![]() |
Егемендік. Президент 5 pageDate: 2015-10-07; view: 405. Әскери адамды бойынан, жүріс-тұрысынан бірден аңғаруға болады. Маңғаздана денесін тік ұстаған офицерге кім болмасын біреудің алдында бас иген жараспас. Оның әр минуты санаулы және өз шенін қүрметтейтін офицер қандай жағдайда болмасын кешікпейді. Көп сөйлемейтін, шешенсуден аулақ генерал сұхбат кезінде өзі белгілеген бағытынан бір рет те таймады, әңгімесінің тоқ етерін ғана айтып, журналистердің арандатушылық сұрақтарына да бой алдырмады. Тәртіпке үйренген ол редакцияның қоқырсыған шкафына өзінің генералдық шинелін іліп жатып: "Сендерге старшина болғанда мына жерді тәртіпке келтірер еді!", — деді ренішті үнмен. Отан алдындагы борышына асқан адалдықпен қараған ол Орта Азия әскери округінің ең беделді басшыларының бірі бола тұрып, өзінің ағайын немересін Ауғанстанға соғысқа жіберді... Ал өзінен шені төмен офицерлер болса, өтірік-шыны аралас сылтау келтіріп, өз жақындарын әскер қатарынан алып қалып жататын. Өкінішке орай, қатардағы жауынгер Кеңес Нұрмағамбетов дүшмандардың оғынан қаза болып, отбасына шайқас алаңынан осымен екінші рет суық хабар келді. Біріншісі — баяғыда қырық бірінші жылы келген болатын. Ол кезде Кеңестің атасы және Сағадат Қожахметұлының жалгыз ағасы (қатардағы жауынгер Сағит Нұрмағамбетов) Псков түбінде із-түзсіз жоғалды. Сағит қарапайым еңбеккер болды, шахтада, онан кейін колхозда Жұмыс істеді, — деп еске алды генерал. — Соғыс басталысымен, ол артына жары мен екі баласын қалдырып, майданға аттанды. Жолда кетіп бара жатып екі хат жолдап үлгерді. Бірінші хатында түн қата Мәскеуден өткенін жазса, екіншісінде — Псков маңында алғашқы ұрысқа кіріскендерін, күн қақап тұрғанын айтқан... Бұл 1941 жылдың соңы болатын. Онан кейін хабарсыз кетті. Бейбіт күнге қол жеткеннен кейін де мен ең болмаса жерленген жерін таппақ болып, қаншама іздеу салдым, бірақ... бәрі нәтижесіз болды. Соғыстың сұрапыл күндеріндегі жағдайды өздеріңіз де білесіздер, Сағитым қай жерде қалғанын қалай іздерсің. Егер ашығына келсек, Нұрмағамбетовтар отбасының кіші ұлы әскери қызметке баруды еш жоспарламаған. Генерал Нұрмағамбетовтың әскери ерліктерін тізбектемесек те болады. Олар туралы жеткілікті түрде жазылып жүр. Кейіпкеріміз туралы, дәлірек айтқанда, Отанымыздың тарихына айналған жан туралы білгісі келетіндерге көптеген әскери естелікнамаларға, оның ішінде "В памяти нет тишины" және "Мой передний край" деп аталатын оның өз кітаптарына бағыт сілтейміз. Бейбіт уақытта да Сағадат Қожахметұлы алдыңғы қатарда болды. Қазақстандағы әскери құрылым оның қатысуынсыз болмады. Әскери шеңі - армия генералы. Үйленген. 2 баласы, 4 немересі бар. 16-билет 1-сұрақ: 1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңды қабылдады. Ескеретіні, Қазақстан КСРО құрамындағы елдердің арасында ең соңғысы болып Тәуелсіздігі туралы заңды қабылдады. Бұл заң 1990 жылы 25-қазанда қабылданған Қазақстанның Егемендігі туралы Декларациямен бірге Қазақ елінің елдігін нығайта түсті. Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары мойындады, екінші болып айдаһардай айбарлы Қытай, сонан соң Ұлыбритания мойындады. Оның артынан Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеті мойындады. Иран — Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мұсылман мемлекеті. Ал “Тәуелсіздігімізді ең алғаш болып бауырлас Түркия мемлекеті мойындады” деген сөздің ақиқат еместігін білгеніміз жөн. Түркия алғаш болып Қазақстанда өз елшілін ашты, бірақ тәуелсіздігімізді мойындауда он жетінші болды. Бұл деректі еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған, елдің сыртқы саясат тұжырымдамасы авторларының бірі болған Вячеслав Ғиззатов келтірген. ҚР Сыртқы Істер министрлігінде тіркелген дипломатиялық құжаттарда Түркияның Қазақстан тәуелсіздігін ресми түрде мойындайтын протоколға 1992 жылдың 2-наурызы күні қол қойғандығы көрсетілген. Алғашықы күндері әлемнің салмақты елдері мойындап, кейіннен басқа да елдер мойындап жатты. Осылайша әлемдік саясат аренасында ҚАЗАҚСТАН деген мемлекет тәй-тәй басты. Небары бірнеше аптаның ішінде әлемнің көптеген беделді елдері Қазақ елінің тәуелсіздігін мойындап, дипломатиялық қатынастар басталды. 3-сұрақ: Олжас Омарұлы Сүлейменов (1936) — орыс тілді қазақ ақыны, тілтанушы, саясаткер, ядролық қару-жарақтарды жаппай қолдануға қарсы тұрушы, Төтенше және Өкілетті Елші.1936 ж. Мамырдың 18 Алматыда дүниеге келген. 1959 ж. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің Геология факультетін, кейін А.М. Горький атындағы Әдебиет институтын бітіреді. 1962—71 жж. Казахстанская Правда ұнжариясының әдеби қызметкері, Қазақфильм киностудиясы сценарлық-редакцялық алқасының бас редакторы, Просторжурналының бөлім меңгерушісы болып жұмыстар атқарады. 1971—81 жж. Қазақстан жазушылар одағы басқармасының хатшысы, сонымен бірге 1972 ж. Азия-Африка елдері жазушыларымен байланыс жөніндегі Қазақстандық көмитеттің төрағасы болды. 1981—83 жылдары Қазақ КСР кинематография жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы. 1983—91 жылдары Қазақстан жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы болды. 1989 ж. ақпанында халқаралық Невада-Cемей ядролық қаруға қарсы қозғалысының президенті болды. 1991 ж. қазанынан Қазақстан Халық конгрессі партиясының төрағасы, құрметті төрағасы болды. 1994 ж. сәуірде шақырылған ҚР Жоғарғы кеңесі төрағалығына ұсынылады, мәжілісте өз үміткерлігін талаппен алып тастайды. 1994—95 жж. ҚР Жоғарғы кеңесінің Қоршаған орта және табиғатты пайдалану комитетінің мүшесі. 1995 ж. тамызынан бастап ҚР Италия республикасындағы, 1996 ж. сәуірінен Грекия республикасындағы, сондай-ақ Мальта республикасындағы төтенше және өкілетті елші міндетін атқарды. 17-билет 1 : Барлық ересек адамдары сауатты болмай, бүкіл халықты білімді ету мүмкін емес еді. Сондықтан Кеңес өкіметі ересек адамдарды сауаттандыруға үнемі көңіл бөліп отырды. Тиісті қаржы бөлді, оқытушыларды оқу үйлерімен, оқу-жазу құралдарымен қамтамасыз етті. 1924 жылы ұйымдастырылған «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы тікелей ересектерді сауаттандырумен айналысты. 1928 жылдың аяғында республикада сауаттылар 25 % болды. Бұл тым аз еді. Ал қазақтар арасында сауаттылық мұнан да төмен болатын. Алғашқы жылдары бұл жұмыс баяу жүрді. Мектеп үйлері, оқу сыныптары, сауатты оқытушылар, оқу құрал-жабдықтары жеткіліксіз болды. Халықтың едәуір бөлігі көшіп-қонып жүрді. Сондықтан да Қазақ АКСР Орталық Комитетінің төралқасы мен Халық Комиссарлар Кеңесі 1931 жылы 15 пен 50 жас аралығындағыларды міндетті түрде жаппай оқытуды енгізді. Халықты сауаттандыруға білімді жастар көп үлес қосты. Еңбекші халық та білім алуға құлшына кірісті. Күні бойы жұмыс істеп, шаршағанына қарамастан, кешкісін сауат ашу мектептеріне бір кісідей жиналатын. Осының нәтижесінде 1939 жылдың өзінде республика халқының сауаттылығы 65%-ға жетті, республиканың құрылғанына 20 жыл толу қарсаңында жасы 50-ге дейінгі ересек адамдардың сауатсыздығы, негізінен, жойылды. 2)Астана — Қазақстан Республикасының елордасы. Астанада 808 429 адам тұрады (1 қараша 2013)[3]. Қазір қаланың аумағы 200 км2 алып жатыр. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан. Астана 1830 ж. Есіл өзенінің жағасында қазақ-орыстар әскерлері негізін қалаған бекіністен бастау алады. 1862 ж. Ақмола қала мәртебесін алды. 1962 ж. қалаға Целиноград атауы берілді.
1998 ж. 6 мамыр жаңа елорданың атау Астана болып өзгертілді. 1998 ж. 10 шілде Қазақстанның жаңа елордасы — Астананың халықаралық тұсауы кесілді. 1998 ж. ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Бұл атақ қысқа мерзім ішінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда неғұрлым әсерлі әрі қуатты өсуге, тұрақты этникааралық қатынасты орнықтыруға қол жеткізе алған ғаламшардың жас қалаларына беріледі. Бразилияда өткізілген бұл конкурста Астана барлық өлшемдер бойынша әлемнің әр түрлі елдерінің он екі қаласын басып озды. · 3)Мүсірепов, Ғабит Махмұтұлы (1902-1985) – қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, Социалистік Еңбек Ері. Алғаш 1925 жылы «Едіге» әңгімесі «Еңбекші қазақ» газетінде жарияланды. · 1928 – 38 жылдары «Қазақстан» баспасында, «Социалистік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде редактор, Қазақ АКСР Халық ағарту комиссариаты өнер секторының меңгерушісі, Қазақ өлкелік комитеті баспасөз бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің саяси-ағарту бөлімінің меңгерушісі · 1938 – 55 жылдары шығармашылық жұмыстармен айналысқан, Қазақстан Жазушылар одағы төралқасының мүшесі · 1956 – 57 жылдары «Ара – Шмель» журналының редакторы · 1957 – 62 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 1-хатшысы · 1974 – 75 жылдары ҚазКСР Жоғары Кеңесінің төрағасы · 1959 жылдан КСРО Жазушылар одағы басқармасының хатшысы қызметтерін атқарған. Алғашқы «Тулаған толқын» (1928) повесінде 1918 – 1920 жылдардағы азамат соғысы жайы суреттелсе, «Қос шалқар» (1928), «Көк үйдегі көршілер» (1929), «Туннель» (1930), «Шұғыла» (1935), «Алғашқы адымдар» (1932) әңгімелері қазақ ауылындағы таптық күресті көрсетеді. 1934 жылы «Ананың арашасы» новеллалар циклын жариялады. «Оянған өлке» романында (1953, 1984) революцияға дейінгі Қарағандыдағы қазақ жұмысшыларының қалыптасу процесі суреттелген. · 1967 жылы «Кездеспей кеткен бір бейне» повесі жарияланды. Мүсіреповтің драмалық шығармалары – «Қыз Жібек» операсының либреттосы (1934), «Амангелді» (1939), «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» (1939), «Ақан сері – Ақтоқты» (1942) пьесалары. КОКП 22-съезінің, Қазақстан Компартиясы 10 – 15-съездерінің делегаты. КСРО Жоғары Кеңесі 5-шақырылымының, ҚазКСР Жоғары Кеңесі 6 – 11 шақырылымдарының депутаты. ҚазКСР Мемлекеттік сыйл. (1970), Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың (1976) лауреаты. 3 мәрте Ленин, 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту, Халықтаралық Достығы ордендерімен, медальдармен марапатталған[1]. 18-билет 1)Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17 — 19 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады. Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды. Қазақстан тәуелсіздігін алған соң Желтоқсан көтерілісі туралы шындық қалпына келтіріліп, бұл жөнінде “Желтоқсан. 1986. Алматы.” (құрастырылған Т.Өтегенов, Т.Зейнәбілов), “Желтоқсан құрбандарын жоқтау”, “Ер намысы — ел намысы” жинақтары, К.Тәбейдің “Мұзда жанған алау”, Т.Бейісқұловтың “Желтоқсан ызғары” кітаптары мен “Желтоқсан” (бас редакторы Х.Қожа-Ахмет) газеті жарық көрді, “Аллажар” (1991, реж. Т.Теменов), “Қызғыш құс” кинофильмдері түсірілді. [2] Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серпін берді. Осы күнге дейін мемлекет желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызын жоғарлатуға зор үлес қосып келеді. Көтерілісінің құпиялары толығымен ашылған жоқ. Желтоқсан көтерілісіне КОКП ОК-нің қаулысымен “қазақ ұлтшылдығының көрінісі” деген баға беріліп, көтеріліске қатысқан азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады. КСРО-ның тоталитарлық, отаршыл саясатына қарсы қазақ жастарының азаттық күресі тарихи маңызы бар үлкен оқиға болды. 2)"Айқап" - қоғамдық-саяси және әдеби журнал. 1911-1915 жылы Троицк қаласында басында айына бір рет, кейіннен айына екі рет шығып тұрған. 1-2 мың данамен 88 нөмірі жарық көрген. Алғашқы редакторы - М.Сералин. "Айқап" қазақтың қоғамдық санасының оянуына және ұлттық мәдениеттің дамуына үлкен үлес қосқан. Журналда қазақ ауылдарындағы оқу-ағарту жұмыстары, әйел теңдігі, отырықшылық өмір салтына көшу, сонымен қатар Мемлекеттік Думаға қатысу жөніндегі саяси мәселелер көтерілді. Журналды шығару жұмыстарына А.Ғалымов, С.Торайғыров қатысқан. ЖурналдаА.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердиев, Б.Майлин, Б.Өтетілеуов, С.Көбеев, Н.Құлжанов, т.б. сияқты белгілі жазушылар белсенді қызмет атқарған. Абай,Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин өлеңдерімен қатар халық ауыз әдебиетінің шығармалары, шығыс, орыс және еуропа әдебиетінің туындылары жарияланған. 3) Ыбырай Жақаев[1] - екі мәрте Социалистік Еңбек Ері (1949, 1971), күріш өсіруші, социалистік егін шаруашылығының даңқты шебері, колхоз құрылысының ардагері, СССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты(1946). 1891 жылы қазіргі Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Қызылту ауылында туған. Еңбек жолы[өңдеу] · 1929-1967 жылға дейін Қызылорда облысының Шиелі ауданына қарасты "Қызылту" (қазіргі Ы.Жақаев атындағы) колхозында күріш звеносының жетекшісі болып еңбек етті. · Ұлы Отан соғысы жылдары (1941-1945) Отан қорғау қорына арнап танк колоннасын жасауға 150 мың сом қаржы берді. · 1944 жылы күріштің әр гектарынан 110ц, 1945 жылы 156 ц күріш алса, 1947 жылы өзіне бекітіліп берілген тәжірибе учаскесінің (5 га) әр гектарынан 172 цөнім алып, дүниежүзілік рекорд жасады. · 1948-1957 жылдары аралығында 20 га жердің әр гектарынан 150-170 ц тұрақты өнім алып келді. · Жақаев бірінші болып күріш егісін жоңышқа атызына орналастырды. Тұқымды себу алдында күнге қыздыру, көң мен суперфосфат ерітіндісіне бөктіріп, бүршіктендіріп себу, қамыс және күрмек арамшөптерімен күресу, күріш егісіне тыңайтқыш енгізу мөлшері мен мерзімін дұрыс анықтау сияқтыагротехника шараларды өндіріске енгізді. Бұл технологиялық әдістер “Жақаев агротехникасы” деп аталды. · 1964 жылдың ақпанында Қазақстанның жас егіншілеріне "Жастар, сендерді ақ күрішті алқаптар күтуде" деген үндеу тастады. Бұдан кейін республикадаЖақаевшылар қозғалысы кеңінен өрістеді. Жақаевтың мыңдаған ізбасарлары болды. Жетістігі[өңдеу] · Қызылорда облысында күріштен мол өнім алған күрішшілерге тапсырылатын "Ыбырай Жақаевтың еңбек аттестаты" белгіленген. · Шиелі ауданының Ы.Жақаев атындағы колхозында күрішшілердің республикалық "Жақаевшылар мектебі" жұмыс істеді. · 1-4-ші сайланған ҚазССР Жоғарғы Советінің депутаты болды. · СССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты(1946) · 1947-1955 жылдары - ҚазССР Жоғарғы Советі Президиумының мүшесі болған. Наградалары[өңдеу] · 4 мәрте Ленин ордені · Еңбек Қызыл Ту ордені · 2 мәрте Социалистік Еңбек Ері (1949, 1971) · Халықтар достығы ордені · Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы және Бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктері көрмелерінің алтын медальдары Есімі берілген жерлер[өңдеу] · Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы бұрынғы “Қызыл Ту” ұжымшары, орта мектеп, Қызылорда қаласындағы көше, облыс емдеу-сауықтыру профилакторийі Жақаев есімімен аталады. · 1982 жылы Шиелі ауданындағы Жақаев атында күріш өсіру тарихи мұражайы ашылған. · Қызылорда қаласында Жақаевқа ескерткіш орнатылған. 19-билет 1) 1993 ж. 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның бірінші конституциясы қабылданды. Ол кіріспеден, 4 бөлімнен, 21 тараудан және 131 баптан тұрады. Коституция Қазақстан мемлекеттік егемендігін алған сәттен бергі көптеген құқықтық нормаларды: халықтық егемендік, мемлекет тәуелсіздігі, билікті бөлісу принципі, қазақ тілін мемлекеттік деп тану, Президентті мемлекет басшысы деп тану, сот органдары - Жоғарғы, Конституциялық және Жоғары Арбитраждық соттар және басқаларды қамтыды. 1993 жылғы Конституция негізіне парламенттік республика моделі алынды. 2) 1937 жылы БК(б)П ОК-нің, И.В.Сталин мен оның айналасындағылардың «халық жаулары және олардың құйыршықтарын түп-тамырымен жоюдың» қажеттігі жөніндегі нұсқауы барлық жерде қолдау тапты. Осындай жағдайда И. В. Сталин мен оның серіктері мүмкін болатын оппозицияны орталықта ғана емес, ұлттық республикаларда да біржолата талқандауды ұйғарды.
|