![]() |
Есім хан.(1598-1628жж.) 3 pageDate: 2015-10-07; view: 934. Бірақ та бұл кезеңдегі аграрлық саясат тұрақты болмады. 1954 жылдан бастап тез арада ауыл шаруашылығының тарихта болмаған дамуын қамтамасыз ету үмітімен Қазақстанға тікелей қатысты тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны басталды. Қазақстанға тікелей басшылығы бұл бастаманы қолдай қоймады. Осыған байланысты, 1954 жылы 11 ақпанда өткен Қазақстан КП ОК-нің Пленумында бірінші хатшы Ж.Шаяхметов, 2-хатшы Л.И.Афонов босатылып, олардың орныныа орталықтан жіберілген Р.К.Пономоренко және Л.И.Брежнев сайланды. Жергілікті жердің қазақ басшылары сынеға ұшырап, үш айдың ішінде тың өлкесіндегі алты облыстың 1-хатшылары ауыстырылды. 69) Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы Қазақстан өнеркәсібінің дамуы (1946 - 1953 жж.). Ұлы отан соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін Қ.стан еңбекшілері бейбіт құрылысқа қайта оралды. Соғыс Қ.стан экономикасына да үлкен зардаптарын тигізді. Өнеркәсіп өнімдерінің әсіресе бұқара халық көп қолданатын тауарлар өндіру түрлері қатты қысқарды. 1945 ж. КСРО Қарулы Күштерінің едәуәр бөлігінің запасқа шығару есебінен Қ.станға 104 мың солдат пен офицер, ал 1947 жылдың 1ші қаңтарына қарай 188,2 мың адам келді. Өнеркәсіпте 8 сағаттық жұмыс күні қалпына келтірілді. 1946 жғы. 18 наурызда қабылданған төртінші бесжылдыққа арналған жоспар бойынша соғыстан бүлінгенаудандарды қалпына келтіру, өнеркәсіпті соғыстан бұрынғы дәрежесіне жетіп, оны одан әрі асып түсіру міндеті белгіленді. Республикада ауыр индустрияны жедел дамыту, сондай ақ, жеңіл және тоқыма өнеркәсібін одан әрі өркендету көзделді. Қ.станға бөлінген күрделі қаржы көлемі одақ бойынша 3-ші орынға шықты.Мұндағы қаржы кәсіпорындарды қалпына келтіруден гөрі бұрынғыларын кеңейтіп, жаңа кәсіпрындар салуға бағытталды. Төртінші бесжылдықта бүкіл елде өнеркәсіп өнімі 1940 жмен салыстырғанда 40 %ға өсетін болып белгіленсе, Республикада ол 2,2 есеге арту көзделді. Қ.стан халқы соғыстан кейінгі төртінші бесжылдық жоспардың көрсеткіштерін орындауға құлшына кірісті. Бұл кезде, әсіресе ауыр өнеркәсіптің қара металлургия және түсті металлургия саласы ойдағыдай дамыды. 1950 ж. металлургиялық процестердің тұйық цикілімен жұмыс істейтін Қарағанды металлургия зауытының құрылысына арналған дайындық жұмыстары басталды. Өскеменде қорғасын мырыш комбинатының құрылысы одан әрі жалғасты, 1947 ж. ол алғаш рет мырыш берді.Балқаш мыш қорыту зауытының қуатын арттыру жөніндегі жұмыстар одан әрі жүргізілді. Жезқазғанда аса ірі мыс балқыту комбинатының объектілерінің кешенін салу жалғастырылды. Текелі қорғасын мырыш комбинатының екінші кезегін іске қосуға әзірлік басталды. Шымкент, Риддер қорғасын зауыттары мен жұмыс істеп тұрған басқа да кәсіпорындар қайта құрылып кеңейтілді.Төртінші бесжылық тапсырмаларын орындау барысында өнеркәсіп салаларында жаңа техника түрлері енгізіліп отырды. Қарағанды өнекәсіп бассейнінде жұмыс істейтін алты жаңа шахта іске қосылды. Саран учаскесі пайдалануға берілді. Көмір ашық әдіспен қазылатын Екібастұз кен орны пайдалана бастады. Бесжылдық аяғына таман көмірді шабу мен қопару және оны темір вагондарына тиеу толық механикаландырылды. Бірқатар мұнай кәсіпшілерінің, соның ішінді Қаратон, Мұнайлы және басқа кәсіпшіліктердің іске қосылуын мұнай өндіруді 1950 ж. соғысқа дейінгі кезеңмен салыстырғанда 52 %-ға көбейту мүмкіндік берді.1950 ж.электр қуатын өндіру 1945 ж. қарағанда 2,3 есе өсті.Бесжылдық тапсырмасы бір жарым есе артық орындалды. Өскемен жылу электр орталығының бірінші кезегі, Алматы құлама су электр станцияларының 6,7,8 ГЭСтері, Тишин ГЭСі, Құлсары ЦЭСі т.б. іске қосылды.Химия өнеркәсібінде «Қаратау» кен химия комбинатының, Жамбыл суперфосфат зауытының бірінші кезектері бірінші кезектері пайдалануға берілді. Ауыр өнеркәсіптің тез дамуы және оның жаңа салаларының құрылуы жеңіл және тамақ өнеркәсібінің одан әрі дамуына өз әсерін тигізді. Семейде тері илеу зауыты, Петропавлда тігін фабрикасы өнім бере бастады. Шымкентте мақта мата комбинаты салынды. Бесжылдықтың аяқ шеңінде республика жеңіл өнеркәсібінде 65 кәсіпорын істеді. Тамақ өнеркәсіпте көптеген жаңа кәсіпорындар салынды. 178 май зауыты, 6 тоңазытқыш, 3 сыра қайнататын, макарон фабрикасы сіке қосылды. 4-ші бесжылдық қорытындысы бойынша Қ.стан өнеркәсібінің жалпы көлемі 2,3 есе, оның ішінде көмір шығару 2,5; мұнай 1,5; газ 1,9; электр қуатын өндіру 4,1 есе артты.Соғыстан кейін көлік пен жол қатынасы одан әрі дамыды. Темір жолға едәуір өаржы бөлінді. Теміржолмен жүк тасу 1945 ж-мен салыстырғанда екі есе артты. Тас жолдарының желісі ұлғайды, автомобиль көлігінің жүк тасу айналымы 1940 ж-мен салыстырғанда 1950 ж. 1,9 есе өсті. Егер 1945 ж. өнеркәсіпте 304 мың адам жұмыс істесе, 1950 жылы ол 366 жетті.Сайып келгенде, өнеркәсіпті қалпына келтіру оны жаңа деңгейге көтеру ауыл селоны қанау есеінен іске асты. 70) Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі (1946-1953 жж.).Қ.станның экономикасын бейбітшілік жағдайға бейімдеп қайта құру еңбекшілердің қоғамдық саяси белсенділігі жағдайында жүргізілді. Республиканың қоғамдық саяси өмірінде Қазақ КСР ның мемлекеттік Гимінің 1946 жылы 26шы шілдеде енгізілуі зор оқиға болды. Оның текстін ақын жазушылар Ғ. Мұхамедханов, Ә. Тәжібаев және Ғ. Мүсірепов, музыкасын компазиторлар М. Төлебаев, Е. Брусиловский және Л.Хамиди жазды. Гимннің осы музыкасын Егемен Қ.станның жаңа гимнінде де өзгеріссіз сақталып қалды.Соғыстан кейінгі жылдары Коммунистік партия халық шаруашылығын дамытуға және әлеуметтік мәдени міндеттерді орындауға мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарын барынша тартқанымен, олардың қоғамдық өмірде, халықпен жұмыс істеудегі дербестігі шектелді.Қ.станның мәдениеті, әдебиеті, ғылымның одан әрі дамуына ХХ ғ. 50-ші жң басында өзінің шырқауына жеткен тоталитарлық социализм идеологиясы әсіресе тигізді. Республика компартиясы Орталық Комитетінің 1947 ж. наурызда өткен пленумы төменгі партия ұйымдарынан Қ.стан арихын жазудағы, әдебиет пен өнердегі саяси қателер мен ұлтшылдық бұрмалауға қарсы большевиктік сынды кеңінен өрістетіп, БК|б|П Орталық Комитетінің идеологиялық мәселелере жөніндегі қаулыларын сөзсіз орындауды талап етті. Соғыстан кейінгі жылдарда Қ.станда пісіп жетіліп келе жатқан қоғамдағы жаңа өзгерістер әкімшіл әміршіл жүйенің қудалауымен тұншықтырылып тасталды. Халық шаруашылығын қалпына келтіру жылдарында республика жазушыларының шығармалары ҰЛЫ Отан соғысына арналған. Ғ. Мүсіреповтың «Қазақ солдаты», Ә. Нүрпейсовтың «Курляндия» т.б. Осы жылдары Әуезовтың «Абай жолы», С. Мұқановтың «Ш.Уалиханов»сияқты тарихи шығармалар жарық көрді.1946 ж. Қ.стан Ғылым академиясы құрылып, республикада ғылым мен ғылыми зерттеу мекемелерінің дамуында елеулі рөл атқарды. Онда 500 жуық асперанттар жұмыс істеді. Жалпыға бірдей жетіжылдық білім беру туралы Заң одан әрі жүзеге асырылды. 1952 ж. Қ.станда жалпы білім беретін 9 мыңдай мектеп, 125 техникум мен арнаулы орта оқу орны жұмыс істеді, бұларда 1,5 млн. адам оқыды. Қорыта келе сталиндік тоталитарлық жүйенің үстемдігі нәтижесінде көптеген қарама қарсылықтар, елеулі көлеңкелі жақтар орын алды. Бұл республикада демократиялық қатынастардың тежелуіне, қазақтың ұлттық мәдениетінің одан әрі дамуына үлкен зардаптарын тигізді. 71) Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру және оның әлеуметтік-экономикалық салдарлары. 1954 жылдан бастап тез арада ауыл шаруашылығының тарихта болмаған дамуын қамтамасыз ету үмітімен Қазақстанға тікелей қатысты тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны басталды. Бұрынғы Кеңестер Одағы, оның ішінде Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны 3 кезеңнен тұрады: 1) 1954-1955 жж. 2) 1956-1958 жж. 3) 1959-1965 жж. Тың игеруТың игеру жылдарында негізінен солтүстік облыстарда жүздеген совхоз орталықтары салынды. Әміршіл-әкімшіл басшылыққа совхоздар тиімді болғандықтан, тың игерудің алғашқы жылында ғана 300 жаңа совхоз ұйымдастырылса, 1955 жылдың соңына қарай олардың саны 631-гежетті. 1956 жыл Қазақстан алғаш рет миллиард пұт астық алып, Ленин орденімен марапатталды. Орталық басгылық 1956 жылдың ақпан айында өткен КОКП-ның ХХ съезінде Қазақ КСР-нің алдына жаңа міндет – астық өндіруді 5 есе арттыру міндетін қойды. Қазіргі таңда экономистер тың және тыңайған жерлерді игермей-ақ, астық өндіру кезіндегі астықты аударғандағы әр гектардан 1 ц.өсірсе, бұл тың игеру нәтижесімен теңескен болар еді – деген пікірде. 60-жылдардағы ауыл шаруашылығының жағдайы қайтадан ауырлап, өзінің өсу деңгейін тоқтатқан болатын. Себебі, жаңадан игерілген жерлер өз мүмкіндіктерін сарқыды, колхозшылар мен ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің материалдық жағдайы төмен боғандықтан еңбекке ынтасы болмады. Cоғыстан кейінгі жылдары Қазақстан шикізат көзі ретінде қаралып, соғыстан зардап шеккен аудандарды қалпына келтіру базаларының біріне айналды. Оның соғыстан кейінгі даму жоспары 1946 жылы 18 наурызда Жоғары Кеңестің бірінші сессиясында бекітілген « 1946-1950 жылдары халық шаруашылығын қалпына келтіру және одан әрі дамыту заңымен» белгіленді. 72) 1965-1985 жж. Қазақстан мәдениеті мен ғылымы1962-1963 оқу жылдары 8 жылдық білім беруге көшу, 11 жылдық еңбек политехникалық мектептерін құру шарасы көзделді. 1970 ж. экономикадағы ірі агрокешендер құру кезеңінде «болашағы жоқ» ауылдар жойылып, шағын комплектілі мектептер жабылды. · 1970 ж. 10.154 мектепте 3 млн. 226 мың оқушы оқыды. · 1986 ж. 8.728 мектепте 3 млн.348 мың оқушы оқыды. 1970 ж. жалпыға бірдей орта білім беруге көшу науқаны өріс алды. 1972 ж. республикада жалпыға бірдей орта білім беруге көшудің соңғы кезеңі басталды. 1980 ж. басы жалпыға бірдей міндетті орта білім берудің жүзеге асқандығы жарияланды. 1986 ж. 10 қараша «Жалпы білім беретін орта мектеп жұмысын одан әрі жақсарту шаралары туралы» қаулы шықты. 1960-80 ж. аралығында 27 жоғары және 100 ден астам орта арнаулы оқу орындары ашылды. · 1965-66 ж. 39 жоғары оқу орнында 144,7 мың студент оқыды. · 1985 жыл55 жоғары оқу орнындам 273,3 мың студент оқыды. · 1985 жыл246 орта арнаулы оқу орнында 272,6 мың адам оқыды. · Қазақстандық ғалымдарының ғылыми зерттеулерді дүние жүзіне танымал болды: · Д.В. Соколовский катализаторларды электрохимиялық әдіспен зерттеуді тұңғыш бастаушы. · Социалистік Еңбек ері, академик У.М. Ахмедсафин гирогеология және гидрофизика ғылымдарын ұйымдастырушы. · М.А. Айтхожин өсімдік жасушаларындағы информосомаларды тапқаны үшін марапатталған Лениндик сыйлық иегері. 1970 ж. «Гүлдер», «Дос Мұқасан», «Айгүл» ансамбльдері құрылды. Қазақ киносының Ш. Айманов, М. Бегалин, С.Қожықов секілді ірі қайраткерлерінің қатысуымен жасалған фильмдер кино өнерінің таңдаулы туындылары. Алматыда Мемлекеттік өнер мұрайжайы, Қазақ КСР мұражайы, Қазақ ұлт аспаптар мұражайы ашылды. 1978 ж. 12 томдық «Қазақ Совет энциклопедиясын» шығару аяқталды. 1978 ж. республикада 19 мыңнан астам кітапхана болды. Қазақстан тарихы қатты бұрмаланды. Тарихшылар тек Кеңестік жетістіктерді зерттеуге жұмылдырылды. Мәдени дамуда табыстар мен қайшылықтар қатарласа жүрді. Кеңестңк насихат ұлттық мәдениеттің гүлденуі туралы, тұтас алғанда кеңес мәдениетінің интернационалдануы жөніндегі тезисті үнемі қуаттап жатты. 73) ХХ ғасырдың 70-80 жж. бірінші жартысындағы Қазақстан өнеркәсібі дамуының негізгі тенденциялары. Қоғамдық саяси ахуалдың өзгеруі экономикалық реформаларды іске асыруды тежеді. Тежеліс тетігінің өзегі сөз бен іс арасындағы алшақтық. 70 ж. ғылым мен техниканы тұтастырып, ғылыми өндірістік бірлестіктер құру мәселесі көтерілді. Мұндай бірлестіктерде ғалымдардың, конструкторлардың, инженерлердің, жұмысшылардың еңбегі бір орталыққа тоғыстырылды. Өндірістік және ғылыми өндірістік бірлестіктер көбейді: 1971 ж.28, 1985 ж.162. Осындай бірлестіктер мен бірлесе жұмыс істейтін кәсіпорындар саны артты: 1971 ж.97, 1985 ж. 610. Бірақ тәжірибе нәтижесі күткендей болмады. Оның себептері: КСРО да ҒТР негізінде түбегейлі өзгерістер жүргізу қажеттігі сөз жүзінде мойындалғанымен, іс жүзінде бұрынғы басқару әдістерін қолдану жалғаса берді. 90 ж. ортасында КСРО Батыс Еуропа елдері және АҚШ пен салыстырғанда әр өнімге шаққанда қуат пен шикізатты 23 есе көп жұмсалған. · Республика өндірісінде көмірдің 5060%ы; мұнайдың 70ы, темірдің 11,5%ы рәсуә етілген. · Әр түрлі себептермен жұмысқа шықпай қалушылардан уақыт бос жоғалды. · Өнімді шек қойылмастан жалпы көлемді жоспарлау сақталды. · Республика басшылығы алып аумаққа әуестенушілкке қолданды. Нәтижесінде ірі аймақтық өндірістік кешендер тұрғызылды: ПавтодарЕкібастұз; Маңғыстау, ҚаратауЖамбыл; ШымкенКентау. · Соның ішінде Қазақстандағы ең ірі территориялық өндірістік кешен Маңғыстау.(1970). · Жоспарларға түзетулер енгізу сақталды. 198185 ж. әр түрлі министрліктер мен ведомстволардың жоспарлары 300 реттен астам түзетілді.Директивалық жоспарлау экономикаға орасан зор нұсқан келтірді. Осындай экономикалық дамудағы кемшіліктерге қарамастан 70ж. өнеркәсіп жетекші орын алды. 170тен астам өнеркәсіп кәсіпорны мен цехтар бой көтерді: Лисаков кенбайыту комбинаты; ШерубайНұра шахтасы; Талдықорған аккумлятор зауыты. Павлодар облысында Екібастұз отын энергетика кешені, Ертісте Шүлбі СЭСі құрылыс басталды. 1975 ж. қарай барлық кәсіпорындар энергетикасымен қамтамасыз етілді. Минералды тыңайтқыштар өндіру 1,8 есе, сары фосфор 2,5 есе өсіп, фосфор өнеркәсібі КСРО бойынша алдынғы қатарға шықты. 197075 жылдары өнеркәсіпті өркендетуге 40,8 млрд.сом жұмсалды (32%). 497085 ж. өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі екі есе, машина жасау, химия өнеркәсібі 3 есе өсті. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі жөнінен республика одақ бойынша 3 орында болды. 7080ж. алып кәсіпорындар түріндегі шикізат салаларын дамытуға бағыт ұстау халық тұтынатын тауарлар, тамақ және жеңіл өнеркәсіп өндірісі дамуының жеткіліксіз болуына әкеп соқты. Нәтижесінде, халық тұтынатын азық түлік емес тауарларың 60%ы шеттен әкелінді. 73) ХХ ғасырдың 70-80 жж. бірінші жартысындағы ауыл шаруашылығындағы дағдарыс көріністері. 7080ж. ауыл шаруашылығы жөнінде ауқымды шешімдер қабылданды: Материалдық базаны нығайту, Мамандандыру мен шоғырландыру, Қаражат көлемін арттыру. 197185 жылдар ауыл шаруашылығына 18 млрд. сом күрделі қаржы жұмсалды. Бірақ бұл күткен нәтиже бермеді. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру төмендей бастады: 187175 ж.13%; 11 бесжылдықта0,4%. 196485 ж. мал шаруашылығы құлдырады: 4.2 млн.ірі қара; 55 млн. қойешкі; 5,1 млн.шошқа өлім жетімге ұшырады. Ауылшаруашылық өнімдерін жоспармен сатып алу интенсивтендіру жолындағы тосқауылға айналды. Бұл түрлі тәсілдер арқылы сығып алынатын азық түлік салғыры болып шықты. Жалпы өндірілген еттің бестен бір бөлігін төрттен бір бөлігіне дейінгі мөлшері одақтық қорға жіберілді. 197085 жылдары республика жыл сайын одақтық қорға 300 мың тонна ет жіберді. Пайда 9 млрд.сом, шығын 1887 млрд. сом болды. Ауылшаруашылық өнімдерін сатып алу, бағаларын көтеруге ұмтылу айтарлықтай нәтиже берген жоқ. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың өз өнімдеріне өздері баға белгілеу құқығы тыңайтқыштардың, техниканың, құрама жем түрлері құнының бақылаусыз өсуін туғызды. Ауылшаруашылығы өнімдері бағасы екі есеге артса, оларға арналған өнеркәсіптік өнімдерінің бағасы 25 есеге көтерілді. 70 жы экономиканың аграрлық саласы басқарудың әкімшілік әдістері күшейді. Колхоздардың өзін өзі басқаруындағы демократияландыру процесі тежеліп, партия және әкімшілік органдардың тарапынан бақылау күшейе түсті.Колхоздар мен совхоздарды механикаландырылған агроөнеркәсіптік интеграциялау туралы КОКП ОКнің 1976 ж.шешімі. Әр түрлі шаралар пайдаланылды, алайда еш нәтижесіз. Ауыл шаруашылығы дағдарысқа ұшырау бастады. 80 жң ортасында азық түлік өнімдерімен шектеулі қамтамасыз еу жүйесі енгізілді. Ауыл шаруашылығының тиімділігінің төмендеуінің басты себебі шаруалыр өз еңбегінің жемісін өздері көре алмады. 74) ХХ ғасырдың 70-80 жж. бірінші жартысындағы Қазақстанның қоғамдық -саяси өмірі. 1960 ж.ортасынан 1980 ж. ортасына дейін кезең тоқырау жылдары. Жаңашыл үрдістер әлсіреді; Қоғамдық құрылыс ұстанымдары мен түрлері тоқырауға ұшырады. Бетбұрыстар кезеңі басталды.Социализм жүйесі елдерінде социализмді бірте бірте жетілдіру идеясы туындады. · 1967 жыл Қазан төңкерісінің 50 жылдығына арналған мәжілісте Л.И. Брежнев еліміздегі тарихи жолдың басты қорытындысы кемелденген социализмнің орнатылуы деп мәлімдеді. · 1977 жылғы мамыр КСРО Конституциясының жоюасы бүкілхалықтық талқылауға ұсынылды. Нәтижесінде 400 мыңға жуық ұсыныс келіп түсті. Ал 7 қазанда КСРО Конституциясы қабылданды. Коммунизмге өтер жолдағы кезең кемелденген социализм, ал КСРОның саяси негізі халық депутаттары Кеңестері деп танылды. Бұл кезеңнің экономикалық жүйесін мемлекеттік және колхоздық кооперативтік меншік түріндегі социалистік меншік құрайды. 1978 жылғы 17 наурыз Қазақ КСР Конституциясының жобасы бүкілхалықтық талқылауға түсті. 1978 жылғы 18 сәуір Қ.стан Компартиясы ОКі жаңа конституция жобасын мақұлдап, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс жетінші сессиясының қарауына ұсынылды. Осы жылдың 20 сәуір Қазақ КСР жаңа Конституциясы қабылданды. Республикадағы ең жоғарғы заңды билік органы Жоғарғы Кеңес. Атқарушы Билік Министрлер Кеңесі. Екеуі де партиялық бақылау жағдайында жұмыс істеді. Келеңсіз құбылыстар ұлтаралық қатынастарда да байқалды: · Ана тілін оқытуды жақсарту жөнінде бірден бір қаулы не шешім қабылданды. · Орыс тілін оқыту сапасын арттыруға көбірек көңіл бөлінді. 1963 жыл Мәскеуде қазақ студенттерінің тұңғыш бейресми бірлестігі «Жас тұлпар» құрылды. Ұйымдастырушысы Мұрат Әуезов. 197477 ж. Х. Қожахметов қазақ халқын қайта түлету мақсатында «Жас қазақ» ұйымын құруды ойластырды. Саяси жүйенің идеологиясы мен жаттанды догмаларына сай келмеген өз көзқарастарын әдебиет пен өнерде бейнеленген зиялылар қудалауға ұшырады. Кеңестік қоғамның саяси жүйесіне тән белгілер: 1. демократияны шектеу; 2. еңбекшілерді меншік пен билікке жақындатпау; 3. адамның жеке басын аяқасты ету; 4. қоғамдық ұйымдардың партиялық мемлекеттік аппаратпен тұтасуы; 5. Сөз бен іс арасындағы алшақтық. Бұл жағдай кеңес адамдарының бойында самарқаулық, сенімсіздік, маскүнемдік секілді жағымсыз қылықтар туғызды. Тоқырау кезеңінің идеологиясындағы басты бағыттардың бірі орыстандыру саясаты. Хрущевтік брежневтік әкімшілік тарихи жаңа қауымдастық кеңес халқын жасауды көздеді. 75, ХХ ғасырдың 70-80 жж. бірінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік жағдайы. Экономикалық саясаттың басты міндеті халықтың әл ауқатын көтеру деп есептелді. Кеңес адамдарының тұрмыс деңгейі жақсара бастады: · Жан басына шаққандағы нақты табыс 2,6 есеге өсті; төменгі жалақы 70 сом; · Колхозшылардың кепілді еңбек ақысы өсті (100ден 210 сомға); 197189 жылдар жұмысшылар мен қызметкерлер табысы 123,7 сомнан 233,7 сомға өсті. Мемлекет ақшаның құнсыздануын халықтан жасырды: ü 197086 жылдар нақты жалақы 20% төмендеген. ü 1985 жылғы 1 сом 1960 жылғы 54 тиынға тең боды. Ø орташа зейнетақы 51,1 сомнан 93,2 сомға көтерілді. 1971 жылы колхозшылар үшін де зейнетақы белгілеу тәртібі енгізілді. Ø 197080 жылдары 887,7 мың пәтер тұрғызылып, 3 млн.нан астам адам қоныстандырылды. Осы мәліметтер халықтың тұрмыс дәрежесі үнемі өсіп келеді деген ой туғызады, ал іс жүзінде халық тұрмысы 3040 жылдармен салыстырғанда ғана жақсарды. Денсаулық сақтау саласының көрсеткіштері 2025 жылдар деңгейінде қалып қойды. Дамыған капиталистік елдерден халықтың материалдық тұрмыс дейгейінің елеулі түрде артта қалушылығы күшейді. Оның себептері: әлеуметтік саланы дамытудағы қалдықты ұстанымның сақталуы; тауарлар сапасының нашарлауы; ақы төлеудегі теңгермешілік; қоғамдық меншіктің өктемдігі. Тұрмыс дейгейінің төмендеуінің зардаптары: Қазақстан халықтың тұрмыс дәрежесі бойынша Одақтың көрсеткіштерден артта қалды; еңбекке немқұрайлы қарау туындады; ұрлық, еңбек тәртібінің құлдырауы, маскұнемдік жаппай құбылысқа айналды, тауар зәрулігі күшейді. 1979 жылы Алматы қаласындағы жергілікті ұлт өкілдері 11% болды. Өнеркәсіпте істейтін қазақ жұмысшылары 12%. 76) М.Горбачевтің реформалары кезеңіндегі Қазақстан (1985-1991 жж.).
|