|
Кахексия.Date: 2015-10-07; view: 1171. Ісіну:(жалпы немесе жергілікті). Жергілікті ісінудің орналасқан ауданы. Ісінудің даму деңгейі, консистенциясы. Тері асты веналары:кеңімеген, кеңіген. Веналардың варикозды кеңуі (қай жерде, кеңу мөлшері, ауырғандығы). Тромб болғанда оның орналасуын және сантиметр бойынша ұзындығын табу. Тері асты ісіктері, липомалар. Лимфа түйіндері:мойынның, жақ астының, желкенің, қолтық астының, желкенің шынтақ буынының. Түйіндердің көлемі, формасы, ауырғандығы, қозғалысы, тығыздығы, терімен, шел қабатымен, бір-бірімен жабысуы. Тесілуі, жара болуы. Мүшелеу қарау. Басы: бет әлпеті, ажары (түрі, тынышсыз, қиналған, қатты қиналған, қызбалы бет, Корвизор беті, митралды, базедалы, микседематозды, акромегалиялық, Гиппократ, маска тәріздес, ай тәріздес, Брайттың және т.б. бет әлпеті.) Көздері: көз саңылауына назар бөлу керек тарылғанына, кеңігеніне (қабақтары) түсі, ісінуі, түсіп тұруы (птоз), көз алмасының шығуы бадырақ көз-экзофтальм, кіруі-энофтальм . Конъюктиваның түсі, қанталау. Көздің қарашығы (формасы, көлемі), реакциясы, жарыққа (тікелей және сыбайлас біріккен), конвергенция мен аккомодациясы. Арджиль-Робертсон белгісі. Көздің дірілдеуі, еріксіз қозғалуы (нистагм), қылилығы т.б. ерекшеліктері. Мұрын:сыртқы пішіні, өсуі және қалыңдауы, ойылуы (ер тоқым тәріздес) жұмсақ тканьдерінің деформациясы, қызажуы, танау айналасының жаралануы, ұшық бөртпелерінің болуы. Кілегей қабатының қалпы. Еріндері:бұрыштарының симметриялылығы, аузының ашық тұруы; еріндерінің түсі (қуқыл, көгеруі, ұшық шығуы, жарылуы, құрғауы). Ауыз қуысы:ауыздан иіс шығуы (қышқыл, шірік, нәжіс, ацетон, алкоголь мочевина т.б. иістер). Ауыз қуысының кілегей қабатын қарағанда мына белгілердің болуына мән бөлу керек: афтылардың, пигментацияның, Белский Филатов - Кеплик таңбасына, қанталаудың, қатты таңдайдың сарғаюына. Иектері: қуқыл, қанағыштығы, күлбірегені, ісінуі, қорғасынмен уланғанда сүр түсті жиектің болуы. Тістері:босаған, кариозды, өзгерген; Гетченсон тісі, жасанды тістер; қай тістері түскен. Тілі:пішіні, үлкендігі, ылғалдылығы (құрғақ, ылғал), бетіне шөгінді қонғанда оның орналасу ерекшелігі (ортасында, түбірінде, тілдің бетінде толығымен); оның түсі (ақшыл, қоңыр). Бүршіктердің қалпы (“жылтыр тіл”, ”мақпал тәрізді тіл”, лейкоплекция - ”географиялық тіл”, тістердің батқан іздері бар қалыңдаған тіл; жарықтарының, тістелген іздері), жаралардың болуы. Көмейі:кілегей қабатыны” түсі, бөртпелер, шегінділер, құрғауы. Миндалиналары:көлемі, формасы, түсі, ісінуі, шөгінділері, іріңді тығындар. Жатқыншақкілегей қабатының түсі қалыпты, қызарған, құрғауы, бұжырлауы, жылтыр болуы, шөгінділері, жаралары, тыртықтары. Мойын:тамырлардың пульсациясы (“каротид биі”), оң мәнді веналық пульс, мойын веналарының ісінуі. Қалқанша безі:көлемі (қалыпты, барлық бөлігінің немесе бір бөлігінің ұлғаюы): тығыздығы, ауыратындығы; сантиметр бойынша ұзындығы мен өңі. Тұлғасы:кеуде сарайы мен ішті қарау (оның реттілігі, тыныс, қан айналу, ас қорыту жүйесін тексеру тәсілдері арнайы тарауларда берілген). Бұлшық ет жүйесі:жалпы даму деңгейінің сипаттамасы: жақсы, орташа, шамалы. Сипап ексергенде қай бұлшық еттері ауырады: бұлшық еттерінің тонусы, күші, дірілдеуі. Сүйек жүйесі:сүйектердің, омыртқа жотасының мойын, кеуде, белдік бөлімдерінің қозғалысы, ауырғандығы, күш салу белгісі, “дабыл таяқшаларының болуы”, сүйектердің жұмсауы, кей жерлерінде қалыңдап буылтықтануы және оларды сипағанда ауыратындығы. Буындары:конфигурациясы, ісінуі, терісінің қызаруы, қызуының көтерілуі. Активті және пассивті қозғалысының көлемі. Қозғалысының шектелуі градус бойынша өлшенеді. Анклиоздың, крепитацияның (сықырдың) болуы. Флюктуация. Сантиметрдің көмегімен буынның айнала өлшемі. Дене қызуы:қалыпты, субфебрильді, қызба. Қызбаның түрі:тұрақты, титықтатпа т.б.
5. ЖҮЙЕЛЕР БОЙЫНША ҚОСЫМША СҰРАСТЫРУДЫҢ СХЕМАСЫ 1. Аурудың жалпы жағдайы: Көңіл-күйі, әлсіздігі, тез шаршауы, жұмыс қабілетінің төмендеуі, тоңғақтығы, қалтырауы, тершеңдігі, дененің қызуы, қызудың көтерілуі, арықтауы, семіруі (қашаннан бері және шамамен неше кг-дейін). 2. Тыныс жүйесі: Мұрыннан дем алуы: қиналмай, қиналып, мүлдем дем ала алмайды, мұрын ішінің құрғауы, сұйықтықтың ағуы (шамамен мөлшері, иісі, түсі). Көмейдің құрғауы, сөйлегенде, жұтынғанда ауруы. Дауыстың қарлығуы, шықпауы. Кеуде сарайының ауырғандығы: ауырудың орналасқан жері, түрі (шаншып, түйреп, сыздап), күші (қарқындылығы), ұзақтығы, дене қимылы мен қалыпының әсері, тарауы дем алғанда немесе жөтелгенде күшеюі және оның таралу бағыты. Демікпе: тұрақты, ұстамалы: жүргенде, баспалдақпен көтерілгенде, күшеюі: ұзақтығы, горизонтальді немесе вертикальді қалыпта пайда болуы және күшеюі. Тұншықпа: пайда болу уақыты, күші, ұзақтығы, пайда болу себебі, қосалқы белгілері, көмек беретін емдік әрекеттер. Жөтел:тұрақты, ұстамалы, сирек, құрғақ, қақырықты. қақырықтың шығуы (жеңіл, қиындықпен): біркелкі немесе ұстамалы, жөтелден кейін: қақырықтың тастау уақыты: ертеңгілікте, күндіз, түнде (бір тастағандағы және бір тәуліктің мөлшері) қақырықтың дене қалпына байланысты бөлінуі, түрі, иісі, түсі. Қан қақыру: пайда болу уақыты, мөлшері, таза қан қақыруы немесе қан аралас қақырық тастауы. Сұйық немесе ұйыған қанмен қақыру. Түсі (алқызыл, қара қоңыр). 3. ЖҮРЕК-ТАМЫР ЖҮЙЕСІ. Жүрек, төс маңайындағы ауырғандық: түрі, түйреп, күйдіріп, қысып, басып, шаншып, кұші: ұзақтығы, тұрақты немесе ұстамалығы, тарау бағыты, қандай жағдайда не себептен пайда болады: ауырған кезде науқастың дене қалыпы, қолданатын емдік шарасы. Ауырғандықпен қосалқы білінетін белгілер: демікпе, терлеу, әл кету. Жүрек соғуы: тұрақты, ұстамалы, күші, ұзақтығы, “тоқтап”, “үзіліп” соғуы, пайда болу себептері (дене қызметі, толқу, тыныштық жағдайда, тамақтан кейін, горизонтальды қалыпта, ауа райы өзгергенде). Демікпе: тыныш жағдайда немесе дене қызметінен кейін, қай қалыпта басылады(вертикальды, отырғанында немесе горизонтальды қалыпта). Ісіну: орналасқан жері, пайда болу уақыты (ертеңгілікте кешке қарай): себебі: сұйықты көп ішу, тұзды тамақтан, ауыр қызметтен кейін, тұрақтылығы. 4. АС ҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІ. Тәбеті:жақсы, орташа, төмендеуі, тәбеттің жойылуы, жоғарылауы, астан жиренуі, тамақ емес заттарға зауықтануы (борға, күлге, топыраққа т.б.), бұрмаланған тәбет, тамаққа тез тойуы. Дәм сезуі:ауызында жағымсыз дәм тату, “жусан” дәмі (ет тату), “қышқыл” тәтті дәм сезу, дәм сезбеу. Өт дәмінің пайда болу мезгілі және себебі:ертеңгілікте, горизонтальды қалыпта, еңкейгенде, майлы тағамнан кейін. Ауыздың құрғауы:толқығанда, шөлдегенде, қызу көтерілгенде. Сілекейдің көп бөлінуі:шылым шеккенде, аскаридозда, жүктілікте. Жұтыну:кедергісіз ауырғандықтың болуы, жұта алмау. Дисфагияның тұрақтылығы, тұрақты бір қалыпта өңештің тыртықтанып таралуында (бірте-бірте дамуы), өңештің ісігінде. Тағамның қандай түрін жұта алмайды (сұйық немесе құрғақ тағам). Кекіру:құрғақ (ауамен), отпен, қышқыл, шірік жұмыртқа дәмді, тағаммен. Пайда болу уақыты, күші, ұзақтығы қандай. Қалжырау: жиілігі, күші, ұзақтығы, қандай тағамнан кейін пайда болады. Дене қалыпына байланысты (жатқанда, еңкейгенде). Жүрек айну:жиілігі, ұзақтығы, тағамның түріне байланысы, аш қарынға, бас айналғанда, дене қалпын өзгерткенде. Құсу:аш қарында, тамақтан кейін. Тамақтанғаннан кейін (қанша уақыт өткенде). Тамақтың түріне, ішкен дәріге байланыстылығы. Құсықтың мөлшері, дәмі (дәмсіз, қышқыл, ащы). Құсықтың түрі: біраз уақыт бұрын ішкен тағамның бөлшектері, көпіршікті, ет араласқаннан түсінің жасыл-сары болуы, қан араласуы. Құсықтағы қанның мөлшері және түрі (өзгермеген, өзгерген), таза қанмен құсу, кофе тұнбасына ұқсастығы, сары немесе қоңыр түсті нәжіс аралас, нәжіс иісі бар құсық. Құсқаннан кейін жеңілдіктің болуы. Төс шеміршегі астында жағымсыз сезінулердің болуы:оның тағам түріне және мөлшеріне байланысы немесе кез-келген тағамнан кейін пайда болуы. Эпигастрий аймағындағы ауыру:(ауыру синдромын талдау) орналасуы, ауырудың түрі, күші (күшті, әлсіз, өте күшті). Аурудың тарауы: омыртқа жотасына тарап тесіп ауыру, оң жақ жауырын астына, оң жақ иыққа тарауы. Пайда болу себебі: тағамның түріне, мөлшеріне байланысты. Тамақтанғаннан кейін қанша уақыттан соң пайда болады? Түнде, аш қарынға білінуі, Сода ішкеннен, құсқаннан кейін басылуы. Дененің қай қалпында басылады? Аурудың жыл мерзіміне байланысты өршуі (жазғытұрым, күзде, көктемде, қыста). Ауырғандықпен қатар не жүреді:Аурумен бірге жүрегінің айнуы, құсуы, қызуының көтерілуі, басының ауыруы, газ бен дәретінің тоқтап қалуы немесе шығуы, ішінің өтуі, нәжістің қара майға ұқсас болуы. Іште жағымсыз сезімнің болуы:кебу, құрылдауы, ауыруы және оның түрі (күшті, кесіп, түйіліп, сыздап, ұстамалы түйіліп ауыру). Ішектің жұмасы: үлкен дәреттің саны, қатпа болғанда неше күннен кейін жұретіні, қандай шара қолданады (клизма, дәрет жүргізетін дәрілер). Тік ішектің толық болмағанын сезіну. Іштің өтуі, тәулігіне неше рет өтеді. Іштің қатуы әрі өтуінің кезектесуі. Дәретті ұстай алмау. Нәжісті сипаттау: қалыпты, қоймалжың, сұйық, қатты, құмалақ тәрізді. Қан, кілегей қосындылары. Дәретке отырғанда ауырғандықтың болуы. Тенезмаляр. Тік ішектің айналасының қышуы, айналып түсуі. Газ шығару: жеңіл, аз мөлшерде, иіссіз, өте жағымсыз иісті, көптеп. 5. НЕСЕП БӨЛУ ЖҮЙЕСІ: Бел аймағының ауыруы: оң жағы, сол жағы, тұрақты немесе ұстамалы, аурудың түрі-жәй, сурып, сыздап, пайда болатын жағдайы көп жүргенде, секіргенде, дене селкілдегенде, салқылдағанда. Ауруы неден басылады. Аурудың тарауы: несеп ағар бойымен, қуыққа, үрпіге. Несеп шығаруы:қалыпты, қиналып, жиіленіп, несеп шыққанда қуықтың немесе үрпінің ауыруы. Несепке отырудың күндіз немесе түнде жиілеуі. Ауырғандықтан несеп жіберудің басында немесе соңында пайда болуы. Несеп ағысының өзгерісі үзіліп-үзіліп, тамшылап жайлап ағуы несепті ұстай алмау. Несептің тәуліктің мөлшері. Гематурия (несеп жіберудің басында жіберген мезгілде, аяғында). Несеп:түсі, мөлдірлігі, тұнбасы, қосындылары: ірің, кілегей, қан, микроскопиялық құрамы. Ісінуі:қабақтарының, бетінің, жалпы дене бойының: көз көруінің нашарлауы, жүрегінің соғуы, демігуі. 6. ТІРЕК-ІИМЫЛ ЖҮЙЕСІ. Аяқ-қолының, бұлшық еттерінің, сүйектерінің, буындарының ауыруы, буындарының қимылдау көлемі (шектелген, шектелмеген). Аурудың жиілігі және пайда болу себебі: көп жүргеннен кейін. Көбірек ауыратын мезгілі (ертеңгілікте, кешке қарай, түнге қарай). Механикалық ырғақта буындардың ауруы көп жүргеннен кешке қарай ауырады. Қабыну ырғағында-ертеңгілік көбірек білінеді. Ертеңгілікте буындар қозғалысы қиындамайды ма (сіресіп қалуы)? Сірескенде қанша уақытқа дейін буындар қозғалысы қиындайды? Бұлшық еттерінің әлсізденуі, қол-аяқтарының салы және семуін анықтау. 7. НЕРВ ЖҮЙЕСІ. Науқастың өзінің мінез-құлқын бағалауы:салмақты, күйгелек, тынышсыз, ашушаң, анық мінезді (тіл табысқыш), тұйық. ұйқысы:қалыпты, жиі оянады, ұйқысыз, ұйқышыл. Бас ауруы:қай жері ауырады, қай мезгілде ауырады, аурудың түрі, ұзақтығы, жиілігі. Бас айналуы:жиілігі, себебі (мойынның оқыс қозғалысында, жүрек ырғағының бұзылуы т.б. (көз алдының қарауытуы, “қара шіркейлердің ұшуы”, талып қалуы.) Құрысуы:түрі (тонустық немесе клонустық). Жайы санасы, күмәнданғыштығы, сандырақ болуы және олардың сипаттамалары. Галлюциялар: есіту, көру. иіс және дәм сезу елестері. 8. СЕЗІМ МҮШЕЛЕРІ. Көру, есіту, иіскеу, тері мен кілегей қабықтардың дәм сезімдерінің өзгергендігін білдіретін шағымдар. ТЫНЫС ЖҮЙЕСІН ТЕКСЕРУ Мұрын:тыныс алудың қиындауы, сұйықтың ағуы. Мұрынның түбін, жанын маңдай, гаймор қуыстарын басып, қаққанда ауырғандықтың болуы. Мұрын пердесінің қисаюы. Дауыс:қалыпты, әлсіз, қарлыққан, шықпайды (афония). Кеуде сарайын қарау: сыртқы пішіні қалыпты (конус тәрізді), күбі тәрізді, цилиндр тәрізді, паралитикалық, рахиттік (“құс кеудесі”), “етікшінің кеудесі” өзгерістердің болуы. Омыртқа жотасының қисаюының әсерінен болған кеуде сарайының деформациясы (кифоз, сколиоз, лордоз, кифосколиоз). Ассиметриялық өзгерістер: бір жағының томпаюы немесе басылуы; тыныс қимылына екі жағының бірдей қатысуы. Тыныс түрлері:жоғарғы қабырғалық (кеудемен), төменгі қабырғалық (ішпен), аралас. Бір минутта тыныс алу жиілігі. Тыныс алу ырғағы: қалыпты, Чейн-Стокс, Биот, Куссмауль. Тыныс қимылының тереңдігі (терең, беткей). Демігудің деңгейі және түрі (экспираторлы, инспираторлы, аралас). Кеуде сарайын сипап тексеру: серпінділігі, бұлшық еттерінің тонусы; қабырғалардың қабырға аралық нервілердің, бұлшық еттердің ауыратындығы. Дауыс дірілін сипап тексеру:күшеюі, әлсіреуі, дауыс дірілінің өзгерген жерін көрсету; сипағанда плевра үйкелісін сезу. Кеуде сарайының тыныстық экскурсиясын өлшеу:алдымен тыныш жағдайда кеуде сарайының шеңберін өлшеу (алдыңғы бетте ІV қабырға, артқы бетте-жауырынның төменгі бұрышынан), содан кейін демді барынша алғанда және шығарғанда өлшейді, аралық айырмашылық кеуде сарайының тыныстық экскурсиясы болып табылады.
|