![]() |
Есім хан (1598-1628) 14 pageDate: 2015-10-07; view: 4696. И.В.Карпов қолбасшылық еткен атқыштар полкі мен аға лейтенант Б.Момышұлы басқарған батальон жауынгерлері ерекше табандылықпен қаһармандық көрсетті. 316-атқыштар дивизиясы Мəскеу шайқасындағыерл ігі үшін 8-гвардиялық дивизия болып қайта құрылып, Қызыл Ту орденімен марапатталды. Мәскеу шайқасында Төлеген Тоқтаров Бородино селосында неміс бөлімінің штабына кіріп, 5 офицердің көзін жойды. Асқан батылдығы мен ерлігі үшін оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ротаның саяси жетекшісі Мəлік Ғабдуллин басқарған автоматшылар тобы жау танкілерін жойып, бөлімшелерін жау қоршауынан алып шықты. Ерлігі үшін М.Ғабдуллинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ұлы Отан соғысы жылдарында бірінші болып таран жасап, жанған ұшағын жау тобына бағыттап ерлік көрсеткендер – А.Маслов экипажы. Оның құрамында болған Бақытораз Бейсекбаевқа Ресейдің батыры, 1998 жылы Н.Назарбаевтың өкімімен Халық Қаһарманы атағы берілді. Қазақстанда құралған әскер бөлімшелерінің үштен бірі Ленинград түбінде соғысты. Балтық флотындағы «Киров» Қызыл Тулы крейсерінде 156 қазақстандық шайқасып, ерліктері үшін ордендер мен медальдармен марапатталды. Ленинград үшін шайқаста Сұлтан Баймағамбетов жаудың қорғаныс ұясының оқ жаудырып тұрған аузын кеудесімен жауып, қаза тапты. 48-атқыштар дивизиясының мергені Дүйсенбай Шыныбеков Ориенбаум алғы шебінде шайқасты. 1941жылы қыркүйекте Жамбыл Жабаев “Ленинградтық өренім” жырын арнады. 1942 жылдың күзінде Сталинград түбіндегі кескілескен ұрыстар жүріп жатты. 1942 жылғы күзде Каспий өңіріне соғыс жағдайы енгізілді.
Қазақстан Сталинград облысымен 500 шақырым бойына шекаралас жатты. Батысқазақстандықтар Сайхын мен Ордада əскери əуежай құрылысын салуға қатысты. Ақтөбе облысының кейбір аудандарында қорғаныс құрылыстары салынды.1942 жылғы 19 желтоқсанда қарағандылық ұшқыш Нүркен Əбдіров Боковская –Пономаревка ауданындағы əуе шайқасында ұшағын жау танкілері шоғырына құлатып, ерлікпен қаза тапты. Полковник Ғани Сафиуллин басқарған 73-гвардиялық дивизия жаудың 120 танкісі мен 800 автомашинасын жойып жіберді. 29 жəне 38- атқыштар дивизиясының жауынгерлері жауды Сталинградтың Киров ауданына енгізбей, танкі мен зеңбіректер жөндейтін зауыттың тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етті. 1943 жылғы 1 наурызда бұл дивизиялар 72 жəне 73-гвардиялық дивизияларға айналды. 73- гвардиялық дивизия “Сталинградтық” деген құрметті атақ алды. Оңтүстік Қазақстандық жауынгер Толыбай Мырзаев “Павлов үйін” қорғауда ерлік көрсетті. Минометші Қарсыбай Сыпатаев өшпес ерлік жасады. 11 жауынгер 300 фашистің тегеурініне төтеп берді. Ержүрек жауынгерлер қорғаған төбе “Шығыстың 11 батырының төбесі” деп аталды. Дон мен Еділ жағасында жау топтарын қоршауға алу жөніндегі операция кезінде қазақстандық подполковник Т.С.Позолотин басқарған 17-гвардиялық танк полкі ерекше көзге түсті. Қазақстандықтар Украинаны, Беларусьты, Балтық бойы республикаларын, Молдованы азат етуге қатысты Сталинград қорғанысының батыры, екі Даңқ орденінің иегері І.Айтықовқа жауынгерлік борышын үлгілі орындағаны үшін Кеңес Одағының Батыыр атағы берілді. Қойгелді Аухадиев фашистердің 5 танкісін, өздігінен жүретін «Фердинанд» зеңбірегін, 3 автомашинасын жойғаны үшін Кеңес Одағының Батыры атанды. Қазақтар арасындағы ең жас батыр – Днепр шайқасында ерлік көрсеткен 18 жасар Жəнібек Елеусізов. Кеңестік Шығыс əйелдері арасынан алғашқы болып Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған қазақ қыздары - 100-қазақ ұлттық атқыштар бригадасының пулеметшісі Мəншүк Мəметова мен 54-атқыштар бригадасының мергені Əлия Молдағұлова. Əрқайсысы 200-ден астам ұшу сапарына шығып, 10-нан астам жау ұшағын, көптеген соғыс техникасын, 100-деген фашистерді жойған шабуылдаушы ұшқыштар Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов, жеке өзі 37 ұшақты жəне топтасып 6 ұшақты атып түсірген Сергей Луганский екі мəрте Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Қазақстандық партизандардың жалпы саны – 3,5 мың адам. Партизандар - Қ.Қайсенов (Халық Қаһарманы), Ж.Ағəділова, Е.Воробьева, П.Семенова ерліктерімен тарихта қалды. Кеңес Одағының Батырлары А.С.Егоров пен З.У.Құсайынов шетелдегі Қарсыласу қозғалысына қатысты. 1945 жылғы 16 сəуірде Берлин операциясы басталды. Берлинге шабуыл жасауға И.Я.Сьянов, Х.Қайдауов (Халық Қаһарманы), З.Тұрарбеков, Х.Көбеков, Т.Бигелдинов, А.Еремеев, Н.Щелихов қатысты. Кеңес Одағының Батыры Сағадат Нұрмағамбетов (Қ.Р.Қорғаныс министрі, Халық Қаһарманы) Берлинге жауынгерлерін бастап кірді. Офицер Рақымжан Қошқарбаев (Халық Қаһарманы) досы Г.Булатовпен бірге Рейхстагқа алғашқылардың бірі болып Жеңіс туын ілді. Оралдық офицерлер Қ.Мəденов пен Р.Қараманов 1008-атқыштар полкінің туын Берлин Ратушасының төбесіне тікті. Берлин шабуылына “Қазақстан комсомолы” танк тізбегінің 3 танкісі қатысты. Жапонияға қарсы Квантунь армиясымен соғысқан қазақстандықтар ерліктің үлгісін көрсетті. Ақтөбеде құрылған 292-атқыштар дивизиясының жауынгерлері Кеңес Қарулы Күштері дəстүрінің даңқын шығарды. Дивизия құрамындағы 129- миномет полкінің минометшілері ерліктері үшін 2027 жауынгерлік ордендері мен медальдармен марапатталды. Соның ішінде 14 адам “Кореяны азат еткен үшін”, 234 адам “Жапонияны жеңгені үшін” медальдарына ие болды. Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін 500-ге жуық адам Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Мəскеу шайқасы кезінде Шымкент теміржол торабының комсомолдары “Қазақстан комсомолы” танк колоннасына қаржы жинап, бастама көтерді. 1942 жылғы қыркүйекте “Қазақстан комсомолы” деген жазуы бар 45 жауынгерлік машина Сталинград майданына жіберілді. Қазақстан еңбеккерлері танк колонналары мен авиация эскадрильялары үшін 480 млн. сом тапсырды. 1943 жылғы қыркүйекте Оңтүстік Қазақстанның ауыл жастары “Қазақстан комсомолы” сүңгуір қайығын жасауға бастама көтерді. Бұл бастама қолдау тауып, “Қазақстан пионері”торпедалы катерін жасауға оқушылар қаржы жинады. 1943 жылғы желтоқсанда Алматы жастары 400 мың сомнан астам ақша жинап, ұшқыш С.Луганскийге жаңа ұшақ табыс етті. Қазақстан жастары жинаған қаржыға И.Павлов, Н.Добровольский, Р.Бекетов есімдері жазылған ұшақтар, Қ.Сыпатаев атындағы сүңгуір қайық, бірнеше танк колонналары, эскадрильялар жасалды. Оқушылар егіс даласында жұмыс істеп, металл сынықтарын жинап, өздері тапқан 4 млн. сомнан астам ақшаны “Қазақстан пионері” қорына аударды. С.М.Киров атындағы ҚазМУ-дың студенттері “Кеңес студенті” атты танк колоннасын жасауға 600 мың сом аударды. Республика жастары “Қазақстан комсомолы” жойғыш ұшақ эскадрильясын жасақтауға 3 млн. сом қаржы жинады. Қазақстан комсомолы Сталинград трактор зауыты мен “Красный Октябрь” зауытын қамқорлыққа алды. 1943 жылы зауыттарды қалпына келтіру жұмыстарына республикадан 1439 комсомол жіберілді. Қазақстан еңбекшілері фашистік басқыншылықтан босатылған 12 қала, 45 ауданды қамқорлыққа алды. Қазақстандықтар Мәскеу маңының, Курск және Калинин облыстарының, Солтүстік Кавказдың, Украинаның, Белорусьтің, Молдованың, Балтық жағалауының еңбекшілеріне халық шаруашылығын қалпына келтіруге туысқандық көмек көрсетті.
Тұрғындарды жаппай көшіру салдарынан шығыста тұтас өнеркәсіп державасы пайда болды. Республика 532 мың көшірілген адамдарды қабылдады. Ембі кəсіпшіліктерінде, Кенді Алтайда, Қоңырат, Текелі кеніштерінде жүздеген шешен мен ингуштар еңбек етті. Соғыс қарсаңында Қазақстанға 102 мың поляк айдап əкелінді. Еділ бойындағы Неміс автономиялық республикасы өмір сүруін тоқтатып, 360 мыңнан астам неміс əкімшілік жолымен Қазақстанға көшірілді. Немістерді соғысушы армиядан шығару туралы бұйрық берілді. Соғыс жылдарында қалмақтар, қарашайлар, ингуштар, шешендер, балқарлар, Қырым татарлары, месхеті түріктері қудаланды. Большевиктік билік иелері соғыс кезінде жау жағына шығып кетеді деген күдікпен халықтарды зорлықпен жер аудартты. 1945 жылғы мәлімет бойынша зорлықпен жер аударылғандар - 2 млн 464 мыңға жуық адам. Конспект сұрақтар 1.73-гвардиялық дивизияның ерлігі: 2.1941 жылы басталған соғыс: 3.Ж. Жабаевтың Петербург қаласына арнап Ұлы Отан соғысы кезінде шығарған өлеңін көрсетіңіз: 4.Т.Бигелдинов Ұлы Отан соғысы кезінде қандай қызметте болды: 5.Қай жылы Ұлы Отан соғысы басталды: 6.Ұлы Отан соғысына қатысып, партизандық қозғалыстың белгілі өкілі болған қазақ жазушысын белгілеңіз: 7.Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақтың батыр қызы, пулеметші: 8.Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақтың мерген қызын көрсетіңіз: 9.А.Маслов экипажының құрамында болып, кейін ерлігі үшін Халық Қаһарманы атанған қазақстандық: 10.Алматы жастары жаңа ұшақты табыс етті: 11.Брест қамалын қорғаған қазақстандықтар: 12.Екі мəрте Кеңес Одағының Батыры атағын алғандардың арасынан қатені табыңыз: 13.Ең жас батыр Жəнібек Елеусізов ерлік көрсетті: 14.Мəскеу шайқасындағы ерлігі үшін Қызыл Ту орденімен марапатталған дивизия: 15.Майданға жақын аймақтардан республикаға көшірілген зауыт пен фабрикалар: 16.Мәскеу шайқасы кезінде майданға көмек бастамасын көтерді: 17.Нүркен Əбдіров ерлікпен қаза тапқан шайқас: 18.Соғыс жылдары көлемі артқан егістік түрі: 19.Соғыс жылдары Қоңырат, Текелі кеніштерінде еңбек еткен ұлт өкілдері: 20.Сталинград шайқасында өшпес ерлік көрсеткен минометші: 21.Төлеген Тоқтаровтың ерлігі: 22.Қазақстан еңбекшілері қамқорлыққа алған фашистік басқыншылықтан босатылған жерлер: 23.Қазақстанға зорлықпен жер аударылғандар саны: 24.Қазақстанға көшірілген кəсіпорындар негізінде пайда болған салалар: 25.Әскери даярлықтан өткен қазақстандықтар саны: 26.“Берлин операциясы” басталған мерзім : 27.“Жапонияны жеңгені үшін” медальдарын иеленген қазақстандықтар:
13. Қазақстанның мәдениеті (1920-1945 жж.). Білім және ғылым
1924 жылғы сəуірде “Сауатсыздықты жою”қоғамы құрылды. Ол еңбекшілердің қолдауымен ерікті мүшелік негізінде жұмыс жүргізді. 1926 жылғы мамырда Халық Комиссарлар Кеңесі “Қазақ АКСР бірыңғай еңбек мектептерінің жарғысын” қабылдады. Үш жылдық жəне төрт жылдық мектептердің үлес салмағын көбейту бағыты ұсталды. Қыздарға арналған мектептер Шымкентте, Алматыда, Түркістанда, Ордада ашылды. 1931 жылғы желтоқсанда “15-50 жас арасындағы сауатсыз халыққа жалпыға бірдей міндетті сауат ашу” енгізілді. Ұлы Отан соғысы алдында еңбекке жарамды халық арасында сауатсыздықты жою аяқталды. 1930-1931 оқу жылында отырықшы аудандарда , 1931 жылдың көктемінде көшпелі аудандарда жалпыға бірдей білім беру енгізілді. Барлық жерде жалпыға бірдей білім беру жөніндегі қоғамдық қорлар құрылды. Білім беру ісіне қамқорлық жасауды Қазақстан комсомолы мойнына алды. Ұлттық зиялы қауым қайраткерлері ана тілінде оқулықтар мен оқу құралдарын жазуға кірісті. 1920-жылдардың ортасында республикада татар, өзбек, ұйғыр, неміс жəне эстон бастауыш мектептері жұмыс істеді. 1930-1932 жылдардағы аштық салдарынан балалар саны күрт азайып, жетімдер көбейді. 1932 жылдың күзінде балалар үйлеріне 68 мың бала орналастырылды. Ұжымшарлар мен кеңшарлардың қаржысына салынған интернаттар желісі ұлғайды. Мұғалімдер саны артты. Соғыс қарсаңында жүздеген мұғалімдер ордендермен және медальдармен марапатталды.“Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мұғалімі” атағын алғаш алған ұстаздар - С.Көбеев, С.Ақышев, А.Ақатов, Ш.Сарыбаев, Л.И.Добранская, Н.В.Волков т.б. Қазақстанда тұңғыш жоғары оқу орны - педагогикалық институт 1928 жылы ашылып,оған кейін Абайдың есімі берілді.1929-1931 жылдары Алматы зоотехникалық - малдəрігерлік, ауылшаруашылығы және медициналық жоғары оқу орындары ашылды. 1931-1932 жылдары Орал жəне Қызылорда педагогикалық институттары ашылды. 1934 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті ашылды. Қазақ кен-металлургия институтының ашылуы республикада инженер-техник кадрларын даярлаудың негізін қалады. Кейіннен Оралда, Семейде, Петропавлда, Ақтөбеде, Қарағандыда, Қостанайда мұғалімдер инстуттары ашылып, олар педагогика институттары болып қайта құрылды.
Ұлы Отан соғысы қарсаңында 20 жоғары оқу орны, 118 орта арнаулы оқу орны болып, 40 мыңдай адам оқыды. Алайда ғылыми-техникалық кадрлар жетіспеу мәселесі шешімін таппады. Жоғары және орта арнаулы оқу орындарындағы оқыту барысы республиканың шикізат қоры сипатын аңғартты. Жоғары оқу орындарында қазақ жастарының аздығы сезіліп тұрды.1930 жылдары өзге республикалардың жоғарғы оқу орындары мен техникумдарында 20 мыңдай қазақстандық оқыды. Республиканың жоғары білім жүйесінің қалыптасуына көмек көрсеткен қайраткерлер - С.Асфендияров, Т.Жүргенов, С.Сейфуллин, А.Байтұрсынұлы, О.Жандосов, М.Əуезов, Қ.Жұбанов. 1920-1930 жылдар Қазақстан ғылымының қалыптасқан кезеңі. Өлкенің тарихы, этнологиясы, экономикасы зерттеле бастады жəне жаратылыстану ғылымының ірі орталықтары пайда болды. Қазақстанды зерттеу қоғамы құрылды. Оның жұмысына С.Асфендияров, А.Затаевич, Ә.Диваев, Қ.Жұбанов, А.Байтұрсынұлы, Ж.Аймауытов, М.Жолдыбаев, А.Чулошников, А.Якубовский белсене қатысты. Қоғамдық бөлімшелер Петропавл, Көкшетау, Орал, Орда қалаларында жұмыс істеді. Қазақша жазу жетілдірілді, қазақ тіліндегі алғашқы оқулықтар құрастырылды, қазақ халқының тарихы, этнологиясы жөнінде еңбектер басып шығарылды. 1926 жылы М.Массон ежелгі Тараз қаласының орнына қазба жұмыстарын жүргізді. 1926-1927 жылдары КСРО Ғылым академиясының кешенді экспедициясы Қазақстанда статистикалық-экономикалық, топырақ-ботаникалық, геологиялық, гидрогеологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді. Ащысай қорғасын кеніші, Қарағанды және Екібастұз көмір кеніші, Ембі мұнайлы ауданы зерттелді.
1932 жылы КСРО Ғылым Академиясының Қазақстандағы филиалы құрылды. Алғашқыда оның құрамында зоология жəне ботаника секторлары, Алматыдағы Ботаника бағы болды. 1935 жылы геология жəне тарих секторлары құрылды. Кейін Қазақ ұлттық өнер ғылыми-зерттеу институты қосылды. Қазақстандағы ғылыми дамудың негізгі бағыттарын белгілеуге КСРО Ғылым академиясының президенттері С.Вавилов, В.Комаров, Қазақстан ғылымының штабын басқарған кеңестік ірі түрколог, академик А.Самойлович, геолог-ғалым, академик А.Архангельский белсене қатысты. Қазақстан ғылымының дамуына Қ.Сәтбаев зор үлес қосты. 1935 жылы С.Асфендияров жазған“Қазақстанның көне заманнан бергі тарихының”1-бөлімі жарыққа шықты.1920-1930 жылдары С.Сейфуллин, С.Мұқанов, А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов қазақ тіл білімі мен əдебиеттану мəселесі жөнінде еңбек жазды. Ұлы Отан соғысы қарсаңында 57 ғылыми мекемеде 1700-ден астам ғалым еңбек еткен. Конспект сұрақтар 1.1932 жылы балалар үйлеріндегі бала саны: 2.1935 жылы жарыққа шыққан С.Асфендияровтың еңбегі: 3.«Мектепте қызмет істейтіндер үшін педагогикалық нұсқаулық» оқулығының авторы: 4.Қазақстанда Ұлы Отан соғысы кезінде ашылған ЖОО: 5.Қай жылы М.Е.Массон ежелгі Тараз қаласында қазба жұмыстарын жүргізді: 6.Білім беру ісіне қамқорлық жасауды мойнына алған ұйым: 7.Геологиялық экспедиция зерттеген аудандар: 8.Жалпыға бірдей міндетті сауат ашу енгізілді: 9.Инженер-техник кадрларын даярлаудың негізін қалаған оқу орны: 10.Қазақстанды зерттеу қоғамының жұмысына белсене қатысқан ғалымдар: 11.Өзге республикалардың оқу орындарында оқыған қазақ жастары: 14.Әдебиет пен өнер Мəдени мұра ішінде қазақ əдебиеті ерекше орын алады. Көркем әдебиет қарыштап дамыды. Қазақ кеңес өнері қалыптасты. Өнер мен ғылым майданға көмектесті.1913 жылы М. Жұмабаевтың “Шолпан” атты алғашқы жыр жинағы жарыққа шықты. С.Сейфуллин Абай дəстүрін жалғастырып, поэзияға екпінді рух берді. Қазақ кеңестік әдебиеті толыға түсті. 1920-жылдардың соңы мен 1930 жылдары қазақ əдебиетіне дарынды өнерпаз жастар келіп қосылды. Ғ.Орманов, Ə.Тəжібаев, Ж.Саин, Ж.Сыздықов, Ə.Сəрсенбаев, Қ.Аманжолов, Т.Жароков, А.Жұмағалиев, Д.Əбілев, Қ.Бекхожин. Аударма ісі дамыды. Халықтық музыка зерттеле бастады. Этнограф, сазгер А.В.Затаевич 2300-ден астам халық əндері мен күйлерін жазып алды. “Қырғыз (қазақ) халқының 1000 əні” және “Қазақ халқының 500 əні мен күйі” атты жинақтар шығарды. 1930 жылдардан Қазақстан кино өнерінің негізі салынды. 1936 жылғы мамырда Мəскеуде қазақ өнерінің алғашқы онкүндігі өткізілді. “Қыз Жібек”, “Жалбыр” опералары көрсетілді. Күлəш Байсейітоваға КСРО Халық əртісі атағы берілді. 1939 жылы А.С.Пушкин атындағы Мемлекеттік көпшілік кітапхана ашылды. Қазір Ұлттық кітапхана деп аталады. Соғыс жылдары Алматыда 20-дан астам ғылыми-зерттеу институттары орналасты. Əдебиет пен өнер соғысып жатқан халықтың қуатты идеялық қаруы болды. Қазақстаннан 100-ге жуық жазушы мен ақындар майданда шайқасты. Қазақ əдебиеті жаңа есімдермен толықты: Б.Момышұлы, М.Ғабдуллин, С.Мəуленов, Ж.Молдағалиев. Қазақстанға Мəскеу, Ленинград, Киев, Харьков қалаларынан 23 көркемөнер ұжымы көшіріліп əкелінді. 1941 жылғы қарашада көркем фильмдердің біріккен орталық киностудиясы ұйымдастырылды. Қазақстанның екі концерт бригадасы əскери бөлімдерде өнер көрсетті. Осының бәрі майдан мен тыл бірлігінің нығаюына жәрдемдесті. Кеңес адамдарының қиындыққа қарамастан жеңіске деген сенімін күшейтті. Конспект сұрақтар 1.1920-жылдардың соңы мен 1930 жылдардағы дарынды жастар: 2.1925 жылы қазақ əншісі Əміре Қашаубаев өнер көрсетті: 3.2300-ден астам халық əндері мен күйлерін жазып алған этнограф, сазгер: 4.1950-жылдары Қазақстаннан тыс жерге кетіп қалуға мәжбүр болған қазақтың атақты жазушы: 5.Дүние жүзі тілдерінің дамуы заңдылықтарын талдаған «Жазу тілі» еңбегінің авторын атаңыз: 6.Қай пьеса ұлттық қазақ театрында алғашқы болып қойылды: 7.Алматыдағы қазіргі Ұлттық кітапхананың ашылған жылы: 8.И.П.Шуховтың танымал шығармасы: 9.Майданда шайқасқан қазақстандық жазушылар мен ақындар саны: 10.Соғыс жылдары Алматыда ашылған жоғары оқу орны: 11.Соғыс жылдары Алматыда орналасқан ғылыми-зерттеу институттарының саны: 12.Қазақ халқының Ақпан және Қазан революцияларына қатысқаны туралы жазылған шығарма: 13.Қазақстанда көркем фильмдердің біріккен орталық киностудиясы ұйымдастырылған мерзім: 14.Қазақстанға көркемөнер ұжымы көшіріліп əкелінді: 15.Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік оркестрін құрған сазгер: 16.Ұлттық театрға Қазақ академиялық драма театры атағы берілді: 17.“Сұлушаш”, “Жұмбақ жалау” шығармаларын жазды: 15. 1940 жылдардың екінші жартысынан 1960 жылдардың ортасына дейінгі Қазақстан. Қоғамдық-саяси өмір
Соғыстан кейінгі жылдары Сталиннің жеке басына табынушылық бұрынғыдан да өрши түсті. Қазақстан КСРО-ның құрамына енген одақтас республика болып есептелгенімен, іс жүзінде ешқандай егемендік құқығы болмады. КОКП жоғарыдан төмен қарай, бұйрықпен басқарылатын иерархиялық-пирамидалық құрылымға айналды. Қоғам дамуының барлық мəселелері компартияның съездері мен пленумдарында қаралды. Алынып отырған стратегияны сынау немесе балама пікір, жоспар ұсыну партияға, Кеңес билігіне қарсы шығу деп бағаланды. Партия жұмысы Мемлекеттік қауіпсіздік комитетіне (МҚҚ), Ішкі істер министрлігіне (ІІМ) сүйеніп жүргізілді. Өнер мен білім салалары мейлінше идеологияландырылды. 1949 жылы Қазақстан Коммунистік большевиктер партиясының IY съезінде Ж.Шаяхметов (1949-1954) Қазақстан К(б)П Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды. 1950 жылы коммунистер саны 58920 болса, 1960 жылы жылы 345115-ке жетті. Республиканың жоғары мемлекеттік билік органы Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының Жоғарғы Кеңесі деп есептелінді.
|