Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Тамырларды зерттеу.


Date: 2015-10-07; view: 1374.


Мойын тамырларын қарау:“каротидтер биі”, оң мәнді веналық пульс, веналарды” ісінуі; кеуде сарайының кеңуіне, қолдардың, иықтардың ісінуіне назар аудуру керек.

Пальпация:білек артериясындағы пульстің негізгі қасиеттері (екі жақта бірдей болуы, жиілігі, ырғағы, толуы, кернеуі, шамасы, формасы, пульс дефициті). Артерия қабырғасының серпімділігі. Пульсті басқа артерияларда тексеру:

- а (самай артериясы)

- а (табан үсті артериясы)

- а (тізе асты артериясы)

- а (шап артериясы)

Тырнақтың түбін басып капиллярлық пульсті анықтаймыз.

Тамырлардың аускультациясы:Шынтақ артериясында тондардың естілуі.

(Образцов белгісі); сан артериясындағы Траубенің қос тоны және ұйқы артериясындағы Дюразье - виноградовтың қос шуы, мойын веналарындағы “зырылдауық” шуы. коротков тәсілімен қолда және аяқта артериальдық қысымды өлшеу.

АС ҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІН ТЕКСЕРУ.

Ауыз қуысын, тістерді, тілді, көмейді қарауға аса назар бөлу керек.

Ішті қарау:формасы (құрбақа іші), көлемі, симметриялылығы, іштің алдыңғы бетінің тыныс қимылына қатысуы, перистальтикалық, антиперистальтикалық, қозғалыстың көрінуі (асқазанның ішектің перистальтикасы). Веналардың кеңуі (“медуза басы”), қыздырғыш қолданудың пигментациялары, бауырдың ұлғаюының көрінуі. Бауыр пульсациясы. Операциядан болған тыртықтар, жарықтардың болуы (ақ сызықтың, шаптың, санның). Кіндік тұсынан іштің шеңберлік көлемін өлшеу (см).

Іш пальпациясы:Алдымен беткей, жалпылама перкуссия жүргізіледі. Бұнымен жергілікті немесе жайылмалы ауырғандықты, іш қабырғасының қатаюын (жергілікті, жайылмалы); жарық тесіктерін (кіндік сақинасының, ақ сызық бойынан) анықталады. Ауырғандық нұктелері, Щеткин-Блюмберг белгісі т.б. байқалады. Содан кейін Образцов бойынша терей жылжымалы, әдістемелік, топографиялық пальпация мен реттілікпен жүргізіледі: сигма тәрізді, соқыр ішекті, жіңішке ішектің терминальды бөлігін, құрт тәрізді өсіндіні сипау. Содан кейін алдымен асқазанның төменгі шегін анықтап (пальпаторлық немесе пальпаторлық-аускультативті тәсілімен және т.б. көлденең, өрлеу, төмендеу тоқ ішегі, асқазан, бауыр, талақ, бүйрек) зерттеледі. Терең пальпациямен мүшенің формасы, көлемі, шеті, бетінің тегістігі, консистенциясы, ауыратындығы, қозғалысы анықталады.

Бауырды пальпациялау:қолға ілінетін шетінің жағдайы (сүйірленуі, жұмырлануы, жұмсақ, тығыз, тегіс емес); беті (жұмсақ, тығыз, бұдыр), пульсациясы.

Өт қабын пальпациялау:формасы, көлемі, қозғалысы, консистенциясы (жұмсақ, тығыз, бұдыр), ауыратыны. Курвуазье белгісі, френикус феномені.

Талақты пальпациялау:горизонтальды қалыпта және оң жақ бүйірінде жатқан кезде немесе ең жақсысы, кеуде сарайының диоганальды (қиғаш) жағдайында жасайды. өлғайған талақтың консистенциясы, ойығы, бұдырлануы, ауыратыны, қозғалысы.

Іш перкуссиясы:іш қуысындағы бос немесе қалталанған сұйықтың (транссудат, экссудат) қуықтың толуын, ісіктерді, кисталарды, сондай-ақ іш қуысындағы мүшелердің перкуторлық өлшемдерін табу үшін қолданылады (бауырдың Курлов бойынша үш өлшемін талақтың ұзындығы мен енін, асқазанның төменгі шегін). Перкуссия тәсілімен Мендель белгісі анықталады.

Аускультацияның іш қуысын зерттеу үшін маңызы шамалы. Бұны аускультативті-пальпаторлық немесе аускультативті-перкуторлық тәсілдермен асқазанның төменгі шегін табу ұшін қолданылады, және талақ пен бауырдың үстінен іш пердесі үйкеліс шуын есту үшін пайдаланамыз. Аускультация арқылы ішектің, асқазанның перистальтикасын анықтауға болады.

Тік ішекті зерттеу: қарау: анус айналасының қабынуы, терісінің жарылуы, геморрой түйіндердің болуы, тік ішектің айналып түсуі. Тік ішекті саусақпен тексергенде ісіктің, аурудың болуы. Нәжісті қарау.

НЕСЕП БӨЛУ ЖҮЙЕСІН ТЕКСЕРУ.

Қарау:бел аймағының терісінің қызаруы, ісінуі.

Бүйректі пальпациялау:Боткин тәсілімен вертикальді және горизонтальды қалыпта (Образцов бойынша бимануальды-тербелу пальпация) жүргізіледі. Бүйректің қозғалысын, төмен түсуін, бетінің тегістігін анықтайды. Консистенциясын, ауырғандығын және несеп ағардың ауыратынын анықтаймыз.

Перкуссия:Бел тұсын қолдың қырымен соғып тексергенде ауырғандықтың болуы (қағу белгісі).

Қуықтың перкуссиясы мен пальпациясы:қуықтың ауыратыны, түбінің орналасқан деңгейі.

Сыртқы жыныс мүшелерін қарау. Қуық асты безін тік ішек арқылы саусақпен тексеру.

НЕРВ ЖҮЙЕСІН ТЕКСЕРУ.

Нерв жүйесінің толық тексерілуі арнайы көрсетпелер болғанда жүргізіледі. Нерв жүйесінің терең зақымдалғанын, санасын, есте сақтау қабілетін, жүрісін, сіңір рефлекстерін, дермографизмін, бетінің симметриялылығын, тілдің жағдайын бағалау арқылы табуға болады.

Көздің қарашығының белгілері: көлемі, теңдігі, олардың жарыққа, конвергенцияға, аккомодацияға реакциялары. Грефе белгісі Мебиус белгісі. Көз саңылауының мөлшері. Парез бен параличтердің болуы: ауыруды сезінудің бір тегіс болуы.

ІШКІ СЕКРЕЦИЯЛЫҚ БЕЗДЕРДІҢ ЖҮЙЕСІ.

1. Аурудың жалпы бейнесінің жасына сәйкестігі.

2. Бірінші ретті және екінші ретті жыныс белгілерінің даму барысы.

3. Дененің өсуінің бұзылуы (гигантизм, ежегейлік): дене бөліктерінің пропорциялық ара қатынасының бұзылуы.

4. Семіру (жалпы, семіру деңгейі): тері асты май шелінің әркелкі дамуы. Кахексия.

5. Тері жамылғысының жағдайы: гиперпигментация, жұқаруы, стриялдардың болуы.

6. Түгінің орналасу ерекшеліктері.

7. Беті: ажары мен көздерінің өзгерістері.

8. Қалқанша без: көлемі, пішіні, консистенциясы біркелкі, біркелкі емес (түйінді), ауыратындығы.

ҚАН ТҮЗУ ЖҮЙЕСІН ТЕКСЕРУ.

Қарағанда тері, кілегей жамылғылары түсінің өзгеруіне назар бөлу керек: қуқылдануы, сарғаюы, лимон тәріздес, қызаруына.

Дене бетінде геморрагиялық бөртпелер, лимфа түйіндерінің ұлғаюы, іштің жоғарғы аймағының томпаюы немесе ассиметриялылығы, тілдің өзгеруі (“жылтыр тіл”, қызыл, жарылған, бетінің тегістелуі). Ауыз қуысын, көмейді тексергенде миндалиналарда ауыр некрозды, гангреналық зақымданулар болуы мүмкін.

Пальпация:Лимфа түйіндердің, бауырдың, талақтың ұлғаюы.

Перкуссия:Бауырдың, талақтың М.Г. Курлов бойынша өлшемдері табылады және алақанның қырымен соғып сүйектердің ауыратындығы анықталады.

7. АЛҒАШҚЫ (БОЛЖАМДЫ) ДИАГНОЗ ЖӘНЕ ОНЫ ДӘЛЕЛДЕУ

Науқасты тексергенде алынған мәліметтерге талдау жасап және олардың пайда болу механизміне байланысты топтай отырып диагнозды дәлелдеу керек.

Науқастың негізгі (ауырған жүйені көрсететін) шағымдарын талдай отырып, ауру тарихындағы аурудың даму ерекшеліктеріне, өмір тарихы мен эпидемиологиялық мәліметтерге сүйене отырып және барлық жүйелерді зерттеу барысында алынған деректерді негізіне алап науқасқа алғашқы болжамалы диагноз қойылады. Қойылған диагноз толық дәлелденеді. Дәлелдердің жетіспеушілігі байқалған жағдайда және ауруды терең анықтай түсу мақсатымен науқасты зерттеудің қосымша жоспары жасалады.

8. АУРУДЫ ҚОСЫМША ЗЕРТТЕУ ЖОСПАРЫ.

Бұл тараудың мақсаты: 1. алғашқы диагнозды дәлелдеу. 2. Патологиялық процеске қатысы бар мүшелерді, ағзаларды, жүйелердің және зақымдалу процесінің орналасқан жерін, зақымдалу дәрежесі мен асқынуын барынша анықтау.

3. Созылмалы ауру кездескенде оның белсенділік дәрежесін.

4. Зақымдалған мүшенің функцияларын бағалау.

5. Ұқсас аурулардан айырып алу және т.б.

Көрсетілген сұрақтарға жауап алу үшін қосымша зерттеу лабораториялық (клиникалық, биохимиялық, бактериологиялық тәсілдер), аспаптық жолдармен жүргізіледі. Қосымша зерттеулердің көлемі мен саны алғашқы диагнозға тікелей байланысты болады.

9. ҚОСЫМША ЗЕРТТЕУДІҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ.

Бұл тарауда зерттеудің қорытындылары көрсетіледі және өзгерген анализдерге түсініктеме беріледі.

10. ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫҚ ДИАГНОЗ.

(науқас диагнозын ұқсас аурулармен салыстыру жолымен дәлелдеу)

Дифференциалдық диагноздың орынды екенін одан әрі дәлелдеу. Ол үшін осыған дейінгі аурудың клиникалық, лабораториялық белгілерін шығу тегіне байланысты симптомға, синдромға жіктеп бөледі.

Алғашқы диагнозға ұқсас келетін аурулардың аты тізбеленеді. Содан кейін әрбір ұқсас ауруды жеке-жеке саралап, салыстыру жолымен, салыстырып отырған аурудың жоқ екенін түбегейлі фактылармен дәлелдейді. Салыстырып дәлелдеу үстінде тек курацияға алынған аурудың нақты белгілерін ғана негізге алу керек. Екі аурудың ұқсас жағын айта келе, салыстырылып отырған аурудың шағымдары, басталу және даму ерекшелігі, негізгі белгілері (симптомы мен синдромы), лабораториялық мәліметтер, қолданылған емнің нәтижесі жан-жақты сипатталады.

11. КЛИНИКАЛЫҚ ДИАГНОЗ ЖӘНЕ ОНЫ ДӘЛЕЛДЕУ.

Клиникалық диагнозды дәлелдеу үшін осы уақытқа дейін дәлелденген алғашқы диагнозбен дифференциалдық диагноз ескеріледі. Клиникалық диагноз қосымша зерттеу барысында табылған лабораториялық аспаптық тәсілдердің қорытындысымен дәлелдене тұседі.

Аурудың асқынуы бөлек дәлелденеді. Толық клиникалық диагноздың құрамы сол ауруда қолданылатын клиникалық классификацияның негізінде құрылады. Онда аурудың аты, сатысы мен кезеңі, ауырлық дәрежесі, ауруға шалдыққан жүйелердің зақымдану ерекшелігі мен функциясы орын табады. Негізгі аурудың асқынуы және қосымша (ілеспе) аурулардың аты жазылады.

12. НЕГІЗГІ АУРУДЫҢ ЭТИОЛОГИЯСЫ МЕН ПАТОГЕНЕЗІ

Ғылыми монографияларды пайдаланып аурудың шығу тегі мен себептерін қысқаша жазу. Мазмұнын мүмкіндігінше суретпен, белгілі схема тұрінде келтірген жөн. Патогенезді жазған кезде мына мәселелерді ашып анықтау керек.

1. Курация жасаған науқастың негізгі ауруының даму механизмі:

2. Аурудың негізгі белгілерінің, синдромдарының шығу тегі және даму барысы:

3. Айығу барысы.


<== previous lecture | next lecture ==>
ПЕРКУССИЯ | ЭПИКРИЗ.
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.101 s.