![]() |
Есім хан.(1598-1628жж.) 4 pageDate: 2015-10-07; view: 680. 1985 жылғы сәуір айында Кеңестер одағы Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің пленумы болды. Онда Орталық партия комитетінің Бас хатшысы М.С. Горбачев баяндама жасап, қоғамды демократиялық бағытта қайта құру жөнінде шешім қабылданды. Бірақ бұл шешім тек сөз жүзінде қалды. Іс жүзінде ол кеңес қоғамын ыдыратуды тездетті. Оны Қазақстанның партия, кеңес органдары қызметінен байқауға болады. Тоқырау жылдарында Одақтың барлық ауқымында, оның ішінде Қ.станда да басқару ісінде жағымпаздық, парқорлық, рушылдық, жершілдік сияқты көптеген келеңсіз құбылыстар орын алғаны белгілі. Бұл жылдары ұлт саясатында, әлеуметтік экономикалық және кадр мәселелерінде көптеген ауытқушылыққа жол берілді. Жалпы барлық кеңес қоғамында бұл кезде қоғамдық ойдың мәні өзгеріп, сөз бен істің арасында алшақтық, қайшылық кең өріс алды. Кадр мәселелерін шешу партия комитеттерінің тек бірінші басшыларының айтуымен, солардың таңдауымен жүретін болды. Оларда іріктеу тек туыстық, жерлестік, бастыққа берілгендік жағдайлар мен маңызды рөл атқарды. 77) 1986 ж. Желтоқсан оқиғасы: себептері мен сипаты. 1986 жылдарда Қ.станның жоғарғы органдарына орталықтан басшы кадрлар жіберу кеңінен орын алды. Оларды қызметке жібергенде жергілікті жердің пікірі, республиканың тарихи жағдайы, оның салт дәстүрі есепке алынбады. Мұндай жағдай 1986 жылғы 16 желтоқсан күні Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы Д.А. Қонаевтің орнынан алған кезде айырықша көзге түсті. Пленум мәжілісі небәрі 18 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде 22 жыл Қазақстан Компартиясын басқарған Д.А. Қонаев қызметінен алынып, оның орнына Мәскеу жіберген Г.В. Колбин сайланды. Мұның өзі қайта құру мен демократиядан үлкен үміт күтіп отырған республика халқының, соның ішінде қазақ жастарының наразылығын туғызды. Пленум өткеннен кейін екінші күні Орталық Партия Комитеті үйі алдындағы алаңға өздерінің Пленум шешімімен келіспейтіндігін білдіру үшін жұмысшы және студент жастар, оқушылар және т.б. жиналды. Олардың қолдарында ұстаған ұрандарының арасында «Әр халықтың өз ұлттық көсемі болу керек» деген ұран болды. Мұндай көсемнің Қ.станда тұратын орыс халқы өкілдерінен де мүмкін екендігі айтылды. Міне осындай күрделі жағдайда Г.В. Колбин партия Орталық Комитетінің бюро мәжілісін шақыртып, оған С.М.Мұқашев, Н.Назарбаев, О.С. Мирошхин, Л. Даулетова т.б. қатысты. Бірақ олар алаңға шыққан жастардың жүрегіне жол таба алмады. Қазақ жастарының 1986 жылғы желтоқсандағы шеруінің түрі ұлттық болғанымен ұлтшылдық емес еді. Жүйе оны «Қазақ ұлтшылдығы» деп айтуға дейін барды. Осыған байланысты 1987ж. партия ұйымдарында тазалау басталды. 78) КСРО-ның ыдырауы. ТМД-ның құрылуы. Қ.станның тәуелсіздік алуы бұрынғы кеңес қоғамында қалыптасқан ахуал қоғамдық жүйенің күйреуінің, Кеңестер Одағының ыдырау салдары нәтижесінде іске асты. КСРО ның құлауының басты себептерінің бірі ондағы орын алған экономикалық күрделі мәселелер, экономикалық дамуды артта қалушылық. Атап айтқанда, Одақ экономикасының технологиялық жағынан артта қалуы, сондай ақ өндіріс шығарған тауарлардың бүкіл әлемде бәсекеге түсу қабілетінің әлсіздігі еді. КСРОның экономикасының артта қалуы 1970 жылдан басталған тоқырау кезеңінде, халық шаруашылығы жоспарларының орындалмауынан өз көрінісін тапты. Экономиканың артта қалуы әсіресе ауыл шаруашылығы саласында өріс алды. Жалпы бүкіл Одақ бойынша 1970-85 жылдары тоқырау кезеңінде экономиканың басты көрсеткіштері өспеді, керісінше төмендеп кетті. КСРОның экономикасының артта қалуы Қ.станға да өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Осы айталған кемшіліктер мен қайшылықтардың салдарынан 70-ші жылдардан бастап 80-ші жылдардың аяғына дейін Қ.стандағы жан басына шаққандағы ұлттық табыстың көлемі Одақпен салыстырғанда 12%-ға төмендеді. Кеңестер Одағының құлауының саяси себептері туралы айтқанда, ондағы саяси идеологиялық бірлік пен біртұтастық сол сексенінші жылдардың соңы мен тоқсаныншы жылдардың басында ақ көзден ғайып болғанын ерекше атап көрсеткен жөн. Бұл кезде Кеңес Одағы елдерінде бұрын болмаған ұлт толқулары күшейді. Ақыр соңында ұлтаралық қайшылықтар тартысқа, ал тартыс қантөгіске әкеліп тіреді. Бұған мысал ретінде Қ.станда болған 1986ж. көтеріліс. Сондықтан бірқатар ұлт республиалары Одақтан бөлініп шығу, өздерінің егеменді мемлекет болуы жөніндегі талаптарын қойды. Осының нәтижесінде 1988 жылдың қараша 89-ж-ң мамыр айлары аралығында Балтық жағалауындағы Эстония, Литва, Латва мемл.ң егемендігі туралы құжаттарын қабылдады. Сөйтіп КСРО дан шығып тәуелсіз емлекетке айналды. Осыдан кейін көп кешікпей ақ 1989-90 ж. егемендік туралы Декларацияны КСРОның басқа республикалары да қабылдады. 1991 ж. 8 желтоқсанда Белорусь, РСФСР және Украина республикаларының басшылары Мнск қаласында (Беловеж кездесу) кездесіп, мәлімдеме қабылдады. Онда саяси одақ тұйыққа тірелді, сондықтан республикалардың Одақтан шығуы объективтік процесс және тәуелсіз жеке мемлекет құру шынайы факті болып отыр деп көрсетілді. Мұның өзі бұрынғы Одаққа кірген барлық мемл.ң, жаңа достық Одағын ТМД құруға жол ашты. Бұл құрылым бұрынғы Одақ бойынша осы кезге дейін алынған халықаралық міндеттердің орындалуына кепілдеме береді, ядролық қарудың таралуына жол бермейді және оған біріңғай бақылау орнатуды қамтамасыз етеді деп көрсетеді.Бірақ бұл шешім басқа респ.ң наразылығын тудырды. Себебі заң б/ша Қ.стан, Орта Азия, Закавказье респ.ң келісімінсіз бұл үш республика егемендік туралы күрделі мәселені жеке шешуге тиіс емес еді. Сол себепті 1991 ж.12 желтоқсанында Ашхабад қаласында Орта Азия республикалары мен Қ.стан басшыларының кездесуі болып өтті. Онда ТМДға тек барлық респуб.ң тең құқықтық негізінде құрылушылық жағдайын мойындағанда ғана қосылуға болатындығы айырықша атап көрсетіледі. 1991 жылғы 21желтоқсанда Алматыда 11 республика өкілдері қатынасқан кездесу болды. Олар тең құқықтық жағдайда ТМД құрылғандығы жөнінде шартқа қол қойды. Онда жалпы бағыттағы көкейтесті саяси және әлеуметтік экономикалық мәселелер шешу көзделді. 79. Қазақстандағы экологиялық мәселелер. “Невада-Семей” қозғалысы.1989 жылы ақпан айында алғашқы антиядролық қозғалыс құрылды. Олжас Сүлейменов басқарған бұл қозғалыс әлемді ұйқысынан оятып, адамдардың бейбіт өмір сүру құқығын талап етуіне жол ашты. Халықты дүние жүзінде аузынан от шашқан тажалды бітеу үшін көтерген "Невада-Семей" козғалысын бүгінде білмейтін адам жоқ. 1991 жылы 29 тамызда Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы жарлыққа қол қойды. Ұлттық ақыл-ойдың Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов сынды кемеңгерлері дүниеге келген, Алаш жұртының рухани әрі мәдени орталығы болған Семей топырағы 40 жылдан астам уақыт бойы ядролық қару сынақтарының салдарынан экологиясы бұзылып, халқы теңдессіз зардап шекті. Тарихи деректерге көз жүгірсек, алғаш рет 1949 жылы сынақ жасалған кезден бастап 1989 жылға дейінгі аралықта 490 ядролық жарылыс жасалса, оның 117-сі жер бетінде жүзеге асқан екен. Осы сынақтарға қоса химиялық жарылғыш заттарды қолдану арқылы 175 жарылыс өткізілген. Жалпы Семей полигонында жасалған бұл сынақтардың жиынтық қуаты Хиросима қаласына тасталған атом бомбысынан 2,5 мың есе артық. Ал қолдан жасалған апаттың салдарынан зардап шеккен адамдардың саны 1,5 миллионнан асып отыр. Демек, осындай алапат қасіретке душар қылған Семей полигонының символикалық мән-маңызы өте зор болып отырғандығы шындық. Қазіргі таңда бұл өңір қырып-жою қаруы нысаны ретіндегі өмірін толығымен тоқтатып, оның қарусыздану әрі бейбітшілікті нығайтуға бет бұрған өңір ретіндегі танымалдығы артып келеді. Өйткені дәл осы өңірде 2006 жылы қыркүйектің 8-інде Қазақстан Республикасы мен Орталық Азия елдері арасында Ядролық қарудан азамат аймақ туралы шартқа қол қойылды. Бұның жаһандық әрі өңірлік қауіпсіздікті нығайтуға қосылған маңызды ұжымдық үлесті білдірудегі мәні ерекше. Сонымен қатар әлем жұртшылығына киелі қазақ жерін бірнеше ондаған жылдар ойсыз ойрандап, жер асты былай тұрсын, тіпті ашық ауада адамзат өміріне аса қатерлі атом сынағына тосқауыл болған «Невада-Семей» қозғалысы да осы жерде құрылған болатын. Қозғалыс ядролық сынақ нысандарының жабылуына ғана ықпал етпей, сонымен қатар ауқымы кең қызметтерімен экологияға, табиғатты қорғау мәселелеріне, халықаралық деңгейлерде адам құқығы проблемаларын шешуге де мұрындық бола білді 80. Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін алуы.Кеңестік жүйенің ауқымынан босап шыққан республикалар «кеңестік», «социалистік» деген атаулардан бас тарта бастады. 1991 жылғы желтоқсанның 10-ы Республика Жағарғы Кеңесінің сессиясында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын Қазақстан Республикасы деп өзгертілді. КСРО-ның ыдырау процесін тездеткен 1991 жылғы тамыз бүлігі 1991 жылдың қазанына қарай көптеген республикалардың өз тәуелсіздігін жариялауына септігін тигізді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Республиканың Жоғарғы Қеңесінің жетінші сессиясында « Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы»Заң қабылданды. Осы күні Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Сонымен, 1991 жылғы 16 желтоқсан Республиканың тәуесіздік алған күні.Қабылданған Заң бойынша Қазақстан тәуелсіз демократиялық құқылық мемлекет ретінде анықталды. Ол өз аумағында барлық өкімет билігін толығынан қолданады ішкі және сыртқы саясатты өз бетінше жүргізеді, республика барлық мемлекеттер мен халықаралық құқық принципі негізінде өз қарым-қатынасын орнықтырады. Қазақстан Республикасының шекаралары біртұтас бөлінбейді және оған қол сұғуға болмайды. Қазақстан Республикасының және оның атқарушы өкіметінең басшысы Президент болып табылады. Сонымен, Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануы еліміз тарихындағы аса ірі маңызы бар оқиға болып табылады 81. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы экономикалық қайта құрулар және нарыққа көшудің қиындықтары. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында өз алдына ұлттық мемлекет қалыптасып, шаруашылық жүргізудің әкімшілік әдісімен аралас нарықтық қатынас қағидаларына ауысу үрдісі байқалды. Әрине, 90-жылдардың қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық қиыншылығы мен ауыртпалығы аз болған жоқ. Әсіресе, өтпелі кезеңде орын алған қиындықтар зардабы ауыл шаруашылығына, бүкіл аграрлық секторға қолайсыз болды. Аграрлық дағдарыстың табиғаты, негізгі себептері мен одан шығу жолдары ғылыми және көпшілік әдебиетте аз жазылған жоқ. Осы өзекті әрі көкейтесті мәселе Республика Президентінің еңбектерінде, түрлі заң және атқарушы органдардың күнделікті іс-тәжірибелерінің күн тәртібінен түспегені белгілі. Бірақ ел экономикасының маңызды және өмірлік қажет саласының әлеуметтік мәселелерін, әкімшілік басқару жүйесінен нарықтық жүйеге көшуге байланысты аграрлық саланың тұрақты және тиімді даму бағыттарын анықтайтын теориялық және тәжірбиелік маңыздылығын одан әрі зерттеп, зерделеу керектігі ешбір күмән тудырмайды. 82. Қазақстанның БҰҰ-на мүше болуы. Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатының қалыптасуы.егемендік алғанға дейінгі кезеңде Қазақ елі Ресей патшалығының құрамында, одан кейін, КСРО құрамында болғандығы тарихымыздан белгілі. Қазақ елі үшін жаңа кезеңнің баспалдақтары 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялап, әлемдегі өзге мемлекеттермен терезесі тең дәрежеде дамуының алғашқы кезеңдерінде басталған еді. Қазақ елі егеменді мемлекет ретінде 1992 жылы Қазақстан БҰҰ-ға мүше болып қабылданды, осы жылы 29 қыркүйекте қазақтардың Бірінші дүниежүзілік құрылтайы ашылды. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймактық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймактағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен ей жакты байланыс едәір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссель, Лондон, Пекин, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады. 83. 1995 ж. Қазақстан Республикасының Конституциясы, негізгі мазмұны1995 жылғы Конституцияға сай Қазақстан Республикасында конституциялық бақылаудың жаңа моделі – Конституциялық Кеңес белгіленген болатын. Бұл мемлекеттік органның басты мақсаты – Қазақстан Республикасы Конституциясының Республиканың бүкіл аумағында үстемдігін қамтамасыз ету, сонымен бірге ол билік тармақтарының бірде-біріне кірмейді. Конституциялық Кеңес өз өкілеттіктерін мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдар мен азаматтардан дербес және тәуелсіз іске асырады, Қазақстан Республикасының Конституциясына ғана бағынады, ешбір саяси және өзге де себептерді негіз етіп ала алмайды. Қазақстан Республикасының Президенті, Парламент Палаталарының Төрағалары, Парламент депутаттары жалпы санының кемінде бестен бірі, Премьер-Министр Конституциялық Кеңеске өтініш беру субъектілері болып табылады. 84. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі.1992 жылы қыркүйек-қазан айларында Алматыда дүние жүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы өтті. Әлемнің 13 елінен келген отандастарымыз қатарында үлкен қазақ диаспорасы бар Өзбекстан (870 мың) мен Ресейден (660 мың) келушілер көп болды. Барлық қатысушылар саны 800 адам болды. Құрылтайда Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 26 маусымда қабылдаған "Көшіп келу туралы” Заң негізінде қандастарымыздың елге оралуына мүмкіндік жасалғаны айтылды. Дүние жүзі қазақтарының құрылтайына қатысушылардың Қазақ халқына Үндеуі жарияланды. Онда: 30 қыркүйек – Ұлттық бірлік күні деп аталды. – Бүкіл әлемдегі отандастарымызды Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік, мәдени-интеллектуалдық мүмкіншілігін молайтуға, бар қабілеті мен еңбегін туған ел игілігіне жұмсауға шақырды. 2002 жылғы 23 қазанда Түркістанда дүние жүзі қазақтарының екінші құрылтайы өтті. Оған 400-ге жуық адам қатысты. Бұл құрылтайда оралмандардың елге оралу мәселесі қаралып, көші-қон квотасының мөлшерін ұлғайту жоспары қарастырылды. 2003 жылы 5 мың отбасы, 2004 жылы 10 мың отбасы, 2005 жылы 15 мың отбасы елге көшіп келді, жылына 50-60 мың оралман оралады. 1993 жылы 17 желтоқсанда Қазақтардың дүние жүзілік қауымдастығының тұсау кесер салтанатыболды. Сол жылдың өзінде-ақ Қазақстанға Монғолиядан, Түркиядан, Ираннан және ТМД елдерінен 7,5 мың қазақ отбасы көшіп келді. 1992 жылғы 14 желтоқсанда Алматыда Қазақстан халықтарының тұңғыш форумы өткізілді. Форумда негізінен мынандай мәселелер қаралды: 1. Жаңа көзқарас тұрғысынан интернационализм мен тату көршілік қатынас жағдайлары талқыланды. 2. Президенттің Бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығы алғаш рет академик М. Сүлейменовке, халық жазушысы Д. Снегинге, жазушы, аудармашы Г. Бельгерге тапсырылды. Қазақстандағы компартиялық жүйе.Қазақстанның егемендік алуы, КСРО диктатурасының құлайуы қоғамдық дамудың табиғи атрибуты боп саналатын көппартиялықтың өрістеуіне жол ашты. 1993 жылдың соңында Қазақстанда 4 саяси партия тіркелді. Олар – Социалистік партия, Қазақстанның республикалық партиясы, "Қазақстанның халық Конгресі” және Коммунистік партия. Қоғамдық қозғалыстардан – ядролық жарылысқа қарсы "Невада-Семей”, азаматтық "Азат” және "Қазақстанның халық бірлігі” одағы, 11 республикалық ұлттық мәдени топтар тіркелді.Сондай-ақ республикада 300-ден аса қоғамдық-саяси ұйымдар, 68 әр түрлі қорлар тіркеуге алынды. 1993 жылдың соңына қарай қоғамдық-саяси қозғалыстар берік саяси күшке айналды. 1994 жылғы желтоқсанда "Қазақстанның халықтық-кооперативтік париясы”, 1995 жылғы қаңтарда "Қазақстанның өрлеу партиясы”, 1995 жылдың басында "Қазақстанның аграрлық партиясы”, 1995 жылғы жазда "Қазақстанның демократиялық партиясы” құрылды. 1998 жылғы қарашада "Ақ жол” қоғамдық қозғалысы құрылды. Жетекшісі – Н. Оразалин. Мақсаты: Президент Н.Ә. Назарбаевтың саяси бағытын қолдау. "Қазақстан-2030” стратегиясын жүзегег асыру. Зиялы өкілдер мүдделерін қорғау. 1999 жылғы қаңтарда "Отан” партиясы құрылды. Төарғасы – Т. Терещенко. Бұл партия Н.Ә. Назарбаевтың Президенттікке кандидатурасын қолдау қоғамдық штабы негізінде құрылды. 1999 жылғы 14 қаңтарда "Қазақстанның отаншылар” партиясы құрылды. Жалпы 1999 жылы республикада барлығы 14 саяси партиялар мен 30-ға жуық саяси қоғамдық қозғалыстар, бірлестіктер құрылды. 2001 жылғы қарашада "Қазақстанның демократиялық таңдауы” атты қоғамдық-саяси бірлестік құрылды. 2000 жылы республикадағы ресми тіркелген партиялар саны –15. Елімізде саяси партиялардың және партиялық жүйелердің орнығуына, тәуелсіз баспасөздің дамуына көп көңіл бөлінді. Бұл жағдай республиканың өркендеуіне, қоғамның демократиялануына, реформаның тередеуіне, экономиканың және халықтың тұрмыс-тіршілігінің жақсаруына ықпал етті. 85. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы. Ұлттық мәдени орталықтар.1 мамыр – Қазақстан халық тарының бірлігі күні. 1995 жыл дың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық тату лық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.
|