![]() |
Есім хан (1598-1628) 11 pageDate: 2015-10-07; view: 4698. 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін Қазақстанның солтүстік облыстарында кадеттер ұйымы жұмысын жандандыра түсті. Кадеттер бөлінбес біртұтас Ресейді, конституциялық монархияны қалыптастыру саясатын жақтады. Семейде кадеттер ұйымы “Свободная речь” газетін шығарып тұрды. Кадет партиясына мүше болған Ə. Бөкейханов бұл бағдарламамен келіспейтіндіктен, партия қатарынан шықты. 1917 жылғы көктемде өлкеде эсерлер ұйымы құрылды. “Жер оны өңдейтіндерге берілсін”, “Жер - бүкіл халықтың меншігі” ұрандарын көтерді. Патша өкіметінің отарлау саясатын айыптады. 1917 жылдың жазына қарай Черняев Кеңесінен басқа барлық Кеңестер эсерлердің қолында болды. Сонымен қоса казак партиясының бөлімшелері Орал, Атырау, Петропавл, Павлодар, Көкшетау, Семейде жұмыс істеді. Конспект сұрақтар 1.1917 жылы құрылған тұңғыш мұсылман партиясы: 2.1910-1917 жж. А.Байтұрсынов қай қалада тұрған: 3.Қай газетте «Алаш» партиясының бағдарламасының жобасы жарияланды: 4.Кадеттер ұйымының ұстанған саясаты: 5.Мұсылмандардың Бүкілресейлік съезінде қарсы шықты: 6.Орынбор жалпықазақ съезі өткізілген мерзім: 7.Патша өкіметінің геноцид саясатын тежеген тарихи оқиға : 8.Революцияшыл күштердің талабы: 9.Ресейдегі монархия құлатылған мерзім: 10.Уақытша үкіметтің 1917жылы 20 наурыздағы шешімі: 11.Эсерлер ұйымы құрылған мерзім: 12.Қырғыз (қазақ) ұлттық комитеттері құрылған қалалар: 13.Ұлттық демократияшыл зиялылар таңдаған қоғамдық даму жолы: 14.“Жас арбакештер одағы” құрылған қала: 15.“Облысқа сырттан әкеліп қоныстандыруға жол бермеу қажет” деп шешім қабылданды: 4.Қазақстан 1917 жылғы Қазан төңкерісі кезінде Бұрынғы империядан Уақытша үкіметке ауыр мұра қалды: таптық, əлеуметтік, экономикалық, ұлттық, діни қайшылықтар. Империалистік соғыс ұзаққа созылып кетті. Уақытша үкімет ұлт мәселесін, аграрлық мәселені түбегейлі шешіп бере алмады. Елге ашаршылық қаупі төнді.Еңбекшілердің Уақытша үкімет саясатына наразылығы күшейді. Сырдария, Жетісу облыстарының тұтас аудандарын аштық жайлады. Жұмысшы, солдат, шаруа депутаттары Кеңестерінің ықпалы барған сайын арта түсті. 1917 жылғы мамырда Семей облысындағы Даубай кенішінде, Риддерде жұмысшылар ереуілі болып өтті. Жұмысшы депутаттары Кеңестерінің бастамасымен Петропавл, Семей, Орал, Перовскінің кәсіпорындарында, кен зауытында, мұнай өнеркәсібінде 8 сағаттық жұмыс күні енгізілді. Уақытша үкіметтен жер де, астық та алмаған шаруалар аграрлық мəселені өздерінше шеше бастады. Болыстар мен ауылнайлардың жері мен малын күшпен тартып алды. Верный уезінің болыстарында болыстарды орнынан түсіріп, байлардың көп малын айдап кетті. Қарқаралы, Павлодар уездерінде Бөкей Ордасында қазақ шаруаларының бой көрсетулері болды. 1917 жылғы 29 тамызда Перовск Кеңесі бүкіл өкімет билігін Кеңестерге беру қажеттігі туралы қарар қабылдады. Семейде бүкіл өкімет билігі Кеңестерге берілгендігі туралы қарар қабылданды. Черняев, Әулиеата Кеңестері де оындай көзқарас ұстанды. 1917 жылдың күзіне қарай революциялық өрлеу қуатты серпін алды. Темір, Қостанай, Петропавл уездерінде, Бөкей даласында, Жетісу, Сырдария, Ақмола облыстарында шаруалардың жаппай бой көрсетулері көбейді. Перовскіде солдатқа алынғандар əйелдерінің манифестациясы өтті. Павлодар, Петропавл, Верный, Əулиеатада еңбекші əйелдердің бой көрсетулері болды. 1917 жылғы 22 қарашада Қоқан қаласында Бүкілтүркістандық төтенше ІV сьезд ашылды. Съезді ашқан Мұстафа Шоқай: “ Орталықта болып жатқан оқиғалар шет аймақтарды өзін-өзі қорғаудың және ұлы ұлттық төңкерісті құтқарудың жайын ойлауға мәжбүр етуде”- деп мәлімдеді. Съезде Түркістан үкіметі – Уақытша Кеңестің құрылғанын жариялады. Министр-төраға және ішкі істер министрі болып М.Тынышбаев сайланды. Кейін оны М.Шоқай алмастырды. Жаңа мемлекеттік құрылым Түркістан автономиясы деп аталды. Ислам -мемлекеттік дін деп танылды. 1917жылғы қарашада Қоқанда мұсылмандардың манифестациясы болды. Ташкентте Жәми мешітінде мыңдаған адам қатысқан митинг өтті. Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесі орталыққа: "Қоқанда кертартпа тап өкілдері Түркістан өлкесінің автономиясын жариялады" деп хабарлады. 1918 жылы қаңтарда Ташкент Кеңесі мұсылман үкіметін жоймақшы болып ұйғарды. Қызыл жұмысшылар отрядтары, армян партиясының милиция отрядтары, Ташкент гарнизонының бөлімі Қоқанға аттандырылды. 5 ақпанда Қоқан қаласы шабуылмен алынып, өртелді. 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда жалпықазақ съезі өткізілді. Съезде қазақ халқының автономиясы туралы мәселе қаралды. 1. Аумақтық - ұлттық автономия құру. 2. Қазақ (қырғыз) облыстарының автономиясына Алаш атауын беру. 3. Автономиялы Алаш облыстарының аумағын Алаштың мемлекеттік меншігі деп жариялау. 4. Алаш автономиясының барлық мекемелерінде барлық ұлттардан өкілдер болуы тиіс. 5. Алашорда Уақытша Халық Кеңесін 25 мүшеден құрып, оның 10 мүшесін орыс жəне басқа халық өкілдерінен сайлау. 6. Алашорданың уақытша орталығы етіп Семей қаласын таңдау. Алашорда Кеңесінің төрағасы болып Ə.Бөкейханов сайланды. 1917 жылы “Қазақ” газетінде “Алаш” партиясы бағдарламасының 10 бөлімдік жобасы жарияланды. Бұл құжатта партияның мемлекеттік құрылыс, қорғаныс, дін, ғылым мен ағарту, аграрлық мәселелер көрсетілді. “Алаш” партиясы сол кездің нақты мүмкіндіктерін ескере отырып, қазақ халқы дамуының балама жолын ұсынды.
1917 жылғы қараша мен 1918 жылғы қаңтар аралығында өткен сайлау қазақ еңбекшілерінің көпшілігі «Алаш» партиясының бағдарламалық талаптарын қолдайтынын көрсетті. Жетісу губерниясында – 57,5%, Семей уезінде - 85,6%, Торғай, Орал губернияларында - 75% жинады. Билеуші партияға айналған большевиктер Алашордамен тіл табысу жолдарын қарастырмады. Əр түрлі саяси күштердің билік жолындағы тайталасы басталды. “Алаш” партиясы өкімет билігі жолындағы күресте большевиктерге оппозиция болды. Конспект сұрақтар 1.1917 жылы аштық жайлаған облыстар: 2.1917 жылғы 22 қарашада құрылған мемлекеттік құрылым: 3.8 сағаттық жұмыс күні енгізілді: 4.Мемлекеттік Думаға М.Тынышпаев қай облыстың атынан депутат болып сайланды: 5.Қай жылы Әулиеатада, Меркеде «Қазақ жастарының революцияшыл одағы» құрылды: 6.Қай қалада 1917 жылы қарашада Бүкілтүркістандық IV төтенше съезді ашылды: 7.Большевиктерге оппозиция болған партия: 8.Орынбордағы жалпықазақ съезінде қаралған мәселе: 9.Революциялық өрлеу қуатты серпін алған кез: 10.Түркістан автономиясы жойылды: 11.Қазақ шаруаларының бой көрсетулері болған жерлер: 12.“Алаш” партиясы бағдарламасындағы бөлім саны: 5. Кеңестер Қазақстанда. Азамат соғысы. 1920 жылдардың алғашқы жартысындағы Қазақстан. Қазақстанда кеңес билігінің орнауы 1917 жылдың қазанынан 1918 жылғы наурыздың басына дейін Кеңес өкіметі байтақ Ресейге билігін орнатты. Қазақ даласында Кеңес билігі алдымен теміржол бойындағы қалаларда орнады. 1917 жылғы қазанда Перовскіде (Қызылорда) Кеңес өкіметі орнады. 1917жылы қарашада Әулиеата, Черняев қалаларында билік Кеңестің қолына көшті. 1917 жылғы 15-22 қарашада Ташкентте өлкелік съезд өткізілді. Съезде Түркістан өлкесінде “Түркістан Халық Комиссарлар Кеңесі” орнағаны айтылды. Кеңестің 14 адамдық құрамында мұсылман өкілі болмады. Атаман А.Дутовтың казактар тобы, Алашорда үкіметі, меньшевиктер, эсерлер орталық Кеңес өкіметіне қарсы бірікті. 1918 жылғы қаңтарда Қостанай Кеңестер съезі бүкіл уезде Кеңес өкіметін орнату туралы шешім қабылдады. 1918 жылдың басында Ырғыз және Торғай уездерінде Кеңес өкіметі жеңді. Ақмола даласы мен Атбасар, Қызылжар, Көкшетауда Кеңес өкіметі орнауына Батыс Сібірдің Уақытша Революциялық Комитеті ықпал жасады. 1918 жылдың қаңтарында Павлодар Кеңесі Қызыл гвардия отрядының қолдауымен өкімет билігін өз қолына алды. Семей большевиктеріне көмекке Новониколаевскіден (Новосібір) өкілдер келді. Ревкомның басшылығымен Кеңеске қайта сайлау өткізілді. 1918 жылғы ақпанның 16-нан 17-сіне қараған түні Семейде өкімет билігі Кеңестің қолына көшті. Бұл жағдай Өскеменде, Қарқаралыда, Зайсанда, Шығыс Қазақстанның өзге елді мекендерінде Кеңес өкіметінің орнатылуын қамтамасыз етті. 1918 жылғы қаңтарда Оралда Кеңес өкіметі қиын жағдайда орнатылды. Контрреволюциялық күштер 1918 жылы наурыздың 28-нен 29-ына қараған түні төңкеріс жасады. Атқару комитетінің 60-қа жуық мүшесі қамауға алынып, көпшілігі ақ гвардияшылардың қолынан қаза тапты. Кеңес өкіметі Оралда азамат соғысы жылдарында ғана біржола орнатылды. Жетісуда таптық күштер арасында соғыс жағдайы енгізілді.1918 жылы наурыздың 2-сінен 3-не қараған түнде революцияшыл күштер көтеріліс жасады. Көтерілісшілер юнкерлер мен алашорда милициясын қарусыздандырды. Верныйда Кеңес өкіметі жеңді. 1918 жылғы наурызда Жетісу облысында Кеңес өкіметі жеңіп шықты. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауына байланысты ескі буржуазиялық-помещиктік мемлекеттік аппаратты қиратып, жаңа өкімет органдарын құру басталды. Жергілікті жерлерде шаруа Кеңестері, Халық шаруашылығы кеңестері, аудандық жер-су комитеттері құрылды. Кеңестердің атқару комитеттері жанынан денсаулықсақтау,əділет,қаржы,ағарту, жер, өнеркəсіп бөлімдері ұйымдастырылды. Бұл шаралар Кеңес өкіметі жауларының қарсылығын туғызды. Сондықтан іріткі салу жəне ішкі контрреволюцияға қарсы күресу үшін қазақ жерінде Бүкілресейлік төтенше комиссиясы (БТК) органдары құрылып, қызыл террор енгізілді.
Бұның бәрі революцияның түпкілікті мақсаттарын бұрмалады. 1918 жылғы наурыз, сəуірде Орынборда Кеңестердің Торғай облыстық І съезі болды. Съезд Қызыл Армия бөлімдерін құру және жергілікті өкімет органдары туралы шешім қабылдады. Жер және азық мәселелері қаралды. 1918 жылғы наурызда Кеңестердің Ақмола уездік съезі (С.Сейфуллин, А.Асылбеков) Алашорда автономиясын теріске шығарған қарар қабылдады. Торғай облыстық Кеңестер съезі қаулысымен Алашорданың “Қазақ” газеті жабылды. 1918 жылғы 20 сəуірде Ташкентте Түркістан өлкесі Кеңестерінің төтенше V съезі өтті. Съезд Түркістан автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын жариялады. Республика құрамына Сырдария, Жетісу облыстары енгізілді. Бұл кеңестік Шығыстағы тұңғыш кеңестік ұлттық мемлекет болып саналады. Ұлтаралық қайшылықтар саясатын жоюда шұғыл шаралар белгіленді. Қазақ, ұйғыр, орыс қатынастарын жақсартуға ұлт істері жөніндегі облыстық комиссардың орынбасары А.Розыбақиев зор үлес қосты. Большевиктер партиясы мен Кеңес үкіметі Қазақ АКСР-ін құруға əзірлікке кірісті. Алайда Қазақ АКСР-ін құру жөніндегі жұмыстар шетелдік интервенция мен азамат соғысының басталып кетуінен тоқтап қалды. Кеңес өкіметі өлкедегі ірі өнеркəсіпті, банкілерді,тасымал жолдарын мемлекет қарамағына алды. Кəсіпорындарда 8 сағаттық, шахталар мен кеніштерде 6 сағаттық жұмыс күні енгізілді. Капиталистер мен патша шенеуніктерінің иелігіндегі 3,5 млн. десятина жер кедей шаруаларға қайтарылды. Большевиктер “жоғарыдан” коммуналар мен ауылдарды көбейтуді жүзеге асырып, орташаларды социализмге күштеп енгізбек болды. Елде азық-түлік дағдарысы тереңдеп, азық диктатурасы енгізілді. Жер алғанымен, шаруалардың өз еңбегінің нəтижесіне еркін билік ету құқығы болмады. Сібірге, Ақмола, Семей облыстарына, Қостанай уезіне азық отрядтары жіберілді. 1918 жылдың қаңтар – наурыз айларында Петроградқа жəне басқа орталық аудандарға 6 млн. пұтқа жуық астық жіберілді. Түркістан республикасының ашыққан халқына 200 вагон астық көмек берілді. Экономикалық саясатта ақшасыз тауар айырбасы жетекші орын алды. 1918 жылдың көктемінде Семей, Ақмола облыстарында көтерме-бөлшек сауда жойылып, оның міндеттері азық комитетіне берілді. Азық халық комиссариатының есептеу-бөлу органы кооперация түрінде болды. Капиталға шабуыл кезеңінде қанаушыларды байлығынан айыру, жеке меншікті жою бағыты басым болды.Халық шаруашылығының негізінде теңестіре бөлу ұстанымын алған “əскери-коммунистік” құрылғы пайда болды. Елде социализмнің қоғамдық- әлеуметтік алғышарттары туралы түсінік айқын емес еді. Пролетариат диктатурасы, революциялық күштеу, мемлекеттің жаңа үлгісі арқылы социализм орнату туралы бұрмаланған түсінік орнықты. Конспект сұрақтар 1.1918 жылы азық комитеттері құрылған облыстар: 2.1918 жылғы ақпанның 16-нан 17-не қараған түні Кеңес өкіметі орнады: 3.1918-1920 жылдардағы азамат соғысында шамамен қанша адам қаза тапты: 4.Б.Қаратаев азамат соғысы кезінде қазақ атты әскер бригадасының қай бөлімінің меңгерушісі болған: 5.Бүкіл республикаға күшті әсер берген Батпаққарада болған көтеріліске Қазақ өлкелік комитет қандай баға берді: 6.Іріткі салу жəне ішкі контрреволюцияға қарсы күресу үшін құрылған орган: 7.Жетісу облысында Кеңес өкіметі орнаған мерзім: 8.Капиталға шабуыл кезеңінде пайда болған құрылғы: 9.Кедей шаруаларға қайтарылған жер көлемі: 10.Кеңес өкіметіне қарсы біріккен күштер: 11.Кеңестік Шығыстағы тұңғыш кеңестік ұлттық мемлекет: 12.Оралда Кеңес өкіметі біржола орнады: 13.Түркістан республикасына көмекке жіберілді: 14.Ырғыз , Торғай уездерінде Кеңес өкіметі орнады: 15.Қазақ даласында Кеңес билігі алдымен орнады: 16.Қазақ АКСР-ін құру жөніндегі жұмыстардың тоқтап қалу себебі: 17.Қызыл Армия бөлімдерін құру мәселесі қаралды: 18.“Қазақ” газеті жабылды: 6. Қазақстан шетелдік интервенция және азамат соғысы жылдарында (1918 – 1920 жж.) Азамат соғысы - мемлекет ішінде билік үшін сол ел азаматтарының өзара соғысы. 1918 жылы ақтар большевиктерге қарсы азамат соғысын бастады. Ақ легионерлер 1918 жылы мамырдың соңында Петропавлды, маусымда Көкшетау, Ақмола, Омбы, Павлодар, Семей, Қостанайды басып алды. 1918 жылы маусымда атаман А.Дутов Орынборды басып алып, Қазақ өлкесін Орталық Ресеймен байланыстыратын темір жолды кесіп тастады. Ақгвардиялық “Сібір үкіметін” ресми түрде таныған Алашорда үкіметі атаман Дутовпен бірігіп, Кеңес өкіметіне қарсы шықты. Антанта Чехословак корпусын бүлік шығаруға айдап салды. Тамызда Иран мен Каспий сыртына ағылшын әскері енгізілді. Орта Азия мен Қазақстанды интервенттер мен ақгвардияшылдардың басып алу қаупі төнді. 1918 жылғы наурызда ақ гвардияшылар Орал қаласын жаулады. Сəуірде оларға қарсы “Ерекше армия” құрылды.1918 жылғы қарашада “Сібір армиясының” Екінші Жеке Дала корпусы Ташкентті басып алу мақсатымен Жетісу майданына атаман Анненковтың дивизиясын жіберді. Солтүстік Жетісуда табан тірескен ұрыстар өршіді. Кеңестер Түркістан мен Қазақстанда “Мұсылман бөлімдері” деп аталған әскери бөлімдер құрды. 1920 жылы Түркістанда байырғы халықты əскерге тұңғыш рет күштеп жинау басталды. 1920 жылдың соңында Бөкей Ордасында, Орал, Торғай облыстарында 37 əскер бөлімдері құрылды. Әскер бөлімдерін құру ісін ұйымдастырғандар: 1.Дала өлкесінің төтенше комиссары Ə.Жангелдин 2.Торғай уезінің əскери комиссары А.Иманов 3.Қазақ атты əскер бригадасы саяси бөлімінің меңгерушісі Б.Қаратаев. Əскери бөлімшелердің командирлері мен комиссарлары-Т. Əлиев, А.Асылбеков,С.Арғыншиев, Б.Алманов, Ж.Жəнікешев, М.Масанчи, А.Розыбакиев, О.Исаев, А.Оразбаева.
1919 жылғы қаңтарда Орынбор мен Орал азат етілді. Бұл Кеңестік Ресейдің Қазақстан жəне Орта Азиямен тікелей байланысын қалпына келтіруге мүмкіндік берді.1919 жылғы көктемде Антантаның Кеңес еліне біріккен жорығы басталды. Басты соққыны Колчактың ақ гвардияшыл əскерлері берді. Ақ гвардияшыларға қарсы партизан қозғалысы өрістеді. Партизан қозғалысына басшылық еткендер: 1.Қостанай уезінде Мәскеудегі Қазан қарулы көтерілісіне қатысушы М.Летунов. 2.Қара теңіз әскери флотының бұрынғы матросы Г.Муляр. 3.Қысқы Сарайға шабуылға қатысқан А.Миронов. 4.Торғай депутаттар Кеңесінің мүшесі К.Иноземцев. 5.Үш революцияға да қатысқан, Қостанай төтенше комиссиясының төрағасы И.Эльбе. 6.Әскерден қайтқан А.Жиляев. 7.Кеңарал болысында 1916 жылғы қозғалыс жетекшілерінің бірі Өтеп Ыбыраев. 8.Ой болысында Кəкімжан Саркин. Черкасск қорғанысы 1918 жылғы маусым–1919 жылғы қазан аралығында болды. Черкасск қорғанысы Солтүстік Жетісуда Кеңес өкіметін орнатуда үлкен рөл атқарды. Шаруалар
Колчак тобына шабуылдап, 1919 жылғы сəуірде Қостанайды азат етті. Бірақ жақсы қаруланған Колчак отрядтары Қостанайды қайта жаулап алды. Қазақ жеріндегі Колчак əскерін талқандау Шығыс майданының Солтүстік жəне Оңтүстік топтарына жүктелді. 1919 жылғы маусымда М.В.Фрунзе басқарған Оңтүстік топ əскерлері Уфаны азат етті.1919 жылғы шілдеде 25-Чапаев дивизиясы мен қазақ атты əскер бригадасы Оралды жау қоршауынан босатуға қатысты.1919 жылдың жазында Қызыл Армия Колчак тобын Оралдан асыра қуып тастады. Түркістан майданының 1- армиясы колчакшыларға қарсы Ақтөбе бағытында шабуылдады. Оларға Арал теңізі жағынан Ақтөбе майданының бөлімдері қолдау көрсетті. 1919 жылғы қыркүйекте 1-армия Ақтөбе майданымен Мұғалжар станциясында түйісті. Нəтижесінде Түркістан Орталық Ресеймен қайта қосылды . 1919 жылдың соңында Орал облысы толық азат етілді. 1920 жылғы 5 қаңтарда Түркістан майданының əскерлері Атырау алды. Орал майданы жойылды. 1919 жылғы күзде Шығыс майданның 5-армиясы (қолбасшысы М.Н.Тухачевский) Солтүстік жəне Шығыс Қазақстанды азат етіп, Петропавл, Ақмоланы жаудан босатты. 1919 жылғы қарашада Семейде Колчак өкіметі құлатылып, Кеңес өкіметі қайта орнады. 1920 жылғы наурыздың соңына қарай Семей облысының солтүстігі азат етіліп, Жетісу майданы жойылды. Азамат соғысының барысында Кеңес үкіметі Алашордамен келіссөз жүргізді. Ақ гвардияшылар мен интервенттер тарапынан болған қатігездік пен зорлық “Алаш” өкілдерін Кеңес өкіметі жағына итермеледі. А.Байтұрсынұлы “Төңкеріс жəне қазақтар” мақаласын жазып, ұлттық келісім тактикасына қол жеткізді.
1919 жылғы 4 сəуірдегі Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің қаулысында Алашорда мүшелеріне кешірім жарияланды. 1919 жылғы желтоқсанда Александров- Гай-Ембі темір жол желісі салынды. Орал-Ембі мұнайлы ауданы Орталық Ресеймен жалғастырылды. Жетісу темір жолының Петропавл- Көкшетау темір жол желісі салынды. Елдің ашыққан облыстарының халқын астықпен қамтамасыз етуге мүмкіндік туды. Ел экономикасы майдан мұқтаждарына жұмыс істеді. Астық дайындау мен бөлу монполиясына 1919 жылы қаңтарда азық салғырты қосылды. Өлкеніңадам жəне материал байлықтарын игеру күштеу əдістерімен жүргізілді. Ұсақ өндірушілер майдагерлік артельдерге біріктірілді. Жұмыс күшін есепке алу мен бөлу жүйесі енгізілді. Егістіктерді суландыру, жол салу, отын дайындау, жүк тасу жұмыстарына еңбек салығы енгізілді. Еңбек міндеткерлігі бойынша шақырылған адамдардан жаңа батальондар мен роталар құрылды. 1920-1921 жылдары еңбек армиясында 6 мыңға жуық адам болды. Өлкеге азық-түлік дайындауға орталықтан 11500-ге жуық жұмысшы келді. Әскери коммунизм саясаты жергілікті бюджетті жойып, бірыңғай мемлекеттік бюджетке қосудан, ұсақ және майдагерлік өнеркәсіпті мемлекет меншігіне алудан көрініс берді. Империалистік және азамат соғысы экономикалық дағдарыс туғызды. Кəсіпорындардың көпшілігі жұмыс істемеді. 1913 жылмен салыстырғанда мұнай өндіру 4 есе, көмір өндіру 5 есе қысқарып, мыс өндіру мүлде тоқтады. Риддер кеніштері, Екібастұз көмір шахталары, Спасск байыту фабрикасы толық істен шықты. Кеңес өкіметі еңбекшілер жағдайын жеңілдетуге ұмтылып, тіршілікке қажеттіні коммунистік негізде бөлуді ойластырды. Алайда зорлыққа негізделген азық саясаты сәтсіздікке ұшырады. Қостанай, Ақмола, Орал, Семейде көтеріліс ошақтары пайда болды. 1921 жылғы ақпанда 25 мың адамдық отряд Петропавлда Кеңес өкіметі органдарының үйін қиратты. Сібір мен елдің орталығы арасындағы теміржол қатынасы үш апта бойы тоқтап қалды. 1921 жылғы наурызда Оралда 10 мыңнан астам бүлікші көтерілді. Қарқаралы уезінде 70-тен астам партия жəне кеңес қызметкерлері көтерілісшілер қолынан қаза тапты. Ұсақ тауарлы өндіріспен айналысатын шаруалар мүдделерін ескеретін жаңа экономикалық саясат керек екені айқындала түсті.
|