ресей). “Қазақ” газетінде Ə.Бөкейхановтың “Тағы соғыс” мақаласы жарияланды: “Бұл соғыстан жалпы жұртқа пайда жоқ. Нарлар алысар, ал шаруасын бұзып, қанын төгетін - сорлы халық болар. Жиырмасыншы ғасырда Еуропа патшалықтарының қылған ісі кімнің алдында ақталмақ".

20 ғасырдың басында Қазақстан шикізат өндіретін әрі сауда рыногы болып танылған отарлы өлке санатында жалпыресейлік шаруашылық кешенінің құрамды бөлігіне айналды. Ресей империясының отарлау саясаты қарқынды жүргізілді. 1907-1912 жылдары елдің еуропалық бөлігінен 2 млн. 400 мың адам Қазақ өлкесіне қоныстандырылды.

1917жылы егістік пен жайылымдардың 45 млн-нан астам десятина жері тартып алынды. Өз елінде жерсіз қалған қырғыз-қайсақ батырақтары пайда болды. Қазақтардың жерін жаппай тартып алу нəтижесінде көшпелілер мен қоныстанушылар арасында қақтығыстар көбейді. Т.Рысқұлов: “1899 жылдан кейін қазақтар мен орыстар арасындағы этностық жанжалдар даладағы өмірдің сипатты белгісіне айналды” деп жазды.

I дүниежүзілік соғыс жылдары қазақ даласынан арзан бағамен көп бұйымдар жиналды. Cоғыс салығы енгізілді, мемлекеттік заемдар таратылды, баж салығын төлеу міндеттелді, жергілікті халық соғысқа арналған жүктерді, негізінен азықты темір жол станциясына тасуға мәжбүр болды. Әскерге алынған отбасыларына көмек көрсетуді желеу етіп, батырақ қазақтарды кулак шаруашылығына, кәсіпорындарға “ерікті түрде” жұмысқа тартты. 1913 жылы А.Байтұрсынұлы “Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды”- деп жазған болатын.

1916 жылғы көтерілістің негізгі себебі - ұлттық жəне əлеуметтік езгінің халықтың кегін қайнататын деңгейге жетуі. Ал көтеріліске желеу болған негізгі себепші фактор - қазақтан қара жұмысқа жігіт алу. 1916 жылғы 25 маусымда патша үкіметінің “Түркістан мен Дала өлкесінен 19-43 жас аралығындағы 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы” жарлығы шықты.

1916 жылғы 25 маусымдағы Жарғы бойынша патша үкіметі көптеген орыс солдаттары мен жұмысшыларын көнбіс және арзан жұмыс күші ретінде “реквизицияланған бұратаналармен” ауыстырып, оларды қорғаныс құрылыстары мен тыл жұмыстарынан босатқысы келді. Бұл жағдай қазақ даласында үлкен қобалжу туғызды. М.Дулатұлы: “Жұрт сеңдей соғылды, түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылды”-деп жазды.

1916 жылы 23 тамызда шыққан Түркістан генерал- губернаторы А.Куропаткиннің құпия бұйрығымен қара жұмысқа шақырудан босатылғандар: болыстық, ауылдық басқармалардың лауазымды адамдары, төменгі полициялық шенділер, имам, молда, мүдəрістер, есепшілер, үкімет мекемелеріндегі жоғары лауазымды жергілікті бұратаналар, дворян жəне құрметті азамат құқықтарын пайдаланатын жергілікті ұлт өкілдері. Бұл кедейлердің ызасын келтірді.

Қазақстан мен Түркістанның халқы стихиялы түрде бір мезгілде көтеріліске шықты. Көтерілісші жасақтары құрылып, қара жұмысқа шақырылушылардың тізімін, борышқорлық және салық тілхаттарын жойып жіберді, жерді сатубасқармаларын, болыстардың ауылдарын талқандады. Көтеріліске шыққан халық бірінші кезекте отарлауға дейінгі мемлекеттік басқару жүйелерін қалпына келтірді.

Ырғыз, Торғай уездерінде ақсүйектердің 9 өкілі хан көтерілді. Ақмола облысының Ерексай және Әйелді болыстарында хан және 4қазы сайланды. Шерубай -Нұра болысында – Нұрлан Қияшев, Қарашақ болысында – Оспан Шоңов, Верный уезінің Жайымтал болысында – Бекболат Əшекеев, Торғай уезінде – Орта жүздің биі Нияздың немересі Əбділғафар Жанбосынов хан болып сайланды.

Болыстық басқару жүйесі қалпына келтіріліп, ел бегі – əкім, сот алқасы – жасақшы, қазына билеуші – қазынашы,қолбасшы – сардарбек тағайындалды.

Верный уезінің көтерілісшілері Наманған және Таластың жоғарғы ағысындағы Әулиеата уездерінің көтерілісшілерімен байланыс орнатты.

Албандар ұйғыр, қырғыз және дүнгендермен күш біріктіріп, қимыл жасады.

Ə. Бөкейханов, А. Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы бастаған либерал-демократиялық зиялылар қазақтарды “Ресей мемлекетінің бодандары, Отанның перзенті” деп санады. Ахмет Байтұрсынұлы: “Қазақ секілді іргелі жұрт өзгелер қатарында соғыс майданында қару-жарақ асынып, мемлекетті қорғауға лайық еді, қатарда жоқ қара жұмысқа байлануын кемшілік санймыз”-деп жазды.

Қозғалыс басшылары қазақтарды тыл жұмыстарына шақыруды уақытша кейінге қалдыруды ұсынды. Олар соғыс жеңіспен біткен жағдайда халықтың тағдырын жеңілдетуден және ұлттық автономия құрудан үміттенді. Олар 1916 жылғы қазандағы Үндеу хатында: “Тыңдаңыздар, қан төкпеңіздер, қарсыласпаңыздар”-деп жазды. Либерал-демократиялық зиялылар патша үкіметімен ымыраластық бағыт ұстанды. Олар халықтың амандығын және оның этностық тұтастығын сақтау идеясын бірінші орында ұстады. Тарих осы бағыттың дұрыс болғанын дəлелдеді.

Ұлт-азаттық қозғалысқа революцияшыл – демократияшыл зиялылардың Ə.Жангелдин, Т.Бокин, С.Сейфуллин,Т.Рысқұлов,Ә.Майкөтов, С.Меңдешев, Б.Алманов сияқты өкілдері қатысты. Ал байлар, ауыл старшындары патша Жарлығын жақтап шықты.

1916 жылғы қозғалыс бүкіл Қазақстанды, Орта Азияны, Сібір мен Кавказдың бір бөлігін қамтыды. Қозғалыс стихиялы түрде басталды және әлеуметтік құрамы жағынан біртекті болмады. Оған шаруалардан басқа көмір кеніштерінің , мұнай кәсіпшіліктерінің , Ертіс кемешілігінің , Омбы, Орынбор – Ташкент теміржолының қазақ жұмысшылары қатысты.

Қозғалыстың басты қозғаушы күші тұтастай халық бұқарасы болды. Жалпыұлттық бірігу жіне ұлттық тәуелсіздік идеясы қазақ шаруалары мен жұмысшыларын қалыптасып келе жатқан ұлттық буржуазия мен даланың ақсүйектерін, ұлт зиялыларын орыс және шетел капиталына қарсы біріктірді.

Конспект сұрақтар

1.1916 жылғы көтеріліске желеу болған негізгі себепші фактор:

2.Қазақстанның қай аймақтары 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің ірі орталықтарына айналды:

3.Қай жылғы оқиғалар қарсаңында Қазақстанда соғыс салығы енгізілді:

4.I дүниежүзілік соғыстың басталған мерзімі:

5.Албан руының адамдары күш біріктірді:

6.Бекболат Əшекеев хан болып сайланған аймақ:

7.Көтерілісшілердің бірінші кезектегі іс-əрекеті:

8.Либерал-демократиялық зиялылар ұстанған бағыт:

9.Революцияшыл – демократияшыл зиялылар:

10.Түркістан генерал-губернаторы А.Куропаткиннің құпия бұйрығы шыққан мерзім:

11.Қозғалыстың басты күші:

12.“Жұрт сеңдей соғылды, түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылды”-деп жазды:

13.“Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды деп жазды:

14.“Қазақтар мен орыстар арасындағы этностық жанжалдар даладағы өмірдің сипатты белгісіне айналды”- деп жазды:

15.“…қатарда жоқ қара жұмысқа байлануын кемшілік санаймыз”-деп жазды:

2.Ұлт-азаттық қозғалыстың барысы

Ұлт-азаттық қозғалыстың ірі орталықтарының бірі Жетісу болды. 1916жылы 20 шілдеде Түркістан генерал-губернаторы A.Куропаткин нұсқау шығарды: 1) Қандай амалды болса да қолданудан тайынбай, көтерілісшілерді бағындыру. 2) Лаң салушыларға қарсы күресу үшін рулық немесе тайпалық араздықты пайдалану.

Жетісу облысының генерал-губернаторы М.А.Фольбаум жергілікті казактардан жазалау отрядтарын ұйымдастырды. Казак станицаларына винтовкалар мен патрондар жіберді. Орыс кулактарын қаруландырды.

Жазалау отрядтарының жанынан, облыстың уездік қалалардан әскери-дала соттары құрылды.Көтеріліс үдей түсіп, Шу өзені мен Ыстықкөлге жақын бүкіл аймақты қамтыды. 10 мыңнан астам қырғыз жəне қазақ көтерілісшілері Тоқмақты қоршады. Жаркент уезінде көтерілісшілер Таврия, Владислав, Мащеры, Краснояр, Новокиев қоныстарын басып алды. Ұзынағашқа жақын тауларда Жайымтал болысының көтерілісшілері мен подполковник Базилевичтің жазалау отрядының арасында шайқастар болды. Қозғалыстың ең ірі ошағы - Қарқара өңірі. 5 мыңнан астам көтерілісші Қарқара жəрмеңкесін басып алды. Лепсі уезінде жазалаушы отрядтарымен қақтығыс болды. Мойынқұмда Мерке,Əулиеата көтерілісшілері табан тірескен шайқас жүргізді. Жетісу көтерілісшілерін Б.Əшекеев, Т.Бокин (Верный уезі), Ж.Мəмбетов, Ұ.Саурықов (Қарқара), А.Қосанов (Мерке ауданы) басқарды.

Жетісудағы көтеріліске қарсы патша үкіметі жазалау экспедициясын жіберді. Түркістан өлкесінде 347 адам атылды, 168 адам жер аударылды. Жетісудың 238 мыңнан астам халқы Қытайға ауып кетуге мәжбүр болды. Қалған қазақтар құнарсыз таулы аудандарға немесе Балқаш маңындағы шөл далаға қуылды.

Торғай көтерілісі табанды болып, ұзаққа созылды. Жергілікті ауылдық-болыстық әкімшілік басқарудан аластатылып, билік көтерілісшілердің қолына көшіп, бір орталықтан басқарылды. Торғай уезіндегі қыпшақ руының қазақтары Әбдіғафар Жанбосыновты хан етіп сайлады. Иман батырдың немересі Амангелдіні сардарбек етіп тағайындады. А. Иманов ұрыс жүргізудің өзіндік тактикасын қолданды. Мергендерден ерекше жасақтар құрып, оларды шағыл құмдардың арасына орналастырды. Көтерілісшілердің үлкен жасағын құрып, қару жасаушылырды ұйымдастырды, көтерілісшілерді әскери өнерге өзі үйретті. Әскери іс мәселелеріне Әскери Кеңес баса назар аударып отырды.

1916 жылы Торғайдағы көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. Көтерілісшілер қатарын Ырғыз, Қостанай, Ақтөбе, Байқоңыр жəне Шоқпаркөл кеніштерінің, Орынбор-Ташкент теміржолының жұмысшылары толықтырды.1916 жылы қазанның соңында Амангелді басшылығымен 15 мың көтерілісші Торғай қаласын қоршады. Көтеріліске қарсы Лаврентьев басқарған 9 мың адамдық жазалаушы экспедициялық корпус жіберді. Көтерілісшілер Торғайды ала алмағасын Батпаққара жазығы мен Аққұм құмының маңына ірге теуіп, партизандық күрес әдісіне көшті.

Амангелдінің серігі, атақты мерген Кейкі батыр жасағы ерекше ерлік көрсетті. Амангелді сарбаздары Татыр, Шошқалы қопа, Күйік қопа, Доғал-Үрпек шайқастарында табанды қарсылық көрсетті. Доғал-Үрпек түбіндегі ұрыс жеңіліспен аяқталды. Патша өкіметі көтерілісшілерден аяусыз кек алды. 3000-ға жуық адам жазаланды. Жүздеген ауылдар тоналып, өртелді, жазықсыз адамдар атылды.

1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс отаршылдыққа қарсы сипатта болды. Орыс-украин қоныстары мен казак станицалары пайда болған аймақтардағы көтеріліс орыстарға қарсы сипат алды. Жетісу өңірінде қоныстанушылардың 94 елді мекені көтерілісшілердің шабуылына ұшырады. Ұлтаралық қақтығыс салдарынан 2,5 мыңнан астам орыстар мен украиндар қаза тапты және жараланды.

ІV Мемлекеттік думада А.Ф.Керенский патша үкіметін, Түркістан мен Дала өлкесінің отаршыл əкімшілігін сынады. Қостанай социал-демократиялық ұйымын құрушы, публицист С.Ужгин “Қарабалықтағы оқиғалар туралы сөз” деген үнқағазында көтерілісшілерді батылдыққа шақырды. Торғайда Н.Кротов көтерілісшілерді соғыс ісіне үйретіп, шайқас барысында жазалаушылардың қолынан қаза тапты. Е.Курев Қарқара көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі болды. Кәсіпкердің қызы С.Вербицкая көтерілісшілер жағында шайқасты.

Ұлт-азаттық қозғалысты жаныштау барысында патша өкіметі дала стратегиясын жүзеге асырды. 1916 жылы Қазақстан жеріндегі қазақтардың саны жарты млн-ға жуық кеміді. Көтерілістің жеңілуінің себептері: 1. Бытыраңқылығы, ұйымшылдықтың жеткіліксіздігі.

2.Əскери қарудың жеткіліксіздігі. 3. Жергілікті халық пен қоныстанушылар арасындағы қайшылықтар. 4.Ұлттық демократиялық зиялылар қатарында бірліктің болмауы.

Жетісудағы қозғалыс басшыларының бірі Бекболат Әшекеевті Боралдай асуында дарға асты. Қарқарадағы көтеріліс жетекшілерінің бірі Жəмеңке Мəмбетов абақтыға қамалып, 12 басшымен бірге азаптап өлтірілді. Ə.Бөкейханов: “Қазақ-қырғыз осы көтерілісте көп адамын өлтіріп, шаруасын күйзелтсе де, келешекте қандай ел екенін білдірді…Алыспаған, жұлыспаған бостандық атына мінбейді, бұғаудан босамайды, ері құлдықтан, әйелі күңдіктен шықпайды, малына да, басына да ие болмайды”- деп жазды.

Көтерілістің тарихи маңызы: 1.Қазақ халқының таптық санасы-сезімі өсті. 2.Қазақстан халықтары ұлттық мүдделерінің ортақтығын тұңғыш рет ұғынды. 3.Қозғалыс барысында өкімет құрылымы, қарулы күштер,басқару аппараты құрылды. 4.Империя құрамындағы отаршылдық құлдықтың бүкіл кезеңіндегі азаттық күресінің шырқау шыңы болды.

 

Конспект сұрақтар

1.1916 жылы Жетісудағы қозғалыстың ең ірі ошағы:

2.1916 жылғы Торғайды қоршаған көтерілісшілер саны:

3. Қазақстанда 1916 жылы болған ұлт-азаттық қозғалыстың басты қозғаушы күшін көрсетіңіз:

4. Ұлт-азаттық көтеріліс кезінде ерекше тактикамен күрес жүргізген қолбасшысы:

5.Абақтыға қамалып, азапталып өлтірілген көтеріліс жетекшісі:

6.Жазалау отрядтарының жанынан құрылды:

7.Жетісу көтерілісшілерін басқарды:

8.Жетісуда көтерілісшілер шабуылдаған қоныстанушылар мекені:

9.Көтерілістен кейін қазақтар саны кеміді:

10.Торғай көтерілісіндегі атақты мерген:

11.Торғайдағы көтерілістің басты ерекшелігі:

12.Тоқмақты қоршаған көтерілісшілер саны:

13.Түркістан өлкесінің генерал-губернаторы:

14.“Қазақ-қырғыз осы көтерілісте көп адамын өлтіріп, шаруасын күйзелтсе де, келешекте қандай ел екенін білдірді”-деп жазды:

15.“Қарабалықтағы оқиғалар туралы сөз” деген үнқағазын шығарған публицист:

3. Қазақстан Ресейдегі 1917 жылғы Ақпан революциясы мен Қазан төңкерісі кезінде

Буржуазиялық-демократиялық Ақпан революциясы тұсындағы Қазақстан

1917 жылғы ақпанда Ресейде буржуазиялық-демократиялық революция болып, монархия құлатылды. Майдан штабы жанындағы Қырғыз бөлімінің басшысы Ə.Бөкейханов: “Ресей халықтары үшін Туысқандық, Теңдік және Туысқандық күні туды. Жаңа үкіметті қолдау үшін қазақтардың бірігуі керек. Жаңа тәртіпті нығайту үшін басқа халықтармен туысқандық байланыстарды күшейту қажет.” деген үндеу жолдады. Ұлт-азаттық қозғалыс басшылары ұлттық автономия құратын, жалпыұлттық мәселелерді шешетін сәт туды деп санады.

1917 жылғы Ақпан төңкерісінің тарихи маңызы: патша өкіметінің геноцид саясатын тежеді, ұлт саясатында бостандықты, халықтардың теңдігін қолдайтынын мəлімдеді. Кемшіліктері: ұлттық-аймақтық өзін-өзі билеу құқығын беруден тартынды, отаршылдық басқару органдарын жоймады.

1917 жылғы наурыз, сəуірде әр жерде жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңестері құрылды. Кеңестермен бірге Уақытша үкімет органдары жұмыс істеді. Қазақстанда да қос өкімет орнады.

Орал, Верный, Ақмола, Əулиеата, Семейде қырғыз (қазақ) ұлттық

комитеттері құрылды.Уақытша үкімет реформашыл жолмен капитализмді дамытуға бет алу қажет деп санады. Ол ипериялық ұлт саясатын қайта қарауға қадам жасады. 1917 жылы 20 наурызда Ресей азаматтарының дін ұстануына, ұлтқа байланысты құқықтарын қандай да болсын шектеудің күшін жойды. Уақытша үкімет “бұратана жұмысшы жасақтарын” Отанына қайтару туралы шешім қабылдады.

Революциялық пиғылдағы жұмысшылар Кеңес арқылы Верный, Семей, Екібастұзда 8 сағаттық жұмыс күнін енгізуге, Кеңестердің бағдарламасына помещиктердің жерін тәркілеу туралы талаптарды қосуға күш салды. Ақпан революциясы патша өкіметінің геноцид саясатын тежеді.

Тыл жұмысшыларының орыс жұмысшыларымен, солдаттармен қарым- қатынаста болуы олардың саяси санасының өсуіне ықпал етті. Олар туған жерлеріне түрлі партиялардың мүшесі болып оралды. 1917 жылдың шілдесінде Верныйда “Қара жұмысшылар одағы” құрылды.

Сергиопольде 800 майдангер солдатпен тыл жұмысына алынған қазақтар “Солдаттардың орыс-мұсылман ұйымын” ұйымдастырды. Петропавлда “Жас арбакештер одағы” құрылды. Тыл жұмысшыларының бұқарасы Уақытша үкіметке қарсы оппозицияның әлеуметтік тірегіне айналды.

Ұлттық демократияшыл зиялылар ұлт азаттығы идеясын таратушы, ұлттық сананы оятушы, отаршылдыққа қарсы күреске дем беруші болды. Ол күресті Ресей либералдық-демократиялық қозғалысының қайраткері, бұрынғы кадет партиясының мүшесі болған Ә.Бөкейханов басқарды. А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Ə.Ермеков,Ж.Ақбаев, Ж.Досмұхамедов, Х. Досмұхамедов оның пікірлес серіктері болған. Қазақ халқын отарлық езгіден азат ету, эволюциялық-конституциялық жолмен автономиялық ұлттық мемлекет құру идеясы қоз ғалыстың негізгі өзегіне айналды.

1917 жылғы сəуірдегі Жетісу облыстық съезінде қаралған мəселелер:

− Халықты азық-түлікпен жабдықтау.

− Өзін-өзі басқару.

− Сот ісін жүргізу.

− Салық салу.

− Білім беру жəне ағарту ісі.

− Аграрлық мəселе.

− Босқындарды Қытайдан қайтару.

o Қазақ-орыс қатынастарын реттеу. Съезд “Облысқа сырттан әкеліп қоныстандыруға жол бермеу қажет” деп шешті.

1917 жылғы 21-26 шілдеде Орынбор жалпықазақ съезі болып, оған Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана, Ішкі Бөкей Ордасынан делегаттар қатысты. Қаралған мəселелер:

− Мемлекеттік басқару формасы

− Қазақ облыстары автономиясын құру

− Жер мəселесі

− Халық милициясын құру

− Білім беру

− Сот ісі

− Рухани-діни мəселе.

− Жетісудың ашыққан халқына көмек ұйымдастыру.

− Қытайдағы 83 мың қазақ босқындары туралы.

”Алаш” саяси партиясын құрып, оның бағдарламасын жасау қажет деп тапты. Қазақ облыстары ұлттық-аумақтық автономия алуға тиіс деген қарар қабылданды.

 

1917 жылы мамырдағы мұсылмандардың Бүкілресейлік съезінде Ресейдің мемлекеттік құрылыс формасы мен әйелдер мәселесі қызу талқыланды. Қаралған мəселелер:

− Көп əйел алушылық пен қалыңмалға қарсылық

− 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу

− Міндетті жəне тегін жалпыға бірдей ана тілінде бастауыш білім беруді енгізу.

250 молданың қарсылығына қарамастан “Мұсылман əйелдері саяси жəне азаматтық құқықтары жағынан ерлермен тең болуға тиіс” деген қарар қабылданды.

1917 жылғы қыркүйекте тұңғыш мұсылман партиясы -Түркістан федералистер партиясы құрылды. 1917 жылы Әулиеата мен Меркеде “Қазақ жастарының революцияшыл одағы” құрылды. Ақмолада “Жас қазақ” ұйымы жұмыс істеді.


<== previous lecture | next lecture ==>
Есім хан (1598-1628) 9 page | Есім хан (1598-1628) 11 page
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.136 s.