Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






АБЫЛАЙ ХАН - ДИПЛОМАТ


Date: 2015-10-07; view: 410.


Тарихы

Біздің заманымыздан бұрынғы 3 ғасырдағы хуннулар ақша орнына күміс пышақты пайдаланып келсе, біздің заманымыздың 1 ғасырында салық есебіне алтын, күміс құймаларды алып тұрған. Ақ ғұндар бір бетіне пехлеви, екінші бетіне эфталит (түркі-руни) жазуы бар теңгелер (біздің заманымыздың 5 – 6 ғасырлары) жасап, сауда айналымына кіргізген. Қазақ елі (қазақ халқын құраған негізгі тайпалар) баба түркілер Ұлы Жібек жолына орналасқандықтан ақша жасау, оны айналымға еңгізуді өмір қажеттілігі деп тым ерте қолға алған. 6 – 8 ғасырларда билеуші рулардың таңбасы қашалған, ру рәмізін бейнелеген теңгелер құя бастаған. Сырдарияның орта алабында өмір сүрген тайпалардың қола теңгелері, 6 – 8 ғасырлардың 1-жартысына дейінгі аралықта қолданылған. Бұл теңгелерде Ашиде әулетінің рәмізі болған арыстан бейнеленген. Мұндай теңгелерді Суяб, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда құйған. Сонымен қатар Отырар маңындағы қалаларда да түрлі теңгелер жасалған.

Біздің заманымыздың 704 – 766 жылдары Таразда құйылып, айналымға енген теңгелердің бетінде «Түргеш қаған теңгесі» немесе «Түркінің көк ханының теңгесі» деген анықтама жазулар бар. Бұл – тайпалық дәрежедегі теңге емес, бүкіл мемлекет дәулетін, мүлкін, ел ырысын куәландыратын кепілдеме. Осы сияқты 6 – 8 ғасырлар аралығына жататын мыс, қола, күміс теңгелер Суяб, Ақбешім қалаларында да шығарылып тұрған. Испиджаб қаласында арнайы теңге сарайы болған. Бұдан кейінгі кезеңде Қарахан әулеті билік құрған тұста Қазақстан және Орта Азияда сауданың күшті дамуына байланысты ақша шығару, ақша айналымы да кең етек алды. Әсіресе, мыс, күміс ақшалар көптеп шығарылды. Соның ішінде Тараз, Испиджаб теңгелері ел экономикасында; ал 12 ғасырдың 2-жартысы – 13 ғасырдың басында Отырарда шыққан Мухаммед ибн Текештің теңгелері Қазақстан жеріндегі сауда-саттықта ерекше міндет атқарды. Ол дәуірдегі мыс, күміс, алтын ақшалар өзінің салмағы бойынша алтынмен бағаланып, сауда айналымына енді.

Монғол жаугершілігінің алғашқы кезінде (1220 – 1250) Қазақ жерінде жалпы сауда қатынасы құлдырап кетті. Соның салдарынан ақша қатынасы да тоқтады. Ақыры монғол билеушілерінің бас пайдасы үшін, халықтан купчур салық жинап, хан қазынасын толтыру үшін 1251 жылғы Құрылтай шешімімен алтын динарлар шығарыла бастады. Бұл теңгелердің құрамында алтын 50 – 60% ғана болды. Алтын мөлшерінің көп болмауы оның құнын сол кездегі нақты сауда тауарының құнымен жақындастыру еді. Салмағы мол алтын ақшалармен қымбат тауарларды мол мөлшерде сатып алса, салмағы аз, майда алтын ақшалармен ұсақ тауарларды сатып алатын етіп ақшаны айналымға түсіріп тұрған. Ұсақ саудаға арналған сыртына күміс жалатқан мыс теңгелердің салмағы 6 – 8 г болды. Бетінде «Мөнгү хани» (хан теңгесі) деген жазуы болды. Бұл ақша 13 жыл бойы үзбей шығарылды. Қазақстанның оңтүстік және батыс аудандарына осы Отырар ақшасы мол тарады. Сол заманда Отырар ақшасымен деңгейлес Ақмалықта шығарылған теңгелер де ғалымдардың назарын аударып отыр.

1271 ж. Масудбек реформасы ақша айналымында жаңа кезең ашты. Бұл реформа бойынша алтынды ақша орнына қолдану мүлдем тоқтатылып, салмағы 2 г, тазалығы 78 – 81% күміс ақшалар айналымға кіргізілді. Бұл күміс ақшаларды Қазақстанның Тараз, Кенже қалаларында шыңдау әдісімен әзірлеп, 1271 жылдан 14 ғасырдың басқы кезеңіне дейін айналымда болды. 1321 ж. жүргізген Кебек хан реформасының да үлкен маңызы болды. Ол бүкіл мемлекет атынан «Кебек хан теңгесін» айналымға енгізді. Ақшаның салмағы 8 г. Күмістен шыңдап жасаған. «Кебек хан теңгесі» Қазақстанның Испиджаб, Тараз, Отырар, Сығанақ қалаларында әзірленді.

Өзбек хан, Жәнібек хан, Бердібек хан, Наурызбек хан, Қызыр хандардың атынан шығарылған Алтын Орда теңгелері Жетісу – Түркістаннан Еділ жағалауына дейін кең тарады. Бұдан кейін 1428 ж. енгізген Ұлықбектің ақша реформасы Орта Азия және Қазақстан жеріндегі халықтар арасында кеңінен белгілі болды.

16 ғасырда Отырардың мыс теңгелері, Ясының (Түркістанның) күміс теңгелері Оңтүстік Қазақстан жерінде сауда айналымында өз міндетін атқарып келді. 16 ғасырдың соңы – 17 ғасырдың басында Қазақ хандарының атымен өндірілген мыс ақшалар болды. Бұл ақшалардың дизайндық шеберлігі жоғары дәрежеде болмағанымен Қазақ хандығында сауда ісін бір жолға қоюда, халықтың басын біріктіруде үлкен міндет атқарды. Еліміз егемендік алғаннан кейін 1993 ж. Қазақстан Республикасының жаңа ақшасы шығарылды.

Ақша әр алуан қызмет атқарады: тауарлар мен әр түрлі қызметтердің құнын көрсетеді, айналым құралы, төлем құралы ретінде пайдаланылады, сол сияқты қор жинау және сақтау құралының рөлін атқарады. Ақша өнімді шығаруға кеткен шығынды өлшеуге, еңбекті сан және сапа жағынан бақылауға мүмкіндік береді. Ақшаның мәні оның атқаратын қызметінен көрініс береді. Ақша, негізінен, үш түрлі қызмет атқарады:

· айналыс құралы ретінде – ақшаға кез келген тауарды сатып алуға болады

· құн өлшемі ретінде – ақшамен нарыққа ұсынылған кез келген тауардың құны өлшенеді

· қорлану қоры қызметін атқарады – егер тауар өндіруші тауарды сатқаннан түскен ақшаны өзге тауарларды сатып алуға ұзақ уақыт пайдаланбаса, андай ақша қазына құрау қызметін атқарады.

Ақшаның мәні және қызметтері

Ақша тауар өндірісінің дамуындағы бірден – бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі.

Ақша құн өлшемі қызметін идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни, тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейін орындалады, сонымен құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшін тауардың бағасын белгілесек жеткілікті.

Тауар бағасын өлшеу үшін қолма-қол ақшаның болуы қажет емес, себебі еңбек өнімін теңестіру ойша орындалады. Тауарларды ақшаның көмегімен өлшеуге болады, өйткені олар адам еңбегінің өнімі.

Ақша төлем құралы тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ ақша қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес. Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі мүмкін.

Егер тауар мен ақшаның қарама–қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем ақы түскенге дейін сатып алынған немесе керісінше болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем құралы қызметін атқарады.

Ақшалар төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес, сонымен қатар қаржы – несие қатынастарына да қызмет етеді.

Ақша белгілері әр түрлі жағдайда қамтамасыз етіледі. Қолма – қол тұтыну заттары жәнне қызметтер жиынтығымен қамтамасыз етілседі.

Егер «нағыз» ақшалар айналыста өзінің меншікті құнының арқасында жүрсе, ал қағаз ақшалар айналыс процесінде нарықтық құнға ие болады. Мемлекет сол елдің шеңберінде ғана оларға еріксіз өзіндік құн белгілейді. Бұл жерде ол ерікті түрде ақша бірлігінің номиналды құнын белгілеп, кез келген купюраларды шығаруы мүмкін.

Ақшалар ешқашан да алтынға ауыстырылмаған. Бірақ кейбір жағдайларда мемлекет айналысқа шығарылған қағаз ақшаларды толық номиналдық бағасы бойынша алтынға ауыстырған кездері болған.

Қағаз ақшалардың өздерінің меншікті құны болмағандықтан да, олар айналыс саласындағы ақшаның қызметтерін толық құнды ақшалардың қызметтері арқылы атқарады.

Жалпы алғанда қағаз ақшалардың құнсыздануы тұрақсыз экономикаға тән.

Ақшаның қажеттігі және шығу тегі

Ақшаның қажеттігі және шығу тегі

Ақшаның, өндіргіш күштер мен тауар қатынастарының біршама жоғары дамуы нәтижесінде пайда болғандығы ертеректен бізге белгілі. Ақша жаратылысын зерттегендегі басты анық болғаны, ол оның тауарлы шығу тегіне байланыстылығын көрсетеді. Тауар — сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Осы еңбек өнімінің тауарға айналуы ақшаның пайда болуының объективтік алғы шарттарын туғызған.

Нақты және абстракті еңбектің, жеке және қоғамдық еңбектің бөлінісі, тұтыну құны мен кұнның арасында тауар табиғатына байланысты болатын қайшылықтар айырбас құнның әр түрлі нысандарын туғызды. Айырбас — бұл бір тауар өндірушіден, екінші біреуіне жүретін тауардың қозғадысын білдіреді. Мұнда тауарлардың баламалылығын (мал = бидай = балта), яғни, тауардың түріне, сапасына, нысанына және тағайындалуына байланысты өлшенуін талап етеді. Сонымен қатар, әртүрлі тауарлардың бір-біріне өлшенуіне ортақ негіз болуы қажет.

Мұндай негізге тауарлардың құны, демек тауар өндірісі үдерісіне (процесінде) жұмсалатын және сол затқа айналып отырған қоғамдық еңбекжатады. Тек қоғамдық еңбек қана (жеке адамның еңбегі емес) тауарларды өлшенетін жасайды. Нарықта бір тауарды екінші бір тауарға айырбастаудың өзі бұл тауарларға еңбектің шығындалғандығын, яғни екі тауардың да құнының барлығын көрсетеді. Осыған байланысты жекелеген тауарларды өндіруге жұмсалған еңбек әртүрлі болып, нәтижесінде одардың құндары да бірдей болмайды. Сөйтіп, қоғамдық еңбекті немесе құнды сандық жағынан өлшеу қажеттігі туындап, айырбас құнының (1 мал = 1 қап бидайға) ұғымы туындайды.

Айырбас құны — бұл бір тауардың басқа да бір тауарға белгілі сәйкестікте айырбасталу қабілетін білдіреді.

Ақшаның түрлері

 

Ақша] өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді:

· толық құнды ақшалар (нағыз ақшалар);

· толық құнсыз ақшалар (құндық белгілері).

Толық құнды ақшалар

Толық құнды ақшалар (нағыз ақшалар) — номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетін ақшалар.

640 Б.д.б. лидиядан жасалған тиын, үлкейтілген.

Металл ақшаларға: мыстан, күмістен және алтыннан жасалғандары жатады. Металл ақшалар әр түрлі нысанда болған. Монета түріндегі нысаны — бұл олардың соңғы нысаны. Монетаның бет жағы — аверс, артқы жағы — реверс және жаны — гурт деп аталады.

Толық құнсыз ақшалар

Толыққұнсыз ақшалар (құнның белгілері) — номиналдық құны нақты құнынан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшалар.

Оларға мыналар жатады:

· құнның металдық белгілері—арзан бағалы металдардан жасалған ұсақ монеталар, мысалға жез, алюминий т.б. монеталар;

· құнның қағаздан жасалған белгілері.

Құнның қағаздай белгілері екіге бөлінді: қағаз ақшалар және несиелік ақшаларға.


ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА – ТЕҢГЕ

Кез келген мемлекеттің тарихына оның бір-ақ рет енгізілетін өз валютасының тарихы да кіреді. Басқа көптеген елдердің ұлттық валютасының тарихы сан ғасырлар бойы қалыптасқан. Ал теңгенің – Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тарихы Президенттің 1993 жылғы 15 қарашадағы жарлығынан басталды. Бұл меншікті ұлттық валютаға көшу Қазақстан өз дербес ақша-кредит саясатын жүргізу мүмкіндігіне ие болды. Осы күн тарихи датаға айналды, бұл күнді Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы Күні ретінде атап өтеді.
Ұлттық валюта – теңге Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында барлық төлем түрлері бойынша, сондай-ақ ешбір шектеусіз банктік шоттарға есептеу үшін және аудару үшін қабылдауға міндетті заңды құралы болып табылады.
Ұлттық валюта – теңге (қолма-қол ақша) банкнота және монета түрінде айналысқа енгізілді. Банкнота - Ұлттық Банктің Алматы қаласындағы Банкнот фабрикасында, ал монета - Өскемендегі монета сарайында дайындалып шығарылады.

Ұлттық Банк іс жүзінде жақсы жағынан көрінген технологияларды қолдана отырып, ақша белгілерін қолдан жасаудан қорғауды жетілдіру жөніндегі жұмысты тұрақты жүргізіп келеді. Республикада ұлттық валютаны енгізгеннен бергі уақытта ақша белгілерімен айтарлықтай жұмыс тәжірибесі жинақталды.

Жаңа үлгідегі ақшаны айналысқа енгізу туралы шешім бірқатар объективті себептер мен қажеттіліктерден туындады. 2006 жылдың 15 қарашасында екінші қатардағы жаңа үлгідегі банкноталар айналысқа енгізілді.

Ескі үлгідегі теңгені 2006 жылғы жаңа теңгеге ауыстыру рәсімі әдеттегі нарықтық қатынастар режиміне өтті. Бүгінгі күн жаңа үлгідегі ақшалар ескі үлгідегі банкноттарды ығыстыра отырып, біздің әмиандарымыздан өз орынын алды.

Тайландтың Бангкок қаласында 2007 жылғы 7-9 мамырда үкіметтік емес халықаралық ұйымы ұйымдастырған «Валюта мәселері жөнідегі халықаралық қауымдастық» конференциясында “Ең үздік жаңа валюта” конкурсында ҚР Ұлттық Банкінің номиналы 1000 теңгесіне орын берілді. Ол біздің дизайнерлеріміз және мамандарымыздың қорғаныш элементтерін әзірлеу бойынша жұмысының нәтижесі болып табылады.
Қазақстанның ұлттық валютасы - тенге айналысқа енгеннен бері, яғни 16 жыл тарихында көптеген ескерткіш және мерейтойлық қымбат металдан жасалған монеталар айналысқа шығарылды. Монеталар – ерекше әрі тарихи дерек көзі. Олар бүгінгі күнге тарихи тұлғалардың тұтас бір портреттік галереясын, түрлі ескерткіш бейнелерді алып келді, олардағы суреттерде мифологиялық сюжеттер, тұрмыс-салт көріністері бейнеленген. Монеталар – халықтардың экономикалық және саяси тарихын, олардың материалдық және рухани мәдениетін жан-жақты зерделеу үшін тамаша материал. Олар елдің және тарихи дәуірдің «бет-бейнесі» сияқты. Ұлттық Банктің шығарған монетаның әрбір сериясының Қазақстан Республикасының дамуында өз тарихи орны бар. Қазақстан Ресубликасының 1995 жылғы наурызындағы №2155 «Қазақстан Ресубликасының Ұлттық Банкі туралы» Заңының 42-бабына сәйкес, монеталар мынадай түрге бөлінеді:

- инвестициялық монеталар - инвестициялау және жинақталған ақша қаражаты объектісі болып табылатын, қымбат металдан дайындалған монеталар;

- коллекциялық монеталар - коллекциялау және жинақталған ақша қаражаты объектісі болып табылатын, қымбат металдан және қымбат емес металдан шектеулі тиражбен дайындалған мерейтойлық, ескерткіш және арнайы соғылған монеталар;

- айналыста жүретін монеталар - қымбат емес металдан дайындалған және қолма-қол айналысына арналған монеталар.

Инвестициялық монеталардың – коллекциялықтан айырмашылығы, біріншіден, неғұрлым айтарлықтай ірі таралымен шығарылады, екіншіден, соғылу сапасы бір сатыға төмен. Егер ескерткіш монеталар, әдетте, коллекцияларда сақталып, негізінен нумизматтар арасында айналатын болса, инвестиялықтар еркін нарықта құймалармен тең қолданылады.
Инвестиялық монеталар Қазақстан Ресубликасында «Жібек Жолы» деп аталады, олар 1996 жылғы 19 ақпанын бастап айналысқа шығарылды.
Қазақстанда инвестиялық монеталар тиімді инвестициялау және жинақ қаражатын сақтау үшін шығарылады.

«Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары» сериясынан («Бесікке салу», «Тұсау кесу», «Қыз қуу», «Беташар») күміс номиналы 500 және Нейзильбер қоспасынан номиналы 50 теңгелік монеталар шығарылды. Бұлар ескерткіш монеталар – Қазақ халқының әдет-ғұрыптары және ұлттық мәденитін кеңінен таратуға арналған.

«Ертеде соғылған монеталар» сериясы («Драхма», «Дирхем», «Отрар» монетасы, «Сарайшық» монетасы) Қазақстан аумағындағы археологиялық қазбалар кезінде табылған монеталарға арналған.
«Қазақстанның мешіттері мен шіркеулері» сериясы («Түркістан», «Айша-бибі мавзолейі», «Жошы-хан мавзолейі», «Бабаджа-хатун кесенесі», «Орталық мешіт», «Нұр-Астана мешіті» және т.б. ) Қазақстанның бүкіл мәдениетін кеңінен танытуға, діни ұғымды, жеке тұлғанының рухани және адамгершілік тұрғыдан өзін-өзі жетілдіру жолындағы ілім ретінде танытуға арналған.

«Қазақстанның қызыл кітабы» сериясы («Дудақ», «Сайғақ», «Қар Жолбарысы», «Тянь-Шянь аюы», «Жалбағай» және т.б.) Қазақстанның сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар әлеміне арналаған.
Соңғы 4-5 жылда қымбат металлардан қазақстандық монеталарға нумизматтардың, сол сияқты халық тарапынан сұраныстың өсу үрдісі байқалады.

Ұлттық Банкі Маңғыстау филиалының ұсынысымен «Қазақстанның мешіттері мен шіркеулері» сериясынан сынымы 925/1000 күмістен, массасы 31,1 грамм, номиналы 500 теңге «рroof» сапасымен жасалған, таралымы ең көп -15000(он бес мың) дана «Бекет-ата ғибадатханасы» ескерткіш монетасының дизайыны бекітілді. Осы монетаның жергілікті халықтың 2010 жылы айналысқа шығатынын есіне саламыз.

Ұлттық Банктің қымбат металдан жасалған монеталары жыл сайын өтетін халықаралық нумизматикалық конкурстарына 2000 жылдан бері қатысып, монета жоғары техникалық соғу сапасы жағынан осы байқаулардан бірнеше рет жүлделі орындарға ие болды.

Бүкіл әлем нумизматтары қымбат металдан жасалған Қазақстан ескерткіш және мерейтойлық қымбат металдан жасалған монеталарын өте жоғары бағалады.

Нумизматтар және Қазақстандағы ақша айналысының тарихына қызығушылық білдіретін көпшілік үшін 1993 – 2009 жылдардағы кезеңде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған барлық монеталар туралы ақпаратты қамтитын «Қазақстан монеталары» атты жарнамалық бірнеше каталогтар, сондай-ақ Қазақстандық ақша белгілері туралы сурет альбомдарын шығарды.

Қазақтың өз ақшасы, ұлттық валютасы – теңге айналысқа шығып, елдің тәуелсіздігінің нығаюына, халықтың және кәсіпорындардың сеніміне ие болып, өзінің 16 жыл тарихында тәуелсіз егемен мемлекеттің міндетті рәмізі екенін дәлелдеп, мемлекеттің қаржы-несиелік саясатына орасан зор ықпалын тигізді. Теңгенің де алдағы уақытта атқарар игі істері мол.

Осы салада қызмет ететін облыс қаржыгерлерін төл мерекелерімен құттықтаймыз.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

 Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. – 569 б.

 Қазақ ұлттық энциклопедиясы

 ↑ Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011.

 ↑ Ақша, несие, банктер теориясы: Оқулық. — Алматы: Жеті жарғы, 2011.

 ↑ Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.  ↑ Қазақ ұлттық энциклопедиясы

 ↑ Қаржы-экономика сөздігі. - Алматы: ҚР Білім жэне ғылым министрлігінің Экономика институты, "Зияткер" ЖШС, 2007.

Абылайдың шын аты - Әбілмансұр. Ол - Орта жүз ханы. Әкесі Уәли Түркістан қаласының сұлтаны болған. Абылай 15 жасында қазақтың жоңғарларға қарсы соғысына қатысып, ерлік көрсеткен. Орта жүз ханы Әбілмәмбетпен бірлесіп, елді шығыстан торыған жауға қарсы күреске ұйымдастырған. 1771 жылы Әбілмәмбет өлгеннен кейін Абылай Орта жүздің ханы болып сайланып, 48 жыл хандық құрды.

Абылай хан халқымыздың тарихында шебер ұйымдастырушы, батыл қолбасшы, іскер дипломат, әрі тілге шешен, алғыр болды. Ішкі саясатта феодалдық құрылыс пен хан өкіметін нығайту бағытын ұстады, шаруашылық пен сауданы дамытты, халықтан жиналатын алым-салықтыңтүр-түрі мен көлемін көбейтті. Мемлекетті басқару ісін, бір орталыққа бағындыруды шегіне жеткізіп, елді қатты ұстады. Ұлыстарды жергілікті сұлтандар арқылы басқарды, олар орталық өкіметке толық тәуелді болды. Абылай тек Орта жүзге ғана емес, Ұлы жүз бен Кіші жүзге де ықпалын жүргізді. Сыртқы саясатта Абылай қазақ елінің дербестігін сақтауға, оның қорғаныс қабілетін нығайтуға, қалың қол ұстауға ұмтылды. Көршілес елдермен экономикалық байланысты, сауда-саттықты күшейтті. Абылай хан Ресей патшасы, Кытай империясы, Жоңғар, Бұхар, Хиуа хандарымен қарым-қатынасты жақсартты.

XVIII ғасырда Қазақстанды жаулап алмақ болған Жоңғар хандығы мен Маньчжур-Қытай империясына қарсы күресте үш жүздің басын қосып, күшін біріктіруде Абылай зор роль атқарды. XVIII ғасырдың орта шенінде жоңғарлар басып алған қазақжерлерін толық азат ету үшін Абылай көп қызмет жасады. 1756-1758 ж. Маньчжур-Қытай империясы 90 мың әскермен шығып, Жоңғар хандығын біржолата күйретті, елін жаулап алып, халқын жаппай қырды, тірі қалғандарын құл етті. Бұл кезде Абылай орыс мемлекеті мен Қытай арасында алма-кезек дипломатиялық саясат жүргізді. Қытай мен Жоңғар хандығы сияқты екі бірдей күшті жауға қарсы күресте Абылай Ресейге арқа сүйеп, онымен одақтас болды. 1740 жылы Әбілмәмбетпен бірге Ресейге бағынуға уәде етті, ұлы мәртебелі патша ағзамның қол астында болуды көптен бері арман етіп жүргенін мәлімдеді. Орыс-қазақ қатынастарын нығайту үшін

Ресейге талай рет елші жіберді, патша әкімшілігімен келіссөздер жүргізуге өзі де қатысты. 1740-41 жылдары Абылай қапылыста жау қолына түсіп, жоңғар қонтайшысының тұтқынында болды. Тұтқыннан босатуда К.Миллер бастаған орыс елшілігі зор роль атқарады. Вице-канцлер М.Л.Воронцовтың жарлығы бойынша және шетел коллегиясының "белгілеуімен" 1749 ж. Абылайға патша үкіметі тарапынан жыл сайын берілетін ақшалай жалақы, т.б. көмек тағайындалды. Абылай Ресеймен сауда-экономикалық, саяси-дипломатиялық және мәдени байланыстарды одан әрі кеңейтуге ат салысты. Ресейге адалдығы туралы Абылай екінші рет ант берді. Қазақ халқының бұдан былайғы өмірінде мұның прогрессивтік маңызы болды.

 


<== previous lecture | next lecture ==>
Напад Германіі на СССР, акупацыя Беларусі, акупацыйны рэжым. | Астана-2013
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.202 s.