Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






ПЕРКУССИЯ


Date: 2015-10-07; view: 2143.


Өкпенің салыстырмалы перкуссиясы:Перкуторлық дыбыстың түрін көрсету керек: анық (өкпе), қораб, қысқарған өкпе дыбысы, тынық, дабыл, қысқарған дабыл дыбысы, жарылған қыш құмыра дыбысы.

Өзгерген дыбыстың естілетін жерін және оның аймағының сыртқы пішінін (лента тәрізді, өкпе бөлігінің проекциясына сәйкес болуы, Дамуазо сызығы тәрізді т.б.), анықтау. Дыбыс гаммасан екі жақтан бірдей анықтау керек.

Топографиялық перкуссия:өкпе ұшының биіктігін алдыңғы және артқы беттен анықтау (см.бойынша), Кренинг кеңістігінің енін, төменгі шекті барлық вертикальді сызықтар бойынша табу.

Тексеру қорытындыларын кесте ретінде келтіру

Танымал сызықтар Оң жақ өкпе сол жақ өкпе
1. Төс қасы сызығы 2. Бұғана ортасы сызығы 3. Алдыңғы қолтық асты сызығы 4. Ортаңғы қолтық асты сызығы 5. Артқы қолтық асты сызығы 6. Жауырын сызығы 7. Омыртқа асты сызығы    

Өкпе шетінің тыныстық қозғалысын бұғана ортасы, алдыңғы қолтық асты, жауырын сызығымен анықталады.

Жарты ай тәрізді Траубе кеңістігін анықтау.

Өкпенің салыстырмалы аускультациясы:

Тыныс шуларын сипаттаңыз:везикулалық тыныс әлсіреген, күшейген, тыныс шығару фазасы ұзарған, үзілмелі патологиялық бронх тынысы (амфоралық, металл реңді), аралас бронх-везикулалық, тыныс шуының жойылуы. Естілетін аймағы (өкпенің барлық бетінен немесе шектелген бір жерден).

Қосымша тыныс шулары:Төмен дыбысты құрғақ сырыл (жуан дыбысты), жоғарғы дыбысты (дискантты); ылғалды сырылдар (ұсақ, орташа, ірі көпіршікті); дыбысты, дыбыссыз. Крепитация. Плевра үйкеліс шуы. Бронхофония (баяуланған, күшейген) және оның өзгерген жерін көрсету.

ҚАН АЙНАЛУ ЖҮЙЕСІН ТЕКСЕРУ

Жүрек тұсын қарау:жүрек томпағы, жүрек түрткісі, жүрек ұшы түрткісі, қай жерде көрінеді, және бұғана ортасы сызығының қай жағында орналасады. Кеуденің бұл тұсында кішкене бір жерінің томпая солқылдауы - қолқа аневризмасында болады. Жүрек ұшы аймағының систола кезінде ішке тартылуы (теріс жүрек ұшы түрткісі). Жүрек аймағының басқа жерінің систолада тартылуы.

Жүрек аймағының пальпациясы:Жүрек ұшы түрткісінің басты қасиеттері (орналасуы, аумағы, күші, биіктігі, мөлшері). Систолалық немесе диастолалық дірілдің, “мысық пырылы” белгісінің болуы. Аортаның ретростернальдық пульсациясы.

Перкуссия:шала тұйық және нағыз тұйық дыбыс шектерін анықтау (оң жақ, сол жақ, жоғарғы). Қорытындысы кесте түрінде беріледі. Жүрек конфигурациясы белгіленеді (аортальды, митральды, трапеция тәрізді).

Жүректің шала және нағыз тұйықтығының шектері

шектер    
оң жақ сол жақ жоғарғы    

М.Г.Курлов бойынша жүректің ұзындық және ендік өлшемдерін табу. Тамыр будасының енін және қолқа доғасының деңгейін анықтау.

Жүрек аускультациясы

Тондар:анықтылығын (дыбыстылығын), бағалау (күшейуі, әлсіреуі, өте әлсіреуі): тембрі (жұмсақ, металл реңді); жиілік темпі (тахикардия, брадикардия); ырғағы, ырғақсыз, экстрасистолия, жыбыр аритмиясы, маятник тәрізді ритм, амбриокардия, екіге бөлінуі, “жарықшақтануы”, “шоқырық ырғағы”, “бөдене ырғағы”.

Шулар, оларды сипаттау: Жүрек жұмысының фазасына қатынасы (систолалық, пресистолалық, диастолалық т.б.); дыбыстың түрі (үрлеген, ызыңдаған, музыкальды т.б.); күші (дыбысты, бәсең); ұзақтығы, күшейетін, әлсізденетін тембрі (жоғары, төмен). Ең анық естілетін нүктелері (эпицентрі). Шудың тарауы, оның дене қызметіне және дене қалпына байланысты өзгеруі, үлпершек үйкеліс шуы (естілетін жері). Плевра перикард үйкеліс шуы.


<== previous lecture | next lecture ==>
Кахексия. | Тамырларды зерттеу.
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.179 s.