Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Есім хан.(1598-1628жж.) 1 page


Date: 2015-10-07; view: 1360.


Есім хан астанасы-Түркістан қаласы.

-Барлық қалалары мен қоса Түркістан аумағы Қазақ хандығына қосылды.

-осы кезден бастап Ташкент қаласы 200 жылдай қазақтардың иілігінде болды.

-оңтүстік Қазақстандағы отырықшы –егіншілік аймақтар Қазақ хандығының жері болып есептелді.

-Бұхар ханымен бітімге келіп, Орта Азия қалаларымен бейбіт экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды.

-қазақ хандығын бір орталыққа бағындыруды басты мақсат етті.1628 жылы –Есім хан қайтыс болып, Ахмет Йасауи кесенесіне жерленді.

25. Этноаймақтық бірлестіктер – жүздердің пайда болуы, олардың территориясы мен этникалық құрамы.Этносаяси қауымдастық – белгілі бір тарихи аймақта құрылған хандықтың тұрғындары. Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасының құрылуы мен нығаюы қазақ тайпаларының біругуіне әкелді. Этникалық құрамы 92 тайпадан тұрған.

Ұлы жүз. Аумағы Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан. Рулары – үйсін, дулат, албан, суан, жалайыр, шапырашты, қаңлы.

Орта жүз. Аумағы. Орталық және солтүстік –Щығыс Қазақстан. Рулар – қыпшақ, арғын, найман, керей, қоңырат.

Кіші жүз. Аумағы. –Батыс Қазақстан. Рулары – алшын, адай, төртқара, жағалбайлы, табын, тама, бай бақты, қаракесек.

26. ХVІ-ХVIII ғасырдың бас кезіндегі қазақ халқының шаруашылығы.Көшпелі мал шаруашылығы, жартылай көшпелі мал шаруашылығы . түрлері –қой, жылқы, түйе. Маусымды жайылым 4 кезеңге бөлінді.

Қыстауда 6 ай бойы бір жерде отырған. Көктеу, күздеу, жайлау 2 ай тұрақтанған.Қазақ хандығының Орта Азия, Шығыс Түркістан, Орыс мемлекеттерімен сауда қатынасы дамыған. Ұсақ ақша саудасы қалпына келтіріліп, күміс жалатылған мыс айналым болды.

0000000000Жоңғар шапқыншылығы қарсаңындағы Қазақстанның ішкі саяси жағдайы. Жоңғар шапқыншылығының басталуы.

Қазақ хандығында жүздер арасындағы тұрақты саяси және экономикалық байланыстардың болмауы, қазақ феодалдардың өзара тартысы көрші мемлекеттердің шабуылдауына жол ашты. Қазақ жеріне әсіресе қауіп төндіргені –жоңғар мемлекеті. Мақсаты – қазақ елін тәуелсіздігін жойып, өзіне бағындыру. Қазақ жерін иемдену.

000000“Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама”. Қазақ халқының жоңғарларға қарсы тәуелсіздік жолындағы күресі.1723-1727 жылдар –Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама, ақ мешін апаты.

Жоңғар қысымымен қазақ ауылдары туған жерлерін тастап, іргелес аудандарға үдере көшті. Қазақтардың Орта Азия хандықтары мен Еділ қалмақтарының иелігіне жақындауы көршілес мемлекеттермен қатынасты салқындатты. Жайық бойындағы қазақтар, оңтүстікте қарақалпақтар, өзбектер әлсіреген ауылдарға шабуылдап, жағдайды ауырлата түсті. Қатты ойрандалған жер – Жетісу. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Есет, Саурық, Малайсары, Баян, Жәнібек, Райымбек, Наурызбай, Қарасай батырлар.

27. ХVI-ХVIII ғғ. бас кезіндегі қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы.Көшпелі мал шаруашылығы, жартылай көшпелі мал шаруашылығы . түрлері –қой, жылқы, түйе. Маусымды жайылым 4 кезеңге бөлінді.

Қыстауда 6 ай бойы бір жерде отырған. Көктеу, күздеу, жайлау 2 ай тұрақтанған.Қазақ хандығының Орта Азия, Шығыс Түркістан, Орыс мемлекеттерімен сауда қатынасы дамыған. Ұсақ ақша саудасы қалпына келтіріліп, күміс жалатылған мыс айналым болды.

28. “Жеті-жарғы” – ХУІІ ғасырдағы қазақтардың құқықтық ескерткіші.“Жеті жарғы" - әлеуметтік-зкономикалық және құқылық энциклопедия. Алайда, бізге жеткені "Жеті жарғының" жұрнақтары сиякты. Сонда да біздің қазіргі колымыздағы "Жеті жарғы'" — хан заманындағы экономикалык ой-пікірдің, көзқарастардың нақты көрінісі. Өйткені мұнда қоғамдағы адамдардың қарым-қатынастарындағы, .мінез-құлықтағы кемшіліктерді, құқық бұзғандарды экономикалық жазалау тәсілдері түзілген, ал олардың көбін осы күндері де пайдалануға болады. Казақтын, өткен тарихында түрме деген институт болмаған сияқты, зындандарда тұткын батырлар үсталды.

Қылмыс жасағаны үшін экономикалык жазаның көлемі былай белгіленген:

- қанға қан алу, яғни біреудің кісісі өлтірілсе, оған ердің құнын телеу (ер адамға — 1000 қой, әйел адамға — 500 қой.);

- ұрлық, қарақшылық, зорлық, зомбылық жасаған адам өлім
жазасына кесіледі, жазаны ердің құнын төлеу арқылы жеңілдетуге болады;

- денеге зақым келтірсе құн төлейді (басбармак үшін —100қой, шынашақ - 20 кой.);

- төре мен қожаның құны қарашадан 7 есе артык;

егер әйелі ерін өлтірсе, өлім жазасына кесіледі; егер ағайындары кешірім жасаса құн төлейді.

30) “Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама”. Қазақ халқының жоңғарларға қарсы тәуелсіздік жолындағы күресі.XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басында Қазақ хандығы ішкі-сыртқы аса ауыр жағдайға душар болды. Алтайдан Атырауға дейінгі байтақ даланы алып жатқан қазақ халқы жерінің географиялық ерекшелігіне қарай үш жүзге бөлініп өмір сүрді. Қазақ хандығында үстемдік еткен әскери-федалдық шонжарлар арасында ішкі тартыс күшейе түсті. Сонымен қатар бұл мезгілде қазақ-жоңғар қатынасы мейлінше шиеленісіп, қазақ хандығына үздіксіз шабуыл жасады. 1718 жылы Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін (Хақназар, Тәукенің) бір орталыққа бағындырғысы келген мақсаттары жүзеге аспай қалды. Қазақ хандығы ауыр дағдарысқа ұшырады, елдің бірлігі бұзылды, бытыраңқылық етек алып өзара қырқыс шегіне жетті.Тәукенің орнына отырған баласы Болат ханның тек атағы ғана болды. Жүздерді билеген кіші хандар өз алдына дербестеніп, қазақ хандығы саяси жақтан бөлшектенді. Орта жүзді Сәмеке хан, Ұлы жүзді Жолбарыс хан, Кіші жүзді Әбілхайыр хан биледі. Бұларға қарасты ұлыстарды билеген сұлтандар дербестікке қол жеткізе бастады. Осыны пайдаланған жау жан-жақтан шабуыл жасады.Оңтүстіктен Орта Азия хандықтары қыспақ көрсетті. Солардың ішінде ең қауіптісі шығыстағы Жоңғар мемлекеті болды.Жоңғарлардың Қазақстан жеріне енуі сонау XV ғ. басталған болатын (Әбілхайырдың көшпенді өзбек хандығына күйрете соққы берген 1456 жылы). Кейіннен ойраттардың бірігіп 1635 жылы мемлекет құруынан кейін – қазақ хандығына қан-төгіс шапқыншылықтар күшейе түсті.Басшысы Батур Хунтайшы болды (1635-1653) Қазақ жеріне Жоңғар агрессиясының күшеюі Цэван Рабдан (1697-1727) тұсында болды. Цэван Рабданның жаулап алу программасының ең шырқау шыңы – 1723 жылы болған шабуылдан көрінді.1723 жыл тарихта есте қаларлық жұт жылы болды. Осы жылдың көктемгі төл алу кезеңі мен жазғы көш-қону жұмыстарымен айналысып жатқан қазақ еліне тосыннан, күтпеген жерден шабуыл жасады. Осы жолы шапқыншы жоңғарлардың саны 70 мыңнан асып түсіп, жеті бағытпен қазақ еліне кірді. Осы ауыр жылдарда шыққан қазақтың қаралы да қайғылы, ән ұраны «Елім-ай», сол кездегі ауыр күндердің өшпес ескерткіші болып табылады. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаға» ұшырады. Сақталған мәліметтерге қарағанда, Ұлы жүз бен Орта жүз Самарқанд пен Бұқараға, Кіші жүздің халқы Хиуаға қарай босқан екен. Босқындардың біразы Алакөл маңына барып паналаған көрінеді.1726 жылы Ордабасында үш жүздің игі жақсыларының басын қосқан ұлы жиын болды. Осында үш жұздің баласы бір бәтуаға келіп, жауға қарсы бірігіп аттануда, сол қолға басшы-етіп Әбілхайырды сайлайды. Осы кездегі қазақтың саяси хал-ахуалын архив құжаттары былай суреттейді: «Сол кезде жоңғарлар Орта Азиядағы ірі сахара патшалығы болды. Оған ұйғырлар қарсылықсыз бағынды. Қырғыздар бір мезгіл қарсылық көрсетсе де, сұрапыл тегеурінге шыдамады. Ал, ұзақ жыл бойында жоңғарлармен тірескен тек қазақтар ғана болды. Жоңғарлар қазақ елінің шығыс және оңтүстік жағындағы біраз жерлерді жаулап алғанымен, қазақтардың кең байтақ орталық бөлігіне әл-күші жетпеді» – дейді.Сөйтіп біріккен қазақ халқының қолы 1727 жылы Ырғыз уезінің оңтүстік шығыс бетіндегі Бұланты өзенінің жағасында «Қара сиыр» деген жерде қалмақтарға күйрете соққы береді.Бұл жеңіске жеткен жер «Қалмақ қырылған» деп аталады. 1729 жылы көктемде қазақ-жоңғар соғысының аса ірі шайқасы болады. Ол Балқаш көлінің маңында (оңтүстік батыс) қалмақтарға екінші рет күйрете соққы береді. Бұл жер кейіннен тарихта «Аңрақай шайқасы» деген атпен белгілі болады.Осы тұста Болат хан (Тәуекелдің баласы) қайтыс болып, осыған байланысты қазақ хандығының тағдырына қатысты ірі оқиғалар болады. Енді Сәмеке, Әбілхайыр, Болаттың үшінші баласы Әбілмәмбет арасында күрес туады. Сөйтіп, аға хан болып көпшілік билер қолдамаса да Әбілмәмбет сайланады. Мұндай таңдау жасалғанына Әбілхайыр да, Сәмеке де наразы болып майдан шебінен әскерін алып кетеді. Сөйтіп қайтадан феодалдық бытыраңқылық күшейіп, жан-жаққа бөліне бастайды. Бұл кезде Бұқара, Хиуамен қатынас-шиеленісті, жоңғарлар үнемі қауіп төндіріп отырды.Ендігі жерде қазақ халқының тек өзінің күшіне ғана сенуі керектігі және үш жүздің басын қосып, жоңғарларға қарсы тұру керектігіне көздері жетті. Осы идеяны жүзеге асыруда Абылай хан еңбек сіңірді. Ол 1731 жылы ауыл адамдарымен бірге қалмақтарға қарсы шайқасқа қатысып, ерлігімен, батылдығмен көзге түседі.Сөйтіп енді қазақ жеріне Цин империясы шабуылын бастады. Осы ауыр кезде Абылай өзінің шебер ішкі, сыртқы саясатымен көзге түсті. Осы кезде Ақсақалдардың алқа кеңесін шақырып, қытаймен соғысты соза беруге болмайтынын, халықтың азып-тозып кеткенін айтып, қытаймен елшілік қатынас орнату мақсатында адамдар жібереді. Сөйтіп, олармен сауда, экономикалық байланыс орнатудың жолдарын қарастырды. Ресеймен қарым-қатынасын да ұлғайтты. Қазақ жерін екі елдің қаупінен қорғап қалуда үлкен еңбек сіңірді, өзінің нәзік саясатымен тіл табысты, өзінше билік, өзінше саясат жүргізді.1771 жылы Әбілмәмбет хан өлгеннен кейін, Түркістанда Қожа Ахмет Иассауидың мешітінде хандар мен сұлтандар бас қосып, Абылайды ақ киізге орап, Орта жүздің ханы етіп көтерді. Бірақ Абылай өзін қазақтардың үш жүзінің ханымын деп есептеді. 32) Абылай ханның мемлекеттік қызметі. Абылай ханды Орта жүздің сұлтаны, сосын Орта жүз және де бүкіл қазақ халқын біріктіріп, қазақ хандығын біртұтас мемлекет ретінде сақтап қалып, оның Ұлы ханы болып, өзіне қазақтың барлық хандары мен билерін мен сұлтандарын бағындыра алғанын және де саяси қайраткер, ақылды қолбасшы, дарынды мәмлегер, күйші екенін айтқанымыз жөн. Абылай хан бүкіл өмірін қазақ елінің бостандығы, егемендігі үшін арнады. Шоқан Уәлиханов «Қазақ жерінде Абылайдың даңқы аса зор. Абылай заманы оларда қазақтың ерлік заманы болып саналады» деп жазған еді. Абылайдың шын аты - Әбілмансұр. 1711 жылы әкесі Көркем Уәли Түркістанға сұлтан болып тұрған кезде дүниеге келген. Бұл кезең қазақ халқы үшін өте қауіпті, ауыр кезең еді. Үш айдаһардың (Жоңғар, Қытай, Ресей) ортасында қазақ мемлекетінің жойылып кету қаупі төніп тұрды. Қытай мен Ресей жоңғарларды қазақ жеріне айдап салып отырды. «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жылдары Абылай 12 жасында жауынгерлердің қатарына қосылады да, 22–де батыр, қолбасшы ретінде танылады.XVІІІ ғасырдың орта шенінде қазақ елін жаулардан қорғау үшін Абылай Ресеймен және Қытаймен татулық, достық қатынас сақтап, олардың қолдауы арқасында жоңғар басқыншылығын талқандауды жөн көрді. Ең ірі қауіп жоңғарлардың басқыншылығы екендігін түсінді. 1740 жылғы шайқаста Абылай қазақ жауынгерлерінің тікелей қолбасшысы болды. Қазақ әскері жоңғарларға қатты соққы берді. Жоңғарлар көп шығынға ұшырап, кейін шегінуге мәжбүр болды. Абылай қазақ әскерлерін ұйымдастырып, жауға қарсы көтеріп, басын біріктіріп, негізгі әскери күшті жинап көрші мемлекеттерге қазақ хандығы біртұтас ел екенін көрсетті. Абылай сұлтан бұл кезде қазақтарды біртіндеп жоңғар шабуылдарынан құтқарып, елдің тыныштығын, халықтың тұтастығын, мемлекеттің егемендігін, тәуелсіздігін сақтап қалуды мақсат еткен. Екі ірі мемлекетпен дипломатиялық, сауда қарым–қатынастарын орнатып, кезінде жоңғарлар басып алған Алтай, Тарбағатай өңіріндегі қазақ қоныстарын қайтарып алды. Қазақтар жаппай ата-мекендеріне орала бастады. Жоңғарлармен күресте халықтың басын біріктіруде ерекше рөл атқарды. Абылай сұлтан өзінің шебер саясаткерлігінің арқасында Ресей мен Қытай сияқты ірі империяларды өз саясатымен санасуға мәжбүр ете отырып, іс жүзінде елдің дербестігін, жерінің тұтастығын сақтап қалды.Абылай өткір ойлы, терең білімді шешен адам болған. Бірнеше түрік халықтарының және де парсы, қытай, орыс тілдерін жетік білген. 1741 жылы Абылай сұлтан жоңғарлардың қоршауында қалып, тұтқынға түседі. Тұтқында болған екі жыл ішінде олардың тілі мен жазуын үйреніп, жоңғар хандығының ішкі саяси жағдайын жіті бақылап, бұл мемлекеттің күштілігі – мықты орталықтанған билікке бағынуында және де халықтың бірлігінде екенін түсінеді. Абылай сұлтан және де бірге болған серіктері, барлығы отыз бес адам қалмақ тұтқынынан 1743 жылдың 5-і қыркүйегінде елге қайтып оралады. Абылайдың тұтқындағы екі жылдай уақыт ішінде өзінің қадыр–қасиетін жоғалтпай жоғары ұстауы, сөз жүйесіндегі тапқырлығы мен батылдығы жауларын таңқалдырған. Қалдан Церен Абылайдың даналағына бас иіп, оған жоғары мәртебелі сый–сыяпат көрсеткен және де: «Ол (Абылай) заманынан жүз жыл бұрын ерте туды, бүкіл әлемді билеу қолынан келеді» - деп тегіннен–тегін айтпаған болар. Жоңғарлардың қонтайшысы Қалдан – Церен «менің ұлымды өлтірген сен бе?» - дегенде Абылай былай жауап берген екен «… балаңды өлтірген мен емес, халық, менің қолым халықтың бұйрығын орындаушы ғана». XVІІІ ғ. орта кезінен бастап Абылай қазақ елінің ерікті, іргелі біртұтас ел болуын, ата қонысына жайғасып, бейбіт еңбек етуін қалады. Ол елді отырықшылыққа көшіруді, Үш жүздің басын қосуды, туған Отанын жаудан қорғауды мақсат етті. Абылай хандық құрған кезде ханның жанында Кеңес болған. Оған барлық жүздердің өкілдері қатысып, маңызды мәселелерді қарайтын және де бүкілқазақтық Құрылтай шақырылып, соғыс пен бітім, қоныс пен жайылым, дау мен дамай, басқа халықтармен арадағы сауда мен дипломатиялық қарым – қатынас мәселелері қарастырылып отырды.Ташкент, Ходжент, Сайрам, Шымкент, Созақ, Түркістан қалалары азат болған соң, яғни қазақ хандығына қайтадан қарағаннан кейін, Үш жүздің бірлігінің көрінісі ретінде ежелгі Түркістан қаласы қазақ мемлекетінің астанасы болып 34) Қазақтардың 1773-1775 жылдардағы Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы.Ресейдегі Е.Пугачев бастаған көтеріліс қатыгез басыбайлылық тәртіпке қарсы бағытталса да, оған үлкен ынта-жігермен және үмітпен Еділ-Жайық бойындағы башқұрт, татар және қазақтар да қатысты. Орта жүз, әсіресе Кіші жүз қазақтары патша үкіметінің жер мәселесіндегі отаршыл саясатына қарсылық танытып, шаруалар көтерілісіне қосылды. Пугачев үндеуінің Кіші жүзде таралуы қазақтарды стихиялы түрде көтеріліске тартты. Халық жасақтары билеуші топтардың қол астына шоғырлана бастады. Өйткені патша үкіметінің Жайық, Ертіс өзендерінің оң жағасындағы шұрайлы жерлерді орыс-қазақтарға беріп, қазақтардың бекіністер орналасқан өңірге жақындауына тыйым салуы халықтың ашу-ызасын тудырды. Ал Пугачев болса езілген халық бұқарасын «жермен қамтамасыз етуге» уәде берген еді.Кіші жүздің ірі ақсүйектері — Ералы мен Досалы, Айшуақ сұлтандар көтерілісті қолдады, тіпті 1773 жылы 17 қарашада Нұралының өкілі Зәбір молда Пугачевқа арнайы сыйлықты табыс етуге аттанды. Одан Пугачев Кіші жүз қазақтарының көмегі ретінде әскер жіберуін сұрайды.Нұралы, бір жағынан, Пугачевқа қылыш, шапан, арғымақ сыйлай отырып, екінші жағынан, Орынборға көтеріліс қимылдары туралы хабарлап отыруды да ұмытқан жоқ. Пугачев көтерілісі Жайық қалашығы ауданында басталды. Ол негізгі күшімен Жайық бойымен жоғары жылжиды. Форпост, қамалдар, соның ішінде Илецк қалашығы Пугачевқа ұрыссыз беріледі. Көтеріліс Қазақстанның солтүстік-батысын қамтып, өлкенің негізгі әкімшілік және әскери орталығы — Орынборды қоршауға тырысты. 1773 жылы 5 қазанда 2500 адам, 20 зеңбірекпен қамалды алуға ұмтылды. Оған башқұрт халқының батыры Салауат Юлаев, Оңтүстік Орал зауытының жұмысшылары қатысты. Орынборды қоршау кезінде тама, табын, жағалбайлы руларынан шыққан қазақ қолдары Пугачев жасағына белсенді қолдау көрсетіп, орыс бекінісіне шабуыл жасайды.Досалы сұлтан өзінің ұлы Сейдалыны бас етіп, Пугачевқа көмек ретінде топ жөнелтті. Деректерге қарағанда, Орынборды қоршау кезінде 2 мыңға жуық қазақтар бекіністерді шабуылдауға қатысқан. Орта жүз руларынан келген топтар Орынборды қоршауға, Илецкіні алуға қатысты.1774 жылы Орынборды қоршау тоқтатылды. Енді Нұралы хан езінің патша үкіметін қолдайтындығын неғұрлым ашық көрсете бастады.Көтеріліс ошағы Кіші жүзден басқа жаққа ауысқаннан кейін де қазақтардың патша үкіметі бекіністеріне шабуылы тоқтамады. Тек 1774 жылы жазда осындай 240 шабуыл жасалынды. 1775 жылы қаңтар айында Нұралы хан патша үкіметінен қазақ жайылымдарына жазалау жасағын жіберуін сұрап өтініш білдірді.1775 жылғы ақпанда 300 орал-қазақ әскері, 500 башқұрттан тұратын Мансуров бастаған жазалау жасағы Гурьев пен Орал қаласынан шығып, Кіші жүздің ортасына бет түзейді. Осы кезде Сырым Датұлы халық көтерілісінің басшысы ретінде сахнаға шығады. Көтеріліс тоқтатылғаннан кейін ЫЫ Екатерина Жайық өзенін Орал, Жайық қалашығын Уральск деп өзгерту жөнінде шешім қабылдатады 35)Кіші жүздегі Сырым Датұлы басқарған ұлт-азаттық қозғалыс (1783-1797 жж.).Ресей империясының Кіші жүздегі отарлық саясаты тереңдеген сайын өлкедегі саяси-экономикалық биліктің орыс әкімшілігі қолына шоғырлануы да жылдам жүре бастады. Пугачев көтерілісі басып-жанышталғаннан кейін 1775 жылы 25 шілдеден бастап «сезікті» деген кез келген Орынборға келген қазақты тұтқындап, малын тартып алуға рұқсат берілді. Себебі Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі кезінде қазақтар 1756, 1771 жылдардағы жарлықпен санаспай, іс жүзінде Еділ мен Жайықтың аралығындағы жайылымдарды пайдаланған еді.1782 жылғы жарлық бойынша қазақтарға патша үкіметі Еділ мен Жайықтың ішкі жағына өтуге рұқсат берді. Нұралы мен оның туыстары қоныстарға билік құқын пайдаланып, шекаралық әкімшілік шенеуніктерімен, қазақ-орыстармен бірігіп, халықты тонауға кірісті. Арғы бетке өткен әрбір шаңырактан бір жылқы мен бір қой ақы алып тұрды. Орал әскер басшылары ақы төлемегендерді тұтқынға алып отырды, малын тартып алды. Мысалы, 1783 жылы қазақтар ішкі жаққа өткен қазақтардың 4 мың жылқысын айдап әкетеді. Бұған жауап ретінде қазақтар редуттарға, бекіністерге, форпосттарға шабуылға шықты. Осы кезеңнен бастап бас көтерулер жаппай тұрақты сипат алды. Басты соққы Төменгі Орал шебі мен Ор бекінісіне бағытталды.Тарих сахнасына халық қозғалысының көшбасшысы ретінде жастайынан шешендігімен, әділдігімен көзге түскен байбақты руының басшысы Сырым Датұлы шықты. Ол ұрыстарда асқан ерлігімен халық сүйіспеншілігіне бөленген батыр болатын. Оның қарамағында 2 мыңға жуық түтін бар еді.Нұралы хан және оның жақтастары Кіші жүздегі ықпалынан айырылып, халықтан алыстай берді. Нұралы хан 70-жылдардың екінші жартысынан бастап патша әкімшілігінің еркінен шықпайтын орыс шенеунігіне айналды.Кіші жүзде қалыптасқан саяси ахуалды бақылауды билер мен батырлардан тұратын Сырым бастаған топ өз қолына алды. Қазақ халқының алдында өмірлік екі мәселені шешу міндеті тұрды:а) ыдырап бара жатқан дәстүрлі қазақ мемлекеттілігін құтқару;ә) жер мәселесін шешу.Бұл екі мәселе бір-бірімен тығыз байланысты еді. Хан мен патша үкіметіне қарсы осы өмірлік мәселелер халық бұқарасының қолдауын қамтамасыз етті, қозғалысқа жалпыхалықтық сипат берді. С.Датұлын Кіші жүздегі қазақ руларының барлығы дерлік қолдады. 1786 жылға қарай ол өз маңайына жеті мыңдай көтерілісшілерді жинақтады. Сырымға байбақты, шекті, табын, шеркеш, таз рулары қолдау көрсетті. Бұл рулардың көпшілік бөлігі Нұралының басқаруындағы рулар болатын. Осылайша Нұралы ханның билігі дағдарысқа ұшырады. Халық қозғалысының ауқымы Петербург сарайы мен Симбирск және Уфа өлкелерінің билеушісі барон Отто Игельстромға ой салды. Олар халық наразылығын пайдалана отырып, Кіші жүздегі хандық билікті жоюды ойластыра бастады 36) Бөкей хандығының құрылуы, оның саяси және экономикалық-әлеуметтік жағдайы.Бөкей хандығының құрылуы - 1801 жылы Еділ мен Жайық аралығына Кіші жүз қазақтарының бір бөлігі көшіп барды. 1812 жылы онда Бөкей хандығы құрылды. Ол 1845 жылға дейін өмір сүрді.18—19 ғас-ың аралығында Кіші жүз қазақтарының бір бөлігі Жайықтың оң жағалауына өз беттерінше жаппай көше бастады, Мұның бірнеше негізгі себептері бар еді.Біріншіден, шекара шебіне таяу аймақтарда отырған қазақтар мал жайылымынан қатты тамшылық көрді. Патша үкіметі олардың жер жөніндегі өтініштеріне құлақ аспады. Мұның өзі орыс отаршылдығына қарсы жаңадан көтерілістер тудыра бастады. Қазақтардың Қытайға қарай көшіп кету ықтималдығы пайда болды.Екіншіден, қазақтар өздерінің бұрынғы ата қонысына қайтып баруға тырысты. Ал ол қоныстар Ресеймен шекаралық шептің ішкі жағында қалып қойған болатын. 1771 жылы Еділ қалмақтарының елеулі үлкен тобы Шыңжаңға көшіп кеткеннен кейін Еділ мен Жайық аралығында босап қалған жерлер болды.Үшіншіден, Сырым Датұлы бастаған көтеріліс күшпен басып-жаншылған соң оған қатысушыларға сұлтандар мен ханның тарапынан қатты қысым көрсетіліп, қуғын-сүргін жиілеп кетті.Төртіншіден, Пугачев пен Датұлы бастаған көтерілістер аяусыз басып-жаншылғаннан кейін патша үкіметі бұрыннан белгілі«бөліп ал да, билей бер» деген империялық пиғыл принципі бойынша біртұтас Кіші жүзді әлсіретуге тырысып бақты, Әбілқайыр ханның ұрпақтары болып табылатын бірнеше топтың арасында тақ таласын шиеленістіре түсті. Хан тағынан негізгі үміткерлердің бірі Бөкей сұлтан болатын. Бірақ 1797 жылы қартайған Айшуақ сұлтан Кіші жүздің ханы болып шыға келді. Шыңғыс ұрпақтарының арасындағы қарым-қатынас шиеленіце түсті. Мұндай жағдайдан шығудың бірден-бір жолы Жайықтың оң жақ бетіне көшіп бару ғана еді.1799 жылы Бөкей сұлтан Ресей императорының атына хат жазып, өзінің қол астыңдағы қазақтардың бір бөлігінің Жайықтың оң жақ бетіне көшіп баруына рұқсат сұрап, өтініш жасады. Сөйтіп 1801 жылғы 11 наурызда Ресей монархы Ы Павелдің жарлығы шығып, Бөкей сұлтан мен оның қол астындағы қазақтардың Жайықтың оң жақ бетіне көшуіне рұқсат етілді. Бөкейдің өзіне Ресей императорының суреті бар алтын медаль тапсырылды. Көшіп барған қазақтардың қоныстанған аумағы 70 мың шаршы шақырым шамасында болды. Бөкей сұлтанның қол астындағы қазақтар орналасқан бұл аймақ Ішкі Орда деп аталды. Ішкі Орда батысында Астрахан, солтүстігі мен шығысында Саратов және Орынбор губернияларымен шектесті, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында Каспий теңізі мен Жайық шекара шебіне барып тірелді.Әкімшілік тұрғысынан алғанда Ішкі Орда Орынбор шекара комиссиясына бағынышты болды. Бірақ оның орналасқан аумағы Астрахан губерниясына қарайтын. 1801 жылы Жайықтың оң жағасына 5 мыңға жуық отбасы көшіп барды. Олардың басым көпшілігі таяуда ғана болып өткен көтеріліске қатысқандар еді және қазақ қоғамының ең кедей бөлігі болып табылатын. Сырым Датұлы қазақтардың Жайықтың оң жағалауына қоныс аударуына қатты қолдау көрсетті.Ол тіпті халық арасында ата қонысқа көшу жөнінде ықпалды үгіт жүргізді. Жайықтың оң жағына көшіп барғандардың 15 мыңға жуығы кейінірек оның жақтастары болып шықты. Жайықтың оң жағалауына көшіп барушылардың саны бірте-бірте арта түсті.Мәселен, 1897 жылғы Ресей империясының Жалпыға бірдей алғашқы халық санағының көрсеткен нәтижесі бойынша, Ішкі Ордада 207 мың қазақ болды. Кейінірек қазақтардың Ресеймен шекаралық шептің ішкі жағына өтуіне тыйым салынды. Сонымен қатар қазақтардың кең-байтақ қазақ даласына қайтып келуіне де рұқсат берілмеді. Далалық қазақтардың да Ішкі Ордаға өтуіне шек қойылды. Аймақтағы әлеуметтік-экономикалық, саяси даму барысындағы өзгерістер.Бөкей хандығының қазақтары орыс шаруаларының және казактардың жан-жағынан қоршауы жағдайында өмір сүрді, олар Жайықтың сырт жағындағы тайпалас туыстарынан бөлініп қалды. Сондықтан да уақыт өте келе олардың әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде бірқатар елеулі өзгерістер қалыптаса бастады. Ондай жаңалықтардың енгізілуіне көбінесе Жәңгір ханның өзі бастамашы болды.Жәңгір ханның толық ішкі автономиясы және өз алдына дербестігі сақталды. Оның қолына бүкіл әкімшілік және сот билігі шоғырландырылған еді. Жәңгірдің тұсында әр руды оларды басқаратын старшындары арқылы жекелеген сұлтандар билеп-төстеді. Рубасылары мен старшындарды ханның өзі тағайындады. Старшындарға еңбекақы халықтан жиналатын салықтың есебінен төленетін. Зекет және соғым ретіндегі бұрыннан бар төлемдер енді «мал басына салынатын салық» деп аталатын бір-тұтас ортақ салықпен ауыстырылды. Әркімнің меншігіндегі мал басы үш жылда бір рет есепке алынып отырды. Өзінің жеке билігін нығайта түсу үшін хан сот билігін өзі қатаң бақылауда ұстады. Барлық азаматтық және қылмыстық істер қаралатын сот ісіне ханның өзі тікелей қатысып отырды. Соттың қабылдаған шешімі мен шығарған үкімі жөнінде шағым жасауға рұқсат етілмеді. Бөкей хандығы қазақтарының арасында жерді жалға беру кеңінен орын алды. Жердің жетіспеушілігінен қазақтар жылжи-жылжи көршілес Астрахан губерниясының аумағына дейін шығып кетті, Каспийдің жағасына дейін барып жетті. Қазақтар Каспийдің жағасындағы бос жатқан жер телімдерін жалға ала бастады.жердің сатылуы мен сатып алынуы, жерді қауымдасып пайдалану жүйесінің бұзылуы қазақтардың жаппай отырықшы өмір салтына көшу үрдісін күшейтті.Бөкей хандығында, Кіші жүздің басқа бөлігіндегіге қарағанда оның бір айырмашылығы — оңда сауда-саттық қызу қарқынмен дамыды. 1832 жылы Жәңгір хан Бөкей хандығының өз жәрмеңкесін ұйымдастырды. Ол жылына үш рет ашылып тұрды, ханның қол астындағы халық өздерінің малын тиімді айырбастауды және сатуды үйренді. Сауда-саттықтың дамуына бұл аймақтың географиялық жағдайы да оңтайлы ықпал етті. Жәңгір хан сауда жасау ісіне қолдау көрсетіп, көтермелеп отыру саясатын жүргізді. Атап айтқанда, жәрмеңкеге саудагерлерді тарту үшін оған төленетін баж салығын ең төмен мөлшерде белгіледі. Сату және сатып алу ісінде жазбаша келісімшарттар жасасу, тілхаттар беру тәртібін енгізді. Ханның қол астындағы адамдардың өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда, орыс көпестеріне оның өзі кепілдік беретіндігін мәлімдеді. Сөйтіп Ішкі Орда қысқа мерзім ішінде Ресейдің еуропалық бөлігіне мал және мал өнімдерін бере алатын ірі орталыққа айналды.Бөкей хандығының Қазақстан тарихындағы алатын орны.Ішкі Орданың немесе Бөкей хандығының құрылуы қазақ халқының тарихында орасан зор рөл атқарды. Кіші жүз қазақтарының бір бөлігінің күш-жігер жұмсауымен қазақтар Жайық өзенінің оң жақ бетіндегі бдерінің бұрынғы атамекеніне қайта қоныс аударып, бекініп алуының, кейінірек дәстүрлі қазақ жерінің бір бөлігін біржола иемденіп қалуының сәті түсті. Жәңгір хан Ішкі Ордада хан билігін сақтап қалды, сол арқылы Қазақ мемлекеттілігінің 1845 жылға дейін өмір сүруін қамтамасыз етті. Жәңгір ханның ағартушылық және реформаторлық қызметінің арқасында Еділ мен Жайық арасындағы қазақтар өздерінің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-ағарту салаларында елеулі табыстарға кол жеткізе алды. Сонымен қатар жер мәселесінің асқынуы И. Тайманұлы мен М. Өтемісұлы бастаған халық-азаттық көтеріліске алып келді. 37)Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған шаруалар көтерілісі.ИСАТАЙ ТАЙМАНҰЛЫ БАСТАҒАН КӨТЕРІЛІС (1836 – 38) – Бөкей ордасында Жәңгір хан мен орыс үстемдігіне қарсы болған ұлт-азаттық көтеріліс. Исатай Тайманұлының Жәңгір ханның қайын атасы Қарауылқожа Бабажанов қиянатына қарсы шығып 1834 жылғы би, старшын сайлауында ханмен кетісуінен, ата қонысынан айрылуынан кейін басталған. 1936 ж. 17 наурызда Қарауылқожа хан бұйрығы бойынша, 500-дей қолмен Исатайды ұстауға шықты. Исатай 200 қолмен оған қарсы аттанды. Бетпе-бет келгенде бес адам (Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы, Үбі Үсін, Есенәлі Боранбайұлы, Тінәлі Тайсойғанұлы) ұран салып, қарсыластарын жекпе-жекке шақырды. Олардың батылдығынан сескенген Қарауылқожа кейін қайтуға мәжбүр болды. Исатай 1836 ж. шілдеде 17 адаммен ел талабын ханға білдіруге бара жатқанда оған жол-жөнекей 100 шақты адам келіп қосылды. Исатай 1837 ж. 11 шілдеде Орынбор ген-губернаторы В.А. Перовскийге, 1837 ж. 2 қарашада ханға жазған шағым хаттарында халыққа жасалған қиянаттарды атап көрсетті. Оған біраз рулардың адамдары (600) қол қойды. Тексеру жүргізілгенімен Исатайдың талаптары ескерусіз қалды. Бұрын да үміттері шамалы патша әкімш-не сенімдері біржола жоғалды. И. Т. б. к-тің қимылы шұғыл өзгеріп, дауды заң жолынан гөрі енді жаңадан халық жасақшыларын жинап, көтерілістің күшімен шешпек болды. 1836 ж. қазанда қыстауға Каспий т. жағалауына құлаған Исатай жасағы бар-жоғы бір айдың ішінде екі-үш есе көбейіп, ордалы жұртқа айналды (20 ауыл). Олар енді Қарауылқожадан рұқсат сұрамай, өздерінің қыстауына қолайлы жерлерді күшпен тартып ала бастады. 1837 жылдың 16 қыркүйегінде Исатай батыр екі жүз адамдық жасақпен Қарауылқожаның ауылын шапты. 1837 жылдың 26 мамырында Теректі мекеніндегі Балқы бидің, кейінірек байбақты руының билеушісі Шөкі Нұралыхановтың және басқа да ондаған ел билеушілердің ауылдары тып-типыл таланып, олжаланды. Бұл хабарды естіген Орынбор ген.-губернаторы Перовский Ордаға Покатилов бастаған Жайық казактары отрядын Исатайды тұтқындап, Орынборға алып келуге жібереді. Бірақ Покатилов Исатайды таба алмайды, себебі орыс отрядының ізін бақылаған халық Исатайды жауға бермейді. Сөйтіп Покатилов жорығы сәтсіздікке ұшырап, кейін қайтады. 1837 жылдың қазан айында Исатай Тайманұлы 3500-дей қолмен хан ордасына 12 шақырым таяп келіп орналасады. Ордаға бірден шабуыл жасамай, ханмен хат алмасып, екі жұмаға жуық өздерінің талаптарының орындалуын күтеді. Осы кезде Жәңгір хан уақытты ұту үшін Исатаймен келіссөз жүргізе отырып, Орынбордан көмек сұрайды. 1837 ж. 15 қарашада Геке басқарған 1200-дей патша әскері И. Т. б. к-ті басып тастады. Осы соғыста Исатайдың баласы әйелімен бірге қаза тапты. Күші басым жау қолына төтеп бере алмай, Махамбет Өтемісұлы және т.б. сенімді 40 жолдасымен түн жамылып, қарулы тосқауылды бұзып, Жайықтан өтіп кетті. Исатайдың жұбайы төрт ұлымен Баймұхаммед Айшуақұлы сұлтанның қолына түседі. Кіші жүз даласында Исатайдың халықты қанауға қарсы қозғалысы – ұлт-азаттық қозғалысқа ұласады. Ресей империясының қазақ жерлерін иемденіп алғанын көрген Исатай озбырлықтың қай жақтан болып отырғанын түсінеді. Адай руының сұлтаны, Кіші жүздің батыс жағындағы руларға хан болуды көздеп, Хиуа ханының көмегін күтіп жүрген Қайыпқали Есімов төрені уақытша қолдап, өзінің қолын нығайтып, жауды жеңудің жолын қарастыру үшін келісімге келеді. И. Т. б. к. әуел бастан-ақ хандық құрылымға емес, хан әділетсіздігіне қарсы күресті. Исатай қазақ өмірінде хандықтан басқа құрылымды көрген жоқ, ол хандықты төңкеріп тастағанда елдің ертеңгі күні не болатынын жақсы білді. Ресей әкімшілігіне бағынбасқа жол жоқ-ты. Ал оның сорақылығы ханнан асып түспесе, әсте кем емес-ті. Бір жағынан елдің осындай жағдайға душар болуы оған мұрындық болып отырған сұлтандардың сатқындығынан еді. Оларға халық емес, билік керек екеніне бұқараның көзі жетті. 1838 ж. Исатай Баймұхаммед сұлтанның ордасына шабуыл жасамақшы болды. Осы шайқаста Ақбұлақ өз-нің бойында жаудың қоршауында қалып, қаза тапты (1838 ж. 12 шілде). И. Т. б. к. жеңіліске ұшырап, түпкі ой-мақсаттарына жетпесе де, халықтың сана-сезімінің оянуына үлкен әсер етті. 38) Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (1837-1847 жж.).Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (1837-1847 жылдар аралығы) — қазақтардың патша үкіметіне қарсы барынша бұқаралық және ұзаққа созылған көтерілістерінің бірі болды.Көтерілістің себептері, мақсаты және қозғаушы күштері.19 ғасырдың 20 — 30-жылдарында отаршыл өкімет билігі мен қазақ халқының арасындағы қарым-қатынас елеулі түрде шиеленісе түсті. Біріншіден, Кіші жүз бен Орта жүздегі хан билігінің жойылуы сұлтандардың, билердің және батырлардың едәуір бөлігінің наразылығын туғызды. Екіншіден, патша үкіметі қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі жерлерін әскери бекіністер салу үшін жаппай тартып ала бастады. Үшіншіден, бұрын Ресейге ешқандай алым-салық төлеп көрмеген қазақтарға ендігі жерде жасақ, түтін салығы, жол салығы сияқты алым-салық түрлері көбейе түсті, қазақ өз жерін өзі жалға алып, пайдаланатын күй кеше бастады. Төртіншіден, патша үкіметінің әскери отрядтары қазақ ауылдарына шабуыл жасап, күн көрсетпеді. Осының бәрі байырғы жергілікті халықты (номадтарды) қатты күйзеліске ұшыратты, олардың күн көрісін қиындатып жіберді.Көтерілістің басты мақсаты қазақтардың патша үкіметі тартып алған ежелгі жерлерін өздеріне қайтарып алу, округтерді тарату, отаршылар енгізген алым-салықтарды жою еді.Көтерілістің қозғаушы күші қатардағы қарапайым көшпелілер, сондай-ақ старшындар мен би, батырлар, тіпті сұлтандар да болды. Көтерісшілердің қалың қолына үш жүздің атақты батырлары жетекшілік етті.Көтеріліске қатысушылар негізінен қазақ халқы еді. Бірақ олардың арасында орыстар мен башқұрт, өзбек, қарақалпақ, түрікмен, тіпті поляктар және басқа халық өкілдері де болды. 1837 жылы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс басталды. Ол Қазақстандағы ірі көтерілістердің бірі еді. Оған үш жүздің қазақтары түгел қатысты. Кенесары тарих сахнасына өзінің ұлы бабасы Абылай ханның ісін жалғастырып, алға алып барушы ретінде шықты.Көтеріліс Кенесарының патша үкіметінің саясатын жарамсақтана қолдаған жексұрын сұлтандар мен билердің ауылдарын шауып алудан басталды. Ол шекара шебіндегі бекіністерге де, патша үкіметінің әскери жасақтарына да жиі-жиі шабуыл жасап тұрды. Кенесары жасақтарының белсенді әскери іс-қимылы 1838 жылдың тамыз айында басталды. Ол Ақмола бекінісіне таяу ірі елді мекенді алты күн бойы қоршауда ұстап, өртеп жіберді. Ақмола бекінісі мықты қорғалатын. Бекіністің төңірегіне терең ор қазылып, оған жете беріс жерлерге күшті кедергі-тосқауылдар қойылған болатын. Ақмола бекінісін аға сұлтан Қ. Құдаймендіұлы мен әскери старшина Карбышев бастаған отряд қорғады. Кенесары шабуылды 1838 жылдың 7 тамызында таң саз бере бастады. Оның сарбаздары бекіністі өрт шығаратын жебелермен атқылады. Бекініс өртке оралды. Кенесарының даңқты батырларының бірі Басықара бекіністің ішкі жағасына баса-көктеп кіріп барып, сұрапыл ұрыс салды. Ол осы шайқаста ерлікпен қаза тапты. Бекініске Ағыбай, Иман, Бұқарбай батырлардың сарбаздары басып кірді.Кенесары мен Қоқан хандығы қарым-қатынасының шиеленісіп кетуінің өзіндік себебі де бар еді. Өйткені Қоқан хандығының билеушілері 1836 жылы оның бірге туған бауыры Саржан сұлтанды, 1840 жылы әкесі Қасым төрені өлтірген болатын. Мұның өзі оның Қоқан хандығының билеушілеріне деген ыза-кегін өршіте түсті. Қоқан хандығына қарсы күресте Кенесары Жанқожа Нұрмұхамедұлы батырдың көмегіне сүйенді. 1845 жылы Кенесары хан Қоқан хандығының Жаңақорған, Жүлек және Созақ сияқты бекіністерін тартып алды. 1846 жылы Қоқанның және бір мықты бекінісі Меркіні де қолға қаратты. Содан бастап Қоқан хандығының қазақтарға озбырлық жасауы уақытша болса да тыйылды. Бірақ Кенесары өзіне Қоқан мемлекеті сияқты және бір қатерлі дұшпан тауып алды.Кенесары мен Қоқан хандығы қарым-қатынасының шиеленісіп кетуінің өзіндік себебі де бар еді. Өйткені Қоқан хандығының билеушілері 1836 жылы оның бірге туған бауыры Саржан сұлтанды, 1840 жылы әкесі Қасым төрені өлтірген болатын. Мұның өзі оның Қоқан хандығының билеушілеріне деген ыза-кегін өршіте түсті. Қоқан хандығына қарсы күресте Кенесары Жанқожа Нұрмұхамедұлы батырдың көмегіне сүйенді. 1845 жылы Кенесары хан Қоқан хандығының Жаңақорған, Жүлек және Созақ сияқты бекіністерін тартып алды. 1846 жылы Қоқанның және бір мықты бекінісі Меркіні де қолға қаратты. Содан бастап Қоқан хандығының қазақтарға озбырлық жасауы уақытша болса да тыйылды. Бірақ Кенесары өзіне Қоқан мемлекеті сияқты және бір қатерлі дұшпан тауып алды. 39) ХІХ ғасырдың ортасындағы Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған Сыр бойы қазақтарының ұлт-азаттық қозғалысы.Жанқожа Нұрмұхамедұлы - қазақ батыры. Сыр бойы қазақтарының Хиуа, Қоқан хандықтарының езгісіне және Ресей отаршылдарына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы. 19 ғасырдың 20-жылдарынан бастап Сыр бойы мен Арал теңізінің шығыс жағалауын қоныстанған қазақтарға өз үстемдігін жүргізе бастаған Хиуа, Қоқан хандықтары 1830-1840 жылдары жергілікті халыққа өктемдігін одан әрі күшейтті. Хиуа хандығы Жаңадария, Қуандария, Қызылқұмнан өтіп, Қосқорған, Арал теңізіне дейінгі аралықтағы Сыр бойындағы қазақтарға шапқыншылықтар жасап, малдарын барымталап, әйел, бала-шағаларын тұтқынға алып кетіп отырды. Қоқандықтар шекара бекітіп, әкімшілік құрып, 1817 жылдан бастап салына бастаған бекіністерінен әркез жасақтар шығарып, бейбіт елді шауып, алым-салық жинап кетіп тұрды. Осындай зорлық – зомбылықтан жапа шеккен қазақтар, жастайынан әділдігімен, батырлығымен елге танымал болған Жанқожаның төңірегіне топтасты. Жанқожа 17 жасында Кіші жүз құрамындағы Әлімұлы тайпасының жергілікті рулары сайлап алған Қылышбай ханның Хиуа бекінісіне жасаған жорығы кезінде жасаққа елеусіз еріп барып, ешкімге дес бермей тұрған қарақалпақ батыры Тықыны жекпе-жекте өлтіреді.Жанқожа елден қол жинап, Созаққа жорыққа аттанып, жолда Жаңақорған, Желек бекіністеріндегі қоқандықтарды қуады.1830 жылдың күзінде Созақ бекінісін қоршауға алып, көмекке келген қоқандық Таған палуанды жекпе-жекте қолға түсіреді. Одан соң Жанқожа жасақтарымен бекіністің дарбазасын бұзып кіріп, Созақты басып алды. Қоқан бектері Отыншы мен Сушыны қолға түсіріп, баласын өлтіргенің үшін Құрман биге тапсырады. Кейбір деректерге қарағанда, Жанқожа Қоқан хандығының Шымқорған, Қосқорған, Күмісқорған тәрізді бекіністерін де талқандайды. Хиуа хандығы Аллақұл ханның тұсында 1835 жылы Қуандарияның батысындағы Құртөбе деген жерге бекініс салып, онда 200 әскер ұстайды. Жанқожаға арқа сүйеп, алым-салық төлеуден бас тартып, Хиуа бегі Бабажанның озбырлығына көнбей жүрген сырдың төменгі сағасындағы қазақтарды тәртіпке келтіру үшін түрікмен Аймұхамед палуанды жасақтарымен жіберді.1836 жылы Ақирек деген жерде елге тізесі батқан осы Аймұхамед палуанды Жанқожа жекпе-жекте өлтіреді. Басшысы мерт болған палуанның жасақтары бас сауғалап қашуға мәжбүр болды. Жанқожа бұдан кейін де Сыр бойындағы қазақтарды хиуалықтардың езгісінен құтқару үшін, олардың бекіністеріне жиі-жиі шабуыл жасап отырды. Оның бұл жорықтары нәтижелі болып, Хиуа бекіністері көп шығынға ұшырады. 1845 жылды көктемінде Хиуа хандығы Сыр бойындағы қираған бекіністерін қалпына келтіру үшін 200 жасақ аттандырады. Жанқожаның жігіттері бұлармен ұрыс салып, кері қайтарады. 1847 жылы көктемде Хиуа бегі Уайыс-Нияздың әскері Атанбас, Ақирек, Қамыстыбасты жайлап отырған қазақтарға шабуыл жасап, 1400 үйді ойрандап, тонап кетеді.1856 жылы желтоқсанның соңғы күндерінде көтерілісшілер Қазалыны қоршауға алды. Қаратөбе манындағы Л. Булатовтың отрядына бірнеше рет шабуыл жасады. Көтерілістің бас кезінде Жанқожаның 1500-ден аса сарбазы болса, 1857 жылы қаңтарда олардың саны 5000-ға жетті. Жағдай Орынбор генерал- губернаторы В. А. Перовскийді қатты алаңдатты. Ол генерал-майор Фитингофт бастаған 300 атты казак, 320 жаяу әскер, 1 зеңбірек, т.б. қаруларымен қоса сұлтан Елікей Қасымов бастаған бірнеше жүз казак жасағы бар жазалау отрядын аттандырады. Екі жақ Арықбалықтың тұсында кездесіп, бірнеше дүркін шайқас болды. Бақайшағына дейін қаруланған жазалаушы отрядқа көтерілісшілер қарсы тұра алмай, шегінуге мәжбүр болды. Екі күн бойы ізіне түскен жазалаушы отрядтың көзіне көрінбей, көтерілісшілер Қызылқұмға ойысып кетті. Жазалаушы отряд жолда кездескен қазақ ауылдарын шауып, тонаушылыққа ұшыратты. Фитингофт бастаған жазалаушы отряд ақпан- наурыз айларында көтерілісші халыққа қарсы тағы бірнеше рет жорыққа шығып, қазақ ауылдарына адам айтқысыз жауыздықтар жасады. 1856-1857 жылы қазақтардан тартып алынып есептелмей, талан-таражға түскенді қоспағанда, 79567 сомның малы сатылды. Көтеріліс жеңіліс тапқаннан кейін Жанқожаға сатқындық жасаған рубасылар мен елағаларына ренжіп, Дауқара жаққа, одан Бұхар хандығы жеріндегі Ерлер тауына жалғыз кетіп қалады. Екі жылдан соң қайта оралып, Қызылқұмда жалғыз отырған Жанқожаны Елікей Қасымов бастаған казак отряды келіп өлтіріп кетеді .41) 1867-1868 жж. реформалар. Патша өкіметінің Қазақстандағы отарлау билігінің нығаюы.Патша үкіметі 1867—1868 жылдары Қазақстан аумағында әкімшілік реформа жүргізді. Оның негізгі мақсаты сұлтандар тобын өкімет бөлігінен біржолата ығыстырып, жалпы империялық басқару тәртібін енгізу еді. Жаңадан енгізілген шаралар өлкені шаруашылық жағынан отарлауға ықпал етуге және оған Ресейдің еуропалық бөлігінен қоныс аударатын шаруаларды одан сайын қаптатуды қамтамасыз етуге тиіс болды.1867—1868 жылдардағы реформаның дайындалуы. Дала комиссиясы.Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды жаулап алғаннан кейін, патша үкіметі аймақтағы ағылшындарды ығыстырып шығарған болатын. ЬІңғайлы халықаралық жағдайды пайдаланып, Ресей империясы Қазақстанда отаршылдық төртіпті күшейтуді колға алды.Патша үкіметінің отаршылдық саясатының осылайша өзгеруітң айқын көрінісі — қазақтарды басқару туралы 1867—1868 жылдардағы әкімшілік реформасы.1867—1868 жылдардағы патша үкіметі реформасының негізгі мақсаты — қазақ өлкесінде отаршылдық тәртіпті нығайтуға бағытталды. 19 ғасырдың екінші жартысындағы әзгерістер де бұған едәуір ықпалын тигізді. Капитализмнің кеңінен дамуы үшін де Қазақстандағы бұрынғы басқару жүйесін өзгерту қажет болды.Осы міндетті жүзеге асыру үшін 19 ғасырдың 60-жылдары басында қазақтардың саяси өкімшілік, сот ісін басқару жүйесін қайта құрудың жобасын әзірлеуге арнаулы комиссия құрылды.Комиссия Орынбор және Батыс-Сібір генерал-губернаторы қазақтарын екі түрлі басқаруды жойып, бүкіл қазақ даласын екі — Батыс және Шығыс облыстарға беліп басқаруды ұсынды.1864 жылы 12 желтоқсанда Әскери және Ішкі істер министрлігінің бас қосқан комитеті мәжілісінде жоба мақұлданбады. Қазақтарды болашақтағы басқару құрылымы мәселесін енді үкімет Дала комиссиясына беру қажет деген шешім қабылдады. Комиссияға ішкі істер министрінің статс-кеңесшісі, полковник Гирс төрағалық етті. Бұл Дала комиссиясының құрамына аталған министрліктердің әрқайсысынан екі өкіл және Орынбор өлкесі мен Батыс Сібір өлкелері әкімшіліктерінің мүшелері енді. Комиссияға қазақ даласын аралап, жергілікті көшпенділер өмірімен танысып, болашақтағы өкімшілік басқару негіздері туралы жоба жасау міндеті жүктелді.Гирс комиссиясы 1865 жылы 27 маусымда Орынбор, Батыс Сібір және Түркістан өлкесін аралауға шықты. "Халықтың жағдайын жақсартатын, оларды сұлтандардың үстемдігінен босататын ізгілікті реформаның" жасалу барысы құпия түрде жүргізілді.1865—1866 жылдары қазақ даласын аралап шыққан комиссия қазақ жерлерін басқару туралы жаңа "Ереженің" негізін жасау барысында екіге бөлінді. Олардың бір тобы "қазақ даласын жоғарыдан тағайындалған шенеуніктер басқаруы қажет" деп санады, ал енді бір тобы қазақтардың өздерін-өздері басқаруын жартылай қалдыру керектігін алға тартты.1867 жылы 11 шілдеде 2 Александр Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы, 1868 жылы 21 қазанда Торғай, Орал, Ақмола және Семей облыстарын басқару туралы реформалардың жобасына қол қойды.Ресейдегі капитализмнің қарыштап дамуы ұлт аймақтарының, соның ішінде Қазақстанның рөлін өсірді. Қазақстан — шикізат пен арзан рынок көзіне айналды. Қазақстан өлкесінің жері мен қазба байлығын тезірек игеру үшін қазақтарды басқаруды Ресейдің әкімшілік-саяси жүйесімен жақындастыру қажет еді.1867—1868 жылдары Қазақстан аумағы 3 генерал-губернаторлық пен 6 облысқа кірді. Қазақстандағы отарлаушы әкімшіліктің жоғары өкілі — генерал-губернаторлар болды. Олар өлкенің бүкіл әкімшілік-полициялық аппаратын басқарды, яғни өз қарамағындағы аумақтың тыныштығына жауап берді. Басқаша айтқанда, Ресей империясының жоғары заңдарының орындалуын қадағалады, яғни 1867—1868 жылдары реформа бойынша Батыс Сібір, Орынбор, Түркістан өлкелерінің басшыларына неғұрлым басым құқықтар берілді:әскери қолбасшы, соның ішінде казак жасағының атаманы;кең түрдегі әкімшілік функция (уезд бастығын тағайындау, т.б.);сот функциясы (уездік соттарды бекітті).Соның ішінде Түркістан генерал-губернаторына кең құқықтар беріледі, себебі Ұлы жүз Ресей империясына ең соңында кіргендіктен, өлкенің қашықтығынан көрші елдермен дипломатиялық қатынас орнату сияқты, т.б. міндеттерді атқарды. Облысты әскери губернатор басқарды. Үш билік: әкімшілік, сот билігі ісіне бақылау, әскери билік әскери губернаторлардың қолына жинақталды.Жергілікті тұрғындардан салық жинау жүйесі қайтадан жасалды. Бұрынғы түтін салығына земстволыы алымдар қосылды. Олардың мөлшері де жылдан-жылға өсіп отырды. Отырықшы аймақтарда жер салығы деп аталып, жер өңдеуші салықты тек ақшамен күзде төлеуге тиіс болды. Земстволық салық өкімшілікті ұстауға, көпір, жол жөндеу мен дайындауға жұмсалды.Көшпелі және жартылай көшпелі тұрғындардың негізгі салығы 1865 жылы 1,50 т болса, 1882 жылы 4 сомға жетті. Олар тағы да земстволық немесе қоғамдық салықтар (ауыл старшыны мен түземдік әкімшілікті ұстау үшін), т. б. ақшалай алымдар төлеуге тиіс болды.Әрбір қазақ шаңырағы мынандай мөлшерде салық төлеп тұрды:түтін салығы — 4 сом,земство салығы — 1 с. 25 т.,қоғамдық салықтар (жеке салықтар) — 1 с. 25 т.;мектептерге — 50 т., барлығы 7 сомды құрады.Әлеуметтік жағдайына қарамастан, кедей мен байларға салық мөлшері бірдей белгіленді. Әрі малдың бағасы ең төмен кезі — күзде төлеуге тиіс болды. Жер өңдеушіпер харадж, танап салығы, зекет (тауардан алынатын салық) сияқты салықтар төледі.Харадж бойынша, өнімнің 1/10-і мөлшерінде заттай немесе ақшалай құнын төледі;танап салығы ақшалай (1 танап = 1/8 десятина) танап мөлшеріне қарай белгіленді;зекет тауар құнының 1/40 мөлшерінде алынды.1867—1868 жылдары "Ереже" бойынша Сот билігінің органдарына мыналар жатты:уездік соттар,әскери-сот комиссиялары,облыстық басқарма және үкімет сенаты.Түркістан өлкесін басқару туралы 1886 жылғы "Ереже" бойынша қазақ даласында империялық тұрпаттағы соттар құрылды:бітістіруші судьялар;облыстық соттар;жоғарғы сот инстанциясы-Үкіметтік сенат болды.1867 жылы Ережеден айырмашылығы — әскери соттар алынып тасталды. Халық соты (билер соты) сақталып қалды. Облыс шеңберінде облыстық соттар құрылды, ал уездерде және ірі қалаларда бітістіруші судьялар тағайындалды. Оларды Әділет министрі тағайындады.Жергілікті халық арасындағы қылмыстар мен қылмыстық әрекеттер халық сотының қарамағында қалдырылды. Әдетте, қылмыстық және азаматтық істерді қарау билердің қарауынан басталды. Әскери губернаторлар бекіткен халық соттары (қазылар соты) Қазақстандағы отаршылдық сот жүйесінің ең соңғы буыны болды (Халық соты → бітістіруші сот → облыстық сот → Сенат) .42)Торғай, Орал облыстарында және Маңғыстаудағы отарлауға қарсы көтерілістер (ХІХ ғ. 60-70 жж.).Орал, Торғай облыстарындағы көтеріліс (1868–1869 жж.) «Уақытша ереженің» енгізілуі Орта жүзде қарсылыққа кездеспеді, сөйтіп көтеріліс негізінен Кіші жүзді қамтыды. патша өкіметінің қазақ қоғамының артықшылықтары, топтары жөніндегі қамқоршылық саясатының көрінісі болды; салықтар мен басқа да міндеткерліктердің күрт көбейтілуі Орал, Торғай облыстарында халықтық бой көрсетулердің басталуына түрткі болды. Патша «Уақытша ережені» мақұлдағаннан кейін үкіметтің бірден дерлік жүзеге асырыла бастаған салық саясатына қазақтардың наразылығы 1868 жылғы қарашаның аяғына қарай қарулы қарсылыққа ұласты. Нашар қаруланған, бірақ жер жағдайын тамаша білген көтерілісшілерге қарсы қимылдаған шағын казак шолғыншылары олардың тегеурінін әлсірете ал­мады. Жазалаушылардың неғұрлым ұйымдасқан қимылдары 1869 жылдың көктемінен басталады. Наурыз айының басында Орын­бордан Жем ауданына екі жүздік казак отряды жіберілді. Бірақ далада келе жатқан кезінде отряд үкіметтің әлі де реформа енгізуге батылы бармай отырған Қобда және Елек өзендерінің бойында қимыл жасап жүрген «қазақтар қарақшыларының» шабуылына ұшырады. Көтерілісшілердің бұл тобы біріне Ханғали Арсланов сұлтан, екіншісіне Ықылас Досов басшылық ет­кен екі жасақтың біріккен күші болғаны анықталды. Көтеріліс Орал облысының солтүстік-батыс аудандарын, атап айтқанда, бұрынғы халық көтерілістері бойынша да отар­шылдыққа қарсы қозғалыстарға белсене қатысқаны аңғарылған жауынгер табын, шекті руларының қоныстарын кең қам­тыған. Бұл жолы да табындар реформадан кейінгі кезеңдегі отаршылдыққа қарсы күреске елеулі үлес қосты. XIX ғасырдың 60-жылдарына дейін Хиуа үкіметі Ресейге барынша адалдық көрсетіп, онымен ең алдымен өзара тиімді сауда қатынастарын жасап отырды. Алайда Қазақстанның оңтүстігіндегі Ресейдің соғыс қимылдары, өзбектердің басты қаласы Ташкентті орыс әскерлерінің шабуыл жасап басып алуы Хиуаның Ресейге көзқарасын күрт өзгертті, Хиуа ханы өзін Ресейдің барған сайын өршеленген және ашықтан-ашық «дұшпаны етіп» көрсетті, сөйтіп Орал облысының оңтүстік аудандарында көшіп жүрген қазақ руларын осы аймақтағы Ресейдің ықпалына қарсы аттанысқа итермеледі. Хиуа ханы реформаларды жүзеге асыру қызған кезде, та­бын, назар руларына өз өкілдерін жіберіп, оларды өз мүдделерінің арнасында ұстауға тырысты. Хиуа билеушілерінің Орал және Торғай облыстарының көтерілісшілерімен тұрақты ынтымағын анық факт деп есептейміз, өйткені Ресей тарапынан ол қоқан хандығын соғыста жеңіп, Қазақстанның оңтүстік шегінде империялық билік орнатқаннан кейін нақты қауіп-қатердің күшейе түскен жағдайында оны дербес ел ретінде Хиуа шекараларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін талап еткен болатын. Оның үстіне далалық екі облыстағы көтерілістің жетекшілері – Ханғали Арсланов сұлтан, билер Дәуіт Асауылов, Әзберген Мұңайтпасов, Уфа молдасы Ықылас Досов, молда Рысқұлов және басқалар Хиуа билігімен әр түрлі дәрежеде байланысты болатын, оның қолдауына сүйеніп, сол арқылы патша өкіметінің Хиуа хандығы аумағында да соғыс қимылдарын жандандыруына себепші болды.Маңғыстаудағы көтеріліс (1870 ж.) «Уақытша ереже» Маңғыстауда 1870 жылы енгізілді. Патша әкімшілігі Маңғыстаудың негізгі халқы – адай руы «Уақытша ережені» күрессіз қабылдамайды деп қауіптенді және оны жүзеге асыру үшін неғұрлым қолайлы жағдайларды күтті. Маңғыстау приставы подполковник Рукин дала тұрғындарының қиын жағдайымен санаспай, адайлардан 1869–1870 жыл­дар үшін шаңырақ алымын жаңа тарифке сәйкес дереу енгізуді талап етті; көптеген жергілікті тұрғындар, соның ішінде Бозашы түбегінің балықшы жатақтары Рукиннің талабын орындаудан бас тартты. Адайлардың жайлауға көшуін күштеп тоқта­туға тырысқан Рукиннің ойланбай жасаған әрекеттері жер-жерде көтерілістің басталуына себеп болды. Көтерілісшілердің жетекшісі Иса Тіленбаев қалың бұқараға басшылық етуде шеберлік және жазалаушылармен келіссөздерде дипломатиялық әдептілік танытты. Көтерілісшілер сәуір айының басында Николаев станицасына, Александровск фортына шабуыл жа­сады, алайда олар сәтсіздікке ұшырады. Патшалық өкімет орындарын көшпелілердің батылдығы қорқытты, мұның өзі оларды қосымша әскери көмек сұрауға мәжбүр етті; Кавказдан тың күштердің келуі күштердің арақатынасын өзгертті. Қозғалысты басуға басшылық жасау қолына шоғырландырылған граф Кутаисов «ең жабайы, дөрекі және жауынгер қазақтарды» тыныштандырудың өз жоспарын ұсынды. Графтың жоспарында «елдің ішіне тереңдей еніп, онда жергілікті адайлар өздерінің көшуі үшін қажет болған кезде айналып өте алмайтындай бекіністерді алдын ала басып алып», сол арқылы олардың шегінетін жолына кедергі жасау, «бағынуға мәжбүр ету» көзделді. Орыс отрядтарының алуы үшін қолайлы бекіністер ретінде Кутаисов Маңғыстаудың Киндері шығанағынан және Үстірт қыратының солтүстік бөлігінде, Орынбор даласымен «көршілес» жатқан Сағым алқабынан жүз шақырым жердегі Бесақты шатқалын таңдап алды. Александровск форты ауда­нындағы әскер топтарының бастығы генерал-майор Комаровтың пікірі бойынша, ауданға тұрақты бөлімдердің едәуір құра­масын шоғырландыру көтерілісшілерге қорқынышты әсер етуге және 1871 жылғы 1 ақпанға қарай оларды отаршыл өкімет орындарының «орыс өкіметіне бағынуы жөніндегі» шартын қабылдауға мәжбүр етуге тиіс болды. Графтың жоспары сәтсіздікке ұшыраған жағдайда Орынбор өлкесінің генерал-губернаторы Н. А. Крыжановский жергілікті тұрғындардың Үстіртке, «бейбіт ауылдарға өздерінің шегіне кірер жолын жауып тастауды ұсынды». Қозғалыс жетекшілерінің Хиуа хан­дығына оның тарапынан сырттай қолдауды қамтамасыз етуге үміт артып делегация жіберуі жергілікті өкімет орындарын тағы да мазасыздандырды. Хиуалықтар тарапынан талай тонаушылықтар мен алым-салықтарды бастан кешірген адайлар олардың қолдауы туралы, қасиетті Ислам дінін таза сақтау туралы уәделеріне сене де бермейтін еді. Оның үстіне патша өкіметі оңтүстік аймақты басып алғаннан кейін Хиуаның Ресей сияқты құдіретті әскери державамен жанжалға баруы екіта­лай болатын. 1870 жылдың желтоқсанында қозғалыстың жетекшілері Досан Тәжиев, Ержан, Ертімбет Құловтар, Иса Тілен­баев және олардың көптеген серіктері 3 мың шаңырақпен Хиуа хандығының шегіне өтті. Көтерілістің негізгі қозғаушы күші – қазақ шаруалары өз қатарларын берік біріктіруге қол жеткізе алмады, мұның өзі саны жөнінен болмашы жазалаушы отрядтардың халық қарсылығының негізгі ошақтарын тұншықтыруына мүмкіндік берді; қазақ шаруаларының рулық тар өрістері мүдделері отаршыл империяның әскери құрамаларының өзінің ұйымдасуы жағынан едәуір кем түскен көтерілісшілер жасақтарындағы тұрақтамаушылықты туғызды. Көтеріліс шағын сипатта болғанымен, оның географиялық шеңбері тым ауқымды болды – бүкіл дерлік Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстанның бір бөлігі қазақ шаруаларының бой көрсетулерімен қамтылып, «Уақытша ереженің» жүзеге асырылуын қиындатты. 43) Жетісуға ұйғырлар мен дүнгендердің қоныс аударылуы. Жетісуда егіншіліктің дамуына XIX ғасырдың 70–90 жылдарында Шығыс Түркістаннан қоныс аударған ұйғырлар мен дүнген­дер ықпал етті. Қоныстандыру екі кезеңде болды. Бірінші кезеңде 1877 жылы Тоқмақ ауданына (Солтүстік Қырғызстан) шэньси дүнгендерінің бір тобы келді, 1881–1883 жылдары, Санкт-Петербург шартына сәйкес, Іле өлкесінен ұйғырлар мен дүнгендердің негізгі көпшілігі қоныс аударды. Қоныстанушылардың жаңадан 5 болыс: Жаркент және Кетпен (қазіргі Панфилов ауданының аумағында), Ақсу-Шарын (Ұйғыр ауданында), Малыбай (Шелек ауданында), Қарасу (Еңбекшіқазақ ауданында) болыстары құрылды. Жетісуда ең жақсы жерлер казактардың пайдасына тартып алынып қойғандықтан, ұйғырлар мен дүнгендер қолдан суландырылмайынша егіншілікке онша жарамды болмаған учаскелер алды. Облыстың село халқын жерге орналастыру жөнінде 1882 жылы Жетісу облыстық басқармасы белгілеген ережелер негізінде дүнгендер мен ұйғырлар әрбір еркек адамға 10 де­сятинадан жер алуға тиісті еді. Алайда 1885 жылы қоныстанушыларға үлесті жер бөліп беру қолға алынған кезде, әрбір еркек адамға 4–5 десятинадан ғана жер бөлініп беріліп, 1892 жылдың 1 қаңтарынан бастап оброктық алым – салық салынатын болды. Селодағы және қаладағы ұйғыр мен дүнген халықтары өздерінің әкімшілігі, мешіті және оны басқаратын дінбасы бар қауымдарға бөлінді. Қоныстанушылардың кедейленген бөлігі алғашқы кездерде өздеріне берілген үлесті жердің шағын учаскелерін ғана игере алды. Соның нәтижесінде қауымдар ішінде өзінше бір арендалық қатынастар қалыптасып, қауымның кедей мүшелері өздерінің үлесті жерлерін немесе олардың едәуір бөлігін қауымның әлді мүшелеріне беріп отырды, ал өздері «арендаторларға» күнделікті жұмысшылар (мердігерлер) ретінде өнімнің бір бөлігін алатын болып жалданды. Бұл үлесті жерлер формальды жағынан әлі де бұрынғы иелерінің атында болып қалғанымен, іс жүзінде олар жаңа қожайындардың толық иелігіне көшетін. Дүнгендер мен ұйғырлар өздерімен бірге Жетісуға жасанды жолмен суландырылатын егіншіліктің қалыптасқан дәстүрлерін әкелді. Дәнді дақылдар ішінде бидай басым болып, жердің жартысынан астамына бидай егілді. Ұйғырлар сондай-ақ мақта өсірумен және ішінара жібек құртын өсірумен де айналысты. Дүнгендер мен ұйғырлар май дайындау үшін зығыр мен күнжіт, қыша екті. Кейіннен темекі өсіріп, оны жергілікті рынокта тиімді етіп өткізе бастады. Жетісуда қоныс аудару қоныстандырушыларға да әсер етпей қойған жоқ. Егер бұрын ұйғырлар мен дүнгендер шаруашылығында ағаш сабандар мен басқа да добал құралсаймандар қолданылып келсе, енді олар темір соқаларды, тырмаларды т. б. пайдаланатын болды, жаңа ауыл шаруашылық дақылдарын: сұлы, темекі, картоп, помидор және басқала­рын егуді игерді. Байырғы халықтар – қазақтар мен қырғыздардың әсерімен дүнгендер мал шаруашылығымен айналыса бас­тады. Ұйғырлар мен дүнгендердің тарихи тағдырлары Ресейдің бір бөлігі ретіндегі Қазақ өлкесі халықтарының тағдырымен тығыз астасып кетті. 44) ХІХ-ХХ ғғ. бас кезіндегі Қазақстанның мәдени дамуы.XIX ғ. 60-жылдары Қазақстанда бастауыш мектептердің ашылуы Ы. Алтынсариннің есімімен тығыз байланысты. 1867–1868 жылдардағы реформалардан кейін мұндай мектептер Қазақ өлкесінің көптеген аймақтарында жұмыс істей бастады. 1868–1869 жылдарды Орал облысында 24 орыс-қазақ мектебі, 2 екі сыныптық, 6 селолық 1 сыныптық, 14 жоғары сыныптық мектеп және 2 жекеше училище болды. 1877 жылға қарай Орал казак әскерінің 47 мектебінің бесеуі қыздар мектебі еді. Облыста 70-жылдардың басынан бастап мектеп ісі едәуір жандана түсті. Ер балалар және қыздар гимназиялары мен прогимназиялары, мұғалімдер даярлайтын семинария, ер балалар оқитын уездік приход училищелері, округтік әскери училище, станицалық және басқа да оқу орындары ашылды. 1883 жылы қазақ балаларын оқытуға арналған ер балалар интернаты облыс орталығы Семейде, уездік қалалар Павлодарда, Өскемен мен Зайсанда жұмыс істеді, ал қазақ қыздарын оқытуға арналған интернаттар Семей мен Павлодарда ғана болды. Сырдария облысындағы орыстарға арналған алғашқы мектептер 1860 жылы Райым (Қазалы) бекінісінде және Перовскіде (Қызылорда) ашылды. Жетісу облысының аумағында алғашқы мек­тептер 1868 жылдан бастап ашыла бастады. Верный және Қапал бекіністерінде приход мектептері құрылды. Облыстың қалған уездерінде 12 станицалық және поселкелік бастауыш мектеп болған еді.XIX ғ. Екінші жартысында болыстар мен ауылдардағы қазақ балалары әдетте мұсылман мектептері мен медреселерде оқыды. Патша үкіметі Қазақ даласында мұсылман мектептерінің ашылуына жол бермеу үшін шаралар қолданды. Ол жергілікті отарлық органдар мен оқу бастықтарына мұсылман мектептерін қатаң бақылау жөнінде нұсқаулар мен ережелер жіберді. Қандай да болмасын шектеулерге қарамастан жер-жерде, әсіресе Қазақстанның ислам дінінің ықпалы күшті болған оңтүстік облыстарында мұсылман мектептері ашыла берді. Бұл кезеңнің оқу құралы «Шариат-ул-иман» немесе «Иман-шарт» болды. Құран оқумен бірге, татар және араб тілдеріндегі кітаптар бойынша исламның негізгі қағидалары мен басты ғұрыптық ережелер оқытыл­ды. Мектептерде көбінесе 8–17 жасқа дейінгі балалар білім алды. Медреселерде мектепте білім алған және өз білімін тереңдетуге тілек білдірген адамдар оқыды. XIX ғасыр Қазақстанның мәдени өміріндегі ағартушылық ғасыр деп аталады. Білім мен мәдениеттің дамуына алдыңғы қатарлы орыс зиялылары үлкен ықпал жасады. 1847–1857 жылдарда украин ақыны Т. Г. Шевченко Қазақстанда айдауда бол­ды. Қазақстан Орыс географиялық қоғамы бөлімшелерінің зерттеу обьектісіне айналды, мұнда мәдени-ағарту мекемелері мен статистикалық комитеттер жұмыс істеді; өлкетану мұражайлары ашылып, ертедегі ескерткіштер, халықтың ауызша шығармашылығы және құқықтық заңдар, соның ішінде қазақтардың дағдылы құқығы зерделенді; орыс-қазақ мектептері мен кітапханалар ашылды. Қазақтар өз балаларына білім беруге ұмтылыс жасап, балаларын кадет корпустары бар Омбы мен Орынборға жіберу үшін мүмкіндік іздестірді. Білім алуға деген жаппай ұмтылыс пен ықылас жағдайында Шоқан Уәли­ханов, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин бастаған қазақ ағартушыларының тобы қалыптасты.XX ғасыр басындағы Қазақстан мәдениеті.Оқу ағарту ісі. XIX ғ. аяғы – XX ғ. басында Ресей империясының халыққа білім беру ісі мен мектеп жүйесіндегі өзіндік ерек­шеліктері Қазақстандағы халыққа білім беру ісі мен бүкіл ағарту жүйесіне көп дәрежеде өз ықпалын жасады. Оқу ағарту ісі айқын таптық сипатта болды, оның Қазақстандағы айырмашылығы ұлттық ерекшелікке орай жүргізілді. Ұлттық мектептер туралы 1870 жылы қабылданған «Ресейді мекендейтін бұратаналарға білім беру жөніндегі шаралар туралы» заң ұлттық мектептердегі және ұлттық шет аймақтардағы бүкіл ағарту жүйесін: 1) әлі аз орыстанғандар үшін, 2) орыстары көп жерде тұратындар үшін, 3) жеткілікті дәрежеде орыстанғандар үшін деп, 3 санатқа бөлді. 45. Қазақстанға орыс шаруаларының қоныс аударылуы жане оның салдрлары (ХІХСОҢЫ-ХХ басы).Ресейдегі басыбайлық құқықты жоюмен байланысты патша өкіметі Қазақстанға қоныс аудару саясатын жандандыра түсті. ХІХ Ғ 60-ж әйел-еркегі бар 81247 адам Жайық казак-орыс тары құнарлы жерге ие болды. Ресейде басыбайлық құқықтың жойылуы жане әлеуметтік әкімшілік жөніндегі реформалармәселелері толық шешілген жоқ. Ресейдің орталық аудандарында шаруалар толқулары тоқтамады. Осындай жағдайда патша өкіметі шаруалардың назарын революциялық қозғалыстан аудару үшін бірқатар шаралар қолданды. Сібірді, Қзақстанның солтүстік, оңтүстік, батыс, орталық және оңт.шығыс аудандарын отарлау арқылы патша өкіметі Орталық Ресейден шаруаларды қоныс аудартып, жаңа жерлерде солар арқылы өзіне тірек жасамақ болды. Әскери-әкімшілік отарлау саясаты Ресейден шаруалардың қазақ жеріне ағылып келуіне жол ашты. Қоныс аударушылар Ресейдің Еуропалық ауданынан ғана емес, сондай-ақ басқа облыстардан да келді. Нәтижесінде Қазақстан жерін қоныстандыру күшейе түсті. Патша өкіметі отарлау саясаты кезінде Қазақс-ң кең даласындағы байлықты өзінің шикізат қоймасына, елді өндіріс тауарларын сататын сауда аймағына айналдырды. Күйзеліске ұшыраған қазақ кедейлерінің едәуір бөлігі орыс кулактарына, казактарға және ауқатты шаруаларға жалданып жұмыс істеуге мәжбүр болды. 46.Қазақстанға капиталистік қатынастарлдың енуі:ХІХ Ғ2 жартысчында Ресейдің капиталистік өнеркәсібі мен Қазақстандағы ауылшаруашылық өндірісі арасындағы қатынас күшейді. Ресей капиталистері Қазақстанда өнеркәсіп өндірісін ұйымдастырып, мұнда өздерінің қаржылары әкеле бастады. ХІХ ғ 70 ж ішкі Ресейден Қазақстанға теміржол тартыла бастады. Сонымен, капиталистік қатынастың қазақ даласына енуі өлкеде негізінен мал шаруашылығымен айналысқан көшпелі және жартылай көшпелі халықтын патриархалдық-феодалдық қатынастарының ыдырау процесін жеделдетті. Қазақс-ң өндіріс орнындағы жұмысшы табы көп ұлтты болды. Орыс жұмыскерлері Қазақстан кәсіпорындарындағы басқа ұлттардың өкілдерінің соның ішінде қазақ жұмысшыларының өздерінің ерік құқықтарын қорғау жолында ықпал жасады. Қазақстанда жұмысшлардың бас көтерулері 80-90 ж кеңінен өрістеді. 47. 1905-1907 жж. 1-орыс революциясы және оның Қазақстанға әсері. 1 орыс революциясы кезінде патшалық тәртіпке қарсы күрескен ұлттық аймақтардың езілген халықтары да көтерілді. Қазақстан еңбекшілерінің 1905-1907 ж ереуілдері орыс халқының революциялық күресімен тығыз байланыста еді. 1905-1907 ж болған револю-қ қозғалыстармен байланысты Қазақстанда жұмысшылардың кәсіподақ ұйымдары бой көтерді. Жалпы Қ азақстан б-ша 1 орыс революциясы жылдарында теміржолшыларды қоспағанда, жұмысшылар мен қызметкер-ң жалпы санының шамамен 3,5 пайызын біріктірді. Патша өкіметі халықты революциялық қозғалыстан бөліп шығару үшін, олардың өкілдері қатысатын Мемлекеттік Дума шақыру жөнінде өзінің шешімін қабылдады. Қазақ еңбекші бұқарасының 1905-1907 ж ұлт азаттық қозғалысы көп жағдайда ұйымдаспаған түрде өтті. Дегенмен жергілікті өкімет пен қарулы қақтығысқа дейін барған қазақ кедейлерінің жекелеген толқулары еңбекшілердің патша өкіметіне, сондай ақ жергілікті қанаушыларға қарыс күресте саяси тәрбие мектебіне айналды. Сол мектептің тәжірибесін кейін олпр ұлттық және әлеуметтік азаттық алу жолындағы күресте пайдаланды. 48. Қазақ ұлттық зиялыларының қалыптасуы және оның мәдениет пен қоғамдық ойды дамытудағы рөлі (ХХ ғ. бас кезі).ХХ ғ басныда көптеген қазақ зиялылары Орыс географ-қ қоғамы жергілікті бөлімшелерінің жұмысына белмене араласты. М: Шәкәрім Қ Семей бөлімшесіне матер-қ қолдау жасап , оның мүшесі болды. Сонымен қатар Семей бөлімшесінде Ж.Ақбаев пен Ә.Бөкейхановтың еңбектері басылып шықты. ХХ ғ басында қазақ халқының ұлт азаттық қозғалысының өрістеуімен байланысты ресми еиес қазақ мерзімді баспасөзінің қалыптасуы орын алды. 1911 ж Тройцкіде 1 қазақ журналы «Айқап» газеті жарық көрді. Ұйым-шысы Мұхамеджан Сералин болды. ХХ ғ алғашқы ширегінде Қаз-тан қоғамы өмірінің барлық жақтарын қамтып жазуда апталық басылым Қазақ газет і шықты. Ол газеттің редакторы Ахмет Б.болды. Қазақ музыкасын дамытуға үлкен үлес қосқанҚұрманғазы, Дәулеткерей, Дина, Тәттімбет, Ықылас атақты әншілер Әсет, Ақан сері, Біржан сал болды. Олардан қалған мол мұра бүгінгі таңда қазақ халқының иелігіне айналып отыр. Қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Қ АРТЫНДА ТАЛАЙ ӨЛЕҢЛЕР, ДАСТАНДАР, ҚАРА СӨЗДЕР БЕН ЖАЗЫЛҒАН МОЛ МҰРАСЫН ҚАЛДЫРДЫ. 49.Қазақстан І-ші дүниежүзілік соғыс жылдарында (1914-1918 жж.1914 Ж Ресей Дүниежүзілік соғысқа тартылды. Бұл 1 д/ж империалистік соғыс барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға да аса ауыр зардаптарын тигізді. Ол патша чиновниктері мен жергілікті әкімдердің және байлардың зорлық-зомбылығымен озбырлығынан күшейтті. Жергілікті халықтан алынатын салық 3-4 есеге көбейді. Д/Ж империалистік соғыс елде өнеркәсіптің қирауына, ауыл шаруашылығының тоқырауына, халық арсындағы аштыққа алып келді. Бір ғана Жетісу облысы б-ша 1914 ж қарай 20миллион 703 мыңнан астам десятина жер тартылып алды. 1915 ж маусымда Екібастұз, Байқоңыр көмір кендеріне, Спасск мыс кен руднигінде, Орынбор Ташкент темір жолында жұмысшы-ң қозғалысы бой көтерді. Қазақ жастарын майдандағы тыл жұмысына алу жөніндегі патшаның 1916 ж 25 маусымдағы жарлығы шыдамын тауысып, олардың отарлау езгісі мен орта ғасырлық қанауға қарсыы көтерілуіне себеп болды. 1916 ж тамыз, шілде айларында көтеріліс бүкіл қазақ даласын қамтады. 1918 ж 5 қаңтарда Бүкілресейлік құрылтай жиналысының күшпен таратылуы Алаш автономиясын құру мүмкіншілігіне де зардабын тигізді. Сөйтіп қазақ елінің ғасырлар бойы мыңдаған асыл азаматтары басын тіккен ьиік армакны –ұлттық мемлекетті қалпына келтіру ісі –Алаш қозғалысы, Алашорда үкіметімен бірге тоталитарлық өктемдік пен империялық зомбылықтың шабуылына көміліп, тарих қойнауында қала берді. 50. 1916 жылғы Торғай өңіріндегі ұлт-азаттық көтеріліс.Көтерілістің ең бір күшті орталығы Торғай облысы еді. Мұнда көтеріліс ең бұқаралық, ең ұзаққа созылған, ең табанды және ұйымдасқан көтеріліс болды. Торғай уезінің қыпшақ руының қазақтары өздерінің заны етіп Нияз бидің немересі Әбдіғапар Жанбосыновты, ал оның әскерінің бас сардарбегі болып Амангелді Иманов тағайындалды. Арғын руының болыстарын Оспан Шолақов басқарды. 1916 ж қазанға қарай Торғай және Ырғыз уездерінде 20-ға тарта көтерілісшілер отряды құрылды. 23 қазанда Амангелді И бастаған 15 мың көтерілісшілер Торғай қаласын қоршап алды. Бірақ ол қаланы ала алмай, қоршау бірннеше күнге созылды. Торғай облысында Амангелдімен бірге көтеріліске басшылық етіп, оның дүниетеанымын қалыптастыруға зор ықпал жасаған большевик Әліби Жанкелдин болды. Қазақстанда 1916 ж көтеріліс қазақ халқының азаттық қозғалысының шежіресіндегі ең бір жарқын белес болып табылады. Көтерілістің негізгі қорғаушы күші ұлттық шаруалардың қалың топтары, сондай ақ жаңадан туындап келе жатқан жұмысшы тобының өкілдері де қатысты. Қазақ халқының 1916 ж ұлт азаттық қозғалысы-Ресей империализмі дағдарысының бір көрінісі еді. Бұл қозғалыс Ресейдегі азаттық күресінің жалпы тасқынына ұласты. Ол империядағы саяси және әлеуметтік дағдарыстың одан әрі асқына түсуіне себепші болды, әскери феодалдық және әскеери отаршылдық басқару жүйесінің іргесін шайқалтты. 51. 1916 ж. Жетісу облысындағы ұлт-азаттық көтеріліс. 1916 ж қазақ халқы көтерілісінің басты аудандарынң бірі-Жетісу еді. Мұнда 1916 ж шілденің алғашқы күндерінде Жаркент-Тараншы болысының Городское селосындағы тыл ұмыстарына жіберілетін жігіттердің тізімдерін жасауға қарсылық көрсетуімен басталды. Сол жылғы 7және 8 шілдеде Верныйдан шамамен 40 шақырымдай Үшқоңыр деген жерде төңіректегі болыстардағы қазақ халқының өкілдері съезге жиналды. Жетіісудағы көтеріліс басшыларының және қазақтың демократияшыл зиялылыарының бірі Тоқаш Бокин болды. Ол халықтар арасындағы үгіт жұмысына басшылық етті, үстем феодал байлар тобының сатқындық рөлін әшкерлеп, патша жарлығын орындамауға шақырды. 1916 ж тамыздың бас кезінде революциялық қызметі үшін ол қамауға алынды. Жетісу облысындағы сондай ақ Қазақстан мен Орта Азияның басқа да облыстарыгндағы көтеріліс паиша әкімшілігін қатты абыржытты. Жазалаушылапмен соңғы ұрыс 1916 ж қыркүйектің аяғында Қапал уезіндегі Быжы өзенінің маңында жүрді. Көтерілісшілердің жасақтары жеңіліске ұшырап, қалғандары тауға кетті. Жетісудағы көтеріліс 1916 ж қазанда басып-жаңшылды. Патша жеңдеттері көтерілісшілерді ғана емес, бейбіт халықты да жазалады. Ондаған қазақ және қырғыз ауылжары қиратылды. Патша әскерлері қудалаған 300 мыңнан астам қазақтар мен қырғыздар туған жерін тастап, Батыс Қытайға өтіп кетуге мәжбүр болды. Көтерілістің басты жетекшісі Бекболатты дарға асп өлтірді. 52. 1917 ж. Ақпан революциясы және оның Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне ықпалы.1917 ж басында Ресейдің революциялық жаңа толқыны көтерілді. МИмпериалистік соғысты азамат соғысына айналдыру ұраны кеңінен насихатталды. 1917 ж 27 ақпанда Петроградта буржуазиялық деморатиялық революция жеңіске жетті. Патша өкіметі құлатыоып, министрлер мен көрнекті шенеуніктер тұтқынға алынды. Патша өкіметі құлағаннан кейін Қазақстандада қос өкімет орнады. Сонымен қатар Қазақстанда қазақ интеллигенциясы басқарған қазақтардың ұлттық облыстық және уездік комитеттері де ұйымдастырылды. Оларға комиссарлар болып ұлттық интеллигенцияның өкілдері, атап айтқанда Ә.Бөкейханов, М.Тынышбаев, М.Шоқаев тағайындалды. Патша өкіметі құлатылғаннан соң, Қазақстан большевиктері астыртын жағдайдан шықты. Ақпан революциясы жеңгеннен кейін Қазақстан жұмысшы табының елеулі табысы-кәсіпшілер одақтары ұйымдарының құрылуы еді. Олардың қалыптасуына Орынбор-Ташкент теміржолшыларының Құрылтай съезі және Омбы темір жол жұмысшылары мен қызметкерлерінің бірінші съезінің үлкен маңызы болды. Бұл съездердің күн тәртібінде бірқатар маңызды саяси және экономикалық мәселелер қаралды. 53. Алаш” партиясы және оның бағдарламасының жобасы.1917 ж 21-26 шілдеде Орынборда болған «Бүкілқырғыздық» съезде «Алаш» партиясықалыптасып, басшы органдарын саййлады.Оның құрамына Ә.Бөкейханов, Ахмет Б, М.Дулатов, Елдос Омаров, М.Шоқай, М.Тынышбаев. Халел, Досмұхамедов, Жанша Досмұхамедов, Халел Ғаббасов т.б. кірді. Бұл партияның сол жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда өткен 2 съезінде қазақтың автономиясы-Алашорда Үкіметі –Ұлт кеңесі құрылды. «Алаш» партиясының бағдарламасы бекітілді: Ол негізгі 10 бөлімнен тұрды. 1) Ресейдің демок-қ феде-я болып жариялануы 2) Ресей құрамында Қазақ ұлт автономиясын құру 3) Халықтар арасында тең құқықтық орнату 4) дін туралы, дінді мемлекеттен ажыратып шығарту 5) елдегі билік және сот туралы 6) елді қорғау, әскер және халықтық милиция құру, 7) халықтың табысына қарай салық салу 8) жұмысшылар туралы 9) ғылым және білім туралы 10) жер мәселесі. Жаңа құрылған үкіметтің құрамына 15 адам, Халық кеңес төрағасы Әлихан Б бекітілді. Бұл үкіметтің негізгі мақсаты ұлттық бірлікті жаңдандыру болы. 54.Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы және оның мәдени, шаруашылық құрылыстағы алғашқы қадамдары.Қазан революциясынан кейін көп уақыт өтпей ақ елде азамат соғысы мен шетел басқыншылығының жорығы басталды. Бұл тұста Қазақстанда Кеңес өкіметі орнап болған жоқ еді. Биліктің Кеңестердің қолына өтуі мұнда кейінірек жүзеге асты. Оның бір себеі мұнда саналы, жақсы ұйымдасқан саны мол жұмысшы табы болған жоқ. 2-ден шет аймақтарда билікті кімнің алатыны жөнінде жұот қолдайтын бірыңғай пікір де болмады. Сонымен бірге қазақ жаласында Кеңес өкіметін орнату жолындағы күресте жүріп жатты. Соның нәтижесінде 1917 ж қазаннан 1918 ж наурызға дейін Қазақстанның көптеген аудандарында кеңес өкіметі орнады. Ресейдің Орталық аудандарынан Қазақстанға көмек көрсету үшін Жанкелдин, Чекмаров, Кобезев және т.б.болды. Революцияны қолдайтын күштер басым болған жерлерде кеңестер большевиктер жағына түгелдей шықты. Сырдария обл-да Кеңес өкіме-ң орнауы, оның саяси-экономикалық және әкімшілік орталығы Ташкент қаласында 1917 ж 28 қазанда Кеңес өкіметі құрылғаннан кейін іске асты. Семейде өкімет билігі кеңестің қолына 1918 ж ақпанның 16-нан 17-не қараған түнде көшті. Кеңес өкіметі наурыз айында Жаркентте, Аягөзде, Талдықорғанда, сәуірдің бас кезінде Лепсіде орнады. Сөйтіп, 1917 ж қазан айынан бастап 1918 ж наурыз айына дейін Кеңес өкіметі Қазақстанның көп жерінде жеңіске жетті. 55. Алашорда үкіметінің және Түркістан автономиясының құрылуы. 1917ж 21-26 шілдеде Орынборда болған «Бүкілқырғыздық» съезде «Алаш» партиясықалыптасып, басшы органдарын саййлады.Оның құрамына Ә.Бөкейханов, Ахмет Б, М.Дулатов, Елдос Омаров, М.Шоқай, М.Тынышбаев. Халел, Досмұхамедов, Жанша Досмұхамедов, Халел Ғаббасов т.б. кірді. Бұл партияның сол жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда өткен 2 съезінде қазақтың автономиясы-Алашорда Үкіметі –Ұлт кеңесі құрылды. «Алаш» партиясының бағдарламасы бекітілді: Ол негізгі 10 бөлімнен тұрды. 1) Ресейдің демок-қ феде-я болып жариялануы 2) Ресей құрамында Қазақ ұлт автономиясын құру 3) Халықтар арасында тең құқықтық орнату 4) дін туралы, дінді мемлекеттен ажыратып шығарту 5) елдегі билік және сот туралы 6) елді қорғау, әскер және халықтық милиция құру, 7) халықтың табысына қарай салық салу 8) жұмысшылар туралы 9) ғылым және білім туралы 10) жер мәселесі. Жаңа құрылған үкіметтің құрамына 15 адам, Халық кеңес төрағасы Әлихан Б бекітілді. Бұл үкіметтің негізгі мақсаты ұлттық бірлікті жаңдандыру болды. Сөйтіп қазақ елі ғасырлар бойы мыңдаған асыл азаматтары басын тіккен биік арманы ұлттық мемлекетті қалпына келтіру ісі-Алаш қозғалысы, Алашорда үкіметімен бірге тоталитарлық өктемдік пен империялық зомбылықтың шабуылына көміліп, тарих қойнауында қала берді. 56. Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан (1918-1920 жж.).1917 ж Қазан революциясының жеңісі алғашқы күндерден бастап, соның ішінде қанаушы тап өкілдерінің қарулы қарсылығын тудырдды. 1918 ж 23 наурызда Орал казак орыстары Гурьевте бүлік шығарды. Олар генерал Толстовтың бұйрығымен жұмысшы және содат депутаттары Кеңесінің 9 мүшесін сотсыз атты. 1918 ж мамырдың аяғында Антанта мемлекеттерінің көмегімен Сібірдегі Чехословак корпусының офицерлері мен солдаттыры бүлік шығарды. Бұл 1 д/ж соғыс кезінде Ресейге тұтқынға түскендер болатын Сонымен 1918 ж жазында Қазақстанның көп жерін интервенттер мен ақ гвардияшылар басып алды. Кеңес елі үшін ең басты майдан –Шығыс майданы еді. 1918 ж аяғы мен 1919 ж басында Ә.Т.Жангелдин мен А.Иманов Торғайда екі атты әскер эскадронын, әскери оқу және пулемет топтарын, Ырғызда атты әскер эскадорын құрды. Осы шаралардың бәрі Қазақ-ң азамат соғысы майдандарында интервенттер мен ақ гвардияшыларға шешуші соққы беруге жағдай жасады. 1918 ж күзде 1 және 4 Қызыл Армия бөлімдері шабуылға шыты. 1919 ж көктемде М.В.Фрунзе басқарған қызыл әскер отрядтары Қазақстанның солт.аудандарына, ал В.И.Чапаев басқарған 25 дивизия оңт.батыс аудандарына соғыс жүргізіп, Колчак әскерлерінің Деникин әскерлерімен қосылуына жол бермей, оларға күйрете соқы берді. Колчак армиясының жеңілуі, солт.шығыс Қазақстанның азат етілуі Орал майданының жойылуына септігін тигізді. 1919 ж шілдеде Орал қаласы азат етілді, 1920 ж 5 қаңтарда Гурьев , ал 8 қаңтарда Доссор мұнай кәсіпшілігі жаудан тазартылды. Нәтижесінде 1920 ж наурыз айында азамат соғысының Қазақстандағы ең соңғы Солт.Жетісу майданы жойылды. 0000000Азамат соғысы жылдарындағы “Алаш-Орда” үкіметінің қызметі.1917 ж 21-26 шілдеде Орынборда болған «Бүкілқырғыздық» съезде «Алаш» партиясықалыптасып, басшы органдарын саййлады.Оның құрамына Ә.Бөкейханов, Ахмет Б, М.Дулатов, Елдос Омаров, М.Шоқай, М.Тынышбаев. Халел, Досмұхамедов, Жанша Досмұхамедов, Халел Ғаббасов т.б. кірді. Бұл партияның сол жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда өткен 2 съезінде қазақтың автономиясы-Алашорда Үкіметі –Ұлт кеңесі құрылды. «Алаш» партиясының бағдарламасы бекітілді: Ол негізгі 10 бөлімнен тұрды. 1) Ресейдің демок-қ феде-я болып жариялануы 2) Ресей құрамында Қазақ ұлт автономиясын құру 3) Халықтар арасында тең құқықтық орнату 4) дін туралы, дінді мемлекеттен ажыратып шығарту 5) елдегі билік және сот туралы 6) елді қорғау, әскер және халықтық милиция құру, 7) халықтың табысына қарай салық салу 8) жұмысшылар туралы 9) ғылым және білім туралы 10) жер мәселесі. Жаңа құрылған үкіметтің құрамына 15 адам, Халық кеңес төрағасы Әлихан Б бекітілді. Бұл үкіметтің негізгі мақсаты ұлттық бірлікті жаңдандыру болы. 57. Қырғыз (Қазақ) АКСР-нің құрылуы және оның тарихи маңызы.Қазақстанда жаңа экономикалық саясатты жүргізуде Кеңестердің рөлі күшейді. Оларға шаруалар қауымының сенімі арта бастады. Бұл тұста кеңестерді нығайтуға байланысты біраз жұмыстар жүргізілді. 1921 ж уездер мен губернияларда Кеңестер съезі болып өтті. 1921 ж 4-10 қазанда Қазақ АКСР Кеңестерінің 2 съезі болып өтті. 1922 Ж Кеңестер сайлауы өтті. Қазақ АКСР Орталық атқару комитетінің тұнғыш қызыл керуені 1922 ж Ә.Жанкелдиннің басқаруымен ел аралауға шықты. 1922 ж 30 желт-да Мәскеуде өткен Кеңестердің Бүкілодақтық бірінші съезі Кеңестердің Социалистік Республикалар Одағы құрылғанын жариялады. Басқа да автономия-қ Кеңес республикалары сияқты Қазақ Акср-да Кеңестік Ресей Федерациясы құрамында Одаққа кірді. 1925 ж сәуірде Қызылордада республика кеңестерінің 5 съезі өтті. Съезде халықтың байырғы тарихи атауы қалпына келтіріліп-қазақ халқы, ал республиканы –Қазақ АКСР-і деп атау туралы қаулы қабылданды. 58. Жаңа экономикалық саясат және оның Қазақстандағы ерекшеліктері.Қазақстанда азамат соғысы аяқталғаннан кейін, экономикалық және әлеуметтік саяси жағдай Ресейдің орталық аудандарымен салыситырғанда ауыр болды. Қазақстанда жаңа эконо-қ саясатты іске асыру 1921 ж Қазақ Акср Орталық атқару комитетінің азық-түлік салығына көшу туралы шешімі негізінде жүргізілді. Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда аз болды. Алайда, жаңа экономикалық саясатты іске асыру барысыннда көптеген қиыншылықтар да кездесті. Атап айтқанда, Еділ өзені бойының, Солтүстік және Батыс Қазақстанның халықтары күшті қуаңшылық болуына байланысты аштыққа ұшырады. Қазақстанда аңа экономикалық саясат негізінде өнеркәсіпті қалпына келтіру 1925 ж аяқталмай қалды және ол жалпы одақтық деңгейден едәуір төмен болды. Республикада өнеркәсіпті қалпына келтіру 1927 ж дейін созылып, 2 жылға кешігіп аяқталды. Өлкедегі өнеркәсіп салалары, соның ішінде өндіргіш күштердін дамыту нашар жүрді, ірі ауыр өнеркәсіп ошақтары болмады, өнеркәсіпте негізінен тұтыну құралдарын, шикізат өндіру жетекші орын алды. 000000. ХХ ғ. 20-жылдарының екінші жартысындағы егістік және шабындық жерлерді қайта бөлу, ірі байларды тәркілеу саясаты. Жаңа экономикалық саясаты республикада дәйекті түрде жүзеге асыру өзінің игі нәтижелерін берді. Кооперативтік қозғалыс одан әрі дамыды. Өндірістік кооперацияның негізгі үш түрі болды:
1.Коммуна - өндірісті қоғамдастыру.
2.Артель – жердің, малдың бір бөлігін, ауылшаруашылық машиналарын, құрал – саймандарды біріктіру.
3.ТОЗ – жер бірлесіп өңдеу мен шөп шабу жөніндегі серіктестік. Шаруалар ұжымдастыру түрлерін таңдағанда негізінен ТОЗ – ды қалады. 1927 жылғы қазанның 1 – іне қарай Қазақ КСР – інде кооперация шаруа қожалықтарының 23,1% - ін қамтыды. Сол уақытқа қарай 1074 тұтыну қоғамы жұмыс істеді, оның 312 – і ауылдарда болды, қазақ даласының жекелеген түпкірлерінде 140 факторий құрылды. Қазақ шаруалары 1072 ұжымдық шаруашылықта, соның ішінде 101 коммунада, 17 артельде, жерді бірлесіп өңдейтін 294 серіктестікте (ТОЗ–да) ынтымақтастық пен өзара көмек мектебінен өтті. Жаңа экономикалық саясат негізінде республикадағы мал саны артты: 1929 жылы 10,5 млн. – ға жетті. Ауыл мен қыстақтарда орташалар шаруашылықтары көбейіп, орташалардың кедейлермен одағы нығая түсті. Патриархат көшпелі халықтың мәдениеті артты. Алайда бұл ұзаққа созылған жоқ. Өлкелік партия ұйымының басшылығына келген Ф. И. Голощекин «ауылды кеңестендіру» ұранымен ауылда тап күресін шиеленістіру бағытын таңдап алды. Шабындық және егістік жерді қайта бөлу науқаны ауылдағы жағдайды ауырлата түсті. 1926 жылғы көктемде кедейлер байлардың иелігіндегі 1,3 млн. га шабындық және 1,25 млн. га егістік жерді тартып алды. Индустрияландыру бағыты азық – түлік қорлары проблемасын күн тәртібіне қойды. 1928 жылы қаржы мен жұмыс күшін ауыл шаруашылығын өнеркәсіпке ауыстыру жүйесін қалыптастыру процесі басталды. «Барлық формадағы кооперацияны барынша дамыту саясатын» ұжымдастыру бағытына көшіру көзделді. 1928 жылғы қаңтар – ақпан айларында И. Сталин Сібірге сапарға шықты. Осы жылы 3 ақпанда болған Омбы округтік комитетінің мәжілісінде астық дайындау барысында төтенше шаралар қолдануға рұқсат етті. Ф. Голощекин ауыл мен қоныстарға 4800 уәкіл жіберіп, 31 мың шаруа жазаға тартылды. 1928 жылғы 1 қазан – 1929 жылғы 1 желтоқсан аралығы – 277 шаруа атылды. 1928 жылғы 27 тамыз – «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды кәнпескелеу және жер аудару туралы» декрет жарияланды. Декретте бай – феодалдар өздерінің мүліктік және қоғамдық ықпалымен ауылды кеңестендіруге кедергі жасайды деген ұстаным негізге алынды. 657 бай жер аударылып, 145 мыңы тәркіленіп, олардың ауылшаруашылық құралдары – 877 колхозға, 24. 491 жеке шаруашылыққа бөлініп берілді. Тәркілеу заңды бұзу арқылы жүзеге асырылды:
1. Орташалар байлар қатарына жатқызылды.
2.Тәркілеуге жататын нормаға дейін жеткізу үшін жекелеген отбасы шаруашылықтары әдейі біріктірілді.
3.Қанаушы элементтермен қатар дәулетті және орташа шаруашылықтар да тәркіленді. Сөйтіп, бай – кулактар қатарына темір шатырлы үйі немесе 2 аты болғандар да енгізілді. Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру (коллективизация) бағыты көзделіп, бай – кулактары тап ретінде жою міндеті алға қойылды. Ұжымдастыру бай – кулактарды тәркілеуден басталды. 59. Қазақстандағы индустрияландыру және оның әлеуметтік-экономикалық салдарлары.Қазақстанда халық шаруашылығын қалпына келтіру аяқталғаннан кейін елді индустрияландыру бағыты іске аса бастады. Индустрияландыру өндіріс құрал жабдықтарын жасайтын, халық тұтынатын тауарларды шығаратын зауыт, фабрикаларды салумен тығыз байланысты болды. Индустрияландыру Қазақстан еңбекшілерінің өмірлік мүдделеріне қайшы келген жоқ. Оның дамуы, біріншіден, ұлттық жұмысшы табының қалыптасуына, 2-ден жұмысшылардың өнд-к техни-қ дәрежесін көтерге, 3-ден Қазақстанның өнеркәсіптік деңгейін биіктетуге, сол арқылы көлік, ауыл шару-н және басқа да салаларды жаңа техни-қ негізде қайта құруға, сөйтіп халықтың материалдық жағдайын, әл ауқатын көтеруге мүмкіндік беруге тиіс еді. Қазақ-ң индустриялық дамуына бағыт ұстауына байланысты бұл мәселеде ұлы державалық шовинистік және жергілікті ұлтшылдық психология мен пиғылдардың да бой көрсеткенін айту керек. 60.Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру және оның зардапты салдарлары. Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру мен көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтарды отырықшыландыру және оның зардаптары.Күштеп отырықшыландыру. Көшпелілерді отырықшылыққа көшірудің экономикалық және саяси мақсаттарыКөшпелілер мен жартылай көшпелілерді отырықшылыққа сталиндік күштеп көшіру саясаты қазақ этносының тіршілік ету жүйесін мықтап бұзды.Седентаризация (отырықшыландыру) идеясы, сондай-ақ ауылды жаппай ұжымдастырудың болашағы шаруашылық-мәдени үлгілердің ауысуымен тығыз байланыстырылды. Басқаша айтқанда, қазақ шаруа шаруашылығының даму жолдары мал өсіретін шаруашылықтардың егіншілікпен айналысатын немесе тұрақтап мал өсіретін шаруашылықтарға ауысуымен (мемлекеттің бағыттауымен) теңестірілді.Мұндай ұғымның шенеуніктік-әкімшілік санаға берік орныққаны сонша, ол абсолютті шындық ретінде қабылданды. Алайда жаңа революциялық ойлау кеңістігімен проблемаларды бұлайша қабылдау қате болар еді, өйткені бұл арада дамыған дәрежедегі түсініктің дәстүрлі факторлары әлдеқайда басымдық рөл атқарады. Оның арнасында көшпелілер құрылымының әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-мәдени дағдылары тәжірибелік өркениеттермен және мәдениеттермен бітіспес жанжалға түсетін ескі-артта қалған дәстүр ретінде қарастырылады. Әрине, қалаған жағдайда сол кезде мал өсірушілердің Қазақстанда қанат жайған жайылымдық-көшпелі жүйесін барынша ұтымды және қарапайым жүйе ретінде сипаттауға болар еді. Алайда ол тек, аталған феноменді оған жағдай жасайтын кешеннен бөліп алып, индустриалды қоғамның ұғымына сүйене отырып, тап сол «ұтымды» экономикалық логиканың аясында қарастырған, өндірісті кеңейту мен табысты өсіруді мақсат тұтқанда ғана әділетті болады. Оның үстіне дәстүрлі шаруашылықтың дәлелі сапалық тұрғыдан өзге міндетке — биологиялық және әлеуметтік сұранысты қанағаттандыруға бағдарланған және осы мақсатқа икемделуде ол айтарлықтай ұтымды болып шығады. 61. Қазақстандағы 1929-1930 жж. шаруалар көтерілістері Коммунистік сипаттағы тоталитарлық мемлекеттің негізін қалаған В.И.Ленин мен әкімшілдік-әміршілдік жүйені тікелей қалыптастырған И.В.Сталиннің тұсында 46,6 миллион адам құрбан болыпты. “Ұлы Октябрь” төңкерісінің жетекші-басшысы, кешеге дейін “халықтар көсемі” деп жырлап келген Лениннің тұсында оның 4 миллионы құрбан болған екен де, “халықтардың сүйікті қамқоры” Сталиннің тұсында 42,6 миллион адам қаза болған Голощекин ұжымдастыру саясатын халықты қорқытып, үркітумен жүргізе бастады.
1928-1930 жылдары Қазақстанда, әсі­ресе, солтүстіктегі аудандарда егін шық­пай қалды, астық тапшылығы көбейді. Ал 1929-1930 жылдардың қысы да қоғамдық малды қынадай қырып салды. Астық жинау, ет дайындау жөніндегі жоспарлар өсе түспесе азайған жоқ. Мұның бәрі шаруаның тұрмысын күйзелте берді. Дегенмен халық­қа, әсіресе, қазақ халқына ауыл шаруашылы­ғын жаппай ұжымдастыру, көшпелі халықты бірден отырықшыландыру жөніндегі соқыр саясат тым ауыр тиді. Ф.Голощекин қазақ сахарасында “Кіші Октябрьді” жүзеге асыру ниетімен 700-ге жуық байдың бар малын тартып алды.
Қалың ел көшіп келе жатқан жолындағы қонған жеріне күштеп қоныстандырылды. Не суы,не нуы, не баспанасы жоқ шөлде мал түгілі адамдар қырыла бастады. Қалада да, далада да алба-жұлба, аш-жалаңаш босқын­дар көбейіп кетті. Баяғы қоғамдастырыл­ған 40 миллион мал жем-шөбі, су-суаны, күнделікті күтімі болмағандықтан жаппай ақ сүйекке ұшырап, 1932 жылдың аяғында оның 4 миллиондайы ғана қалды. Өзегі талған халық, сірә, “Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын” деген голощекиндік ұранды нақ осы тұста мәтелге айналдырып жіберсе керек.
“Бала-шағаларымды аштық апатынан аман алып қаламын ба?” деген үмітпен арып-ашқан қазақтар (олардың панасыз қалған балалары) лек-легімен шұбырып, өнеркәсіп орындарының, поселкелердің, көптеген қалалардың (Алматы, Әулиеата, Шымкент, Ақтөбе, Қызылорда, Семей, Қарсақбай, Қарағанды, Балқаш, Ақмола, Петропавл, т.б.) теміржол стансаларының төңірегінде сеңдей соғылып, сандалып жүрді. Бұл қалалар мен поселкелерден ересектер мен балалардың мәйітін күн сайын қала сыртына алып кетіп жатты.000. ХХ ғ. 20-30 жж. Қазақстандағы көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтарды отырықшыландыру және оның зардаптары.1920 ж аяғында Қазақстанда көшпелі және жартылай көшпелі қазақтарды отырықшыландыруға бағытталған шаралар іске асырылды. Мұның өзі бастапқыда кейбір жеңілдіктер беру арқылы бірте-бірте жүргізілетін болып белгіленгенмен, шынтуайтқа келгенде, күштеп отырықшыландыру әдісі белең алды. Көптеген жерлерде көшпелі шаруашылықтар бір жерге иіріліп, киіз үйлерден көшесі бар қалашықтар құрылды. 10-15 күннен кейін ондағы адамдар жан жаққа ешкімді тыңдамай қашуға мәжбүр болды. 1930-31 ж осындай зорлап отырықшыландыру зобаланыңа ұшыраған мал шаруашылығымен айналысатын 25 ауданнан 35 мыңнан астам шаруашылықтар республикадан тыс жерлерге көшңп кеттң. 62. 1932-1933 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылық және оның зардаптары.1932-33-ші жылдардағы, қазақ халқының айтарлықтай бөлігін жусатып кеткен Ашаршылық – ел тарихындағы ең қасіретті оқиғалардың бірі болып саналады. Барлық пәле Совет өкіметінің Қазақстандағы мал атаулыны тәркілеу туралы шешімінен бастау алады. Бұл кезде қазақ жұртының төрттен үші көшпенді болатын және олардың бар тіршілігі төрт түлікке байланысты еді, ал малдан айрылған жағдайда аштан өлуге тиіс-ті.
Малды тәркілеу 1929 жылдан бастап қарқын алады. 1932 жылға қарай қазақтар мал атаулыдан тақыр-таза қалыпты. Сөйтіп, ғаламат ашаршылық басталады.
Халық туған жерін тастап, шұбыра босқындыққа түседі. Шекараға жақын, шамасы жеткен жұрт көршілес Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, тіпті, Қытай мен Моңғолияға қашады. Алайда, алысырақ аймақтағы елдің ешқандай шарасы жоқ еді. Орталық Қазақстан аймағы айрықша ауыр шығынға ұшырапты.
Совет заманында-ақ алғашқылардың бірі болып осы 30-шы жылдардағы архив құжаттарына үңілуге мүмкіндік тапқан тарихшы Талас Омарбековтың айтуынша, Ашаршылық кезінде 2 миллион 300 мың қазақ өлген.
İлкідегі қараша айында украиндардың Голодомор ашаршылығына арналған, Мәскеуде өткен конференцияда ресейлік тарихшылар осы апат кезінде Қазақстан бір жарым миллион адамынан айрылды деп атап көрсетті.
Қазақ зиялыларының айтуынша, Ашаршылық кезінде Қазақстандағы басқа этникалық топтармен салыстырғанда, қазақтар әлдеқайда артық жапа шекті және көршілес Орталық Азия республикаларында мұндай дәрежедегі қайғы- қасірет болған жоқ. Қазақ зиялылары Ашаршылық себебін тек Совет өкіметінің ұжымдастыру саясатының сәтсіздігіне жаба салуға болмайды деп біледі. Бұл зиялылардың көпшілігі аталмыш Ашаршылық – нағыз геноцид деп есептейді. Бірақ Қазақстан өкіметі, сыңайына қарағанда, бұл көзқарасты қолдамайтын тәрізді.
Ашаршылық қасіретіне ұшырамай өткен бір де бір қазақ шаңырағы болмаған, әрбір отбасының ұрпақтан ұрпаққа жеткізіліп келе жатқан өзіндік тарихы бар. 63. Қазақ зиялыларының қуғын-сүргін жылдарындағы тағдыры20 ж соңында республиада саяси жағдайды ұшықтыру мен күдікшілдік жаппай сипат алды. Орталықта троцкийшіл-зиновьевшіл оппозициясымен және «оңшыл оппортунистермен» күрестің күшеюі ұлт республи-да ұлт азаттық қозғалысының өкілдерін жазалау түрінде көрініс тапты. 1928 ж аяғында буржуазияшыл-ұлтшфлдар» деп аталғандардың ішінде бұрынғы Алашорда қайраткерлерінің ішінен 44 адамға жалған айып тағылып, қамауға алынды. Олардың қатарында Ахмет Б, М.Дулатов, М.ЖҰМАБАЕВ, Ж.Аймауытов, Х.Ғаббасов және басқалар еді. ҚҰРАМЫНДА м.Тынышбаев, Х.Досмұхамедов, Ж.Ақпаев, К.КЕмеңгеров және басқалары бар ұлттық интеллигенцияның басқа тобы 1930 ж қыркүйек-қазанда ұсталды. Кешікпей олардың ішінен 15 адам Ресейдің Орталық қара топырақты облыстарына жер аударылды. Бұлардың барлығы дерлік 1937-1938 ж атылды. Жалпы 1929-31 ж қазақ интеллигенция өкілдерінің оң мыңнан астамы жаппай жазалауға ұшырады, Сөйтіп, 20-шы ж аяғынан бастап сталиндік тоталитарлық идеологиялық аппараты қазақ халқының зердесін жоюға, оның басында тұрған ұлттық интеллигенция ның көрнекті өкілдерін құртуға бағыт алды. Тоталитарлық жүйенің нығая түсуімен байл-ы «Алаш» партиясына қатысқандарды, сондай-ақ республикадағы әлеу-к-экон-қ құрылыстардың қарқыны мен әдістері туралы мәселеде өзінің көзқарасы бар бірсыпыра басшы қызметкерлерді саяси қудалау күшейе түсті.


<== previous lecture | next lecture ==>
A serious profession | Есім хан.(1598-1628жж.) 2 page
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.005 s.