Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Тестілеу,


Date: 2014-04-10; view: 791.


2) ауызша (билеттер бойынша, тәжірибелік дағдыларды тексеру және т.б.)

 

E= (Е1+Е2)/2 × 0,4

мұндағы Е1 емтиханның I сатысының балы,

Е2емтиханның II сатысының балы.

 

Емтиханға жіберу рейтингі студенттің қорытынды бағасының 60%-н құрайды, сондықтан пән бойынша семестрлік баға мынадай формуламен анықталады:

Rд = t × 0,6

мұндағыt – күнделікті бақылау

Қорытынды баға емтиханға жіберу рейтингіден және қорытынды бағалау бағасынан тұрады:

I = R х 0,6 E х 0,4,мұндағы

I – қорытынды баға

R – емтиханға жіберу рейтингісі бағасы

E – қорытынды бақылау бағасы (пән бойынша емтихан)

Қорытынды рейтинг 60% емтиханға жіберу рейтингіден және 40% қорытынды бақылау бағасынан тұрады.

I = Rж+ (Е1+ Е2 ) /2 х 0,4, мұндағы

I – қорытынды баға

– емтиханға жіберу рейтингісі бағасы

Е1– қорытынды бақылау бағасы (пән бойынша тестілеу)

Е2– қорытынды бақылау бағасы (пән бойынша сұрау)

Рейтинг I-ң 60%-н, емтихан I-ң 40%-н құрайды.

Пән бойынша әріптік-балдық-рейтингтік бағасы

Әріптік жүйесі бойынша бағасы Балдардың цифрлық эквиваленті Пайыздық Мөлшері,% Дәстүрлік жүйесі бойынша бағасы
А 4,0 95-100   ҮЗДІК
А- 3,67 90-94
В 3,33 85-89   ЖАҚСЫ
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С 2,33 70-74     ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
D 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F 0-49 ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚСЫЗ

 

 

КАФЕДРА: ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

ДӘРІСТЕРДІҢ ҚЫСҚАША КОНСПЕКТІЛЕРІ

пәні: қоғамдық денсаулық сақтау

Құрастырушылар:

м.ғ.д. Камалиев М.А., м.ғ.к. Бурибаева Ж.К., м.ғ.к. Шахиева А.М.

Аударғандар:

м.ғ.к. Бигалиева Р.К., м.ғ.к. Айтманбетова А.А.,

Кожекенова Ж.А., Нұрбақыт А.Н, Дармен Н.Ж.

Курс: үшінші

Алматы, 2012

Тақырып 1. ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ПӘНІ РЕТІНДЕ

Мақсаты:Студенттерде «Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау» пәні туралы жалпы ұғым қалыптастыру, негізгі ұғымдарын, бөлімдерін, әдістерін білу.Студенттер қоғамдық денсаулықтың әлеуметтік детерминациясы туралы білуі тиіс.

Денсаулық сақтау жалпы алғанда күрделі қоғамдық динамикалық, функциональдық, ашық және адаптивті жүйе болып табылады, қоғам өзінің даму кезеңдерінде жалпы қоғамның және ондағы әр адамның денсаулығын қорғау және жақсартуға бағытталған шаралар кешенін қалыптастырып және қолданып отырады.

Адамзат тарихында денсаулықты қорғау туралы қоғамдық шаралар мемлекет қалыптасуымен байланысты жүргізіле бастады. Олар қоғамдық-экономикалық формацияның, өндірістік тәсілдер мен өндірістік қатынастардың, мемлекеттік құрылыстардың ауысуына байланысты өзгеріп отырды.

Қоғамдық денсаулық сақтау (Public Health system) – тұрғындардың денсаулығын сақтау және нығайту концепциясын, ауру мен жарақаттардың алдын алу, белсенді өмір сүру ұзақтығын және еңбекке қабілеттілікті қоғамның күшін біріктіру арқылы арттыруды жүзеге асыруға бағытталған, іс әрекеті медициналық және медициналық емес сипаттағы құрылымдарды қамтамасыз ететін ғылыми және практикалық шаралар жүйесі.

Қоғамдық денсаулықтың оқу көзі болып қоғамдық өмір сүру жағдайларының денсаулыққа әсерін және халықты медициналық қамтамасыз етуді зерттеу болып табылады. Қоғамдық денсаулықтың әдістемелік негізі болып қоғамдық денсаулықты зерттеу және анықтауда жүйелі тұрғыдан қарастыру жатады.

Қазіргі жағдайда пәннің мазмұны қайта қарауды және толықтыруларды, сонымен қатар денсаулық сақтаудың заң шығару негіздерін өңдеу, өзгерген әлеуметтік-экономикалық жағдайларда қоғамдық денсаулықтың тенденциясын зерттеу, денсаулық сақтау іс-әрекетін экономикалық негіздеу, медициналық көмек сапасын басқару және т.б.қажет етеді.

Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау (1995 ж.) бойынша жаңа денсаулық сақтау – бұл денсаулықты нығайту, аурудың алдын алу, әлеуметтік әділеттілікті қолдау интеграцияланған денсаулық сақтау саясатын дамытуға бағытталған қоғамның ұйымдасқан күш салуы.

Денсаулық анықтамасы және оны бағалау денсаулық сақтау тарихында өзгеріп отырғандығын айта кеткен жөн. Қазіргі кезде денсаулық ұғымының жалпы қабылданған бірегей анықтамасы жоқ. Денсаулықтың қандай да бір аспектілеріне арналған әдебиеттерде осы категорияның көптеген анықтамалары бар, олар әр түрлі критерилер мен жүйелерге негізделген.

Денсаулық (Health) – БДҰ Уставы бойынша, тек қана аурудың немесе дене ақауларының болмауы ғана емес, бұл физикалық, психикалық және әлеуметтік толық аман есендік (ДДҰ Устав, 1948).

Анықтамада келтірілгендей, денсаулық сипаттамасында үш компонент біріктірілген: физикалық (биологиялық), психикалық (рухани) және әлеуметтік денсаулық.

Физикалық денсаулық (Physical health) – бұл өмір сапасына қол жеткізуді, қоғамның салауаттылығы мен қоғамдық денсаулықты сақтау және нығайтуды қамтамасыз ететін жеке индивидуумның, адамдар тобы немесе жалпы қоғамның физикалық даму деңгейімен, физикалық мүмкіндіктермен және бейімделу қабілетімен сипатталатын жағдай.

Психикалық денсаулық (Mental health) – бұл психикалық құбылыстардың детерминациялығы, нақты жағдайларды бейнелеу мен индивидуумның оған көзқарасы арасындағы үйлесімді байланыс, ағзаның әлеуметтік, психологиялық және физикалық (биологиялық) өмір сүру жағдайларына адекватты реакциясымен, жеке тұлғаның өз іс-әрекетін басқара білуі, микро- және макроәлеуметтік ортада өзінің өмір жолын жоспарлап, жүзеге асыра білу қасиеттері тән психикалық іс-әрекеттің қозғалмалық үрдісімен сипатталатын жағдай.

Әлеуметтік денсаулық (social health) – қоғамдағы адамның орны мен ролі бойынша анықталатын әлеуметтік бейімделу өлшемі.

Адамның денсаулық жағдайы туралы айтқанда біз осы үш компоненттің үйлесімді тіркесін айтамыз. Осылардың біреуінің бұзылысы дисгормония, үйлесімсіздік, ақыр соңында ауруға алып келеді.

БДҰ анықтамасы бойынша ауру (illness) – бұл сыртқы және ішкі факторлардың әсерінен ағза құрылымы мен қызметінің зақымдалуымен жүретін өмір. Ауру ағзаның бейімделу-компенсаторлық (адаптациялық) мүмкіндігінен артатын ішкі және сыртқы орта факторлары әсерінің нәтижесінде туындайды.

Денсаулықтың бірнеше деңгейлерін ажыратады: жеке денсаулық – жеке адамның денсаулығы; топтық денсаулық – қандай да бір белгі бойынша біріктірілген адамдардың денсаулық сиппаттамасының жиынтығы: жанұя, еңбек ұжымдары, студенттер және тағы басқалар; аймақтық денсаулық – белгілі бір территорияда өмір сүретін адамдар денсаулығы сипппатамасының жиынтығы және қоғамдық денсаулық - ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін медициналық-әлеуметтік ресурс және қоғамдық потенциал.

БДҰ денсаулықты адамның негізгі құқықтарының бірі ретінде қарастырады. Барлық адамдарға денсаулықты қамтамасыз ететін қажетті ресурстар қол жетімді болуы тиіс.

Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы ХХХ сессиясында (1977ж) негізі әлеуметтік міндет болып «2000 ж қарай жер шарындағы барлық адамдардың денсаулығы әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан өнімді өмір сүруге мүмкіндік беретін деңгейге қол жеткізуі» анықталды. Осы қойылған міндетті шешуге Денсаулық барлығына (Health for all) БДҰ саясаты бағытталған.

Кейінірек «Денсаулық 21: Европалық аймақта денсаулық барлығы үшін жетуге бағытталған саясатының негіздері» құжаты қабылданды (1999ж.). «21-ші жүзжылдықта Денсаулық барлығы үшін» стратегиясы әр елде әлеуметтік және экономикалық сипаттамасына , халықтың денсаулық жағдай мен өлім көрсеткішіне, денсаулық сақтау жүйесінің статусы мен дамуына сай жүзеге асырылуда.

Қазақстанда қоғамдық денсаулық сақтау тарихы КСРО-дағы мемлекеттік социализм дамуының негізгі кезеңдеріне сай. Кеңес өкіметінің орнауынан бастап денсаулық сақтаудың профилактикалық принципінің теориялық және практикалық нұсқауын жасау мемлекеттік денсаулық сақтаудың негізгі міндет етіп қойылды. Сонымен қатар халықты ақысыз жалпы қол жетімді медициналық көмекпен қамтамасыз етуге көп көңіл бөлінді. . Ұлы Отан соғысы жылдарында барлық көңіл фронтты медициналық-санитарлық қамтамасыз ету және тылдағы госпитальдарды дамыту сұрақтарына бағытталды. Соғыстан кейінгі жылдарда халық шаруашылығын қалпына келтіру және санитарық салдарларды жою қолға алынды. Кейінгі жылдарда ғылыми –практикалық қызығушылық социалистік құрылыстың идеологиясына жауап берді, соның ішінде ең көлемді шаралардың бірі халықты жалпы диспансеризациялау болды.

1978 ж Алматыда өткен БДҰ/ЮНИСЕФ Халықаралық конференциясында социалистік денсаулық сақтау жүйесі (Н.А. Семашко моделі) әлемдік мойындау алды, ал қабылданған Алма-Аталық декларация ХХ ғасыр денсаулық сақтаудың Ұлы Хартиясы болып аталды.

Тәуелсіздік алумен және нарықтық қатынастардың орнауына сай Қазақстандағы қоғамдық денсаулық сақтау бірқатар елеулі өзгерістерге ұшырады. Қазіргі кезеңді денсаулық сақтауды ұйымдастыру сферасында қазіргі принциптер мен стандарттарға өтуді қоса алғандағы денсаулық сақтау жүйесінің жеделдетілген модернизациясы кезеңі деп анықтауға болады,

Қазіргі жағдайларға сай пәннің мазмұны қайта қаралулар мен толықтыруларлы қажет етеді.

Қоғамдық денсаулық сақтаудың негізгі міндеттерінің біріне халық денсаулығына қоршаған орта (әлеуметтік және табиғи) факторларының кешенді әсерінің сипатын анықтау, әлеуметтік-экономикалық жағдайларды ескере отырып халық денсаулығының қалыптасуы тенденциясы мен заңдылықтарын зерттеу жатады.

Қоғамдық денсаулықтың қалыптасуы факторлардың кешенді әсер етуімен байланысты, оларды келесідей негізгі топтарға бөлуге болады:

- саяси (мемлекеттік әлеуметтік саясат, денсаулық сақтау саласындағы саясат, денсаулық сақтауды мемлекеттік реттеу, денсаулық сақтау саласындағы құқықтық актілер және т.б.);

- әлеуметтік-экономикалық (бір тұрғынға шаққандағы ІЖӨ, денсаулық сақтау жүйесінің қаржыландырылуы, еңбек және тұрмыс жағдайы, тамақтану, денсаулық сақтау жүйесінің ұйымдастырылуы, өмір сүру салты және т.б.);

- табиғи-климаттық, эклологиялық (қоршаған орта жағдайы және ластануы);

- биологиялық (жас, жыныс, тұқым қуалаушылық, ұлты, дене бітімі, жүйке жүйесі типі және т.б.б).

ХХ ғасырда денсаулықтың әлеуметтік негізділігі мойындалды, бұл Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау Жарғысында бекітілген. Осы денсаулықтың анықтамасымен адам ұйымдасуының биологиялық және әлеуметтік компонентіне қарсы келетін шектеулер жойылды.

Түрлі аурулар кезіндегі әлеуметтік және биологиялық факторлардың ара қатынасы біртекті емес, дегенмен негізгі роль әлеуметтік компонентке: жағдайлар мен фактоларға беріледі.

Әлеуметтік жағдайлар- бұл өндірістік қатынастардың көріну түрі, әлеуметтік-экономикалық құрылыс және қоғамның саяси құрылымы

Әлеуметтік факторлар - әр адам үшін әлеуметтік жағдайлардың көрінісі: еңбек және демалыс жағдайы, үй тұрмысы, тамақтануы, білімі, тәрбиесі және т.б.

Қоғамдық денсаулық сақтаудың қол жеткізген жетістіктерінің ішінде медициналық-әлеуметтік және зпидемиологиялық зерттеулерді айта кету керек, осы зерттеулер нәтижесінде халық денсаулығына әсер ететін факторлар (қатер факторлары) тобы және олардың үлесі анықталды.

- өмір сүру салты және жағдайлары – 49-53%, барлық әсердің орташа 50% (темекі тарту, ішімдікті шамадан тыс қолдану, үйлесімсіз тамақтану, күйзелістік жағдайлар, зиянды еңбек жағдайлары, гиподинамия, нашар материальдық-тұрмыстық жағдайлар, есірткі қолдану, дәрі-дәрмектерді артық қолдану, отбасының тұрақсыздығы, жалғыздық, төмен мәдени және білім деңгейі, урбанизация және т.б.)

- генетикалық факторлар - 18-22%, орташа 20% (тұқым қуалаушылық ауруларға бейімділік)

- қоршаған орта - 17-20%, орташа 20% (климат, ауа, су, топырақтың зиянды заттармен ластануы, жоғары гелиокосмостық, радиациялық, магниттік және т.б.б сәулеленулер)

- денсаулық сақтау - 8-10%, орташа 10% (профилактикалық шаралардың тиімсіздігі, медициналық көмек сапасының төмендігі, медициналық көмектің дер кезінде көрсетілмеуі).

Барлық БДҰ тарихындағы ең ірі зерттеу жобасының нәтижесінде (2002 ж) жалпы деңгейде халық аурулығы мен өлім көрсеткішінің деңгейін анықтайтын 10 негізгі қатер факторы белгіленді: тамақтану жеткіліксіздігі, темекі тарту, артериялық гипертензия, сумен қамтамасыз ету, санитария, сонымен қатар жеке және тұрмыстық гигиенаның қанағаттанарлықсыз жағдайы, гиподинамия, кәсіби зияндылықтар, қауіпті жыныстық қатынастар, ішімдікті артық қолдану, атмосфералық ауауның ластануы.

Сонымен, қоғамдық денсаулықты қалыптастырудағы әлеуметтік факторлардың негізгі ролі өмір сүру жағдайлары мен салты арқылы жанама түрде әсер етеді.

Қазіргі зерттеушілер денсаулықтың қалыптасуы ғылыми түсінігінде медициналық-әлеуметтік жағдайлармен шектеліп қоймай, өмір салтын философиялық және әлеуметтік түсіндірулерді қолдана отырып кең түрде қоғамдық бағытта қарастыруда.

Өмір салты – тарихи нақты әлеуметтік қатынастарға тән жеке немесе топтық өмір сүру формасы, немесе белгілі бір қоғамдық-экономикалық формациямен анықталатын адамның күнделікті өмір сүруі ерекшелігін сипаттайтын түсінік.

Жалпы алғанда, өмір салты 4 категориядан тұрады:

- өмір деңгейі – адамдардың материальдық және мәдени қажеттіліктерінің қанағаттандырылу дәрежесін сипаттайтын және сандық бейнеленетін экономикалық категория (жалпы ұлттық өнім мөлшері, халықтың нақты табысы, медициналық көмектің өол жетімділігі және қамтамасыз етілуі, жұмыс күнінің ұзақтығы және т.б.)

- өмір сапасы - адамдардың материальдық және мәдени қажеттіліктерінің қанағаттандырылуын өмір стандарты немесе деңгейімен салыстыра отырып сапалық сипаттайтын әлеуметтік категория (еңбекпен, тамақтану сапасымен, медициналық көмек деңгейімен қанағаттандырылу және т.б.)

- өмір стилі – жеке тұлғаның немесе адамдар тобының белгілі бір мінез-құлық типін сипаттайтын, ұдайы өндірілетін ерекшелік, әдет, дағдылар, ұнатушылық, әуестілікпен бейнеленетін әлеуметтік-психологиялық категория.

- өмір тәртібі – қоғамдық-саяси формацияда өндірістік қатынастардың жүйесін сипаттайтын әлеуметтік-экономикалық категория.

Өмір салты критерилері мен бағалаудағы ерекшеліктерге қарамастан халық денсаулығын қалыптастыруда әлеуметтік факторлардың ролі барлық халықаралық денсаулық сақтаумен мойындалған.

Өмір салты бойынша әр түрлі ауруларға бейім келетін әлеуметтік топтар ажыратылады, олар қатер топтары деп аталады:

- демографиялық: балалар, қарттар, жалғыз бастылар, жесірлер, мигранттар, босқындар;

- кәсіби қатер: денсаулыққа зиян келтіретін өндірістерде жұмыс жасайтын жұмысшылар (ауыр машина жасау, химиялық, металлургиялық өнеркәсіп, көлік және т.б.);

- функциональдық, патологиялық жағдайлар: жүкті әйелдер, дене салмағы аз шала туылған балалар, генетикалық қатері бар, туа пайда болған ақаулары бар адамдар, бала жастан мүгедектер;

- төмен материалдық, кедейллік, қайыршылық өмір деңгей: кедейлер, аз қамтылғандар, жұмыссыздар, жартылай жұмыс күнімен еңбек ететіндер, «тұрақты орны жоқтар»:

- девианттық мінез-құлқы бар, психопаттық, әлеуметтік-психологиялық және т.б. коллизий адамдар: маскүнемдер, нашақорлар, токсикомандар, жезөкшелер, сексуальдық ауытқулары бар адамдар, психикалық денсаулығы және тәртібінде ақаулары бар адамдар (невропаттар, психопаттар және т.б.); психикалық және физикалық ақаулары бар діни және т.б. сектанттар;

Барлық аурулардың ішінде әлеуметтік маңызды аурулардың орны ерекше, олардың тізімін медициналық-әлеуметтік қолдау көрсету үшін қосымша немесе жеңілдетілген шаралар қабылдау мақсатында үкіметпен белгіленеді: ісік және қатерлі қан аурулары, диабет, ревматизм, жүйелі қызыл жегі, балалар церебральді салдану, психикалық аурулар, миокард инфаркті және т.б. .

Денсаулықтың әлеуметтік детерминациялығын мойындау денсаулық мәселесін әлеуметтік тұрғыдан кең түрде қарастыру қажеттігіне негіз болды, сонымен қатар денсаулықты қамтамасыз ету денсаулық сақтау ұйымдары мен органдарының тікелей жауапкершілігі мен міндеті аясынан шығып кетеді. Денсаулықты сақтау және нығайту мемлекеттің, жұмыс беруші және әр азаматтың ынтымақтастық жауапкершілігі болып табылады, ол халықтың тікелей белсенді араласуы арқасында сектораралық қарым –қатынас жолымен жүзеге асырылады.

Үйлестіру материалы: «Rower Point» бағдарламасында 20 слайд.

Әдебиет:

1. Аканов А.А., Девятко В.Н., Кульжанов М.К. Общественное здравоохранение в Казахстане: концепция, проблемы и перспективы. – Алматы, 2001.– 100 с.

2. Камалиев М.А., Бигалиева Р.К., Хабиева Т.Х. История народной медицины и общественного здравоохранения Казахстана. – Алматы, 2004. – 173 с.

3. Лисицын Ю.П. Общественное здоровье и здравоохранение: Учебник. – 2-е изд., перераб. и доп. – ГЭОТАР-Медиа, 2007. – 512 с.

4. Тульчинский Т.К., Варавикова Е.А. Новое общественное здравоохранение: Введение в современную науку. – Иерусалим, 1999.– 1049 с.

5. Юрьев В.К., Куценко Г.И. Общественное здоровье и здравоохранение. – С.-Петербург, 2000.– 914 с.

Бақылау сұрақтары:

1. Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтауға анықтама беріңіз.

2. Денсаулықтың компонентері.

3. Денсаулықтың деңгейлері.

4. Пәннің негізгі бөлімдері.

5. Пәннің негізгі әдістері.

6. Халық денсаулығына әсер ететін факторлар.

7. Денсаулықтың қалыптасуына қауіп факторларының үлесі.

8. Денсаулықтың әлеуметтік байланыстылығы.

9. Өмір салты мен оның категорияларына анықтама беру.

10. Аурулардың әлеуметтік қауіп топтары.

Тақырып 2. ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫН КЕШЕНДІ БАҒАЛАУ. ДЕМОГРАФИЯНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-МЕДИЦИНАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ. ХАЛЫҚ АУРУШЫЛДЫҒЫ.

Мақсаты: Студенттер тұрғындар денсаулығының есеп, талдау және бағалау әдісін медициналық-демографиялық жағдайды, халық аурулығын бағалауды және есептеу тәсілдерін білуі керек

Әдетте тұрғындар денсаулығын кешенді бағалау демографиялық үдерісті, ауруды, дене бітім тұрғысынан дамуды және мүгедектікті сипаттайтын сапалық көрсеткіштердің жиынтығы ретінде танылады.

Тұрғындар денсаулығының жай-күйін бағалауда қолданылатын әдістемелік тәсіл санақ есептерінің аясында әзірленетін әр түрлі ақпарат көздерін пайдалану болып табылады.

Негізгі мәселе біркелкі көрсеткішті таңдаудан тұрады, ол денсаулық сынды көп қырлы құбылыстың әр түрлі қырын жеткілікті дәрежеде көрсететіндей болуы тиіс. Қазіргі таңда денсаулықты толығымен сандық тұрғыдан бағалаудың әдістері әлі әзірлене қойған жоқ, ол жеке сипаттары бойынша қарастырылуда. Оларға тұрғындар өмірінің орташа ұзақтығы, өлімі, ауруы, дене бітімдік дамуы және т.б. жатады.

Өмірдің орташа ұзақтығы - әр түрлі жайттардың әсеріне байланысты адамдар денсаулығының жалпыланған жай-күйінің белгілі деңгейін көрсететін интегралды көрсеткіш.

Өмірдің орташа ұзақтығын есептеу әдісі белгілі уақыт аралығында өмір сүрген немесе өлген адамдардың санынан тұрады. Өмір сүріп жатқан адамдардың саны туу деңгейімен есептеледі, ал өлген адамдар саны тұрғындар өлімінің көрсеткішінен көрініс табады.

Тұрғындар денсаулығы сынды күрделі түсініктің мәліметтерін түпкілікті сандық сипатқа енгізудің мүмкін еместігін біле тұрсақ та, өлім көрсеткіштері тұрғындар денсаулығының жай-күйіне тікелей және жанама әсер ететін (медициналық-биологиялық, әлеуметтік-экономикалық, демографиялық және т.б.) жайттардың күрделі әсерлері көрініс табатын едәуір дұрыс көрсеткіш болып саналады. Екінші жағынан, мерзімінен бұрын келетін өлімді болдырмау денсаулық сақтаудың негізгі мәселелерінің бірі болып табылады, ол оған қажетті ресурстарға ие. Денсаулық сақтау жүйесі тұрғындар өліміне өзінің іс-әрекетімен ықпал ете отырып, өмірдің орташа ұзақтығына, яғни тұрғындар денсаулығының жай-күйіне әсер етеді. Өлімнің көрсеткіштері аурудың мәліметтерімен салыстыру бойынша көбіне нақтылығмен және дұрыстығымен ерекшеленеді.

Ауруды сипаттайтын басты ақпарат көзі емдеп алдын алу ұйымдарына қаралу туралы мәліметтер болып табылады. Қаралу туралы мәліметтердің негізгі кемшілігі ауру туралы толық көріністі бере алмайтындығы болып отыр: біріншіден, аурулардың бірқатары медициналық көмекке жүгіну ғана болмайды( бұл көбіне созылмалы ауруларға қатысты); екіншіден, қаралу деңгейі ауруға қатысы жоқ бірқатар жайттарға байланысты; соңында, қаралулардың санына жүгіну аурудың сандық қырын ғана ескеруге мүмкіндік береді, оның сапалық салалары, ең алдымен, аурудың ауырлық дәрежесін ажырату еленбей қалмақ.

Дене бітімдік даму дегенде ағзаның күш-қуатының, төзімділігінің және жұмысқа деген қабілетінің қорын анықтауға мүмкіндік беретін оның морфологиялық және қызметтік белгілерінің жиынтығы түсініледі. Дене бітімдік дамуды бағалау дәрігердің қабылдауы кезінде медициналық бақылау кезінде жүргізіледі. Балалар мен жас өспірімдердің дене бітімінің дамуын қарқынды бақылау ағзаның қалыптасу тенденциясын, олардың дене бітім дамуының стандарттарына сәйкестігін бақылауға мүмкіндік береді. Дене бітімдік даму соматоскопиясен, антропометриямен және физиометриямен анықталады. Дене бітім дамуының мәліметтері вариациялық қатарлар құруымен, орта көлемдерді есептеуімен, орта шаршылық ауытқуларымен және т.б. санақтық өңдеуге душар болады. Алынған мәліметтер дене бітім дамуының арнайы кестелері (стандарттар) бойынша жүргізіледі, ол нормаға сәйкестігін және стандарттан ауытқуын бағалауға мүмкіндік береді.

Тұрғындардың мүгедектігі. Алғашқы мүгедектіктің көрсеткіші – тұрғындардың пайызбен көрсетілген орташа жылдық санына мүгедек деп алғаш танылғын санның қатысы. ДДСҰ мәліметтері бойынша қазіргі таңда әлемде мүгедектер тұрғындардың шамамен 10% құрайды, олардың көп бөлігі – егде адамдар. Мүгедектіктің ұстанымдарына байланысты әр елде елеулі өзгешеліктер байқалады: АҚШ – 19%, Ресей Федерациясында - 6%, Қытайда - 5%, Қазақстанда - 3%. Ересек тұрғындарды мүгедектендіруші негізгі кемістіктер қан айналым жүйесінің аурулары болып табылады, екінші орында – қатерлі жаңа пайда болулар, үшінші орында – жарақаттанулар.

Осы күнге дейін тұрғындар денсаулығының жай-күйін кешенді бағалау проблемасы өз шешімін таба қойған жоқ. Халықаралық және отандық тәжірибеде интегралды көрсеткіштер ғана белгілі:

- адам дамуының индексі (АДИ) – алдағы өмірдің орташа ұзақтығын, білімін және өмір деңгейін көрсететін үш негізгі компоненттерден тұратын интегралды көрсеткіш

- DALY (disability-adjusted life years) денсаулықтың жай-күйін (еңбекке қабілетсіздігін ескере отырып түзетілген өмір жасының саны) сапалық интеграциялық бағалау көмегімен аурудың жаһандық ауыртпалығын өлшеу үшін қолданылады

- QALY (quality of life outcome/endpoint) – сапалы өмір сүрген жылдарды көрсететін индекс

- DALE (disability adjusted life expectancy) – дені сау күйде өмір сүрудің күтілетін орташа ұзақтығы

- HALE (healthy life expectancy) – дені сау күйде өмір сүру ұзақтығы

- мүмкін болатын өмірдің жоғалған жылдары – мерзімінен бұрын болған өлімнің салдарынан жоғалған өмір жасының санын анықтауға мүмкіндік беретін көрсеткіш.

- еңбекке жарамдылықтың медициналық-әлеуметтік мүмкіндігі – тұрғындардың алда тұрған еңбек қызметінің жылдары санының еңбек қызметі жылдарының мүмкін болатын санына пайыздық қатысы, егер ол аурулармен немесе жарақаттанулармен шектелмеген болса.

- медициналық-демографиялық игіліктердің көрсеткіші – біркелкі медициналық-демографиялық көрсеткіштерді салыстыруға мүмкіндік берген дәрежелік бағалау әдісіне лайықталған индекс.

Зерттеушілер (дәрігерлер, психологтар, социологтар және т.б.) денсаулықты интегралды бағалаудың әмбебап ұстанымдарын іздеу барысында өмір сапасына жиірек назар аударады. Бұдан басқа, өмірді заманауи жағдайларда бағалау мен сапасына қол жеткізу саяси мәнге ие бола бастайды, ол әлеметтік-экономикалық құбылу қарқынымен көкейкестілігі арта түседі.

Өмір сапасының тұжырымдамалары әлеуметтік саясат саласында ұлттық мақсаттарды қалыптастыруға тікелей әсер етеді, яғни оларды мемлекеттік құрылымдарды басқару құралы ретінде пайдалану. Оларды пайдалану әзірленетін бағдарламалардың негізінде тұрғындар өмірінің жағдайын жетілдіру мақсатында қажет болап отыр. Тұрғындар денсаулығы жай-күйінің параметрі өмір сапасы көрсеткішінің жалпы құрылымына шектеле қосылады.

Өмір сапасының ұлттық стандарты – бұл адамның материалдық, рухани, интеллектуалды, мәдени, әдептік және басқа да сұраныстарын қанағаттандыру дәрежесін байқататын интеграциялық көрсеткіш.

Өмір сапасын зерттеу барысында ескерілетін жайттардың көптеген жиынтығы әрбір жайт бойынша жеке-жеке қандай да бір стандарттарды (эталондарды) белгілеуді, әсіресе, осы жайттардың барлық көрсеткіштері бойынша интегралды көрсеткіштерді (индекстерді) қиындатады. Осы мәселелерді шешу жолдарының бірі осы жайттарды әр түрлі негіздер бойынша топтастыру болуы мүмкін. Мысалы, адамдардың талаптарын қанағаттандырудың сапалы деңгейі бойынша: алғашқы (тамаққа, тұрғын үйге, киімге, көлікке, денсаулықты сақтауға, ұрпақ жалғастыруға және әлеуметтік байланыстарға деген сұраныстарын қамтамасыз ететін) және екінші (рухани, мінез-құлықтық, әдептік сұраныстарын қанағаттандырумен байланысты).

Егер бірқатар жайттар бойынша (тамақ, киім, кіріс деңгейі және т.б.) ғылыми тұрғыдан әзірленген стандарттарды немесе дәстүрлі санақтық орташа көрсеткіштерін пайдалануға болатын болса, онда қанағаттандыру жайттары бойынша өз өмірінің жеке қырларымен респонденттердің жекеленген топтарына арналған субъективті, бағалау сипаттамаларының орташа мәнін белгілеуге мүмкіндік беретін әлеуметтік зерттеулерді жүргізу қажет.

Зерттеушілер, ең алдымен, әлеуметтік санақ мәліметтеріне негізделген осы моделге қарама-қарсы құбылыстардың объективті жай-күйінің көрсеткішін ғана қолдануды қанағаттандырылмағаны болып бірінші кезекке «сезінетін өмір сапасы» тұжырымдамасы алға тартылып отыр (percieved life quality). Осы тұжырымдаманың мәні өмір сапасын адам мен қоғам өмірінің әр түрлі тараптарының объективті параметрлерінің көмегімен ғана өлшеу мүмкін еместігінде болып отыр. Өмір сапасының қажетті құрамы субъективті сезіну, мүгедектің өзінің өмір жағдайлары мен өзін өзі бағалауы болып табылады.

Демография (грек тілінен аударғанда demos – халық) – халық туралы және оның қоғамдық дамуы туралы ғылым. Демографиялық статистика (тұрғындар статистикасы) ежелгі уақыттан бері белгілі, біздің эрамызға дейін ежелгі Египетте, Вавилон, Қитай, Рим және басқа елдерде тұрғындар санын тіркеу жүргізілген.

Медициналық демография – бұл халықтың механикалық және табиғи қозғалысы процесіне медициналық-әлеуметтік факторлардың әсерін зерттейтін және тұрғындар денсаулығының көрсеткіштерін жақсартуға арналған ұсыныстарды өңдейтін ғылым. Демографиялық статистика көрсеткіштері тұрғындар денсаулығын бағалауда; көбею заңдылықтарын; тұрғындар саны мен құрылымы негізінде денсаулық сақтау кадрлары мен ұйымдарын жоспарлау, орналастыру және болжауда; медициналық-әлеуметтік шаралардың тиімділігін бағалауда кеңінен қолданылады.

Демография статика (халықтың сандық және сапалық құрамын), динамика –халықтың өзгерушілігін: механикалық (миграция) және табиғи (көбею) зерттейді.

Статика белгілі бір уақытқа сәйкес халық санын, орналасуын, жасы, жынысы, ұлты, әлеуметтік және кәсіптік тобы және т.б. белгілеріне сәйкес таралуын сипаттайды, оларды тіркеу кезеңді түрде жүргізілетін халық санағы арқылы жүзеге асырылады. Негізінде халық санағы он жылда бір рет жүргізіліп отырады. Халық санағына қойылатын негізгі талаптарға жатады: жалпылылық, санақ бағдарламасының болуы және оның бірлігі, әрбір жеке адамнан белгіні тіркеу, мәліметті тікелей халықтан жинау, бақылаудың экспедициялық әдісі, санақтың біркезділігі, санақтың орталықтандырылуы, мәліметтерді автоматы түрде өңдеу, мәліметтерді тұтас жинау әдісін мәліметтердің қосымша іріктелген жинау әдісімен тіркестіру, санақ құпиясын сақтау.

Жас-жыныстық құрамы халық денсаулығын мен халықтың көбеюін сипаттауда маңызды орын алады. Халық құрылымында қандай да бір жас-жыныстық топтардың басым болуы өлім, туу, өлім себептерін, еңбекке қабілетті немесе еңбекке қабілетсіз жастағы адамдардың үлес салмағын, алдағы өмір сүру орташа ұзақтығын анықтайды. Халықтың жасқа сай құрылымының типі 0-ден 14 жасқа дейінгі балалардың үлес салмағын 50 жас және одан жоғары халықтың үлесімен салыстыру арқылы анықтайды. Жас құрылымында 14 жасқа дейінгі балалардың басым болуы үдемелі (прогрессивті) халық типін көрсетеді. Ересек жастағы топтардың 0-ден 14 жасқа дейінгі балалардан басым болуы халықтың регрессивті типін көрсетеді. 14 жасқа дейінгі балалардың 50 жас және одан жоғары топтармен тең болуы халықтың стационарлық типін көрсетеді.

Егде жастағы адамдар үлесінің басымдылығымен сипатталатын халықтың қартаю процессі туу көрсеткішінің төмендеуімен және өмір сүру ұзақтығының артуымен байланысты, бұл қазіргі кезде кеңінен байқалуда. БДҰ пікірі бойынша? Ересек жас индикаторы болып 65 жас таңдалып алынды. БҰҰ қартаю шкаласы бойынша, егер 65 жас және одан жоғарылардың үлесі 4%-дан төмен болса – жас халық; 4-7 % - халық қартаю табалдыры


<== previous lecture | next lecture ==>
Шарманов Т.Ш. Алматинский рубеж мирового здравоохранения (от Алматы к новому тысячелетию человеческого развития). Алматы-Вашингтон-Женева, 2008. 184 с. | Исаев Д.С., Бейсембекова Г.К. Проблемы репродуктивного здоровья в современных условиях. - Алматы, 1995. - 129 с.
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.009 s.