|
АУРУ ТАРИХЫDate: 2015-10-07; view: 1797. Доц. С.А.Сейтмагамбетова. Доц. Б.С.Калимурзина. СХЕМАСЫ УДК 616-084:362.121. ІШКІ АУРУЛАР КАФЕДРАСЫ БОЛЖАМЫ Болжамы: өмір сүруге салыстырмалы қолайлы, тағайындалған нитропрепаратты, антигипертензивті препараттарды қабылдап, диетаны сақтау керек. Салыстырмалы сауығу болжамы қолайсыз. Диспансеризация: стационарлық емнен соң қайта зерттеулерден өту керек (ҚЖА, ҚБА, ЖЗА, ЭКГ, УДЗ), учаскелік терапевттің, кардиолог, окулист пен невропатологтың бақылауында болу керек.
АУРУ ТАРИХЫНЫҢ (Әдістемелік нұсқаулар) Әдістемелік нұсқауларды құрағандар: Кафедра ________________________ Кафедра меңгерушісі _____________ Ассистент_______________________ (Сырқатнама)
Науқас _________________________________________________
Клиникалық диагноз _____________________________________
а) Негізгі аурудың асқынуы ________________________________
___________________________________________________
б) Негізгі аурудың асқынуы ________________________________ ___________________________________________________ Қосымша ауру (ілеспелі ауру) _______________________________
Куратор-студент___________________________ Тобы ____________________________________ Курация уақыты __________________________ РЕСМИ МӘЛІМЕТ (паспорттық бөлім)
1. Фамилиясы, аты, әкесінің аты ____________________________
2. Жасы _________________________________________________
3. Жынысы ______________________________________________
4. Білімі _________________________________________________
5. Жұмыс орыны __________________________________________
6. Мамандығы ____________________________________________
7. Атқаратын қызметі ______________________________________
8. Аурудың мекен-жайы ____________________________________
9. Ауруханаға түскен күні, сағаты ____________________________
10. Ауруханадан шыққан күні ________________________________
11. Жолдаманы берген мекеме ________________________________
12. Жолдама берген мекеменің диагнозы ______________________
13. Қабылдау бөлімінің диагнозы _____________________________
14. Клиникалық диагноз:
Негізгі ауру ____________________________________________
Негізгі аурудың асқынуы _________________________________
Қосымша (ілеспелі) ауру _________________________________ 1. НАУҚАСТЫҢ ТҮСКЕН КЕЗДЕГІ НЕГІЗГІ ШАҒЫМДАРЫ 1. Науқастың түскен кездегі шағымдарын келтіріп, оның ішіндегі басты және қосымша шағымдарын айыру. 2. Шағымдар бойынша қай мүшенің немесе жүйенің зақымданғанын шамамен болжау. 3. Шағымдарды талдау (әр шағымды өзінің түріне байланысты қосымша сұрақтар арқылы талдап анықтау). 4. Төмендегі берілген схема бойынша сұрастырып барлық жүйелер мен мүшелерінің функциясын анықтау. Бүкіл бөлімде аурудың өзі аңғармаған қосымша шағымдар анықталуы мүмкін. Бұл шағымдар төмендегі схеманың тиісті бөлімінде жазылады. 2. ҚАЗІРГІ АУРУДЫҢ ТАРИХЫ. Бұл тараудың мақсаты аурудың басталуынан осы кезеңге дейінгі аралығындағы даму барысын анықтау. Тиісті сұрақтар арқылы: аурудың қашан, қалай басталғанын (кенеттен, біртіндеп), алғашқы белгілері қандай болды, әрі қарай барысы: күшеюі немесе үзілмелі (бір қайталауы). Өршу немесе басылу (ремиссия) кезеңдерінің ұзақтығы. Ауырғаннан бері жұмысқа жарамдылығы. Осы аурудың себебінен мүгедек болса, онда қай уақыттан бастап мүгедек және мүгедектің қай тобына жататынын сұрастыру керек. Мүмкіншілігінше аурудың себебін анықтау: ауру уайым, қайғы травма, ауыр дене қызметі, салқындау, тамақ тәртібін бұзу т.с.с. Әсіресе емханаға осы түсудің алдында болған аурудың өршуінің себебін анықтаған жөн. Дәрігерлерге қаралды ма, емделді ме? Емделсе емнің нәтижесі қандай болды? Қандай қосымша зерттеулер жасалды (қанның, несептің анализі, рентгеноскопия, ЭКГ нәтижелері) қандай диагноз қойылды? 3. АУРУДЫҢ ӨМІР ТАРИХЫ. Науқастың өмірі туралы сұрастыруды жалпы биографиялық мәліметтерден бастайды: туған жылы мен жері (географиялық аудан), тұрған жері егерде өзгертілген болса. Әлеуметтік анамнезі:туған жан ұясының жағдайы; ата-анасының жасы, нешінші бала болып туылды, тұрмысы, тамақтану жағдайы. Балалық шағы:балалық шағындағы өсіп жетілуі, денсаулығы, ауырған аурулары. Мектепте оқу кезеңі: қанша жаста мектепке барды, сабаққа үлгерімі, неше жыл оқыды? Мектепте дене шынықтыру сабағына қатысуы, спортпен айналысуы, жалпы және арнайы білімі. Кәсіптік анамнезі:қай жастан бастап жұмысқа кірді, қандай жұмыстарда істейді. Бұрын болған зиянды кәсіптік әсерлер. Осы кездегі жұмыс жағдайы, жұмыс уақытының ұзақтығы мен немесе дене қызметі, түнгі немесе күндізгі жұмыс орнының сипаттамасы: жарықтығы, температурасы, шаң (оның түрі), басқа зиянды заттардың немесе әсерлердің болуы (шу, вибрация, газ). Демалыс күндерін денсаулыққа тиімді пайдалануы. Тұрмысының жағдайы. Зиянды әдеттері:шылым шегуі (неше жастан бастап және тәулігіне қанша папиростан тартады), арақ-шарап ішуі (жиілігі, мөлшері), қалай көтереді; нашақорлық (түрлі, қашаннан бері қолданады). Ауырған аурулары:операциялар, травмалар, басқа аурулар хронологиялық реттілікпен (неше жаста, қай жылы). Аурулардың ауырлығы, ұзақтығы, асқынулары, жасалған емдер және ем алған жері (аурухана, үйде, жұқпалы жыныс ауруларына аса көңіл бөлу керек). Жан ұясы және жыныс қатынасы туралы мәлімет: үйленгені, тұрмыста болуы, неше жаста тұрмыс құрды. Әйелдерден: етеккірі неше жастан басталды, неше күннен жүретіні, уақтымен келуі: неше рет жүкті болды, босанды; баланың өлі туу. Аборттың саны, жасау себебі, асқынулары. Етеккірі тоқтағанда қашаннан бері, климакстың барысы. Неше балалары бар? Аллергиялық анамнез:дәрі-дәрмектердің және басқа емдеу әрекеттердің, тағамдардың жақпауы (қандай, немен білінеді). Бұрын аллергиялық бөртпелердің. Квинке ісінуінің, есек жемінің, шөп қызбасының (сенная лихорадка), тұншықпаның (бронх астмасы, бронх спазмы), анафилаксиялық шоктың, өсімдіктің, дәрінің, тағамның, вакцина, сары судың әсерінен болуы: қан құюға, қан алмастыратын заттардың әсіресе екі қабаттың кезеңінде (уақыттан бұрын босану, жас туған балалардың т.б.) аллергиялық реакциялардың болуы. Эпидемиологиялық анамнез:ең алдымен аурудың кімнен (ауру адамнан, малдан, аңнан, басқа жәндіктерден) жұққан болжам жасалады. Содан соң оның жұғу жолдары анықталады (тығыз қарым-қатынастан, аудадан, тамақтан, судан, сыртқы тері не сілекей қабаттар арқылы, инемен шаншығанда т.б.) Бұл сұрақтарды анықтау барысында ауру адамның ұй-тұрмысы, жұмыс орны, жол жүруі және онда болған жерлері, кездескен адамдар ішінде жұқпалы аурулардың бар-жоғы, жұмыс істейтін жері мен мамандығы, күдіктенген тағамның түрі және оның сақталған жері, аурудың санитарлық-гигиеналық тәртіпті сақтаудағы ұқыптылығы және тағы басқа мәліметтерге көңіл бөлінеді. Соңғы кезде жасалған операциялар, әр түрлі қабылдаған емдер (қан құю, егудің тұрлері т.б.) анықталады. Қызуының көтерілгені, құсқаны, ішінің өтуі анықталады. Тұқым қуалаушылықтан мәлімет:Бұл тарауда туысқандарының денсаулығы туралы мәліметтер алынады әке-шешесінің жағынан аталарының, әжелерінің, аға-інілерінің, апа-қарындастарының: әйелінің немесе күйеуінің туысқандарының, балаларының ауруларын сұрастыру. Ал өлген жағдайда, ол адамның немен ауырғанын не себептен өлгенін анықтау керек. Сұрастырғанда әсіресе тұқымға әсер ететін ауруларға назар бөлу керек: эндокриндік ауруларға, геморрагиялық диатездерге, психикалық ауруларға, ісіктерге, туберкулезге, алкоголизмге. Төменде берілген схема бойынша аурудың тұқым шежіресін құрастырыңыз. ТҰҚЫМ ШЕЖІРЕСІНІҢ СХЕМАСЫ - әйел - жынысы белгісіз - еркек сау адамдар - ауру әйел - ауру еркек - әйел пробанд - еркек пробанд - түсік - медициналық аборт - ағайындылар - бір жұмыртқалы егіздер - екі жұмыртқалы егіздер - өзі тексерген - өлген - жұбайлар - ажырасқан неке - қандас неке - бірнеше неке -некесіз - ұрпақсыз ер адам - ұрпақсыз жұбайлар - ұрпақсыз әйел адам Тексерілген пациент пробанд деп аталады. Ағайындылар дұниеге келген реттілігімен солдан оңға қарай орналасады. өрпақ рим цифрасымен белгіленеді (І, ІІ, ІІІ) немесе алфавиттің бас әріптерімен (А, Б, В). өрпақ белгілері сол жағынан орналасады. Қр ұрпақтың мүшелері араб цифрларымен нөмірленеді (1, 2, 3, 4). Осы науқастың аурумен ауыратын туысқандарының белгішелері штрихпен сызылады. 4. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЖАҒДАЙЫ Жалпы қарау. Санасы: (есі) дұрыс, бұзылған. Сананың бұзылуының депрессивті тежелу түрі: ступор, сопор, кома; ирритативті қоздырылу бұзылуы елестер, сандырақ. Қалпы: активті, пассивті мәжбүр. Жалпы жағдайы:жақсы, орташа, ауырлау, ауыр, өте ауыр, жанталас жәйі (агониялық). Дене бітімі:астеникалық, нормостеникалық, гиперстеникалық. Бойы, дене массасы. Тері жамылығы:түсі; қалыпты (әдеттегі дене тұсі), ақшыл қызғылт, қуқыл қызыл, көкшіл (цианоздың аса білінген жері көрсетіледі), қоңыр, қара-қоңыр немесе қола тәрізді, сарғыш, топырақ түстес. Терінің серпінділігі мен тургоры. Терінің ылғалдылығы орташа, жіпсіген, тер басқан (былжыраған), құрғақ, қабыршақтанған. Патологиялық пигментациялар:бөртпелер, олардың түрлері: эритема, теңбіл, розеола, папула, пустула, күлдірек, есекжемі, жара, ұшық. Қанталау, қасынған іздер, “тыртықтар, жұлдызшалары”. Тері өсінділерінің даму барысы: шашы, бетіндегі, қолтық астындағы, шап маңының түгі. Тырнақтары, пішіні, түсі, сынғыштығы. Тері асты шел қабаты:(бұғанадан төмен майдың қыртысының қалыңдығымен өлшенеді) орташа, жұқа, (жүдеу), қалың, өте қалың. Майдың айрықша жиналған жерлері: ішке, қол-аяққа, бөксеге, мықынға, жалпы семіруі.
|