|
Эпидуральды анестезия.Date: 2015-10-07; view: 6230. УЗИ RW II-21.01.14-№39116 теріс RWI1.21.01. 2014 -- №11505 теріс Гонореяға зерттеу-21.01.2014- -№509 теріс
Жалпы қан анализі (21.01.2014): Гемоглобин – 92 г/л Эритроцит- 3,4*10 Түстік көрсеткіш- 0,9 Лейкоцит-5,8 ЭТЖ – 24% Жалпы зәр анализі: Түсі - қалыпты Тұнықтығы - лайлы Салыстырмалы тығыздығы – 1011 Жалпақ эпителий-4 Лейкоцит- 2-3 Белок – жок Жүктілік мерзімі: 39 апта Алғашқы диагнозды негіздеу. Қайталап босанушы 33 жаста, қалыпты жамбас өлшемдерімен және жүктіліктің 39 аптасында перзентханаға сағат 10.00 ретті толғақ басталғаннан кейін сағат 14.20 -те босану залына түсті. Қағанақ қабы бүтін. Жалпы анамнез бойынша: некеге тіркелген; Күйеуінің дені сау, зиянды әрекеттері жоқ. Аллергоанамнезі ерекшеліксіз. Туберкулез, Боткин ауруымен ауырмаған. Тұқым қуалайтын аурулары жоқ. Тері-венерологиялық аурулары жоқ. Акушерлік анамнезінде алғашқы етеккірі 15 жасында келген, ұзақтығы- 6-7 күн, біркелкі. Етеккір циклі- 27 күн, ретті. Орташа мөлшерде, ауырсынумен. Соңғы етеккірі 19.06.13 жылы келген. Есепке 16-ші аптасында тұрған.Жыныстық қатынасты 18 жастан бастаған. Гинекологиялық сырқаттары жоқ. Тұрмыста. Некесі тіркелген. Жолдасының дені сау. 3-ші жүктілік, 2-ші босану. 1-ші жүктілігі 2007 жылы, 2-ші жүктілігі 2010жылы, түсік тастаған, 3-ші қазіргі. Объективті жағдайы – қанағаттанарлық, санасы – ашық, қалпы – белсенді. Тері жамылғысы таза, бозғылт, кілегейлері таза. Тері асты шел май қабаты – орташа дамыған. Лимфа түйіндері ұлғаймаған. Сүйек – буын, бұлшықет жүйесінде өзгерістер жоқ. Сүт бездері ұлғаймаған. Емізік айналасы пигменттелген. Бойы – 156см, салмағы –54кг. Тыныс алу жүйесі – везикулярлық. Тынысы минутына 20 рет. Сырылдар жоқ. Жүрек соғу жиілігі – 78 рет минутына. Артериялық қан қысымы екі қолындада да 110/90. Асқорыту, зәр шығару, жүйке және эндокриндік жүйесінде патологиялық өзгерістер жоқ. Босану ағымы, жүргізу кезеңі Босанушы перзентханаға босану қызметі басталғаннан соң түседі. Қолында әйелдер консультациясының картасы болды. Онда жүктілік барысының барлық ерекшеліктері көрсетіледі. Қабылдау бөлімінде анамнезін жинайды, дене қызуын өлшейді. Әйелдің дене салмағы мен бой ұзындығын анықтайды. Мүшелер мен жүйелерді тексереді. Лабораториялық мәліметтер жинайды. Босану бөлімінде толық акушерлік тексеру жүргізіледі. Ұрықтың жағдай мен өлшемдері анықталады. Босану қызметін сипаттап, қынаптан тексеру жүргізіледі. Содан соң клиникалық диагноз қойылып, босанудың жүргізу жоспары құрылады. Босанудың басталу белгілері: 1. 10-15 минут сайын ретті толғақтың пайда болуы; 2. Жатыр мойнының тегістелуі мен ашылуы; 3. Аздаған қан қосылған кілегейдің бөлінуі; 4. Ұрық көпіршігінің түзілуі Босанудың клиникалық ағымын үш кезеңге бөлінеді: І кезең - жатыр мойнының ашылуы.
ІІІ кезең- плацентаның жатыр қабырғасынан бөлініп, бала жолдасының туылуы. Бірінші кезеңде ретті толғақ басталып, жатыр мойны жайылып, толық ашылады (10-12 см). Жатыр мойнының ашылуы толғақтың күшіне, жиілігіне, ұзақтығына байланысты. Босанудың басында толғақтың ұзақтығы - 10-15 сек. Ортасында - 30-40 сек. Соңында - 45-50 сек. Толғақтың күші үш түрлі болады: әлсіз ( 10-15 сек.), орташа (30-40сек.) және күшті (45-50 сек.). Босанудың басында толғақ 15-20 мин сайын қайталанып, біртіндеп жиілейді.
Босанудың бірінші кезеңінің ағымында - Латентті ; - Белсенді . Латентті фаза- ретті толғақтан бастап, жатыр мойнының 3 см-ге дейін ашылады. Бұл фазада жатыр фармакологиялық дәрілердің әсеріне сезімтал болады. Ұзақтығы: тұңғыш босанушыларда 16-18 сағат, қайталап босанушыларда 10-12 сағат. Латентті фазаның ұзақтығы жатыр мойнының « пісіп жетілуіне» және фармакологиялық дәрілердің әсеріне байланысты. Латентті фазадан кейін бірден - белсенді фаза басталады, бұл фазада жатыр мойны тез жайылып, 3-8 см-ге дейін ашылады, тұңғыш босанушыларда сағатына 1,5-2 см, ал қайталап босаңушыларда 2-2,5 см-ге дейін ашылады. Осыдан кейін бірден нәресте басының төмен түсуіменжатыр мойыны 8-10 см-ге дейін ашылады,сағатына 1-1,5 см дейін. Сонымен жатыр мойнының ашылу қарқыны жатыр бұлшық еттерінің жиырылуына, жатыр мойнының резистенттілігіне байланысты. Жатыр мойны ашылған сайын, оның жиектері жұқаланып, жатырдың төменгі сегнменті пайда болады. Жұқаланған төменгі сегмент пен жатыр денесінің аралығы жолақ тәрізді- оны контракциялы « сақина » дейді. Контракциялы «сақинаның» деңгейі бойынша, жатыр мойнының ашылу дәрежесін анықтайды. Жатыр мойнының ашылуы ұлғайған сайын, контракциялы « сақинаның» деңгейі шаттан жоғарлайды.
Жатыр мойнының ашылу механизмі тұңғыш және босанып жүрген әйелдерде бірдей емес. Тұңғыш босанушыларда алдымен жатыр мойнының ішкі ернуі ашылып, жатыр мойны жайылып, жұқарады; содан кейін сыртқы ернеуі ашылады.
Босанып жүрген әйелдерде жатыр мойнының сыртқы ернеуі ішкі ернеумен бір мезгілде ашылып, жатыр мойны қысқарады. Жатыр мойнының ашылу қарқыны: тұңғыш босанатындарда бір сағат ішінде -1см; босанып жүрген әйелдерде 2см Жатыр мойнының ашылуымен қатар, бір мезгілде нәрестенің төменгі бөлігі біртіндеп босану жолдары арқылы жылжиды. Толғақ басталғанда нәресте басы жамбас қуысына түседі, ал жатыр мойны толық ашылғанда, оның басы үлкен сегментімен жамбастың кіреберіс жазықтығында немесе жатыр қуысында орнығады. Нәресте басымен орныққанда қағанақ суы алдыңғы және артқы бөлігі болып екіге бөлінеді; себебі нәресте басы жатырдың төменгі сегментінің қабырғасын босану жолдардың негізгі сүйектеріне басып тұрады. Жатыр мойны толық ашылғанда қағанақ қуығы өзінің физиологиялық функциясын жоғалтады. Қағанақ қуығы кейде жазық болады, оның суы жоқ, мұндай қуық тек нәресте басына кептеліп, босанудың ағымын тоқтатады. Жатыр мойны толық ашылғанда, жатыр қуысы қысымының артуы салдарынан, қағанақ қуығының қабықшасы жарылып, қағанақ суының алдыңғы бөлігі төгіледі , егер қағанақ қуығы өз бетінше жарылмаса, оны арнайы құралмен жарады. Қағанақ қабықшасы толғақ басталмай жарылса- қағанақ суының мезгілсіз кетуі; ал толғақ басталғаннан кейін немесе жатыр мойны толық ашылмай жарылса- қағанақ суының ерте кетуі дейді. Кейде қағанақ қабықшасының қаттылығынан ол жатыр мойны толық ашылғанда да жарылмауы мүмкін, немесе қағанақ қабықшасы жарылмай, ұрық қағанақ қабықшасымен туылады (сирек кездеседі ). Қағанақ суы кеткеннен кейін, толғақ біраз уақытқа басылып, содан кейін қайта күшейеді, сонымен қатар жатыр қуыс қысымы атмосфералық қысымнан жоғары болғандықтан, ұрықтың басында босану «ісігі » пайда болады. Жатыр мойны толық ашылып, қағанақ қуығының жарылып, судың ағуы босанудың бірінші кезеңінің аяқталғанының кепілі. Бірінші кезеңнің ұзақтығы: тұңғыш босанушыларда 11-12 сағат,босанып жүрген әйелдерде 7-8 сағат. Босанудың бірінші кезеңін жүргізу. Дәрігер босанушы әйелдің жалпы жағдайын қадағалайды, артериялық қан қысымын әр 4 сағат , пульсін әр 30 мин , дене температурасын әр 4 сағат сайын,толғақ ұзақтығын- әлсіз толғақ-10 минут ішінде 2 толғақ 20 секундтан,орташа- 20-40 секунд, күшті толғақ- 40 секундтан жоғары, босану қызметінің сипатына назар аударады.Қынап арқылы қарауды босанушы әйел босану үйіне түсерде және қағанақ суы кеткен жағдайларда жүргізіледі. Қынап арқылы қарау әр 4 сағат сайын .Ұрықтың жағдайын қадағалайды, құрсақішілік жүрек соғысын тыңдайды( Қ.ж 120 – 160 соққы минутына) . Активті фазада ұрық жүрек соғысын әр 15 минут сайын, ал толғақ кезінде әр 5 минут сайын. Босанудың 1 кезеңі ұзақ және ауырсынумен болғандықтан, міндетті түрде жансыздандыру тәсілдері қолданылады.Оларға медикаментті және медикаменті емес әдістер қолданылады. Қазіргі таңда босануды жансыздандырудың ең нәтижелі және ана мен нәресте ағзасына аз әсер ететін әдістердің бірі. Бұл әдістің спазматикалық және ауырсынуды басатын әсерлері ағза қызметіне тыныс алу, жүрек, бүйрек, бауыр кері әсер етпейді. Бұл әдістің принципі жансыздандыру ерітіндісі -лидокаин 2%-4,0 мл эпидуральды кеңістікке енгізіліп, ол L1-L2 сегменттеріндегі субдуральды нервтерді шектейді. Мезгілінен бұрын босануға эпидуральды жансыздандыру қолайлы әсер етпейді. Жатыр мойнының ашылу ұзақтығын қысқартады және ұрық басының жай кедергісіз өтуіне көмектеседі. Асқынған босану кезінде эпидуральды жансыздандыру қолдану оң нәтиже береді. Бұл әдістің ең қолайлысы ана есін біліп, баласымен бірге бола алады. Босануды ауырсыздандырудың медикаментті емес әдісі Ауырсынуды жеңілдету үшін дене қалпын өзгерту түрлері жәймен билеутікесінен шарға отыру серіктесімен құшақтасып тұру, серіктесі әйелдің арқасына қысым түсіреді
Унитазға отырғандай отыруотырғыштың арқасын құшақтап , алға қарай еңкейіп отыру
Креслода жартылай отыру бүйірімен жату
Шарды құшақтап тізесін жерге қаратыпбір жағына қарата қисаю- орындыққа Отыру, жүресінен отыру,орындыққабір аяғын қойып, тізесін бір жағына Жартылай сүйеніп, басын керуетке қою қарата қисайтады, толғақ кезінде бір Аяғынан екінші аяққа теңселіптұрады
Қолына және тізесіне отырутізесін бүгіп отыру
Босанушы серіктесіне арқасын Беріп салмақ түсіреді Босанудың екінші кезеңі- жатыр мойнының толық ашылып, ұрықтың босану жолдарынан өтіп, туылуы. Тұңғыш босанушыларда бұл кезеңнің ұзақтығы-1 сағаттан 2 сағатқа дейін, босанып журген әйелдерде 5-10 минуттан 1 сағатқа дейін созылады. Осы кезеңде жатыр бұлшық еттерінің жиырылуына, құрсақ, диафрагма және жамбас бұлшық еттері қосылып, әйелдің күшену кезеңі басталады. Күшенген кезде жатыр қуыс қысымы қатты жоғарылап, оның күші ұрықтың жатыр қуысынан шығуына әсер етеді және ұрық бірнеше күрделі қимылдап жасап, төменгі бөлігімен жамбас түбіне түсіп,оған қатты қысым жасайды. Осыдан кейін қосымша құрсақ, диафрагма жиырылуы әйелдің күшенуін ұлғайтып, жиілетіп, ұрықтың төменгі бөлігі жыныс қуысын созады. Әйел күшенген кезде созылған жыныс қуысынан нәресте басының шамалы бөлігі көрініп, қайтадан жыныс қуысына кіреді, бұл бастың « кесіпшығуы» - бастың ішкі бұрылысы бітіп, оның шалқаюы басталады. Егер нәресте басы, әйел күшенбеген мезгілде жыныс қуысының сыртында бір қалыпта тұрса- бұны бастың « жарып шығуы » дейді. Бас толық жыныс ернеуінен шыққаннан кейін, оның денесі туылып, қағанақ суының артқы бөлігі ағады. Босанудың екінші кезеңінің жүргізілуі. Босанудың екінші кезеңінде ұрық басының қозғалысы 2 см сағатына керіледі, ұрық басына қарағанда, нерв талшықтарының тітіркенуін тудырады.Ұрықтың келіп тұрған бөлігі жамбас қуысына түскенде босанушы әйелде күшену сезімі пайда болады. Күшенудің арқасында ұрық басы жамбас түбіне түсуінен жамбас түбінің бұлшықеттерінің жиырылуы болады.Егер ұрық басы жамбастың түбіне түссе, босанушы әйелде тоқтаусыз күшену пайда болоды. Босанушы әйел беті қызғылт күңгірт түсті, мойын мойын көктамырлары айқындалады. Артериялық қан қысымы жоғарлайды.Жыныс ернеуінен ұрық басының жарып шығуының болуы, бұл ұрық басының ішке бұрылысы деген белгісі және кіші жамбастың шығаберісінің тіке өлшеміне орналасқаны, айналым нүктесінің түзілгенін білдіреді. Күшенудің соңында ұрық басының жыныс саңылауынан ішкі еңбегінің шығуы.Кейін нәресте босану биомеханизміне сәйкес туылады. - Әйелдің және ұрық жолдасының жағдайын бақылау - Нәрестенің туылуы босанушы әйелдің өзі таңдаған қалыпында жүргізіледі. Шүйдемен келгендегі алдыңғы көрінісінің босану биомеханизмі. 3 негізгі және 3 қосымша кезеңнен тұрады. 1 негізгі – ұрық бастың кіші жамбас кіреберісіне қондырылуы. 1 қосымшасы – бастың сәл бүгілуі. 2 негізгі – ұрық басының кіші жамбас қуысына енуі. 2 қосымша – бастың ішкі бұрілісі. 3 негізгі – ұрық басының жарып, кесіп шығуы. 3 қосымша – бастың шалқаюы. Ұрық басы сагитальды жігімен кіші жамбас кіреберісінің бір қиғаш өлшеміне сәйкес орналасады. Толғақ пен күшенудің әсерінен ұрық басы сәл бүгіледі. Сол уақытта кіші еңбек жамбастың өткізгіш сызығына жақындап, өткізгіш нүктесі болады. Толғақ пен күшенудің әсерінен ұрық басы кіші жамбас қуысына еніп, ішкі бұрылыс жасайды, басы сегізкөзге, шүйдесі шатқа қарайды, бұрылыс жамбас түбінде аяқталып, сагитальды жік жамбас шығаберісінің тік өлшеміне сәйкес келеді. Толғақ пен күшенудің әсерінен әуелі жыныс жолдарынан кіші еңбегі туылады, бірінші айналым нүктесі пайда болады. Ұрық басы сол айналым нүктесінде шалқайып, беті толық туылады. Бұл мезгілде иықтары жамбас түбіне түсіп, ішкі бұрылысын аяқтайды, жамбас шығаберісінің тік өлшеміне сәйкес келеді. Иықтарының ішкі бұрылысы әсерінен басы сыртқы бұрылысын жасайды. Беті позицияға қарама қарсы анасының санына қарай. Алдыңғы иығы қасаға астына келіп тірелгенде екінші айналым нүктесі пайда болады. Осы нүктеде денесі бүгіліп, артқы иығы туылады, әрі қарай денесі кедергісіз туылады. Жарып шығу жазықтығы кіші қиғаш өлшем – 9,5 см, айналымы – 32 см.
Босанудың үшінші кезеңі- нәресте туылғаннан кейін басталады. Плацентаның жатыр қабырғасынан бөлініп, бала жолдасының туылуымен аяқталады.Нәресте туғаннан кейін активті немесе күту тактикасы қолданылады.Біз активті түрде босанудың үшінші кезеңін жүргіздік.
1.Нәресте туылғаннан кейін әйелдің жатыр куысында екінші ұрық бар жогын аныктау үшін пальпация жасалады, екінші ұрық жоқ болғаны анықталғаннан кейін,сан бұлшықетіне бала туылғаннан кейін бір мин ішінде 10ЕД окситоцин енгізіледі. 2.Кіндік бауын бақылау кажет.Кіндік бауына қысқыштың біріншісін кіндік сақинасынан 10см,екіншісін одан 2см қашықтықта саламыз.Кіндік бауды әр бір жатыр жиырылған сайын тартамыз.Осылай 3 тракциядан кейін қалыпты жағдайда кіндік бауы мен ұрық жолдасы бөлініп шығады. Плацентаны мұқият қарап, оның бүтіндігіне көңіл бөлеміз.Алдыңғы іш қабырғасына жатыр жиырылғанша массаж жасаймыз. Алғашқы бір сағатта 15 минут сайын,екінші сағатта 30 минут сайын жатыр жиырылуын тексеріп отырамыз. Үшінші кезеңде жатыр қуысынан қан кетеді, қанның мөлшері әдетте 150-400 мл аспайды.Үшінші кезеңнің ұзақтығы- 5-30 минут.Бала жолдасы туылғаннан кейін босанушыны - босанған әйел дейді. Күту тактикасы Бала жолдасының бөліну белгілерін анықтау: v Шредер белгісі- егер плацента жатыр қабырғасынан бөлініп, жатырдың төменгі сегментіне немесе қынапқа төмен, жатыр түбі жоғары көтеріліп, кіндіктен жогары және оң жаққа көтеріледі, яғни «құм сағаты» түрге көшеді. v Штрассман белгісі – жатыр түбін соққанда, соққы толқыны кіндіктің көк тамырына таралады. Бұл соққыны кіндік бауға салынған лигатурадан жоғарырақ саусақпен сезуге болады. Егер плацента жатыр қабырғасынан бөлініп кетсе, бұл белгі анықталмайды. v Микулич – Радецкий белгісі – жатыр қабырғасынан ажыраған плацента томенгі сегментке немесе қынапқа төмен түсуінің нәтижесінде босанушы әйелде күшену сезімі пайда болады. v Гогенбихлер белгісі – плацентаның бөлінбеуінде жатырдың жыртылу кезінде босану жолдарынан төмен түсіп тұрған кіндік бау – кіндік бау тамырлары қанға толуына байланысты өзінің осі бойымен айналады. v Альфельд белгісі - жыныс саңылауы аймағында кіндікке салынған лигатура плацентаның ажырау белгілері болғанда, 8-10 см төмен түсуі анықталады. v Довженко белгісі – әйел терең тыныс алған кезде бала жолдасының кіндік бауы жоғары тартылмаса, оның жатыр қабырғасынан бөлінген белгісі. v Клейн белгісі - босанушы әйелден күшенуді сұрайды, плацентаның ажырауында – кіндік бау өз орнында қалады. Егер плацента ажыраса – күшенуден соң ішке тартылады. v Чукалов – Кюстнер белгісі – алақан қырымен жатыр үстін шат жігінің жоғарғы жағынан басқанда, егер плацента жатыр қабырғасынын бөлінсе, бала жолдасының кіндік бауы жоғары тартылмайды. Босану ағымы Босануы: консервативті Толғақ басталды: сағат 10.00 Қағанақ суы кетті: 13.03.2014жылы, сағат 15.30 Судың молшері мен сапасы: мөлдір Толғағы: 10 минутта 2рет 25 секундтан Жатыр мойынының толық ашылуы: 16.30 13.05.15ж Күшену басталды: 17.00 Бала туылды: 17.30 Жынысы: ұл бала Салмағы 3540 гр, бойы-54см Бас шеңбері: 33см . Кеуде 35см Нәрестеге гонобленнореяның алдын алу шаралары өткізілді, тетрациклин мазь. Апгар шкаласы бойынша 1ші минутта 8 балл,5-минуттан кейін 9 балл. Бала жолдасының түсуі активті жолмен,бала орны бүтін,барлық қабықтары бүтін. Кіндік ұзындығы 50см. Босану кезіндегі қансырау 150мл. Аралық бүтін. Психикалық дайындық толық. Қан қысымы: 110/90 мм.с. б Пульсі: 78 рет Температурасы: 36,4 Емшекпен емізуі 15 мин кейін басталды. Босану ұзақтығы : 7 сағат 05 минут I-кезең- 6 сағат 30 минут; II-кезең - 30 минут III-кезең - 5минут
Нәресте туралы мағлұмат. 13.05.2014ж 17.30 сағ. ұл бала дүниеге келді. Нәресте жағдайы қанағаттанарлық. Салмағы 3540 гр, бойы 54см, бас айналымы 33см, кеуде шеңбері 35см. Жынысы ұл, терісі кілегейлі, ылғалды, таза кеуде торы пішіні қалыпты.Тыныс алу жиілігі 47 минут. Ішкі ағзалары,іші жұмсақ. Барлық жүйелері қалыпты. Жүйке жүйесі ерекшеліксіз. Бұлшық ет тонусы қалыпқа сай. Апгар шкаласы бойынша бағалау
Жаңа туған нәрестені алғашқы өңдеу. Алғашқы 2 сағатта нәресте анасымен тері-теріге байланыста болады.Күтімді акушерка немесе бала медбикесі жүргізеді.2-ші сағаттың соңғы минутында нәрестенің температурасын электронды термометрмен өлшейміз.Туғаннан кейінгі 1-ші сағат соңында нәресте көзі тетрациклин мазімен өңдейміз.Кіндігіне пластикалық қысқыш немесе резинка сақина кіндік сақинасынан 0.3 см аралықта саламыз.Стерильді қайшымен қысқыштан 0.3-0.5см жоғары кіндік бауды кесеміз.Бойын,салмағын өлшеу 2 сағат соңында жүргізіледі.Анасында асқыну болмаса 2сағаттан кейін анасымен баласын палатаға көшіреміз..
Ана күнделігі. 14.05.2014 ж. Сағ: 08.45 Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Шағымдары жоқ. Дене қызуы –36.0.Тері жамылғысының түсі - қалыпты.Жүрек соғысы - айқын,ырғақты - 70 рет, Пульсі -86 рет , ритмді. Артериялық қан қысымы оң қолда-110/80мм.сб, сол қолда 110/80 мм.сб. Жатыры тығыз. Қанды бөліністер. Өкпеде қалыпты везикулярлы тыныс. Тыныс алу жиілігі минутына 20 рет. Сүт безі ұлғаймаған, жатыр түбі биіктігі кіндіктен 1 см төмен орналасқан.
Сағ: 10.45 Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Шағымдары жоқ. Артериялық қан қысымы оң қолда-110/80мм.сб, сол қолда 110/80 мм.сб. Пульсі -80 рет , ритмді. Жатыры тығыз. Қанды бөліністер. Нәресте салмағы- 2250 гр, бойы 54 см. Босанудан кейінгі бөлмеге көшірілді.
14.05.2014 ж. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Шағымдары жоқ. Тәбеті және ұйқысы сақталған. Артериялық қан қысымы оң қолда-110/80мм.сб, сол қолда 110/80 мм.сб. Пульсі -80 рет , ритмді. Сүт безі қалыпты. Пальпацияда іші ауырсынбайды. Жатыр түбі кіндіктен төмен.Лохия- қанды. Дәреті қалыпты.
Шығару эпикризі. Төремұратова Ляззат Хамзақызы қайталап босанушы, 33 жаста. Қалыпты жамбас өлшемдерімен жүктіліктің 39 аптасында, жүктіліктің 1 кезеңінде перзентханаға келіп түсті. Ұрық ұзына бойы орналасқан, 1 позицияда, алдыңғы түрі. Келуі – баспен. Диагнозы: жүктіліктің 39 аптасы, босанудың 1 кезеңі Босану ұзақтығы: 7 сағат 05 минут I-кезең- 6 сағат 30 минут II-кезең 30 минут III-кезең 5 минут Толғақтың басталуы: сағат 10.00, 10 минутта 2 рет 30 секундтан Қыз бала туылды, салмағы-3540гр, бойы-54. Бас шеңбері -37 см, кеудесі-36см. Апгар шкаласы бойынша -8-9 балл. Бала жолдасының түсуі активті жолмен. 3 минуттан кейін, бүтін, барлық қабықтары түгел. Кіндік бау ұзындығы 70см. Жоғалған қан мөлшері -150мл. Босанғаннан кейінгі кезең ерекшеліксіз өтті.
Ұсыныс 1. Емшекпен қоректендіру 2. 6 аптаға дейін жыныстық қатынаста болмау 3. Ұтымды, пайдалы тағам қабылдау 4. Флюрография
|