![]() |
Сактар.Date: 2015-10-07; view: 802. Б.з.д. 1-м.ж. Жетісудан Қаратеңізге дейінгі, Алтайдан Хорезмге дейінгі территорияны "сақ" атауына ие болған көптеген тайпалар мекендеді. "Тарих атасы" Герадот (б.з.д. 5-ғ.ортасы) оларды "скифтер" деп жазады. Ирандыктар сақтар деп атады. Сақтардың этномэдени кеңістігіне көптеген тайпалар кіреді. Олардың нақты санын білу мүмкін емес. Грек деректерінде - даилар, массагетгер, исседондар, т.б., парсы деректерінде -хаомоварга, тиграхауда, парадария сақтары деп аталады. Антропологиялық типі - еуропеоидтық. Сонымен қатар монголоидтық белгілердің күшеюі байқалады. Қоғамдық құрылысы: Сақ тайпаларының негізгі үш тобы белгілі - парадария (Қара теңіздің солтүстігі, Арал теңізі маңы, Амудария мен Сырдарияның төменгі ағысы), Ғүндар. Б.з.б. 1 мыңжылдықга Орталық Азияның байтақ жерін этникалық қүрамы эртүрлі тайпалар мекендеген. Шаруашылықтың дамуы, саяси бірлік оларды өзара жақындатып, ірі тайпалық бірлестіктер күрыла бастайды. Б.з.б. Шг. Соңында қытай деректерінде "хунну" немесе "ғүн" атауы кездеседі.Б.з.б. 206ж. ғұндардың билеушісі Мөде шаньюй батыста үйсіндерге шабуыл жасады. Қытай билеушісі де Мөдеге бас иіп, оған жыл сайын салық телеп тұрған.^Ғұндардың территориясы - Байкалдан Тибетке, Шығыс Түркістаннан Хуанхэнің орта ағысындағы жерлер. Б.з.д. 55ж. ғұн одағы екіге бөлінеді. Оңтүстігі Қытайға бағынса, Солтүстік ғұндар Монғолияның солтүстік-батысында өз ордаларын қүрады. Оңтүстік пен солтустіктің өзара қырқыстарынан кейін,Чжи-чжи бастаган солтүстік ғұндар батысқа қарай қоныс аударады. Ғұндар Қазақстанға дәуілер тоғысында Орталық Азиядан келді. Бұл "халықтардың үлы қоныс аударуы" оқиғаларымен тұспа-тұс келеді. Б.з^я 93-ж. ғұндардың Қазақстанға қекінші рет қоныс аударуы басталады. Олар Сырдария, Арал маңы, Орталық жэне Батыс Қазақстанға жетгі. Б.з. 4ғ. Онтүстік Орал, Дунай даласына жетіп "ғұндар деген атпен Венгрияға қоныстанады. Ғұндардың тарихы жауынгергік жорықтарға толы. Еділ (Атила) басшылығымен ғұндар еуррпалық елдердің бірқатарын тізе бүктірген. Б.з. 5-ғ. ортасында Еділ эскері Шығыс Рим империясын жеңеді. Еділ басқарған кезде Ғұн империясы дамуының жоғарғы сатысына жетті. Ол Еуропаны Рим үстемдігінен азат етп, күл иеленушіліктің жойылуына ықпал етті, эскери-демократиялық құрлыс нығайды. 453ж. Еділ қайтыс болғаннан ксйін ғұн тайпалық одағы ыдырай бастайды. Шаруашьшығы: көшпелі мал шаруашылығы ерекше маңызды болды. Егіншілік пен аңшылық дамыды. М. Қашкари*(11г.) ғұндардың отырықшыланып жэне туркілене бастағанын жазады. Қоғамдық құрлысы: патриархалдық-рулық қатынастар үстемдік етті. 24 руға бөлінді, эр руды ақсақалдар басқарды. Жылына 3 рет халық жиналысы өткізіліп, мемлекеттік істер талқыланып, Көк құдайына арнап құрбандық шалған. Малға, жерге жеке меншік болган. Мемлекетбасшысы - шаньюй немесе түрікше "тәңірқұт" деп аталган. Билік мұрагерлік жолмен берілген. Тұракты салық жүйесі болған. Жазу ісі дамыған. Ғұндарда таптық когам, мемлекеттік басқарудың басты белгілері болды: жеке меншік болды, алғашқы әкімшілік аппарат құрылды, салық енгізілді, құқық артықшылығының ережесі қалыптасты. Үйсіндер мен қаңлылар. Б.з.б. I г. соңында Қазақстан даласында сактарды ығыстырған жаңа тайпалық одэктар пайда болды. Олар үйсіндер, қаңлылар және т.б.(сармат, алан).Б.з.б. 2-г. үйсіндер Орталық Азиядан Жетісуга қоныс аударған. Олар тиграхауда сақтарының жерін, яғни Іле алқабын мекендеген. Мемлекет 3-ке бөлінген: шыгыс, батыс, орталық. Астансы Ыстықкөл жағасындағы Чигучен (Қызыл Аңғар) қаласы. Билеушісінің титулы - гуньмо (күнби). Әскер басшылары мен жагары лауазым иелері алтыннан, мыстан жасалған мөр ұстаса, қарапайым халық тас пен саздан жасалған мөр ұстаған. Бұл жеке меншік болғанының үлгісі. Үйсіндер Қытаймен дипломатиялық жэне туыстық қатынаста болды. Олар ұйғыр, Енисей қыргыздары, Еділ бойы халықтарымен сауда байланысын жасаган. Қаңлы, ғұндармен жайылым жерб сауда жолдары үшін согысқан. Шаруашылыгы: мал шаруашылыгымен, соның ішінде жылқы өсірумен көп айналыскан. Суармалы егіншілік дамыды. Көбінесе тары мен арпа еккен. Мыс, қалайы, қорғасын, алтын кен орындарын пайдаланған. Зергерлік өнер жогары дамыган. Оган дэлел Ақгас зиратынан табылған алқа, Қарғалыдан табылған диадема. Қарғалы диадемасындагы бейнелер Алтын адамның бас киіміне ұқсайды. Бұл бейнелер үңді-иран халықтарының элем туралы түсінігін байқатады. Тастан салынган үйлер, киіз үйлер болған. Жерлеу дэстүрі: басы батысқа қаратылып, қолы жанына қойылып жерленген. Жаратушы күшке табынып, арнайы құрбандықтар шалған. Қаңлылар. Қаңлы туралы мэліметтер б.з.б. Пғ. Қытай деректеріңде кездеседі. Б.з.б^ III ғ. Қазақстанның оңтүстігінде қаңлылардың тайпалық бірлестігі құрылады. Территориясы: Қаратау жстасы, Сьфдарияның орта ағысы. Астанасы - Битьян қаласы (Түркістан қаласы маңы). Билеушінің титулы - хан, кейде би немесе бек деп аталган. Деректер бойынша қаңлы елі бес бөлікке бөлінген.Әр бөліктің басшылары жоғарғы ханға бағынған. Билік мұраға қалдырылған. Б.з. қарсаңында Қаңлылар ірі мемлекеттік бірлестікке айналады. Ғұндар мен үйсіндермен соғыстар жүргізіп отырған. Өз жерімен өтетін ¥лы Жібек жолына бақылау орнатқан. Шаруашылыгы: көшпелі мал шаруашылығы. Көбінесе жылқы мен қой өсірген. Отырықшылық дамып, ежелгі қоныстар мен қалалар қалыптаса бастады. Қосалқы шаруашылық - аңшылық пен балық аулау. Металлургия дамыды. Қолөнердің жүн өндеу кэсібі жақсы дамыды. Сауда байланысының дамығанын осы аймактардан табылган мыңдаған теңгелер дэлелдейді. Иран, Сирия, Үндістан, Қытай елдерімен сауда жасаған. Діні: ата-баба аруағына, табигат күштеріне табынып, оларға арнап құрбандық шалған. Сонымен қатар күнге, айға жұлдыздарға табынған. Жұлдыздар арқылы жайылымға көшу, егін егу уақытгарын белгілеп отырған. Үйсіндер мен қаңлылардың соғысуынан екі мемлекет ыдырап, Түрік қағанатының құрамына кіреді. Түрік дәуірі. У-УІғғ. Қазақстан территориясында ерте ортагасырлық мемлекеттер қалыптаса бастады. Олардың алгышарттары: қогамдық қатынастардың өзгеруі, тагпық қатынастардың пайда болуы болды. Уғ. түркі тілдес теле тайпасы Солтүстік монғолиядан Щыгыс Еуропаға дейінгі далад өмір сүрді. 535ж. Алтайдағы түрік тайпаларын ашина тайпасынан шыққан қолбасшы Бумын біріктіре бастады. 546ж. теле тайпалары түріктерге қосылып үлкен күшке ие болған Бумын авар (жуань-жуань) мемлекетін талқандайды. 552ж. Түрік қағанаты құрылып(552-603жж.), Бумын өзін қаған деп жариялады. "Түрік" атауы алғаш рет қытай деректерінде 542ж. аталады. Алғашкыда "түрік" этнонимі эскери шонжарлар деген мағынаны білдірсе, кейін үстемдік етуші тайпа осылай аталды. Бумын қаганның мұрагерлері Қара Еске мен Мұкан қағандар тұсында мемлекет Орталық Азияда саяси үстемдікке жетті.ҮІғ. Қазақстан жері Түрік қағанатының иелігінде болды.Түрік қағанаты 10 ұлысқа бөлінді, эр ұлысты шад басқарады. Үлыстық үстемдік белгісі ретінде 10 алтын жебе берілді. Естеми'каған кезінде қағанат әлсіреді, оның себептері: ішкі тартыстар, әлеуметгік қайшьшықтар, көрші елдермен согыс. 603ж. қаганат 2-ге бөдінді: Батыс жэне шығыс Түрік қағанаттары. Қазіргі Қазақстан территориясы Батыс Түрік қағанаты құрамына кіреді. Батыс Түрік қағанаты (603-704жж.) - орталығы Жетісу, астанасы - Суяб қаласы. Халқы ежелгі үйсін жерінің Қаратаудан Жоңғарияға дейінгі аралығын мекендеген 10 тайпадан тұрды. Тайпа екіге бөлінді: дулу (Шу өзенінен шығыска орналасқан 5 тайпа), нушиби (Шу өзенінен батысқа қарай мекендеген 5 тайпа). Қоғамдық құрылымы: қаганатгы ашина тайпасынан шыққан ақсүйектер басқарды. Қаған - ең жогарғы билеуші, эскер басы, жердің иесі.—►Шад.жабғу, елтебер(ашина руынан шыққан жогары шенділер),—►Бек(ру, тайпа басшысы), тархан, бұйрықтар(сот қызметін атқарушылар),-£Тұдын (салық жинаушы),-^қарабұдын(қарапайым халықН?Гаттар(құлдар). Жегүй жэне Тоқжабғу қағандар тұсында қағанат күшейе түсті. Олар жаңа жорықтар жасап, қаганат шекарасын солтүстік батыс Үндістанға дейін созды. Батыс Түрік қағандары жаулап алган аймақтардың саяси жүйесіне езгерістер енгізбей, тек салық жинаумен шектелді. 16-жылға созылған(640-657жж) ішкі согыстардың қағанатгы әлсіретуі салдарынан Таң империясы Жетісуды басып алды. Түріктердің Таң империясына қарсы күресі қағанат құрамындагы түркештердің күшеюіне әкелді. 704ж. Жетісудағы билікті түркештер жеңіп алады. Түркеш қаганаты(704-756жж.) Түркештер Шу мен Іле езені аралығын қоныстанған. Алгашқы қағаны - Үшелік. Территориясы :Шаш - Тұрпан -Бесбалақ аралығы. Астанасы - Суяб, жазгы ордасы - Күнгіт қалалары. Бүкіл жер 20 үлесті аймаққа бөлінді. Әр түтікте 7 мың эскер болған. Қағанат екі қарсылас топқа бөлінді: сары түркештёрТСуяб), қара түркештер(Тараз). 705ж. Орта Азия мен Қазақстанга арабтардың жорыгы басталды. 706ж. Түркештер согдылармен одақтасып, Бұхар маңында арабтарды жеңеді. Үшеліктің ұлы Сақал қаған бүкіл Орта Азияны бағындырды. 708ж. сарылар мен қаралар арасындағы шиеленіс күшейеді. Нәтижесінде қағанат күйрейді, тек 7 жыл өткен соң Сұлық каган оны қалпына келтіреді. Билік қара түркештерге көшіп, орда Таразда болды. Сұлық қаған арабтармен күресте ерекше көзге түсіп "Сүзеген" деген атқа ие болады. Ішкі қақтығыстардан қағанат элсіреп, 756ж. құлады. Қарлұқ кағанаты(756-940жж.). Территориясы - Алтайдан Балхаш көлінің шығыс жағалауына дейін.7 ғ. ортасында бұлақ, шігіл тайпалары бірігіп қарлұқ бірлестігін қүрды. Басшысы елтебер деп аталды.8 ғ. ортасында қарлұктар Жетісуга көшті. 756ж. Қарлұқ қаганаты құрылды. Астанасы- Суяб. Қағанаттың б^илеушісі жабғу, 840ж. бастап қаған деп аталды. Қарлұқтар 791ж. ұйғырлардан, одан кейін арабтардан жеңіліп ұйгырларға тэуелді болады. 840ж. ұйғыр қағанаты қүлаганнан кейін Білге Құл-Қадырхан өзін қаған деп жариялап, қарлұқтар бостандыгын мэлімдеді. Қарлұқтардың құрамында 9 тайпа болған. Сонымен қатар соғды және оғыз тайпаларының бір бөлігі де кірген. Тілі - түрік. Қарлұқ қалалары: Тараз, Құлан, Мерке, Атлах т.б. Қарлұқ тайпалары Жетісуда 200 жылдай билік құрды. Қағанаттың элсіреуінің себептері: ішкі тартыстар, жайылым үшін күрестер. 940ж. Қарлұк қағанаты өмір сүруін тоқтатты. Оғыз мемлекеті(9-11ғғ. басы). 8ғ. ортасында оғыз тайлалары Жетісудан Шу өзеніне қарай коныс аударады. 9ғ. басында Сырдарияның төменгі ағысы мен Арал өңірін қоныстанса, ғасырдың соңында Еділ мен Жайық аралығын мекендеді. 9-10ғғ. Оғыз мемлекеті қалыптасты. Оғыз мемлекеті туралы алгашқы дерек Әл-Якуби(9ғ.) жазбаларында берілген. Астанасы - Янгикент(Жаңа Гузия). Билеушісі - жабғу. Оның орынбасары - күл-еркін. Әскербасы - сюбашы. Тұракты салық жүйесі болды. М. Қашқаридың дерегі бойынша оғыздарда 24 тайпа болған. Шаруашылығы - мал шаруашылығы. Жент, Сауран, Фараб, Сығанақ қалаларының халқы егіншілік пен қолөнермен айналысқан. Діні: пұтқа табыну, шаманизм, кейнірек ислам діні. Саяси өмірі: 965ж. Киев Русімен одактасып, хазарияны талқандады. 985ж. Еділ бұлгариясын жеңеді. Юғ. екінші жартысында Әли жабғу тұсында салық ауыртпалыгына қарсы көтерілістер болды. Әли жабғудың мұрагері Шахмәлік өз билігін күшейтіп, көтерілістерді басып,1041ж. Хорезмді жаулады. Шахмәлік селжұқтардың қолынан қаза тапты. Осыдан кейін оғыз мемлекеті құлады. Оның элсіреу себептері: селжұқтармен ұзаққа созылған соғыстар, ішкі тартыстар, қыгаиақтардың шабуылдары. 11ғ. басында оғыз одагы ыдырап, қыпшақ мемлекетінің құрамына кірді. Оғыздар бірнеше белікке бөлініп кетгі: Шығыс еуропа мен Кіші Азияға кетті, Қарахан, селжұқ мемлекеттерінің құрамына кірді, Дешті-Қыпшак тайпаларына сіңісті. Қимақ мемлекеті(9-1 Ігғ. басы). Қимақтар туралы алғашқы мәліметтер қытай деректеріңде кездеседі. Қытайлар оларды "яньмо" деп атайды.7ғ. Монғолияның солтүстік-батысын мекендесе,8-9гғ. Ертіс бойына, Жетісу, Онтүстік Қазақстанға қарай қоныс аударады. Астанасы - Қимақия (Ертіс бойы). Басшысы - жабғу, Юғ. бастап - қаған.840ж. ұйгыр қағанаты құлаганнан кейін оның құрамындағы тайпалар қимақ бірлестігіне қосылады- Қимақ қағанатының құрамын 12(қыгшіақ, қимақ татар т.б.) тайпа құрады. Қимақ мемлекеті 12 ұлысқа бөлініп, оларды эскери көсемдер басқарды. Салық жүйесі болды. 16 қимақ қаласы болғаны деректерде айтылғанымен аттары белгісіз. Шаруашьшығы: көшпелі мал шаруашылығы, егіншілік, қолөнер, балық аулау. Бұлғариямен, Орта Азия, огыз, қарлұқтармен сауда жасаган.Юг. қарай қаганаттың элсіреуінің себебі - ұлыс басшыларының жеке билікке ұмтылуы. 11ғ. қарай қыгшіақ тайпаларының үстемдігі ныгайып билік қыпшақтарға ауыса бастады. Қимақ қаганатының құлау себептері: қыпшақтардың билікке ұмтылуы, ішкі тартыстың күшеюі. Қыпшақтар мемлекеті(11г. Басы-1219ж.). Қыпшактар туралы мэліметтер 2-ғ.бастап белгілі: қыпшақтарды орыстар-половецтер,венгрлер - кундар, батыс еуропа саяхатшылары - кумандар деп атаған. 11ғ. басында қимақ қағанаты құлаган соң эскри-саяси басымдық қыпшақ тайпасының қолына көшті. Қыпшақтар оғыздарды Сырдарияның төменгі жэне орта бойынан, Арал, Каспий маңынан ығыстырды. Сондықтан бұрын "Оғыз даласы" деп аталған жерлер "Дешті-Қыгшіак"(қыпшақ даласы) деп атала бастады(11ғ. 2-ші ширегі).Дешті-Қыпшақтың тарихи-географиялық аумағы - Ертістен Днестрге дейінгі жер. Мемлекеттік құрылымы: басшысы -хан. Мемлекет екі қанатқа бөлінді: оң канат-орталығы Сарайшық; сол қанат - орталығы Сығанақ. Жеке меншікке қол сұгу қатаң жазаланған. Саяси тарихы: оғыз, селжұқ, хорезм, қарахан елдерімен соғыстар жүргізген. 12г. I жартысында Сырдарияның төменгі бойындагы қалалар үшін Орта Азия мемлекетгерімен соғысады.Хорезм билеушілері қыгшіақтарды мұсылмандыққа енгізуді көздеді., алайда Жент пен Фарабтың арасын мекендеген қыпшақтар 12ғ. дейін пұтқа табынушылар болып қалды. Хорезмдіктермен өзара соғыстан элсіреген қыпшақтар 1219ж. Монғол шапқыншылығынан құлайды. Қыгтшақ мемлекеті этникалық, саяси жағынан біртұтас болмады. Қыпшақ тілі қазіргі қазақ тілінің негізін құрайды. Қарахан мемлекеті(942-1210жж.) Қарахан мемлекетінің қалыптасуында Жетісуды мекендеген қарлұқ бірлестігінің тайпалары басты роль атқарды. Қарахан эулетінің негізін салушы - Сатұқ Боғыра хан. Мұса хан 960ж. Исламды мемлекеттік дін деп жариялайды.11-12гг. территориясы - Мэуреннахр - Қашқар аралығы. 11ғ. 30-жж. мемлекет екіге бөлінеді:батыс - астанасы Бүхар; шығыс - астанасы Баласағұн. Мемлекеттік құрылымы: мемлекетгі шығыл жэне яғма 6-ІЗгғ. шаруашылық. Мал шаруашылығы: негізіне көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысып, жылқы мен қой өсірген. Жайылым жерлер ақсүйектер қолында болды. Қыпшақ қоғамында байлық жылқы санымен есептелген. Егіншілік: түрік тайпалары егіншілікпен де айналысқан. Көшпелілердің отырықшылыққа көшуінің себептері: мал санының азаюы, малдың жэне жайылымдардың, су көздерінің ақсүйектер қолына топтасуы. Егіншілікпен негізінен Сырдария, Шу, Талас, Іле өзендері алқаптарында айналысты. Суару жүйелері сақталған.10-12ғғ. Отырар өңірі суармалы егіншіліктің ірі орталығы болды. Жетісу өңірінде-бидай, тары, жүзім есірілген. Қолөнер: түрік тайпаларында қолөнер жақсы дамыды, қыш өндірісі, усталық, зергерлік, тоқымашылық, шыны жасау, сүйек, ағаш өңдеу кәсіпшіліктері болды. Металлургияның дамуы эскерді қару-жарақпен жабдықтауға мүмкіндік берді. Сауда: Ортағасырлық түрік мемлекеттері Византия, Иран, Орта Азия, Кавказ, Алтай, Қытай, Сібірмен сауда байланысын орнатқан. Халықаралық саудада Тараз, Отырар, Сыганак, Испиджаб калаларының маңызы өте зор болды. Сауда қалалардың қалыптасуы мен дамуында үлкен роль атқарды. Ортағасырдағы сауда түрлері: мемлекетаралық сауда, қала мен оның төңірегіндегілер арасындағы сауда, қала мен дала арасындағы сауда. Түрік дэуірінде ақша айналымы жақсы жолға қойылды. 6-8ғғ. тайпа басшылары өз таңбалары басылган теңгелерді шығарған. Испиджаб, Отырар, Таразда монета сарайлары болған. 9-10ғғ. Қазақстанда саманилер эулетінің күміс дирхемдері, алтын динарлары, мыс тенгелері айналымда болды. Алтын динарлар халыкаралық валюта ретінде колданылды. 12-13ғғ. күміс дағдарысына байланысты (күміс кендері сарқылды) дирхемдер мыстан құйылып, сыртына күміс жалатылды. 6-13ғғ.мэдениет. Қала мэдениеті: Ортағасырларда қалалар ірі су көздері бойында, сауда-керуен жолдары бойында, ордалар мен бекіністер жанында пайда болды.Қазақстанның ежелден отырықшылық, ал ортағасырлардан қалалық мәдениет дамыған аймагы - Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу. Оңтүстіктегі қалалар:Испиджап, Отырар, Шауғар, т.б. Жетісудағылар: Тараз, Қулан, Атлах, Мерке. Әр қала тэуелсіз өмір сүрген және өз билеушілері болған. Қалалар негізінен экімшілік-басқару орталықтары, қолөнер, сауда орталықтары болған. Қала халқы негізінен егіншілік, қолөнер, саудамен айналысты. Тараз қаласы "көпестер қаласы" атанды. Қала бірнеше бөліктен түрды: цитадель - қала басшысы түратын әкімшілік аудан, шахристан - бай-шонжарлар, діни қызметкерлер, әскер басшылары ¥лы Жібек жолы(б.з.б.2ғ. Ортасы -15ғ.) ¥лы Жібек жолы туралы мэліметтер будда діндары Сюань Цзяннің қолжазбаларынан белгілі(620-630жж.).Б.з.б. ІІІ-Нғғ. Жібек жолымен алғашқы сауда байланысы жасалған. ¥лы Жібек жолы ежелгі жэне ортағасырларда Шыгыс пен Батысты байланыстырып, Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны қақ жарып өтетін керуен жолының жүйесі. Ол Орта Азия мен қазақстан арқылы өтіп, бірнеше сауда жолдарына бөлінді: лазурит, нефрит, дала. Қазақстан жеріндегі жолдың негізгі бағыттары Жетісу мен Онтүстік Қазақстан арқылы етіп, 4 тармаққа бөлінді: батыстан шығысқа бағытталған жол; Іле бағыты; Еуропа багыты; Орталық жэне Шығыс Қазақстан багыты. Шаш^Отырар, Тараз, Испиджап, Қүлан, Екіогыз қалалары арқылы өткен. Саудадағы басты тауар-жібек. Жібек алтынмен теңеліп, халықаралық валютаға айналған. Жалақы мен қарызды жібекпен төлеген. Алғашқыда ¥лы Жібек жолымен қытай жібегі Батыс Еуропаға тасымалданса, кейіннен ол арқылы Үндістан, Иран, Византия,Араб халифаты, Еуропа, Ресей тауарлары тасымалданды. ¥лы Жібек жолымен ән мен би өнері, эдебиет туындылары тараган. Сонымен қатар буддшм, манихей, зороастризм, ислам діндері таратылды. Қазақстанның Жібек жолы бойындағы қалаларында Батыс пен шығыстың бір-біріне үқсамайтын әртүрлі мэдениеттері бір-бірімен араласып, Бір-бірін байытуына жағдай жасалды.10-12ғғ.Қытайдан шығып Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы Батысқа өтетін жол ерекше жанданады. Оған себеп сауда жолдарына түрік қагандары бақылу орнатты және Ферғана арқылы жүретін жол 7ғ. ішкі қырқыс салдарынан қауіпті болған еді, сонымен қатар аса бай түрік қағандары Жібек жолымен келетін тауарларды аса көп түтынатын еді. Түрік мәдениеті. Б.з. I мыцжылдышнын ортасында Қазақстан тайпаларіі түрік тілінде сөйледі. Түріктердін жазуы туралы алгашкы деректерді Менандр Протектор 6ғ. II жартысында жазып қалдырған. Көне түрік жазуының ескерткіштері Солтүстік Монғолиядан, Орхон өзендерінің бойынан табьщда*.. Одар тасқа жазылған Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк жырлары. Оны 18ғ. 20-жж. Солт. Монғолиядан алғаш тапқан. 1889ж. Н.Ядринцев Орхон өзені бойынан осындай тастарды тапқан. Тастағы жазулар скандинавиялық руна жазуына ұқсас болғандықтан руна("құпия") жазуы деп аталған. 1893ж. Дат ғалымы В. Томсен алғаш рет "түрік" жэне "тэңірі" деген сөздерді оқыған. Толық тексті окуға үлес қосқан В. Радлов. Руна жазулары сипаты жағынан маңызы зор тарихи күжаттар, эдеби көркем шығармалар, саяси проза. Қазақстанда руналық ескерткіштер Талас аңгарынан табылды. 6-10ғғ. руна жазуымен қатар соғды, үйгыр жазулары қолданылған.Әдебиет пен ғылым: ауызша шығармашылық кең тарады. 8-10ғғ. Сырдария бойында оғыз-қыпшақтар арасында "Қорқыт ата" эпосы кеңтарады. Қорқыт- атакты жырау, күйші, ойшыл, мэңгілік өмір үшін күресуші. Осы кезеңде "Оғыз нама" эпосы кең таралып, ІЗг. қағазға түсірілген. 7ғ. жазба әдебиет дами бастады. 9-12ғг. ислам дінінің таралуына байланысты эдеби жэне ғылыми шыгармалар араб тіліңде жазылды(Ж. Баласағүн, М. Қашқари) Монғол шапкыншылыгы. 12ғ. соңы - ІЗғ. басында әскери-феодалдық монғол мемлекеті қүрылды. Астанасы - Қарақорым. Негізін салушы бөржігін тайпасының басшысы Есугей бахадүрдің баласы Темучин.1206ж. Хан болып сайланып, Шыңғысхан атанды. Шыңғысхан өз бигігін күшейту үшін, ішкі тартысты болдырмау үшін, ақсүйектердің талабын орындау үшін, халықты жаңа жайылымдармен қаматамасыз ету үшін жаулап алу жорықтарын бастайды. Шыңғысханның соғысу эдістері: жорыққа шықпас бүрын сауда керуенін жіберіп, ол ел туралы мәліметтер жинаган, дінге қысым көрсетпеген, бағынған елдердің соғыс техникасын, халкын басқа соғыстарына пайдаланған.ІЗғ. басында Шыңгысхан Сібір халықтарын, Енисей кырғыздарын,Қытайды жаулап алады. Осыдан кейін Орта Азия, Иран, Таяу Шыгыс, Шығыс Еуропа елдерін багындырмақшы болды. Шыңғысханды жетісудың гүлденген қалалары мен қүнарлы жайылымдары қызықтырды. Ол Жетісуды қарсылықсыз басып алды. Ол бүл өлкедегі тонаушьшық пен өзара қырқысты тоқтатқан болтын. Жегісуды алғаннан кейін монғолдарга Оңтүстік Қазақстан арқылы Орта Азияга жол ашылды. ІЗг. басында Қазақстанның оңтүстігінде Хорезм шахы Мүхаметгің билігі үстем болды. Шыңғысхан мен Хорезмшах мүхамат сауда келісімін жасап, 1218ж. Отырарға 450 адамдық сауда керуені келеді. Отырардың басшысы Қайырхан көпестердің астыртын барлаушылар екенін байқап, бэрін өлтіртеді. Бүл Шыңғысхан жорығының басталуына сылтау болды. 1219ж. қыркүйекте Отырарды қоршау басталады. Алты айда сатқындардың көмегімен қаланы монғолдар алады. Жошы әскері Оңтүстік Қазақстан қалаларына
діктер пайда болды. Олар: Саиф Сараидың "Гүлстан", Хорезмидің "Махаббат-наме", Қүтыбтың "Хүсрау-Шырын" шығармалары. 13-15ғг. Асан Қайғы, Қазтуган, Доспамбет, Шалкиіз жыраулар шығармашылығы ерекшеленеді. Сыпыра жырау Тоқтамыс ханның кезінде өмір сүріп, Алтын Ордада болған қиындықтарды шешуге септігін тигізген. "Едіге", "Қобыланды батыр", ''Ер Тарғын", "Қамбар батыр" жырлары дүниеге келген. Ақ Орда. Шығыс Дешті-Қыгшіақ жерінде 13-15ғғ, басы аралыгында Ақ Орда мемлекеті өмір сүрді. Алғашқыда ол Алтын Орданың құрамында болды. Мемлекеттің негізін салған -Орда Ежен(Жошының үлкен баласы).14ғ. II жартысында Алтын Орда билігі элсіреп, Ақ Орда күшейіп, дамуының ең жоғарғы деңгейіне жетті. Территориясы: Сырдария алқабы, Арал теңізінің солтүстік-шыгысынан Есіл, Сарысу өзендеріне дейінгі жерлер. Астанасы-Сығанақ. Ерзен хан кезінде(1315-1320жж.) қалалар өсіп, қолөнер өркендеді, сауда дамыды, ислам діні ныгайып, мешіт, медреселер көбейді. Орыс ханның кезінде(1364-1375жж.) Ақ Орда Алтын Ордадан бөлініп, тэуелсіз хандық болып жарияланды.14г. 70-жж. Астарханды, одан кейін Сарай Беркені алады. 14ғ. 60-70жж. билік еткен Орыс ханның кезінде мемлекет нығаяды. Ішкі қырқыстар тоқтатылып, Орыс хан саясаты елді біріктіруге бағытталады.Ақ Ордаға Мэуреннахр билеушісі Темір мен Тоқтамыстың соғыстары кезінде Орыс хан қаза болып, Ақ Орда тағына Тоқтамыс отырады. Ақ Орданың элсіреу себептері: Әмір Темірдің жорыктары, ішкі тартыстар.
|