![]() |
Егемендік. Президент 2 pageDate: 2015-10-07; view: 638. 1931-1932 жылдардағы қуаңшылық пен ашаршылық[өңдеу] Сөйтіп күштеп ұжымдастыру мен отырықшыландыру қазақ халқының шаруашылығына үлкен зиян келтірді. Негізгі күнкөрісі мал болғандықтан қазақтар екі-үш жылдың ішінде малдарынан түгелге жуық айырылды. 1928 жылы 45 млн-ға жуық мал болса, ол он есеге кеміп, 4,5 млн-ға дейін азайды. Малы жоқ тақыр кедейлер көбейді. Осының салдарынан қазақ халқы 1931-1933 жылдары аштыққа ұшырады, жері қуаңшылыққа айналды. Ашаршылық жылдары сол кезде Қазақстанда тұратын қазақтардың тең жартысы, шамамен (40%) 2 млн-ға жуығы қырылды. Жергілікті халықтың реcпубликадан тыс жерлерге қоныс аударуы[өңдеу] Ашаршылықтан құтылуға тырысқан халық республикадан тыс жерлерге қоныс аудара бастады. Олардың жалпы саны 1 млн-нан астам. Оның 400 мыңдайы қайтып оралғанымен, қалғандары келмеске кетті. Босқындар Өзбекстанға, Түрікменстанға, Тәжікстанға, Қырғызстанға, Ресейге көшті. Сондай-ақ Қытайға, Монғолияға, Ауғанстанға, Иранға, Түркияға да мыңдаған қазақтар қоныс аударып барды. Зорлық-зомбылықтарға қарсы наразылықтар, көтерілістер[өңдеу] Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов және басқалар бастаған қазақтың кейбір мемлекет және қоғам қайраткерлері шаруаларды жаппай ұжымдастыру көшпелі және жартылай көшпелі қазақ ауылдарына өте ауыр тиетінін алдын ала ескерткен болатын. Орыс ғалымдары да көшпелі халықты отырықшыландыру ұзақ уақытты талап ететінін, сол себептен алдын ала дайындық жүргізуді қажет ететінін ғылыми түрде дәлелдеген еді. Бірақ, Кеңес өкіметінің басшылары бұл ұсыныстарға құлақ аспады. Ал отырықшыландыру мен ұжымдастыру кезінде орын алған асыра сілтеушілікті, зорлық-зомбылық пен күштеуді көрген көптеген адамдар қарап жатпады. Ол туралы тиісті орындарға хабарлады және тыйым салуды сұрады. Сталиндік билік үстемдік алып, қылышынан қан тамып тұрғанда мұндай хат жазу майдандағы ерлікпен парапар еді. ==Сәдуақасов Смағұл== (1900-1933) – көрнекті мемлекет қайраткері, жазушы. Омбыдағы орта ауыл шаруашылығы училищесін (1918), көлік нженерлерінің Мәскеудегі институтын (1932) бітірген. Еңбек жолын 1915 жылы мектепте мұғалімдіктен бастаған. 1918-1920 жылдары «Кедей дауысы» газетінің редакторы, Орынбордағы РКЖО Қазақ облыстық комитетінің хатшысы, «Еңбекші жастар» газетінің редакторы болды. 1921-1928 жылдары қазақ ОАК-нің хатшысы, Түркістан ОАК жанындағы Қазақ АКСР өкілеттілігінің уәкілі, Қазақ АКСР Мемлекеттік Жоспарлау комиссиясыынң төрағасы, өлкелік «Еңбекші қазақ» газетінің жауапты редакторы қызметтерін атқарды. С.Сәдуақасов өзінің бүкіл жастық жігерін, талант, қабілетін халық білімін көтеруге, жергілікті кадрларды тәрбиелеуге бағыттады. Принципті және жігерлі оқу ісінің халкомы республикасының бірінші басшысы Голощекиннің көңіліне жақпады. Алтыншы партия конференциясында ол «жікшілдік қызметі» үшін қызметінен босатылып, қазақ педагогика институтына (қазіргі Абай атындағы ҚазҰПУ) ректоры болып тағайындалды. Мәскеудегі оқуын бітіргеннен кейін, Қазақстанға қайтармау үшін ел басшылығы оны Мәскеу-Донбасс темір жол құрылысына инженер-құрылысшы етіп жұмысқа жіберді. Сонда 1933 жылы дүниеден өтеді. С.Сәдуақасов өзін мемлекет қайраткері ғана емес, сонымен бірге жастардың жетекшісі, публицист, Қазақстандағы кооперативтік қозғалыстың ұйымдастырушысы, мәдениет қайраткері, қазақ театрын ұйымдастырушы ретінде де көрсете білді. Рысқұлов Тұрар[өңдеу] (1894-1943) – партия және мемлекет қайраткері, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына, Орта Азия мен Қазақстанда Кеңес өкіметін орнатуға қатысушылардың бірі. Орыс-қазақ мектебінде, ауыл шаруашылық мектебінде, Ташкент мұғалімдер институтында оқыды. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысқа қатысты. 1918-1923 жылдары Түркістан Республикасының партия және кеңес органдарында, Ұлт істері жөніндегі Халық Комиссариатында істеді, Коминтерннің Монғолиядағы өкілетті өкілі болды. 1926-1937 жылдары РКФСР халық Комиссарлары Кеңесі Төрағасының орынбасары міндетін атқырды. 1923-1924 жылдары БК (б)П Ок мүшелігіне кандидат, БОАК-нің, КСРО ОАК-нің мүшесі болды. Т.Рысқұлов негізінен халық ағарту тақырыбында кең көлемді ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Ол ондаған кітап пен кітапшалар, жүзден астам мақалалар жазды. Т.Рысқұлов ересектер мен балалардың өз ана тілінде оқуына үлкен мән берді. Ол Қазақстандағы халыққа білім беру ісін дамыту мәселесі мәдени құрылыстағы негізгі орындардың бірін алуға тиіс екенін атап көрсетті. Сол кездің өзінде оқулықтар мен оқу әдебиетінің, әсіресе, қазақ тіліндегі оқулықтардың жеткіліксіз екендігіне көңіл аударды. Еш негізсіз қуғын-сүргінге ұшырап, тоталитарлық режімнің құрбаны болды. Қайтыс болғаннан кейін ақталды. Ұжымдастыру қорытындылары[өңдеу] Орны толмас аса зор құрбандықтар арқылы жүзеге асқан ұжымдастыру да аяқталды. Бас-аяғы 4-5 жылда 7 мыңнан астам ұжымдар құрылып, егістік жер түгел дерлік ұжымдардың меншігіне берілді. Онда 20 мыңнан астам трактор жұмыс істеді. Ауыл шаруашылығы жұмыстарын бірлесіп жүргізу мен техниканы қолдану егін және мал шаруашылығы өнімдерінің артуына жағдай жасады. Егіс көлемі өсті, дәнді дақылдар өнімі артты, мал басы көбейді. Бұған мыңдаған еңбекшілер үлес қосты. 30-жылдардың орта кезінде ерен еңбегімен құрметке бөленген ауыл шаруашылығының озаттары шықты. 30-жылдардан бастап Қазақстанда мол өнім беретін аса бағалы дақыл-күріш егіле басталды. Бұл дақылды тұңғыш еккен де, одан мол өнім алған да Қызылорда облысының Сырдария ауданындағы «Казрис» ұжымының мүшелері еді. Глоссарий:[өңдеу] Кооперация (лат.ынтымақтастық) – шаруашылықты бірігіп жүргізу, кәсіпкерлікті, ұсақ өндіріс пен маусымдық еңбек қызметін ұйымдастыру жөніндегі ерікті серіктестік. Шаруашылық есеп – КСРО-да енгізілген шаруашылықты жоспарлы жүргізудің әдісі. Несие – бағалы заттарды ( ақша, тауарлар) қарызға беру. Дағдарыс – қандай бір нәрседегі шұғыл, тіке бетбұрыс. Ұжымдастыру – қоғамдастыру, социалистік елдердегі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру- ұсақ шаруа шаруашылықтарын біріктірудің негізінде ірі социалистік ауыл шаруашылық кәсіпорны, ауыл шаруашылық артельдері етіп қайта құру. Шаруалар – жеке дара отбасылық еңбекпен айналысатын ауыл шаруашылық өндірушілері. Орташа – бай шаруа мен кедей шаруаның арасындағы аралық экономикалық жағдайды иеленген шаруа. Трагедия – апатты зардаптары болатын қайғылы оқиға. Тәркілеу (конфискация) – қандай да бір дүние мүлікті мемлекет меншігіне ақысыз-пұлсыз тартып алу. Геноцид – халықтың жекелеген топтарын нәсілдік, ұлттық және діни белгілеріне қарай жою. 3-сұрақ:Шаяхметов Жұмабай- Ресей Федерациясы Омбы облысының Шарбақты ауданында туған. Полтавкадағы екі сыныпты қазақ-орыс училищесін бітірген (1917 ж). Мәскеудегі Н.Нариманов атындағы Шығыс институтында оқыған. Ж.Шаяхметов тарихи отанындағы еңбек жолын Текелі болыстық атқару комитетінің хатшысы болып бастап (1921-1923 жж.), уездік атқару комитетінің іс жүргізушісі болды. Халық ішкі істер комиссариатында 10 жыл жұмыс істеп, жедел уәкілдің көмекшісінен облыстық басқарма бастығының орынбасарлығына дейін жоғарлады (1936 ж.). 1938 жылы маусымда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің үшінші хатшысы болып сайланды. Бір жылдан кейін екінші хатшылыққа көтеріліп, Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстан бойынша Мемлекеттік қорғаныс комитетіне басшылық жасады. 1946 жылы сәуірде ол Қазақстан Компартия Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды. Бұл уақыт соғыстан кейінгі ауыр кезең болатын. Шаяхметов басшылықта болған кезде Қазақстан халқы артта қалған, ашаршылық пен саяси қуғын-сүргінді және соғысты бастан кешірген кезеңнен өтіп, аздап болса да ес жия бастаған болатын. Соғыс жылдары Қазақстанға КСРО-ның батыс аймақтарынан көптеген зауыт-фабрикалар, ғылыми және мәдени мекемелер көшіп келді. Осыған байланысты қаладағы халық саны күрт өсіп, жаңадан өндіріс ошақтары пайда болды. Мәскеуден,Ленинградтан, Киевтен, т.б. ірі-ірі қалалардан келген ғылым мен мәдениеттің көрнекті қайраткерлері республика басшылығы көмегімен жергілікті жағдайға тез бейімделіп, елдің ғылыми және мәдени өміріне белсене араласты. Осы ғалымдарды және жергілікті күшті жұмылдыра отырып, 1946 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясы құрылды, жоғары оқу орындарының ғылыми-техникалық базасы нығайды, жаңа оқу орындары ашылды. Бұрынғы ұсақ ұжымшарлар біріктіріліп, жаңадан кеңшарлар құрыла бастады. 1937-1949 жылдары республика КСРО-ның түкпір-түкпірінен қуғынға ұшыраған халықтар (Солтүстік Кавказ халықтары, немістер, корейлер, т.б.) зорлықпен көшіріліп әкелініп, Қазақстан көп этносты өлкеге айналды. Соған қарамастан Шаяхметов басқарушы кадрлар арасында қазақ басшыларын көбейтті. Көптеген қазақ жастары Мәскеу мен Ленинградта оқыды, аспиранттар мен доктаранттар көбейді. Қазақстанда жаңадан жүздеген зауыттар мен фабрикалар салынды, мыңдаған шақырым темір жол төселді. Мырыш өндірісі, қара металлургия, машина жасау, мұнай өңдеу, ауыл шаруашылық тыңайтқышын өңдеу, т.б. салалар жаңадан құрылды. Қазақстан артта қалған елден аграрлық-индустриалық республикаға айнала бастады. Ж.Шаяхметов «Медеу» мұз айдынының, Шымбұлақ спорт базасының салынуына да көп еңбек сіңірді. Сондай-ақ, ол кеңес империясы парламенті палатасының бірі - КСРО Жоғары Кеңесі Ұлттар кеңесінің төрағасы болған және 1950 жылы КСРО-ның «Бейбітшілік туралы заңына» қол қойған бірінші қазақ. 1953 жылы КСРО-ны ұзақ жылдар басқарған И.Сталин қайтыс болды. Осыған байланысты Мәскеуде болған саяси тартыстардан кейін билікке Н. Хрущев келді. Ол КСРО-ны азық-түлік жетіспеушілігінен аман алып қалу үшін Қазақстан мен Батыс Сібірдің тың және тыңайған жерлерін игеру қажет деп есептеді. Шаяхметов өз кезегінде Қазақстанның географиялық ерекшеліктерін және осыған байланысты қазақ халқының негізінен мал шаруашылығымен айналысқанын ескере отырып, жерді жаппай жыртуға қарсылығын білдірді. Сондықтан Ж.Шаяхметов орнынан алынып, 1954-1955 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметіне дейін төмендетілді. 2002 жылы мемлекет қайраткері тұрған үйдің қабырғасына мемориалдық тақта орнатылды. Сол жылы соғыс ардагері Қасым Мұхаметқалиев пен журналист Ермек Зәңгіров құрастырған Ж.Шаяхметов туралы естеліктер жинағы, журналист Мәдат Аққозиннің «Вернуть из забвения» атты кітабы жарық көрді. Ж.Шаяхметов үш мәрте «Ленин», «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған. 9-билет: 1-сұрақ: 1995 жылғы Конституция бойынша Қазақстан унитарлы мемлекет болып табылады. Мемлекеттік өкіметтің бірден-бір қайнар көзі — халықтың өзі. Мемлекеттік өкімет бірегей, ол заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтары болып бөліну қағидасына сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясы негізі мен заңдарына сүйенеді. Тәуелсіздік алғаннан бастап республикада демократияландыруға бағытталған саяси өмір өзгерістері байқала түсті. Бұрынғы уақытта «өкімет—қоғам» формуласы іс жүзіне асырылса, ендігіде, керісінше, «қоғам — өкімет» негізге алынды. Мемлекеттік басқару органдары халыққа қалтқысыз қызмет ету арқылы құқықтық мемлекет пен еркін нарықтық экономикаға негізделген алдыңғы қатарлы азаматтық қоғам қалыптастыруы керек. Мазмұндық және құрылымдық жағынан келгенде, Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы 10 жылы ішінде мемлекеттік басқару органдары бірқатар өзгерістерді басынан кешірді. Құрылымдық өзгерістер мына төмендегіше көрініс тапты: · 1990 жылдың 24 сәуірінен бастап Республика Президенті орнының енгізілуі; · Қазақстан Республикасының Конституциясы атап көрсеткендей, өкіметтің үш тармақтық принципінің қолданылуы; · орталық атқарушы органдардың қосалқы функцияларын жою, осыған байланысты «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдар жүйесін реформалаудың кезекті шаралары туралы»1997 жылғы Президент Жарлығы негізінде оларды ең кемінде 50%-ға қысқарту; · «Қазақстан — 2030» стратегиялық даму бағдарламасында белгіленген міндеттерді орындау мақсатында олардың өзара іс-әрекетін реттеу үшін атқарушы органдардың функцияларын өзгерту. Мазмұндық сипаттағы өзгертулер 1997 жылғы 10 қазандағы Қазақстан Республикасының стратегиялық дамуында («Кәсіптік мемлекет») нақты атап көрсетілді: · «Біздің міндет — Қазақстанда нарықтық экономика үшін оңтайлы болатын мемлекеттік қызмет пен басқару құрылымының осы заманғы, тиімді жүйесін жасау; · басым мақсаттарды іске асыруға қабілетті үкімет құру; · ұлттық мүдделердің сақшысы бола алатын мемлекет қалыптастыру». Аталған басымдылықты жүзеге асыру үшін 1999 жылы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға өзгертулер мен қосымшалар енгізілді. Осы шешімге сәйкес алдағы уақытта кадрларды таңдау,аттестациялау және қызметке тағайындау механизмі реттеліп отыратын болды. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік қызметке кадрлар даярлау үшін Мемлекеттік басқару академиясы мен Мемлекеттік қызмет агенттігі құрылды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998—2000 жылдарға арналған іс-әрекет бағдарламасынан: · «Үкіметтің алдағы үш жылға арналған басым міндеттері: стратегиялық жоспарлау мен бақылаудың бірыңғай жүйесінің негізінде ведомствоаралық жене салааралық үйлестіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, кадрларды даярлау және іріктеу жүйесін жетілдіру, мемлекеттік органдардың функциясын орталықсыздандыру, олардың жұмысына жаңа ақпараттық технологияларды енгізу, тиісті заңдармен қамтамасыз ету болады». 3-сұрақ:Байтұрсынұлы Ахмет (5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылы – 8 желтоқсан 1937, Алматы қаласы) — қазақтыңақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері.[1] Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы,ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.[2] Туған жері — бұрынғы Торғай уезінің Тосын болысы (қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Ақкөл ауылы). · 1882—1884 жж. ауыл мектебінде оқыды. · 1890 ж. Торғайдағы екі кластық, орыс-қазақ училищесін, 1895 ж. Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітірген. · 1895—1909 ж. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі мектептер мен орыс-қазақ училищелерінде мұғалімдік қызмет атқарады. · 1909 ж. патша үкіметінің саясатына наразылық білдіргені үшін Семей түрмесіне жабылып, 1910 ж. жер аударылды. · 1912 ж. Оқу құралы. Қазақша алифбасы Орынборда жарық көреді. · 1913 ж. Орынборда «Қазақ» газетін ұйымдастырып, 1917 жылдың аяғына дейін оның редакторы болды. Патша үкіметі құлатылғаннан кейін ұлт-азаттық қозғалыс күшейеді. · 1918-19 жж. Алаш Орда қатарында болады. · 1919 ж. маусымның 24 Қазақ өлкесін басқаратын Әскери-революциялық комитеттің мүшелігіне тағайындалады. · 1922-25 жж. Қазақстан Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылыми-әдеби комиссияның төрағасы, Халық ағарту комиссары, Бүкілресейлік ОАК-ның, ҚР ОАК-нің мүшесі, Түркістан Компартиясы ОК-нің органы «Ақ жол» газетінде қызметкер. · 1925-29 ж. Қазақ халық ағарту институтында (Ташкент) және ҚазПИ-де оқытушы болды. · 1929 ж. маусымында қамауға алынып өзі Архангельск облысына жер аударылған, ал жұбайы мен қызы Томскіге жіберілген. 1934 ж. Қызыл Крест комиссиясында қызмет еткен Е. Пешкованың (Максим Горькийдің зайыбы) қолдаухатымен Ахмет Байтұрсынұлы босатылған. Сол кезде ол жұбайы Бадрисафамен бірге Алматыға қайта оралған. 1937 ж. тамыз айында Ахмет Байтұрсынұлы тағы да қамауға алынған, алты айдан соң, желтоқсанның 8 «халық жауы» есебінде атылған. 10-билет 1-сұрақ 1930 жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргін[өңдеу] 1937 жылы БК(б)П ОК-нің, И.В.Сталин мен оның айналасындағылардың «халық жаулары және олардың құйыршықтарын түп-тамырымен жоюдың» қажеттігі жөніндегі нұсқауы барлық жерде қолдау тапты. Осындай жағдайда И. В. Сталин мен оның серіктері мүмкін болатын оппозицияны орталықта ғана емес, ұлттық республикаларда да біржолата талқандауды ұйғарды. 1928 жылдың ортасынан бастап Алаш қозғалысына қатысқан зиялылар жаппай тұтқындала бастады. Оларға «буржуазияшыл-ұлтшылдар» деген жалған айып тағылды. Сол жылы 44 алашордашы тұтқындалып, оның ішінде Ж. Аймауытов, Ә.Байділдин, Д.Әділев ату жазасына кесіліп, үкім орындалады. Ал қалғандары түрмеге қамалады. Ұлттық зиялылардың екінші тобы 1930 жылдың қыркүйек-қазан айларында тұтқындалып, оның 15-і Орталық, Ресейге жер аударылды. 1936-1938 жылдары Қазақстанда 25833 адам партиядан шығарылып, олардың 8544-іне «халық жаулары» немесе «халық жауларының сыбайластары» және т. б. айыптар тағылды. Танымал қазақ зиялылары, Алаш қайраткерлері түгелге жуық саяси қуғын-сүргінге ұшырады. Олардың отбасы мүшелері де жазықсыз қудалау көрді. Соңғы зерттеулер бойынша 1931 жылдан бастап 1954 жылдың 1 ақпанына дейінгі кезеңде КСРО-да соттан тыс және сот органдары 3 млн 777 мың адамды ату жазасына соттап, оның 643 мыңына үкім орындалса, ал 2 млн 369 мыңын 25 жылға дейінгі мерзімге түрмелерге қамап, лагерьлерге айдаған. Жалған айып тағылғандардың қатарына 1931-1933 жылдардағы қазақтардың жаппай қырылуына байланысты ашық наразылық білдіріп, Қазақстан халқының мүдделерін қорғағандар да қосылды. Ашық сот процестері 1937 жылы республиканың Үржар, Преснов т. б. аудандарында болып өтті. 1937 жылы қарашада Қарағанды облысының Ә. Асылбеков, Н. Нүрсейітов, М. Ғатаулин т. б. басшыларының үстінен жүргізілген сот процесі халықтың жан-жақты талқылауына ұласты. Алайда «халық жауларының» негізгі көпшілігінің тағдыры КСРО Жоғарғы Сотының Әскери алқасының мәжілістерінде, «екілік» пен «үштік» атанғандар мен НКВД-ның ерекше кеңестерінде құпия жағдайда шешіліп жатты. 1930 жылдардың ортасында Л. Мирзоян, Ү.Құлымбетов, Н. Нұрмақов, Т. Рысқұлов. О.Жандосов, Т.Жүргенов сынды көрнекті партия және мемлекет қайраткерлері «халық жаулары» ретінде тұтқындалды. 1920-1950 жылдардағы заңсыз қуғын-сүргіннің айнымас серігі - мемлекет және оның қызмет иелері мен органдарының қарапайым адам құқықтарын жаппай өрескел бұзып, аяққа таптауы болды. Бұл заң бұзушылық қуғын-сүргін саясатын жүзеге асыру барысында бұқаралық сипат алып, оған заңдық негіз бен жариялылық түр берген кеңес заңдарының нормалары нұсқаулармен бүркемеленді. Бұл кезең қолданылған қылмыстық жазалардың ерекше қаталдығымен сипатталады. Мысалы, 1926 жылғы РКФСР Қылмыстық Кодексінің ерекше бөлімінің I тарауында көрсетілгенконтрреволюциялық қылмыстардың 17-сінің 12-іне ең жоғарғы жаза - ату жазасын қолдану қарастырылды. Азаматтарды «халық жауы» деп жариялап, азаматтық құқықтардан айыру, мемлекеттен қуу, дүние-мүліктерін тәркілеу, қатаң оқшаулау арқылы еркінен айыру тәрізді жазалау шаралары да кеңінен қолданылды. Тоталитарлық тәртіп адамдардың өздеріне қарсы қойылған айыптауларды әділ, жан-жақты талқылайтын соттың қарастыруын талап ету сияқты ажырамас құқығын да теріске шығарды. БОАК-нің 1919жылғы 17 ақпандағы «Бүкілресейлік Төтенше Комиссия туралы» декретінің өзінде қарулы қарсылық (контрреволюциялық, бандиттік) көрсетілген жағдайда төтенше комиссияларға тікелей қару қолданып, жазалау әрекеттерін жүзеге асыру құқығын сақтаған ереже бекітілді. Қазақстандықтарға көбінесе жапон, кейде герман тыңшылары деген айып тағылып, айыптаушылар мен сотталғандардың «мойындауы» ешқандай дәлелдеусіз жүзеге асырылды. Негізінен көршілердің, қызметтестердің, тіпті таныстар мен туыстардың жалған ақпараттарына негізделген, Кеңес өкіметіне қарсы үгіт-насихат жүргізді деген айыптау да кең тарады. Қазақстанда, сондай-ақ азаматтарды ұлтшылдық, ұлтшыл ұйымдар құру арқылы республиканы Кеңес Одағының құрамынан бөліп алуға тырысқан ұлттық ауытқушылық үшін айыптау да кең қолданылды. Көптеген адамдар террорлық әрекеттер, диверсия, саботаждарды жүзеге асыруға дайындық жасағаны, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың қалыпты жұмыс істеуіне қарсы экономикалық контрреволюциялық әрекеттер ұйымдастырғаны үшін негізсіз қуғын-сүргінге ұшырады.
|