Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Есім хан (1598-1628) 15 page


Date: 2015-10-07; view: 6433.


1957 жылы “Еңбекшілер депутаттары Кеңестерінің қызметін жақсарту жəне олардың бұқарамен байланысын күшейту туралы” қаулы жарияланды.

1. Жоғарғы Кеңестің сессияларыреспублика халық шаруашылығын өркендету жоспарларын, мемлекеттік құрылыс мəселелерін, заңдардың жобаларын бекітетін болды.

2. Жоғарғы Кеңестің тұрақты комиссияларының саны 3-тен 8-ге жетті.

Кеңестер құрамының саны артып отырды. 1947 жылы екінші сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің құрамында 300 депутат болды.

Үшінші сайлауында - 400 депутат, 1955 жылғы төртінші сайлауында 450 депутат болды. Депутаттар арасында жұмысшы мен шаруа өкілдерінің көп болуы және Кеңес құрамының көпұлтты болуы қадағаланды. Жоғарғы жəне жергілікті Кеңестер депутаттарының 2/3-сі коммунистер болды.

1940 жылдардың соңында Қазақстан кәсіпшілер одақтары 1млн-нан астам еңбекшілерді біріктірді. Компартияның басшылығымен жұмыс істеген кәсіподақтар тәрбие жұмысын жүргізу, социалистік жарыстар ұйымдастыру, бұқара халыққа көмек көрсетумен шұғылданды, кәсіпорындармен, шаруашылықтармен ұжымдық шарт жасасып, еңбек тәртібінің сақталуын қадағалады, еңбектің озық әдістерін таратумен айналысты. 1948 жылы Қазақстан кәсіподақтарының республикалық I конференциясы өтіп, кәсіподақтардың Қазақ республикалық кеңесі құрылды. 1963 жылы кәсіподақ мүшелері 3 млн 281 мың болды. Бұл жұмыс істейтіндердің 89%-ы болатын.

Комсомол партияның мемлекеттік, шаруашылық, мәдени және құрылыс істеріндегі көмекшісі болды. Сонымен қатар кадр резервін дайындау қызметін атқарды. Өскемен су элетр станциясы, Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты, Қазақстан магниткасын салынуын қамқорлыққа алды. Комсомол ұйымы жастар тәрбиесі мен балалардың коммунистік құрылымы – пионер ұйымының жұмысына бақылау жасады. 1951-1960 жылдары 760 мың комсомол болды.

1950 жылдардың ортасында кеңестік əкімшіл-əміршіл басқару жүйесі одақтас республикалардың құқықтарын кеңейту мəселесін күн тəртібіне қойды.1955 жылы мамырдағы одақтас республикалардың халық шаруашылығын жоспарлау мен қаржы бөлу тəртібі өзгертілді. Өндіріс көлемі мен күрделі қаржыны жоспарлау республикалардың Министрлер Кеңестерінің қарауына берілді. Республикалардың бюджетті бөлу құқықтары кеңейтілді. Республикалық бюджетке бөлінетін қаржының үлесі артты. Республикалық министрліктердің құқықтары кеңейді. Мəдени құрылыс саласында республика құзыры ішінара молайды. 1954-1956 жылдары одақтық органдардың қарауынан республика қарауына өнеркәсіп пен көліктің 144 кәсіпорны өтті.

1956-1958 жылдары одақтас республикалар əділет органдарына басшылық жасау, сот құрылымын анықтау, азаматтық, қылмыстық кодекстерді бекітумен айналыса алатын болды. Республика Жоғарғы Кеңесінің заң шығару қызметі ұлғайды.Одақтас республикалар одақтық шеңбердегі мəселені шешуге қатысатын болды. 1957 жылы КСРО Министрлер Кеңесінің құрамына одақтас республикалар Министрлер Кеңестерінің төрағалары, ал КСРО Жоғарғы Сотының құрамына одақтас республикалар Жоғарғы Сотының төрағалары енгізілді. Алайда бұл шаралар одақтас республикалардың егемендігін қамтамасыз етпеді.

Конспект сұрақтар

1.1949-1954 жылдары партия ұйымын басқарған қайраткер:

2.1950 жылдардың ортасынан бастап Республика Жоғарғы Кеңесінің ұлғайған қызметі:

3.1960 жылы Республикадағы коммунистер саны:

4.1960-жылдары М.Әуезов қай қалада қазақ жастарының ұлттық-демократиялық қоғамдық ұйымын құрумен айналысты:

5.Ж. Шаяхметов қай жылдары Қазақстан К(б)П Орталық Комитетiнiң бiрiншi хатшысы болып қызмет атқарды:

6.Пионер ұйымының жұмысына бақылау жасады:

7.Қазақстан кәсіподақтарының Республикалық І конференциясы қашан өтті:

8.Қай жылдары жұмысшылар мен қызметшілердің орташа айлық табысы 62 сом болған:

9.Қай қалада 1991 жылы 8 желтоқсанда 3 славян мемлекетінің басшылары бас қосқанын көрсетіңіз:

10.Ұлы Отан соғысына дейінгі бесжылдықта Қазақстанда тұрғызылған кәсіпорынды көрсетіңіз:

11.Кəсіподақтардың Қазақ республикалық кеңесі құрылды:

12.Комсомол ұйымы бақылау жасады:

13.Одақтас республикалардың халық шаруашылығын жоспарлау мен қаржы бөлу тəртібі өзгертілді:

14.Республиканың жоғарғы мемлекеттік билік органы:

16.Саяси қысым жағдайында

1946 жылы тамызда БК (б)П Орталық Комитетінің “Звезда”, “Ленинград” журналдары туралы қаулысы шықты. Бірқатар көркемөнер қайраткерлері қуғынға ұшырауы Қазақстандағы ұлт зиялыларын қудалаудың жаңа толқынына жол ашты. Əдебиет, өнер, ғылым қайраткерлеріне негізсіз саяси айып тағу басталды.

1947 жылы қаңтарда Қазақстан К(б)П Орталық Комитетінің “Қазақ КСР Ғылым академиясының Тіл жəне əдебиет институтының жұмысындағы өрескел саяси қателіктер туралы” қаулысы шықты.

Қазақ халқының Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңдегі, əсіресе ХХ ғасырдың басындағы рухани мұрасын ғылыми зерттеуге шек қойылды.

Өткен ғасырларда жасалған мәдениет туындыларын ғылыми тұрғыдан байытуға, жаңа заманға сай өңдеп, қайта пайдалануға ұмтылыстың бәрі саяси қателік және ұлтшылдық сипаттағы бұрмалаулар деп жарияланды. Қазақ зиялылары арасынан “ұлтшылдар” мен “байшылдарды” іздеу науқаны басталды.

Мәскеуде “Дәрігерлер ісі”, Ленинградта “Ленинград ісі” ,Қазақстанда “Бекмаханов ісі” ұйымдастырылды. Дарынды тарихшы, ғалым Ермұхан Бекмаханов 1943 жылы шыққан “Қазақ КСР тарихы”еңбегінің авторларының бірі. Тарихшының аталған кітаптағы Кенесары Қасымұлы қозғалысы туралы материалдары мен 1946 жылы КСРО Ғылым академиясында қорғаған докторлық диссертациясы негізінде жазылған “ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан” деген монографиясы сынға алынды. Ресейге қарсы ұлттық көтерілістер дəріптелген, орысқа қарсы жазылған деп айыпталды. Авторға “буржуазияшыл-ұлтшыл идеологияны дəріптеуші” деген кінә тағылды.

1950 жылғы 26 желтоқсанда “Правда” газетінде “Қазақстан тарихы мəселелерін маркстік-лениндік тұрғыдан баяндайық” атты мақаланың жариялануы Е.Бекмахановты ресми түрде саяси айыптаудың басы болды. 1951 жылғы 10 сəуірде “Бекмахановтың б уржу азияшыл - ұлтшылдық көзқарасын айыптау туралы” Қаулы жарияланды.

1952 жылғы Қазақ КСР Жоғарғы Сотының үкімімен 25 жылға бас бостандығынан айрылды. Мәскеу мен Ленинградтағы ірі ғалымдардың араласуымен 1954 жылғы ақпанда ақталып шықты.

1940-1950 жылдары әділетсіз саяси айыптауға ұшырамаған қазақ зиялылары аз болды. Қоғамтанушы ғалымдар, жазушылар, мәдениет қайраткерлері - М.Əуезов, Қ.Сəтбаев, Қ.Жұмалиев, С.Мұқанов, А.Жұбанов, Е.Ысмайылов, Ю.О.Домбровский, Қ.Бекхожин, С.Бегалин, Б.Сүлейменов, Е.Ысмайылов, І.Кеңесбаев болды. Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті Қ.Сəтбаев, дарынды жазушы Ю.Домбровский Қазақстанды тастап кетуге мəжбүр болды. М.Əуезов Отанынан тыс жерден баспана іздеуге мəжбүр болды. Аса ірі ғалым Ə.Марғұланның көзқарастары ғылымға жат деп танылды.

Биология, медицина, геология саласындағы ғалымдарға “космополитайыбы (өз Отанына, халқына жат) тағылып, қызмет орындарынан қуылды. 1950 жылдардан бастап жазалау әдістері өзгеріп, партия қатарынан шығарып, қызметтен қуу, оған бой бермегендерді психиатриялық ауруханаларға тығу етек ала бастады.

 

Сталиннің жеке басына табынушылықты айыптаған КОКП-ның ХХ съезінен кейін есімдері қайта қалпына келтірілген мемлекет қайраткерлері - С.Асфендияров, О.Жандосов, О.Исаев, Л.Мирзоян, С.Сейфуллин, С.Меңдешев, М.Масанчи, Н.Нұрмақов, А.Розыбакиев. Стаалин қайтыс болғаннан кейінгі кезеңде өткенге сын көзбен қарау, қоғамдағы күрделі мәселелерге жауап іздеу партияның жиындарында көтеріле бастады. Дегенмен басқару аппаратының кертартпалығынан бұл ұмтылыстар кең қанат жайып кете алмады. Мемлекет басшылығы шалағай саясат жүргізді. Қуғын-сүргінге ұшырағандарды ақтау реформасы аяқсыз қалдырылды. Өз жерінен жазықсыз қуылған шешен, ингуш, қалмақ, балқарларды отанына қайтарды. Ал корейлердің, немістердің, Қырым татарларының, Месхеті түріктерінің құқықтарын қалпына келтіруден бас тартты.

Конспект сұрақтар

1.Ермұхан Бекмаханов “Қазақ КСР тарихы” еңбегі үшін қанша жылға бас бостандығынан айырылды:

2.КОКП-ның нешінші съезiнде Сталиннiң жекебасына табынушылық айыпталды:

3.Қазақстанның қай ғалымының көзқарасы «ғылымға жат» деп танылды:

4.Қай жылы БК(б)П Орталық Комитетiнiң “Звезда”, “Ленинград” журналдары туралы қаулылары шықты:

5.“Қазақ КСР тарихы” еңбегінің авторы:

6.Биология, медицина, геология саласындағы ғалымдарға тағылған айып:

7.КОКП ХХ съезінен кейін есімдері қайта атала бастаған мемлекет қайраткерлері:

8.Ресейге қарсы жасалған ұлттық көтерілістер дəріптелген деген айып тағылған тарихи еңбек:

9.“Қазақ КСР Ғылым академиясының Тіл жəне əдебиет институтының жұмысындағы өрескел саяси қателіктер туралы” қаулы шыққан мерзім:

10.“Қазақстан тарихы мəселелерін маркстік- лениндік тұрғыда баяндайық” мақаласы жарияланған газет:

17. Республика өнеркәсібін қайта құру және одан әрі дамыту

1940 ж. II жартысынан -1960ж. ортасында Қазақстан өнеркәсібінің отын-энергетика саласы жақсы дамыды. 1950 жылдар қарсаңында көмір шабу,қопару, вагондарға тиеу жұмыстары толық механикаландырылды. Көмір өндіру соғысқа дейінгіден 6,5 есе артып, 1950 жылы 17,4 млн тоннаға жетті. Алматыда, Құлсарыда, Өскеменде су электр станциялары, Жезқазғанда жылу электр орталығы салынды. Бұқтырма СЭС-нің құрылысы аяқталды. 1950 жылдардың екінші жартысында электр станциялары мен оның жүйелері бір орталықтан басқарыла бастады. 1945 жылы – 1,15 млрд. квт/сағ, 1960 жылы – 10,6 млрд. квт/сағ электр қуаты өндірілді. Ембі, Жетібай, Өзендегі мұнай өндіру кәсіпорындарының өнімі 2,5 есе ұлғайды.

Шымкент, Лениногор қорғасын зауыттары қайта құрылып, нығайтылды.Теміртауда Қазақ металлургия зауыты іске қосылды. Ақтөбе ферроқорытпа зауытының қуаты ұлғайтылды. Өскеменде 1947 жылы қорғасын-мырыш комбинаты алғашқы мырышын берді. Шымкент, Лениногор қорғасын зауыттары қайта құрылып, кеңейтілді.

1950 жылдардың алғашқы жартысында өнеркəсіп үлесіне күрделі қаржының 40,4%-ы тиді. Оның 94,7%-ы ауыр өнеркәсіп салаларына бөлінді. Өнеркəсіптің жалпы көлемі - 82%, болат қорыту - 86%, қара металл прокатын шығару - 119%, машина жасау - екі есе артты.

1950 жылдардың II жартысында жүздеген өнеркəсіп орындары мен цехтар іске қосылды. Жезқазған кен байыту фабрикасы, Өскемен тау-кенмашиналары жабдықтарын жасау зауыты, Соколов-Сарыбай комбинатының алғашқы кезектері, Ақтөбе хром қоспалары зауыты. Қарағанды металлургия комбинаты Сібір, Орал,Орта Азияны қамтамасыз ететін негізгі базаға айналды. Қара және түсті металлургияның негізінде машина жасау өнеркәсібінің қалыптасуы баяу жүрді.

Жамбыл, Семей, Павлодар, Петропавлда тері илейтін, былғары жасайтын кәсіпорындар салынды. Алматы, Шымкентте мақта-мата комбинаты салынды. Қарағандыда аяқкиім тігу мен шұлық шығаратын кәсіпорындар орын тепті. Ақтөбе, Шымкент, Жамбыл, Теміртауда ет комбинаттары, сүт, май айыратын, ірімшік қайнататын зауыттар, ірі наубайханалар іске қосылды. Құрылыс материалдарын шығару көлемі артты. Сазтөбе, Қарағанды, Өскемен, Семей, Шымкентте цемент зауыттары бой көтерді. Талдықорған, Өскемен, Қызылжар, Қостанайда кірпіш зауыттары салынды.

1954-1962 жылдардың арасындағы жасанды миграциялық шаралардың нәтижесінде республика халық санының күрт артуы энергетика, тасымал, құрылыс істерін жоғары қарқынмен дамытты.

Темір жолдардың ұзындығы 1945 жылы –8212 шақырым, 1950 жылы –12419 шақырымға жетті. Мойынты-Шу, Өскемен-Зырьян, Ақмола-Павлодар теміржол желілері салынды. Жүк айналымында темір жол тасымалының үлесі басым болды. Автомобиль жолдарының ұзындығы 108 мың шақырымға жетті. Су жолы, құбыр және авиацияның үлесі мардымсыз болды.

Соғыстан кейінгі кезден 1960 жылдардың ортасына дейінгі аралықта химия өнеркəсібі пайда болып, дами бастады.Қаратау кен-химия комбинаты, Жамбыл суперфосфат зауыты, Қостанай жасанды талшықтар зауыты салынды. Қарағанды синтетикалық каучук зауыты,

Ақтөбе хром қосылыстары зауыты кеңейтілді. Химия өнеркәсібінің ірі кәсіпорындары Қазақстанның оңтүстігінде орын тепті. 1950 жылдардан бастап минералды тыңайтқыштар өндірудің көлемі артты.

1965 жылы республика одақта өндірілетін шойынның 25%-ын, темірдің 9,2%-ын, көмірдің 7,9%-ын, болаттың 12%-ын берді.

1960 жылдардың басында республикада одақтағы күміс қорының

3/4-і, қорғасынның, мыстың, мырыштың жартысынан астамы болған. Қазақстан аумағында атом сынақ алаңы мен ғарышқа ұшу алаңы ор-наластырылды. Қалаларда әскери кәсіпорындар жұмыс істеп жатты.

Конспект сұрақтар

1.1945 жылы Республикадағы теміржолдарының ұзындығы:

2.Қазақстанда қай қалаларында терi илейтiн, былғары жасайтын кәсiпорындар салынды:

3.Қай жылдары Қазақстанда КСРО-дағы күмiс қорының 3/4-i бар деп есептелінді:

4.Мақта-мата комбинаты орналасқан қалалар:

5.Республикадағы жүк айналымында басым болған тасымал жолы:

6.Республикадағы одақта өндірілетін шойынның үлесі:

7.Сібір, Орал,Орта Азияны металмен қамтамасыз ететін негізгі база:

8.Химия өнеркәсібінің ірі кәсіпорындары орналасқан аймақ:

9.Электр станциялары бір орталықтан басқарыла бастаған мерзім:

10.Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты салынған жыл:

18. Экономикалық реформаларға талпыныс. Әлеуметтік даму

Шаруашылықты басқару реформаларын жүргізуге талпыныс басталды. 1957 жылы халық шаруашылығын басқару жүйесіне арналған реформа жүргізілді:

Орталықтандырылған салалық министрліктер

Халық шаруашылық кеңестері

( аумақтық басқармалар)

Қазақтанда одақтық министрліктерге бағынатын және әскери өнім өндіретін кәсіпорындар аумақтық-өнеркәсіптік партия ұйымының нұсқауларын тыңдағысы келмеді. Реформа сәтсіздікке ұшырады. Шаруашылықта жұмыс күші жетіспеді. Соғыс кезінде көшіп келген мамандар туған өңірлеріне қайтты. Жүз мыңдаған қазақстандықтар майданда қаза тапты. Жұмысшылардың кəсіби даярлығы төмен болды. Осы мәселелерді шешу үшін еңбек резервтерінің мектептері мен маман жұмысшылар дайындайтын училищелері ашыла бастады.

Республиканың шаруашылық өміріндегі өзгерістер маманданған жұмысшылар қатарының өсуіне ықпал етті.1940 жылы 634 мың жұмысшы, 912 мың шаруа болған. Ал 1945 жылы 1.044 мың жұмысшылар мен қызметкерлер, оның ішінде өнеркəсіпте істейтіндері 304 мың адам болған. 1960 жылы 2,2 млн жұмысшы, 611 мың шаруа болды. 1950 жылдары өнеркәсіпте, құрылыста, жол қатынасы мен байланыс жүйесінде істейтін жұмысшылар мен қызметшілер саны біршама артты.

1950 жылдардың II жартысында өндіріс техникасы мен технологиясын дамытуға көңіл бөлінді.

Кен өндіру операциялары механикаландырылды. Түсті металлургияда тұтас цехтар автоматтандырылды. Шымкент пресс автоматтары зауыты 20-дан астам машина түрін шығарды. Алматы ауыр машина жасау зауытының сым созу стандары іске қосылды. Өскемен конденсатор зауытында төмен вольтты конденсаторлар шығарылды. Осының бәрі маман жұмысшы қолын талап етті.1956-1960 жылдары 767,2 мың жұмысшы мамандығын жетілдірді. Жергілікті ұлт өкілдерінен шыққан маман жұмысшылар аз болды.

Соғыстан кейінгі жылдары халық тұрмысын жақсартуға бағытталған шаралар жүргізілді. 1947 жылғы желтоқсанда еңбекшілерге азық және өнеркəсіп өнімдерін карточкамен өлшеп беру жойылды. Көпшілік қолды тауарлардың бағасы арзандатылды. Кооперативтік сауданың кеңеюі базарбағасының түсуіне ықпал етті. 1947 жылы ақша реформасы жүргізілді. Ескі ақша 1/10 қатынаспен алмастырылды. Жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысы өсе бастады. 1940 жылы 29,8 сом,1950 жылы 62 сом, 1965 жылы 97,4 сомға өсті. 1950 жылдардың басында ұжымшар мүшелерінің айлық жалақысы 16,4 сом болды. Бұл жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысынан 4 есе кем еді. Олар мемлекеттік зейнетақы алудан да тыс қалды.

1950 жылдары әлеуметтік қамсыздандыруға арналған қаржының көлемі артты. Соғыс мүгедектеріне, соғыста қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсетілді. Зейнетақы төлеудің шеңбері кеңейтілді. Мерзімнен тыс жұмыс істеу жойылды, күн режімі орнықтырылды, ақылы демалыс қалпына келтірілді. Тұрғын үй салуға мемлекет тарапынан қаржы бөліне бастады. Соғыс жылдары және одан кейін де үнемі көтерілген баға 1948 жылы 1940 жылғымен салыстырғанда үш есе жоғарылады. Еңбекшілер жыл сайын бір айлық жалақысына облигация сатып алуға мәжбүр болды.

1958 жылы кейбір қалаларда пəтерлерге газ беріле бастады. 1956 жылдан бастап жұмысшы және қызметші әйелдерге босануға байланысты берілетін ақылы демалыс 112 күнге ұзартылды. 1965 жылы республикада 79 санаторий, 23 демалыс үйі болды. 60-жылдардың басында жыл сайын 200 мыңға жуық бала пионер лагерінде демалды. Еңбекшілердің жинақ кассаларына ақша салу мөлшері 1950 жылы жан басына 88 сом болса, 1965 жылы 298 cомға жетті. 1950-1965 жылдары аурухана саны 2,4 есе, дәрігерлер саны 3,5 есе артты.

Конспект сұрақтар

1.1960 жылғы жұмысшылар саны:

2.1950 жылы еңбекшiлердiң жалақысы қаншаға өсті:

3.1956 жылы жұмыс жасайтын әйелдерге босануға байланысты берiлетiн ақылы демалыс қанша күнге ұзартылды:

4.1965 жылы Республикада қанша санаторий жұмыс істеп тұрды:

5.Қай жылы еңбекшiлерге өнеркәсiп және азық өнiмдерiн карточкамен өлшеп беру жүйесі жойылды:

6.Орталықтандырылған салалық министрліктер орнына құрылды:

7.Соғыстан кейінгі жылдары ақша реформасы жүргізілді:

8.Тұтас цехтар автоматтандырылған сала:

9.Қалаларда пəтерлерге газ беріле бастады:

10.Үкімет еңбекшілерді мәжбүр етті:

19.Ауыл шаруашылығының дамуы. Тың игеру

Ауыл шаруашылығы техникасының жетіспеуінен, егіске күш малын пайдалану 1960 жылдарға дейін орын алды. 1949 жылы мал шаруашылығын дамыту жоспары қабылданды. Ауыл шаруашылығы халықтың азыққа және өнеркәсіптік шикізатқа деген қажетін қанағаттандыра алмады. 1946-1950 жылдары егістік жердің әр гектарынан алынған өнім орта есеппен 5-6 ц ғана болды.

Билік басындағылар мәселені экстенсивті жолмен – кең ауқымда тың жерлерді игеру әдісімен шешуге кірісті. “ Жерді жаппай жыртып тастау дәстүрлі мал шаруашылығын дамытуға зиян келтіреді ” деп санаған республика ұйымының басшылары орнынан алынды. Орталықтың нұсқауымен Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып П.К.Пономаренко сайланды. Орынбасарлығына біраз уақыттан кейін бірінші хатшының өзі болып сайланған Л.И.Брежнев отырды.

1954 жылғы көктемде тың жерлерді игеру туралы шешім қабылданды. 1954-1955 жылдары тың жерлерді игеру есебінен егістік

аумағын 13млн га-ға арттыру, 1100-1200 млн пұт астық, соның ішінде 800-900 млн пұт тауарлы астық алу көзделді. 1954 жылдан бастап егіске жарамды жерді зерттеу жұмыстары жүргізілді. Ол жұмыстарға Мәскеудің, Ленинградтың, Украинаның, Қазақстанның топырақ зерттеуші ғалымдары, ботаниктері, гидрогеологтары қатысты. Орасан көп жерді жыртып тастаудың зиянды салдары ескерілмеді.

Тың игерудің алғашқы екі жылында республикаға 640 мың адам келді. Бірақ олардың 150 мыңы ғана механизаторлар еді. Тың игеруге қатысқан адамдарды материалдық ынталандыру шаралары жүзеге асырылды. Тың жерлерді игеру Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Торғай, Павлодар облыстарында жүргізілді.

1954 жылы Қазақстанда 6,5 млн. га жер жыртылды. Астықтың жалпы түсімінің мөлшері 7650 мың т-ға жетті. 1956 жылы республикада 16 млн т астық жиналды. Бұл көрсеткіш даңғазалықпен 1млрд пұт деп айтылды. 1956-1958 жылдары 4,8 млн га. тың жер игеріліп, егістік 28,6 млн га-ға өсті. Мұның ішінде дәнді дақылдар егісінің аумағы 23,2 млн га болды.

Тың игеру елдің оңтүстігінде күріш өсірудің жандануына ықпал етті. Қызылорда облысы, Шиелі ауданы “Қызыл ту” ұжымшарының звено жетекшісі Ыбырай Жақаев күріштен рекордты өнім алды.

Тың игеру экономиканың өзге салаларының дамуына әсер етті. 1940-1950 жылдары Қазақстанда 15 жаңа қала, 86 қала тұрпатты поселке, жүздеген шағын елді мекендер пайда болды. Ондаған мың шақырым жол төселді. Өзге республикалардан көптеген техника келді. Егіншілік мәдениеті, қала салу және экономиканы өркендету тәжірибесі артты.


<== previous lecture | next lecture ==>
Есім хан (1598-1628) 14 page | Есім хан (1598-1628) 16 page
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 2.692 s.