Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Егемендік. Президент 4 page


Date: 2015-10-07; view: 569.


· 3-сұрақ: Ыбырай Жақаев[1] - екі мәрте Социалистік Еңбек Ері (1949, 1971), күріш өсіруші, социалистік егін шаруашылығының даңқты шебері, колхоз құрылысының ардагері, СССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты(1946). 1891 жылы қазіргі Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Қызылту ауылында туған. 1929-1967 жылға дейін Қызылорда облысының Шиелі ауданына қарасты "Қызылту" (қазіргі Ы.Жақаев атындағы) колхозында күріш звеносының жетекшісі болып еңбек етті.

· Ұлы Отан соғысы жылдары (1941-1945) Отан қорғау қорына арнап танк колоннасын жасауға 150 мың сом қаржы берді.

· 1944 жылы күріштің әр гектарынан 110ц, 1945 жылы 156 ц күріш алса, 1947 жылы өзіне бекітіліп берілген тәжірибе учаскесінің (5 га) әр гектарынан 172 цөнім алып, дүниежүзілік рекорд жасады.

· 1948-1957 жылдары аралығында 20 га жердің әр гектарынан 150-170 ц тұрақты өнім алып келді.

· Жақаев бірінші болып күріш егісін жоңышқа атызына орналастырды. Тұқымды себу алдында күнге қыздыру, көң мен суперфосфат ерітіндісіне бөктіріп, бүршіктендіріп себу, қамыс және күрмек арамшөптерімен күресу, күріш егісіне тыңайтқыш енгізу мөлшері мен мерзімін дұрыс анықтау сияқтыагротехника шараларды өндіріске енгізді. Бұл технологиялық әдістер “Жақаев агротехникасы” деп аталды.

· 1964 жылдың ақпанында Қазақстанның жас егіншілеріне "Жастар, сендерді ақ күрішті алқаптар күтуде" деген үндеу тастады. Бұдан кейін республикадаЖақаевшылар қозғалысы кеңінен өрістеді. Жақаевтың мыңдаған ізбасарлары болды.

13-билет 1-сұрақ: 1991 жылы сәуір-мамыр айларында (Новоогоровте) (президенттің резиденцияси) М.С. Горбачев тоғыз одақтас республикалардың басшыларымен келісім жүргізді. Бұл келісімде жаңа одақтық шарт туралы мәселе көтерілді. Келесімге қатысушылардың барлығы жаңарған Одақ жөніндегі шартты қолдады. Шарта Суверенді Мемлекеттердің Одағын құру көзделді. Сонымен қатар, өкімет органдарын және басқару қүрылымын, жана Конституцияны қабылдау, сайлау жүйесін өзгерту белгіленді. Шартқа қол қою мерзімі 20 тамыз 1991 жыл белгіленді.

Жаңа одақтық шарттың жобасын жариялау және талқылау қоғамда жікке бөлінушілікті тереңдетті М.С. Горбачёвті жақтаушылар бұл құжатта қарама -қарсылықтың деңгейін төмендету және елде азамат соғысының болуы қауіпінен құтқару мүмкіндігін көрді. Бір топ ғалымдар бұл шартқа қарсы шықты.

Жаңа шартқа қарсыластар КСРО-да қалыптасқан халықшаруашылығының кешенін (комплекс) ыдыратып елде экономиқалық дағдарысты тереңдетеді, деп сескенді. Жана шартқа қол қоюға бірнеше күн қалғанда, аппозициялық күш реформалық саясатқа қарсы шығып, мемлекеттің (КСРО) ыдырауын тоқтатуға әрекет жасады.

1991 жылы 19 тамызда КСРО үкіметінің жоғары билігіндегі аз ғана топ КСРО Президенті М.С. Горбачовтің денсаулығына байлынысты қызыметінен босатып, оның орнына вице – президент Г.И.Анаевтың тағайындалғаны туралы мәлімдаме жасады.

Мемлекетті басқару үшін 8 адамнан тұратын КСРО-дағы төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комитет (ТЖМК) құрылды. ТЖМК-ның басында КСРО вице-президенті Г.И. Янаев, примъер-министр В.С. Павлов, КСРО қорғаныс министрі Д.Т. Язов және оның замы О.Д.Бакланов, КСРО МХҚ-тің төрағасы В.А.Крючков, ішкі істері министрі Б.К. Пуго сияқты жоғарғы биліктегілер тұрды. ТЖМК-ның мақсаты КСРО-дағы ауыр экономиқалық және саяси жағдайды пайдаланып, билікті қолдарына алу. КСРО Жоғарғы Қеңесінің төрағасы А.Лукьяновтың қолы қойылған ТЖМК қолдау көрсетуге шақырған «Кеңес халқына үндеу» жарияланды.

КСРО Президентінің міндетін атқарушы Г. Янаев еліміздегі тетенше жағдайдың 6-ай мерзімге созылатынын және БҰҰ-на және мемлекеттермен үкімет басшыларына түсінікпен қарау туралы мәлімдеме жасады.ТЖМК-ның бірінші қаулысы бойынша барлық қоғамдық-саяси қозғалыстардың қызметіне тыйым салынды. Бұл әрекет-мемлекеттік төнкіріс. Қырымда дем алып жатқан КСРО Президенті М.С. Горбачев бұл оқиғадан бейхабар болды.

ТЖМК-ның әрекетіне әлем жұртшылығының көзқарасы әртурлі болды.

Қырғызстан, Украина өз территорияларында жаңа үкіметтің жарлықтары жүрмейтіндігін мәлімдеді. Әскерлердің бір бөлігі халық жағына шықты. АҚШ Президенті Д.Буш КСРО-ғы Конституциялық басқаруды қалпына келтіру бағытындағы РКФСР Президенті Б.Н.Ельциннің әрекеттерін қолдады. Европа экономиқалық Кеңесінің өкілдері М.С. Горбачевтің қайтып оралуын талап етті, талап орындалмаған жағдайда КСРО-ға берілетін көмекті тоқтататындығын мэлімдеді.

Ирак және Қытай үкіметтері ТЖМК-ның құрылуын жақтады. Москвадағы тамыз төңкерісіне Қазақстан халқының көзқарасы әр түрлі болды. «Желтоқсан», «Азат» қозғалыстары сияқты көпшілік қоғамдық саяси үйымдар ТЖМК-ны (Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік Комитет) айыптады.

1991 жылы 20 тамызда Президент Н.Ә.Назарбаев республика халқының алдында жасаған жаңа мәлімдемесінде ТЖМК-ны жақтамайтынын, бұл әрекеттің конституцияға сәйкес келмейтінін айтты. ТЖМК халықтан қолдау таппады.

1991 жылы 21 тамызда М.С.Горбачев Москваға келіп, билікті қолына алды. ТЖМК-ны құрғандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Сонымен тамыз төңкерісі күйреді. 1991 жылы тамыздың 20-сында жасалуға тиісті одақтық келісімшарт жасалмады. Новоогорев келісімі сәтсіздікке үшырады. Тамыз төнкерісі КСРО-ның күйреуін тездетті. Осыдан кейін Қазақ КСР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақ КСР-інің Қауіпсіздік Кеңесін құру жанінде», «Семей ядыролық сынақ өткізу полигонын жабу туралы», «Қазақ КСР сыртқы экономиқалық дербестігін қамтамасыз ету туралы» т.б. жарлықтар шығарды.

Мемлекеттік төнкерістің сәтсіз аяқталуы Кеңес Одағы Коммунистік партиясының беделін түсірді. 1991 жылы 23 тамызда Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев КОКП ОК-ң саяси Бюро мүшелігі қатарынан шықты.

1991 жылы 7 қыркүйекте Алматы қаласында болған партия съезінде Қазақстан Коммунистік партиясын тарату туралы шешім шықты. Осылай Қазақстан Коммунистік партиясы өмір сүруін тоқтатып, оның орнына Қазақстан Социалистік партиясы құрылды.

Елдегі болып жатқан саяси процестер жастар ұйымына да әсер етіп, комсомол ұйымының беделі құлдырай бастады. 1991 жылы қазан айында болған Қазақстан комсомолының XVIII съезі шешімімен Қазақстан комсомолы тарады. Енді оның орнына қазақстан Жастар Одағы құрылды. Комсомолдан кейін Қазақстан пионер ұйымы да тарады. Республика Кәсіподағы көптеген ұсақ ұйымдарға бөлінді.

Сойтіп, саяси жүйенің дағдарысы ел өмірінде осылайша қоғамдық-саяси және демократиялық өзгерістер туғызды.

14-билет: 1-сұрақ: Саяси партия құру үшін қажетті алғышарттар тек 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін ғана қалыптасты. Алғашқы жалпықазақ съезін өткізу үшін «Қазақ» газеті жанынан құрылған ұйымдастырубюросы күн тәртібіне «Қазақ саяси партиясын жасау мәселесін» ұсынып, оған мынадай негіз келтірді: «Ресейде осы күнде түрлі саяси партиялар бар. Олардың көздеген мақсаттары бағдарламасында жазылған. Оны білетін адамдарға мағлұм: қай партияның да болса бағдарламасы түп-түгел қазақ мақсаттарына үйлеспейді. Сондықтан біздің қазақ мақсаттарын түгел көздейтін өз алдына партия жасалмайынша болмайды».

1917 жылғы 21—26 шілде аралығында Орынбор қаласында өткен Жалпықазақ съезі қазақ саяси партиясын құру туралы мәселе қарап, мынадай шешім қабылдайды: «Қазақ халқының өз алдына саяси партиясы болуын тиіс көріп, бұл партияның жобасын жасауды съезд «Шуро-и-Исламға» сайланған қазақ өкілдеріне тапсырды. Партияның негізі демократиялық федеративтік парламенттік республикаға құрылмақ...».

Съездің соңғы күні жаңа қалыптаса бастаған партияның басшысы Ә.Бөкейханов ресейлік Кадеттер партиясына мүшеліктен шығатынын және оның себептерін мәлімдеді. Партияның ұйымдық тұрғыдан құрылуы күзге, яғни Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттар сайлау науқанына тұспа-тұс келді. «Қазақ» газеті өзінің бас мақаласында партияның атын «Алаш» қойып, оған тілектестерді Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидаттар тізімін осы партияның атынан жасауға шақырды. Сонымен бір мезгілде «Қазақ» басқармасынан барлық облыстардағы Қазақ комитеттеріне қазақ саяси партиясының атын «Алаш» деп қою туралы жеделхаттар жіберілді.

Алаш партиясының облыстык ұйымдары 1917 жылдың қазан айынан қалыптаса бастады. Ә.Бөкейхановтың тікелей ұйымдастыруымен және басшылығымен қазанның 12—20 аралығында партияның облыстық ұйымдары алдымен Семейде, кейін Омбыда, ал карашаның 10-на қарай Орынборда ашылды. Семей облыстық партия комитетінің төрағасы болып Халел Ғаббасов, Омбы обкомының төрағасы болып Айдархан Тұрлыбаев, ал Торғай обкомының төрағасы болып Әлихан Бөкейханов сайланды. Партияның арнайы съезін шақырып, баскару орындарын сайлауға, жарғысы мен бағдарламасын бекітуге қолайлы жағдайдың болмауынан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат есебінде тіркелген топ партияның басқарушы ұйытқысы саналды.

2-сұрақ:Невада-Семей, ядролық жарылысқа қарсы халықаралық қозғалыс – қоғамдық-саяси ұйым. 1989 жылы 26 ақпанда құрылып, қазан айында ресми тіркелді. Республика халқынан кеңінен қолдау тапқан қозғалыс ядролық жарылыстарға қарсылық білдіріп, әлемдегі ядролық қауіпті жоюды мақсат етті, Семей ядролық полигонында ядролық сынақтарды тоқтатуға қол жеткізді. Қазақстанның көптеген қалалары мен аймақтарында, сондай-ақ Ресей, АҚШ, Италия,Жапония, Түркия, т.б. елдерде ұйымның бөлімшелері құрылған. Қозғалыстың белсенді қызметінің арқасында БҰҰ БА-ның 53-сессиясы “Қазақстандағы Семей өңірі адамдары денсаулығы мен экологиясын сауықтыру және экономикасын дамыту мақсатындағы халықаралық ынтымақтастық пен іс-қимылды үйлестіру” қарарын қабылдады[1][2].

3-сұрақ: Мұхтар Омарханұлы Әуезов – қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі (1946), филологияғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957).[1] Алаш қозғалысының көсемдерімен бірге 1930 жылы 16 қыркүйекте тұтқындалып, 1932 жылы сәуір айында үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Дегенмен, маусым айында түрмеден босатылып, Қазақ педагогика институтының (ҚазПИ-дің) аға оқытушысы болып қызмет істейді. Осы жылдары театр, драматургия, мәдениет пен өнер, әдебиет, фольклор тарихы, орыс әдебиетінің классиктері туралы мақалалары үзбей жарияланып тұрады. Әуезов сценарийі бойынша «Райхан» көркем фильмі (1940) түсіріледі. 1936 жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысады. Осы жылдары «Абай» романын жазуға кірісіп, оны 1941 жылы бітіреді. «Абай» романының жарық көруі (1942) Қазақстанның мәдени өміріндегі ерекше оқиға болды.1943 жылы «Абай» романын талқылау үлкен науқанға айналады. 1946 жылы романның екінші кітабын жазып бітіріп, ол 1947 жылы жарық көреді. 1950 жылы роман-эпопеяның «Ақын аға» аталатын үшінші кітабы жарық көреді. 1943 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақтың мемлекеттік университетінің (ҚазМУ-дің) қазақ әдебиеті кафедрасына профессор болып орналасып, өмірінің соңына дейін сонда дәріс оқыды. 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында «Сын сағатта» (1941), «Намыс гвардиясы» (жазушы Әлжаппар Әбішевпен бірігіп, 1942), «Қынаптан қылыш» (1945) пьесалары мен «Абай»операсының либреттосын (1944), «Абай әндері» фильмінің сценарийін (1945) жазады. 1946 жылы Қазақстан Ғылым академиясы құрылғанда, оның толық мүшесі (академик, №1 куәлік) болып сайланады, филология ғылымдарының докторы, профессор атағы берілді.

1951—1954 жылдары Әуезов саяси-идеологиялық тұрғыдан тағы да қыспаққа алынып, 1953 жылы сәуір айында Мәскеуге жасырын аттанып кетуге мәжбүр болады. Мәскеу мемлекеттік университетінде профессор болып орналасып, «КСРО халықтары әдебиетінің тарихы» деген арнайы курс бойынша дәріс берді. 1954 жылы Алматыға қайтып оралып, «Абай жолы» роман-эпопеясын түпкілікті аяқтады.

1955 жылы шет елге сапарға шығып, Герман демократиялық республикасы (ГДР) жазушыларының Берлинде өткен съезіне құрметті қонақ ретінде қатысты. Үндістанға 40 күндік сапармен барып қайтады. 1956 жылы КСРО мәдениет қайраткерлері өкілдерінің қатарында Чехословакияда болды. Жазушының 60 жасқа толу мерейтойы Алматыда, Мәскеуде салтанатпен атап өтіледі. Атомжәне сутек бомбасын сынауға қарсы халықаралық қозғалыстың Жапонияда өткен 3-конференциясына қатысады. 1958 жылы Ташкентте өткен Азия және Африка елдері жазушыларының 1-конференциясын ұйымдастырушылардың бірі болды. 1960 жылы АҚШ-қа барып қайтып, 1961 жылы Үндістанға екінші рет сапар шегеді. 1955—1957 жылы алты томдық таңдамалы шығармалары басылып шығады.

15-билет 1- сұрақ Сталинград Шайқасы – 2-дүниежүзілік соғыстағы басты шайқастардың бірі. Ол қорғаныс (1942 жылы 17 шілде – 18 қараша) және шабуыл (1942 жылы 19 қараша – 1943 жылы 2 ақпан) кезеңдерінен тұрады. 1942 жылдың жазында фашистік Германия мен оның одақтастары Еуропада екінші майданның ашылмауын пайдаланып, кеңес-герман майданының оңтүстік қанатына басты соққы беруді ұйғарды. Олар Қызыл Армияны Орелдің оңтүстігнде талқандап, Донбасс, Дон жәнеКубань экономика маңызды аудандарын алуды, Кавказ арқылы өтетін жолдарды, Сталинградты басып алуды басты мақсат етіп қойды. Жау 1942 жылдың жазында шабуылға шығып, үлкен табыстарға жетті. Тамыздың 23-інде майдан шебі Сталинградқа келіп тірелді. Сталинград бағытында Германия мен оның одақтастарының қару-жарақтың барлық түрімен жақсы жарақталған, 6 далалық армиядан құралған 14 дивизиясы тұрды. Қаланы Қызыл Армияның 62-(қолбасшысы – ген.-лейтенант В.И. Чуйков) және 64- (қолбасшысы – генерал-майор М.С. Шумилов) армияларының бөлімдері қорғады. Қаланы қорғауға шұғыл түрде жұмысшы және халық жасақтары, тылдағы бөлімдер ұйымдастырылды. 1942 жылы 25 тамызда неміс әскерлері батыс жақтан Сталинград түбіне жетті. Сталинград майданы құрылып, қалаға тың күштер жіберілді. Қалаға жақын жерлерде қорғаныс шептері салынды. Бұл майданның ерекше маңызын ескеріп, Мемл. Қорғаныс к-ті 12 тамызда Бас штаб бастығы ген.-полковник А.М. Василевскийді, 29 тамызда армия ген. Г.К. Жуковты көмекке жіберді. Гитлершілдер қалаға солт. жағынан ғана емес, оңт. тұстан да басып кірді. Неміс-фашист әскерлері қаланы шабуылмен алмақ болып, қатарынан төрт рет әрекет жасады. Кеңес әскерлері қыркүйектің басында екі рет қарсы шабуылға шықты, бұл қаланы қорғаушылардың жағдайын едәуір жеңілдетті. Жау әскері үлкен шығынға ұшырағанына қарамастан 13 – 15 қыркүйекте Волга (Еділ) шебінде шабуылды қайта үдетті. Қыркүйектің 15-іне қараған түнде қорғаушылар жағдайының нашарлағаны соншалық, әрбір үй қамалға айналып, оның әр қабаты үшін табанды күрес жүрді. 28 қыркүйекте Сталинград майданы – Дон(қолбасшысы генерал-лейтенант К.К. Рокоссовский) және Оңтүстік-Шығыс майданы (қолбасшысы ген.-полковник А.И. Еременко) болып бөлінді. Сталинградтықтар ерлікпен күресті. Кеңес әскерлерінің стратег. қорғаныс операциялары барысында 1942 жылы шілде мен қараша аралығында жау 700 мыңдай адамынан, 1 мыңнан аса танкісінен, 2 мыңнан аса зеңбірегі мен минометінен, 1400 әскери және тасымал ұшақтарынан айрылды. Нәтижесінде жаудың бұл бағыттағы шабуылы тоқтатылды. Кеңес әскерлерінің Сталинград түбіндегі қарсы шабуылы 1942 жылы 19 қарашада басталды. Ол үш операциямен іске асырылды: “Уран” – Сталинградтағы неміс әскерлерін қоршап алу; “Кіші Сатурн” – Сталинградта қоршауға түскен неміс әскерлеріне батыстан және оңтүстіктен келетін көмектің жолын кесіп тастау; “Шеңбер” – Сталинградта қоршауға түскен фельдмаршал Ф.Паулюстің армиясын талқандау. Бұл міндеттерді іске асыру Оңтүстік-Батыс майдан (қолбасшысы генерал-лейтенант Н.Ф. Ватутин), Дон майданы (қолбасшысы генерал-лейтенант Рокоссовский) және Сталинград майданы (қолбасшысы генерал-полковник Еременко) әскерлеріне тапсырылды. Шабуылдың бесінші күнінде Оңтүстік-Батыс және Сталинград майдандарының алдыңғы шептегі бөлімшелері қосылды. Неміс әскерлерінің 300 мыңнан астам елеулі тобы қоршауда қалды. Қоршауға түскен әскерлерді сырттан соққы беру арқылы одан босатуға ұмтылған гитлерлік командование генерал-фельдмаршал Э.Манштейннің басшылығымен “Дон” армиясы тобын құрды, ол Сталинград тобына бұзып өтуді бастады. Манштейнге қарсы Ставка генерал-майор Р.Я. Малиновскийдің 2-гвардия армиясын бұрды. Оңтүстік -Батыс және Сталинград майдандарының ойдағыдай әрекет жасауы нәтижесінде 6 және 4-неміс танк армиясы, 3 және 4-румын, 8-итальян армиялары талқандалды. Солтүстік Кавказда әрекет етуші неміс-фашист әскерлерінің тылына, Ростовқа шабуыл жасауға жағдай туды. 1943 жылы 10 қаңтарда Рокоссовскийдің қолбасшылығымен кеңес әскерлері дұшпанның Сталинград түбінде қоршауда қалған тобын жоюға кірісті. Қоршауда қалғандарға үздіксіз қызмет ететін әуе көпірін ұйымдастырмақ болған әрекеттерін кеңес авиациясы іске асырмай тастады. 1943 жылы 2 ақпанда генерал-фельдмаршал Паулюс қалған әскерімен тұтқынға алынды. Осы зор шайқас 200 күн мен түнге созылды. Жау өлгені, жараланғаны, тұтқындалғаны, хабарсыз кеткендері бар 1,5 млн-ға жуық солдат пен офицерінен, ал Қызыл Армия 1 млн. 130 мыңға жуық адамынан айрылды. Оған қосымша фашистер 32-дивизиясынан және 3-бригадасынан айрылып, 16-дивизиясы ауыр соққыға ұшырады. Сталинград шайқасы 2-дүниежүзілік соғыстың барысындағы түбірлі бетбұрыстың басталуына негіз жасады. Неміс-фашист әскерлерінің Сталинград түбіндегі жеңілісі неміс халқына моральдық-саяси жағынан қатты әсер етті. Германия одақтастарының шығыс майданында соғысқа деген ықыластары болмады. Сталинград түбінде Венгрия, Италия және Румыния әскерлерінің жойылуы бұларға өте қатты әсер етті. Италия мен Венгрия соғыстан шығу жолдарын ойластырды. Түркия бейтараптылығын сақтап қалды. Жапония Кеңес Одағына шабуыл жасауды кейінге қалдырды. 1942 – 43 ж. антигитлерлік коалицияның құрамы өсіп, жау басып алған елдерде Қарсыласу қозғалысы күшейді.

Қазақстан Сталинград майданының ең жақын тылы болды. Батыс Қазақстан станциялары мен елді мекендерінің кең көлемді бөлігі соғыс қимылдарының аумағына тартылды. 1942 ж. 1 қыркүйекте Атырау қорғаныс көтерісті құрылды. 15 қыркүйекте облыстың мемл. қорғаныс к-ті соғыс жағдайын енгізді. Сталинград майданы әскери кеңесінің нұсқауы бойынша 1942 жылы 16 қазанда Орал майдан өңіріне, ал 10 күннен кейін КСРО ХКК-нің арнаулы қаулысымен әуе шабуылынан қорғану пункттерінің қатарына енгізілді. Чапаев, Ушаков, Тайпақ, Зеленов аудандарында 10 әуежай салынды. Ақтөбе облысының Байғанин, Жұрын, Шалқар, Ключев аудандарында қорғаныс құрылыстары іске қосылды. Сталинград түбінде қарсы шабуылды әзірлеу кезеңінде майданның тыл қызметі 600 км ішкері орналасты. Сайхан, Жәнібек жәнеШұңғай станцияларында авиация бөлімдерінен басқа 1-танк армиясы мен 57-армияның қоймалары орналасты. Орал қаласында ірі әскери-оперативтік байланыс торабы құрылды. Атыраудан бастап, Жайық өзен бойлай Сталинградтан әкелінген “Волготанкер” кемелері, Каспий және Еділ флотилияларының әскери катерлері жүзіп жүрді. Жау Қазақстан аспанында 30-ға жуық ұшағынан айрылды. Сталинград шайқасына Қазақстанда жасақталған 27, 72 және 73-гв. атқыштар дивизиялары, 292 және 387-атқыштар дивизиялары, 81-атты әскер дивизиясы, 74-теңіз атқыштар бригадасы, 152-атқыштар бригадасы, 129-миномет полкі және 156-жеке көпір құрылысы батальоны қатысты. Даңқты 62-армияның құрамында 4 мыңға жуық қазақ болды. 64-армияның құрамындағы қазақстандық 29, 38-атқыштар дивизиясы сталинград шайқасында көрсеткен табандылығы мен қаїармандығы үшін 72, 73 гв. атқыштар дивизиясы атанды, 73-гв. атқыштар дивизиясына “Сталинградтық” құрметті атағы қоса берілді. 1942 ж. 22 желтоқсанда “Сталинградты қорғағаны үшін” медалі тағайындалып, онымен 750 мың солдат пен офицер марапатталды. 112 адамға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Оның төртеуі қазақстандық – ұшқыш Н.Әбдіров, полк командирі Т.С. Позолотин, взвод командирі Г.Г. Рамаев және минометші Қ.Сыпатаев. 1945 жылы 1 мамырда Сталинград (қазіргі Волгоград) қаїарман қала атағына ие болды. Сталинград шайқасы батырларының ерлігін мәңгі есте сақтау үшін 1963 – 67 жылы Мамай қорғанында мемориалды кешен салынып, 1982 жылы “Сталинград шайқасы” музей-панорамасы ашылды.

2-сұрақ:

3-сұрақ: Сағадат Қожахметұлы Нұрмағанбетов (25 мамыр 1924, Ақмола облысы, Еңбек ауылы — 24 қыркүйек 2013, Алматы) — әскери қайраткер, армия генералы,Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының тұңғыш қораныс министрі, «Халық қаһарманы», Алматы, Астана, Донецк (Украина) қалаларының, Ақмола облысының, Ақкөл ауданының құрметті азаматы. Өмірбаяны

Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1942 жылы әскер қатарына шақырылды. 1-Белорус майданында, Солтүстік Кавказ, Украина, Молдавия, Польша, Германиямайдандарында соғысқан. Пулемет взводын, ротаны, 5-екпінді армияның атқыштар батальонын басқарды. Гитлер канцеляриясын шабуылдауға қатысты. 1946 жылы Әскери академияны, 1981 жылы Бас штаб академиясын бітірді. 1950-1989 жылдары – Азаматтық қорғаныс штабының бастығы, Орта Азия әскери округы әскерлері бастығының орынбасары, Оңтүстік әскер тобы (Венгрия) бастығының бірінші орынбасары. 1990 жылдан ҚР соғыс, еңбек және Қарулы күштері ардагерлері Кеңесінің төрағасы, 1991-1992 жылдары Қазақ КСР Мемлекеттік қорғаныс комитетінің төрағасы. 1992-1995 жылдары ҚР қорғаныс министрі, армия генералы. 1996 жылы ҚР Президентінің кеңесшісі. КСРО, Ресей, Украина, басқа да мемлекеттердің ордендерімен марапатталған. Армия генералы, Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы.


<== previous lecture | next lecture ==>
Егемендік. Президент 3 page | Егемендік. Президент 5 page
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.872 s.