|
Есім хан.(1598-1628жж.) 2 pageDate: 2015-10-07; view: 685. 64. ХХ ғасырдың 30-шы жылдарындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі..Қазақстанда азамат соғысы аяқталғаннан кейін, экономикалық және әлеуметтік саяси жағдай Ресейдің орталық аудандарымен салыситырғанда ауыр болды. Қазақстанда жаңа эконо-қ саясатты іске асыру 1921 ж Қазақ Акср Орталық атқару комитетінің азық-түлік салығына көшу туралы шешімі негізінде жүргізілді. Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда аз болды. Алайда, жаңа экономикалық саясатты іске асыру барысыннда көптеген қиыншылықтар да кездесті. Атап айтқанда, Еділ өзені бойының, Солтүстік және Батыс Қазақстанның халықтары күшті қуаңшылық болуына байланысты аштыққа ұшырады. Қазақстанда аңа экономикалық саясат негізінде өнеркәсіпті қалпына келтіру 1925 ж аяқталмай қалды және ол жалпы одақтық деңгейден едәуір төмен болды. Республикада өнеркәсіпті қалпына келтіру 1927 ж дейін созылып, 2 жылға кешігіп аяқталды. Өлкедегі өнеркәсіп салалары, соның ішінде өндіргіш күштердін дамыту нашар жүрді, ірі ауыр өнеркәсіп ошақтары болмады, өнеркәсіпте негізінен тұтыну құралдарын, шикізат өндіру жетекші орын алды. Қорытып айтқанда 30-ж тоталитарлық жүйе Қазақстанның қоғамдық саяси өмірінің барлық саласында бекіді. Ол елде күшпен ұжымдастыру және 1937-38 ж саяси жазалау дәуірінің қайғылы оқиғаларымен ұштасты. Республикадағы «леу-к экон-қ өзгерістер, Қаз-ға Одақтас республика дәрежесін беру, мәдени құрылыстағы, халық ағарту ісіндегі және ғылымдағы табыстар сталиндік әміршіл-әкімшіл жүйенің тек қатаң идеологиялық қыспағында іске асты. 00000) Қазақ АКСР-нің одақтық Республика болып қайта құрылуы. Қазақ КСР-нің 1937 жылғы тұңғыш конституциясы. 1922 жылы 30 желтоқсанда Мәскеуде өткен Кеңестердің Бүкілодақтық бірінші съезі Кеңестердің Социалистік Республикалар Одағы құрылды. 1936 жылы желтоқсанда қабылданған Кеңестер Одағының жаңа Конституциясы КСРО ға тікелей қарайтын жатын жаңа одақтас республикалардың құрылуы заң жүзінде іске асырылды. Осы уақытқа дейін Одақтың құрамында жеті республика болса, енді олардың саны он бірге жетті. Қазақстанның саяси әлеуметтік өміріндегі өзгерістер, оның Одақтас республикаға айналуы Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының Конституциясын қабылдауды қажет етті. Осыған орай Орталық Атқару Комитеті құрған Конституциялық комиссия жасаған Конституциялық Заң жобасы 1937 жылы 9 ақпанда Республика еңбекшілерінің талқылауына ұсынылды. Баспасөзде, ұжымдарда талқыланған Конституция жобасын 1937 жылы наурыздың 2126 аралығында болған Қазақстан Кеңестерінің төтенше оныншы съезі қарап бекітті. Конституция Қазақ Кеңес Республикасының жұмысшы, шаруалар табының социалистік мемлекеті екенін, оның саяси негізін еңбекшілер депутаттары кеңесі құрайтынын, сол арқылы билік солардың қолында топтастырылатыны көрсетілді. Республикадаға ең жоғарғы мемлекеттік орган төрт жылға тікелей сайланатын ҚКСР Жоғарғы Кеңес өзінің Президиумын және Үкіметті Халық Комиссиарлар Кеңесін құрады делінді. Онда Қазақстанның Одақ құрамына егеменді ел ретінде ерікті кіретіні, жерінің тұтастығы мен бөлінбейтіні, Қазақ КСР азаматтарының КСРО азаматы болып танылатыны туралы айтылды. Конституцияда тұрғылықты халықтың өз тілімен еркін пайдаланып, ана тілінде мектеп, мәдени ошақтар мен мемлекеттік мекемелер ашуға ерікті екені көрсетілді. 65) ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстанның мәдени өмірі. Жиырмасыншы жылдардың екінші жартысынан бастап И.В.Сталиннің басқаруымен қалыптасқан тоталитарлық жүйе Қазақстанның мәдениетінің дамуына үлкен кеселін тигізді. Қ.стан мәдениет саласында Коммунистик партя саясатына сәйкес жұмыс істеуге тиіс болды. Әсіресе бұл білім беру саласында көрініс тапты. Бұл кезде шығарылған оқулықтар партия комсомол және пионер ұйымдарға жас ұрпақтың санасы мен мінез құлқына Станилизмнің догмаларын тықпалады. Тоталитарлық жүйенің кұшеюі халыққа жоғары білім беру саласында да өз әсерін тигізді. Ғалымдарды, жоғарғы оқу орындары қызметкерлерін қудалау мен жазалау шаралары жиырмасыншы жылдары басталды. Сталин өлгенге дейін жүргізілді. Нәтижесінде отызыншы жылдардың орта кезінде А.Байтұрсынов, С. Асфендияров, Х.Досмұханбетов, Т.Жүргенов, О.Жандосов және басқа да кқрнекті қоғам қайраткерлерлің педагогтердің өмірі қиылып кетті. 1928ж. араб әрпі латын әрпімен, ал 1940ж. кириллица мен (орыс әрпі) күштеп алмастырылды. 1920-30ж. араб әрпімен шыққан басылымдарды пайдаланғандар қудалауға ұшырайтын боды. Медреселер, мешіттер жаппай жабылды. Қазан революциясынан кейін тоталитарлық жүйенің үстемдігіне оның қайшылықтарына қарамастан Қазақстан мәдениетіде алға ілгерілеушілік болды. 1921ж. маусымда болған Қ.стан пария ұйымының бірінші конференциясы республикадан шыққан сауатты қызметкерлердің көбін мүмкіндігінше саяси ағарту жұмыстарына жіберілді. 30 ж. қарсанында Қазақ орталық атқару комитеті жиырма мұшенің он екісі қазақ ОАК пленумының 151 мүшесінің 81қазақ, 32 өздер атқару комитетінің төрағаларының он тоғызы қазақ болып, Қазақ өздері мен губерниялардың техникалық ақпараттардың жиырма пайызын, өлкелік мекемелер қызметкерлерінің он үш пайызын құраса олардың арасында шала сауаттылар аз болмаған. Мәдени ағарту жұмыстарының ошақтары кітапханалардан, мұражайлардан, театрлардан, жұмысшы клубтардан, халық университеттерінен, көшпелі және жартылай көшпелі аудандардағы қызыл отаулар құрылды. Республикада мерзімді баспасөз және кітап шығару ісі дамыды. Степная правда қазіргі (Казахстанская правда), Еңбекші қазақ газеттері, Қазақ журналы шыға бастады. (25жылы 31 газет, 13 қазақша). 1919 ж. 26 желтоқсанда Ленин РКФСР халық арасындағы сауатсыздықты жою туралы халық комиссарлар кеңесінің заңына қол қойылды. Бұл құжат бойынша 8-50 аралығында оқу жазу сауатын ашуға міндетті болды. 23-24 ж. бастап бастауыш және жеті жылдық мектеп 15% өсті. 1925 жылдары республикада он төрт педагогоикалық техникум және бірнеше халық ағарту институ жұмыс істеді. 29 жылы мал дәрігерлік, зоотехникалық отызыншы жылы ауыл шаруашылық институты, 31 жылы медицина институты ашылды. 1941 жылы республикада жоғарғы оқу орындар саны 20-ға жетіп оларда 10,4 мың студент оқыды. 1921 жылы тамыз айында академиялық орталық құрылды. 1940 жылдар қарсаңында 110 ғылыми зерттеу институттары мен мекемелері жұмыс істеді. Қазақстан көркем мәдениет дам көріністерінің бірі кино өнерінің дүниеге келуі. Ең алғашқы кино 1930 ж. Түркісіб деректі кинокартинасы болды. Одан кейін Жұт 1931 ж., Қаратау сыры 1933 ж. түсірілді. 1938 ж. Ленфильм шығарған дыбысты Амангелді көркем фильмі жарыққа шықты. 67) Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан. Қазақстан – майдан арсеналы.Ұлы Отан соғысы жылдарында ел басына төнген қаһарлы қатер миллиондаған кеңес адамдарын басқыншыларға қарсы күреске жұмылдырды. Қазақстан өзiнiң барлық мүмкiндiктерiн – адамдар, өндiрiстiк қуаттар, табиғат байлығы мен рухани қорын майдан талабына бағындырды. 1939 жылғы санақ бойынша Қазакстанның халқы 6,2 миллион адам болды. Оған соғыстың алдында және соғыс жылдарында майдан шептерiнен көшiрiлген, сондай-ақ, жер аударылған халықтар қосылып, тұрғындар саны 1740-қа артты. Соғыстың алдында әскери қызметте жүрген 178 000 қазақстандықты қоспағанда, соғыс жылдарында Қызыл Армия қатарына 1 196 164 қазақстандық шақырылды. Еңбек армиясы мен құрылыс бөлiмдерiне 700 000 адам шақырылды. Майданға Қазақстанның әрбiр төртiншi азаматы аттанды. Партия ұйымдарының үштен екiден астамы және республиканың 250 мың комсомолы майдан даласында жауға қарсы ерлiкпен шайқасты. 68) 1941-1945 жж. соғыс майдандарындағы қазақстандықтардың ерліктері. Соғыстың алғашқы күнiнен бастап Қазақстан жалпы майданның ең қуатты тiрегiне айналды. Ел ішінде майдандағы жауынгерлер мен офицерлерге, олардың отбасыларына көмек көрсету, азат етiлген аудандардың экономикасын көтеруге қолғабыс ету сияқты түрлі патриоттық бастамалар кең қолдау тауып жатты. Қазақстандықтардың майданға тек қана ерiктi түрде берген көмегiнiң өзi армияның қарулы күшiне 4 700 миллион сом болып қосылып, бүкiл Одақтың екi апта бойындағы соғыс шығындарын өтеуiне жетiп отырды. Қазақстан халықтарының ұл-қыздары ерлiкпен белсене қатысты. Бiздiң 300 жерлесiмiз Батыс Еуропа елдерiнiң фашизмге қарсы күштерiнiң қатарында шайқасты. Қазақстандықтардың қатарынан үш партизан – А. С. Егоров пен Н. В. Зебницкий және Ф. Ф. Озмитель жауға қарсы күрестегi ерлiктерi үшiн Кеңестер Одағының Батыры атағына ие болды. Ал Қасым Қайсеновке алғашқылардың қатарында «Халық қаһарманы» деген құрметтi атақ берiлдi.Бiрақ соғыс пен халық тағдырын майдан даласындағы ұрыстар шештi. Асқан ерлiгi және соғыс өнерiндегi ғаламат жанқиярлығы үшiн Отанның ең жоғары мәртебесi – Кеңестер Одағының Батыры атағына 11 649 жауынгер, офицерлер мен генералдар ие болды. Олардың 497-сі – Қазақстанда туған немесе Қазақстанның әскери комиссариатынан майданға шақырылғандар. Герман басқыншылырына қарсы соғыста көрсеткен ерлiгi үшiн 1941 жылдың 22 шiлдесiнде Алтын жұлдыздың ең алғашқы иегері болған адам – 19-танк дивизиясының командирi генерал-майор К.А. Семенченко. Ал соңғысы 1942 жылы жоғары атаққа ұсынылған Б. Момышұлы едi, бiрақ ол атақ батырдың өзi қайтыс болғаннан кейiн, 1990 жылдың 11-желтоқсанында берiлдi. 69) Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы Қазақстанның ауыл шаруашылығы (1946-1953 жж.). Соғыстан кейінгі жылдары Кеңестер Одағында экономикалық саясатты жаңартып, жаңа экономикалық даму жолына түсу мәселелері төңірегінде әр түрлі пікірлнр айтылды. 1947 жылға дейін Сталин халық шаруашылығының даму бағытына байланысты дәйекті шешім қабылдамады. Ұлы Отан соғысының аяқталуымен Кеңестер Одағы мен Батыс мемлекеттері арасында орын алған алшақтық Сталиннің соғыстың алдыңғы жылдары қалыптасқан экономикалық жүйені қалауына әсер етті. Ендігі жерде кеңестік басшылар социалистік экономиканы нығайту негізі ретінде бірнеше бағыттарды белгіледі. Олар: ауыр өнеркәсіп, әскери өнеркәсіп кешенін дамыту; Одақтық республикалар экономикасын орталықтан басқару; еңбеккерлердің еңбек етуге ынтасын арттырудың орнына мәжбүрлеу әдістерін қолдану. Соғыстан кейінгі алғашқы 1946 жыл ауыл шаруашылығы үшін қиын жыл болды. Соғыстың ауыр зардаптары салдарынан Молдавия, Украина, орта қаратопырақты аудандарда, Төменгі Поволжьеде және т.б. аудандарда аштық орын алды. Қазақстанда орта есеппен 1 га-дан 4ц.астық алынып, астық салынбаған аудандардағы шығындар Қазақстан астығы арқасында толықтырылды. Ауыл шаруашылығындағы қиыншылықтардан арылу мақсатында 1946 жылдың желтоқсанында КСРО Министрлер Кеңесі КСРО-ның шығыс аудандарында егін егетін жер көлемін ұлғайту жөнінде қаулы қабылдады. Осы қаулы негізінде егін егетін жер көлемін 10 млн.ға көбейту көзделді. 1950 жылы 1946 жылмен салыстырғанда Қазақстандағы егістік көлемі 1 млн. 173 000 га.артады. Ауыл шаруашылығы жұмысшыларының еңбекақысы өте төмен болды. Өйткені, мемлекеттің ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу бағасы өте төмен болды. Мысалы, астық бағасы өз құнының сегізден бір бөлігін ғана жапты. 1946 жылы мемлекет 1 колхозға 143000 сом ақша жұмсаса, 1950 жылы 170000 сом ақша жұмсаған. Сондықтан колхозшының айлық еңбекақысы 40 сом болды. 1953-1964 жылдары КОКП ОК-нің бірінші хатшысы және Министрлер Кеңесінің төрағасы Н.С.Хрущев тұсында ауыл шаруашылығының қатаң басшылығынан, орталық жоспарлауды колхоздар мен совхоздардың тәуелсіздігімен ұштастыруға бағытталған талпынушылық байқалды. Оның негізі 1953 жылы КОКП ОК-нің қыркүйек Пленумының шешімдері болып табылады. Ұлттық табыс ауылдық жерлердің пайдасына бөліне бастады, салық саясаты өзгерді, ауылшаруашылық өндірісін сатып алу және дайындау бағалары көтерілді. Сталиндік қатаң бақылаудан бас тарту көп ұзамай-ақ өз нәтижесін бере бастады.
|