|
АУРУ ТАРИХЫDate: 2015-10-07; view: 2140. Доц. С.А.Сейтмагамбетова. Доц. Б.С.Калимурзина. СХЕМАСЫ УДК 616-084:362.121. ІШКІ АУРУЛАР КАФЕДРАСЫ АУРУ ТАРИХЫНЫҢ (Әдістемелік нұсқаулар) Әдістемелік нұсқауларды құрағандар: Кафедра ________________________ Кафедра меңгерушісі _____________ Ассистент_______________________ (Сырқатнама)
Науқас _________________________________________________
Клиникалық диагноз _____________________________________
а) Негізгі аурудың асқынуы ________________________________
___________________________________________________
б) Негізгі аурудың асқынуы ________________________________ ___________________________________________________ Қосымша ауру (ілеспелі ауру) _______________________________
Куратор-студент___________________________ Тобы ____________________________________ Курация уақыты __________________________
РЕСМИ МӘЛІМЕТ (паспорттық бөлім)
1. Фамилиясы, аты, әкесінің аты ____________________________
2. Жасы _________________________________________________
3. Жынысы ______________________________________________
4. Білімі _________________________________________________
5. Жұмыс орыны __________________________________________
6. Мамандығы ____________________________________________
7. Атқаратын қызметі ______________________________________
8. Аурудың мекен-жайы ____________________________________
9. Ауруханаға түскен күні, сағаты ____________________________
10. Ауруханадан шыққан күні ________________________________
11. Жолдаманы берген мекеме ________________________________
12. Жолдама берген мекеменің диагнозы ______________________
13. Қабылдау бөлімінің диагнозы _____________________________
14. Клиникалық диагноз:
Негізгі ауру ____________________________________________
Негізгі аурудың асқынуы _________________________________
____________________________________________
Қосымша (ілеспелі) ауру _________________________________
1. НАУҚАСТЫҢ ТҮСКЕН КЕЗДЕГІ НЕГІЗГІ ШАҒЫМДАРЫ 1. Науқастың түскен кездегі шағымдарын келтіріп, оның ішіндегі басты және қосымша шағымдарын айыру. 2. Шағымдар бойынша қай мүшенің немесе жүйенің зақымданғанын шамамен болжау. 3. Шағымдарды талдау (әр шағымды өзінің түріне байланысты қосымша сұрақтар арқылы талдап анықтау). 4. Төмендегі берілген схема бойынша сұрастырып барлық жүйелер мен мүшелерінің функциясын анықтау. Бүкіл бөлімде аурудың өзі аңғармаған қосымша шағымдар анықталуы мүмкін. Бұл шағымдар төмендегі схеманың тиісті бөлімінде жазылады. 2. ЖҮЙЕЛЕР БОЙЫНША ҚОСЫМША СҰРАСТЫРУДЫҢ СХЕМАСЫ 1. Аурудың жалпы жағдайы: Көңіл-күйі, әлсіздігі, тез шаршауы, жұмыс қабілетінің төмендеуі, тоңғақтығы, қалтырауы, тершеңдігі, дененің қызуы, қызудың көтерілуі, арықтауы, семіруі (қашаннан бері және шамамен неше кг-дейін). 2. Тыныс жүйесі: Мұрыннан дем алуы: қиналмай, қиналып, мүлдем дем ала алмайды, мұрын ішінің құрғауы, сұйықтықтың ағуы (шамамен мөлшері, иісі, түсі). Көмейдің құрғауы, сөйлегенде, жұтынғанда ауруы. Дауыстың қарлығуы, шықпауы. Кеуде сарайының ауырғандығы: ауырудың орналасқан жері, түрі (шаншып, түйреп, сыздап), күші (қарқындылығы), ұзақтығы, дене қимылы мен қалыпының әсері, тарауы дем алғанда немесе жөтелгенде күшеюі және оның таралу бағыты. Демікпе: тұрақты, ұстамалы: жүргенде, баспалдақпен көтерілгенде, күшеюі: ұзақтығы, горизонтальді немесе вертикальді қалыпта пайда болуы және күшеюі. Тұншықпа: пайда болу уақыты, күші, ұзақтығы, пайда болу себебі, қосалқы белгілері, көмек беретін емдік әрекеттер. Жөтел:тұрақты, ұстамалы, сирек, құрғақ, қақырықты. қақырықтың шығуы (жеңіл, қиындықпен): біркелкі немесе ұстамалы, жөтелден кейін: қақырықтың тастау уақыты: ертеңгілікте, күндіз, түнде (бір тастағандағы және бір тәуліктің мөлшері) қақырықтың дене қалпына байланысты бөлінуі, түрі, иісі, түсі. Қан қақыру: пайда болу уақыты, мөлшері, таза қан қақыруы немесе қан аралас қақырық тастауы. Сұйық немесе ұйыған қанмен қақыру. Түсі (алқызыл, қара қоңыр). 3. ЖҮРЕК-ТАМЫР ЖҮЙЕСІ. Жүрек, төс маңайындағы ауырғандық: түрі, түйреп, күйдіріп, қысып, басып, шаншып, кұші: ұзақтығы, тұрақты немесе ұстамалығы, тарау бағыты, қандай жағдайда не себептен пайда болады: ауырған кезде науқастың дене қалыпы, қолданатын емдік шарасы. Ауырғандықпен қосалқы білінетін белгілер: демікпе, терлеу, әл кету. Жүрек соғуы: тұрақты, ұстамалы, күші, ұзақтығы, “тоқтап”, “үзіліп” соғуы, пайда болу себептері (дене қызметі, толқу, тыныштық жағдайда, тамақтан кейін, горизонтальды қалыпта, ауа райы өзгергенде). Демікпе: тыныш жағдайда немесе дене қызметінен кейін, қай қалыпта басылады(вертикальды, отырғанында немесе горизонтальды қалыпта). Ісіну: орналасқан жері, пайда болу уақыты (ертеңгілікте кешке қарай): себебі: сұйықты көп ішу, тұзды тамақтан, ауыр қызметтен кейін, тұрақтылығы. 4. АС ҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІ. Тәбеті:жақсы, орташа, төмендеуі, тәбеттің жойылуы, жоғарылауы, астан жиренуі, тамақ емес заттарға зауықтануы (борға, күлге, топыраққа т.б.), бұрмаланған тәбет, тамаққа тез тойуы. Дәм сезуі:ауызында жағымсыз дәм тату, “жусан” дәмі (ет тату), “қышқыл” тәтті дәм сезу, дәм сезбеу. Өт дәмінің пайда болу мезгілі және себебі:ертеңгілікте, горизонтальды қалыпта, еңкейгенде, майлы тағамнан кейін. Ауыздың құрғауы:толқығанда, шөлдегенде, қызу көтерілгенде. Сілекейдің көп бөлінуі:шылым шеккенде, аскаридозда, жүктілікте. Жұтыну:кедергісіз ауырғандықтың болуы, жұта алмау. Дисфагияның тұрақтылығы, тұрақты бір қалыпта өңештің тыртықтанып таралуында (бірте-бірте дамуы), өңештің ісігінде. Тағамның қандай түрін жұта алмайды (сұйық немесе құрғақ тағам). Кекіру:құрғақ (ауамен), отпен, қышқыл, шірік жұмыртқа дәмді, тағаммен. Пайда болу уақыты, күші, ұзақтығы қандай. Қалжырау: жиілігі, күші, ұзақтығы, қандай тағамнан кейін пайда болады. Дене қалыпына байланысты (жатқанда, еңкейгенде). Жүрек айну:жиілігі, ұзақтығы, тағамның түріне байланысы, аш қарынға, бас айналғанда, дене қалпын өзгерткенде. Құсу:аш қарында, тамақтан кейін. Тамақтанғаннан кейін (қанша уақыт өткенде). Тамақтың түріне, ішкен дәріге байланыстылығы. Құсықтың мөлшері, дәмі (дәмсіз, қышқыл, ащы). Құсықтың түрі: біраз уақыт бұрын ішкен тағамның бөлшектері, көпіршікті, ет араласқаннан түсінің жасыл-сары болуы, қан араласуы. Құсықтағы қанның мөлшері және түрі (өзгермеген, өзгерген), таза қанмен құсу, кофе тұнбасына ұқсастығы, сары немесе қоңыр түсті нәжіс аралас, нәжіс иісі бар құсық. Құсқаннан кейін жеңілдіктің болуы. Төс шеміршегі астында жағымсыз сезінулердің болуы:оның тағам түріне және мөлшеріне байланысы немесе кез-келген тағамнан кейін пайда болуы. Эпигастрий аймағындағы ауыру:(ауыру синдромын талдау) орналасуы, ауырудың түрі, күші (күшті, әлсіз, өте күшті). Аурудың тарауы: омыртқа жотасына тарап тесіп ауыру, оң жақ жауырын астына, оң жақ иыққа тарауы. Пайда болу себебі: тағамның түріне, мөлшеріне байланысты. Тамақтанғаннан кейін қанша уақыттан соң пайда болады? Түнде, аш қарынға білінуі, Сода ішкеннен, құсқаннан кейін басылуы. Дененің қай қалпында басылады? Аурудың жыл мерзіміне байланысты өршуі (жазғытұрым, күзде, көктемде, қыста). Ауырғандықпен қатар не жүреді:Аурумен бірге жүрегінің айнуы, құсуы, қызуының көтерілуі, басының ауыруы, газ бен дәретінің тоқтап қалуы немесе шығуы, ішінің өтуі, нәжістің қара майға ұқсас болуы. Іште жағымсыз сезімнің болуы:кебу, құрылдауы, ауыруы және оның түрі (күшті, кесіп, түйіліп, сыздап, ұстамалы түйіліп ауыру). Ішектің жұмасы: үлкен дәреттің саны, қатпа болғанда неше күннен кейін жұретіні, қандай шара қолданады (клизма, дәрет жүргізетін дәрілер). Тік ішектің толық болмағанын сезіну. Іштің өтуі, тәулігіне неше рет өтеді. Іштің қатуы әрі өтуінің кезектесуі. Дәретті ұстай алмау. Нәжісті сипаттау: қалыпты, қоймалжың, сұйық, қатты, құмалақ тәрізді. Қан, кілегей қосындылары. Дәретке отырғанда ауырғандықтың болуы. Тенезмаляр. Тік ішектің айналасының қышуы, айналып түсуі. Газ шығару: жеңіл, аз мөлшерде, иіссіз, өте жағымсыз иісті, көптеп. 5. НЕСЕП БӨЛУ ЖҮЙЕСІ: Бел аймағының ауыруы: оң жағы, сол жағы, тұрақты немесе ұстамалы, аурудың түрі-жәй, сурып, сыздап, пайда болатын жағдайы көп жүргенде, секіргенде, дене селкілдегенде, салқылдағанда. Ауруы неден басылады. Аурудың тарауы: несеп ағар бойымен, қуыққа, үрпіге. Несеп шығаруы:қалыпты, қиналып, жиіленіп, несеп шыққанда қуықтың немесе үрпінің ауыруы. Несепке отырудың күндіз немесе түнде жиілеуі. Ауырғандықтан несеп жіберудің басында немесе соңында пайда болуы. Несеп ағысының өзгерісі үзіліп-үзіліп, тамшылап жайлап ағуы несепті ұстай алмау. Несептің тәуліктің мөлшері. Гематурия (несеп жіберудің басында жіберген мезгілде, аяғында). Несеп:түсі, мөлдірлігі, тұнбасы, қосындылары: ірің, кілегей, қан, микроскопиялық құрамы. Ісінуі:қабақтарының, бетінің, жалпы дене бойының: көз көруінің нашарлауы, жүрегінің соғуы, демігуі. 6. ТІРЕК-ІИМЫЛ ЖҮЙЕСІ. Аяқ-қолының, бұлшық еттерінің, сүйектерінің, буындарының ауыруы, буындарының қимылдау көлемі (шектелген, шектелмеген). Аурудың жиілігі және пайда болу себебі: көп жүргеннен кейін. Көбірек ауыратын мезгілі (ертеңгілікте, кешке қарай, түнге қарай). Механикалық ырғақта буындардың ауруы көп жүргеннен кешке қарай ауырады. Қабыну ырғағында-ертеңгілік көбірек білінеді. Ертеңгілікте буындар қозғалысы қиындамайды ма (сіресіп қалуы)? Сірескенде қанша уақытқа дейін буындар қозғалысы қиындайды? Бұлшық еттерінің әлсізденуі, қол-аяқтарының салы және семуін анықтау. 7. НЕРВ ЖҮЙЕСІ. Науқастың өзінің мінез-құлқын бағалауы:салмақты, күйгелек, тынышсыз, ашушаң, анық мінезді (тіл табысқыш), тұйық. ұйқысы:қалыпты, жиі оянады, ұйқысыз, ұйқышыл. Бас ауруы:қай жері ауырады, қай мезгілде ауырады, аурудың түрі, ұзақтығы, жиілігі. Бас айналуы:жиілігі, себебі (мойынның оқыс қозғалысында, жүрек ырғағының бұзылуы т.б. (көз алдының қарауытуы, “қара шіркейлердің ұшуы”, талып қалуы.) Құрысуы:түрі (тонустық немесе клонустық). Жайы санасы, күмәнданғыштығы, сандырақ болуы және олардың сипаттамалары. Галлюциялар: есіту, көру. иіс және дәм сезу елестері. 8. СЕЗІМ МҮШЕЛЕРІ. Көру, есіту, иіскеу, тері мен кілегей қабықтардың дәм сезімдерінің өзгергендігін білдіретін шағымдар. 9. ҚАЗІРГІ АУРУДЫҢ ТАРИХЫ. Бұл тараудың мақсаты аурудың басталуынан осы кезеңге дейінгі аралығындағы даму барысын анықтау. Тиісті сұрақтар арқылы: аурудың қашан, қалай басталғанын (кенеттен, біртіндеп), алғашқы белгілері қандай болды, әрі қарай барысы: күшеюі немесе үзілмелі (бір қайталауы). Өршу немесе басылу (ремиссия) кезеңдерінің ұзақтығы. Ауырғаннан бері жұмысқа жарамдылығы. Осы аурудың себебінен мүгедек болса, онда қай уақыттан бастап мүгедек және мүгедектің қай тобына жататынын сұрастыру керек. Мүмкіншілігінше аурудың себебін анықтау: ауру уайым, қайғы травма, ауыр дене қызметі, салқындау, тамақ тәртібін бұзу т.с.с. Әсіресе емханаға осы түсудің алдында болған аурудың өршуінің себебін анықтаған жөн. Дәрігерлерге қаралды ма, емделді ме? Емделсе емнің нәтижесі қандай болды? Қандай қосымша зерттеулер жасалды (қанның, несептің анализі, рентгеноскопия, ЭКГ нәтижелері) қандай диагноз қойылды? 10. АУРУДЫҢ ӨМІР ТАРИХЫ. Науқастың өмірі туралы сұрастыруды жалпы биографиялық мәліметтерден бастайды: туған жылы мен жері (географиялық аудан), тұрған жері егерде өзгертілген болса. Әлеуметтік анамнезі:туған жан ұясының жағдайы; ата-анасының жасы, нешінші бала болып туылды, тұрмысы, тамақтану жағдайы. Балалық шағы:балалық шағындағы өсіп жетілуі, денсаулығы, ауырған аурулары. Мектепте оқу кезеңі: қанша жаста мектепке барды, сабаққа үлгерімі, неше жыл оқыды? Мектепте дене шынықтыру сабағына қатысуы, спортпен айналысуы, жалпы және арнайы білімі. Кәсіптік анамнезі:қай жастан бастап жұмысқа кірді, қандай жұмыстарда істейді. Бұрын болған зиянды кәсіптік әсерлер. Осы кездегі жұмыс жағдайы, жұмыс уақытының ұзақтығы мен немесе дене қызметі, түнгі немесе күндізгі жұмыс орнының сипаттамасы: жарықтығы, температурасы, шаң (оның түрі), басқа зиянды заттардың немесе әсерлердің болуы (шу, вибрация, газ). Демалыс күндерін денсаулыққа тиімді пайдалануы. Тұрмысының жағдайы. Зиянды әдеттері:шылым шегуі (неше жастан бастап және тәулігіне қанша папиростан тартады), арақ-шарап ішуі (жиілігі, мөлшері), қалай көтереді; нашақорлық (түрлі, қашаннан бері қолданады). Ауырған аурулары:операциялар, травмалар, басқа аурулар хронологиялық реттілікпен (неше жаста, қай жылы). Аурулардың ауырлығы, ұзақтығы, асқынулары, жасалған емдер және ем алған жері (аурухана, үйде, жұқпалы жыныс ауруларына аса көңіл бөлу керек). Жан ұясы және жыныс қатынасы туралы мәлімет: үйленгені, тұрмыста болуы, неше жаста тұрмыс құрды. Әйелдерден: етеккірі неше жастан басталды, неше күннен жүретіні, уақтымен келуі: неше рет жүкті болды, босанды; баланың өлі туу. Аборттың саны, жасау себебі, асқынулары. Етеккірі тоқтағанда қашаннан бері, климакстың барысы. Неше балалары бар? Аллергиялық анамнез:дәрі-дәрмектердің және басқа емдеу әрекеттердің, тағамдардың жақпауы (қандай, немен білінеді). Бұрын аллергиялық бөртпелердің. Квинке ісінуінің, есек жемінің, шөп қызбасының (сенная лихорадка), тұншықпаның (бронх астмасы, бронх спазмы), анафилаксиялық шоктың, өсімдіктің, дәрінің, тағамның, вакцина, сары судың әсерінен болуы: қан құюға, қан алмастыратын заттардың әсіресе екі қабаттың кезеңінде (уақыттан бұрын босану, жас туған балалардың т.б.) аллергиялық реакциялардың болуы. Эпидемиологиялық анамнез:ең алдымен аурудың кімнен (ауру адамнан, малдан, аңнан, басқа жәндіктерден) жұққан болжам жасалады. Содан соң оның жұғу жолдары анықталады (тығыз қарым-қатынастан, аудадан, тамақтан, судан, сыртқы тері не сілекей қабаттар арқылы, инемен шаншығанда т.б.) Бұл сұрақтарды анықтау барысында ауру адамның ұй-тұрмысы, жұмыс орны, жол жүруі және онда болған жерлері, кездескен адамдар ішінде жұқпалы аурулардың бар-жоғы, жұмыс істейтін жері мен мамандығы, күдіктенген тағамның түрі және оның сақталған жері, аурудың санитарлық-гигиеналық тәртіпті сақтаудағы ұқыптылығы және тағы басқа мәліметтерге көңіл бөлінеді. Соңғы кезде жасалған операциялар, әр түрлі қабылдаған емдер (қан құю, егудің тұрлері т.б.) анықталады. Қызуының көтерілгені, құсқаны, ішінің өтуі анықталады. Тұқым қуалаушылықтан мәлімет:Бұл тарауда туысқандарының денсаулығы туралы мәліметтер алынады әке-шешесінің жағынан аталарының, әжелерінің, аға-інілерінің, апа-қарындастарының: әйелінің немесе күйеуінің туысқандарының, балаларының ауруларын сұрастыру. Ал өлген жағдайда, ол адамның немен ауырғанын не себептен өлгенін анықтау керек. Сұрастырғанда әсіресе тұқымға әсер ететін ауруларға назар бөлу керек: эндокриндік ауруларға, геморрагиялық диатездерге, психикалық ауруларға, ісіктерге, туберкулезге, алкоголизмге. Төменде берілген схема бойынша аурудың тұқым шежіресін құрастырыңыз. ТҰҚЫМ ШЕЖІРЕСІНІҢ СХЕМАСЫ - әйел - жынысы белгісіз - еркек сау адамдар - ауру әйел - ауру еркек - әйел пробанд - еркек пробанд - түсік - медициналық аборт - ағайындылар - бір жұмыртқалы егіздер - екі жұмыртқалы егіздер - өзі тексерген - өлген - жұбайлар - ажырасқан неке - қандас неке - бірнеше неке -некесіз - ұрпақсыз ер адам - ұрпақсыз жұбайлар - ұрпақсыз әйел адам Тексерілген пациент пробанд деп аталады. Ағайындылар дұниеге келген реттілігімен солдан оңға қарай орналасады. өрпақ рим цифрасымен белгіленеді (І, ІІ, ІІІ) немесе алфавиттің бас әріптерімен (А, Б, В). өрпақ белгілері сол жағынан орналасады. Қр ұрпақтың мүшелері араб цифрларымен нөмірленеді (1, 2, 3, 4). Осы науқастың аурумен ауыратын туысқандарының белгішелері штрихпен сызылады. X. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЖАҒДАЙЫ Жалпы қарау. Санасы: (есі) дұрыс, бұзылған. Сананың бұзылуының депрессивті тежелу түрі: ступор, сопор, кома; ирритативті қоздырылу бұзылуы елестер, сандырақ. Қалпы: активті, пассивті мәжбүр. Жалпы жағдайы:жақсы, орташа, ауырлау, ауыр, өте ауыр, жанталас жәйі (агониялық). Дене бітімі:астеникалық, нормостеникалық, гиперстеникалық. Бойы, дене массасы. Тері жамылығы:түсі; қалыпты (әдеттегі дене тұсі), ақшыл қызғылт, қуқыл қызыл, көкшіл (цианоздың аса білінген жері көрсетіледі), қоңыр, қара-қоңыр немесе қола тәрізді, сарғыш, топырақ түстес. Терінің серпінділігі мен тургоры. Терінің ылғалдылығы орташа, жіпсіген, тер басқан (былжыраған), құрғақ, қабыршақтанған. Патологиялық пигментациялар:бөртпелер, олардың түрлері: эритема, теңбіл, розеола, папула, пустула, күлдірек, есекжемі, жара, ұшық. Қанталау, қасынған іздер, “тыртықтар, жұлдызшалары”. Тері өсінділерінің даму барысы: шашы, бетіндегі, қолтық астындағы, шап маңының түгі. Тырнақтары, пішіні, түсі, сынғыштығы. Тері асты шел қабаты:(бұғанадан төмен майдың қыртысының қалыңдығымен өлшенеді) орташа, жұқа, (жүдеу), қалың, өте қалың. Майдың айрықша жиналған жерлері: ішке, қол-аяққа, бөксеге, мықынға, жалпы семіруі.
|