Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Егемендік. Президент 1 page


Date: 2015-10-07; view: 485.


Отбасылық жағдайы

Жұбайы — Сара Алпысқызы — Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорын басқарады.

Президенттің үш қызы бар:

Дариға — саясат ғылымдарының докторы, ЖАҚ "Хабар" Ақпараттық агенттігінің директорлар Кеңесінің Төрайымы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

Динара — Н.Ә. Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады. Forbes журналының мәліметі бойынша 2011 ж. наурыз айына қарасты 1.3 миллиард АҚШ долларын құрайтын әл-ауқатымен Қазақстанның ең бай әйелі боп саналады. Тимур Құлыбаевтың жұбайы.[3]

Әлия — бизнеспен айналысады, «Элитстрой» құрылыс компаниясын басқарады.

Н. А. Назарбаевтың жеті немересі және екі шөбересі бар.

7-билет

1-сұрақ

Репрессия - [лат. repressio - басып-жаншу] - бүтіндей жою, басып- жаншу мақсатында жүргізілетін жазалау шаралары (мысалы, реакциялық тәртіптерді). Үкімет басшыларының заң орындары арқылы өз халқын, оның жекелеген өкілдерін қуғынға ұшыратып, жазалау шаралары.

Қазақстандағы репрессия[өңдеу]

Қазақстандағы тұнғыш репрессия 1928 жылдан басталды. Өйткені 1925 ж .Қазақстан өлкелік партия комитетінін 1 -хатшысы болып келген Ф.И.Голощекин республиканың саяси-экономикалық және әлеуеттік жағдайымен танысқаннан кейін «Қазақстанға Ұлы Қазан революциясының ешқандай ықпалы болмады,сондықтан мұнда «Кіші Қазан» революциясын жасау керек» деген теріс қорытындыға келіп, республикада репрессиялык шаралар жүргізе бастайды . Ол ең алдымен ескі зиялыларға ауыз салады. Солардын ішінде қазақстандық Ә.Бөкейханов, Ж.Ақбаев , Ә.Ермеков т.б. болды.

Қарағандыдағы екінші репрессия[өңдеу]

Қарағандыдағы екінші репрессия 1937-38 ж . жүргізілді .Себебі бұл жылдары бүкіл елімізде, әсіресе Мәскеу мен Ленинградта жаппай репрессия басталған еді. Соның ызғары Қазақстанға да келіп жетті . Өйткені Карағанды еліміздегі үшінші көмір ошағы аталды. Мұнда көптеген партия, мемлекет және коғам қайраткерлері , белгілі ғалымдар, ақын - жазушылар , артистер жұмыс істеді.Сондықтан да 1937 жылғы Қазақстандағы репрессия ең алдымен Қарағандыдан басталды.Осы жылы маусымайында Қарқаралы округтік партия комитетінің хатшысы М.Ғатаулин ұсталды .Өйткені ол 1932 жылдын өзінде-ақ Ғ.Мүсірепов ,М.Дәулетқалиев ,Қ.Куанышев , Е.Алтынбековтермен бірге Қазақстан өлкелік партия комитетінін сол кездегі 1-хатшысы Ф.И.Голощекиннің үстінен БК(б) ПОК-не хат жазған болатын. Бұл хат Қазқстан Компартиясы тарихында «Бесеудің хаты» деген атпен белгіледі.Осы хатқа байланысты М.Ғатаулин үнемі бақылауда жүретін.Сол тұста онымен бірге Н.Нұрсейітовты , М. Орддбаевты, Ж .Баймолдинді тұтқынға алады. Сол жылдың күзінде осы іс бойынша А.Асылбеков, Н.Нұрмақов , С.Сейфуллин , Т.Рысқұлов т.б. ұсталып, ату жазасына кесілді . Бұдан кейін осы облыста кызмет істеген Ғ. И. Пинхасик, Ә. Макатов, Ж.Сәдуакасов,М.Тәтімов , Ж.Сұлтанбеков , X.Әміров,О.Беков,X.Жүсіпбеков, Т.Нұртазин,С.Талжанов,Р.Әлсенов , А . Асылбековтыңәкесі-Мүсәпір , С.Сейфулиннің әкесі - Сейфулла , Хасен Жетпісбаев сияқты карттар камауға алынып, ауыр жазаға ұшырады .Сол жылдары Федоровда , Куперман,Мрачковский , Кадаленко, Шедин , Измаиловтардың тобы деген «істер» ұйымадастырылды , көптеген адамдар нақақтан - нақақ жауапқа тартылды. Солардын ішінде Смирнов , Смертюк, Парамонов,Хенкин , Скрипкин , Көрпебаев сияқты жұмысшы гвардиясының көрнекті өкілдері де кетті . Бұлардан басқа «Қарағанды ісі», «Қарқаралы ісі» деген жалған қылмыспен сан қазақ сотталды. Сөйтіп,1937 ж. кезінде Қазақстанның Петропавл, Қостанай ,Семей обл ның чекистері тәрізді Қарағанды обл . Ішкі істер басқарма сынын қызметкерлері де ерекше қаталдығымен көзге түсті .Тіпті Ұлы Отан соғысының ауыр жылдарында Карағанды чекистерінің ұйымдастыруымен 1944 ж. қаланың Жамбыл атындағы орта мектебінің бір топ жастары- 3.Әбділдин, Б. Жақсылықов, А.Рүстемов,Ж.Өмірбеков т. б . « ЕСЕП » («Елін сүйгенерлер партиясы » ) атты ұлтшылдық ұйым құрды » деген айыппен қамауға алынып ,жауапқа тартылды. Ал 1951-52ж. Карағанды оқытушылар институтының профессор К.Жұмашев , аға оқытушысы А.Нарешев, осы институттың түлектері Б. Ысқақов,М. Теміров, Р. Нарешев т.б. жоғарыда аталған ұйымға қатысы болған деген айыппен қамауға алынып, әрқайсысы ұзақ жаза мерзіміне сот алып кетті . Бұл репрессия нын жалғасы 1963-64ж. дейін созылып , сол жылдары ұлтшылдық ұйым құрды деген жаламен К. Жүнісов, К. Сауғабаев т.б . институттан шығарылып, түрліше жазаларға ұшырады.

Тәуелсіз Қазақстан

Тәуелсіз Қазақстанда 1998 ж. - «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы» деп жарияланып, ашаршылық, репрессия жылдары туралы бұқаралық ақпарат құралдарында көптеген мақалалар жарияланып ,игі шаралар ұйымдастырылды, тоталитарлық идеология әшкереленді.

2-сұрақ

Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап-ақ қатарында мыңдаған қазақстандықтар шайқасқан кеңес жауынгерлері барлық майдандарда фашистік басқыншыларға қарсы кескілескен ұрыс жүргізді.

Жаудың қарақшылық соққысына бірінші болып шекарашылар ұшырады. Батыс шекараны күзеткен 485 шекара заставасы оның тегеуірініне төтеп берді. Буг өзеніндегі Брест қамалын қорғаушылар теңдесі жоқ ерлік, қайтпас қайсарлық, жеңіске деген асқан зор ерік-жігер көрсетті, олардың арасында КСРО-ның 30-дан астам ұлттары мен ұлыстарының өкілдері болды.

Тирасполь мұнарасы маңында лейтенант Алексей Наганов взводының жауынгерлері қаһармандықпен шайқасты. Қамалды қорғаушы қазақстандықтар В.Фурсов, Қ.Тұрдыев, 204-гаубица артиллериялық полкінің комсомол ұйымдастырушысы Ш.Шолтыров және басқа көптеген адамдар қаһармандық пен батылдық көрсетті.

Қазақстанда сонау азамат соғысы жылдарында құрылған 219-атқыштар полкінің солдаттары, сержанттары мен офицерлері 1941 жылғы маусымның 24-де Литваның Шяуляй қаласының оңтүстігінде алғаш рет ұрысқа кірісті. Олар Литваның, Латвия мен Эстонияның жерлерінде, Ораниенбаум алғы шебінде жау шабуылына табандылықпен тойтарыс берді. Дивизия комиссары, Оңтүстік-батыс майдан Әскери Кеңесінің мүшесі, Ертіс өңірінің даңқты перзенті Евгений Павлович Рыков Полтава облысының Шумейково тоғайында болған өліспей беріспейтін ұрыста ерлікпен қаза тапты.

Аса үлкен тас тұғырға мынандай сөздер қашап жазылған: « Бұл алапта майдан қолбасшысы, генерал-полковник М.П.Кирпонос, Әскери Кеңес мүшесі, Украина КП (б) Орталық Комитетінің хатшысы Бурмистенко, дивизия комиссары Е.П.Рыков және майданның штаб бастығы генерал-майор В.И.Тупиков басқарған Оңтүстік-Батыс майданның 800 жауынгері 1941 жылғы қыркүйектің 20-сында неміс-фашист басқыншыларының басым күштерімен шайқасқа түсті. Даңқты жауынгерлер үш тәулік бойы күш тең болмаған ұрыс жүргізіп, Отан алдындағы қасиетті борышын ақырына дейін орындап, бәрі дерлік қаза тапты». Қазақстандық комиссарды есте қалдыру үшін Украина астанасында өте әдемі көшелердің бірі соның есімімен аталып, ескерткіш тақта орнатылған. Жанқиярлық ерлігіне ризалық білдірген жерлестері Қатонқарағай орта мектебін Е.П.Рыковтың есімімен атады.

Біздің жерлесіміз, танк әскерлерінің генерал-майоры К.А.Семенченко фашистерге қарсы шайқастарда ерекше көзге түсті, оған КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1941 жылғы шілденің 22-сіндегі Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Атыраулық мұғалімнің ұлы, Қара теңіз флотының контр-адмиралы Л.А. Владимирский де батылдығымен елімізге айрықша танылды.

8-билет

1-сұрақ: Қазақстан индустрияландыру кезеңінде 1925 жылы желтоқсанда БК(б)П XIV съезінде белгіленген Кеңес Одағын индустрияландыруды жүзеге асыру ісі Қазақстанда бірқатар қиындықтарға кездесті, олар негізінен қазақ елінің бодандық өткенімен және әлеуметтік-экономикалық, мәдени өмірде артта қалуымен байланысты болды.

Бұл қиындықтардың көбі республикада халық шаруашылығын, әсіресе өнеркәсіп пен транспортты қалпына келтіру ісінің тым созылып кетуінен де күрделеніп, асқына түсті және осы жағдайҚазақстанның индустрияландыру жолымен табысты ілгерілеуі үшін басты кедергіге айналды. Бірінші дүниежүзілік соғыстың және Азамат соғысының ауыртпалығын бастан кешірген Қазақстаннын артта қалған отарлық экономикасы елдің өнеркәсібі дамыған аймақтарына қарағанда анағұрлым ауыр жағдайда қалды. Соғыс әрекеттерінен,әсіресе өнеркәсіп пен транспорт қатты зардап шеккен еді. Ірі өнеркәсіптің жалпы өнімі 1920 жылы 1913 жылмен салыстырғанда екі есе, ал өндіріс жабдықтарын өндіру 4,5 есе, мұнай өндіру 4 есе қысқарды, мыс және полиметалл кендерін шығару, мыс балқыту тоқтап қалды, көптеген кең орындары мен көмір шахталарын су басты немесе электр стансаларының қирауы, жабдықтардың бүлінуі т.б. себептерден жұмыстарын тоқтатты. Транспорт, әсіресе теміржол көлігі апатты жағдайда болатын: паровоздардың жартысынан көбі және вагондардың 90%-ға жуығы күрделі жөндеуді қажет етті, жүздеген көпір қиратылды, бәрінен де жол шаруашылығы көп зиян шекті, жарамсыздарын алмастыруға рельстер мен шпалдар жетіспеді.Еліміз жаңа экономикалық саясатқа көшіп жатқан кезенде басталған Қазақстан өнеркәсібі мен транспортындағы қалпына келтіру жұмыстары жалпы алғанда шаруашылық күйзелістерінен ғана емес, республикада ашаршылықтың басталуына себеп болған 1920-1921 жылдардағы жүт кезінде малдың көптеп шығын болуы, сондай-ақ 1921 жылғы құрғақшылық салдарларынан да зор қиыншылықпен жүргізілді.

1920-1921 жылдары жекелеген кәсіпорындар ғана қалыпқа келтіріле бастады, ал тұтастай алғанда бұл үрдіс 1922 жылдың екінші жартысында ғана өрістеді. Республиканың халық шаруашылығын қалпына келтіруде 1923 жыл бетбұрыс кезеңіне айналды. Алдыңғы кезекте ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу кәсіпорындары қалпына келтірілді, оған 1922 жылы алынған егіс өнімділігі ықпал етті. Қостанай, Орал және Семей губернияларында, Павлодарда т.б. қалаларда ірі диірмендер іске қосылды, бұл ұн тарту өнеркәсібін жедел қалыптастыруға жағдай жасады. СолтүстікҚазақстанда май шайқау зауыттары жұмыс істей бастады, жаңадан 20 май зауыты салынды. Тамақ өнеркәсібінің басқа салаларында да ілгері басушылық байқалды, мәселен, 1923 жылғы тамызда ірі мөлшердегі күрделі қаржыны қажет етпейтін Илецк және Коряковск тұз шығару кәсіпшіліктері қайтадан жұмыс істей бастады.

Баяу болса да, республиканың оңтүстігінде мақта тазарту зауыттарының, жеңіл өнеркәсіптің тері илеу, жүн жуу т.б. кәсіпорындарының жұмысы жанданып келе жатты. Петропавлдағы қалпына келтірілген пима басу, қой терісін өңдеу, тері илеу және шойын құю зауыттары 1923 жылы біртұтас кәсіпорынға біріктіріліп, өнеркөсіп комбинаты құрылды. Алматыда, Шымкентте және Талғарда тері илеу зауыттарының жұмысы жандана бастады.

Ауыр өнеркәсіп кәсіпорындарын қалпына келтіру ісінде де кейбір игі қадамдар жасалды. Мұнай өнеркәсібі бәрінен жеделірек қатарға қосылды: Ембі және Доссор көсіпшіліктері 1925 жылдың өзінде1913 жылғы деңгейден асып түсті. Өндірісті техникалық жағынан қайта құру ісі жүргізілді, мұнай өндіруге тереңнен соратын насостар қолданылды, кәсіпорындарды электрлендіру өріс алды, жабдықтар жаңартылды, кең барлаудың геофизикалық әдістері пайдаланылды. Полиграфиялық өнеркәсіп те біршама ілгері басып, соғысқа дейінгі деңтейге тез көтеріліп келе жатты, осының нәтижесінде қазақ және орыс тілдеріндегі газеттер басылымы көбейді.

Риддерде шахталарды, рудниктерді, байыту фабрикаларын, электр стансаларын, теміржолды, басқа да нысандарды қалпына келтіру жөнінде біршама жұмыстар атқарылды, алайда жабдықтар мен ақшалай қаржының жетіспеушілігінен бұл кәсіпорындар техникалық күзет жағдайына көшіріліп, 1925 жылы ғана Риддер кәсіпорындарын қалпына келтіру жұмыстары қайтадан қолға алынды. #Қарағанды және Екібастұз көмір өндірістері, Спасск зауыты, Успен кең орны және басқа да тау-кен өндірісі орындары мен тау-кен зауыттарының кәсіпорындары тоқтап тұрды. 1925 жылдың аяғында ғана Қарсақбай мыс балқыту зауыты мен Байқоңыр — Қарсақбай-Жезқазған тар табанды теміржолын қалпына келтіру жұмыстары басталды.

Жаңа экономикалық саясат жағдайларында өнеркәсіпті басқару жүйесі жетілдірілді, Бүкілодақтық халық шаруашылығы кеңесінің (БХ ШК) Республикалық өнеркәсіптік бюросы Халық шаруашылығының орталық кеңесі (ХШОК) болып қайта құрылды, ал кәсіпорындар бағыныштылық сатысына қарай одақтық, ресейлік, аралас-федеративтік, республикалық және губерниялық (жергілікті) болып бөлінді. Неғұрлым ірі кәсіпорындар негізінде шаруашылық есеп жүйесі бойынша, кеңестік трестер атанған бірлестіктер құрылды. Орал-Ембі мұнай тресі, «Алтайполиметалл» тресі, Атбасар түсті металдар тресі, «Золоторуда» тресі (Қостанай аумағындағы алтын кең орындарының тобы) одақтық маңыздағы кәсіпорындарға айналды. Екібастұз және Риддер кәсіпорындарын РКФСР Бүкілодақтық халық шаруашылығы кеңесінің (БХШК) мандаты негізінде Қазақстанның Халық шаруашылығының орталық кеңесі (ХШОК) басқарды. Осы кеңестінтікелей басшылығына Илецк тұз тресі, Павлодар тұз тресі, «Южно-Урал-золото», «Ақжал золото» трестері, Орынбор және Петропавл тері-елтірі трестері, Қазақстан балық тресі берілді. Жыл өткен сайын Қазақстанның үлкенді-кішілі кәсіпорындарына, әсіресе өнімдері КСРО-ның индустриялық жағынан дамыған аймақтарына жөнелтіліп отыратын өнеркәсіптің өнім өндіруші салаларына (мұнай, түсті металлургия және т.б.) орталықтың басшылық ықпалы күшейе берді. Қазақстан экономикасының шикізаттық бағыты барған сайын айқындала түсті.

Транспортқа ерекше көңіл бөлінді, себебі оның жұмысын дұрыстап жолға қоймай, жаңа экономикалық саясаттың негізгі міндетін — қала мен ауыл, өнеркәсіп орындары мен ауыл шаруашылығы арасындағы экономикалық байланыстарды қалпына келтіру мақсатын жүзеге асыру мүмкін емес еді. Республиканың негізгі теміржол арқауы — Орынбор —Ташкент күре жолына көп мөлшерде паровоздар мен вагондар, отын-көмір, ТЖХК (Теміржол халық комиссариаты) салғыртынан жиналған әр түрлі материалдар бөлініп, кәсіби біліктілігі жоғары теміржол мамандары, көлік-тасымал шаруашылығының білікті басшылары жіберіліп отырды. Жетісу теміржолының Луговой стансасына, одан ары Пішпек стансасына дейінгі жалғасы, Петропавл – Көкшетау жолы, сондай-ақ Оңтүстік-Сібір магистралінің Славгород — Құлынды - Павлодар желісі және т.б. сияқты жаңа жолдар, әсіресе «астық желілері» жедел салынды. Бастапқы екі желі Жетісу мен Солтүстік Қазақстаннан елдің орталық аймақтарына астық тасуға, ал соңғысы Коряков кәсіпшіліктерінен тұзәк етуге арналды.

Алайда Қазақстанда оның отар ел болған кезеңінен қалған экономикалық артта қалушылығының, құрал-жабдықтардың, ақшалай қаржының және білікті мамандардың жетіспеушілігінің, сондай-ақ жергілікті қиындықтардың себебінен өнеркәсіп пен транспорты қалпына келтіру ісі баяу қарқынмен жүргізілді, бұл кезең 1927 жылдың аяғына дейін жалғасты.

Түсті металлургия саласында оның барлық кәсіпорындарының 60%-ынан астамы жұмыс істеді. 1926 жылдың қарсаңында республиканың өнеркәсібі 1913 жыл деңгейінің 61%-ына ғана, ал ауыл шаруашылығы 82,9%-ына жете алды.

Сөйтіп, Қазақстандағы өнеркәсіп пен транспорты қалпына келтіру ісі еліміз индустрияландыруға көшіп жатқан кезде аяқталды. Сол кезге дейін өнеркәсіп пен транспорттағы мемлекеттік сектор едәуір нығайып, дами бастады. Мемлекет иелігіне алынған жеке меншік кәсіпорындар негізінде пайда болған бұл сектордың Қазақстандағы бүкіл өнеркәсіптегі үлес салмағы 64%-на, ал ірі өнеркәсіпте 97,2%-ға жетті. Барлық теміржол желілері, сондай-ақ кемешілік ісі, кеме айлақтарын т.с.с. қосқандағы ірі су жолдары мемлекет меншігінде болды. Жеке меншіктік секторды дамытуға және сауда еркіндігіне жол беретін жаңа экономикалық саясат жағдайында Қазақстанда басқадай экономикалық құрылым айтарлықтай дамымады.

Солай дегенмен де, бұл кенже қалған, революцияға дейінгі, отарлық деңгей болатын, ол Қазақстанның дамуына индустрияландыру жағдайында берік те дербес негіз бола алмас еді, ал жана экономикалық саясат жағдайында жұмыс істеген өнеркәсіп орындары мен теміржолдар техникалық жағынан артта қалушылық, өндірісте және азық-түлік пен шикізаттарды тасымалдау ісінің мейлінше ала-құлалығы, жол қатынастарының әлсіздігі, кейде заманға сай жол қатынастарының болмауы себептері нәтижесінде 20-жылдардың екінші жартысында — 30-жылдарда Мәскеудің,Ленинградтың, Донбастың, Оралдың, КСРО-ның басқа да дамыған аймақтарының кәсіпорындары сияқты жергілікті «индустрияландыру құралы» бола алмады. Оның үстіне ескі кәсіпорындар мен теміржолдарды техникалық жағынан жаңғырту немесе оларды жаңадан салу бағытындағы алғашқы қадамдарға жергілікті тұртындар арасында білікті жұмысшылардын болмауы, ақшалай қаржының, құрылыс материалдарының жетіспеушілігі т.б. тікелей кедергі болып отырды.

Қазақстанның индустриялық дамуын тежеген қиындықтардың бірі - оның аумағының геологиялық тұрғыдан аз зерттелуі еді. Төңкеріске дейінгі уақыттардың өзінде көмірдің, мұнайдың, түсті металдардың, басқа да пайдалы қазбалардың аса бай қоры бар кең орындары туралы мәліметтер көп болғанымен, Кеңес өкіметіне дейін жер аумағының 94%-ы мүлде зерттелмеген болатын. Алғашқы бесжылдық жоспар жасалған уақытта сол кен орындарының көпшілігі «ақтаңдақ» денгейінде қалды, жергілікті жоспарлау органдарының әлсіздігі де бұған себеп болды. Осы және басқа да кемшіліктер себебінен КСРО-ның алғашқы бесжылдық жоспарында Қазақстанның мұқтаждыкқары мен мүмкіндіктері тиісті деңгейде ескерілмеді. Сондықтан да КСРО-ның Еңбек және Қорғаныс Кеңесі мен Халық Комиссарлары Кеңесінің 1930 жылғы 1 қыркүйектегі қаулысында «халық шаруашылығы құрылысының бесжылдық жоспарында Қазақ АКСР-нің мұқтаждықтары мен онын құрылысындағы мүмкіндіктер толық есепке алынбаған»,[1]. - деп атап өтуі кездейсок емес. Осыган байланысты КСРО-ның бесжылдық жоспарында көбінесе елдін негізгі табиғи қорларының толық зерттелмеуі, әсіресе өнеркәсіптік бағытта бағамдалмауы кең көлемді зерттеулерді, ізденістер мен барлауды Қазақстанның өнеркәсіптік жоспарының аса маңызды сипатына айналдырады, бұл жұмыстар келесі бесжылдықта салынатын құрылыс нысандарын даярлап қана қоймай, сонымен бірге осы бесжылдыққа белгіленген іс-жоспарларды жүзеге асыруды жалғастыруға, нақтылауға, түбегейлі есепке алуға тиіс»,[2]. - деп ерекше атап өтілді.

2-сұрақ: Шаруаларды ұжымдастыру 1930-1932 жылдары жүргізілді. Ұжымдастыру В.И.Ленин жасаған жоспар бойынша асықпай, біртіндеп жүргізілуі керек еді. Шаруаларға күш көрсетпей, қайта шаруашылықты бірлесіп жүргізудің тиімді екеніне олардың көзін жеткізе отырып, ұжымшарға өз еркімен біртіндеп біріктіру болатын. Кеңес өкіметіне және оны басқарып отырған коммунистік партия басшыларына, әсіресе, И.В.Сталинге бұл жоспар ұнамады. Олар жеке шаруа қожалықтарын тезірек ірі шаруашылықтарға біріктірсек, соғұрлым шаруашылықты тез өркендетеміз деп есептеді. Сол себепті бүкіл елді бірнеше аймаққа бөліп, әрқайсысына ұжымдастырудың басталу және аяқталу уақытын белгілеп берді. Қазақстанда ұжымдарға біріктіру ерекше қарқынмен жүргізілді. 1931 жылы күзде республикадағы 122 ауданның 78-інде шаруалар ұжымдарларға біріктірілді. Ұжымдарларға мүше болғаннан кейін шаруалардың жағдайы бұрынғыдан да қиындай түсті. Өйткені Кеңес мемлекетіне өте көп мөлшерде астық, ет керек еді. Оны тек қана ұжымдар мүшелерінен алуға тура келді. Сондықтан шаруаларға шамадан тыс салықтар салынды. Қазақ аулының шаруашылығын күйзелткен тағы бір жағдай – көшпелі және жартылай көшпелі халықты күштеп отырықшылыққа көшіру болды. Шаруашылықтың бұл түрі әлі де ол кезде өз маңызын жоғалтпаған еді. ­Өзінің туып-өскен жерінде сан ғасырлар бойы мал бағып келе жатқан қазақтар бұл шаруашылықтың қыры мен сырын толық меңгерген еді. Жыл мезгілдері мен ауа-райының құбылмалы жағдайын ескере отырып, жүз мыңдаған малды кең даланың табиғат ерекшеліктерін шебер пайдаланып, аман-сау бағып өсірді. Сол мал қазақтарға тамақ та киім де болды.

Асыра сілтеушіліктер мен зорлық-зомбылықтар[өңдеу]

Шаруаларды ұжымдарға біріктіру кезінде Қазақстан халықтарына құлақ естіп, көз көрмеген озбырлықтар жасалды. Соның салдарынан қазақ халқы орны толмас апатқа ұшырады. Бір ауданда белсенділер жұртты қоныстандырамыз деп қыс ортасында әр жерде қыстауларында отырған шаруаларды үйлерінен айдап шықты. Мидай далаға көше-көше етіп киіз үй тіккізіп, көшелерге Қазақстан басшыларының аттарын қояды. Голощекин, Елтай, Құрамысов көшелері деген қаңылтыр тақтайшалар ілінеді. Қалың қардан ойып, қалқан жасап, оларға шаруашылық қораларындағы малдарды әкеліп қамады. Жоғарыға: «1932 жылы желтоқсанның 24- күні осындай ауданның көшпелі сегіз ауылы отырықшылыққа көшті, адам саны 420, мал басы 2300» деген ақпарат берді. Бірнеше күннен соң аққаладағы малдар қырылды. Шаруалар қораларындағы шөптерін қарда тасып жеткізе адмады. Көп ұзамай 40º аязда киіз үйлерде тұрған адамдар да қырылады. Ұжымдардан, оның мүшелерінен алынатын ет, астық салықтарын жинау кезінде «шолақ белсенділер» ерекше көзге түсті. Ауданнан келген өкілдер мен ауылдан қосылған белсенділерге ерекше құқық берілді. 1932 жылы Шұбартау ауданындағы (Семей облысы) бір жағдайды көзімен көрген куәгер былай деп әңгімелейді: «1932 жылы жоғарыдан ауданға ет тапсыру жоспары келді. Тек қой мен сиыр ғана өткізесіңдер деген тапсырма бар. Шұбартауда негізгі мал-жылқы болатын. «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деген ұранның нағыз гүрілдеп тұрған кезі еді. Бұған дейін барлық қой мен сиырды өткіздік, бірақ жоспар орындалмады. Жоғарыдан «24 сағаттың ішінде орындамасаңдар, орындарыңнан алып сотқа береміз» деген қатаң жеделхаттар үсті-үстіне келіп жатты. Бастықтарда зәре жоқ. Қыс ортасында «жылқы тапсыруға болады» деген нұсқау келді. Сол кезде ауданда 175 мың жылқы бар еді. Соның қоңды деген 75 мыңын іріктеп алып, етке тапсыруға Аягөзге айдадық. Жол 250 шақырым, қыс қатты, тізеден күртік қар. Аш жануарлар қалың қарда дөңбекшіп өліп жатты. өлгенінен қалғанын Аягөзге жеткізіп едік, ондағы бастықтар: «Шұбартаудың жылқысын біз алмаймыз, Қарқаралыға тапсырыңдар»,-деді. Кері қайтып, ауданда қалған жүз мың жылқыны қосып алып, Қарқаралыға тарттық. Бұл екі орта 200 шақырымдай жер. Оған жеткенше жылқының тағы да жартысы қырылды. Қалғанын тапсырдық».


<== previous lecture | next lecture ==>
Жетістіктері | Егемендік. Президент 2 page
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.199 s.