|
ЭПИКРИЗ.Date: 2015-10-07; view: 868. ПРОФИЛАКТИКА. ЕМДЕУ. Бұл тарауда әдеби деректерді пайдаланып аурудың негізгі емдеу жолдары баяндалады. 1. Ауру тәртібі: диетасы: негізгі дәрі-дәрмектер; физиотерапиялық әдістер және санаторий-курорттық емнің түрлері. 2. Дәрі-дәрмекпен емдегенде аурудың патологиялық, патогенездік, симптоматикалық емін атап көрсету қажет. 3. Рецептерді жазып және қолданған дәрілердің емдік қосалқы әсерлерін көрсету керек. 4. Болжамды емдеу мерзімі көрсетіледі. 5. Соңында курацияға алған аурудың емдері көрсетіледі. (аурудан алдын ала сақтану амалдары). Профилактиканың алғашқы және екінші ретті шаралары көрсетіледі. 15. АУРУДЫҢ БАҚЫЛАУ КҮНДЕЛІГІ. Бұл тарауда күн сайын аурудың шағымдарын, көңіл-күйін, денсаулық жағдайын, жүйелерінен табылған өзгерістерді, емдеу шаралардың тиімділігі көрсетіледі. Күнделік мына үлгімен жүргізіледі.
Эпикриз - ауру тарихы туралы қысқаша қорытынды. Бұнда науқастың фамилиясын, аты-жөнін, жасын, емханаға түскен күнін жазады. Қысқа түрде ретімен аурудың шағымдарын, анамнездік мәліметтерін, мүшелерінен табылған өзгерістерін, лабораториялық, аспаптық зерттеулердің қорытындылары келтіріледі. Содан кейін толық клиникалық диагноз жазылады. Қысқаша емдеу шаралары, олардың қорытындысы, аурудың бұл кездегі жағдайы, айығу жолдары көрсетіледі. Эпикриз ауруға шығарда беретін кеңестермен бітеді. 17. АУРУДЫҢ БОЛЖАУЫ ЖӘНЕ ЖҰМЫСҚА ЖАРАМДЫЛЫҒЫН АНЫҚТАУ. Ауырған адамның өміріне, жазылуына, еңбекке жарамдылығын болжау. Болжау сәтті, сәтсіз, сенімсіз болуы мүмкін. Аурудың өміріне қауіп келмесе болжау сәтті болып есептеледі. Сенімсіз - егер өлім қауіпін тудыратын жағдайлар болса (үлкен жас, аурудың асқынуы, мүшелерінің, жүйелерінің жұмысының төмендеуі). Сәтсіз - егер өлім қалай да болатын болса. Ауру толық жазылуына сенім болмаса - сенімсіз болжау. Сәтсіз - егер ауру емдеуге келмесе. Егер жарамсыздығын болжауын анықтағанда - аурудың уақытша, болмаса тұрақты жұмысқа жарамсыздығын ескереді. 18. НАУҚАС ТАРИХЫН ЖАЗУҒА ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ. Бұл тізім библиографияның тәртібі бойынша жасалынады: автордың фамилиясы, инициалы, еңбегінің аты, басылымның түрі, баспахана орны, шыққан жылы, беті көрсетіледі. Еңбектердің тізімі, автордың фамилияларының алфавит ретінде келтіріледі. Ауру тарихының ішіне қызуды өлшеу беті салынады. Онда аурудың күнделікті қызуымен қатар, қанның қысымы, негізгі лабораториялық аспаптық зерттеу жасаған күндер, негізгі дәрілердің түрлері мен дозасы (антибиотик не гормондар) көрсетіледі. Аурудың салмағы, үлкен және кіші дәреттердің сипаты т.б. деректер тіркеледі. Температуралық бет ауру адам ауруханаға түскен күннен басталып (курация басталған күннен емес) толтырылады.
|