![]() |
Есім хан (1598-1628) 12 pageDate: 2015-10-07; view: 4481. Азамат соғысының қырғынында 8 млн. адам қаза тапты. Атамандар Дутов пен Анненковтың казактары ерекше қатыгездік көрсетті. Атаман Анненков әсіресе Солтүстік Жетісуда ерекше құтырынды. 1918 жылдың соңында үш күннің ішінде Лепсі уезінің Петровский, Пятигорское, Подгорное қоныстарын тонап, өртеп жіберді. Конспект сұрақтар 1.1918 жылы атаман А.Дутов басып алған қала: 2.1918 жылғы қарашада Жетісу майданына жіберілді: 3.1919 жылы 1-армияның Ақтөбе майданымен түйіскен жері: 4.1919 жылғы қаңтарда енгізілді: 5.1920 жылы құрылған əскер бөлімдерінің саны: 6.1920-1921 жылдары еңбек армиясында болған адам саны: 7.70-тен астам партия жəне кеңес қызметкерлері қаза тапты: 8.Азамат соғысынан кейін мүлде тоқтаған өндіріс саласы: 9.Азамат соғысында ерекше қатыгездік көрсетті: 10.Александров- Гай-Ембі темір жол желісі салынған мерзім: 11.Дала өлкесінің төтенше комиссары: 12.Жетісу майданы жойылды: 13.Ой болысындағы астыртын жұмысты ұйымдастырушы: 14.Оралдың Колчак тобынан босатылған мерзімі: 15.Ресейдің Қазақстан жəне Орта Азиямен тікелей байланысын қалпына келтірген жағдай: 16.Черкасск қорғанысы болған аймақ: 17.“Төңкеріс жəне қазақтар” мақаласын жазды:
7. Қазақтың ұлттық мемлекеттігінің қайта қалпына келтірілуі
1919 жылғы 10 шілдеде Қырғыз (Қазақ) өлкесін басқару жөніндегі революциялық Комитет құрылды. Құрамы: Астрахань губерниясының қазақтар тұратын бөлігі, Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстары. Ол өлкедегі ең жоғарғы əскери-азаматтық басқарма болып саналды. Қазревком басшысы - С.Пестковский. Мүшелері - В.Лукашев, Ə. Жангелдин, А.Байтұрсынұлы, М.Тұнғаншин, С.Меңдешев, С.Сейфуллин, В.Радус-Зенькович, А.Авдеев, Б.Қаратаев, Ə.Əйтиев, Ə.Əлібеков, С.Арғыншиев, Х.Ғаббасов, Т.Седельников. Қазревком міндеттері: 1.Контрреволюция мен интервенцияға қарсы күресу. 2.Өлкеде мемлекеттік,шаруашылық, мəдени құрылыс үшін жағдай жасау. 3. Кеңестердің Құрылтай съезін əзірлеу. Қазревком қазақ жерлерін біріктіру жөнінде жұмыстар атқарды. Қазревкомның органы - “Ұшқын” газеті шығарылды. 1920 жылғы 9 наурызда өзін “Қазақ елінің үкіметі” деп атаған Алашорданы тарату туралы Қазревком шешімі қабылданды. 1920 жылғы 20 тамызда “Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы” декрет шықты. Астанасы -Орынбор қаласы (1920-1924жж). 1920 жылы 4 қазанда Орынборда Қырғыз (Қазақ) АКСР Кеңестерінің Құрылтай съезі өткізілді. РКФСР құрамындағы Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы жарияланды. Қазақ халқының ұлттық мемлекетінің шаңырағы қайта көтерілді. Жоғарғы өкімет органдары сайланды: 1.Орталық Атқару Комитеті, төрағасы – С.Меңдешев. 2.Халық Комиссарлары Кеңесі, төрағасы - В.Радус-Зенькович. “Қазақ АКСР еңбекшілері құқықтарының декларациясы” қабылданды. Қырғыз (қазақ ) әcкери-революциялық комитеті жанынан арнаулы комиссия құрылып, республика шекарасын белгілеумен айналысты. Отаршылдық пиғылдағылар Қазақстанға Ақмола, Семей, Орал облыстарының қосылуына қарсы шықты. Басқа біреулер республика құрамына Омбы облысын, Орта Азияның көп бөлігін, Барнаул уезін, Алтай өлкесін қосуды көздеді. Орынборды Қазақстан құрамына енгізудің маңызы зор болды. Қостанай аймағын республика құрамына қосу қажеттігін А.Байтұрсынұлы мен М.Сералин жан-жақты дəлелдеді. Батыс Сібірге еніп келген Ақмола мен Семей облыстары Қазақстан құрамына енгізілді. Ə.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы, Ə.Ермеков, М.Сералин ол жерлердің ежелден қазақтікі екенін дәлелдеді.
ҚАКСР құрамына енгізілген аймақтар: 1.Семей облысы – Павлодар, Семей, Өскемен, Зайсан, Қарқаралы уездері. 2.Ақмола облысы – Атбасар, Ақмола, Көкшетау, Петропавл уездері жəне Омбы уезінің бір бөлігі. 3.Торғай облысы - Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз, Торғай уездері. 4.Орал облысы – Орал, Ілбішін Темір, Атырау уездері. 5.Маңғыстау уезі, Закаспий облысы Красноводск уезінің 4, 5-адай болыстары 6.Астрахань губерниясының бір бөлігі (Каспий теңізінің солтүстік шығысы). 7.Бөкей Ордасы жəне Каспий теңізі жағасындағы округтерге жақын жатқан болыстар. 1921 жылы Ақмола жəне Семей облыстары Сібір ревкомы қарамағынан ҚазАКСР-іне берілді. 1921 жылы Жайық, Ертіс өзендері бойындағы бұрын казактар иеленіп келген 10 шақырымдық өңір қазақ халқына қайтарылды. Орта Азияны ұлттық-мемлекеттік жағынан межелеу барысында қазақ жерінің біртұтас Қазақ республикасы болып қалыптасуы аяқталды. Сырдария облысының Қазалы, Ақмешіт, Түркістан, Шымкент уездері, Əулиеата уезінің көп бөлігі, Ташкент, Мырзашөл уездерінің бір бөлігі, Самарқан облысы, Жизақ уезінің бірнеше болысы, Жетісу облысының Алматы, Жаркент, Лепсі, Қапал уездері, Пішпек уезінің бір бөлігі Қазақстанға қарады. Республика аумағы – 2,7 млн. шаршы шақырым (1/3-дей кеңейді). Халқы – 5 млн. 230 мың (1 млн. 468 мыңға көбейді). Қазақтар – 61,3% (1926 ж. санақ). 1925 жылғы сəуірде Кеңестердің бүкілқазақстандық V съезінде “қырғыз-қазақ” атауы берілді. 1924 жылы астана – Қызылордаға, 1929 жылы Алматыға көшірілді. Конспект сұрақтар 1.10 шақырымдық жер қайтарылған өңір: 2.1919 жылы құрылған ең жоғарғы əскери-азаматтық басқарма: 3.ҚазАКСР-ның тұңғыш астанасы: 4.Қазақстанның аймақтарын біріктіруде қазақтардың мүддесін жақтаған ірі тұлғаны көрсетіңіз: 5.Қай жылы Алашорданы тарату жөнінде шешім қабылданды: 6.Көкшетау, Петропавл жəне Омбы уезінің бір бөлігі мына облыс құрамында болды: 7.Қазақ халқына “қырғыз-қазақ” атауы берілді: 8.Қазревкомның органы: 9.Қостанай аймағын республика құрамына қосуда еңбек етті: 10.Қырғыз (Қазақ) АКСР-і құрылған мерзім: 11.“Қазақ АКСР-інің құрылғандығы жарияланды: 8. Жаңа өмірдің қиындықтары
1921 жылғы шілдеде Орынборда Қазақстан комсомолының І съезі өтті. Ғани Мұратбаев (1902-1924) Қазақстан мен Түркістандағы дарынды комсомол ұйымдастырушысы болды. Ол Түркістан комсомолы Орталық Комитеті Қырғыз (Қазақ) бюросының тұңғыш төрағасы болып сайланды. Өмірінің соңғы жылдарында Коммунистік жастар интернационалы Шығыс бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етті. Əйелдер қозғалысының көрнекті қайраткерлері - Н.Құлжанова, Ш.Иманбаева, С.Есова. Ауылдарда “Қызыл отаулар” ағарту жұмысының орталықтарына айналды. 1925 жылы ақпанда Қырғыз облыстық партия ұйымы өлкелік партия ұйымы болып өзгертілді. 1923 жылғы 22 қарашада Қазақстан Орталық Атқару Комитеті “Қырғыз (Қазақ) тілінде іс жүргізуді енгізу туралы” декрет қабылдады. Партия жұмысының барлық буындарына әміршіл-әкімшіл басқару жүйесінің әдістері енгізілді. Қазақстанда жергілікті көсем Голощекинге бас ұру, төрешілдік құбылыстары, өкіметтің бетімен кетуі орын алды. Қоғамда партияға тәуелділік арта түсті. Қазақтың зиялы өкілдеріне “ұлтшыл” деген айдар тағу сол жылдары тәжірибеге енді. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясатқа көшу көптеген қиыншылықтармен бірге жүргізілді. 1921 жылы жазда қуаңшылық болып, оның алдында жұт болып,малдың 80%-ы қырылды. Республика халқының 1/3 бөлігін аштық жайлады. Ашыққандар 1921 жылғы қарашада-1 млн.508 мың, 1922 жылдың наурызында 2 млн. 303200 адамға жетті. Орал, Орынбор, Ақтөбе, Бөкей, Қостанай губерниялары аштық жайлаған аудандарға жатқызылды. Аштыққа індет қосылып, 1922 жылы маусымда Батыс Қазақстанда ашығушылар мен аурулар 82%-ға жетті. Қазақстанның солтүстік-батыс аудандарында аштық қуаңшылықтан ғана болып қойған жоқ. Астық мол болған Семей, Ақмола губернияларынан азық отрядтары ауылшаруашылық өнімінің “артығын” алып кетті. Азық салығы бойынша 4 млн. пұттан астам астық, 24,5 мың пұт май алынды . Бұл тартып алынған азықтар Мəскеу, Петроград, Самара, Қазан, Саратовқа жіберілді. Нəтижесінде Қазақстанның астықты аймақтарының халқы ашыға бастады. Кеңес үкіметі аштыққа ұшырағандарға көмекке кеш келді. Республиканың егін шықпаған аудандарының халқы азық салығынан босатылды. 1921 жылғы 14 маусымда “Нақты ет салығы туралы” декрет шығып, қазақтар ет салығынан босатылды. 1922 жылы егістіктің 60%-на Кеңес үкіметі берген дəн себілді. Ауылшаруашылық машиналары мен құралдарын сатып алу үшін несие бөлінді. Егін шықпау салдарынан зардап шеккен шаруаларға мал сатып алу үшін қаражат бөлінді. Кеңестік Түркістан туысқандық көмек көрсетіп, 20 мың ашыққан адамды қабылдады. 1921-1922 жылдары апат аймағында аштықтан тұтас ауылдар мен аудандар қырылып қалды. 1922 жылы Орынбор, Қостанай, Ақтөбе, Орал, Торғай губернияларында ауылдағы халық саны аштыққа дейінгі санының 1/3-не дейін азайды. 700 мыңнан астам адам, соның ішінде Ресей мен Украинадан келген шаруалар республикадан тыс жерлерге көшіп кетті. 1921 жылғы сəуірде Сібір жəне Орал казак əскерлеріне берілгенжерлерді қазақтарға қайтару туралы декрет шығарылды. Қазақ шаруалары Ертіс жағалауындағы жерлерін қайтарып алды.
1921 жылы Жетісуда жер реформасы жүргізілді. Қазақ, қырғыз, ұйғыр еңбекшілеріне 1916 жылғы көтерілісті басу кезінде тартып алынған жері қайтарылды. Бұрынғы офицерлер жері мен еркін қоныстану учаскелерінен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның қазақ, орыс халқына жер беру үшін 1 млн.десятинадан астам жер қоры құрылды. 1921 жылы “Қосшы одағы” деп аталынған кедейлер ұйымы құрылды. Ауылдарда Кеңес өкіметінің нығаюы мен қазақ еңбекшілерін мемлекеттік және шаруашылық құрылысқа тарту ісінде үлкен рөл атқарды. “Қосшы одағы” кедейлерге еңбек артельдерін құруға көмектесті, жер беруге қамқорлық жасады. Бұл одақ 1930 жылдан “Кедей одағы”атанды. 1921 жылы наурызда билік иелері азық салғыртын азық салығымен алмастыру, әскери коммунизмнен жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылдады. Жерді жалға беруге және алуға, жалдама еңбекті қолдануға рұқсат етілді, ауыл шаруашылығы несиесі және тұтыну кооперациясын дамыту көтермеленді. Еңбек міндеткерлігі жойылды. Теміржол және автомобиль тасымалының, өндіруші және өңдеуші өнеркәсіптің кәсіпорындары шаруашылық есепке көшірілді. Машиналарды жалға беретін пункттер пайда болды, базарлар ашылды, кедейлер егістікті бірлесіп жырту үшін бірікті.
Ірі қарасы 6-ға жетпейтін қожалықтар салықтан босатылды. Көлік салығы мен ақшалай түтін салығы орнына бірыңғай заттай салық белгіленді. 1924 жылдың 1 қаңтарынан ақшалай салық енгізілді. Үдемелі салықтың ауыртпалығы кулактар мен байларға түсті. Салықтан жиналған қаражаттар қорғаныс ісіне, халық ағартуды дамытуға, ауыл шаруашылығына қолдау көрсетуге, ірі өнеркəсіпті дамытуға жұмсалды. Мемлекет шаруаларға ауылшаруашылық машиналары мен жабдықтар сатып алуға несие бөлді. 1924-1925 жылдары республикаға əкелінген тракторларды кооперативтер мен коммуналар сатып алды. Егіс көлемі 1928 жылы 1913жылғы деңгейіне жетіп,4,4 млн.га. болды. Мал cаны 1924 жылы 24,8 млн болса, 1928 жылы 41 млн.-ға көбейді. ЖЭС жылдары өнеркəсіпте де өзгерістер болды.
Жалпыодақтық трестер республика бюджетіне табыстарының бір бөлігін аударып отырды. Трестерді қаптату аймақтарда өндіргіш күштерді ұтымды орналастыруға теріс əсер етті. Қазақстан экономикасының ұзақ жылдарға созылған шикізаттық сипаты анықталды. Қазақстанның кен өнеркəсібіне, әсіресе түсті металдар өндіруге көңіл бөлінді. Түсті металлургияның басты ауданы Кенді Алтай болды. 1920 жылы Шымкент сантонин (дермене) зауыты пайдалануға берілді. 1923 жылы Риддер қорғасын зауыты одақта өндіретін қорғасынның 40%-ын берді. Атырауды Доссор, Мақат мұнай кəсіпшіліктерімен жалғастыратын тар табанды жол салынды. 1927 жылы Қарсақбай мыс комбинаты мыс өндіруді бастады. ЖЭС кезінде тауар айырбасы мен тауар айналымының маңызы артты. Жеке саудаға рұқсат етілді. Жəрмеңке саудасы күшейтілді. 1927 жылы 75 жергілікті,13 губерниялық, 7 өлкелік жəрмеңке жұмыс істеп, сауда айналымы 30 млн. сомға жетті. Басты жəрмеңкелер: Семей губерниясында - Қоянды, Баянауыл. Ақмола губерниясында - Атбасар. Ақтөбе уезінде -Ойыл, Темір. Бөкей ордасында - Орда. Бұл жәрмеңкелерге Қытайдан, Монғолиядан көпестер келген. Конспект сұрақтар 1.1920 жылы пайдалануға берілді: 2.1921 жылы жер реформасы жүргізілген аймақ: 3.1921 жылы құрылған кедейлер ұйымы: 4.1922 жылы Батыс Қазақстандағы ашығушылар мен аурулар үлесі: 5.1927 жылы Қазақстандағы өлкелік жәрмеңке саны: 6.1928 жылғы егістік жер көлемі деңгейі: 7.Жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылданды: 8.Көлік салығы мен ақшалай түтін салығы орнына енгізілген салық түрі: 9.Республикадан тыс жерлерге көшіп кеткен адам саны: 10.Семей, Ақмола губернияларында аштықтың болу себебі: 11.Қазақстан комсомолының І съезі өткізілді: 12.Қазақстан экономикасының сипаты: 13.Қазақстанда жергілікті көсем атанды 14.Қазақтар ет салығынан босатылды: 9. XX ғасырдың 20-жылдарының екінші жартысы мен 30-жылдардағы Қазақстанның дамуы. Индустрияландыруға бағыт алу және оның барысы
Республиканың халық шаруашылығын қалпына келтіру əлі аяқталмаған болатын. Өнеркəсіп өндірісі соғысқа дейінгі деңгейінің 61%-на ғана жетті. Қазақстандағы индустрияландыру КСРО халық шаруашылығын дамытудың 1-бесжылдығымен (1928-1932ж.ж.) қатар келіп, өлкеде елеулі қиыншылықтармен жүзеге асты. Ауыл шаруашылығының үлесі басым болды. Орал-Ембі өңіріндегі бірнеше мұнай кәсіпшіліктері, Орталық Қазақстандағы көмір шахталары, Алтайдағы түсті металлургия кәсіпорындары ғана бар болатын. Байланыс және тасымал құралдары нашар дамыған еді. Индустрияландыру үрдісі басқару жүйесіне әміршіл-әкімшіл басқару әдісінің енгізілуіне байланысты еді. 1925-1933 жылдар арасында билікте болған Ф.И.Голощекин социализмнің теоретигі рөлін атқаруға тырысып, Сталиннің қатаң бағытын жақтап, аймақтық көсемшілдік идеясын ұстанды. Ол қазақ ауылы Қазан лебін сезінген жоқ деп есептеді. Сондықтан “Кіші Қазан” төңкерісін өткізу идеясын насихаттады. Оның бағыты қарсылыққа ұшырап, Сталинге хат жолдады. Ф.И.Голощекин “Мен осы жазбаңызда белгіленген саясат негізінен алғанда бірден- бір дұрыс саясат деп ойлаймын” деген жауап алды. С.Сəдуақасов пен Ж.Мыңбаевтың өлке экономикасында сақталып отырған отаршылдық құрылымды қайта қарау қажеттігі туралы ұсыныстары “жергілікті ұлтшылдық көрініс” деп қабылданды. Жоспарлаушы органдағы экономистердің өндіргіш күштердің даму деңгейіне, еңбек қорларының дəрежесіне сəйкес келетін индустрияландыру қарқыны туралы шақырулары “ұлыдержавалық шовинизм көрінісі” деп есептелді.
Индустрияландыру өлкенің табиғи байлықтарын зерттеуден басталды. Академик Н.С.Курнаков басшылық еткен геологтар мен геофизиктер Орталық Қазақстанның минерал-шикізат байлықтарын зерттеді. Олар “ҚАКСР-і Кеңес Одағының тұтас металлогенді аймағы” деген тұжырым жасады. Академик И.М.Губкин Кеңес билігінің алғашқы күндерінен бастап Орал-Ембі мұнайлы ауданын зерттеп, бұл кен орны мұнайға аса бай облыстардың бірі деп қорытындылады. Инженер-геолог Қ.И.Сəтбаев Жезқазған ауданындағы мыс кен орындарын зерттеп, аймақтың болашағы зор екенін дəлелдеді. 1927 жылы Түркістан – Сібір теміржол магистралының құрылысы басталды. Теміржолды салуға басшылық етушілердің арасында Т.Рысқұлов, М.Тынышбаев болды. Түрксіб құрылысында бірнеше ұлт өкілдерінен тұратын 100 мың адам еңбек етті. 10 мыңдай қазақ жұмысшылары теміржолшы, құрылысшы, техник, жол ісінің шебері мамандықтарын меңгерді. Қатардағы жұмысшы Д.Омаров Түрксіб теміжолының бастығы қызметіне көтерілді. Қатардағы құрылысшы Т.Қазыбеков “Қазақкөлік-құрылыс” тресінің бастығы, Социалистік Еңбек Ері атанды. Түрксіб жоспарда белгіленген 5 жылдың орнына 3 жылда салынып бітті.1930 жылғы 28 сəуірде солтүстік жəне оңтүстік учаскелер Айнабұлақстанциясында түйісіп, жол уақытша іске қосылды. 1931 жылғы қаңтарда тұрақты пайдалануға берілді. Түрксіб магистралы салынуының мемлекеттік жəне əлеуметтік-экономикалық маңызы болды. Орта Азия Сібір аудандарымен жалғастырылды. Елдің шығыс аудандарының экономикасы мен мəдениетін дамытуға ықпал етті. Соғысқа дейінгі бесжылдықтар кезінде салынған құрылыстар: Түрксіб теміржолы, Қарағанды шахталары, Ембі мұнай кəсіпшіліктері,Шымкент қорғасын зауыты, Балқаш, Жезқазған кен - металлургия комбинаттары, Кенді Алтай, Ащысай полиметалл кəсіпорындары, Ақтөбе комбинаты, жылу жəне су электр станциялары, құрылыс материалдары кəсіпорындары. Балқаштың, Қарсақпайдың, Жезқазғанның түсті металлургия кәсіпорындарымен бірге көмірлі Қарағанды алып өнеркәсіп кешеніне айналды.Түсті металлургия өнеркәсіптің жетекші саласына айналды. Индустрия дамуында Ертіс өңірінің үлес салмағы зор болды. Өлкеде болашақ өнеркəсіп тораптарының негізі қаланып, басқа республикадағы экономикалық аудандармен байланыс нығайтылды. Орталық Қазақстан шикізатты өңір ретінде Оңтүстік Оралдың өнеркəсіп орындарын кен, металл, көмірмен жабдықтады. Кенді Алтай Сібірдің индустриялы кешенімен ұласты. Ембі Батыс Қазақстандағы ірі мұнай өнеркәсібі базасына айналды. Орал - Сібір - Қазақстан үшбұрышы мырыш, мыс, қорғасын өндіруден КСРО- да жетекші орын алды.
Əміршіл-əкімшілік басқару жүйесінің əдістерімен – директивалық жоспарлау, орталықтың əмірімен іске асырылды.Өлкедегі индустрияландыру жоғарыдан жүзеге асырылып, шикізат көздері қарқынды игерілді. Қазан төңкерісіне дейінгідей өндіруші салалар және химия өнеркәсібінің дәстүрлі салалары басым дамытылды. Машина жасау, металлургия, қорғаныс өнеркəсібі кəсіпорындары болмады. Энергетика базасы, құрылыс материалдары өнеркəсібі артта қалды. Тау-кен шикізатын дайындаушы база ретінде қала берді. Республикадан сирек кездесетін металдар, мұнай, көмір, фосфорит орталыққа тегін əкетілді. Алтын өндіру елдің қаржы жүйесін нығайтуға үлес қосты. Табиғи байлықтарды теміржол арқылы тасымалдау 1913 жылғы деңгейінен 21,3 есе асып түсті. С.Сəдуақасов: “Қазақстан отарболып келді жəне солай болып қалды” деп көрсетті. Мұнай Ембіде өндіріліп, мұнай өңдейтін кәсіпорын Орскіде салынды. Білікті жұмысшы мамандар, инженер- техник қызметкерлер сырттан, негізінен РКФСР мен Украинадан əкелінді. Қалаландыру үрдісі күшейді. жүріп, қалалар мен қала үлгісіндегі қоныстар, қала халқы көбейді. 1939 жылы қалада 375 мың қазақ тұрды. 1926 жылмен салыстырғанда 5 есе көп болғанына қарамастан қалалар еуропалық сипатта болған. Соғыс қарсаңында қала мен қала үлгісіндегі қоныстарда қазақтардың 16%-ы тұрды. Қала халқы Мәскеу, Ленинград, Киев, Харьков, Свердловскіден және Ресей, Украина, Әзірбайжаннан келген жұмысшылар, инженерлер, техниктер есебінен көбейді. Конспект сұрақтар 1.1930 жылдары Түрксіб арқылы шикізат тасымалдаудың 1913 жылғымен салыстырғандағы деңгейі: 2.1939 жылғы қалада тұратын қазақтар саны: 3. Ф.И.Голощекин ұстанған көзқарасы: 4.Индустрияландыру саясатында жіберілген кемшіліктер: 5.Оңтүстік Оралдың өнеркəсіп орындарын шикізатпен жабдықтаушы аймақ : 6.Соғысқа дейінгі бесжылдықтар кезінде салынған құрылыстар: 7.Түрксіб темір жолы тұрақты пайдалануға берілген мерзім: 8.Түрксіб темір жолын салуға қатысқан Социалистік Еңбек Ері атағын алған құрылысшы: 9.Ф.И.Голощекиннің билікте болған мерзімі: 10.Экономикадағы отаршылдық құрылымды қайта қарау қажеттігі туралы ұсыныстарды биліктегілер қабылдады: 11.Қазақстанда индустрияландыру басталды: 12.Қазақстандағы индустрияландыру саясаты қатар келді:
|