Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Anamnesis vitae.


Date: 2015-10-07; view: 5868.


Жүкті әйел, Төремұратова Ляззат Хамзақызы Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Дамуы жасына сай. Боткин, венерологиялық, инфекциялық, туберкулез ауруларымен ауырмаған. Тұқым қуалаушылық аурулары жоқ. Гемотрансфузия болмаған. Аллергоанамнезі ерекшеліксіз. Ішімдік ішпейді, яғни зиянды әрекеттерден аулақ, басқа ішкі мүшелерде өзгеріс жоқ. Денсаулығы қалыпты. Зиянды әрекеттері жоқ.

 

Арнайы анамнез.

Алғашқы етеккірі 15 жасында келген, ұзақтығы 6-7күн, біркелкі. Етеккір циклі- 27 күн, ретті. Орташа мөлшерде, ауырсынумен. Соңғы етеккірі 15.06.2014-29.16.2014 жылы келген. Жыныстық қатынасты 18 жастан бастаған. Гинекологиялық сырқаттары жоқ. Тұрмыста. Некесі тіркелген. Жолдасының дені сау. 3-ші жүктілік, 2-ші босану. 1-ші жүктілік 2007-жылы, ешкандай өзгеріссіз. 2-ші жүктілік 2010жыл, 16 аптасында түсік тастаған. 3-ші жүктілік 2015жыл.

 

 

Объективті жағдайы.

Босанушы әйелдің жалпы жағдайы қанағаттанарлық, сана сезімі анық, төсектегі қалпы белсенді. Жалпы тексеру барысында: Дене қызуы 36.6 С, салмағы 54кг. Бойы 156 см.

 

 

Теріні қарау.

Түсі бозғылт, таза, бөртпелер жоқ, шашы, тырнағы қалыпты, терісі нәзік, серпімділігі сақталған. Тері асты шел майы барлық денеге бірдей тараған. Лимфа түйіндері ұлғаймаған, ауырсынбайды, қозғамалы. Бұлшықет тонусы жақсы дамыған, бүкіл бұлшықеттері ауырсынбайды.

Сүйек жүйесі бойынша.

Аяқ-қолдарының қозғалысы активті, тістерінде кариес жоқ, буындарында деформация жоқ.

Тыныс алу жүйесін тексеру.

Кеуде клеткасы нормостеникалық типті. Кеуде клеткасы тыныс алуға толық қатысады. Дауыс дірілі өзгермеген. Тыныс алу жиілігі 1 минутта 18 рет. Кеуде клеткасы серпімді. Мұрын қуысымен еркін тыныс алады, тіс, жұтқыншақ, бадамша бездерінің кілегей қабығы тегіс, жылтыр, ашық қызғылт түсті.

Пальпация: Қабырға аралық плевральды ауырсынулар жоқ.

Перкуссия: Екі жақта бірдей анық өкпе дыбысы.

Аускультация : Екі өкпеде везикулярлы тыныс естіледі.

Қорытынды: Тыныс алу жүйесі бойыншы патологиясыз, өзгерістер байқалмайды.

 

Жүрек – қантамыр жүйесі бойынша тексеру.

Жүрек аймағын қарағанда патологиялық пульсация, ісінулер анықталған жоқ.

Пальпацияда :жүрек ұшы соққысы қабырға аралықта, бұғана орта сызығынан 0,5 см ішке қарай орналасады.

Перкуссияда :жүрек шектері ұлғаймаған.

Аускультацияда:жүрек тондары анық, ырғақты. Жүрек соғу жиілігі – 78 рет.

Артериялық қан қысымы оң қолында-120/80 мм.с.б.,

сол қолында- 120/80 мм.с.б.

Қорытынды :жүрек – қан тамыр жүйесі бойынша патологиялық өзгерістер байқалған жоқ.

 

Асқорыту жүйесі бойынша тексеру.

Ернінде өзгеріс анықталмайды, ылғалды, ерні жарылмаған. Ауыз-қуысының кілегей қабаты қалыпты. Тілі ылғалды, қызыл, көмей ашық қызғылт түсті. Бадамша бездері қалыпты. Асқазан ішек жолдарының жағдайы қалыпты.

 

Зәр шығару жүйесі бойынша тексеру.

Бел аймағы қарағанда патологиялық ісінулер жоқ. Пастернацкий симптомы екі жақта да теріс, зәр шығаруы өздігінен. Зәрдің түсі, иісі, жиілігі қалыпты. Кіші дәретке сирек отырады, бұл жүктілікке байланысты.

Жүйке жүйесі.

Санасы айқын, сөйлесуі дұрыс, қойылған сұрақтарға кешікпей жауап береді. Сіңір рефлексі қалыпты.

Эндокринді жүйесі бойынша тексеру.

Әйелдің сыртқы түрі жасы мен жынысына сәйкес. Біріншілік, екіншілік жыныстық белгілері дамыған. Қалқанша безі ұлғаймаған.

 

Пельвиметрия (өлшеу)

Пельвиметрияда дәрігер жүкті әйелдің іш айналымын, жатырдың биіктік деңгейін және жамбас өлшемдерін өлшедік. Ол үшін сантиметрлік лентамен жамбас өлшеуін қолдандық.

Іш айналымын өлшеу:

Сантиметрлік лентамен кіндік тұсында өлшейді (жүктілік соңында іш айналымы 100 см-ге тең). Ал егіз жүктілікте, ірі ұрықта, көп сулы жүктілікте, нәрестенің көлденең орналасуында, семіздікте іш айналымы 100 см-ден артық болуы мүмкін. Мерзімі жетпеген жүктілікте жатырдың деңгейі 36-37 см-ге тең, босанар алдында жатыр деңгейі төмендеген, 34-35 см-ге теңеседі.

 

 

Іш айналымын өлшеужатыр түбі биіктігін өлшеу

Жамбас өлшемдерін анықтау үшін арнайы құрал- Мартини тазомерімен жүргізіледі, жүкті әйел қатты тақта үстінде екі аяғын созып, шалқасынан жатады. Дәрігер жүкті әйелге қарсы отырып, үлкен және сұқ саусағымен тазомер аяқшаларынан ұстайды да, ІІІ- ІV саусақтарымен жамбас нүктелерін табады.Үлкен жамбастың 4 өлшемі бар: 3 көлденең, 1 тік өлшемі бар.

1. Distantia spinarum- мықын сүйектерінің алдыңғы жоғарғы қанатты өсінділерінің аралығы. Ол үшін жамбас өлшеуішінің түймелерін осы өсінділерінің сыртқы бетіне тірейді. Қалыпты жағдайда бұл аралық 25-26 см

2. Distantia cristarum – мықын сүйегі қырларының алшақ нүктелік аралық (28-29см). Ол үшін жамбас өлшеуішінің түймелерін мықын сүйегі қырының сыртқы бетімен жылжытып, оның ең алшақ нүктелерінің арасын өлшейді.

3. Distantia trochanterica – ұршық аралығы. Ортан жіліктің жамбас ойысында орналасқан ұршықтардың арасы. Ол 31 – 32 см.

4. Conjugata externa – сыртқы конъюгата немесе жамбастың сыртқы тік өлшемі. Бұл өлшемді анықтау үшін әйел қырынан жатып, астыңғы аяғын бүгіп, үстіңгі аяғын созу керек. Өлшеуіштің бір түймесін шаттың сыртқы жоғарғы қырының ортасына, екінші ұшын сегізкөзүсті ойығына орналастырады. Қалыпты жағдайда 20-21см тең.

 

5. Диоганальдық коньюгата (соn.diagonalis)-деп шат сүйегінің төменгі қырынан сегізкөздің ең шығыңқы мүйісіне дейінгі аралықты айтады. Бұның тура өлшемін қынаптық зерттеу арқылы анықтайды: екінші және үшінші саусақтарды қынапқа енгізе отырып, 4-5 саусақтарды бүгеді, 1 үлкен саусақты шат сүйегінің үстіне орналастырады. Қынапқа енген саусақты мүйістің ұшына жеткізіп, ал алақанның үстіңгі қырын қасағаның төменгі қырына тірейді.

 

Менің курациямдағы әйелдің :

Іш шеңбері-85 см

Жатыр түбінің биіктігі – 30 см

Distantia spinarum– 25 см

Distantia cristarum –28 см

Distantia trochanterica –30 см

Conjugatа externa –20 см

Соловьев индексі Жамбас сүйектерінің қалың жұқалығын анықтау үшін жүкті әйелдің білезігін өлшейді, орта шамамен ол 15см-ге тең : бұл Соловьев индексі. Егер ол 14см-ден артық болса , онда жамбас сүйегінің қалыңдығынан оның қуысы тарылады, ал 14см кем болса, жұқалығына байланысты оның қуысы кеңиді.

Михаэлис (сегізкөз ) ромбысы –жоғарғы бұрышы бесінші бел омыртқаның

қылқанды өсіндісінің шұңқыры. Бүйір бұрыштары мықын сүйегінің артқы жоғарғы өсінділеріне сәйкес келеді. Төменгі бұрышы құйымшақтың ұшына жетеді . ал жоғарғы және сыртқы жағынан ромбы арқаның үлкен бұлшық еттерімен, төменгі және сыртқы жағынан бөксе бұлшық еттерінің қырымен шектеледі.

 

 

Кіші жамбас жазықтықтары:

1. Жамбас қуысына кіреберіс жазықтық

2. Жамбас қуысының кең бөлігінің жазықтығы

3. Жамбас қуысының тар бөлігінің жазықтығы

4. Жамбас қуысының шығаберіс жазықтығы

Жамбас қуысына кіреберіс жазықтық алдынан симфиздің жоғарғы және шат сүйегінің жоғарғы ішкі жиектерімен, бүйірінен мықын сүйектерінің доғал сызығымен, артынан сегізкөз мүйісімен шектеледі. Жамбас қуысының кіреберіс жазықтығында үш өлшем бар: тік, көлденең және екі қиғаш өлшемдері.

Тік өлшемі- сегізкөз мүйісінен симфиздің ішкі бетінің ең шығыңқы жеріне дейінгі аралық. Бұл нағыз немесе акушерлік конъюгата,11 см ге тең.

Анатомиялық конъюгата- симфиздің жоғарғы шегі мен сегізкөз мүйісі арасындағы қашықтық =11,5 см ге тең.

Көлденең өлшемі- мықын сүйектерінің доғал сызықтарының ең алшақ жатқан нүктелерінің аралығы. Ол 13 см-ге тең.

Қиғаш өлшемдері- сегізкөз бен мықын қосылған жерінен қарама-қарсы жазықтық мықын-шат қосылған жеріне дейінгі қашықтық. Ол 12 см-ге тең.

Кіші жамбастың кең бөлігінің жазықтығы- алдынан симфиздің ішкі бетінің ортасымен, бүйірінен- ұршық ойығының ортасымен, артынан- 2-3 сегізкөз омыртқаларының жалғасқан жерімен. Жамбастың бұл бөлігінің тік және көлденең өлшемдері бар.

Тік өлшемі- сегізкөздің 2-3 омыртқаларының қосылған жерінен симфиздің ішкі бетінің ортасына дейін, ол 12 см-ге тең.

Көлденең өлшемі- ұршық ойыстарының арасы 12 см-ге тең.

Кіші жамбастың тар бөлігінің жазықтығы- алдынан симфиздің төменгі жиегімен, бүйірінен-шонданай сүйектерінің қырларымен, ал артынан сегізкөз құйымшақ буындасымен шектелген.

Тік өлшемі- сегізкөз-құйымшақ буындасынан симфиздің төменгі жиегіне дейінгі аралықта орналасқан. Ол 11,5 см

Көлденең өлшемі- шонданай сүйектері қырының арақашықтығымен өлшенеді. Ол 10,5см.

Кіші жамбастың шығаберіс жазықтығы- алдынан симфиздің төменгі жиегі, бүйірінен шонданай төмпешіктері, артынан құйымшақ ұшы, бұл жерде тік және көлденең өлшемдері бар.

Тік өлшемі- құйымшақ ұшынан, симфиздің төменгі жиегіне дейін. Ол 9,5 см. Нәресте кіші жамбас арқылы шыққанда құйымшақ артқа қарай 1,5-2 см-ге жылжиды. Нәтижесінде тік өлшем 11,5 см-ге ұлғаяды.

Көлденең өлшемі- шонданай төмпешіктерінің ішкі бетінің аралықтарымен өлшенеді, 11 см ге тең.

Акушерлік зерттеу әдістері.

Акушерия тәжірибесіндегі зерттеу тәсілдерінің бірі – жатырды пальпациялау. Ол үшін әйел тақтаға шалқасынан тізесін бүгіп жатады. Дәрігер жүкті әйелдің оң жағынан, бетпе-бет отырып, жатырдың көлемін, тонусын, нәрестенің жатырдағы қалпы бағытын түрін, басының орнығуын анықтайды.

 

Сыртқы акушерлік зерттеу. Леопольд тәсілдері

I Леопольд тәсілі - екі қолды алақан жағымен жатыр түбіне жайғастырып, саусақтарды жақындастырады. Бұл жағдайда жатырдың деңгейін , оның түбінде қай бөлігі орналасқанын анықтайды. Әдетте жатыр түбінде ұрық жамбасы анықталады.

II Леопольд тәсілі - екі қолды жатыр түбінен кіндікке қарай төмен ығыстырып, жатыр қабырғасына қояды. Бұл әдіс көмегімен жатырды қолмен сипап , оның жазықтау сезілген қабырғасында арқасы, ал бұдырлау болған қабырғасында майда мушелері орналасқанын анықтауға болады. Содан ұрықтың позициясын және түрін анықтайды.

III Леопольд тәсілі - жүкті әйелдің оң жағынан бетпе бет тұрып, оң қолды шаттың жоғарғы жағына қойып, ұрықтың төменгі бөлігіне бас бармақты бір жағына, төрт саусақты екінші жағына орналастырады. Баяу қимыл жасай отырып сол жерде ұрықтың қай бөлігі орналасқанын анықтайды. Тығыз, дөңес, қозғалмалы болса, ол ұрықтың басы болғаны.

IV Леопольд тәсілі - бұл үшінші тәсілдің жалғасы және оны толықтырады. Дәрігер жүкті әйелдің оң жағынан, аяғына қарап тұрады. Ол үшін екі алақанды жатырдың төменгі сегментінің оң не сол жағына орнықтырып, саусақ ұштарын шатқа тірейді. Саусақтар ұшын жамбас қуысына қарай тереңдете отырып, сол жерде орналасқан ұрық бөлігін, оның кіші жамбасқа қатынасын анықтайды.

 

Ұрықтың жатырдағы қалпы.

Қалыпты жағдайда ұрықтың денесі бүгіліп, басы көкірегіне иіліп, аяқтары жамбас, сан, тізе буындарында жиырылып, қолдары көкірек тұсында айқасып жатады. Ұрық ұзындығы 20-25 см тең. Ұрық қалпы - ұрықтың ұзынша осінің, жатыр ұзынша осіне қатысы. Ұрық жатырда ұзынынан, қиғаш, көлденең жатуы мүмкін.

1. ұзынша орналасуда – ұрықтың ұзынша осінің жатыр ұзынша осіне сай келеді.

2. көлденең орналасуда – ұрық ұзынша осі жатыр осіне тік бұрыш жасап орналасады.

3. қиғаш орналасуда – ұрық ұзынша осі жатырдың осіне сүйір бұрыш жасайды.

Ұрық бағыты ( position ) – ұрық арқасының жатырдың оң не сол қабырғасына қатынасы. 1-позицияда ұрық арқасы жатырдың сол жақ қабырғасына ; 2- позицияда оң жақ қабырғасына қарап орналасады.

Менің курациямдағы әйелдің ұрығының орналасуы:

· Ұзына бойлы.

· I позицияда.

· Басымен келіп тұр.

· Алдыңғы түрі

Ұрықтың жүрек соққысын анықтау

Ұрықтың жүрек соққысы акушерлік стетоскоп не УДЗ , кардиотокография арқылы анықталады. Ұрықтың көлденең орналасуында жүрек соққысы кіндік аймағында тыңдалады. Жүрек соққысы 120-160 рет минутына, анық және ырғақты болып келеді.

Ұрыктың жүрек тонын жүктіліктің 18-20 аптасында тыңдай аламыз. Тонның айқын шығуы дыбыс өткізілуіне байланысты. Семіз әйелдерде немесе қағанақ суының көп болған жағдайда да жүрек тоны тынық естілмейді. Жүрек соғысын тыңдау ұрықтың төмен түсуі, түріне, позициясына, орналасуына байланысты.

Ұрықтың I позициясында жүрек соғысы сол жақта естіледі, ІІ позицияда орналасса оң жақта жүрек соғысы жақсы естіледі. Баспен келе жатқан ұрықтың жүрек соғысы кіндіктен төмен анық естіледі. Егер ұрықтың жүрек соғысы қайта қалпына келмесе, яғни талақ арасында, онда бұл ұрықтың асфиксия болғанын көрсетеді. Ұрықтың жүрек соғу жиілігін 30 секунд бойы тыңдаймыз, ал егерде аритмия тондары дыбыс өзгерістерін анықтау үшін 1 минут тыңдаймыз. Егер әйел адам терең тыныс алғанда, пульс жайланады, ал ұрықта жиілігі өзгермейді. Жүкті әйелдің немесе босанушының ішіне аускультация жасағанда кейде кіндік тамырларында шу естіледі. Жүктіліктің екінші ағымында немесе босану кезінде жатыр тамырлары кеңейіп, кіндік тамырларында шу, жатырлық шулар анықталады.

Оның жиілігі анасының пульс жиілігімен сәйкес келеді. Ол көбінесе плацента орналасқан жерде анықталады.

Ұрықтың әр түрлі орналасуындағы жүрек соғысын анықтау:

1.- алдыңғы, І позиция баспен

2.-артқы, І позиция баспен

3.-алдыңғы, ІІ позиция баспен

4.-артқы, ІІ позиция баспен

5.-алдыңғы, І позиция жамбаспен

6.-артқы, ІІ позиция жамбаспен

7.-алдыңғы, ІІ позиция жамбаспен

8.-артқы, ІІ позиция жамбаспен

 

Босану мерзімін анықтау

1. Соңғы етеккірі мерзімі бойынша: соңғы етеккірі бірінші күннен 280 күнді қосу арқылы немесе соңғы етеккірдің алғашқы күннен 3 айды алып тастап, 14 күн қосады.

2. Овуляция күні бойынша:28 күндік циклде овуляция күні 14, соңғы етеккірі күніне 14 күн қосамыз, апта бойынша саны шығады.

3. Ұрықтың қозғалысы бойынша: алғашқы босанушыларда 20 аптада, қайталап босауншыларды 18 аптада болады. Қайталап босанушыға 22 апта қосамыз.

4. Әйелдер косультациясына алғаш келуіне байланысты: алғашқы 12 аптаға дейін келсе қателесу аз болады.

5. УЗИ мәліметтері бойынша

Жүктіліктің мерзімін анықтау.

Босанудың бастамасы мезгілін анықтау, 28 күндік етеккір циклінің 14-15 күнгі овуляциясына негізделген. Жүктіліктің ұзақтығы 280 күн (40 апта) соңғы етеккірдің басынан бастап. Босанудың болжамы мезгілін анықтау үшін, соңғы етекірдің бірінші күніне 9 ай 7 күн қосады немесе соңғы етеккірдің бірінші күнінен 3 ай артқа қарай алып тастап, оған 14 күн қосады. Жүктіліктің және босанудың мерзімін анықтауда жатыр деңгейін, нәрестенің бас өлшемдерін білудің маңызы зор.

1. Акушерлік 4 айда (16 апта) жатыр деңгейі – қасаға мен кіндік ортасында (қасағадан 6 см жоғары).

2. 5 айда (20 апта) – кіндіктен екі елі төмен (12 см жоғары).

3. 6 айда (24 апта) – кіндіктің тұсында (20 см жоғары).

4. 7 айда (28 апта) – кіндіктен екі-үш елі жоғары (қасағадан 24 см жоғары).

5. 8 айда (32 апта) – кіндіктен семсер өскінінің ортасында (28-30 см жоғары) жатыр шеңбері 80-85 см.

6. 9 айда (36 апта) – семсер тәрізді өскіні деңгейінде (қасағадан 34-36 см жоғары) жатыр шеңбері 90 см.

7. 10 айдың аяғында (40 апта) жатыр деңгейі – сегіз ай кездегі деңгейге қайта түсіп, жатыр шеңбері 90-98 см-ге тең, 10 ай аяғында жатыр деңгейінен төмен түсуіне байланысты жүкті әйелдің тыныс алуы жеңілденеді.

Жүктіліктің соңғы айларында оның болжамалы мерзімін М.А.Скульский, И.Ф.Джорданияформулалары арқылы анықтауға болады.

X=(Lx2)-5/5

X– жүктіліктің мерзімі.

L– жатырдағы жетілген ұрықтың ұзындығы.

2–еселеу коэфициенті.

5(алымындағы) – жатыр қабырғасының қалыңдығы.

5(бөліміндегі) – акушерлік ай. 5-ке көбейтілген, ол жетілген ұрықтың ұзындығына тең.

Джордания формуласы: Х = L+C

Х– жүктіліктің мерзімі.

L– жатырдағы жетілген ұрықтың ұзындығы.

С– бастың тік өлшемі, қосымша тәсіл – нәресте басының тік өлшемін анықтау. Ол үшін жүкті әйелді шалқасынан жатқызады, жамбас өлшеуіштің түймелерін нәресте басының кеңсірік пен шүйде сүйегіне сәйкес көлемін ең алыс нүктелеріне қояды. Әдетте бастың тік өлшемі (кеңсірік пен шүйде бұдыршағының арасы – 12 см) ол 8 айлық мерзімде (32 аптада) 0,5 см тең. 9 айлық мерзімінде (35-36 апта) – 11см-ге тең.

Гаазе таблицасы бойынша (ұрық ұзындығы)

1 ай2 =1 см 6 ай2 х 5 =30

2ай2 =4 см 7 ай2 х5=35

3ай2 =9 см 8 ай2 х5= 40

4ай2 =16 см 9 ай2 х5= 45

5ай2 =25 см 10 ай2 х5= 50

Босанудың алдындағы арнайы акушерлік зерттеу.

Айна көмегімен зерттеу:

Жатыр мойнының цианозын және қынаптың кілегей қабатын, жатыр мойнының ауруларын анықтап зерттеуге көмектеседі. Куско немесе қасық тәрізді айнаны қолдануға болады. Куско айнасын жабылған күйінде қынапқа енгіземіз, кейін айнаны ашып жатыр мойнын қарауға мүмкіндік аламыз. Қынапты және жатыр мойнын қарауға қасық тәрізді айнаны қолданамыз. Алдымен арткы айнаны кіргіземіз, оны қынаптың артқы қабырғасына орналастырамыз. Одан кейін оған параллель алдыңғы айнаны кіргіземіз, онымен алдыңғы қабырғасын қараймыз. Жатыр мойнын және қынап қабырғасын қарап болғаннан кейін, айнаны алып қынаптың өзін зерттейміз.

 

Қынаптық зерттеу

Сол қолдың саусақтарымен үлкен және кіші жыныс ернеулерін ашып, оң қолдың саусақтарын (екінші жіне үшінші) қынапқа енгізеді, І саусақты жоғары көтереді, төртінші және бесінші саусақтарды алақанға бүгіп, сыртын аралыққа тірейді. Бұл зерттеуде жатыр түбі бұлшықеттерінің жағдайы, қынап қабырғасының қасиеттері (созылу, тегістігі т.б.), қынап күмбезі, жатыр мойны (ұзындығы, пішіні т.б ) және жатыр мойнының сыртқы тесігінің (пішіні, ашық, жабықтығы), диагональды конъюгата анықталады.

Жүктіліктің І –ші жартысында жатыр көлемін, косистенциясын, формасын анықтайды.

Жүктіліктің ІІ-ші жартысында және босану алдында жатыр мойны, қынаптың бөлігі мен төменгі сегмент жағдайы анықталады. Босану кезінде сыртқы аранның ашылу деңгейі мен жиектерінің жағдайын тексереді. Егер цервикальді канал саусақты өткізсе, ұрықтың келіп тұрған бөлігін анықтайды. Оның орналасуын, босану жолдарын, жамбас қабырғасын тексереді. Сегізкөз ойысының тереңдігі мен формасын анықтайды. Ортаңғы саусақпен қолды мүйіске жібереді, яғни диагональді конъюгатаны-симфиздің төменгі жиегімен мүйіс арасын анықтайды. Қолы оңай жетсе, ақиқат конъюгата кішірейгендігі. Дұрыс дамыған жамбаста диагональді конъюгата 13 см-ге тең. Диагональді конъюгатаны өлшеу арқылы, дәрігер ақиқат конъюгатаны 2 см алып тастайды, яғни 11 см.

Менің курациямдағы әйелде арнайы акушерлік зерттеулер сыртқы қарау және айнамен қарағанда қынаптың кілегей мен жатыр мойны таза бөліністі, ашық түсті.

Қынаптық тексеру: Жатыр мойыны қысқарған, жұмсақ, ашылуы 6см. цервикальды өзек 3 көлденең саусақты еркін өткізеді. Ұзындығы 2-2,5 см. Қағанақ қабы жарылған. Ұрық басымен кіші жамбас кіре берісіне келіп тұр. Төменгі сегментке өтуі доғал. Мүйіске қол жетпейді. Экзостоздар жоқ.

Акушерлік статус бойынша:

Distantia spinarum – 25 см

Distantia cristarum – 28 см

Distantia trohanterica – 30 см

Conjugata externa – 20 см

Conjugata vera – 9 см

Соловьев индексі – 15 см

Михаэлс ромбасы – 11/11

Іш айналымы – 85 см

Жатыр түбі биіктігі – 30 см

Ұрықтың болжам салмағы:

ü Ланковицаның тәсілі бойынша:

Жүкті әйелдің бойы (см) + салмағы (кг) + жатырдың айналымы (см) + жатырдың деңгейі (см) * 10.

(156+ 54+ 85+ 30)* 10 = 3250±100гр

Қосымша зерттеу әдістері

 

Қан тобы 21.01.14- Б (IIІ)

Резус-факторы 21.01.14- Rh (+) оң

АИТВ-ға зерттеу 21.01. 2014-164 теріс


<== previous lecture | next lecture ==>
 | Эпидуральды анестезия.
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 2.078 s.