Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Режим 2, Диета № 10


Date: 2015-10-07; view: 805.


Кардикет20 мг 1 таблеткадан ішке 2 рет / тәулігіне , сағат 9:30 – 21:30

Тобы: Антиангинальді зат, перифериялық вазодилятатор, органикалық нитраттар, нитроглицериннің әсері ұзартылған дәрмегі.

Әсер ету механизмі: 1. Тамырдың тегіс салалы бұлшықет жасушасында нитраттар SН-топтармен әрекеттесіп, физиологиялық эндотелийлік босаңсу факторымен тектес азоь оксидін (NO) түзеді. NO гуанилатциклаза белсенділігін арттырып, тегіс салалы бұлшықет жасушасында цГМФ көбейтеді және иондалған кальцийді азайтады. Осыдан бұлшықет жасушасы босаңсып, тамырды (тәж артериясын) кеңітеді.

2. Венадилятациялық және шамалы болса да артериядилятациялық әсерінен жүрекалды және жүрекарты күштемені азайтып, жүректің қызметін жеңілдетеді.

3. Коллатеральдік тамырларды кеңіту арқылы ишемияға ұшыраған ошаққа қан келуін арттырады.

4. Тромбоциттердің агрегациясын төмендетіп, микроциркуляцияны жақсартады.

Қолданылуы: - стенокардия ұстамасын басу және алдын-алу;

- миокард инфарктінің қалпына келтіру емінде.

Жағымсыз әсері: ЖҚТЖ: бас айналу, бас ауруы, тахикардия, теріде гиперемия, қызба, артериялық гипотензия; АҚЖ: жүрек айну, құсу; ОНЖ: психотикалық реакциялар, мазасыздық; Аллергиялық реакциялар; метгемоглобинемия.

Қарсы көрсетпелері: Шок, коллапс, артериялық гипотензия АҚ< 100/60 мм с.б.б., артериялық гипотензиямен байланысты жедел миокард инфаркті, гипертрофикалық обструктивті кардиомиопатия, констриктивті перикардит, жүрек тампонадасы, өкпенің токсикалық ісінуі, жабық бұрышты глаукома көз ішілік қысымның жоғарылауы, нитраттарға жоғары сезімталдық.

 

Лизиноприл5 мг 1 таблеткадан 2 рет / тәулігіне ішуге, сағат 9:00 -21:00

Тобы: Антигипертензивті дәрілер, ангиотензинайналдырушы ферменттің ингибиторы.

Әсер ету механизмі:Ангиотензин І-ді ангиотензин ІІ-ге айналдыратын фермент – дипептил-карбоксипептидазаны тежейді, сол арқылы брадикинин бейттараптануы азаяды, альдостеронның синтезі мен шығарылуы төмендейді. Ангиотензин ІІ-нің түзілуін азайтып, антигипертензиялық әсерімен қатар тамыр қабырғасындағы тегіс салалы бұлшықеттің және миокардтың гипертрофиясын кері қайтарады.

Қолданылуы: -артериялық гипертензия (моно- және комбинирленген терапия);

- науқастың клиникалық жағдайы тұрақты жедел миокард инфаркті;

- инфаркттан кейінгі период;

- созылмалы жүрек жетіспеушілігі

Жанама әсерлері: - брадикининнің жиналуынан болатын құрғақ жөтел 13%;

- церебральдік – бас ауру (13%), бас айналу (5%), ұйқысыздық;

- ас қорыту ағзаларынан – жүрек айну, іштің өтуі немесе қатуы, ауыздың құрғауы, дәмдә сезбеу, бауыр ферменттерінің жоғарылауы;

- бүйректік – гиперкалиемия, сиректеу гипернатриемия; протеинурия (1%), полиурия, бүйректің шамасыздығы (0,1%);

- терілік – қышынатын бөртпе, есекжем, сиректеу –ангионевротикалық ісіну;

- гематологиялық – нейтропения, анемия, тромбоцитопения;

Қарсы көрсетпелері: аллергиялық реакциялар, лейкопения, тромбоцитопения, жүктілік, лактация уақытында, реноваскулярлық процестер, бүйрек шамасыздығы.

Индап2,5 мг 1 таблеткадан 1 рет / тәулігіне таңертең ашқарынға ішуге, сағат 7:00

Тобы: Гипотензивті әсерлі диуретик, екінші текті тиазидтік диуретик, сульфонамид туындысы.

Әсер ету механизмі:Қан тамыр қабырғасына норадреналин мен ангиотензин ІІ-нің реактивтілігін төмендетеді, простогландин синтезін жоғарылатады, қантамыр кеңеюін қамтамасыз етеді.

Қолданылуы:артериялық гипертензия

Жанама әсерлері:ЖҚТЖ: ортостатикалық гипотензия. АҚЖ: жүрек айну, эпигастрий аймағында жағымсыз сезім. ОНЖ: әлсіздік, шаршағыштық, бас айналу, невроздық. С.қ: гипокалиемия, гиперуремия, гипергликемия, гипонатриемия, гипохлоремия.

Қарсы көрсетпелері: бауыр мен бүйректің ауыр бұзылыстары, гипокалиемия, аллергиялық реакциялар, жүктілік, лактация уақыты.

Аспирин500 мг ¼ таблеткадан 1 рет / тәулігіне сағат 20:00-де тамақтан соң ішуге.

Тобы: антиагрегант, ацетилсалицил қышқылы.

Әсер ету механизмі: Циклоксигеназаны тежеу арқылы арахидон қышқылынан тромбоксанның (қуатты антиагрегант болып табылатын) түзілуіне алып келеді.

Қолданылуы: ревматизм, ревматоидты артрит, инфекциялық-аллергиялық миокардит,

Жанама әсерлері:

 

Кетонал (1мл-50мг, 1амп-100мг) 2,0мл бұлшықет ішілік инъекция тәулігіне 1 рет

Тобы: Ауырсынуды басушы заттар, наркотикалық емес ауырсынуды басушы стероидты емес қабынуға қарсы препарат, пропион қышқылы туындысы.

Әсер етуші зат: кетопрофен

Әсер ету механизмі: Простагландиндердің түзілуін тежейді, циклооксигеназа деңгейінде, сонымен қатар липооксигеназаны тежейді, антибрадикининдік активтілік көрсетеді, лизосомальді мембрананы тұрақтандырады. Әсері: ауырсынуды басу, қабынуға қарсы, температураны түсіруші.

Қолданылуы: Жүйелік қолданылуы: - әртүрлі генезді ауырсыну синдромын басу (операциядан кейінгі ауырсыну, сүйек метастазы кезіндегі ауырсыну, жарақаттан кейінгі ауырсыну);

- қабыну, қабыну-дегенеративті және буынның метаболикалық ауруларының симптоматикалық емінде (ревматоидты артрит, анкилоздаушы спондилит, псориатикалық артрит, остеоартроз, подагралық артрит);

- буыннан тыс ревматизм (тендинит, бурсит, капсулит).

Жергілікті қолданылуы: тірек-қимыл аппаратының қабыну, қабыну-дегенеративті ауруларының симптоматикалық емінде (артрит, периартрит, синовит, тендинит, бурсит);

- асқынбаған жарақаттар (соғып алу, қысылу, шығулар, жарақаттан кейінгі ауырсыну және ісіну).

Жағымсыз әсері:АҚЖ: 3-9% құсу, метеоризм, іштің ауырсынуы, диарея. 1-3% анорексия, құсу, стоматит. ОНЖ: бастың ауруы, бас айналу, ұйқышылдық, көңіл күйдің төмендеуі. Аллергиялық реакциялар: қышу, эритема, ісіну.

Қарсы көрсеткіштері: - асқазан мен 12 елі ішектің жара ауруы, өршу сатысы;

- бауыр функциясының ауыр бұзылысы;

- бүйрек функциясының ауыр бұзылысы;

- жүктілік;

- лактация кезеңі;

- 14 жасқа дейінгі балалар;

- проктит;

- препаратқа жоғары сезімталдық.

Диклофенакерітіндісі 2,0 мл (1амп-75мг) тәулігіне 1 рет бұлшықет ішілік инъекция.

Тобы: Стероидты емес қабынуға қарсы препарат, фенилсірке қышқылы туындысы

Әсер етуші зат: диклофенак натрий

Әсер ету механизмі: циклооксигеназа активтілігін тежейді, ол арқылы простагландиндер синтезі тежеледі. Шеміршектегі протеогликан синтезін тежейді. Әсері: ауырсынуды басу, қабынуға қарсы, температураны түсіруші.

Қолданылуы: - қабыну, қабыну-дегенеративті және буынның метаболикалық ауруларының симптоматикалық емінде буындық синдром (ревматоидты артрит, анкилоздаушы спондилит, псориатикалық артрит, остеоартроз, подагралық артрит);

- буыннан тыс ревматизм (тендинит, бурсит, капсулит).

- тірек-қимыл аппаратының созылмалы қабыну, қабыну-дегенеративті ауруларында (артрит, периартрит, синовит, тендинит, бурсит);

- асқынбаған жарақаттар (соғып алу, қысылу, шығулар, жарақаттан кейінгі ауырсыну және ісіну).- омыртқаның ауырсынуы, невралгияда, миалгия, арталгия.

- әртүрлі генезді ауырсыну синдромын басу (операциядан кейінгі ауырсыну, сүйек метастазы кезіндегі ауырсыну, жарақаттан кейінгі ауырсыну, подагра, аднексит, колика);

Жағымсыз әсері: АҚЖ: 3-9% құсу, метеоризм, іштің ауырсынуы, диарея. Эрозивті-жаралық зақымданулар, қан кеті, АҚЖ перфорациясы. 1-3% анорексия, құсу, стоматит. ОНЖ: бастың ауруы, бас айналу, ұйқышылдық, көңіл күйдің төмендеуі. ҚЖ: анемия, лейкопения, тромбоцитопения. Аллергиялық реакциялар: қышу, эритема, ісіну.

Қарсы көрсеткіштері: - асқазан мен 12 елі ішектің жара ауруы, өршу сатысы;

- себебі белгісіз қан түзілудің бұзылысы;

- жүктілік; лактация кезеңі;

- препаратқа жоғары сезімталдық

X – БӨЛІМ


<== previous lecture | next lecture ==>
Электрокардиография: 14.03.2011ж 15:55 | АУРУ ТАРИХЫ
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.199 s.